Биржа саудасын ұйымдастыру және оның даму бағыттары


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 бөлім. Биржа түсінігі және оның түрлері

1. 1 Биржаның мәні және оның түрлері . . . 5

1. 2 Биржаның құрылу тарихы . . . 8

2 бөлім. Биржа саудасын ұйымдастыру

2. 1 Биржадағы брокерлердің атқаратын қызметі . . . 11

2. 2 ҚР-ның тауар және қор биржаларының экономикалық маңыздылығы 14

3 бөлім. Биржа саудасын дамыту бағыттары

3. 1 «Қазақстан қор биржасының» даму стратегиясы . . . 20

3. 2 «Халықтық IPO» биржа саудасын дамыту құралы ретінде . . . 24

Қорытынды . . . 26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 28

Кіріспе

Қазіргі заманда әлемдік аренада биржа үлкен маңызға ие. Биржаның жұмысы алғаш пайда болғаннан бастап бизнестің дамуына орасан зор үлес қосты. Бұл курстық жұмыста сол биржаның маңыздылығы, теориялық мәні, тарихы, даму бағыттары жүйелі баяндалады.

Жалпы биржалық кәсіпкерліктің кәсіби кәсіпкерлік қызметтің басқа да түрлерімен салыстырғанда бірқатар ерекшеліктері бар. Сондықтан оны ерекше тип ретінде және іскерлік тәжірибенің өз бетінше жүзеге асырылатын бағыты ретінде бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, биржалар делдалдық құрылымдар болып табылады. Бұл жағдайда олардың бірқатар делдалдардан айырмашылығы, оларға жүгінбей бірде бір кәсіпкердің қызмет ете алмайтындығы. Екіншіден, биржаның басты функциясы - клиенттерге қызмет көрсету. Қазақстанда биржалардың бұл функциясы өзінше сиатқа ие- биржалар тек қана қызмет етіп қана қоймай, өндірушіні бағалар жүйесін қамтамасыз ету арналары арқылы бақылайды. Кәсіпкерлік қызметті биржалар қызметінің мазмұны мен қағидаларын ескермей тиімді түрде жүргізу мүмкін емес.

Курстық жұмыстың мақсаты- биржаның жұмыс істеу принципін, ерекшеліктерін, түрлеріне байланысты қызмет ету механизмін және даму бағыттарын айқындау болып табылады.

Жалпы курстық жұмыс негізгі үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде - биржаның түсінігін және оның түрлерін қарастырдық. Биржаның тарихына да терең үңілдік. Екінші бөлімде - биржаның маңызды мүшелері, компания-эмитенттердің маркет-мейкері болып табылатын брокер-дилерлердің қызметімен таныстық. Ондағы шетел және отандық брокерлердің айырмашылықтарын көрсетілді. ҚР-ның тауар және қор биржаларының экономикалық маңызына тоқталдық. Үшінші бөлімде- «Қазақстан қор биржасының» даму стратегиясы, алға қойған мақсаттары мен міндеттері жөнінде баяндадық. «Халықтық IPO» бағдарламасының маңызын және оның биржаға, компанияларға, халыққа, мемлекетке тигізетін оң әсерін қарастырдық.

Бүгiнгi таңда Қазақстанда бизнес жаңалықтары мен қор нарығының жаңалықтары туралы хабарлайтын бағаналарға ие бiрнеше iскер және қоғамдық-саяси мерзiмдi баспасөз бар. Олардың арасынан «Бизнес и Власть», «Эксперт- Казахстан», «National Business Капитал», «Деловая Неделя», т. б. басылымдарды атауға болады. Жоғарыда аталған басылымдардың бiреуiне немесе бiрнешеуiне жазылсаңыз, Қазақстан мен әлемде не болып жатқандығынан жүйелi түрде хабардар болып отырасыз. Интернет ақпарат алу кеңiстiгiнiң көкжиегiн барынша кеңейтiп келедi. Жүйеде нарықтағы қадамын ендi бастаған инвесторлар үшiн де, нарыққа қанық кәсiби ойыншылар үшiн де көптеген арнаулы сайттар жұмыс iстейдi. Олардың кейбiреуiне бiз тоқталып өтейік. Мысалы ретінде, kase. kz - «Қазақстан қор биржасының» ресми сайты, utb. kz- «Астана» әмбебап тауар биржасының ресми сайты, ets. kz- «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасының ресми сайты, halyk-ipo. kz - «Халықтық IPO» бағдарламасының ресми сайты және т. б. Ғаламтордың көмегімен сауда терминалын пайдаланып, биржа саудасын үйде отырып жасауға да мүмкіндік бар. Жоғарыда көрсетілген ғаламтор беттерін пайдаланып, қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз.

1бөлім. Биржа түсінігі және оның түрлері

1. 1 Биржаның мәні және оның түрлері

Биржа - ұйымдастырушылық түрде ресімделген және тұрақты қызмет ететін нарық, онда тұрақты және нақты сапалық параметрлері бар жаппай тауарларды сату жүргізіледі. Кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде биржаны сипаттайтын белгілер төмендегілер болып табылады:

  • Белгілі бір биржа тауарымен сауда-саттық (биржа тауары болып белгілі бір түрдегі және сападағы айналымнан алынбаған, оның ішінде экспортқа шығаруға рұқсат берілген (квота және лицензия), биржалық сауда-саттыққа белгіленген тәртіппен көрсетілген тауарға биржа берген стандартты шарт және коносамент саналады) ;
  • Жария және көпшілік сауда-саттық өткізу (қалауы бойынша барлық адамдар жасалған мәмілелер мен қалыптасқан бағалар туралы ақпарат ала алады) ;
  • Сауда- саттықты алдын ала белгіленген және белгілі бір уақытта жүргізу;
  • Биржа сауда- саттығын өткізу ережелерін белгілеу.

Қандай мақсатта құрылуына байланысты биржалар коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар болып бөлінеді. Өз қызметінің басты мақсаты ретінде пайда табуды көздейтін және оны құрылтайшылар арасында бөлісетін биржа коммерциялық ұйым болып табылады, ал коммерциялық емес биржалар құрылтайшылардың мүшелік жарналары есебінен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда, негізінен, биржалар коммерциялық емес ұйымдар болып құрылуда, өйткені биржаның коммерциялық емес атауы оның мәртебесін айтарлықтай көрсетеді. Сөйтіп, АҚШ- та жекелеген биржалар, әсіресе ірілері, мәртебелерін көтеру үшін, кейде өздерінің жылдық есеп- қисаптарында миллиард доллар айналыммен 500-1000 долларлық қана мүлдем мардымсыз пайда көрсетеді. Алайда бұл барлық биржалар коммерциялық емес дегенді білдірмейді, мысалы, Сидней қор биржасы ЖШС болып саналса, Мәскеу банкаралық валюта биржасы жабық тұрпатты АҚ ретінде құрылған және т. б.

Биржалық сауда-саттыққа келушілерге рұқсат етуге байланысты биржалар ашық және жабық болуы мүмкін. Тарихи тұрғыдан алғанда, алғашында ашық биржа - жиынға келушілердің барлығы үшін қолжетерлік, сатушы мен сатып алушы делдалсыз-ақ сату- сатып алу шартын жасай алатын биржалар пайда болады. Қазіргі заманғы биржалар, әдетте, жабық болып келеді, яғни сауда-саттыққа тек қана осы биржада тіркелген биржа делдалдары (брокерлер, дилерлер) қатыса алады (басқа адамдар биржада тек солардың көмегімен тиісті шарт жасасу негізінде тауарын сата алады немесе тауар сатып алады) . Сонымен қатар ашық биржалардың мынандай: мүлтіксіз ашық биржалар (оларда контрагенттерді делдалдар қызметін пайдалануға ешкім міндеттемейді, ал биржаға келген кез келген адам мәміле жасай алады) және аралас тұрпатты биржалар (оларда сатушылармен және сатып алушылармен тікелей делдалдардың екі тобы- брокерлер мен дилерлер жұмыс істейді) деп аталатын түрлері де кездеседі.

Биржа айналымы - белгілі бір кезеңде биржада жасалған мәмілелер көлемі. Ол сатылған тауарлар мен құнды қағаздар бағасының сомасымен айқындалады. Сатылған тауарлар мен құнды қағаздардың мөлшері биржа айналымының көрсеткіші болып табылады. Биржа айналымы бәсеке қызып, күшейген кездері ұлғаяды да, ол дағдарысқа ұшырап, бәсеңсіген кездері күрт құлдырайды. Бүгінде халықаралық биржа айналымы, әсіресе, биржалық тауар айналымы сан және сапа жағынан өсуде.

Биржа бағасы - биржа мекемелері жасалған келісімдерді ескере отырып белгілеген құнды қағаздар (акциялар мен облигациялар) мен тауарлар бағасы. Бұл - биржада болып жатқан өзгерістердің бір көрсеткіші бола отырып, құнды қағаздар мен биржа тауарларына деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын белгілейді. Кейде мұнда әдейі жасалатын сұраныс пен ұсыныстың немесе жалған келісімдердің салдарынан үлкен шатасушылық, алданушылық та болады. Құнды қағаздардың бағасын белгілегенде, кейде биржада жасалған келісімдер ғана емес, одан тыс жасалған келісімдер де есепке алынады. Кейбір биржалардың бюллетендерінде құнды қағаздар мен биржа тауарлары айналымының сомасы да көрсетіледі. Биржа бағасы өте құбылмалы, тіпті бір күн ішінде сан рет өзгеріп отырады. Ол туралы ақпараттар арнайы биржа бюллетендерінде жарияланады, дисплей арқылы да беріледі.

Биржа дағдарысы - экономикалық дағдарыстың немесе ерекше бір саяси жағдайлардың салдарынан құнды қағаздар биржасында дағдарыстың орын алуы. Мұнда құнды қағаздардың курсы шұғыл төмендейді және оларды шығару азаяды. Экономикалық дағдарыстар кезінде акцияның пайдасы кемиді және дивиденд төмендейді, ол акциялардың құнсыздануына әкеліп соғады. Дағдарыс кезінде нақты ақшаға мұқтаж болатындықтан, құнды қағаздарды биржада көптеп сата бастайды, мұның өзі оларды мүлде құнсыздандырып жібереді, ал өнеркәсіп өндірісі мен сауданың кемуі күрделі қаржы жұмсауды азайтады, тіпті тоқтап та қалады, нәтижесінде кәсіпорындардың облигация шығаруы кемиді. Экономикалық дағдарысқа байланыссыз да (мысалы, соғыс кезінде) құнды қағаздардың курсі құлдырауы мүмкін.

Биржа делдалдары - қор, валюта биржаларында делдалдық қызмет атқаратын адамдар немесе фирмалар. Биржа делдалдары белгілі бір салаға маманданады және олар жасасатын келісім, акция курсі, т. б. жөніндегі деректерге қанық болады. Биржалардың көпшілігінің жарғысы бойынша биржа делдалдары өз есебінен келісім жасауға және меншігіндегі бағалы заттарды сатуға құқығы жоқ. Бірақ олар бұл ережені іс жүзінде ұстана бермейді. Биржа делдалдарын, әдетте, биржа комитеттері тағайындайды, ал кейбір елдерде (мысалы, Францияның қор биржасында) үкіметтің арнайы қойылған қызметкерлері орындайды. Қор биржасындағы биржа делдалдары делдалдық конторлар немесе фирмалар түрінде болады. Олардың биржада жасалып жатқан келісімдерді көрсетіп тұратын экранмен жабдықталған залы және клиенттердің пайдалануына берілетін телефон қондырғылары орнатылған бөлмелері мен өз бухгалтериясы бар. Биржа делдалдарының арасында қаржы капиталының конторлары басты рөл атқарады. АҚШ-та жаңа құнды қағаз шығаруда басты рөл атқаратын “Морган, Стэнли энд компани” эмиссиялық банкир үйі өзінің негізгі қызметінен басқа құнды қағаздармен келісім жасасатын биржа делдалдары міндетін де атқарады. Биржа мүшесі болып саналатын биржа делдалдарынан басқа ресми түрде тіркелмеген маклерлер де болады. Биржа делдалдары өзінің делдалдық қызметі мен берген кеңесі үшін ақы алады. Оны жасасқан келісімнің сомасына қарай белгілі бір мөлшерде биржа комитеттері белгілейді.

Биржалық алым - биржа комитетінің құнды қағаздарды сатып алушыдан биржа келісімін жасауына берілген құқық үшін жинайтын ақшалай алымы. Әдетте, сату бағасының 2 %-і көлемінде алынады.

Биржалық үрей - құнды қағаздар бағамының күрт, апатты түрде түсіп кетуімен сипатталатын биржалық күйзелістің барынша ең бір өткір кезеңі. Биржаны үрей билеген кезде, құнды қағаздар ұсынысы күрт күшейіп, оларға деген сұраныс та бірден төмен құлдырайды. Биржалық үрей, әдетте, басталып келе жатқан экономикалық дағдарыстың немесе бұған дейінгі биржалық дүрлігудің заңды нәтижелері болып табылады.

Биржалық баж - биржа комитетінің биржа мәмілелерін жасау құқы үшін биржа мүшелері мен оған қатысушылардан алынатын төлемі.

Биржалық мәмілелер - нысаны биржадағы айналысқа жіберілген мүлік болып табылатын және тиісті биржалар (тауар, қор және басқа) туралы зандары мен биржалық сауда ережелеріне сәйкес онымен сауда-саттық, жүргізуге қатысатындармен жасалатын мәмілелер. Биржалық мәмілелер осы мәмілелердің жасалғандығын растау үшін биржа беретін құжаттармен рәсімделеді.

Биржа түрлері:

1. Тауар биржасы сапасы жағынан қалыптасқан стандартқа толықтай сай келетін белгілі бір тауарларды сатып алу мен сату үшін ұйымдасқан нарықты қамтамасыз етуші саудагерлер ассоциациясы болып табылады. Мұнда негізінен, бір текті өнімдер - астық, мақта, металл, т. б. саудаланады. Бұл тауарлардың әлемдік бағасы дүние жүзінің жетекші тауар биржаларында қалыптасқан баға арқылы анықталады. Дүние жүзіндегі ірі тауар биржаларына: -Лондон халықаралық биржасы (мұнай өнімдері, мазут, т. б. ) ;

-Токио тауар биржасы (асыл металдар, алтын, күміс, платина, т. б. ) ;

-Лондон металл биржасы (алюминий, мыс, қорғасын, т. б. ) ;

-Нью-Йорк тауар биржасы (алюминий, алтын, т. б. ) ;

-Орталық Америка тауар биржасы (астық өнімдері, бидай, жүгері, т. б. ) жатады.

2. Қор биржасында жергілікті өкімет органдары мен мемлекеттік емес компаниялар шығаратын құнды қағаздар жөнінде мәмілелер жүргізіледі. Қор биржасында жасалатын мәмілелер кассалық (сатып алынған құнды қағаздар ақысы 2 - 3 күн ішінде төленеді) және мерзімдік (акциялардың ақшасы 1 ай ішінде төленеді) болып бөлінеді. Құнды қағаздардың нарығы сұраныс әсеріне, дивиденд көлеміне және процент мөлшеріне қарай өзгеріп тұрады.

3. Валюта биржасы - валюталық операцияларды шоғырландыратын, валюта нарықтарын қалыптастырып, оның өзара байланысы мен динамикасын қамтамасыз ететін халықаралық валюталық-қаржылық қарым-қатынастардың құрамдас бөлігі. Биржалық сауда конъюнктурасы мен қор және валюта биржасының жағдайы әлемдік экономикаға, тауарлық және валюта нарығының дүниежүзілік ахуалына және әлемдік баға деңгейіне тікелей қатысты. Дүниежүзілік валюта биржасы Лондонда, Нью-Йоркте, Токиода, Цюрихте орналасқан.

4. Еңбек биржасы - жұмыс күшін жалдау кезінде кәсіпкерлер, фирмалар мен қызметкерлер арасында делдалдық жасайтын мемлекеттік мекеме. Мемлекет еңбек биржалары арқылы еңбек нарығына ықпал етеді. Еңбек биржасының негізгі қызметі: жұмыссыздарды жұмыспен қамту, жұмыс орнын ауыстыруға көмектесу, жұмысшы күшінің нарықтық коньюнктурасын зерттеп, олар туралы ақпарат беру, жұмыссыздарды есепке алып, оларға жәрдемақы төлеу және т. б.

Биржаны ұйымдастырудың алуан түрлері болғанымен, негізінен екі тұрпатқа бөлінеді:

  1. саудагерлер еркін сауда жасайтын нарық түріндегі ашық биржа, ол көбіне мемлекет бақылауында болады;
  2. өз мүшелері ғана сауда жасайтын томаға-тұйық корпорация ретіндегі биржалар, олардың ісіне мемлекет көп араласа бермейді.

Биржаға мүше болу үшін тиісті талапты қанағаттандырып, байырғы мүшелердің ұсынысы бойынша дауысқа түседі, жарнасы төленеді. Биржа мүшелері биржа делдалдары және дилерлер болып бөлінеді. Көпшілік қауым биржа операцияларына делдалдар арқылы қатысады. Биржа комитеттерінің бағалау комиссиялары сатылған құнды қағаздар саны мен нарығы жөніндегі мәліметтерді күн сайын биржа бюллетендерінде жариялап отырады. Қазақстанда биржа 1991 жылдан пайда бола бастады, әсіресе, тауар және қор биржалары шапшаң дамыды.

1. 2 Биржаның құрылу тарихы

Биржалар капиталдың бастапқы жинақталу заманында пайда болған. Алғашқы биржалар тауарлық болған: XV ғасырда Венецияның, Генуяның, Флоренцияның және Италияның және басқа да сауда-саттық қалаларының базарлары мен сауда биржалары кеңінен танымал болды, ал XVI ғасырда оларға Нидерландияның, Францияның, Англияның ірі тауар биржалары қосылды. Тауар биржалары Антверпенде (1531 ж. ), Леонда (1545ж. ), Тулузда (1549 ж. ), Лондонда (1556 ж. ), Амстердамда (1608 ж. ), құрылды. Ресейде алғашқы биржа Петр I бұйрығымен 1703 жылы (Санкт-Петербор тауар биржасы), Жапонияда алғашқы күрішпен сауда жасау биржасы 1730 жылы, АҚШ-та 1792 жылы Нью- Йорк биржасы, ал 1848 жылы Чикаго тауар биржасы (оның үстіне АҚШ-та ең көне биржа Нью-Йорк биржасы емес, XVIII ғасырда үзіліспен болса да, 1754 жылдан жұмыс істейтін Филадельфия қор биржасы саналады) пайда болды.

Тек қана тауар биржасы ғана емес қор биржасы да үлкен маңызға ие болды. Қор биржасы мүлдем жаңа сипатқа бөленді: мәмілелердің орталығы мемлекеттік облигациялар емес акциялар болды. Әлемдегі ең ежелгі қор биржасы - Амстердам қор биржасы. Ол 400 жылға жуық жұмыс істеді.
Барлығы сонау 1662 жылы басталды. Сол кезде Амстердамда Голландиялық Ост-индтік компаниясы тұңғыш рет саудагерлерге бағалы қағаздарды сатып алып, сатуды ұсынды. Арада көп уақыт өтпей бұл алаң биржаға айналды, ол жерде көптеген еуропалық елдердің бағалы қағаздары мен мемлекеттік облигациялары сатылды. Барлығы 44 атаумен бағалы қағаздар сатылды.
Бір мезеттен соң қор алаңында тауар биржасы жұмыс істей бастады. Дәл сол жерде тұңғыш рет тауарлардың үлгісі және сынамасы бойынша, яғни тауардың барлық партиясын таныстырусыз-ақ сауда енгізілді. XX ғасырдың соңына дейін Амстердам биржасы автономды жұмыс істеді, ал 2000 жылы Париж және Брюссель биржаларымен қосылып, Euronext NV брендіне ие болды.
2002 жылы бұл топқа Лондон халықаралық қаржылық фьючерстер мен опциондар биржасы (LIFFE) және Португалия қор биржасы қосылды, ал Euronext 100 бірлескен индексі әлемдік және еуропалық экономика үшін маңызды көрсеткіштер қатарына қосылды.

2007 жылы Нью-Йорк қор биржасы мен Euronext NV бес биржасының бірігуі аяқталды. Оларды NYSE Euronext компаниялар тобы басқарады.
Алғашқы жаһандық сауда алаңы осылай қалыптасты. Айтпақшы, бұрынғы Амстердам қор биржасының ғимараты сақталып қалды. Ол 19 ғасырдың соңында жобаланған және қазіргі заманғы Голландия архитектурасының қалыптасу кезеңіне жатады. Бүгінде онда жиі-жиі түрлі конференциялар өтіп тұрады.

Нью-Йорк қор биржасы (NYSE) әлемдегі басты қаржы орталығы болып есептеледі. Мұнда Coca-Cola, General Electric, General Motors сынды бүкіл әлемдік корпорациялардың бағалы қағаздары сатылады. Көзге елестету қиын, алайда бұл күнде аса танымал NYSE қаржы бренді осыдан екі жүз жыл бұрын құрылған. Оның қалай жүзеге асқанына тарихи саяхат жасап көрелік.
XVIII ғасырдың басында нью-йорктік саудагерлер тек Үкіметтің облигациялары мен АҚШ-тың алғашқы банкінің акциялары бойынша ғана мәмілелер жасасты. Мәмілелер Манхэттеннің оңтүстік бөлігіндегі әртүрлі кеңселер мен дәмханаларда жүзеге асты. Қажетті саудагерлер мен сатып алушыларды іздеуге біршама уақыт кетті. Барлығы 1792 жылдың 17 мамырында өзгерді. 24 брокер «Ағаш астындағы келісім» атты тарихи құжатқа қол қойды, сөйтіп олар бағалы қағаздарды тек өздерінің арасында ғана саудалауға міндеттелді. Құжаттың бұлай аталу себебі, ол ағаштың астында бекітілген еді. Келісім келешектегі биржаны құруға негіз қалады. 1817 жылы осы келісімнің қатысушылары алғашқы ережені әзірледі және New York Stock&Exchange Board-ды ұйымдастырды. 1863 жылы биржаның атауы New York Stock Exchange (NYSE) деп өзгертілді. 1971 жылы NYSE Директорлар кеңесі басқаратын коммерциялық емес ұйым ретінде ресми түрде тіркелді.

Бүгінде NYSE 2007 жылы Еуропалық Euronext биржасымен біріктірілгеннен кейін, халықаралық қаржы корпорациясының бір бөлігі болып табылады. NYSE Euronext Нью-Йорк, Париж, Амстердам, Брюссель және Лиссабон қор биржаларын, сондай-ақ Лондонның қаржылық фьючерстер және опциондар халықаралық биржасын (LIFFE) басқарады. Әлемдегі ең ірі Нью-Йорк қор биржасының листингінен бірнеше ондаған елден 3500-ден астам компания өтті. 2013 жылы мамыр айындағы деректер бойынша, олардың жалпы капиталы - 16, 6 трлн доллар. NYSE-тегі айналым күніне бірнеше миллиард акцияны құрайды. Биржада 3000-ға жуық қызметкер жұмыс істейді. NYSE - бұқаралық компания. 200 жылдық тарихында тұңғыш рет 2006 жылы оның акциялары инвесторларға ұсынылды. Олар басқа да бағалы қағаздармен қатар биржада саудалануда. Кез-келген тауар немесе қызметтер тәрізді акциялар да ағымдағы жағдайға байланысты тек қымбаттап қана қоймай, арзандауы да мүмкін. Бұл ретте қор нарығының тарихында акциялар бағасының бірнеше ай бойы қатарынан үздіксіз, үдемелі түрде құлдыраған кездері де болған.
Сондай жағдайлардың бірі - АҚШ-та 1929-1933 жылдары болған «Ұлы тоқырау». Атап өтерлігі, Бірінші дүние жүзілік соғыс аяқталғаннан кейін американдық қор нарығы «бұқалардың», яғни нарықтағы бағаны көтеруге ұмтылатын трейдерлердің билігінде болды, яғни көптеген компаниялардың құнды қағаздарының бағасы жақсы өсті. Бәрі де «қара бейсенбіден» - 1929 жылдың 29-қазанынан басталды, сауда күнінің соңында 16, 4 млн акция сатылды әрі бұл рекорд 1968 жылдың сәуір айына дейін бұзылмай тұрды. Акцияларды жаппай сату Доу-Джонс индексінің 12, 5%-ға құлауына алып келді.
Баға құлдырауының нәтижесінде көптеген инвесторлар жүдеп кетті, тіпті олардың кейбірі өз-өзіне қол салып, өмірден озды. Биржалық күйреуден бірнеше күн бұрын нарық шамамен 30 млрд доллар жоғалтты, бұл АҚШ үкіметінің Бірінші дүние жүзілік соғысқа жұмсаған шығынынан да көп еді.
Қор дүрлікпесі АҚШ-ты ғана емес, сол кездегі дамушы елдердің көпшілігін қамтыған «Ұлы тоқыраудың» бастамасы болды. 1932 жылға қарай Доу-Джонс индексі 90%-ға құлдырады. Істің насырға шапқаны соншалықты, 1933 жылдың 4 мамырында Нью-Йорк биржасы онкүндік банктік каникулға жабылды. Бір жылдан кейін, 1934 жылдың маусым айында, АҚШ Конгресінің шешімімен бағалы қағаздар және биржа жөніндегі комиссия (SEC) құрылды. SEC нарықты реттеумен айналысты, біршама уақыттан кейін сауда-саттықтың жаңа, барынша қауіпсіз ережесін қабылдады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қор биржасы және биржалық сауданы ұйымдастыру
Қор биржасы және биржадан тыс нарықтың ұйымдастырушылары
Биржа
Индустрия және сауда министрлігі
Қор биржасы
Биржалық қызмет бағдарлары және Қазақстандағы қор биржалары
Биржа туралы
Қазақстан Республикасының қор нарығының даму ерекшеліктері
Биржа ісін талдау
Қазақстанның биржа қорының қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz