Бағалы қағаздардың коммерциялық банктердің инвестициялық қызметіндегі рөлі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1бөлім.Бағалы қағаздардың ұғымы және түрлері
1.1 Бағалы қағаздар ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.2 Бағалы қағаздардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

2бөлім.Бағалы қағаздардың коммерциялық банктердің инвестициялық
қызметіндегі рөлі
2.1 Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің ұғымы ... ... . 10
2.2Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен негізгі операциялары 12

3бөлім.ҚР коммерциялық банктерінің инвестициялық қызметі
3.1 «Казкоммерцбанк» АҚ.ның инвестициялық қызметі ... ... ... ... ... ... 19
3.2 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.ның инвестициялық қызметі ... ... ... . 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28
Кіріспе
Қаржы нарығының айрықша бөлігі, ол – бағалы қағаздар нарығы. Ал қаржылық инвестициямен осы бағалы қағаздар нарығы тікелей байланысты. Бүгінгі күні елімізде көптеген акционерлік қоғамдар, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қоры, сонымен қатар басқы кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындар мен ұйымдардың барлығыда еліміздегі бағалы қағаздар нарығының потенцианалды қатысушылар қатарына жатқызылады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға бағалы қағаздар шығарушылар болып табылса, ал екіншілері инвестор ретінде қызмет атқарады. Кәсіпорындар мен ұйымдар жаңа технология еңгізу, өндірісті жаңғырту (модернизациялау), қайта құру (реконструкциялау) әрқашан ірі капитал салым керек етеді. Ал мұндай жұмыс атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Сондықтан да кәсіпорындар мен ұйымдар қарыз капиталы нарығына несиелер мен заимдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда елімізде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.
Қазақстанда заңға сәйкес , инвестиция деп, кәсіпкерлік іс әрекет және басқа да пайда әкелетін іс әрекет обьектілеріне салынатын ақша қаражаттары мен бағалы қағаздарды айтады.
Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу тәжірибесін қарастырады. Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы № 2444 Заңы
2. Б.А.Көшенова. Ақша. Несие.Банктер.Алматы:Экономика, 2000- 260 бет.
3. М.С.Саниев. Ақша,несие, банктер. Оқу құралы – Алматы экономика және статистика институты, 2001.- 270 бет.
4. Банковское дело: Учебник/ Под ред. Колесникова В.И., Кроливецкой Л.П..- М.: Финансы и статистика, 1999. – 464 с.
5. Банковское дело: Учебник для студентов эк.вузов, слушателей школ бизнеса / под ред. Сейткасимова Г.С. –А.: «Қаржы-қаражат»»,1998. – 576 с.
6. Деньги, кредит, банки. Учебник под ред.Е.Ф.Жукова. -М.: «Банки и биржи», ЮНИТИ,1999.-624с.
7. Деньги, кредит, банки. Учебник под ред.Г.С.Сейткасимова.-А.:Экономика, 1996.-364с.
8. Деньги, кредит, банки. Учебник под ред.Г.С.Сейткасимова.-А.:Экономика, 1999.-432с.
9. Жуков Е.Ф. Менеджмент и маркетинг в банках: Уч.пособие. – М.: Банки и биржи, 1997. 193 с.
10. Ефремов Н.А. Учет и анализ валютных операций в коммерческих банках. М., 1996.
11. Калиева Г.Т. Кредитное дело. А.: Қаржы-қаражат, 1997. - 128с.
12. Куликов А.Г. Кредиты. Инвестиции. – М.: Приор, 1995. – 144 с.
13. Мадиярова Д.М., Марчевский В.С. Основы современного банковского дела: Учебное пособие. – А: Экономика, 1997. – 136с.
14. Международные валютно-кредитные и финансовые отношения. Уч./Под ред. Красавиной Л.Н. – 2-е изд. -М.: Финансы и Статистика, 2000.-608 с.
15. Носкова И.Я., Максимова Л.М. Валютные и финансовые операции. – М.: ЮНИТИ, 1998, 334 с.
16. Общая теория денег и кредита: Учебник для вузов по специальности «Финансы и кредит» / Под ред. Жукова Е.Ф – М.:Банки и биржи, 1995.– 304с 17. Свиридов О.Ю. Финансы, денежное обращение и кредит. Р-н-Д: Феникс, 2005. – 288 с.
18. Усов В.В. Деньги, денежное обращение. Инфляция: Учебное пособие. – М.: Банки и биржи, 1999.-544 с.
19. Финансы. Денежное обращение. Кредит. Учебник для вузов / Под ред.Л.А.Дробозиной. – М.: Финансы, ЮНИТИ, 1997 – 479 с.
20. Финансы. Денежное обращение. Кредит: Учебное пособие/ Под ред. А.П.Ковалева. – Р-н-Д: Феникс, 2001. – 480с.
21. Финансы, деньги, кредит. Учебник под ред.О.В.Соколовой.-М.:Юристъ, 2000. – 784с.
22. Финансы и кредит / Ковалев А.П. и др: Под ред. Ковалева А.П. – Р-н- Д:Феникс, 2003. - 480с.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 бөлім. Бағалы қағаздардың ұғымы және түрлері
1.1 Бағалы қағаздар ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Бағалы қағаздардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7

2 бөлім. Бағалы қағаздардың коммерциялық банктердің инвестициялық
қызметіндегі рөлі
2.1 Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің ұғымы ... ... . 10
2.2 Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен негізгі операциялары 12

3 бөлім. ҚР коммерциялық банктерінің инвестициялық қызметі
3.1 Казкоммерцбанк АҚ-ның инвестициялық қызметі ... ... ... ... ... ... 19
3.2 Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның инвестициялық қызметі ... ... ... . 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28

Кіріспе
Қаржы нарығының айрықша бөлігі, ол - бағалы қағаздар нарығы. Ал қаржылық инвестициямен осы бағалы қағаздар нарығы тікелей байланысты. Бүгінгі күні елімізде көптеген акционерлік қоғамдар, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қоры, сонымен қатар басқы кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындар мен ұйымдардың барлығыда еліміздегі бағалы қағаздар нарығының потенцианалды қатысушылар қатарына жатқызылады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға бағалы қағаздар шығарушылар болып табылса, ал екіншілері инвестор ретінде қызмет атқарады. Кәсіпорындар мен ұйымдар жаңа технология еңгізу, өндірісті жаңғырту (модернизациялау), қайта құру (реконструкциялау) әрқашан ірі капитал салым керек етеді. Ал мұндай жұмыс атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Сондықтан да кәсіпорындар мен ұйымдар қарыз капиталы нарығына несиелер мен заимдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда елімізде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.
Қазақстанда заңға сәйкес , инвестиция деп, кәсіпкерлік іс әрекет және басқа да пайда әкелетін іс әрекет обьектілеріне салынатын ақша қаражаттары мен бағалы қағаздарды айтады.
Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай - ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу тәжірибесін қарастырады. Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.

Инвестициялық қызметтің қатысушылары- жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сол сияқты шетелдік инвесторлар бола алады. Берілген жағдайдағы әңгіме коммерциялық банктердің инвестициялық қызметіне қатысты.
Банктердің инвестициялық қызметі деп, банктердің салыстырмалы ұзақ мерзім ішінде қызмет ететін бағалы қағадарға ақша қаражаттарын салу.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде бағалы қағаздардың жалпы теориясына шолу жасалды.Бағалы қағаздардың түрлерін ажыратып, олардың экономикалық маңыздылығы түсіндірілді.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде коммерциялық банктердің осы бағалы қағаздармен жүргізетін операцияларына шолу жасап, инвестициялық қызметіне терең талдау жасадық.
Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде ҚР-ның комерциялық банктері,нақтырақ Казкоммерцбанк АҚ және Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның ағымдағы инвестициялық қызметіне тоқталдық. Осы аталған екі банк ҚР-ның жетекші әрі үздік банктер қатарын бастап тұр. Сол себепті үшінші бөлімде осы банктердің қызметімен таныстық.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің экономикадағы ролі, коммерциялық банктерді нарықтық экономиканың бір буыны ретінде қарастыру.

1бөлім. Бағалы қағаздардың ұғымы және түрлері
1.1 Бағалы қағаздар ұғымы
Құнды қағаздар - мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Құнды қағазға өтімділік, кірістілік бағамының өзгеріп отыратындығы, сенімділік, дербес айналымдылық сияқты жалпы экономикалық сипаттамалар тән.Құнды қағаз ұсынбалы (мүліктік құқықтар құнды қағазды тапсыру жолымен басқа біреуге беріледі), ордерлік (құнды қағаз мүліктік құқықтардың берілгенін куәландыратын жазба жолмен табысталады) және атаулы (мүліктік құқықтар құнды қағазда аталған адамға беріледі) болуы мүмкін. Құнды қағазда заңда белгіленген деректемелер болуға тиіс және құнды қағаздағы мүліктік құқықтар осы құнды қағаз көрсетілгенде ғана іске асырылады, сондай-ақ құнды қағаздың эмиссиясы және айналысы заңмен белгіленген ережелер мен нормаларға бағындырылады. Құнды қағаз реттеушілік, ақпараттық міндеттер атқарады, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларын, соның ішінде нақты экономика мен қаржы саласын байланыстыру тетігі ретінде қолданылады.
Бағалы қағаздарды айналысқа шығару - эмиссия - бұл бағалы қағаздарды олардың бастапқы иелеріне - инвесторларға, яғни заңды тұғаларға және азаматтарға сату.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы:
1. акционерлік қоғам құрған кезде және акциялар олардың құрылтайшылары арасынла орналастырған кезде;
2. акциялар шығару жолымен акционерлік қоғамның бастапқы жарғылық капиталының мөлшерін көбейткен кезде;
3. облигациялар және басқа борыштық міндеттемелер шығару жолымен мемлекет, заңды тұлғалар, жергілікті билік органдары қарыз қаражаттарын тартқан кезде жүзеге асырады.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды (акцияларды, облигацияларды) шығаруды жариялаған жарғылық капиталды құру және өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында эмитент жүргізеді. Бағалы қағаздардың эмиссиясы бағалы қағаздардың бастапқы нарығында жүзеге асырады. Онда бағалы қағаздарды шығару және бастапқы орналастыру процестерінде, бір жағынан, эмитенттердің немесе олардың тапсыруы бойынша бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушының және, екінші жағынан, инвесторлар арасындағы қатынастар қалыптасады. Акционерлік қоғамдардың - банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру ұйымдарының, бағалы қағаздар саудасын ұйымдастарушылардың, инвестициялық қорлардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың және орталық депозитарийдің акцияларының барлық эмиссиялары міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады. Құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздар иелерінің құқықтары осы бағалы қағаздарды көрсету арқылы расталады. Құжатсыздандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздар меншік иелерінің құқықтарын тіркеушілер немесе нақты ұстаушылар растайды. Бағалы қағаздарды иелерінің талап етуі бойынша тіркеуші немесе нақтылы ұстаушы оларға бағалы қағаздарға өздерінің құқықтарын растайтын құжаттар беруге міндетті.
Акциялар, облигациялар және уәкілетті органдар бағалы қағаздар деп таныған оның басқа да түрлері, туынды бағалы қағаздар, ҚР - ның аумағындағы уәкілетті орган белгіленген тәртіппен рұқсат етілген шетел эмитенттерінің бағалы қағаздары, ипотекалық куәліктер, коносаменттер және заңдарға сәйкес құжаттардың басқа да түрлері қазақстанда бағалы қағаздар нарығының объектілері болып табылады. Инвесторлар - өз қаражаттарын бағалы қағаздарға салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар: инвесторлар құрамында бағалы қағаздар қоржынының пайдалану субъектілері болып табылатын институционалдық инвесторларға, инвестициялық қорларға зейнетақы қорларына - қызметінінің сипатына қарай айтарлықтай ақша қаражаттары жинақталатын басқа арнаулы қорларға маңызды орын беріледі. Мемлекет ұлттық банк немесе қаржы министрлігі арқылы бағалы қағаздардың нарығында инвестор ретінде іс-қимыл жасайды. Эмитенттер - қолданып жүрген заңдарға сәйкес бағалы қағаздар нарығында кәсіпқой қызметінің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар.
Бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой өкілдеріне брокерлер, диллерлер, кастодиан, дипозитарийлер, андеррайтерлер және басқалары жатады. Брокерлер - сыйақы үшін шарт жасайтын, клиенттердің тапсырмасы бойынша, солардың есебінен және мүдделерін көздеп бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді жүзеге асырушы делдал. Ол өз клиенттерін бағалы қағаздар нарығы жасалатын операциялар есебін арнаулы шоттарда жүргізеді.
Диллер - бағалы қағаздарды кейін қайта сату немесе олармен өзге де мәмілелер жасау нәтижесінде пайда табу мақсатымен өз атынан және өз есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер жасайтын кәсіпқой қатысушы.
Кастодиан - клиенттердің сеніп тапсырған бағалы қағаздарды немесе ақшасын сақтау және есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпқой қатысушы болып табылады. Ол клиенттердің бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелердің орындалуын бақылап, төлем агенті міндеттемелерін орындап, бағалы қағаздардың нақтылы ұстаушысы ретіндегі қызметті және басқа міндеттерін жүзеге асырады.
Бағалы қағаздар депозитарийі - бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді есепке алу және оларды орындау, сондай - ақ бағалы қағаздарды бейматериалдандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған ұйым.
Орталық депозитарий - коммерциялық емес ұйым болып табылады және акционерлік қоғам нысанында құрылады. Орталық депозитарийдің клиенттері брокер - диллерлер мен кастодиандар болып табылады.
Андеррайтер - бағалы қағаздар нарығында брокерлік және диллерлік қызметке лицензиясы бар және эмитенттің бағалы қағаздарын онымен жасасқан ережелеріне сай орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.

1.2 Бағалы қағаздардың түрлері
Іс жүзінде акция, облигация және басқада бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды таратуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің (сатып алушылардың) алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып табылады.
Эмитенттің кім болғанына байланысты бағалы қағаздар төмендегідей үш түрге бөлінеді:
oo мемлекеттік;
oo муниципалды;
oo корпоративтік.
Мемлекеттік бағалы қағаздар - бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының заң актілеріне мемлекеттік сыртқы және ішкі қарыздарын қайтару мақсатында шығарылған. Сонымен қатар бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері бар:
oo Ұлттық жинақ облигациялары;
oo Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ)
oo Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ)
Муниципалдық бағалы қағаздар - бұл бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджеттен эмиссияланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат - құрылыс, яғни ауруханалар салу үшін, балабақшалар мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайын жақсарту және тағы басқадай аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу болып табылады.
Корпоративтік бағалы қағаздар - кәсіпорындар мен ұйымдардың заң күшіне сүйене отырып, өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін шығарылатын бағалы қағаздарын корпоративтік бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент болып табылады.
Бағалы қағаздарды жалпы мынадай екі топқа бөлуге болады:
а) ақшалай бағалы қағаздар;
б) капиталды бағалы қағаздар.
Ақшалай бағалы қағаздар - ақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Бағалы қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. Жалпы ақшалай бағалы қағаздардан табыс бір рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай бағалы қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни бір жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.
Капиталды бағалы қағаздар - кәсіпорындар мен ұйымдардың қорын (капиталын) құру немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады. Акция мен облигация осы аталған бағалы қағаздардың түріне жатқызылады.
Өздерінен алынатын табысқы байланысты бағалы қағаздар мынадай екі топқа бөлінеді:
* қарыздық бағалы қағаздар;
* инвестициялық бағалы қағаздар.
Қарыздық бағалы қағаздар - бағалы қағаздың бұл түрі бойынша эмитент көрсетілген уақыт барысында белгіленген пайыз көлемінде (процентімен) тиісті қарыздарын өтуге (төлеуге) міндетті. Қарыздық бағалы қағаздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы басқа бағалы қағаздар жатқызылады.
Инвестициялық бағалы қағаздар - бағалы қағаздың бұл түрі иемденуші активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Бағалы қағаздардың бұл түріне акцияны жатқызуға болады.
Бағалы қағаздар шығарылу мақсатына байланысты мынадай екі түрге бөлінеді:
* қорлы бағалы қағаздар;
* саудалық бағалы қазаздар.
Қорлы бағалы қағаздар - мұндай бағалы қағаздар қор биржаларында айналысқан түседі және көп мөлшерде эмиссияланады. Бағалы қағаздардың бұл түріне акциялар және облигациялар жатқызылады.
Саудалық бағалы қағаздар - бағалы қағаздың бұл түрі белгілі бір коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.
Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздар мынадай болып екіге бөлінеді:
* нарықтық бағалы қағаздар;
* нарықтық емес бағалы қағаздар.
Нарықтық бағалы қағаздар - мұндай бағалы қағаздар айналыста еркін сатылып немесе сатып отырылды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар - бұл аталған бағалы қағаздар қолдан - қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түспейді.
Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты бағалы қағаздар мынадай үш топқа бөлінеді:
* негізгі (акция, облигация);
* көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар)
* туынды ( опциондар, фьючерстер, бондар тағы да басқалар)
Акция дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардың қандайда бір акционерлік қоғамды дамыту үшін қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде (табыс ретінде) алуға құқылы беретін бағалы қағаз болып табылады. Акциялар айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар мынадай түрлерге бөлінеді:
* жай акциялар;
* артықшылығы бар акциялар.
Жай акциялар акционерлік қоғамды басқаруға құқық береді. Бір жай акция ұйымның акционерлер жиналысында осы кәсіпорынға қатысты мәселелерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады. Жай акциялар үшін дивидент төлеу акционерлік қоғамның таза пайдасынан (толықтырғанан) кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен кейін жүргізіледі.
Артықшылығы бар акциялар - басқаруға қатысу құқығын бермей, әйтсе де олар иесіне тұрақты белгіленген мөлшерде дивиденттер алу құқығын береді, яғни оларға белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар артықшылығы бар акциялар ұйымның таза табысын акционерлер арасында бөлу кезінде немесе қоғамның жойылуы кезінде жай акциялармен салыстырғанда артықшылыққа ие болады.
Облигация дегеніміз оның иесінің ақша салғандығын куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы бағалы қағаздың атауы (номиналды) құнына белгіленген пайызды (процентті) төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын бағалы қағаз болып табылады. Облигациялар кәсіпорын үшін инвестицияның маңызды көзі болып табылады.
Облигациялар эмитент түріне байланысты мемлекеттік және корпоративті, сыйақы түріне орай дисконтты және белгіленген купоны бар, құбылмалы купонды, қамтамасыз ету түрі бойынша қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген деп бөлінеді. Елдегі заң талаптарына сәйкес облигацияларды сатып алуға Қаржы министрлігі бастаған Қазақстан Республикасының үкіметі, Ұлттық Банк, сонымен қатар, заң жүзінде рұқсат етілген кез келген компанияның құқы бар. Тек зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерімен инвестициялық басқарманы жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру компаниялары, коммерциялық емес ұйымдар және мемлекеттік мекемелер облигацияларды сатып ала алмайды.
Туынды қаржы құралдары - бағасы активтің (базистік активтің) бағасымен айқындалатын, яғни осы активтің бағасынан туындайтын қаржы нарығының құралдары.
Туынды қаржы құралдарының негізгі топтары-бағалы қағаздардың дербес айналыстағы сертификаттары, яғни қайталама бағалы қағаздар (мысалы, американдық және ғаламдық депозитарлық қолхаттар); мерзімді келісімшарттар (фьючерс, форвард, опцион), құрамдастырылған келісімшарттар (мысалы, своптар);

2 бөлім. Бағалы қағаздардың коммерциялық банктердің инвестициялық қызметіндегі рөлі
2.1 Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің ұғымы
Инвестиция дегеніміз - бұл халық шаруашылығында, мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және қеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция - бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, құрал - жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік, өндірістік сипаттағы обьектілерді салуға жұмсалады. Портфельдік инвестициялар бағалы қағазды сатып алу арқылы және ұзақ мерзімдік банк несиелерін беру арқылы жүзеге асады. Жеке мемлекеттік, шетелдік инвестициялар инвестицилық заңдармен реттеледі, ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс - әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор құқықтары қорғалады.
Банктердің инвестициясы деп, ақша қаражаттарын банктердің өздерінің бастамашылығымен табыс алу мақсатында, белгілі бір мерзімінде ақшалай қаражаттар салу. Банктердің инвестициялық қызметі деп, банктердің салыстырмалы ұзақ мерзім ішінде қызмет ететін бағалы қағаздарға ақша қаражаттарын салу. Инвестицияның қарыздан бір қатар айырмашылығы бар. Біріншіден, қарыздар салыстырмалы қысқа мерзімде қайтарымдылық шартымен қолданылады, ал инвестиция салынған ақша иесіне қайтпас бұрын, салыстырмалы ұзақ мерзімде ақша қаражаттарының ағымын қамтамасыз ету мақсатында жасалады. Екіншіден, несиелеу кезінде бастамшылық қарыз алушыдан болса, ал инвестиция кезінде - несие берушіден (банктен) болады. Үшіншіден, несиелік мәміле нақты несие беруші мен қарыз алушы арасында жасалады, ал инвестициялау нарықта міндетті қызметті қарастырады.
Инвестиция қандай факторларға тәуелді? Олардың ең маңыздыларын атап өтейік. Біріншіден, инвестиция процесі күтіліп отырған пайда нормасына немесе күрделі қаржылық рентабельділігіне тәуелді. Егер инвестордың (біздің жағдайда коммерциялық банк) пікірінше рентабельділік төмен болса, онда қаржыландыру жүзеге аспайды. Екіншіден (мұның өзі бірінші жағдаймен байланысты) инвестор шешім қабылдау кезінде күрделі қаржының альтернативті мүмкіндіктерін есепке алады және мұндағы шешуші фактор процент ставкасының деңгейі болады. Инвестор ақшасын жаңа зауыт, фабрика құрылысына жұмсауы мүмкін, немесе ақша ресурстарын банкке орналастыруы да ықтимал. Егер процент нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан төмен болса, инвестиция жүзеге аспайды, керісінше, егер процент нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан төмен болса кәсіпкерлер(банктер) күрделі қаржыны іске қосады.
Инвестициялық саясат - экономиканың салаларына және сферасына салынған капиталды пайдалануына бағытталуын сипаттайтын шешімдер мен халық шаруашылығындағы әдістердің жиынтығын білдіреді. Инвестициялық саясаттың негізгі мақсаттары нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңінде ресурстарды өңдеу капитал салымы арасында қатынастардың оптимизациясы, ҒТП жеделдететін, халықтың жағдайын жақсаруын қамтамасыз ететін салаларға капитал салымын қайта тарату, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы.
Банк меншікті қоржыны үшін бағалы қағаздарды сатып алып немесе сатып дербес сатушының рөлін атқарады. Банктердің сауда операцияларын жүзеге асыра отырып көздеген басты мақсаты - бұл сол бір бағалы қағаздарды түрлі биржаларда бағамдарының айырмасынан пайда алу. Бұл операциялар тез жүргізілуі тиіс болғандықтан, түптеп келгенде олар бағалы қағаздардың бағамдарын теңестіруге ықпал етеді.
Эмитенті мемлекеттік бағалы қағаздар, яғни , шығарушы және ол бойынша міндетті тұлға мемлекет болып табылады. Олар , әдетте, құжатсыз нысанда шығарылады. ҚР Қаржы министрлігімен келісу негізінде оларды алғашқы орналастыруды бас қаржы агент жүзеге асырады, агент ретінде, тәртіп бойынша, ҚР Ұлттық банкі әрекет етеді.
Коммерциялық банктер инвестицияларының басым бөлігі үкіметтік бағалы қағаздардың, сондай-ақ жергілікті билік органдарының үлесіне тиеді. Мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға ақша қаражатын салуды қолайлы көретін біздің банктеріміздің қызметінде мемлекеттік және корпоративті бағалы қағаздарға жұмсау көлемі бойынша айтарлықтай айырма бар.
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты - қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз ету.
Мемлекеттік кредит жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан - жақты іс - әрекет етеді. Коммерциялық банктер кредит ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырады, өз клиенттеріне кредит беру, депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу, сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсететеді.
Коммерциялық банктер - нарықтық экономикада кредит жүйесінің негізгі буыны. Олардың міндеті - ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты кредиттің, халық шаруашылығына қол жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын сала аралық және аймақ аралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды қызмет атқарады. Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу және басқа бөлудің механизмі өндірістің обьективтік қажеттілігіне байланысты шаруашылықты танытуға және экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік туғызады.
Соңғы кездері коммерциялық банктер мен басқа кредит мекемелерінің арасындағы бәсекелік күшейе түсуде. Бәсекелік банктердің жаңа қызмет түрін іздестіруге, клиенттерге ұсына алатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету саласын жақсартуға ынталандырады.
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып , заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады. ҚР-ның екінші деңгейдегі банктері ҚР ҰБ-тің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді. Лицензияның өзіндік стандартты, формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстанда берілетін лицензияны дамыған шетелдерден айырмашылығы - қөрсететін қызмет түрлерінің әмбебаптығы болып табылады.
ҚР банк қызметінде мемлекеттік орган банктердің мамандануын белгілемейді. Қазақстандық банктер бағалы қазғаздар нарығына да тікелей қатысуға толық құқылы. Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа ҚР Ұлттық Банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға да лицензия алады. Бас валюталық лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай - ақ дамыған шет елдерде өз бөлімшелері мен өкілеттілігін ашуға құқық береді. Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктер бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін де ҚР Ұлттық Банк лицензиясына негізделеді.
2.2 Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен негізгі операциялары
Банктің инвестициялық портфельді қалыптастыру кезінде оның берілген мазмұнына сәйкес жаңа инвестициялық қасиеті құрылады. Сонымен, инвестициялық портфель құралында төмен тәуекел дәрежелі, белгілі өтімділіктің болуы негізінде табыстың болжанған көлемі алынады.
Инвестициялық портфель - мақсатты бағытталған, белгіленген инвестициялық стратегия негізінде инвестициялық объектіге салынған салымдар жиынтығы. Осыған байланысты, инвестициялық портфельді құрудың негізгі мақсаты инвестициялық саясат негізінде тиімді және тұрақты инвестициялық салымдарды таңдау арқылы ойларды іске асыру болып табылады.
Банк жүйесі мен жалпы экономиканың сәтті дамуы банктердің инвестицияық процессте беделді қызмет атқаруына себеп болады. Бір жағынан коммерциялық банктердің қызметінің міндетті шартты ретінде экономикалық аяның тұрақты болуы деп саналады, басқа жағынан алып қарасақ, экономикалық дамудың тұрақтылығы көбіне банктік жүйенің икемді және тұрақты болуынан, яғни оның нәтижелі қызмет көрсетуінен. Жеке банктердің қызығушылығы тәуекелдің төмен дәрежесінде неғұрлым көбірек пайда табу. Экономиканың инвестициялануына банктер тек қана жағымды, тиімді шарттар болғанда ғана қатысады.
Инвестициялық процессте банктердің жалпы алғанда негізгі бағыттары мынадай:
* инвестициялық мақсаттағы банк өнімдерінің шоғырлануы;
* инвестициялық мазмұндағы несиелердің берілуі;
* салымдарды бағалы қағаздарға, пайға, үлестік қатысуларға салынуы (банк есебінен де, клиент тапсырмасынан да).
Бұл бағыттар бір-бірімен өте тығыз байланысты. Капиталдарды, халықтың жинақтарын, және тағы басқа да бос ақша құралдарын шоғырландыра отырып, банктер олардан пайда табу мақсатында өз ресурстарын құрастырады. Ақша құралдарын жинастыру операцияларының көлемі мен құрылымы - банктің несиелік және инвестициялық портфельдеріне әсер ететін негізгі факторлар және олардың инвестициялық қызметке жарамдылығының негізі.
Банктің инвестициялық қызметі екі түрлі қызмет көрсететін бизнес ретінде қарастырылады: бағалы қағаздарды бірінші нарыққа шығару және орналастыру; екінші ретті нарықта сатушы мен сатып алушыларды жолықтыру брокерлік және диллерлік қызметтер арқылы.
Совет одағы кезінде банктердің инвестициялық қызметі ретінде қарыз алушыларға ұзақ мерзімді несиелік капиталды ұсынуды және шоғырландыруды қарастыратын. Бұл тұрғыдағы мәселелер сол кезгі жағдаймен байланысты болып келген, ол кезде банктердің инвестициялық қызметі ретінде ұзақ мерзімді несиелеу болып қарастырылды. Бәріне белгілі себептермен ол кезде бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуі мүмкін болған жоқ.
Инвестиция ретінде банк ресурстарын барлық бағыттар бойынша орналастыру, табыс табу мақсатында ақша қаражаттарын белгілі мерзімге негізделген операциялар жиынтығы деп қарастуруға болады. Бірінші жағдайда банктің активті операцияларының барлығы қарастырылса, ал екіншісінде операциялардың құрылымы қарастырылады.
Банктік инвестициялардың өз экономикалық құрылымы бар. Банктің инвестициялық қызметін микроэкономикалық тұрғыда - оны экономикалық субьект ретінде қарастырса, онда банк инвестор ретінде өз қаржы құралдарын тікелей және жанама пайда табу мақсатында белгілі мерзімге қаржылық активтерді және нақты активтерді сатып алу үшін жұмсайды.
Сонымен қатар банктің инвестициялық қызметі қаржылық делдар ретінде макроэкономикалық қызметті де атқарады. Бұл қасиетте банк шаруашылық субьектердің инвестициялық сұранысын қанағаттандыру қызметін, нарықтық экономика жағдайында ақша-несиелік түрде жинақтар мен қорларды инвестицияға айналдырады. Сондықтан банктің инвестициялық қызметі макроэкономикалық тұрғыда экономиканың инвестицияға деген сұранысын қанағаттандыру қызметі деп есептеледі.
Сонымен банктің инвестициялық қызметі екі түрлі қарастырылады. Экономикалық субьект (банк) ретінде қарастырса инвестициялық қызмет банк табысын көбейтуге негізделген. Макроэкономикалық тұрғыда инвестициялық қызмет қоғам капиталының өсуіне бағытталған.
Экономиканың дамуы позициясынан банктің инвестициялық қызметі тек қана банктің пайда табуы емес, сонымен қатар қоғам деңгейінде де табысқа қол жеткізу болып табылады (қоғам табысын қайта бөлу кезінде болатын, банктің жеке табысын ұлғайтатын инвестициялық қызметтерден басқа). Сонымен макроэкономиалық тұрғыдан банктің инвестициялық қызметі өндірістік негізде жүргізілгенде көрініс табады.
Банктің өндіріске инвестициясы өндірістер мен ұйымдардың құрылуы мен дамуына қажет, шаруашылық субьектердің капиталдық шығындарына банктің қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Бұл бірінші ретті нарықта орналасқан үлестер, пайлар, акциялар, басқа бағалы қағаздарды сатып алу, инвестициялық несиелендіру, инвестициялық жобаларды қаржыландыру арқылы жүргізіледі. Коммерциялық банктің инвестициялық қызметін екі тұрғыдан қарастыру бір-бірімен тығыз байланыста. Бұл байланыс негізінде объектілерді жекешелендіру нарығы мен бағалы қағаздар нарығының дамуы жатыр, олардың құралдары тікелей немесе жанама түрде инвестициялық процесстің қызмет етуін құрайды.
Коммерциялық банктер инвестициялық қызмет барысында микроэкономикалық тұрғыда жекешелендірілген өндірістің бағалы қағаздарын орналастыру арқылы қатысады. Банктер басқару қызметін бірінші ретті нарықта орналасқан өндірістің бағалы қағаздарын, акцияларын, пайларын сатып алу түрінде жарғылық капиталға салым салу арқылы жүзеге асырады. Сондықтан инвестициялық қызмет экономикадағы инвестициялық процесстің негізі ретінде қарастырылады.
Қазақстан экономикасы жағдайында, бағалы қағаздар нарығының спекулятивтік салымдарға толы болуы, тұрақсыздығы мен экономикаға инвестициялаудың мәселелерін шешуде ешқандай маңызды ролді ойнамауы, әлі ұзақ мерзімге дейін несиелік түрде инвестициялық сұранысты қанағаттандыру маңыздылығы сақталады. Сондықтан банктердің инвестициялық процесске қатысуын зерттеу кезінде банктің инвестициялық қызметінің екі жақтығын ескеру керек.
Банктің инвестициялық қызметінің индикаторлары ретінде келесі көрсеткіштер қолданылуы мүмкін:
* коммерциялық банктердің инвестициялық ресурстарының көлемі;
* инвестициялық ресурстардың нақты индекстік бағасы;
* банк инвестицияларының көлемі;
* инвестициялық салымдардың жалпы банк активтеріндегі үлесі;
* объектілер бойынша банктік инвестициялардың құрылымдық көрсеткіштері;
* банктің инвестициялық қызметінің тиімділік көрсеткіштері, соның ішінде, инвестиция көлеміне есептелген активтердің өсуі, инвестиция көлеміне есетелген пайданың өсуі;
Салымдардың объектісі бойынша нақты экономикалық активтерге салымдар және қаржылық активтерге салымдар деп қарастыруға болады. Банктік инвестицияларды дифференцияланған түрде объектілер бойынша қарастыруға болады. Олар: инвестициялық несиелерге, қысқа мерзімді депозиттерге, пайларға және үлестік қатысуларға, бағалы қағаздарға, жылжымайтын мүлікке, қымбат бағалы тастар мен металдарға және тағы басқаларына салымдар деп бөлуге болады.
Банктік инвестициялар салыну мақсаты бойынша тікелей және портфельді болуы мүмкін. Тікелей инвестициялар инвестициялау объектісін басқаруға бағытталады. Ал портфельді инвестициялар инвестициялық объектіні тікелей басқару емес, пайыздар мен дивидентер арқылы немесе активтердің нарықтық бағасының көтерілуіне негізделген табыс табу мақсатында жүргізіледі.
Инвестициялардың салыну бағыты бойынша өндіріс пен ұйымның банк тарапынан шаруашылық қызметіне қатыспай, тек қана құрылуы мен дамуына бағытталуы мүмкін.
Инвестициялардың құралу көздері бойынша банктің өз инвестициялары және банк есебінен жүргізу, және клиент тапсырмасы бойынша және клиент есебінен банк жүргізуі мүмкін.
Инвестициялардың салыну мерзімі бойынша қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орташа (үш жылға дейін) және ұзақ мерзімді (үш жылдан артық) болуы мүмкін.
Коммерциялық банктердің инвестициялары тәуекел түрлері бойынша, салыну аймағы бойынша, салыну саласы және тағы басқа түлері бойынша бөлінуі мүмкін.
Коммерциялық банктер өндіріс саласында инвестициялық қызметті атқармайтын болса, нақты инвестицияларды олар нарықта қызмет жасайтын жылжымайтын мүліктерге, бағалы металдарға, мүліктік және интелектуалдық құқықтарға немесе өзінің материалды-техникалық жабдықтарын жақсартуға жұмсауы мүмкін.
Жылжымайтын мүліктерге салым салу олардың нарықтық бағасының өсуі немесе оларды жалға беру арқылы табыс табуға болады. Бірақ жылжымайтын мүліктерге салым салу инвестицияны қаржыландыратын ұзақ мерзімді қаржы көздерінің болуын талап етеді, сондықтан бұл істі көбінесе ірі банктер жүзеге асырады.
Жылжымайтын мүлік нарығы негізгі үш тараптан тұрады: ғимараттар, шаруашылық объектілер және жер учаскелері. Бұл бағыттардың қай саласында болмасын инвестициялар жасау банк қызметкерлерінің арасында әр саланың білікті мамандарының болуын қажет етеді. Сонымен қатар бұл салаға салым салу төмен өтімділікке әкеліп соғады. Сондықтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктердің инвестициялық қызмет жүйесі
Банктің инвестициялық қызметіндегі табыстар мен тәуекелдер
Коммерциялық банктер операциялары
Коммерциялық банктегі қаржылық талдау пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Коммерциялық банктер операциялары, және олардың банк қызметіндегі атқаратын рөлі
Банктердің инвестициялық қызметінің экономикалық мәні
Коммерциялық банктердің қызметі саласындағы әлемдік тәжірибені оқып білу және оның жергілікті жағдайға бейімделуі
Коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру және банк ресурстарының қалыптасуы
Коммерциялық банктердің инвестициялық операцияларын зерттеу
Aктивті және пассивті операциялар, олардың банктің қызметіндегі ролі мен орны
Пәндер