Конституция мемлекеттің басты заңы. Конституцияның мәні мен ұғымы



Жоспар
1. ҚР Конституциясының түсінігі мен мәні
2. Қазақстан Республикасының конституциялық дамуының негізгі кезеңдері
3. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясын әзірлеу мен қабылдаудың ерекшеліктері
Конституция ( латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.
Конституцияға түсінік беру – конституциялық нормаларға ресми түсіндірме беруді бекітетін жаңа институт. Ресми түсіндірмені нормативтік актілерді түсіндіру міндеті жүктелген белгілі бір орган жүзеге асырады. Ресми түсіндірменің барлық актілері құқық қолданушы барлық субьектілер үшін міндетті.
Ресми нормативтік түсіндірме актілерінің ішінде конституциялық түсіндірме актілері ерекшеленеді. Конституцияға сәйкес Конституция нормаларын ресми түсіндіру Конституциялық Кеңеске жүктелген (72-б., 4-т)
Конституциялық Кеңес Конституция нормаларына мемлекеттік төмендегідей лауазымды тұлғалары жүгінген жағдайда түсінік береді;
a) ҚР Президенті;
ә) Сенат Төрағасы;
б) Мәжіліс Төрағасы.
Сонымен қоса Конституциялық Кеңес Конституция нормаларынаПарламент депутаттары жалпы санының бестен бір бөлігі жүгінген жағдайда ресми түсінік береді.
Жоғарыда айтылғандай ҚР-ның Конституциясы қатаң болып табылады, сондықтан да оған өзгертулер мен толықтырулар енгізудің өте күрделі болып келеді. Конституцияны қайта қараудың күрделіленген тәртібі тұрақтылық сияқты сапаны берік бекітуге ықпал етеді. Ең алдымен Конституцияның 91-бабының 2- тармағында өзгертуге болмайтын базалық негізгі тұрғырнамалар қарастырылғаның айта кету қажет.
Оларға мемлекеттің біртұтастығы және аумақтың тұтастығы сондай – ақ республиканың басқару нысаны жатқызылады. Оларды өзгерту тек жаңа Конституция қабылдау арқылы ғана мүмкін болады.
Конституцияны өзгерту деп өзінің мақсаты бойынша конституциялық норманың мағынасын өзгертетін түзетулер ұғынылады.Конституцияны толықтыру деп конституциялық нормалардың негізгі ережелерін нақтылайтын не дамытатын түзетулер ұғынылады.
Республика Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар Республика Президентінің өз бастамасы мен Парламенттің немесе Үкіметтің ұсынысымен қабылдаған шешімі бойынша өткізілетін республикалық референдум арқылы енгізілуі мүмкін. Егер Президент оны Парламенттің қарауына беру қажет деп шешсе, Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Анандықова С.К. Конституциялық құқығы. Қ. 2001.
2. Сапаргалиев Г.С. Конституционное право РК. А. 1998.
3. http://shkola-isatai.at.ua
4. http://www.yukosud.kz

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАН БОЛАШАҚ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КОЛЛЕДЖІ

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫС
Пәні; Конститутциялық құқық
Тақырыбы: Конституция мемлекеттің басты заңы. Конституцияның мәні мен ұғымы.

Орындаған:
Тобы:
Тексерген:
Жоспар
1. ҚР Конституциясының түсінігі мен мәні
2. Қазақстан Республикасының конституциялық дамуының негізгі кезеңдері
3. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясын әзірлеу мен қабылдаудың ерекшеліктері

Конституция ( латынның лат. constitutio -- яғни құрылым сөзінен шыққан) -- Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.
Конституцияға түсінік беру - конституциялық нормаларға ресми түсіндірме беруді бекітетін жаңа институт. Ресми түсіндірмені нормативтік актілерді түсіндіру міндеті жүктелген белгілі бір орган жүзеге асырады. Ресми түсіндірменің барлық актілері құқық қолданушы барлық субьектілер үшін міндетті.
Ресми нормативтік түсіндірме актілерінің ішінде конституциялық түсіндірме актілері ерекшеленеді. Конституцияға сәйкес Конституция нормаларын ресми түсіндіру Конституциялық Кеңеске жүктелген (72-б., 4-т)
Конституциялық Кеңес Конституция нормаларына мемлекеттік төмендегідей лауазымды тұлғалары жүгінген жағдайда түсінік береді;
a) ҚР Президенті;
ә) Сенат Төрағасы;
б) Мәжіліс Төрағасы.
Сонымен қоса Конституциялық Кеңес Конституция нормаларынаПарламент депутаттары жалпы санының бестен бір бөлігі жүгінген жағдайда ресми түсінік береді.
Жоғарыда айтылғандай ҚР-ның Конституциясы қатаң болып табылады, сондықтан да оған өзгертулер мен толықтырулар енгізудің өте күрделі болып келеді. Конституцияны қайта қараудың күрделіленген тәртібі тұрақтылық сияқты сапаны берік бекітуге ықпал етеді. Ең алдымен Конституцияның 91-бабының 2- тармағында өзгертуге болмайтын базалық негізгі тұрғырнамалар қарастырылғаның айта кету қажет.
Оларға мемлекеттің біртұтастығы және аумақтың тұтастығы сондай - ақ республиканың басқару нысаны жатқызылады. Оларды өзгерту тек жаңа Конституция қабылдау арқылы ғана мүмкін болады.
Конституцияны өзгерту деп өзінің мақсаты бойынша конституциялық норманың мағынасын өзгертетін түзетулер ұғынылады.Конституцияны толықтыру деп конституциялық нормалардың негізгі ережелерін нақтылайтын не дамытатын түзетулер ұғынылады.
Республика Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар Республика Президентінің өз бастамасы мен Парламенттің немесе Үкіметтің ұсынысымен қабылдаған шешімі бойынша өткізілетін республикалық референдум арқылы енгізілуі мүмкін. Егер Президент оны Парламенттің қарауына беру қажет деп шешсе, Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар жобасы республикалық референдумға шығарылмайды (91-б 1-т.).
Қазақстанның жаңа конституциялық заңының қалыптасу тарихы өзінің бастауын 1990 жылы 24 сәуірдегі Президенттің қызмет орнын белгілеу туралы Қазақ КСР-ның заңымен Қазақ ССР Конституциясына өзгеріс енгізу кезеңінен басталады. Бұл заң Конституцияға бұрын талай енгізілген өзгерістердің қатарына жатпайды. Атанған заң мемлекеттің басқару жүйесіне айтарлықтай өзгеріс әкелді. Президенттң қызмет орны республикада жүргізіліп жатқан терең саяси және экономикалық қайта құруларды қамтамасыз ету, конституциялық құрлысты нығайту мақсатында белгіленеді.
Конституциялық заңдардың қалыптасуының екінші кезеңі 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ Советтік Социалистік Республикасы атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаумен басталады.
ҚР Конституциялық заңының қалыптасуының үшінші кезеңі 1993 жылы қаңтарда Жоғарғы Кеңеспен жаңа Конституцияны қабылдаумен басталады. Бұл құқықтық акт Қазақстанның мемлекеттік және құқықтық құрлысын жаңаша анықтады. Конституция мемлекеттік егемендік жарияланған кезеңнен бастап қабылданған көптеген құқықтық нормаларды, конституциялық заңдардың принциптері мен идеяларын қабылдады.
Конституциялық заңдардың қалыптасуының төртінші кезеңі 1995 жылы Конституцияны қабылдаумен байланысты. Онда енді КСРО мен Қаз КСР-ның Конституциясы мен заңдарына болмады. Заңдарды конституциялық нормаларға сәйкес келтіру-заң шығару органының міндеті. Президенттік басқару жүйесі бекітілді, қос палаталық Парламент нығайтылды, Конституциялық сот Конституциялық кеңеспен ауыстырылды және ол енді сот органы болмады. Сот жүйесі реформаланды, құқық қорғау органдары қайта құрылды. Бұл кезең әлі жалғасуда. Негізінен президенттік басқару жүйесінде бекітілген жоғарғы және жергілікті мемлекеттік билік органдарын қайта құру аяқталды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы -- Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 ж. 30 тамызда Респ. референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемл. билiктiң қайнар көзi -- өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс -- мемл. мереке -- ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.
Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Кейiнгi екi Конституцияның алдыңғы екеуiнен елеулi айырмашылығы сол -- бұлар тұңғыш рет мемл. тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрi орнықтырды. Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеол. және саяси әр алуандығы (сөз және шығарм. бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демокр. амалдар, экон. қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.
ҚРК барлық заң салаларының негiзi болып табылады, ал оның нормалары басқа заңдар үшiн басты қағида болып есептеледi.
ҚРК-ның кiрiспесiнде Ата Заңды қабылдаудың себептерi мен мақсаттары былай түсiндiрiлген: "Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүз. қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз". Ата Заңның бұл бөлiгi саяси және идеол. тұрғыдан алғанда аса маңызды. Өйткенi, бұл Ата заң ҚР-нда демокр., зайырлы, құқықтық және әлеум. мемлекет құрудың конституциялық негiзiн қалады. Осыдан келiп, ҚР-ның мынадай негiзгi мақсаты туындайды: өзiнiң ең қымбат қазынасы ретiнде адамды және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын айқындап, бекiту; өз елiнде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбiтшiлiктi, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынас жасау әдiстерiн орнықтыру; байырғы қазақ жерiнде мемл. бiрлiктi сақтау; республиканың тәуелсiздiгiн сақтап, ұстап тұру; ҚР-ның демокр. негiздерiнiң мызғымастығын бекiту. Осыған орай республика қызметiнiң түбегейлi қағидалары айқындалады, олар: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экон. даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демокр. әдiстермен, оның iшiнде респ. референдумда немесе Парламенттiк дауыс беру арқылы шешу (1-бап, 2-тармақ).
Ата Заңның негiзгi бөлiгiнде (I -- VIII бөлiмдер) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерi туралы, конституциялық құрылыс жайлы, мемл. нысандар жөнiнде, мемл. буындардың жүйесi мен мәртебесi туралы (Президент, Парламент, Үкiмет; Конституциялық Кеңес, соттар, және сот төрелiгi, жергiлiктi мемл. басқару және өзiн-өзi басқару туралы) нормалар тұжырымдалған. Қорытынды және өтпелi ережелер мазмұндалған соңғы IХ бөлiмде Ата Заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi, конституциялық заңдар мен өзге де заңдарды қабылдау рәсiмi сөз болады. Ата Заң құрылымына жасалатын талдау оған негiз болған конституциялық идеялардың айқын көрiнiсiн бередi. "Жалпы ережелер" деп аталатын 1 бөлiмде жаңа конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама берiлген, яғни Конституция бойынша республикада мемл. билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау қағидаcына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл бөлiмде осыған орай конституциялық құрылысты айқындайтын, мемлекет пен жеке адамдардың және азаматтық қоғамның қарым-қатынастарынан туындайтын негiзгi қағидалар тұжырымдалған, олар: Қазақстан халқының толық билiгi (егемендiгi); Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы; мемл. билiктi жүзеге асыру барысындағы пiкiр еркiндiгi; Конституцияның үстемдiгi (жоғары тұратындығы); мемлекет билiгiнiң бөлiнiсi; адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерiнен басымдығы; мемл. тiл саясатының кепiлдiгi, т.б. Азаматтық қоғамда мемлекет адам мүддесi үшiн жұмыс iстейдi, мемл. билiк заң шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiнiп, олардың тежемелiк, тепе-теңдiк жүйесi пайдаланылады. ҚР конституциялық құрылысының мазмұны саяси, экон. негiздерден, әлеум. саясат негiздерiнен, iшкi саясат негiздерiнен құралады. Олар ҚРК-ның 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 12, 14, 26-баптарында тұжырымдалған. Конституцияның 1-бабының 1-тармағында "Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады", -- деп жарияланған. Мұның өзi Конституцияның 2-бабының 1-тармағында көрсетiлгенiндей, "Қазақстан Республикасы -- президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет" екендiгiнен туындайды. Мұның мәнiсi мынада: бiрiншiден, Президент мемл. билiк тармағының бiр де бiрiне жатқызылмайды; екiншiден, Президенттi халық сайлайды және ол Парламент
ке тәуелсiз; үшiншiден, Президентке кең өкiлеттiктер берiледi және ол Конституцияға сәйкес мемл. билiктiң барлық тармақтарына, олардың өз өкiлеттiктерiн тиiмдi жүргiзуiне көмектеседi, олардың өзара қарым-қатынастарына сындарлы ықпал ете алады; төртiншiден, ұлан-байтақ қазақ жерi ұлттық-аумақтық бөлiнiстерге бөлiнбей, тек әкiмш.-аумақтық бөлiнiстерге -- облыстарға, қалаларға, аудандарға, ауылдарға ғана бөлiнедi және олар жоғарыдағы бiр орталыққа бағынады. Демек, мемлекеттiң басында заңды түрде сайланған Президент тұрып, басшылық етедi. Президенттiк басқару нысаны елдегi саяси тұрақтылықты және қоғамдық келiсiмдi қамтамасыз етедi. Ал "Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi" (2-бап, 2-тармақ). Қазақстандағы саяси құрылыс демокр. болып жариялануына орай Ата Заңның 3-бабы халық егемендiгiнiң конституциялық қағидасына арналған. Мемл. билiктiң бiрден-бiр бастауы -- халық екендiгi былай баяндалған: "Халық билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi. Қазақстан Республикасында билiктi ешкiм де иемденiп кете алмайды. Билiктi иемденiп кетушiлiк заң бойынша қудаланады. Халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге Республика Президентiнiң, сондай-ақ өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегiнде Парламенттiң құқығы бар" (3-бап, 2, 3-тармақтар). Сонымен қатар ҚР-нда идеол. және саяси әр алуандылық танылады. Қоғамдық және мемл. ин-ттардың бiрiгiп кетуiне, мемл. органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. "Адам және азамат" деп аталатын II бөлiмде адам мәртебесi, жеке бастың құндылығы ашып көрсетiлген. Онда жеке адамның құқықтары мен бостандықтары халықар. құқықтың мойындалған қағидалары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей Федерациясының Конституциясы орыс мемлекеттің негізгі заңы
Қазақстан Республикасының ата заңдарының тарихи - құқықтық сабақтастығының алғы шарттары
1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы және оның тарихи маңызы
Қазақстан мемлекетінің конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы
Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекттің негізгі заңы.
Конституция- мемлекеттің негізгі заңы: қалыптасуы мен дамуы
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының конституциясын құқықтық негіз ретінде қарастыру
Конституциялық құқығындағы шешілмеген проблемалары
ҚР Конституциясының даму тарихы және қалыптасу кезеңдері
Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптері
Пәндер