Қазақстан Республикасындағы мұнай және газ саласының даму жолдары



Кіріспе
1. Мұнай.газ саласын мемлекеттік реттеу жолдары
2. Қазақстан Республикасындағы мұнай.газ саласының рөлі
3. Қазақстан Республикасының мұнай.газ секторының қазіргі даму жағдайын талдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мұнай – газ кешені елдің және оның жекелеген өңірлерінің әлеуметтік – экономикалық дамуына шешуші әсерін тигізеді, шын мәнінде мемлекеттің бүкіл экономикасы үшін алға тартушы күш болып табылады, экономикасының басқа да салаларының даиуына ықпал етеді. Өңірлер мен бүкіл мемлекет ауқымындағы неғұрлым маңызды әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуы мұнай – газ кешені кәсіпорындарының жұмысына байланысты.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев өзінің «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» атты Қзақстан халқына Жолдауында: «Мұнай – газ саласындағы басты бағыт – халықаралық мұнай және энергетикалық нарықтардың ықпалды және жауапты қатысушысы ретінде мемлекеттің ұстанымын күшейту. Бұл үшін біз энергетикалық саланың стратегиялық маңызды салаларындағы мемлекеттің ықпалын күшейтеміз», - деген еді.
Мәнжазбаны жазудағы мақсат – Қазақстан Республикасындағы мұнай және газ саласын мемлекеттік реттеу жолдарын көрсету, мұнай – газ саласының Қазақстан Республикасындағы рөлі мен Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторындағы шетел меншігінің қызмет істеуі мен дамуын заңнамалық реттелуін ұсыну.
Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер айқындалады:
• Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ саласының рөлі көрсету ;
• Мұнай-газ саласын мемлекеттік реттеу жолдарын ұсыну;
• Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторының қазіргі даму жағдайын талдау.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1) Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары.
2) Қазақстан Республикачының Мұнай және газ министрлігінің жалпы ережелері.
3) Қ. Камали, «Отын – энергетика игіліктерін ұтымды пайдалану мәселелері», Саясат – Polisy №5, 2004ж.
4) Құлымбетова Ж. Т., «Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторындағы шетел меншігінің қызмет істеуі мен дамуының заңнамалық реттеуі», АльПари, №4, 2010ж.
5) 2012 жылы 27 қаңтардағы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың халқына Жолдауынан.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

МӘНЖАЗБА

ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан Республикасындағы мұнай және газ саласының даму жолдары

Орындаған:
Тексерген:

АҚТӨБЕ-201 Ж
ЖОСПАР

Кіріспе
1. Мұнай-газ саласын мемлекеттік реттеу жолдары
2. Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ саласының рөлі
3. Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторының қазіргі даму жағдайын
талдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Мұнай – газ кешені елдің және оның жекелеген өңірлерінің әлеуметтік –
экономикалық дамуына шешуші әсерін тигізеді, шын мәнінде мемлекеттің бүкіл
экономикасы үшін алға тартушы күш болып табылады, экономикасының басқа да
салаларының даиуына ықпал етеді. Өңірлер мен бүкіл мемлекет ауқымындағы
неғұрлым маңызды әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуы мұнай – газ
кешені кәсіпорындарының жұмысына байланысты.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев өзінің Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан
атты Қзақстан халқына Жолдауында: Мұнай – газ саласындағы басты бағыт –
халықаралық мұнай және энергетикалық нарықтардың ықпалды және жауапты
қатысушысы ретінде мемлекеттің ұстанымын күшейту. Бұл үшін біз
энергетикалық саланың стратегиялық маңызды салаларындағы мемлекеттің
ықпалын күшейтеміз, - деген еді.
Мәнжазбаны жазудағы мақсат – Қазақстан Республикасындағы мұнай және
газ саласын мемлекеттік реттеу жолдарын көрсету, мұнай – газ саласының
Қазақстан Республикасындағы рөлі мен Қазақстан Республикасының мұнай-газ
секторындағы шетел меншігінің қызмет істеуі мен дамуын заңнамалық реттелуін
ұсыну.
Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер айқындалады:
• Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ саласының рөлі көрсету ;
• Мұнай-газ саласын мемлекеттік реттеу жолдарын ұсыну;
• Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторының қазіргі даму жағдайын
талдау.

1. Мұнай және газ саласын мемлекеттік реттеу жолдары
Қазақстан Республикасындағы Мұнай және газ министрлігі мұнай-газ,
мұнай-химия өнеркәсібі, көмірсутекті шикізатты тасымалдау салаларында
мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге
асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына,
Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті,
Үкіметі актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы
Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Министрліктің қызметі саласында оның негізгі міндеттеріне тоқталсақ:
мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібі, көмірсутекті шикізатты тасымалдау
саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысу, сонымен
қатар магистралдық құбыржолы көлігі саласында сала аралық үйлестіруді
жүзеге асыру және көмірсутекті ресурстарды, оның ішінде Каспий теңізі
қайраңының қазақстандық бөлігінде бірлесіп игеру мәселелері бойынша
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.
Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге
сәйкес келесідей қызметтер жүзеге асырылады:
• Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша мұнай экспорты
үщін олардың аумағында құбыржолдары мен тасымалдаудың басқа құралдарын салу
мен пайдалану келісім-шарттарын орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін басқа
міндеттердің тиісті органдарымен келісім бекітіп, келіссөздер жүргізіледі.
• Әр жер қойнауын пайдаланушының тең қол жетімділігі қағидатынан шығып
магистралдық құбыржолдары мен теміржол эстакадаларының күшін пайдалануды
бекіте отырып, жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану
бойыеша операйиялар жүргізу барысында тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді
сатып алу тәртібін сақтауына баңылауды жүзеге асырады.
• Қазақстан Республикасы Үкіметіне конкурсқа шығарылатын, оның ішінде
ұлттық компаниялардың үлестік қатысуымен блоктар тізімі бойынша ұсыныыстар
дайындалады, сонымен қатар жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметіне мұнай
операцияларын жүргізуге арналған келісім-шарттардың орындалу барысы туралы
есеп беріледі.
• Табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік
органмен бірлесіп және реттелетін рыноктарда тарифтерді (бағалар, алым
мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін, тарифтік сметаларды
бекіту кезінде ескерілетін инвестициялық бағдарламалар және инвестициялық
жобаларды бекітіп,өз құзіреті шегінде бағдарламалық құжаттарды, техникалық
регламенттерден басқа нормативтік құқықтық актілерді, мұнай-газ саласында
нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеп бекітеді.
• Қазақстан Республикасында мұнай-газ саласында дамытылатын басым
жоғары технологиялық өндірістер тізімін келіседі, қажет жағдайда ішкі
рыноктың жағар – жанар май материалдарына қажеттіліктерін жабу үшін қажетті
көлемде Қазақстан Республикасының ішкі рыногында қайта өңдеу үшін мұнай
санының кестелерін (жылдық және ай сайынғы) анықтайды.
• Сонымен қатар кен орындарын қазу жобасына сәйкес мұнай игеруді,
сондай-ақ оның айналымын мемлекеттік реттеу жүзеге асырылады.
Капиталнефтегаз ММ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13
наурыздағы № 240 қаулысымен құрылды. Заңды тұлғаның мемлекеттік заңды
тіркеуден өткендігі туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің
2010 жылғы 29 маусымдағы № 13873-1901-ГУ куәлігі берілді.
Мекеме қызметінің мақсаты иелену мен пайдалану құқығы Қарашығанақ
мұнай-газ жобасы, сондай-ақ басқа да жобалары бойынша мердігерлер
тағайындаған операторға берілген мемлекеттік мүлікті бухгалтерлік есепке
алуды және Қазақстан Республикасының мұнай-газ операциялары бойынша
шығындарды өтегеннен кейін мердігерлер мемлекетке берілген мүлікті есепке
алуды қамтамасыз ету болып табылады.
Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі арнайы экономикалық
аймағының әкімшілігі ММ ҚР Үкіметінің 02,04,2008 жылғы №314 қаулысымен
құрылды. Заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркеуден өткендігі туралы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 2010 жылғы 14 шілдедегі №
9295-1915-ГУ куәлігі берілді.
Мекеме қызметінің мақсаты қызметтің басы түрлерін жүзеге асыруға
қолайлы жағдай туғызу және Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі
арнайы экономикалық аймағының тиімді жұмыс істеуі болып табылады.

2. Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ саласының рөлі
Қазақстан Республикасындағы көмiрсутек шикiзатының жалпы болжамды
өндiрiлетiн ресурстары 17 млрд. тоннаны құрайды, оның 8 млрд. тоннасы
Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторына (бұдан әрi – КТҚС) тиесiлi.
Расталған мұнай қорлары бойынша Қазақстан әлемдегi 15 жетекшi елдiң
қатарына кiредi. Қазақстан көмiрсутек шикiзатының қомақты қорына – әлемдiк
қордың 3,3%-ына иелiк етедi.
Республиканың 172 мұнай және 42 конденсатты кен орны орналасқан
мұнайлы-газды аудандары Қазақстан аумағындағы шамамен 62% алаңды алып
жатыр. Қазақстандағы мұнайдың негiзгi қорлары (90%-дан астам) аса iрi 15
кен орнында – Теңiз, Қашаған, Қарашығанақ, Өзен, Жетiбай, Жаңажол,
Қаламқас, Кеңқияқ, Қаражанбас, Құмкөл, Солтүстiк Бозашы, Әлiбекмола,
Орталық және Шығыс Прорва, Кенбай, Королевское – шоғырланған.
Кен орындары Қазақстанның он төрт облысының алтауының аумағында
орналасқан. Бұл Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және
Маңғыстау облыстары. Бұл ретте, көмiрсутек қорларының шамамен 70%-ы
Қазақстанның батысында шоғырланған.
Мұнайдың неғұрлым барланған қорлары Атырау облысына тиесiлi, оның
аумағында өнеркәсiптiк санаттағы 930 млн. тонна қормен 75-тен астам кен
орны ашылды.
15-тен астам көмiрсутек кен орны Батыс Қазақстан облысының аумағында
орналасқан. Мұнай-газ әлеуетi тұрғысынан Ақтөбе облысы тағы бiр
перспективалы өңiр болып табылады. Мұнда 25-тей кен орны ашылды. Қызылорда
және Қарағанды облыстарының негiзгi мұнай өңдеу саласы маңыздылығы бойынша
Қазақстанның бесiншi мұнай-газды провинциясы – Құмкөл кен орындары тобы
болып табылады.
Каспий және Арал теңiздерiнiң акваториясында республикада жүргiзiп
жатқан жер қойнауын кен ауқымды учаскелерiн зерделеу Қазақстанның мұнай-газ
саласының ресурстық әлеуетiн одан әрi молайтуға ықпал етедi.
Каспийдiң солтүстiгiнде 2000 жылы ашылған Қашаған кен орны соңғы 30
жыл iшiндегi әлемдiк тәжiрибедегi ең маңызды оқиға деп аталды.
Мұнай мен газ iздеу перспективалары Каспий маңы ойпатындағы, Арал
маңындағы зерттелмеген терең жатқан құрылымдармен, сондай-ақ Солтүстiктен,
Орталықтан және Оңтүстiк Қазақстандағы объектiлердегi сейсмикалық
жұмыстардың анықталған нәтижелерiмен байланыстырады.
Мамандардың болжамы бойынша Қазақстан Республикасында көмiрсутек
шикiзатының шығарып алынатын қорлары қазiргi өндiру деңгейiнде шамамен 60-
70 жылға жетуi тиiс, алайда, iрi мұнай-газ кен орындарындағы өндiрудiң
үдемелi көлемiн ескере отырып, көрсетiлген уақыт шеңберi айтарлықтай
қысқаруы мүмкiн. Сондықтан мұнай-газ саласын одан әрi дамыту жаңа кен
орындарының ашылуы есебiнен қорлардың өсiмiмен қамтамасыз етiлуi тиiс.
Қазақстанда көмiрсутегi қорларын ұлғайтудың нақты перспективалары
бар, сол себептен Қазақстанның жер қойнауының әлеуетi әлi де жоғары болып
табылады.
Мұнай және газ өндiру
Мұнай-газ саласының серпiндi дамуы Қазақстанның бүкiл экономикасы
үшiн өте маңызды.
Мұнай-газ кешенi елдiң және оның жекелеген өңiрлерiнiң әлеуметтiк-
экономикалық дамуына шешушi әсерiн тигiзедi, шын мәнiнде мемлекеттiң бүкiл
экономикасы үшiн алға тартушы күш болып табылады, экономиканың басқа да
салаларының дамуына ықпал етедi. Өңiрлер мен бүкiл мемлекет ауқымындағы
неғұрлым маңызды әлеуметтiк бағдарламалардың iске асырылуы мұнай-газ кешенi
кәсiпорындарының жұмысына байланысты.
Мұнай-газ кешенiндегi өзгерiстер саланың өзiнiң, сондай-ақ байланысты
өндiрiс салаларының жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған, бұл
елдiң энергетикалық қауiпсiздiгiнiң нығаюына ықпал ете отырып, сондай-ақ
кәсiпорындардың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң, қызметтер мен өнiм сапасының
артуына сүйемелденген экономиканың тұрақты өсуiн қамтамасыз етуi тиiс.
2009 жылы республикада мұнай және газ конденсатын өндiру 2008 жылмен
салыстырғанда 8,3%-ға өсiп, 76,5 млн. тоннаны құрады. 68,1 млн. тонна мұнай
және газ конденсаты экспортталды – (8,4%-ға өстi).
Қазақстан Республикасының аумағында 2009 жылдың қорытындылары бойынша
негiзгi мұнай өндiрушi компаниялар Теңiзшевройл ЖШС (бұдан әрi – ТШО)
(22,5 млн. тонна), Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. ЖШС (бұдан әрi –
КПО б.в.) (11,9 млн. тонна), ҚазМұнайГаз БӨ акционерлiк қоғамы (бұдан
әрi – ҚМГ БӨ) (8,9 млн. тонна), Маңғыстаумұнайгаз акционерлiк қоғамы
(бұдан әрi – ММГ) (5,7 млн. тонна) және Ақтөбемұнайгаз СНПС акционерлiк
қоғамы (бұдан әрi – Ақтөбемұнайгаз СНПС) (6 млн. тонна) болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағында құрлықтағы кен орындарында
игерiлетiн көмiрсутек шикiзатының басым бөлiгi жылдық өндiрудiң ең жоғары
деңгейлi сатысына жеттi. Құрлықта өндiрудiң одан әрi өсуi бiрiншi кезекте,
Теңiз және Қарашығанақ кен орындарын игерудiң жылдамдауына байланысты. 2012
жылдың аяғында Қарашығанақ кен орнын тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк iске асыруды
бастау жоспарлануда. Бұл ретте, өнiмдi болу туралы келiсiмге Екiншi қосымша
шартқа сәйкес Қашаған коммерциялық өндiрiсiнiң басталуы 2013 жылдың
қазанына дейiн ұзартылуы мүмкiн.
2015 жылы мұнай және газ конденсатын өндiру 2009 жылмен салыстырғанда
124,2 %-ға дейiн өседi деп күтiлуде (өндiру өсiмi 18,5 млн. тоннаны
құрайды).
Табиғи және iлеспе газды өндiру 2009 жылы 36 млрд. текше метрдi құрады,
2008 жылмен салыстырғанда өсуi 7,5 %. Газ экспортының көлемi 7 млрд. текше
м. құрады (алмасу операциясы арқылы Қазақстан Республикасының iшкi нарығына
жiберiлетiн Қарашығанақ газының көлемiн есептемегенде).
Қазақстан Республикасының аумағындағы негiзгi газ өндiрушi
компаниялар (2009 жылғы деректер бойынша) Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг
Б.В. (15,0 млрд. текше метр), Теңiзшевройл ЖШС (11,7 млрд. текше метр),
СНПС-Ақтөбемұнайгаз АҚ (3,0 млрд. текше метр), Толқынмұнайгаз ЖШС (2,3
млрд. текше метр), ҚазМұнайГаз БӨ АҚ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай газ өңдеу саласын жоспарлау негізі
Қазақстан Республикасында мұнай газ кешенін мемлекеттік реттеу
Қазақстандағы шетел инвестициясын пайдаланудағы саясаты
Мұнай мен газ өндіру саласында
Көлік кешені, темір жол
Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібі: тарихи аспектісі (1991-2007 жж. )
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ – ГАЗ САЛАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІМЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Әлемдік мұнай нарығының даму үрдістері
Қазақстан Республикасы ӨНЕРКӘСІБІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Дағдарыс жағдайында мұнай өнімдері нарығының жағдайы мен даму болашағын талдау
Пәндер