Жоғары мектепте шығармашылық орта түзу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МАГИСТРАТУРА ЖӘНЕ PHD ДОКТАРАНТУРА ИНСТИТУТЫ

2. 4МОӨЖ

баяндама

№7

Жоғары мектепте шығармашылық орта түзу

студенттердің өзіндік ізденісіне қозғау салудың басты шарты ретінде

ОҚЫТУШЫ: п. ғ. д., профессор Халитова И. Р.

МАГИСТРАНТ: Бертаева А. С.

АЛМАТЫ 2013

КІРІСПЕ

ХХІ ғасырда жоғары оқу орнында болашақ мамандар даярлау үдерісінде қоғамымыз жаңа міндеттер қойып отыр. Жаһандану кеңістігінде инновациялық технологияның алар орны ерекше. Осыған орай, бүгінгі студенттердің парасатты ойлау өнерін, шығармашылығын дамыту көкейкесті мәселенің өткірлігін көрсетеді.

"Ғылым" деп - адамның білім алуын, жүйелеу және тексеру бағытындағы кызметінің түрін айтамыз. Білімнің бәрі ғылыми білімге жатпайды, олардың жақсы тексерілгендері мен негізделгендері ғана жатады. Ғылыми білім көдімгі карапайым білімді теріске шығармайды, олардьщ екеуі де керек. Білім дамудың жоғары деңгейіне жеткенде ғана ғылыми білімге айналады.

  1. Ғылым білімдер алуға бағытталған, білімнің жинакылығы мен тұтастығынан көрінетін адамның шығармашылык кызметі және сол қызметтің нәтижесі. Ғылым қарапайым тәжірибенің тарихи дамуында жинакталған акпарлардың, сілтемелердің, қызмет пен пөнге нұскаулардың жиынтығы болып табылатын стихиялы, тәжірибелік білімдермен салыстырғанда жүйелілігімен ерекшеленеді.

Қазіргі уақытта ғылыми зерттеулерге деген қызығушылық күннен-күнге артуда. Демек, зерттеушілерге де өз кезегінде методологиялық және әдістемелік білімдерін заман талабына сай жетілдіріп отыруға тура келеді. Немесе ғылыми жұмыстардың сапасын жоғарылату мақсатында соңғы ақпараттық технологияны пайдалану авторларға өз мүмкіндіктерін толыққанды ашуларына септігін тигізеді.

Рефераттың мақсаты - ғылыми, оның ішінде тарихи зерттеулердің методологиялық және теориялық аспектілерін талдау; мәселелердің мәнін, ғылыми зерттеу процесі ерекшеліктері мен логикасын ашу; зерттеулердің әдістемелік мазмұны мен оны жүзеге асырудың кезеңдерін көрсету. Ғылыми білімді қалыптастыру, ғылыми жұмыстарды дербес жүргізе білу - алға қойылған ғылыми мақсатты іске асырудың басты кепілі. Яғни оқу-ғылыми процесс барысында түрлі жазба жұмыстарды орындай білуде ғылыми және практикалық әдістерді жетілдірудің маңызы зор. Шығармашылық ойлаудан соңғы ғылыми еңбекке дейінгі әрбір зерттеуге тән әдістемелік тәсілдер бар.

Сонымен ғылыми шығармашылықтың методологиясы мен әдістері деген не?

Методология - ғылыми танымға жетудің жолы. Қазіргі деңгейдегі ғылыми-теориялық ойлау жүйесі зерттелмек нысан мен процестің мәніне ұмтылуға тырысады. Ғылыми зерттеу дегеніміз болашаққа зер салу секілді іздену жолдары, ғылыми объективті көзқарас. Фактілерді түсіндірілуі немесе практикалық қолданылуы қиын деп ысырып тастауға болмайды. Себебі ғылымдағы жаңалық зерттеушінің өзіне де байқалмайды. Жаңа ғылыми фактілер, тіпті жаңалықтар маңызы толық ашылмағандықтан ұзақ уақыт бойы ғылым қорында жатып қалуы немесе практикада қолданылмауы мүмкін.

Идеяны толық шешілуіне дейін жеткізу ғылыми зерттеуді жоспарлы жүргізуде ғана іске асады. Ғылымға кездейсоқ ашылулар да тән. Бірақ жоспарлы әрі жақсы жабдықталған ғылыми ізденістер табиғаттағы объективті заңдылықтарды тереңірек ашуға және тануға ықпал етеді. Ары қарай алғашқы ойды мақсатты әрі жүйелі өңдеу жалғаса береді, өзгерістер, қосымшалар, нақтылықтар енгізіледі де зерттеудің сұлбасы дами береді.

Ғылыми зерттеу нәтижесі түсінікке, заңға және теорияға айналатын нақты мақсаттылық таным. Оған тән кейбір ерекшеліктер бар:

  • бұл міндетті мақсатты процесс, оған жету жолындағы нақты шешілмек міндеттер;
  • бұл жаңа, шығармашылыққа, белгісізді ашуға, айрықша идеяларды іске асыруға әрі қарастырылмақ мәселелерді жаңаша қарауға бағытталған процесс;
  • ол жүйелілігімен сипатталады: яғни зерттеу процесі әрі оның нәтижесі тәртіпке, жүйеге келтіріледі;
  • оған дәлелділік, жинақтаулар мен тұжырымдарды жүйелі негіздеу тән.

Ғылыми-теориялық зерттеулердің нысаны жеке, нақты жағдай емес, оның зерттеу нысаны ұқсас құбылыстар мен жағдайлардың толық тобы, олардың жиынтығы.

Ғылыми-теориялық зерттеулердің мақсаты жекелеген құбылыстардың қатарынан жалпыны табу, ондай құбылыстардың пайда болуын, қызмет етуін, даму заңдылықтарын ашу, демек ондай құбылыстардың мәніне терең үңілу.

Ғылыми-теориялық зерттеулердің басты құралдарына мыналарды жатқызуға болады:

  • жан-жақты негізделген және бір жүйеге келтірілген ғылыми әдістердің жиынтығы;
  • өзара бір-бірімен байланысты және ғылым тілін қалыптастыратын түсініктердің, нақты терминдердің жиынтығы.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелері ғылыми еңбектерге (мақала, монография, оқулық, диссертация, т. б. ) айналып, жан-жақты бағаланғаннан кейін практикада жүзеге асады, практикалық таным процесінде ескеріледі және қорытынды түрде жетекші документтерге кіргізіледі.

Сонымен бірге кейс-талдау әдісі мәселені талдау әрі оған диагностика қою,

Студенттің ғылыми-зертеу жұмыстары

Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту, олардың шығармашылық белсенділігін дамыту, оларды заманауи ғылымның көкейтесті мәселелерін шешуге тарту, студенттердің білім және ғылым байланыстарын дамытуға көмектесу - мамандар даярлаудағы негізгі мақсат болып табылады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары университеттегі мамандар дайындаудың, оқу-тәрбие және ғылыми-инновациялық ажырамас бөлшегі болып табылады. Ғылыми-зерттеу жұмысы болашақ мамандардың институтта алған білімін, дағдысын жүзеге асыруға дайындығын қалыптастыруға, ғылыми әдістемені, зерттеу тәжірибесін меңгеруге көмектеседі. Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту олардың әлеуетін ғылымның және техниканың түрлі көкейтесті мәселелерін шешуге паудалануға мүмкіндік береді.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен дамытудың негізгі мақсаты жоғары кәсіби білімі бар мамандар даярлаудың деңгейін көтеру, және әрі қарай магистратурада оқитын талантты жастарды анықтау, университеттің педагогикалық кадрларын толықтыру болып табылады.

СҒЗЖ негізгі міндеттері:

1. ғылыми қызметке талабы бар дарынды студенттерді анықтау;

2. отандық және шетелдік ғылыми-әдістемелік зерттеулер тәжірибесінде және нәтижелерінде негіз болатын жастардың ғылыми шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай жасау;

3. студенттің жан-жақты дамуына, өзін-өзі бағалауының қалыптасуына, өзіндік жұмыс дағдысын және шығармашылық ұжымда жұмыс істеуге, ғылыми-зерттеу әдістемесін меңгеруге көмектеседі.

4. ғылым мен техниканың түрлі саларындағы басым бағыттар бойынша қолданбалы, іргелі, іздену, әдістемелік және педагогикалық ғылыми зерттеулер жүргізуге студенттердің қатысуын қамтамасыз ету;

5. жоо-ның педагогикалық және ғылыми кадрларын толықтыру үшін қабілетті, дарынды және талантты жастарды тиімді іріктеуді қамтамасыз ету;

6. ғылым мен техниканың түрлі саларындағы ғылыми-техникалық мәселелерді шешуге арналған оқытушылар мен студенттердің ғылыми-практикалық әлеуетін біріктіру.

СҒЗЖ негізгі бағыттары:

- жоо ішінде пәндік олимпиадалар мен мамандықтар бойынша конкурстар ұйымдастыру және жүргізу;

- республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадаларға қатысу;

- студенттер жұмысымен республикалық конкурсқа қатысу;

- түрлі деңгейдегі ҒТК баяндамалар дайындау және қатысу;

- студенттермен магистранттарды орындаушы ретінде мемлекеттік бюджеттік және шаруашылық келісім бойынша жұмысқа тарту;

- курс жұмыстары мен диплом жобалары конкурстарын ұйымдастыру және өткізу, қатысу;

- ғылыми мақалалар мен тезистер дайындау және жариялау;

- еліміздің және шетелдердің жоо-ның құрылымдық бөлімшелерімен байланысты жүзеге асыру;

- студенттердің ғылыми үйірмелерінің жұмысы.

ЖОО өткізілетін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық, жоба және басқа да жұмыстарға студенттердің тікелей қатысуы СҒЗЖ ұйымдастыру формасы және іс-шаралар жүйесімен қамтамасыз етіледі. Олар үш топқа бөлінеді:

- оқу процесіне қосылатын ғылыми-зерттеу жұмысы;

- оқу мерзімінен тыс уақытта орындалатын ғылыми-зерттеу жұмысы;

- ғылыми, ғылыми-техникалық жалпы ұйымдастыру шаралары, оның ішінде СҒЗЖ жүйесін дамытуды ынталандыратын жарыстар, студенттер шыгармашылығы (студенттік ғылыми конференциялар, семинарлар, студенттік олимпиадалар, конкурстар және т. б. ), студенттердің ғылыми еңбегінің нәтижелілігін және тиімділігін анықтайтын (жарияланымдар, ғылыми есептердегі авторлық, жарыс шараларының марапаттары) іс-шаралар.

Оқу процесіне қосылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары оқу тапсырмаларының, оны ішінде өндірістік және оқу практикаларын, зертханалық жұмыстарды, ғылыми зерттеу сипаттағы курстық және бітіру біліктілік жұмыстардың орындалуын қарастырады.

Студенттердің оқудан тыс уақытта орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстары мынадай формаларда жасалады:

• студенттік ғылыми семинарлардағы, конференциялардағы, конкурстардағы жұмыстары;

• мемлекеттік және жоо аралық немесе жоо ішіндегі гранттардың орындалуына студенттердің топпен немесе жеке қатысуы;

• Студенттік ғылыми және ғылыми-техникалық бірлестіктер (студенттік ғылыми қоғамда, конструкторлық, жоба, технологиялық, ғылыми ақпарат, аударма, экономикалық және басқа бюроларда, шығармашылық шеберханаларында және үйірмелерде, ғылыми-техникалық шығармашылық орталықтарында, ҒЗИ және т. с. ) .

СҒЗЖ-ның үдемелі формалары:

• мекемелерге көмектесуге бағытталған жазғы немесе өндірістік практика кезеңінде ұйымдастырылатын студенттік шығармашылық топтар, жұмыстар;

• курстық және диплом жобаларын өндіріске енгізу бойынша шығармашылық топтар;

• кафедрааралық студенттік ғылыми үйірмелер.

Қазіргі уақытта СҒЗЖ-нің түрлі формаларымен студенттердің 80%-ы қамтылған.

Студенттік ғылыми-үйірмелер жалпы ғылыми және арнайы кафедраларда, жоо ғылыми бөлімдерінде ұйымдастырылады. Онда студенттер отандық шетелдік арнайы әдебиеттер бойынша аннотациялар, рефераттар жасайды. Сынақ жүргізу дағдысын және алынған нәтижелерді өңдеуді меңгереді. Үйірме отырысында, кафедраның ғылыми семинарларында пайдаланатын көрнекі құралдар, зертханалық құрылғылар және оқытудың техникалық құралдарын жобалайды және дайындайды. Қазіргі уақытта педагогикалық технологиялар институтында 8 үйірме, экономика және құқық кафедрасында - 6, мұнай және газ институтында -1 үйірме жұмыс істейді.

Педагогикалық институтта Студенттік ғылыми қоғамдастық жұмыс істейтіні қуантады. 2008 жылдан бастап сол институтта Шет тілдер клубы жұмыс істейді. Пәндік олимпиадалар гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, математикалық, жаратылыстану, жалпы кәсіби және арнайы пәндер бойынша мемлекеттік білім беру стандарттары мен университеттегі оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Пәндік олимпиадаларда институт оқу жоспарына сәйкес оқытылатын пәндер бойынша білімі мен қабілетін қолданудағы студенттердің өзара жарысын көруге болады.

Пәндік олимпиадаларға тиісті пәндерді меңгерген немесе өткен жылы оқыған студенттер қатысады. Пәндік олимпиадалар оқу топтарында, кафедраларда және университет бойынша өткізіледі.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді және жүйелі жүргізіп жүрген студенттер, студенттік ғылыми қоғамдастыққа (СҒҚ) бірігеді.

Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін белсендендіруде ұйымдастыру-жаппай іс-шаралардың ролі маңызды:

• жылсайынғы институтта өткізілетін студенттік ғылыми-практикалық коференциялар;

• республикалық, аймақаралық, жооішілік, ғылыми және ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, симпозиумдар, жиналыстар;

• жастардың ғылыми шығармашылық көрмесі;

• жыл сайынғы ҚР жоо-да жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша СҒЗЖ республикалық конкурс;

• студенттерді ең жақсы студенттік ғылыми-зерттеу жұмысы сыйлығын алуға ұсыну.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері арнайы студенттік ғылыми конференцияларда, семинарларда баяндалады.

Студенттердің баяндамасы жазбаша түрде, жазбаша жұмыстарға қойылатын талаптарға сай рәсімделеді және ұсынылады. Студенттің баяндамасы орындалған зерттеулердің есебі немесе ғылыми жұмыстардың аяқталған кезеңіндегі есебі болуы мүмкін.

Семинарды студент баяндамасының нәтижесін талқылағаннан кейін орындалған жұмыстың жан-жақты бағасын, жетістіктері мен кемшіліктерін айқындайтын ғылыми жетекші жүргізеді.

Семинарда баяндамаларды ғылыми конференцияларға ұсыну туралы, студенттік жұмыстардың жариялануы және оларды конкурсқа ұсыну туралы мәселелер шешіледі.

Ғылыми зерттеу материалдары бойынша студенттер республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға, семинарларға, конференцияларға қатысу үшін іссапарларға шығады.

Мадақтау мен ынталандырудың негізгі формалары:

• ғылыми жұмыстарды орындау процесінде, пәндер, курстық жұмыстар және практикаларды бағалау кезінде алынған нәтижелер бойынша есеп;

• дарынды студенттерді мемлекеттік және атаулы шәкіртақыларға және түрлі мекемелер мен қорлар ұсынатын шәкіртақылар алуға ұсыну;

• ең жақсы студенттер жұмыстарын жеңімпаздарды марапаттайтын конкурстарға, көрмелерге және өзге де ұйымдастыру-жаппай іс-шараларға ұсыну;

• студенттердің түрлі отандық және шетелдік ғылыми форумдарда қатысу үшін іссапарға жіберу.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарында жеткен табыстары үшін студенттер құрмет грамоталарымен, дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады, айтулы көрмелерге, конференцияларға, конкурстарға, олимпиадаларға қатысу үшін мадақталып, жіберіледі.

Университетте студенттерді ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарына тарту бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға тартуда және СҒЗЖ ұйымдастырудағы оң өзгерістерді атап өту қажет. Біздің университетіміздегі оң үрдістер бұдан әрі де дами беретініне сенімдіміз.

Қазіргі кездегі қоғам адамнан тек терең білімді болуын, жоғары деңгейдегі мәдениет пен ғылым мен техниканың түрлі салаларында терең мамандануын ғана талап етіп қана қоймай өзара тығыз байланыста өмір сүріп, тіршілік ете білуді талап етеді. Тұлғалық дамудың негізгі көрсеткіштері оның жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталуы, ізгілік, зиялылық, креативтілік, белсенділік, намысшылдық, ой-пікірдегі тәуелсіздік болып табылатындықтан, осы қасиеттердің даму деңгейі тұлғаның әлеуметтік қалыптасуы мен әлеуметтік біліктілігінің көрсеткіштері деп қарастыруға болады. Жоғары оқу орнындарындағы заманауи тәрбие жұмысын бағалаудың ерекшелігі тәрбие үрдісіндегі жүйелілік пен тиімділікті қамтамасыз ететін факторлар мен шарттардың кешенділігі болып табылады.

Тәрбие аудиториядан тыс педагогикалық ықпалдың оқшау элементі емес, педагогикалық іс -әрекеттің жалпы оқу мен даму үрдісіне кіріктірілген қажет құрамдас бөлігі болып табылады. Тәрбиенің негізгі факторы - жоғары оқу орнындағы тәрбиелік ортаны ұйымдастыру және студенттердің оқу-әдістемелік, ғылыми іс-әрекеттерін, демалысын өздері басқаруға түрткі болу.

Нарықтық экономика заманында бәсекелестікке қабілетті, белсенді, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, жан-жақты дамыған маман тұлғасын қалыптастыру мақсатымен ЖОО (әрі қарай Университет) тәрбиені жүйелі жүргізу үшін, басқарудың ажырамас бөлшегі ретінде, тәрбие жұмысын сатылай жүргізу тұжырымдамасы жасалды.

Тұжырымдама тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастырудың стратегиясын, негізгі кезеңдерін, басым бағыттары мен мақсатын, іске асыру кезеңдері мен механизмдерін баяндайды.

Студенттерді түрлі үйірмелерге, университеттің қоғамдық өміріне қатыстыру арқылы шығармашылығын дамыту, рухани құндылықтарға және оларды бағалауға деген көзқарастар жүйесін қалыптастыру және дамыту.

Бұл бағыт келесі іс-шаралар арқылы жүзеге асады:

  • Университеттің Жарғысын, студенттер үйінде тұру ережелерімен таныстыру;
  • мемлекеттік тіл саясаты және ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған азаматтық-патриоттық іс-шаралар өткізу;
  • студенттерді Университеттің тарихи мұражайына, қалалық мұражайларға апару;
  • М. Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық қазақ ұлттық драма театрына, Ғ. Мүсрепов атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрына, М. Ю. Лермонтов атындағы орыс мемлекеттік академиялық драма теартына, Абай атындағы опера және балет театрына, Жамбыл атындағы қазақ ұлттық филармониясына, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясына апару;
  • республикалық, қалалық, университеттік өнер байқауларына қатысу арқылы шығармашылыққа баулу.
  • темекі тарту мен маскүнемдікке қарсы акцияларға, салауатты өмір салтын насихаттауға қатысу.

Студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5-тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда ұжымдағы оқытушылардың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.

· оқытушылардың ғылыми ізденіспен шұғылдануына жағдай жасау;

· Білім, біліктілігін арттыру;

· еңбектерін әділ бағалай отырып, құрметтеу;

· оқытушылардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу, көмек көрсету;

Бізге әрбір студентті оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл оқытушы керек.

Болашақ маманның білім сапасын көтеру негізгі мақсат. Біздің студенттерге қойған талабымыз:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш сынып оқушыларына геометриялық материалдар жайлы түсініктерін қалыптастыру
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Оқушылардың графикалық білімін, дағдысын қалыптастырудағы психология шеберлігі
Планиметриядағы салу есептері
Математиканы оқытудың жалпы әдістері
Салу есептері
Үшінші дәрежелі теңдеулерді шешу
Ғылыми-зерттеу жұмысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz