Қытай



Қытай тарихы
Қытай, көне Египетпен, Вавилонмен, Үндістанмен бірдей әлемнің ежелгі төрт көне өркениетінің бірі болып есептеледі. Шамамен б.э.д. XXI-ші ғасырда Хуанхэ және Чанцзян (Янцзы) өзендерінің жағасында алғашқы жер өңделе бастады. Бұл жерлердің адамдары аң мен балық аулаумен қатар үй жануарларын асыраумен айналыса бастады. Қытай тарихында алғашқы басқару династиясы Ся үкіметі болды(б.э.д. 2070-1600жж). Осының соңынан Шан (б.э.д. 1600-1046) және Батыс Чжоу (б.э.д. 1046-771жж) үкіметтері пайда болды. Б.э.д. 221-ші жылы басты көне Рим өзін Жерорта теңізінде мемлекет болып бекітілген кезде, Цинь императоры патшалар арасындағы соғысты тоқтатып Қытай тарихындағы алғашқы біртұтас орталықтанған көп ұлтты мемлекет – Цинь империясын құрды (б.э.д. 221-207жж). Осыдан кейін Хань династиясы (б.э.д. 202ж-б.э. 220ж), Үш патшалық дәуірі (Вэй, Шу және У, б.э. 220-280жж), Цзинь династиясы (266-420жж), Оңтүстік және Солтүстік династиялары (420-589жж), Суэй династиясы (581-618жж), Тан династиясы (618-907жж), Бес династия дәуірі (907-960), Сун династиясы (960-1276жж), Юань (1271-1368жж), Мин (1368-1644жж) және Цин (1636-1911жж). Дианстиялардың ұзын кезегі Қытай киносы мен әдебиеті шығармашылығы үшін бүгінгі күнде өте бай материал болатын көп аңыздар қалдырған. Қалай көне Египет өз кезінде Сократты, Платонды, Аристотельді берсе, сол сияқты Қытайда да кең білімімен терең ойшылдар туады - Конфуций, Лаоцзы, Маоцзы, Сюньцзы және т.б. Олар сан алуан түрлі философиялық мектептер ашады, онда шәкірттерін философия, политика, білім алу, әскери өнерге және т.б. үйретеді. Олардың сабақтары Қытай мәдениетіне және әлемдік мәдениетке терең ықпалын тигізді.

Географиясы
Қытай Халық Республикасы – Шығыс және Орта Азиядағы мемлекет. Жерінің аумағы 9,6 млн км. Халқы 1236,26 млн (Тайвань, Сянган арнайы әкімшілік ауд. (Гонконг), Аомыэнь аралдарының халқын есептемегенде, 1997). Тұрғындарының 91/ - қытайлар (хань, ханзу). Бұдан басқа 50-ден астам ұлттар мен ұлыстар тұрады. Ірілері: чжуан, ұйғыр, моңғол, тибет, хуэй,

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қытай Халық Республикасы

1. Тарихы
2. География
3. Қытай археологиясы
4. Халқы
5. Ұлттық тағамдары
6. Архитектурасы
7. Қытай хаткерлігі
8. Қытайдағы білім беру ордасы
9. Қытай театры, киносы
10. Қытай медицинасы
11. Ұлттық мерекелері

Қытай тарихы
Қытай, көне Египетпен, Вавилонмен, Үндістанмен бірдей әлемнің ежелгі
төрт көне өркениетінің бірі болып есептеледі. Шамамен б.э.д. XXI-ші ғасырда
Хуанхэ және Чанцзян (Янцзы) өзендерінің жағасында алғашқы жер өңделе
бастады. Бұл жерлердің адамдары аң мен балық аулаумен қатар үй жануарларын
асыраумен айналыса бастады. Қытай тарихында алғашқы басқару династиясы Ся
үкіметі болды(б.э.д. 2070-1600жж). Осының соңынан Шан (б.э.д. 1600-1046)
және Батыс Чжоу (б.э.д. 1046-771жж) үкіметтері пайда болды. Б.э.д. 221-ші
жылы басты көне Рим өзін Жерорта теңізінде мемлекет болып бекітілген кезде,
Цинь императоры патшалар арасындағы соғысты тоқтатып Қытай тарихындағы
алғашқы біртұтас орталықтанған көп ұлтты мемлекет – Цинь империясын құрды
(б.э.д. 221-207жж). Осыдан кейін Хань династиясы (б.э.д. 202ж-б.э. 220ж),
Үш патшалық дәуірі (Вэй, Шу және У, б.э. 220-280жж), Цзинь династиясы (266-
420жж), Оңтүстік және Солтүстік династиялары (420-589жж), Суэй династиясы
(581-618жж), Тан династиясы (618-907жж), Бес династия дәуірі (907-960), Сун
династиясы (960-1276жж), Юань (1271-1368жж), Мин (1368-1644жж) және Цин
(1636-1911жж). Дианстиялардың ұзын кезегі Қытай киносы мен әдебиеті
шығармашылығы үшін бүгінгі күнде өте бай материал болатын көп аңыздар
қалдырған. Қалай көне Египет өз кезінде Сократты, Платонды, Аристотельді
берсе, сол сияқты Қытайда да кең білімімен терең ойшылдар туады - Конфуций,
Лаоцзы, Маоцзы, Сюньцзы және т.б. Олар сан алуан түрлі философиялық
мектептер ашады, онда шәкірттерін философия, политика, білім алу, әскери
өнерге және т.б. үйретеді. Олардың сабақтары Қытай мәдениетіне және әлемдік
мәдениетке терең ықпалын тигізді.

Географиясы
Қытай Халық Республикасы – Шығыс және Орта Азиядағы мемлекет. Жерінің
аумағы 9,6 млн км. Халқы 1236,26 млн (Тайвань, Сянган арнайы әкімшілік ауд.
(Гонконг), Аомыэнь аралдарының халқын есептемегенде, 1997). Тұрғындарының
91 - қытайлар (хань, ханзу). Бұдан басқа 50-ден астам ұлттар мен ұлыстар
тұрады. Ірілері: чжуан, ұйғыр, моңғол, тибет, хуэй, корей, т.б. Қытай Халық
Республикасы әкімшілікаумақтың тұрғыдан 21 провинция, шағын ұлттардың бес
автономиялы ауданы және орталық саналатын үш қала – Пекин (астана), Шанхай
және Туньцзинь – болып бөлінеді.
Қытай – Азияның орталық және шығыс бөліктерінде шығыстан батысқа
қарай 5700 км, оңтүстіктен солтүстікке қарай 3650 км-ге созылған жер аумағы
жөнінен дүние жүзінде Ресей мен Канададан кейін үшінші орын алады.
Ресеймен, Қазақстанмен және Моңғолиямен шекаралар көп жерде жазық болып
келеді.
Қытайдың табиғаты бай әрі сан алуан. Елдің солтүстігінде, орман
жапқан тау жоталары бар, ал оңтүстігінде, Оңтүстік Қытай теңізінің
жағалауында тропиктік ормандар өседі. Шығыс Қытайдың ұлан-байтақ
жазықтарында муссон жағбырлары молынан суландыратын шетсіз-шексіз күріш
танаптары, оңтүстігінде Такла-Макан шөлінің аптап құмдары және көк тіреген
Тибеттің меңіреу суық тас жоталары бар.
Батыс шекара Гималайдың үстімен өтеді, оның ең жоғарғы нүктесі
Джомалунгма, ол теңізден 8848,13м. жоғары көтеріледі. Батыста памир тауы
жатыр. Ең шеткі батыс нүктесі батыс шекарадан 5200км-де, ол жерде Амур мен
Уссури өзеңдері бірігеді.
Шығыста адамдар таң аттырып жатса, сол уақытта батыста түн жарыққа
орнын 4 сағаттан кейін береді. Мемлекеттің солтүстік шекарасы Амур өзенінің
шетімен өтсе, ал оңтүстік шекарасы Наньшацюньдао архипелагындағы Муаньша
рифымен өтеді. Елдің солтүстігінде мұз және қар жатса, оңтүстігінде көктем
шығып, гүлденеді.

Халқы

Дүние жүзіндегі іс жүзіндегі әрбір бесінші адам – Қытай азаматы. Бір
жағынан мұншама көп халықта еңбек ресустары орасан көп ( 500млн. Адам деуге
болады), екінші жағынан, халықтың табысын көбейтуді қиындатады, тұрғын үй
және азық-түлік проблемасын шиеленістіреді, еңбекке орналастыру мүмкіндігін
азайтады және т.т. Осы себептен де 50-ші жылдардың ортасында-ақ Қытайда
тууды барынша шектеуге бағыт ұсталды. Ондағы жүргізілетін белсенді
демографиялық саясаттың ең басты ұраны бір жанұяға бір баладан делінеді.
Бұл нұсқаудан қайсыбір ауытқуға шағын ұлттар басым аудандарда ғана (соның
ішінде Тибетте) жол беріледі. Ұлы Қытай жазығының оңтүстігінде халық өте
тығыз қоныстанған (1 кв.км-ге 600 адам). Ел бойынша орташа көрсеткіш 108
адамнан келеді.
ҚХР-тұрғындарының 90 пайыздан астамы қытайлар (хань) болғанымен көп
ұлтты ел. Шағын ұлттардың дені ішкі (ең алдымен автономиялы) аудандарда
тұрады, бұлар – жуандар, монғолдар, ұйғырлар, қазақтар, тибеттіктер және
т.б.
Ұлттық аздықтың өмірлік деңгейі көтерілуі, ұлттық политиканың дұрыс
нәтижесі болып есептеледі. Соңғы 50 жылда тибеттіктердің өмірлерінің
жалғасуы 36 жастан 67 жасқа дейін үлкейді. Тибетте 116 ұзақ өмір сүрушілер
бар, олардың жасы 100-ден асқан. Қазіргі кезде Тибет ұзақ өмір сүрушілердің
санымен елде бірінші орынға шыққан.
Қытай үкіметі барлық ұлттар адам санына, экономиканың даму деңгейіне
және социалды структурасына ұлттық әдеттер мен құдайға сыйынуына қарамастан
бәрі тең құқылы деп санайды.

Ерте заман Қытай тапқырлықтарының әлемге тарауы

Осыдан 1900 қанша жыл бұрын, Цай Лун деген қытайлық қағаз жасау өнерін
тапқырлады. Баспа өнерінің Қытайда барлыққа келуі осыдан шамамен 1500 жыл
бұрын басталған. Құйма әріптік баспа өнерін ойлап тапқан Би Шың деген
қытайлық. Мылтық дәрісі Қытай ерте заман әлхимиясына байланысты ойлап
табылған. Мылтық дәрісін жасау әдісін тұңғыш қағаз бетіне түсірген Таң
династиясының бастапқы мезгіліндегі Сүн Сымяу деген фармаколог. Осыдан 2500
жыл бұрын қытайлар магниттен бағдар көрсеткіш жабдығы – оңтүстік
көрсеткішті (яғни алғашқы компас) жасаған. Осыдан шамамен 900 жыл бұрын,
Қытайдың солтүстік Сұң династиясының ғалымы – Шын Ко өзінің Мыңчуй
естеліктері деген шығармасында магнитты инемен (яғни компас стрелкасы)
бағдар айқындаудың төрт түрлі тәсілін жазған. Қытайдың төрт ірі тапқырлығы
адамзат өркениеті тарихының дамуын пәрменді түрде ілгерлетті.
Сөзді қағаз жасау өнерінен бастайық. Екі мың жыл бұрынғы Қытайда,
патша ордасының ұлықтары патшағабірер құжат жазып жолдағанда, жазуды бамбук
тақтайшаларға жазуға тура келетін. Бамбук тақтайша қалың әрі ауыр, құшақ-
құшақ бамбук тақтайшаларға жазылған құжатты өгіз жегілген арбамен тасуға
тура келетін. Осы секілді Еуропалықтар да бір кітап жазу үшін шамамен 305
қойдың терісін жұмсауына тура келген. Өйткелі олар қағаз жоқ заманда,
жазуды қой терісіне жазатын. Материал қажетіне бола Қытайлық Цай Лун деген
кісі осыдан 1900 қанша жыл бұрын мынадай бір жаңа технология
тапқырлады.Яғни, ағаш қабығы, кендір шашағы, жыртық шүберектерді шикізат
ете отырып, беті майда, жұп-жұқа қағаз жасап, жазу материалдарының нарқын
барынша төмендетті. Осы елеулі технологияның тапқырланған уақытты Еуро –
Азия құрлықтары арасынды Жібек жолының ашылған уақытымен қарайлас келеді.
Сонымен, қағаз жасау технологиясы Жібек жолына байланысты батысқа тарады.
Шамамен жүз жыл өткен соң, Парсы елінің Сассан династиясы орда құжаттарын
Қытай

Қытай хаткерлігі

Қытай хаткерлік өнерінің 3000 жылдан астам тарихы бар. Оның жазу
құралы – қылқалам. Жазудағы көмескілік пен көрнеуліктен, бойлық пен
ендіктен үндестік үні көтеріліп тұрады; қалам бірде батыңқы, бірде жеңіл
сырғып отырады. Хаткерлік ең терең жан сезімі мен мінез-құлықты бейнелейтін
ұлт өнері, бар өнердің маңдай алды.
Хаткерлік Қытайдың дәстүрлі өнерінің бірі. Ол қытай ироглифінің
сызықтарын қылқаламмен мәнерлеп жазу өнері. Оның өнер болуындағы себеп,
бастысы қытайдың айрықша жазу формасы мен жазу құралы.
Қытай хаткерлік өнерінің жалпы қолданылатын дәстүрлі құралы қалам,
сия сауыт яғни қытайлықтар айтатын жазу-сызу аспаптары, бұлар зиялылардың
кітап бөлмесінде міндетті түрде болуға тиісті құралдар. Өйткені қытайдың
ертедегі зиялылардың барлығы негізінен хаткерліктің де, сурет салудың да
шебері болған.
Қытай хаткерлігі қытай ироглифтері дамып кемеліне келген кезеңде пайда
болған. Чин династиясы қытай хаткерлігі дамуының бастапқы мезгілі,
хаткерліктің алғашқы шығармалары сауыт-сүйек жазуы мен мыс жазуы.
Чин династиясы (б.з.б. 221-б.з.б. 206) бірлікке келгеннен кейінгі жазу
Чинжуан немесе Шяужан (Қытай иероглифтері формасының бір түрі) деп аталған.
Мыс жазбалары (мыс құралдарына қашалып бәдізделген жазулар) мен тас
жазбалардың (тасқа бәдізделген ойма жазулар) негізінде ықшамдалып кліп
шыққан.
Хан династиясы (б.з.б. 206-220) дәуіріне келгенде, хаткерлік Жуан
формасынан Ли формасына өзгерді. Қытай иероглифтерінің бұл формасы Хан
династиясы дәуірінде кеңінен қолданылған. Осыдан кейін қытай хаткерлігі
дамып сүйкей жазу (қытай иероглифтерінің форма сызықтары өзара жалғасып
сүйкей жазылған), Жыншу (ашық жазу деп те аталады, қытай иероглифтерінің
Қазіргі кездегі қалыптасқан формасы), Шиңщу (формасы мен кескіні
сүйкей жазу мен кайшудың аралығында) формасына өзгерді. Қытай хаткерлігі
дамып, Жин династиясы, оңтүстік-солтүстік хандықтар, Сүй-Таң династиясы
(265-907) дәуіріне келгенде қытай хаткерлік өнерінің гүлденіп-көркейген
кезі. Сүйкей жазу, шиңщу, ашық жазу осы мезгілде басты стилге айналды.
Әйгілі хаткер Уаң Шижының өнерге келуі хаткер табысы Таң династиясына
мирас болып жалғасып ерекше қастерленіп, құрметтелді. Сонымен бір уақытта
Таң дәуірінде (618-907) Иүй Шынан, Оуяң Шүн, Чу Сүйляң, Ян Жынчин т.б.
алыптар болды. Олардың хаткерлік қабілеті жағында стильдері әр түрлі болды.
Қытай хаткерлігі сауыт-сүйек жазуын, ескіше жазбаларды (мыс жазбалар)
Дажуан-Шяужуан, сүйкей жазу – Шиңшу-Жыншу (ашық жазу) сияқты әріп
тұлғасының біртіндеп өзгеру сатысын басынан өткерді.
Қытай хаткерлігі қалам мен сияны қолданудан басталады. Әріп формасы,
құрылысы, толық нұсқаның қағидасы-төменнен жоғары қарай тартатын,
тоқтататын, төмен түсіретін, тез, ақырын, жуан, жіңішке және дөңгелек
формамен жазатын ерекшеліктердегі сызықтардың өзгеріс құрылысы мен қалам-
сиядан қалыптасады (яғни сзсқтардың жуан-жіңішкелігі, сияның қанық-
өшкіндігі, құрылым формасының сирек-жиілігі, қағидасының оң-терісі).
Қытай хаткерлігі – Қытай иероглифтерінің жазбаша көркем өнері. Ол
бейнелеу өнері (мүсіндеу өнері) болып қалыптасты. Қытай халқының мәдениет
жауһары емес, қайта дүние мәдениеті алтын қорының ерекше табысы.

Қытайдың шаруалар календары және 24 амал.

Шаруалар календары шя күнтізбесі деп те аталады. Ол Қытайдың Шя
династиясында, яғни б.з.б. XXI ғасырда жасалған деген сөз бар. Оның
ғылымилығы, іс-жүзіндік қолданылымы өте күшті. Сондықтан, күні бүгінге
дейін тұтыну құнын жойған жоқ. 24 амал Қытай еңбекші халқының астрономия,
ауа-райы, фенология құбылыстарын ұзақ уақыт бақылап, зерттеп
қорытындылауының нәтижесі. 24 амалда бір жыл ішіндегі күннің эклиптикадағы
орнының өзгерісіне және сонан туындаған жер беті климатының өзгеріс рет
тәртібіне қарай бүкіл жыл 24-ке бөлінген. Әр бөлікке ат қойылған. 24
амалдың шығу тегі міне осындай. Әрбір амалдың аралығы жарым ай уақыт алады.
Ол 12 айға бөлініп орналасады. Бұл Қытай еңбекші халқына ғана тән ұлы
ғылыми – технологиялық табыс. Қытайдың ұлан- байтақ ауыл – қыстақтарында
егіншілік жұмыстарын істеуде кең көлемді пайдалану құнына ие.

Ұлттық мерекелері

Дуан-у мерекесі

Қытай күріш мерекесі (яғни Дуан-у мерекесі)-Қытайдың ежелгі
дәстүрлі мейрамы. Қытайдың Жанго дәуіріненбастау алатын оның бүгінге дейін
2000 жылдан астам тарихы бар. Қияқ күріш мерекесі күні қытайлықтар айдаһар
кеме жарыстыру, қияқ күріш жеу, күкіртті шарап ішу сиқты салттар
өткізеді.Қытай шаруалар календары бойынша 5-ші айдың 5-і күні –(2006 жылы
маусымның 18 күніне тура келеді). Қияқ күріш мерекесі алғашында қытайдың
ерте заман ақыны Чүй Юанды еске алуға арналған.Қытайдың ерте заман
классикалық шығариасы-Тарихи жазбалардағы естеліктер негізінде Чүй Юан
Жанго дәуіріндегі Чу бектігінің уәзіріекен. Ол елді қабілетті де қасиетті
жандарға билетуді дәріптеген. Қуғында жүргенде ол отан мен халықтың –
шеріне күңіреніп Арман, Аспанға сұрақ, Тоғыз жыр сияқты өшпес
жырларын жазып, терең әсерін қалдырған. Сондықтан Қияқ күріш мерекесі-ақын
мерекесі деп те аталады.
Қияқ күріш мерекесінде ырымшыл отбасылар асқабақ, екпе жуа сиқтыларды
қосып қарайғанша қуырады да, оны Бес уды бірдей қуырыу деп атайды. Ал
қарапайым отбасыларда ішкннен асып қалған күкірт шарабына азырақ су қосып,
усарымсақ араластырып, шыжыған күнге қыздырып қояды. Мұны егер улы
жәндіктер шағып алғанда жарақатқа жығуға болады.

Юаншяу мерекесі
Қытайдың шаруалар календары бойынша, бірінші айдың 15 күні – айдың бір жыл
ішіндегі тұңғыш толған әрі байтақ жердің көктем құшағына оралған түні,
сондықтан ырым жасалып құттықталады. Сол бір толған ай аспан төріне
ілінгенде, адамдар сыртқа шығып ай тамашалайды, түрлі түсті шам шашулар
атады, шам жұмбағын шешеді, әрбір отбасы бас қосып, Юаншяу жейді (юаншяу –
домалақ тұшпара).

Чин миң мерекесі
Чин миң – Қытайдың дәстүрлі мерекесі, әрі ең маңызды ғибадат күні. Қытай
халқының ата-бабаларына ас беретін және қабыр басына шығатын күні. Чин миң
күні жанға жайлы көктем келіп, ағаш бүрлеп келе жатқан кез. Бұл кез жұрттың
көктем сейіліне шығуына (ерте заманда көкке шығу деп атаған) өте ыңғайлы.
Сондықтан, бұрынғылардың көкке шығатын әдеті болған.

Ұлттық тағамдары

Қытайлықтардың тамағы негізінен вегетариандық, яғни өсімдік тектес
тағамдар, сондай-ақ балық, моллюскілер және т.т. Қытайлар сорпаны сирек
ішеді. Тамақта күріштен, гаоляннан (дәнді өсімдік) сұйық ботка басым және
оны демдеуіштермен (батат, сарымсақ) қосып жейді. Тамаққа теңіз шөптері,
бамбук өскіндері (соя майы) пайдаланылады. Мал өнімдері сирек тұтынылады.
Бұрыштап шошқа етін жейді, жасмин жапырағын қосып хош иісті көк шайды көп
ішеді. Қытайлар шайды қантсыз өте ыстық қылып, термоста сақтап ішеді. Қытай
аспаздары бүкіл әлемге танылған тамақ пісіру шеберлері. Юаншяу мерекесінде
қытайлар өздерінің сүйікті домалақ тұшпараларын дайындайды.
Қытайдың төрт ірі қуырмаш жүйесінің бірі – Сычуан қуырмашы осыдан мың
жылдан ілгері-ақ тағам әзірлеудің ең жоғары деңгейіне жеткен. Сычуан
қуырмаштары шамамен төрт мың түрге жетеді. Қытайда Дәм көкесі сычуанда
деген тәмсіл бар. Ащылық – Сычуан қуырмаштарының ең негізгі өзгешелігі.
Сычуан қуырмаштарын Қытайда Счуандықтар ғана емес, бүкіл қытайлар ұнатып
тұтынады. Сычуан қуырмаштарын Қытайдан сырт, әлемнің көп жерлерінде алқау
алып барады.

Қытай түшпарасы

Түшпара-Қытайдың дәстүрлі тағамы әрі ең уәкілдік сипатқа ие Қытай
тағамы. Қытайлықтар жаңа жыл мерекесін тойлағанда, жаңа жылға қараған түні
Жаңа жыл тағамы-тұшпараға ерекше мән беріп, қадыр тұтады. Тұшпара қытай
тілінде жяузы деп аталады (жяу-жылдың ауысуы деген мағынада ал, зы-
түнгі нөл, яғнитүнгі сағат нөл дегенді білдіреді). Түшпараның түрі Қытайдың
ерте замандағы алтын жамбысына немесе кесек күміске ұқсайтындықтан,
байлықтың символын білдіреді. Жаңа жылға қараған түні жұрттың бәрінде жан
ұясындағылармен бас қосып, тұшпара жасайтын әдет-ғұрып бар. Тұшпара
жасағанда белгілі бір тұшпараның ішіне теңге түйеді, оны жеген адамның жаңа
жылда бағы жанады деп қарайды. Тұшпраның Қытайда 2600 жылдан артық тарихы
бар.

Қытай археологиясы
Дазу тас оймалары
Қытайдың Чұңчиң қаласы аумағында Дазу деген жерде, табиғи жартасқа
ойыып жасалған 50 мыңнан артық тас мүсін бар. Бұл тас оймалар негізінен
б.з. 907-1279 жылға дейінгі аралықта жасалған. БҰҰ, ЮНЕСКО-нің әлемдік
мұрағаттар алқасы бұған: Тас оймалар өзінің өнер сапасының аса жоғарылығы,
тақырыптарының молдығы, құбылмалылығымен алыс-жықынға атақ-даңқы шыққан,
зайырлы дүниеден дінге дейін Қытайдың сол тұстағы күнделікті қоғамдық
өмірін анық бейнелеген - деп баға берді.
Қытайдың тас ұңгір өнері бір заманда солтүстікте ұзақ
мерзім өркендеген еді. Олардың ішіндегі көрнектілігі – Дахатадағы Заңғаралы
үңгір (Могауку), Йүнгаң тас үңгірі, Лұңмын тас үңгірі. Алайда б.з. VIII
ғасырының орта шенінде солтүстіктің тас үңгір өнерінің жалыны солғындай
бастады. Дәл осы шақта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай – Америка қатынастарының дамуы
Қытай және жаһандану проблемалары
Қытай сыртқы саясатының идеологиясы мен механизмі
Екі ел арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынасты жан-жақты талдау және болашақтағы дамуына болжаулар жасау
Қазақстан Республикасы мен Қытай халық республикасының қазіргі экономикалық байланыстар деңгейі және болашағы
Орталық азия аймағындағы қытайдың экономикалық ұстанымдары
Қытайдың АТА-дағы сыртқы саясат стратегиясы
ҚХР-ның дамушы елдермен экономикалық байланысы
Тәуелсіз Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынастар
Көне қытай тілі және қазіргі қытай тілінің қытай әдебиетіне ықпалы
Пәндер