Баға теориясы. Нарықтық экономикадағы бағаның ролі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1бөлім Баға теориясы
1.1 Бағаның қалыптасуындағы теориялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
1.2 Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.3 Баға функциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.4 Баға түрлерінің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
2бөлім Бағаның нарықтық экономикадағы рөлі
2.1 Нарықтық экономикадағы баға ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13
2.2Баға құрамындағы өзіндік құн ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14
2.3Баға құрамындағы салықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16
2.4 Бағаны есептеу схемасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
3бөлім Бағаны тұрақтандырудың модельдері
3.1 Бағаны мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20
3.2 Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық аспектілері ... ... ... ... ... 21
3.3 Баға саясатының мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3.4Баға қалыптастыру стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28

Кіріспе
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері өзі қатарлы
ТМД мемлекеттері арасында экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени салаларында көш басшы атанып келеді. Бұл еліміздің қай саласын алып қарасақ та халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жасалынып жатқан игі істер мен экономикалық жағдайды көтеруде алдыңғы қатарлы озық ойлар мен пайдалықадамдаржасалыныпжатқандығынкөрсетеді.
Мемлекет өзінің ішкі экономикасын біршама тұрақтылықта дамытуда. Бағаны тұрақтандыру әр қашан алдын ала өз жоспарлары арқылы есептелінетін елдің экономика саласындағы ұтымды қадамдарымен қамтамасыз етіледі. Осы орайда баға мен елдегі инфляция шараларының арасындағы байланыстарды жүйелі түрде шешу мен мемлекеттің игілігіне қызмет жасауын қадағалау негізгі бағыттардың біріне саналады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – баға теориясын терең ұғыну мен бағаны тұрақтандырудың математикалық модельдеу әдістерін талқылау, ондағы тиімді модельдеу әдістерін таңдап алу, мемлекеттің баға тұрақтылығын қалыптастырудағы,оныреттеудегіөзіндікұстанымдарынатоқталутабылады.
Жалпы курстық жұмыс негізгі үш бөлімнен тұрады.Бірінші бөлімде – баға құрылымы түсінігі, бағаның қалыптасу теориялары, бағаның негізгі қызметтеріне тоқталдық және баға түрлерінің жіктелуін қарастырдық.
Екіншібөлімде – нарықтық экономикадағы баға, баға құрамындағы өзіндік құн туралы, бағақұрамындағысалықтар мен есептеу техникалары қарастырылды.
Үшінші бөлімде – Қазақстан Республикасының баға жүйесі мен ондағы модельдеудің жеке үлгілеріне назар аударылды.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Абишев А.А. Экономика негіздері. Алматы, 2005 ж.
2. Ағанина Қ.Ж. Экономикалық білім негіздері. Алматы,2009 ж.
3.Алшынбай А.М . Нарық және баға белгілеу. Алматы 2006 ж.
4.Ашимбаев Т.А. Нарық жолындағы Қазақстан экономикасы. Алматы, 2005 ж.
5. Исабеков Қ.Ш. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 2008 ж.
6. Кенжегузин М.Б.Экономикалық өсу. Алматы, 2006ж.
7. Кубаев Е. Экономикалық стратегиялар. Алматы, 2006 ж
8. Қасен С.Д. Бағалар және баға құралуы. Алматы, 2006 ж.
9. Қонысова С. Экономикалық білім – заман талабы. Алматы, 2011 ж
10. Құдайбергенов Е.Қ. Экономикалық теория. Алматы, 2005 ж.
11. Мақыш С.Д. Бағаны есептеу схемалары. Алматы, 2010 ж.
12. Сахариев С.С. Нарықтық экономика. Алматы 2007 ж.
13. Сұлтанов Қ.Ш. Бағаның нарықтық экономикадағы рөлі. Астана, 2008
14. Тілемісов С .Баға – басты көрсеткіш. Алматы, 2007 ж.
15.Шеденов. Жалпы экономикалық теория. Алматы, 2006 ж.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1бөлім Баға теориясы
1.1 Бағаның қалыптасуындағы теориялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1.2 Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... . 6
1.3 Баға функциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.4 Баға түрлерінің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
2бөлім Бағаның нарықтық экономикадағы рөлі
2.1 Нарықтық экономикадағы баға ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13
2.2 Баға құрамындағы өзіндік құн ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.3 Баға құрамындағы салықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 16
2.4 Бағаны есептеу схемасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
3бөлім Бағаны тұрақтандырудың модельдері
3.1 Бағаны мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3.2 Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық аспектілері ... ... ... ... ... 21
3.3 Баға саясатының мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22
3.4 Баға қалыптастыру стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 28
Кіріспе
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері өзі қатарлы
ТМД мемлекеттері арасында экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени салаларында көш басшы атанып келеді. Бұл еліміздің қай саласын алып қарасақ та халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жасалынып жатқан игі істер мен экономикалық жағдайды көтеруде алдыңғы қатарлы озық ойлар мен пайдалы қадамдар жасалынып жатқандығын көрсетеді.
Мемлекет өзінің ішкі экономикасын біршама тұрақтылықта дамытуда. Бағаны тұрақтандыру әр қашан алдын ала өз жоспарлары арқылы есептелінетін елдің экономика саласындағы ұтымды қадамдарымен қамтамасыз етіледі. Осы орайда баға мен елдегі инфляция шараларының арасындағы байланыстарды жүйелі түрде шешу мен мемлекеттің игілігіне қызмет жасауын қадағалау негізгі бағыттардың біріне саналады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты - баға теориясын терең ұғыну мен бағаны тұрақтандырудың математикалық модельдеу әдістерін талқылау, ондағы тиімді модельдеу әдістерін таңдап алу, мемлекеттің баға тұрақтылығын қалыптастырудағы, оны реттеудег іөзіндік ұстанымдарына тоқталу табылады.
Жалпы курстық жұмыс негізгі үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде - баға құрылымы түсінігі, бағаның қалыптасу теориялары, бағаның негізгі қызметтеріне тоқталдық және баға түрлерінің жіктелуін қарастырдық.
Екінші бөлімде - нарықтық экономикадағы баға, баға құрамындағы өзіндік құн туралы, баға құрамындағы салықтар мен есептеу техникалары қарастырылды.
Үшінші бөлімде - Қазақстан Республикасының баға жүйесі мен ондағы модельдеудің жеке үлгілеріне назар аударылды.
1бөлім Баға теориясы
1.1 Баға қалыптасуындағы теориялар
Баға - тауар мен көрсетілетін қызмет бірлігі үшін төленетін ақша (не өзге тауар мен қызмет) мөлшері. Тауар өндірісі мен ақша-тауар қатынасының пайда болып, дамуымен бірге баға да пайда болды. Бағаның құралуы тауар өндіруші мен тұтынушының өзара қарым-қатынасына, олардың мүдделерінің бір арнаға тоғысуына байланысты болады. Нарықтық экономиканың басты бөлу тетігі болғандықтан баға экономика теориясындағы маңызды категория ретінде жан-жақты қарастырылады. Алайда баға туралы экономика ғылымында әлі күнге дейін ортақ тұжырым жасалмаған. Еңбек құны теориясын жасаушылар
(А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс) пікірі бойынша, "баға дегеніміз тауар құнының ақшалай көрінісі". Барынша пайдалылық теориясын (австриялық мектеп) жақтаушылар Маркстің бұл пікірін біржақты, тек тауар құнын (еңбек шығынын) ғана есепке алған деп сынай отырып, баға үшін тұтыну құнының да ерекше маңызды екендігін дәлелдеп берді, яғни оның екі түрлі сипатын, еңбек құны мен тұтыну құнына байланыстылығын анықтады. Бұдан бағаға "тауар құндылығының ақшалай өлшемі" деп анықтама беруге болады. Мұнда бағаның екі сипаты да толық қамтылады. Бірақ, бұл да баға табиғатын толық аша алмайды. Себебі, бағаға еңбек құны мен тұтыну құнынан басқа да факторлар (ұсыныс пен сұраныс, ақша айналымы, рынок пен өндірістің монополиялануы, бәсекенің дамуы және т.б.) әсер етеді. Баға проблемасымен қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саяси мәселелері тығыз байланысып жатыр. Мұны кезінде К. Маркс былай деп атап көрсеткен еді: "бүкіл капиталистік өндірістік процесс бағаның өніммен ара қатынасы арқылы реттеліп отырады" . Нарықтық экономика дамыған қоғамдағы экономикалық процестерді реттеуде бағаның рөлі артады. Бағалар және баға қалыптастыру - нарықтық экономиканың шешуші, маңызды элементтерінің бірі.
Баға тауарлық-ақшалай қатынастардың барлығына қатысты болып табылады. Баға - сатып алушының тауарды сатып алуға, ал өндірушінің сатуға дайын ақшалай сомасы. Сатып алушы тауарды ақшалай бірлікте көрсетілген тауар құндылығы оның бағасынан жоғары болғанда сатып алады .Сатушы үшін баға еңбек үшін, оның пайдасының шамасына, өмір сүру қабілеттілігіне әсер ететін сыйақы болып табылады. Ол өндіріс құрылымына, нарықтағы фирма үлесіне әсерін тигізеді.
Баға - айырбас үдерісіндегі тауардың (қызметтің) құндылығының ақшалай көрінісі. Тауар (қызмет) құндылығы оған баға бекіту кезеңіндегі сұраныс және ұсыныс факторларымен анықталады.Баға және баға қалыптастыру мәселелері экономикалық теорияның ең қиын бөлімдеріне және экономиканы басқару тәжірибесінің ең маңызды компоненттеріне жатады.Нарықтық экономика жағдайында бағалар экономиканы реттегіш функцияларын атқару керек, онда бағаны қалыптастырушы факторлар кешені, экономиканың дамуының заңдылықтары мен тауар нарығының конъюнктурасы шоғырлануы керек. Бағалардың табиғи мәнін айқындау мәселесі оның теориялық негіздерін, мағынасын қарастыруда өте маңызды роль атқарады.
Баға теориясында негізгі екі бағыт бар:
- шығындық, оның негізі - өндірушілердің жиынтық шығындар есебі ;
- нарықтық оның негізі - тұтынушылық мінез-құлық пен сұраныс .
Бағалар динамикасы 2 маңызды факторлар әсерінен қалыптасады: стратегиялық және тактикалық.
Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін қалаушы Адам Смит пен Д.Рикардоның ойынша, тауар құны оған жұмсалатын еңбектің мөлшерімен анықталады деп есептеген. Адам еңбегі тауар құнының субстанциясы, қайнар көзі. Сондықтан да классикалық мектептің өкілдері еңбектің құн теориясының негізін қалады. Оны кейіннен Карл Маркс дамыта түсті. Егер К.Маркс өзінің барлық зерттеуін тауардың еңбек құнын талдауға арнаса, Батыс елдердегі эко-номикалық ойдың өкілдері: мейлі либерализм, неолиберализм, кейнстік, неокейнстік, радикализм - барлығы дерлік бағаның шығуын зерттеді.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Батыс пен Ресей экономикалық теория өкілдері - ағылшын экономисі Альфред Маршалл және ресей ғалымы М.И.Туган-Барановский құндық теорияны шекті пайдалылық теориясымен қосты.Осыдан, құн мен баға - ұқсас ұғымдар, алайда біркелкі, пара пар деп түсінуге болмайды. Құн тауар өндірісінің шығындарын көрсетеді, ал жекелеген тауардың бағасы нарықта байқалады және ол құннан ауытқуы мүмкін. Себебі оған сұраным мен ұсыным, пайдалылық, сиректік, сән, инфляция және т.б. факторлар ықпал жасайды. Баға - тауар құнының ақшалай өлшемінің модификациясы.
1.2 Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері
Нарықтық экономикада баға негізінен бес қызмет атқарады.
1. Есеп-қисап қызметі. Бұл өнім өндіргенде қоғамдық қажетті еңбек шығыны процесінің өзгеруінде байқалады және әр түрлі өнімді өндіру қалай немен жүзеге асқанын көрсетеді.
2. Ынталандыру қызметі. Бұл кезде баға өндіріс тиімділігіне әсер етіп, өнім ассортиментін жаңғыртуға, өнім сапасын арттыруға күш салады. Бағаның осы қызметі біріншісімен етене байланысты.
3. Бөлуші, реттеуші қызмет. Нарық жағдайында бағаның бөлуші қызметі сұраным мен ұсынымды реттеу және тұтынушы мәртебесінің өзгеруі кезінде , нарықтың, тепе-теңдік сақтағанда, тұтыным мен өндірісті теңгергенде байқалады.
4. Ақпараттық. Баға тұтынушыға сатушылар тарапынан тауар ұсынымы туралы белгі береді және олар өз өнімі үшін қанша алғысы келетіндігін баяндайды. Екінші жағынан, сатушылар сатып алушылардың төлем қабілеттігін немесе өндіріс ресурстарының қорын байқайды.
Қазақстанда ТМД елдері бойынша банктік қызмет көрсету жүйесін әлемдік стандарттар бойынша жүзеге асыруға және қаржы экономикалық дағдарысқа қарсы тұруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем жүйесі (О.А. Жандосов пікірінше, нақты жағдайда есеп айырысуды жүргізетін ірі төлемдер жүйесі; әр жолғы төлемдер клиенттік аударымдар, карточкалық төлемдер және т.б. келесі күнге есеп айырысумен; бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу, корпоративті қоса алғанда) әрекететеді.
Банк функциясының ішкі нысаны - төлем айналымы бойынша әсері - банктердің халықаралық төлемдер және ақша аудару операцияларын жүргізуден тұрады, сондықтан аталған функция халықаралық құқық аясында қарастырылады. Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:
1) ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың);
2) капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар - тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы;
3) тұрақтандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ (халықаралық валюта қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;
4) қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының, несиелердің өзгерісі.
Қазақстанда ақшалардың төлемдері және аударымдары негізінен банктер арқылы жүзеге асырылады, сонымен бірге бұл қатынастар Қазақстан Республикасының банктік заңнамасымен реттеледі. Соның мысалы ретінде, Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы Заңы жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде банктік корреспонденттердің олардың банктік шоттары бойынша тапсырмасымен есеп айырысуды жүзеге асыру белгіленген және аударым операциялары банк операцияларын жатқызады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңында Қазақстан Республикасында төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың тәртібін, жүйесін және нысанын айқындайды, ұйымдастырады, сондай-ақ Қазақстандық теңге мен банктер арасындағы аударымдардың уақытылы және кідіріссіз жүргізілуін қамтамассыз ететін төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асырады, банктердің қолданылатын автоматтандырылған жүйелерінің сенімді әрі қауіпсіз болуын және банк ақпаратының қорғалуын қамтамасыз ету бойынша ең төменгі талаптарды белгілейді.
Қазақстанда төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың заңнама актілермен және олардың негізінде қабылданған құқықтық актілермен, оның ішінде Қазақстан Ұлттық банкі актілерімен белгіленеді. Ақша төлемі мен аударымын Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде ұлттық валютамен де, шетелдік валютамен де жүзеге асыру кезінде, сондай ақ Қазақстан Республикасы аумағында валюталық заңнама талаптарын сақтаумен, шетелдік валютамен ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру кезінде белгіленген нысандағы бланктерде ақша аударуға өтініш пайдаланылады, ол ақша аудару туралы қызмет көрсететін алушы банкке жөнелтушінің төлем тапсырмасы болып табылады. Ақшаны аудару өтінішіне банктің аталған өтінішті өңдеу не Қазақстан Республикасы заңнамасы талап ететін жағдайлар үшін оған қажетті деген жөнелтуші туралы қосымша мәліметтерді қосуға болады.
1.3 Баға функциясы
Бағалау функциясы - бұл оны қолдану аясы болып табылады. Бағалау кәсіпорынның құнын анықтауда сатушы мен сатып алушыға көмектеседі. Бағалаудың басқа қызметі кәсіпорынның құнын, оны несиелеу немесе сақтандыру үшін анықтауды білдіреді.
Баға өлшеу, есептік, реттеуші, ынталандырушы, үлестіру және де өндірісті ұтымды орналастыру критерииі функцияларын атқарады.
Өлшеу функциясы. Бағаның көмегімен сатып алушы төлейтін, ал сатушы сатылған тауар үшін алатын ақша саның анықтап, өлшеуге болады. Сатылатын және сатып алынатын тауарлар саны мен бағасын біле отырып тауарлар үшін ақшалай төлемдердің шамасын анықтауға болады.
Есептік функция. Баға еңбектің қоғамдық дәрежеде деп танылған еңбек шығындары мен оның пайдалылығының ақшалай көрінісі ретінде сипат береді. Баға қоғам үшін қандай да бір өнім бойынша қажеттілікті қанағаттандыру қандай шығынға ұрындыратынын көрсетеді. Баға тауарлар мен қызметтер өндіруге қаншалықты еңбек күші, материалдар мен шикізаттар жұмсалатынын анықтайды.
Реттеу функциясы. Баға экономикалық үдерістерді реттеу құралы ретінде танылады: Өндіруші және тұтынушының ақшалай төлем қабілеттілігімен байланыстыра ұсыным мен сұранымды теңестіреді. Ол ұсыным мен сұраным арасында үзілістің бар болуы туралы индикатор қызметін атқарады және олардың арасындағы сәйкестікке жету үшін икемді құрал болып табылады. Сұраныс тауарға деген сатып алушы қажеттілігін оның сол тауарды сатып алу мүмкіншілігін ескере отырып айқындайды, ал бұл жағдай нарықтық баға мен сатып алынатын тауар арасындағы кері байланыспен сипатталады. Бағаның төмендеуінде тауарларға сұраныс ұлғаяды. Сұраныс өсуінде бағалар тез жоғарлайды.
Ынталандырушы функция. Бұл функцияның мәнділігі бағаның сан түрлі тауарларды тұтынуда және өндіруде талаптандырушы немесе тежегіштік сипатта айқындалуымен түсіндіріледі.
Үлестіруші (қайта үлестіруші) функция әр түрлі факторлар әсерінен тауар бағасының, оның құнынан ауытқуына негізделеді. Бағалар арқылы табыстарды үлестіру және қайта үлестіру жүзеге асырылады, яғни әлеуметтік топтар, ұлттық экономика секторлары, салалары арасында қайта құрылған құн және сонымен қатар халықтың, кәсіпорындардың, сала табыстарын реттеу жүзеге асырылады.
Өндірісті ұтымды орналастыру критерийі ретіндегі баға функциясы. Бұл функция келесіде сипатта айқындалады: жоғары пайданы алу үшін баға механизмі арқылы экономиканың бір секторынан екінші секторына және ең жоғары пайдасы бар жеке секторлардың ішіне капиталдардының құйылуы. Капиталдарды қайта үлестіру сұраныс және ұсыныс заңдарымен, бәсеке әсерінен жүзеге асады. Капиталдардың мұндай құйылуы бәсеке және сұраным ықпалымен кәсіпорындар, фирмалармен жүзеге асады. Тек кәсіпорын ғана қызметтің қай түріне, экономиканың қай саласына өз капиталын салу керек екенін дербес шешеді. Бұл жағдайға терең маркетингтік зерттеулер, барлық нарықтық факторларды, оның ішінде бағаларды да, зерттеу жүргізу қажет.
1.4 Бағаның түрлерінің жіктелуі
Әлемдік экономикада нақты заман талабына сәйкес бағаның көптеген түрі қолданылады. Олар меншік түріне қарай мемлекеттік(кесімді және реттелген) баға және еркін (нарықтық) баға; қоғамдық өндірістің жіктелуіне қарай өндіріс қоры бағасы және тұтыну тауары бағасы; экономикалық айналым мен тауар қозғалысының сипатына қарай көтерме сауда бағасы және бөлшек сауда бағасы; транспорттық шығындарды келісе отырып бөлісуге байланысты өндіріс орнындағы баға (франко-жөнелтілім стансасы) және тұтыну орнындағы баға (франко-жеткізілім стансасы);қамтитын аумағына қарай әлемдік баға, аймақтық баға және жергілікті баға; статистикада қолдануына қарай базистік баға, ағымдағы баға, орташа баға, салыстырмалы баға болып бөлінеді. Мемлекеттік
баға -- мемлекеттік органдар тарапынан белгіленетін баға. Оның екі түрі бар: кесімді және реттелетін бағалар.
Кесімді баға -- мемлекеттің нақты көлемін бекіткен бағасы.
Реттелетін баға -- мемлекет бекіткен ережеге сәйкес өзгеріп отыратын баға.
Нарықтық баға -- сұраныс пен ұсыныстың қарым-қатынасына орай қалып-тасқан орташа баға. Өндіріс қоры бағасы -- өндіріс қоры құнының өзгерген мөлшері, ол тауар өндірісінің шығындары мен орташа пайдадан құралады. Көтерме сауда бағасы -- ірі көлемде сатылатын тауарлар бағасы. Әдетте, көтерме сауда бағасы бөлшек сауда бағасынан төмен болады.
Бөлшек сауда бағасы -- жеке тұтынушылар үшін сатылатын тауарларға қойылған нақты баға
Өндіріс орнындағы баға (франко-жөнелтілім стансасы) -- сатушы мен сатып алушы арасында жасалған келісім шартқа сәйкес тасымал шығындарын бөлісуіне байланысты анықталатын баға. Бұл негізінен темір жолмен жүк тасымалдауда қолданылады. Сатушының белгілеген бағасының ішіне тауарды жеткізіп беру мен жөнелтілім стансасындағы тиеу -- түсіру шығындары, т.б. кіреді. Тұтыну орнындағы баға (франко-жеткізілім стансасы) -- сатушы мен сатып алушы арасында жасалған келісім шартқа сәйкес тасымал шығындарын бөлісуіне байланысты анықталған баға. Келісім шарт бойынша сатушының міндетіне тауарды өз күшімен тиеп, белгіленген стансаға жеткізу және сондағы станса қоймасына түсіріп, жинап беру кіреді. Әлемдік баға -- тауарлардың әлемдік рынокта қалыптасқан бағасы.
Аймақтық баға -- реттелетін бағаның бір түрі. Ол белгілі бір аймақ шегінде қызмет етеді. Базистік баға -- тауарлардың тұтас және жекелеген топтары бойынша халықаралық сауданың (импорттық және экспорттық) бағасын анықтаған кезде негіз ретінде қабылданатын баға. Ағымдағы баға -- белгілі бір кезеңде қызмет етуші баға мен тариф. Ол көтерме сауда бағасы, сатып алу бағасы, құрылыс бағасы, кәсіпорындардың көрсеткен қызметі үшін төленетін баға, т.б. түрлерге бөлінеді. Орташа баға -- сатылған тауардан түскен түсімнің жалпы көлемін сатылған тауардың сандық мөлшеріне бөлу жолымен анықталатын баға. Салыстырмалы баға -- жасалынған келісім шартқа сәйкес белгілі бір мерзімде, келісілген көлемде жеткізілген тауарлар бағасы. Ол, әсіресе, инфляциядан сақтану мақсатында жиі қолданылады.
Нарықтық баға - нарық жағдаятының, сұраныс пен ұсыныс заңдарының, ықпалымен қалыптасатын еркін баға.
Тауардың бағалы қағаздардың валютаның ағымдағы бағасы, сондай-ақ, олар-дың сатып алынуы немесе сатылуы мүмкін баға деңгейі; негізгі құрал-жабдық-тың (кәсіпорындардың, жабдықтардың) құны. Нарықтық баға өзіндік құнды, пайданы, көптеген тауарлар бойынша қосымша құн салығын, сатылым салығын, кейбір тауарлар бойынша акцизді қамтиды. Бұл орайда пайданың нақты мөлшері келісілген бағаның деңгейіне байланысты. Нарықтық баға шарттарда, бағаны келісу хаттамаларында немесе құжаттарда тиянақталады. Ол шикізат, материалдар бағасының өзгеруіне қарай және шығынның қалыптасуына ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып, тараптардың келісуімен қайта қаралуы мүмкін. Сатушы бағасы мен сатып алушы бағасы арасындағы орташа баға мен нарықта тауарлар ақшаға немесе бір-бірімен айырбасталатын (баспа-бас айырбас) баға да нарықтық бағаға жатады.
Бағаны жіктеу үшін қандай белгі, нысана алынғанына байланысты бағаның барлық түрлерін сан түрлі топтарға бөліп қарастыруға болады.
Қызмет көрсету айналымы сипаты бойынша бағаларды бөлшек саудалық баға және көтерме баға түрінде айыруға болады.
Сату және сатып алудың көтерме бағасы - өткізілетін тауарлардың ірі партия-ларының бағалары. Көтерме бағалар кәсіпорынның және өнеркәсіптің көтерме бағалары деп бөлінеді.
Коммерциялық баға - орталықты түрде үлестірілетін, тауарларға мемлекеттік баға болғанда коммерциялық дүкен арқылы өткізілетін тауар не қызмет бағасы.
Тауарлық аукцион бағалары - сатып алушымен алдын ала қарастырылған
тауар партиясын максималды ұсынған баға деңгейі бойынша жариялы түрде сату бағасы.
Биржалық котировкалар - арнайы ұйымдастырылған және аукциондарға қара-ғанда, өзара алмасатын, сапалы біртекті, жалпылық тауарлар нарығының бағалары (ауыл шаруашылық, өндірістік емес және орман шикізаттары, астық, металдар, мұнай өнімдері және т.б.).
Сауда-саттық бағасы - тауарларды жеткізу немесе арнайы құжатта (тендерде) көрсетілген шарттар бойынша белгілі жұмыстарды өндіруге, мердігерлерді алу-ға тапсырыстарды өткізуге, орындатуға негізделген маманданған сауданың ерекше формасының бағалары.
Тұрақты баға - қызмет ету мерзімі алдын ала шектелмеген баға.
Маусымдық баға - қызмет ету мерзімі сұраныстың белсенді мерзімдерімен
анықталған баға.
Сатылы баға - алдын-ала анықталған шкала бойынша алдын ала шартталынған уақыт сәттерінде біртіндеп төмендейтін бағалар реттілігі.
2 бөлім Бағаның нарықтық экономикадағы рөлі
2.1 Нарықтық экономикадағы баға
Баға өзінің макро-микроэкономикалық мағынасында - объективті нарықтық факторлармен, өндірістің белгілі бір шарттарымен, нарықта тауарды өткізу жағдайларымен анықталады және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын бейнелейді. Баға белгілеудің маңызды қызметі - барлық шығатын шығындарды жаба отырып, пайда табу.
Баға - нарық реттеушісі, ол тауарлардың нақты түрлерін өндіруге мүмкіндік береді немесе тежейді, сұранысты шектейді немесе ұлғайтады, осылайша белгілі бір өнімнің өндірісі мен тұтынуына тікелей немесе жанама әсер етеді. Бағаға деген маркетингтік көзқарастың классикалық теориядан айырмашылығы - тұтынушының сұранысына, мұқтаждықтарына және талғамына, сонымен қатар, нарықтың құбылмалы жағдайына байланысты бағаның икемділігінде. Тұтынушыны өндіріс шығыны емес, оның нәтижесі, тауардың пайдасы мен сапасы, қажеттілігін қанағаттандыру деңгейі қызықтырады.
Баға - шығындарды талап етпейтін, ерекше күш-жігерсіз-ақ кіріс әкелетін маркетинг-микстің ең икемді элементі. Өндірістің бәсекеге қабілеттілігі, сату көлемі, рентабельділік және тағы басқа экономикалық көрсеткіштер көбіне баға қою бойынша дұрыс шешім қабылдауға байланысты. Өткізу бағасын белгілеу және өзгерту - кәсіпорынның баға саясатын жасайтын маркетинг бөлімдерінің маңызды міндеті.
Баға жөніндегі маркетингтік шешімдерге мыналар жатады: бағаның төменгі және жоғары деңгейін, олардың фирма мақсаттарына, тауар сапасына, сұранысқа, бәсекелестердің баға саясатына, ТӨЦ (тауардың өмірлік циклі) пен басқа факторларға байланысты өзгеруін анықтау, оңтайлы өткізу бағаларын белгілеу және жеңілдіктер жүйесін жасау. Осыған орай маркетингтің баға саясаты фирманың өз мақсаттарына нақты бағаларды белгілеу негізінде жету жолдарын межелейді.
Нарықтық экономика жағдайындағы экономикалық субъектілердің баға қоюы көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты. Қазақстанның нарықтық қатынастарға өту кезеңінде ХВҚ-ның (Халықаралық валюта қоры) естен тану терапиясы ретіндегі бағаны еркіне жіберуде кіретін ортодоксалды-монетарлық ұсыныстарын қолдану нәтижесі елді инфляция мен гипер-инфляцияға әкеліп соқтырды. Соның салдарынан баға өзінің экономикалық міндеттерін атқармай, өндірістің өсуіне кедергі келтіріп, бәсекеге қабілетті өнім өндіруді ынталандырмады.
2.2 Баға құрамындағы өзіндік құн
Өзіндік құн - ол қызметті көрсету мен өнімді өндіру және өткізумен байланыс-ты кәсіпорынға өндірістік және коммерциялық қызметті жүзеге асыруға қажет-ті өндірістік факторлар шығындарының ақшалай мәні. Баға құрамындағы шығындар бағаның мүмкін төмен деңгейінің шегін белгілейді.Өндіріс көлеміне байланысты кәсіпорынның (фирманың) барлық шығындары екі түрге бөлінеді - тұрақты және өзгермелі. Тұрақты және өзгермелі шығындардың екеуіне де тиесілі аралас шығындар да бар.
Калькуляция - тауар (қызмет) бірлігінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын-ның өндіріске және тауар (қызмет) бірлігін өткізуге кеткен шығындарының ақшалай формасын айқындайды.
Шығындардың калькуляциялық баптары бойынша топтастыру негізінде оларды экономикалық элементтер бойынша жалпылау қағидасы жатыр. Мұнда өндіріс пен өнімді өткізумен байланысты және басқарушылық сипаттағы шығындар ерекшеленеді.
Өндіріспен және өндірістік өзіндік құнды қалыптастырушы шығындарды есептеу 1996 жылы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz