Авторлық құқық. Сабақтас құқық туралы жалпы түсінік



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .5
1.2 Авторлық құқықтың объектілері және объектілері болып табылмайтын
туындылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Авторлық құқықтың субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

2 Сабақтас құқық туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.1 Сабақтас құқық ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2 Сабақтас құқық субъектілері мен объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.3 Сабақтас құқықтарды қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
КІРІСПЕ

Біздің елімізде шығармашылық жұмыстармен айналысуға толықтай кепілдік берілген. Ол Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы Конституциясының 20-бабында: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады» деп айқын тұжырымдалған [1; 20-бап]. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мүліктік қатынастар теңдігі тайға таңба басқандай айқын көрініс тапқан. Мұнымен қоса азаматтық заңнамалардың негізгі принциптері, олармен реттелетін қатынастардың теңдігі, кез келген меншік түріне қол сұқпау, келісімдердің еркіндігі, азаматтардың жеке ісіне араласуға жол бермеу, азаматтық құқықтардың кедергісіз жүзеге асыруын, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету немесе сот арқылы қорғау зор маңызға ие. Сайып келгенде, осы қағидалардың барлығы да келісім жасаудың еркіндігіне, азаматтардың және заңды тұлғалардың өз мүдделеріне қатысты шараларды анықтауына негізделеді. Азаматтық құқықтың ең жетекші бөлімдерінің бірі бола тұра, тек әлеуметтік - экономикалық салада ғана емес, сондай-ақ құқықтық қатынастардың бірқатарында авторлық құқықтың кеңінен көрініс беруі – оның аса күрделілігімен қатар, ауқымының кеңдігін де айғақтаса керек.
Ғылым, әдебиет және өнер туындыларын шығару және пайдалану саласында соңғы үш жыл ішінде біздің қоғамымыздың құқықтық өмірінде елеулі өзгерістер болды. 1996 жылы 10 маусымда ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңның қабылдануымен, авторлық құқықтарды қорғаудың өзіндік әлемдік эталоны болып табылатын, әдеби және көркем туындыларын қорғау туралы Берн Конвенциясының талаптарына толықтай сәйкес келетін, авторларының құқықтарын қорғаудың өте жоғарғы сапасын көздейтін нормалардың жүйесі ретінде авторлық құқықтың қазақстандық жүйесінің қалыптасуы аяқталды. Себебі, жоғарғы құндылық болып табылған адам, оның құқықтары мен бостандықтарына қатысты мемлекет саясатының өзгеруіне байланысты, «мықты» заңды қабылдау туралы сұрақ бұрыннан қойылған болатын.
Берн Конвенциясының қағидаларының бірі болып қорғаудың ең төменгі көлемі приципі болып табылады. Ол, Конвенцияның өзі оған қатысушы елдерде міндетті қолдануға жататын авторлық-құқықтық қорғаудың кейбір нормаларын бекітуді білдіреді [2;]. Көптеген уақыт бойы КСРО, одан кейін Қазақстан да Берн Конвенциясына қосыла алмады, себебі, ұлттық заңнама авторлық құқықты қорғаудың мұндай деңгейін қамтамасыз ете алмады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы: Жеті жарғы;
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (ҚР-ның 2004 жылғы 11 мамырдағы №552-ІІ Заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулар) – Алматы: ЮРИСТ, 2004. – 309б.
«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 26.07.1999, №456-І
Интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау концепциясын жариялау туралы ҚР Үкіметінің Қаулысы. 26.09.2001. №1249
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10.06.1996, №6-І
«Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі N 146 бұйрығы.
Рысбек Тасболатов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті Азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасының магистранты. «Заң» Астана: «Арай», 5/2004, 52с.
Гражданское право. Учебник. Часть III / Под ред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого. - М.: Проспект, 1998.
Гражданское право: Учебник. в 2т./ под ред. Е.А. Суханова, 1993.
Закон РК «О присоединении РК к Бернской конвенции об охране литературных и художественных произведений» от 10.11.1998;
Гаврилов Э.П. Комментарий к Закону об авторском праве и смежных правах. Судебная практика. - М.: Экзамен, 2002;
Гражданский кодекс Республики Казахстан (Особенная часть.) Комментарий. Изд.2-е испр. и доп., с использованием судебной практики. Отв. ред.: М.К. Сулейменов, Ю.Г.Басин. А., 2000;
Комментарий: Гражданский кодекс Республики Казахстан. (Особенная часть). Отв. ред. Сулейменов М.К., Басин Ю.Г.- Алматы: «Жеті жарғы», 2000 ж.;

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... . ... ... ... .5
1.2 Авторлық құқықтың объектілері және объектілері болып табылмайтын
туындылар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Авторлық құқықтың субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

2 Сабақтас құқық туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.1 Сабақтас құқық ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2 Сабақтас құқық субъектілері мен объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.3 Сабақтас құқықтарды қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

КІРІСПЕ

Біздің елімізде шығармашылық жұмыстармен айналысуға толықтай кепілдік берілген. Ол Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы Конституциясының 20-бабында: Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады деп айқын тұжырымдалған [1; 20-бап]. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мүліктік қатынастар теңдігі тайға таңба басқандай айқын көрініс тапқан. Мұнымен қоса азаматтық заңнамалардың негізгі принциптері, олармен реттелетін қатынастардың теңдігі, кез келген меншік түріне қол сұқпау, келісімдердің еркіндігі, азаматтардың жеке ісіне араласуға жол бермеу, азаматтық құқықтардың кедергісіз жүзеге асыруын, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету немесе сот арқылы қорғау зор маңызға ие. Сайып келгенде, осы қағидалардың барлығы да келісім жасаудың еркіндігіне, азаматтардың және заңды тұлғалардың өз мүдделеріне қатысты шараларды анықтауына негізделеді. Азаматтық құқықтың ең жетекші бөлімдерінің бірі бола тұра, тек әлеуметтік - экономикалық салада ғана емес, сондай-ақ құқықтық қатынастардың бірқатарында авторлық құқықтың кеңінен көрініс беруі - оның аса күрделілігімен қатар, ауқымының кеңдігін де айғақтаса керек.
Ғылым, әдебиет және өнер туындыларын шығару және пайдалану саласында соңғы үш жыл ішінде біздің қоғамымыздың құқықтық өмірінде елеулі өзгерістер болды. 1996 жылы 10 маусымда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңның қабылдануымен, авторлық құқықтарды қорғаудың өзіндік әлемдік эталоны болып табылатын, әдеби және көркем туындыларын қорғау туралы Берн Конвенциясының талаптарына толықтай сәйкес келетін, авторларының құқықтарын қорғаудың өте жоғарғы сапасын көздейтін нормалардың жүйесі ретінде авторлық құқықтың қазақстандық жүйесінің қалыптасуы аяқталды. Себебі, жоғарғы құндылық болып табылған адам, оның құқықтары мен бостандықтарына қатысты мемлекет саясатының өзгеруіне байланысты, мықты заңды қабылдау туралы сұрақ бұрыннан қойылған болатын.
Берн Конвенциясының қағидаларының бірі болып қорғаудың ең төменгі көлемі приципі болып табылады. Ол, Конвенцияның өзі оған қатысушы елдерде міндетті қолдануға жататын авторлық-құқықтық қорғаудың кейбір нормаларын бекітуді білдіреді [2;]. Көптеген уақыт бойы КСРО, одан кейін Қазақстан да Берн Конвенциясына қосыла алмады, себебі, ұлттық заңнама авторлық құқықты қорғаудың мұндай деңгейін қамтамасыз ете алмады. Тек қазір ғана қазақстандық заңнамамен ұсынылатын қорғау деңгейі Берн Конвенциясының деңгейіне қол жеткізгенде ғана, Берн Конвенциясына қосылуға нақты мүмкіндік пайда болды. Яғни, Қазақстан 1998 жылдың 10 қарашасында оның толық құқылы қатысушысы бола отырып жүзеге асырылды. Осындай құқықтық шешімдердің маңыздылығын тани отырып тәжірибе үшін анағұрлым маңызды болып келетін мынадай сұрақты анықтау қажет, яғни Конвенция заңының нормалары қолданыла ма? Олар қандай жағдайлар мен фактілерге қолданылады, қандай туындыларды шығаруда және пайдалануда олар күшіне ие болады, заң немесе халықаралық шарт өз күшіне енген уақыттан кейін шығарылған туындылар ғана қорғау объектісі болып табыла ма? Құқықтық жалпы теориясы заңның өз күшіне енгенге дейін орын алған жағдайларға немесе фактілерге таралуы ретінде, заңның кері күшін анықтай отырып жалпы ереже бойынша заң кері күшіне ие бола алмайды деген принцип жүзеге асырылатынын көрсетеді.
Жалпы қағиданы құрастырып құқық теориясы, оны нақтыландыруды құқықтың жеке салаларына қалдырылды.
Бұл оларды реттеу әдісі мен және пәнінің ерекшеліктеріне байланысты. Яғни оларға құқықтың жаңа нормаларының қолданысы таралатын жағдайлар мен фактілерді дербес анықтауға мүмкіндік береді.
Батыс елдерінде авторлық құқық немесе ИМ (интеллектуалдық меншік) кеңістігі мемлекет тарапынан өте көп көңіл бөлінетін аймақ болып табылады. Бұл өнеркәсіптік өнімдерді өндіруде дамыған елдерге әлемдік көшбасшы болуға мүмкіндік береді.
ИМ (интеллектуалдық меншік) ұлттық байлықты жинақтаушы және экономикалық дамудың маңызды құралы ретінде көп мағынаға ие болып келеді. Мысалы, интеллектуалдық меншіктің бүкіләлемдік ұйымының зерттеуі бойынша Америка Құрама Штатында авторлық құқыққа негізделген ұлттық интеллектуалдық индустрияның үлесі 12%-ға жетеді. Ақшалай баламаға аударғанда 500млрд. долларды құрайды, бұл американдық киімдерді, көлік құралдарын, компьютерлерді және ұшақтарды экспорттаудың жалпы көлемінен де асады.
Өз елімізге келсек, Интеллектуалдық меншік біртіндеп бағалы және толықтырылатын қор ретінде өзінің шынайы мағынасына ие болып келеді, болашақта бұл біздің республикамыздың азаматтарының әл-ауқат деңгейін анықтайтын болады. Осыған байланысты елбасымыз Н.Ә.Назарбаев интеллектуалдық меншік құқықтары мен қорғаулы саудалық маркалы тауарларды өндіруге қолайлы жағдайлар жасау еліміздің экономикалық дамуын қысқартуға басымдылықтың бірі болып табылады деп әлденеше рет жариялаған.
Қазіргі уақытта Қазақстан ИМБҰ-ның (Интеллектуалдық Меншіктің Бүкіләлемдік Ұйымы) қамқорлығымен жүзеге асырылатын (соның ішінде өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париждік конвенция, Патенттік кооперациялар туралы шарттар, тауарлық белгілерді халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімі, Еуразиялық патент конвенциясы және т.б.) толық құқықты мүшесі болып табылады, әйтсе де республикада авторлық құқықты қорғау әлі де халықаралық деңгейге сәйкес келмейді.
ЕО (Еуропалық Одақ) саудасының бас директораты өз өкілдерімен, жеке компаниялармен және Қазақстанда жұмыс істейтін авторлық құқық қорғау жөніндегі қоғамдастықтармен сұхбат жүргізіп біздің елімізде интеллектуалдық меншікке құқыбұзушылық тең таралған тәжірибе деген қорытындыға келді. Елімізде шетел құқық иеленушілеріне ең ауыр тиеді,себебі оларға өздерінің құқықтарын дәлелдеу күрделірек, әсіресе егер олардың авторлық құқытары шетелде тіркелген жағдайда. Қазақстанда өкіметтерге сыбайлас жемқорлыққа және пираттыққа қарсы күресу қорлардың және қажетті тәжірибенің жетіспеуінен қиындыққа соқтырады.
Халықаралық тәжірибенің көрсетуінше әр мемлекеттің міндеті бұл - авторлардың құқықтарын бұзуға қарсы тиімді құқық қолдану жүйесін енгізу болып табылады. Бұл құқық иеленушілерге өз құқықтарын кесіп өтуге және шығындардың орнын толтыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әкімшілік және сот органдары иелердің ерекше құқықтарының заңды талаптарының кез - келген уақытта қостау керек [3;87б.].
Қазақстанда Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау келесі заңды актілермен: Азаматтық кодекспен, "Авторлық және сабақтас құқықтар туралы" заңмен, "Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауарларды шығару орнының аты", " Селекциондық табыстарды қорғау туралы", "Интегралдық микросұлбалардың топологиясын құқықтық қорғау туралы", сонымен қатар Қазақстан Республикасының Патенттік заңымен реттеледі.
Интеллектуалдық меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етуде сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі және әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексті қабылдау маңызды кезең болып табылады. Олар Интеллектуалдық меншік құқықтарымен байланысты қылмыстар және құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікті қарастырады.
Сонымен қатар, республикамызда "ҚР-ның ұлттық инновациялық жүйені дамыту және құрастыру жөніндегі 2005-2015 ж.ж. программа" қабылданды.
Әлемдік сарапшылардың көпшілігі авторлық құқықты сақтау бөлімінде қатаң ғаламтор - кеңістік мемлекеттік реттеу енгізілмеген елдерде сандық форматтағы музыкалық контрафактының бөлігі (мобильдік байланыс және ғаламтор)" 90-95%-ға жетеді деп пайымдайды. Егер мобильді контент бүгінгі күнде негізінде ресми таратылса, көбінесе ғаламдық желілерде ақтарылған музыкалық өнімдер заңсыз түрде тасымалданады.
Еліміздің де жағдайы осындай, әлемдік мұхитқа тура шыға алмайтын елде әрине пираттар көп болады. Ғаламтор желісін пайдаланатын әр отандық қолданушы еш қиындықсыз тек қазақстандық желі сигментінде кедергісіз ресми емес аудио көз мөлшерілік континентімен өлшеп табуға болады.
Бұл жұмыс авторлық және сабақтас құқық мәселелеріне арналған. Оның мақсаты-авторлық және сабақтас құқықтың сұрақтары халықаралық құқықтың деңгейінде және әртүрлі елдердің ұлттық заңнамаларында қалай шешілетінін көрсету, авторлық және сабақтас құқықтың түсінігін беру және қағидаларын қарастыру, авторлық қатынастардың құқықтық тұрғыда реттелуін, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтың объектілері мен субъектілерін қарастыру болып табылады.

1 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ
1.1 Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары

Авторлық құқық - азаматтық құқық институттарының бірі болып табылады. Онымен реттелетін мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар әдебиет, ғылым және өнер туындыларын шығарумен және пайдаланумен байланысты. Дербес жеке институт ретінде авторлық құқық нақты міндеттерді атқарады. Бұл міндеттерге автордың мүліктік, жеке мүліктік емес құқықтары мен заңды мүдделерін жан-жақты қорғау, ғылыми және көркем туындыларын шығару үшін анағұрлым қолайлы жағдайларды құқықтық әдіс - тәсілдер арқылы қамтамасыз ету, оларды қоғамның кеңінен пайдалану жатады. Объективтік мағынада авторлық құқық, ғылым, әдебиет және өнер туындыларын бұл шығару және пайдалану бойынша қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Субъективтік мағынадағы авторлық құқық - бұл әдебиет, ғылым және өнер туындыларын шығарған тұлғаларға тиесілі жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар.
Авторлық құқықтың қағидалары. Біздің авторлық құқыққа нақты бір жалпы қағидалар тән. Шығармашылық еркіндігі қағидасы, авторға шығаратын туындының, өзіне қызықты тақырыбын, нысанын, оны шығару әдісін таңдап алуға, өзінің туындысын барлық заңмен рұқсат етілген әдіс-тәсілдер бойынша пайдалануға мүмкіндік береді. Конституциялық заңнама ғылыми техникалық және көркем шығармашылық еркіндігін, ғылыми, зерттеу, ойлап құрастыру және рационизаторлық қызметтің анағұрлым кең ауқымда қолдану, әдебиет пен өнерді дамыту жолы арқылы кепілдік береді.
Автордың жеке мүддесін барлық қоғамның мүддесімен сәйкес келу қағидасы, автордың туындыларын жеке мұқтаждықты қанағаттандыру мақсатында пайдалануға жол береді. Яғни, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделіп отырғандай, автордың келісімінсіз және оған авторлық сыйақыны төлемей шығарылған туындыны жаңа, шығармашылық жеке туындыны шығару үшін пайдалануға болады.
Туындыны шығаруға және пайдалануға автордың моральдық және материалдық қызығушылығы қағидасы тәжірибеде моральдық көтермелеудің әртүрлі нысандары бар: құрметті атақ беру (еңбек сіңірген артист және т.б.), халықтың марапаттауына ие болған туындыны қайта шығару. Моральдық және материалдық көтермелеу болып ғылыми, әдебиет және өнер туындыларының авторларына әртүрлі мемлекеттік және атаулық сыйақы беру табылады. Әртүрлі туындылар үшін ауысымды ставка түріндегі авторлық сыйқыны белгілеу де материалдық ынталандырудың әдісі болып табылады.
Автордың құқықтары мен заңды мүдделерін жан-жақты қорғау қағидасы тек авторлық құқық қатынастарының қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін белгілейтін субъективтік құқықтарды жүзеге асыру кепілін бекітетін және мемлекеттік органдардың құзіретін анықтайтын құқық нормаларында ғана көрініс таппаған, сонымен қатар, ол бұзылған авторлық құқықтардың қорғауын қамтамасыз ететін құқық нормаларында да орын алған [4; 120-216 б.б.].
Қазақстан егемендік алғаннан бастап, дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, сол арқылы халықаралық қатынастарда өзіне сәйкес құқықтар мен міндеттерді қабылдап отыр. Солардың бірі зияткерлік меншікті қорғау. Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік Ұйымының мүшесі, сондықтан да зияткерлік еңбек әрбір азаматтың жеке мүліктік және мүліктік құқығы, немесе оның жеке меншігі.
Жалпы автор ол шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға болса, авторлық құқық - автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары болып табылады. Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу әдісі мен нысанына қарамастан шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет туындыларына қолданылады. Авторлық құқық жазбаша, ауызша, үнжазба немесе бейнежазба, бейнелеу, көлемді-кеңістікті сипатта жарияланған туындыларға да, жарияланбаған туындыларға да қолданылады. Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердің, әдістердің, жүйелердің, процестердің, жаңалықтардың, фактілердің өздеріне қолданылмайды. Жалпы авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер туындысына, оның жасалу дерегіне қарай туындайды[ 5;56 б.].
Авторлық құқық туралы заңнама.
Ғылыми және көркем туындылар аясындағы қарым - қатынастар жиынтығы авторлық құқық туралы заңнаманы құрайтын әртүрлі нормативтік актілермен реттеледі. Ол нақты бір бірлікпен сипатталады. Бұл бірлік барлық заң актілерінің міндеттері мен жалпы бағыттылығында, сондай-ақ онымен реттелетін қарым-қатынастар аясында және авторлық құқықты қорғау әдіс-тәсілдерінде көрініс табады. Авторлық құқық туралы заңнама-азаматтық заңнаманың құрамдас бөлігі. Азаматтық заңнаманың негізі мен азаматтық кодексте авторлық құқық өзі дербес жеке тарау болып қарастырылса да, онымен реттелетін қарым-қатынастарға бұл заңдардың басқа нормалары да қолданылады және жалпы нормалары ғана емес (мысалы, авторлық құқыққа ие бола алатын азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы), сонымен қатар бірқатар арнайы нормалар (мысалы, автордың кейбір құқылығын мұра бойынша ауысу кезіндегі мұрагерлік туралы, авторлық шарттарды жасасу және орындау кезіндегі шарттар туралы, авторлардың мүліктік құқықтарын қорғау кезіндегі шығындардың орнын толтыру және т.б.) [6; 112-116 б.б.].
Авторлық құқықтың нормалары республикалық маңызы бар әртүрлі заңды және нормативті актілерде көрініс табады. Азаматтық заңнаманың негізі барлық республикаларда біркелкі шешімді талап ететін сұрақтар бойынша қағидалық ережелерді бекітеді. Авторлық құқық негіздері бөлімі авторлық құқықтың объектілері ретінде туындылардың қорғау қабілеттілігінің критерийлеріне ғылыми және көркем шығармашылығы субъектілерінің құқықтарын, ғылыми және көркем шығармашылықтың нәтижесін пайдаланудың құқықтық сұрақтарын, авторлық құқықтың әрекет ету мерзімін жатқызады. Мұндай бірлік авторлық құқықты қорғау бойынша халықаралық конвенцияларға қатысу қажеттілігімен анықталған. Авторлық істер бойынша дауларды шешу кезінде 1986 жылы 18 сәуірде қабылданған КСРО Жоғарғы Сот Пленумының Авторлық құқық қатынастардан туындайтын дауларды шешу кезінде соттардың заңнаманы қолдану басшылық етуші қаулысы қолданылады.
Бұрынғы КСРО-ң басқа да субъектілері секілді Қазақстан Республикасы да авторлық құқықтарды қорғаудың халықаралық жүйесіне қатысады. Бұл КСРО-ң 1973 жылы Авторлық құқық туралы жалпы әлемдік (Женева) конвенциясына қосылумен байланысты болды. Жалпы әлемдік конвенция ұлттық режим қағидасынан бастау алады. Осы қағиданың арқасында әрбір қатысушы елде шетел авторларының туындылары, өз азаматтарының туындылары секілді бірдей қорғалады, яғни авторлық құқық туралы ұлттық заңнаманың ережелері қолданылады. Конвенция қорғалатын туындылардың болжамды тізімін береді. Бірқатар елдің заңнамасы осы жолмен келеді.
Әлемдік конвенцияда қорғалуға құқығы бар тұлғалар туралы мәселе тиянақты түрде шешілген. Оның ережелеріне сәйкес, Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің авторлық құқығы, олардың туындыларының алғаш рет жарық көрген орнына қарамастан қорғалады.
Конвенцияға қатысушы мемлекеттің аумағында туындылары алғаш рет жарық көрген, Конвенцияға қатыспайтын мемлекеттің азаматтарының авторлық құқығы да қорғалады. Жалпы әлемдік конвенция азаматтығы жоқ тұлғалардың авторлық құқықтарына қолданылады, себебі әрбір қатысушы мемлекет ішкі заңнамамен өзінің азаматтарының секілді, осы мемлекеттің аумағында тұрақты тұрып жатқан барлық тұлғалар да авторлық құқығын қорғау құқығына иеленеді. Сонымен қатар Жалпы әлемдік конвенция авторлық құқықтарды қорғауды ұсынудың шарттарына назар аударады: бірінші басылымнан бастап туындының барлық даналарына авторлық құқық иеленушінің атын, жарыққа алғаш рет шығу жылын арнайы белгілеу; арнайы процессуалдық талаптар, қорғау мерзімінің ұзақтығы және т.б.
Сондай-ақ мынаны атап өту қажет: әдеби және шығармашылық туындыларды қорғау туралы Халықаралық конвенцияның (Берн Конвенциясы) және орындаушы әдістердің, фонограмма дайындаушылардың және хабар таратушы ұйымдарының мүдделерін қорғау туралы конвенцияның анағұрлым көптеген қатаң ережелерін ескере отырып, (Рим конвенциясы) 1991 жылғы азаматтық заңнама негіздерінің нормалары, авторлық құқықтарды қорғауды кеңейту жолы бойынша одан әрі дамыды.
Авторлық құқық өзіндік ерекшелігі бар сала ретінде шығармашылық, интеллектуалдық еңбекпен айналысатын адамдардың мүддесін қозғайды. Авторлық құқық материалдық зат ретінде әдеби жазба мен бейнені қорғамайды, керісінше ол оның ішіндегі рухани өнімді, яғни шығарманы қорғайды [7; 40 б.].
Барлық интеллектуалдық әрекеттің негізінде авторлық жатыр. Ол туындыны шығару кезінде шығармашылық еңбекті көрсетеді.
Шығармашылық барлық ғылым саласында, әдебиетте және өнерде қоғамның ілгері жылжу күші болып табылады. Ғылымның, әдебиеттің және өнердің дамуы халықаралық өзіндік түсінушілікке жақсы ықпал етеді. Сондықтан авторлық құқық саласы мемлекеттер арасында жаңа қатынастардың пайда болуына негіз болады.
Авторлық құқық әдебиет, өнер, ғылыми туындылардың авторлары мен қоғам арасындағы қатынастарды реттейді. В.А.Дозорцев айтқандай: Шығарма жасауға байланысты әрекеттер идеологияны қалыптастыруға, адамды тәрбиелеуге бағытталған [8; 28б.].
Рыноктың экономикаға өтуі авторлық құқыққа да өз әсерін тигізді. Егер марксистік теория барлық ғылым негізінде соның ішінде азаматтық құқық негізінде болып құқықтың проприетарлы құрылымын шығармашылық нәтижеге бөлуге болмайтын болса, рыноктық экономикадағы заңдар интеллектуалдық меншікті қорғайды.
Авторлық құқық авторлар және аудио, видео, кітап өнімдерін шығарушылар, бұқаралық ақпарат құралдары, туындыларды орындаушылар, автор шығармасының өнімдерін таратушылар арасындағы қатынастарды реттейді. Осыған орай авторлық құқық кітап, аудио, видео өнімдерін шығарушылар, өсы өнімдерді таратушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының да мүдделерін қорғайды. Қазақтан өз тәуелсіздігін алғанға байланысты оның құқықтық өмірінде түрлі өзгерістер болды. Шығармашылық жұмыспен айналысуға жағдай жасалып жатыр. Республиканың әдебиет және бейнелеу өнімдерін қорғау туралы 1986 жылғы Берн конвенциясына фонограмма өнімдерін шығарушыларды осы өнімдерді заңсыз қайта шығарушылардан қорғау конвенциясына қосылу, оның шығармашылық қауымдастықтан өзіне лайықты орнын алуға ұмтылуын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы және интеллектуалдық меншіктің халықаралық ұйымы арасында шартқа қол қойылды. Негізгі халықаралық конвенцияларға қосылу және интелектуалдық меншіктің халықаралық ұйымымен шартқа қол қою, біздің мемлекетімізге халықаралық қауымдастықтағы авторлық құқық саласында үлкен мүмкіндіктер туғызады. Мемлекетіміз өз авторларымызды олардың туындыларын шет елдерде қолданған уақытта қорғау мүмкіндігін алды. Осыған қоса Қазақстан шет ел авторларының туындылары елімізде қолданылғанда, оларды қорғау міндетін өз мойнына алды. Жуық арада республикамыздың дүниежүзілік сауда ұйымы құрамына енуі Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатының басты бағыты.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудегі басты талаптардың бірі авторлық құқықты қорғау және тиісінше бұзылған авторлық құқықты қорғау. Осы экономикалық саяси және құқықтық жағдайда дүниежүзілік сауда ұйымы ережесіне сай 140-қа жуық мемлекет сауда-саттық қарым-қатынастарына түсіп отырғандықтан, Қазақстан дүниежүзілік сауда ұйымы бекіткен талаптарды бұлжытпай орындауы міндет.
Қазіргі таңда Республика Парламентінің жоғарғы палатасында Үкімет ұсынған О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам интелектуальной собственности заң жобасы талқылануда.
Заң жобасын талқылау интелектуалдық меншікке байланысты заң шегіндегі авторлық құқық заңы дүниежүзілік конвенцияға сәйкескендірілгелі жатқандығын көрсетеді.
Бірақ, менің ойымша Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы құрамына кіруіне байланысты мәселе шешіліп жатқанда,интеллектуалдық меншікке байланысты сұрақтарды реттейтін қылмыстық, әкімшілік және азаматтық құқық нормалары түпкілікті және нақты зерттелуі тиіс.
Жекелей келгенде Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінде интеллектуалдық меншік аясында құқық бұзушылық жасауға байланысты қарастырылатын жаза нормаларын бөлек бөлімге біріктіру. Себебі интеллектуалдық меншік шығарма авторының меншігі.
Бұл бөлімге мемлекет өміріндегі түрлі салаларда қолданылатын туындылар авторларының құқығын бұзуға байланысты көзделген жазаларды реттейтін нормалар енуі керек. Жекелей Қылмыстық Кодекстегі интеллектуалдық меншікке қарсы жасалған қылмысқа байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 184-бабы - көрінеу жалған жарнама беру Қылмыстық Кодекстің 198-бабы - тауарлық белгіні заңсыз пайдалану,199 - бабы - компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату ҚР ҚК-нің 227-бабы. Осы баптардың барлығы бір бөлімге біріктіру нормаларды бірыңғай түсіндіруге және интеллектуалдық меншік аясындағы құқық бұзушылықты бірыңғай саралауға мүмкіндік туғызады және интелектуалдық меншікті қорғау деңгейін көтереді.
Тауарлық белгі интеллектуалдық меншіктің объектісі болғандықтан Қылмыстық Кодекстің 199-бабына өзгерістер енгізіп, оны Қылмыстық Кодекстің 184-бабына сәйкестендіру керек.
Тәжірибеде ірі залал болғандығын дәлелдеу қиын болғандықтан ірі залал орнына ірі мөлшерде деп көрсету керек.
Залал мөлшеріне байланысты сұрақты шешу өте қиын. Себебі интеллектуалдық меншік объектілері материалдық негізбен қоса материалдық емес негізде де болады.

1.2 Авторлық құқықтың объектілері және объектілері болып табылмайтын туындылар

Авторлық құқық объектілері - туындылардың топтамасы. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 972-бабында айтарлықтай толық, бірақ сонымен қатар шектеусіз түрде берілген. Айта кететін болсақ, онда берілген туындылардың көбі бұрын да белгілі болған және КСРО-ның АК-нің 471-бабында көрініс тапқан. Бұрынғы авторлық құқықпен қорғалмаған, мүлдем жаңа объектілер болып қала құрылысының және бақ - парктік шаруашылықтың туындылары, қолданбалы өнер туындылары, ЭЕМ үшін бағдарламалар табылады.
ЭЕМ үшін бағдарламаларды авторлық құқықтың объектілерінің қатарына қосуға, осы объектілердің мәні және олардың интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелерінің арасындағы орны туралы әлемнің бірнеше елдерінің қатарында әдебиеттегі ұзақ пікірталас себепші болды. Әртүрлі елдердегі тәжірибе әртүрлі жолдардан өтті, кейбір елдерде бағдарламалар патенттік заңнамада қорғалды, ал екінші бір елдерде - аралас жүйе бойынша сараптама мен тіркеудің элементтерімен қорғалды. Бағдарламалардың иеленушілерін құқықтық қорғау және ұйымдастыру бойынша мамандар, заңнаманы қолдану тәжірибесін талқылау және анализ жасау нәтижесінде, авторлық құқық бұл объектілерді анағұрлым жедел және арзан тәсілмен қорғайды деген пікірге тоқталды [18; 60-61 б.б.].
Түсініктеме беріп отырған бөлім олардың сыртқы көрінісінің барлық элементтерін - мұндай бағдарламалардың мәтінін және олардың жазылу тілін, операциялық жүйені құрайтын бағдарламалардың үйлесімін, объектілік кодты қорғайды. Қорғаудың мұндай әдісінің осал жағының көрініс табуы, әрине орын алады - оның көмегімен, бағдарлама жазылған алгоритмдерді қорғау мүмкін.
Объектілердің тізімін кеңейтуден басқа, заң шығарушы оларды нақты бір жүйе бойынша тәртіппен орналастырған. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексініңнің 971, 972 -баптарында, істің мән-жайы бойынша, құқықтардың көрініс табу әдіс-тәсілдерінің және алдын ала келісіп алудың дәрежесінің белгілері бойынша объектілердің топтамасы берілген.
Яғни, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 971-бабына сәйкес:
1. Авторлық құқық шығармашылық қызмет нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына олардың бағытына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ оларды білдіру әдісі мен нысанына қарамастан қолданылады.
2. Авторлық құқық халыққа таратылған (жарияланған, жарыққа шыққан, басып шығарылған, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiкке көрсетiлген), сондай-ақ халыққа таратылмаған туындыларға қандай да бiр объективтi нысанда:
1) жазбаша (қолжазба, машинаға басылған, нота жазбасы және т.б.);
2) ауызша (көпшiлiк алдында айту, көпшiлiк алдында орындау және т.б.);
3) дыбыс немесе бейне жазу (механикалық, цифрлық, магнитті, оптикалық және т.б.);
4) бейнелеу (сурет, эскиз, картина, жоспар, сызба, кино, теле, бейне немесе фото кадр және т.б.);
5) көлемдiк-кеңiстiктi (мүсiндеме, модель, пакет, құрылыс және т.б.);
6) өзге де нысандарда қолданылады.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған белгiлерi бар және дербес пайдаланылуы мүмкiн туындының бiр бөлiгi (оның атауын, кейіпкерлердің атауларын қоса) авторлық құқық объектiсi болып табылады.
4. Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң жеке өздерiне қолданылмайды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы 1996 жылғы 10 маусым №6-1 Заңының 6-бабында бұл туралы айтылған.
Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.
1) жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол сияқты);
2) ауызша (көпшiлiк алдында айтушылық, көпшiлiк алдында орындаушылық және сол сияқты);
3) үнжазба немесе бейнежазба (механикалық, сандық, магниттiк, оптикалық және сол сияқты);
4) бейнелеу (сурет, нобай, көркемсурет, жоспар, сызба, кино, телебейне немесе фотокадрлар және сол сияқты);
5) көлемдi - кеңiстiктi (мүсiн, үлгi, макет, ғимарат, және сол сияқты); 6) өзге де нысанда жария болған да (жарияланған, жарыққа шыққан, баспадан шыққан, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiк алдында көрсетiлген), жарияланбаған да туындыларға қолданылады.
3. Заңның осы бабының 1-тармағында аталған белгiлерi бар және дербес қолдануға болатын туынды бөлiгi (оның атауымен, кейiпкерлердiң атауларымен қоса) авторлық құқық объектiсi болып табылады.
Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң өздерiне қолданылмайды.
Туындыға деген авторлық құқық туынды жасалған материалдық объектiнi меншiктену құқығымен байланысты емес.
Қандай да болсын материалдық объектiге меншiк құқығын немесе иелену құқығын беру, осы Заңда көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, осы объектiде көрсетiлген туындыға авторлық құқықтың берiлуiне әкеп соқпайды делінген.
Ал Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 972-бабына сәйкес, авторлық құқық объектiлерiнiң түрлерiне мыналар жатады:
1. Авторлық құқық объектiлерi мыналар болып табылады:
1) әдеби туындылар;
2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
3) сценарийлiк туындылар;
4) хореография және пантомима туындылары;
5) мәтiндi немесе мәтiнсiз музыкалық туындылар;
6) аудио-бейне туындылар ;
7) кескiндеме, мүсiн, графика туындылары мен басқа да бейнелеу өнерiнiң туындылары;
8) қолданбалы өнер туындылары;
9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары;
10) фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас әдiстермен алынған туындылар;
11) географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты карталар, жоспарлар, эскиздер, безендiрмелер мен үш өлшемдi туындылар;
12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
13) өзге де туындылар.
2. ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау кез келген тiлде және кез келген нысанда көрсетiле алатын, оларға негiзгi мәтiнді және объектiлiк кодты қоса алғанда, ЭЕМ (оның iшiнде операциялық жүйелер) бағдарламаларының барлық түрлерiне қолданылады.
3. Авторлық құқық объектiлерiне, сондай-ақ:
1) туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйiндеулер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық аранжировкалар және ғылым, әдебиет пен өнер туындыларының басқа да қайта өңделiмдерi);
2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және басқа да iрiктелу және (немесе) материалдардың орналасу бойынша шығармашылық еңбек нәтижесі болып саналатын құрастырылған туындылар жатады.
Туынды және құрастырылған шығармалар оларға негіз болған немесе олар қамтыған шығармалардың авторлық құқық объектілері болу - болмауына қарамастан авторлық құқықпен қорғалады.
Авторлық құқықтың аталған объектілерінің әрбіреуі көптеген түрлер бойынша - олардың нысаны, жанры, қолдану аясы бойынша саралануы мүмкін. Мысалы, әдеби туындылар көркем, ғылыми, оқу және тағы да сол сияқты сипатта болуы мүмкін. Кейбір туындылар заңда алғаш рет тура көрсетіледі (мысалы, комикстер). Алайда барлық аталған және аталмаған түрлер, олар шығармашылық қызметтің нәтижесі болып табылғанда және белгілі бір объективті нысанда көрініс тапқанда ғана, авторлық құқықтың объектілері бола алады. Тек тәжірибелік маңызы бар және құқықтық қорғау ерекшелігіне байланысты ЭЕМ үшін бағдарламалар, интегралдық микросхемалардың топологиясы қосымша түсініктемені қажет етеді [ 19; 223 б.].
Сонымен қатар, туындыларды туынды (аудармалар, аннотациялар, рефераттар және т.б.) және құрамдас (энциклопедиялар, антологиялар және т.б.) деп бөлу заңды көрініс тапқан. Дербес өзінің туындыларын шығаратын авторлардың жеке қабілеттерінің қайталанбайтындығының нәтижесінде, авторлық құқықтың объектілері әрдайым нақты болып келеді. Оған қоса кейбір шығармашылық дербес туындылар басқалармен үйлесімді түрде байланысып, олардың жаңа сыртқы нысанын құрайды. Мұндай туындылар - туынды деп аталады. Оларға аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйіндемелер (резюме), қойылымдар, оранжировкалар және т.б.ғылым, әдебиет және өнер туындыларының қайта өндеулері жатады.
Туынды туындылардан басқа авторлық құқықтың объектісіне, сондай-ақ жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар және т.б.) және материалдарды жинау немесе орналастыру бойынша шығармашылық еңбектің нәтижесін көрсететін басқа да құрамдас туындылар жатады.
Құрамдас туынды - материалдарды iрiктеп алу және (немесе) орналастыру бойынша шығармашылық қызметтiң нәтижесiн бiлдiретiн туындылар мен басқа да материалдардың жинағы (энциклопедия, антология, деректер базасы). Одан басқа, бұлар, авторлық - құқықтық қорғаудың объектілерінің дербес түрлері, дербес туындылар және бұлар негізделген туындылар авторлық құқықтың объектілері болып табыла ма, әлде жоқ па, оған байланысты емес. Құрамдас туындылар авторлық құқықтың объектілері болып табылмайтын басқа мәліметтерден және материалдардан тұруы мүмкін.
Авторлық құқықтың объектілері болып табылмайтын туындылар. Заң дәстүрлі түрде авторлық құқықтың объектілері болып табылмайтын туындылардың шеңберін қарастырады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 974-бабына сәйкес, оларға мыналар жатады:
1) ресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, заң шығару, әкiмшiлiк, сот және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтiндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары;
2) мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгiлерi және өзге де мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлер);
3) халық шығармашылығының туындылары;
4) ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактiлер туралы хабарлар.
Авторлық құқықтың обектілерін алдында қарағанда және берілген мәтінінен көріп отырғанымыздай, ең алдымен сөз ресми құжаттар төнірегінде қозғалып отыр. Болжамды тізімі мәтіннің бірінші бөлігінде берілген объектілер, ресми құжаттың барлық талаптарына сай болуға тиіс және оны қабылдаған орган туралы мәліметтермен қамтылуы тиіс. Құжатты қабылдау актісінің өзі берілген органның құзыретіне сәйкес болуы қажет. Бұл шарттар орындалмағанша дейін, сөзді құжаттар туралы емес, авторлық құқықты қорғайтын, олардың жобалары туралы қозғауға болады. Заңнамада қандай аудармаларды ресми деп санауға болатын түсінік қамтылмаған. Біздің ойымызша, ресми аударма деп берілген құжатты қабылдаған органмен жүзеге асырылған немесе дұрыстығы мемлекеттік нотариуспен расталған аударма танылады. Сонымен, жоғарыда айтылғандарға қоса мынаны ескеру қажет: заңдарды, сот шешімдерін, әкімшілік және т.с.с. актілерді жүйелендіру бойынша шығармашылық еңбек авторлық құқықты қамтиды. Сондықтан туынды және құрамдас туындылар, олар авторлық құқықтың объектілері болып табылмайтын туындыларға негізделсе де, авторлық қорғалады [20; 56 б.]. Жалауларға, елтаңбаларға, ордендерге, ақша белгілеріне авторлық құқықтың қолданылмауы толығымен түсінікті - өзінің мәні бойынша бұл заттар мемлекеттік ықпалға ие және барлық халыққа тиесілі болуға тиіс, сондай-ақ белгілеу немесе еңгізу туралы заңды актіде арнайы бекітілген тәртіппен пайдалануға жатады. Яғни жоғарыда аталған заңды немесе ақша белгілерін пайдалану мүмкіндігін, олардың жобасын жазған немесе эскизін салған тұлғалардың қарауына байланысты қоюға болмайды. Сондықтан заңның, елтаңбаның, жалаудың авторы деген сөзді пайдалануды, авторлық құқықтық мағынада емес, тікелей тұрмыстық мағынада түсіну қажет [21; 650 б.].
Сонымен қатар, Өзге мемлекеттік рәміздер мен белгілер деген анықтама түсініктемені қажет етеді. Бұл жерде сөз жоғарғы лауазымды тұлғалардың штандарттары (мысалы, ҚР Президентінің штандарты), ресми таңбалар, бақылау және қадағалау органдарының белгілері (әртүрлі инспекциялардың, кеден органдарының, мемлекеттік авиакомпаниялардың және т.б. мемлекеттік стандарты және сертификаттары) туралы болып отыр.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 975-бабына сәйкес, ресми құжаттардың, мемлекеттік рәмiздер мен белгiлердiң жобаларына авторлық құқыққа жобаларды жасаған адам (жасаушы) ие болады.
Ресми құжаттардың, рәмiздер мен белгiлердiң жобаларын жасаушылар, егер оны жасауға тапсырма берушi оған тыйым салмаса, ондай жобаларды жариялауға құқылы. Жобаны жариялаған жағдайда оны жасаушылар өз есiмiн көрсетуге құқылы.
Жобаны, жасаушының келiсiмiнсiз, егер бұл жобаны автор жарияласа немесе тиiстi органға жiберсе, оны ресми құжат дайындау үшiн құзыреттi органның пайдалануы мүмкiн.
Ресми құжаттарды, мемлекеттік рәмiздердi немесе белгiлердi жобаның негiзiнде дайындаған кезде оған ресми құжатты, мемлекеттік рәмiздi немесе белгiнi дайындауды жүзеге асырушы орган өз қалауы бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзуi мүмкiн.
Құзыретті орган жобаны қабылдағаннан кейін ол әзірлеушінің есімі көрсетілмей-ақ және авторлық сыйақы төленбестен пайдаланылуы мүмкін.
Авторлық - құқықтық қорғауды халық шығармашылығының туындыларына ұсынбау да толығымен түсінікті. Біріншіден, мұндай шығармашылықтың субъектісін анықтау мүмкін емес, екіншіден, қазіргі туындылардың авторларына халық шығармашылығының оң әсерін шектеуге болмайды, керісінше оны жан-жақты қолдау керек. Ресми құжаттар, рәміздер және белгілер де (ҚР АК-нің 975-бабы) авторлық құқықтың мүлдем жаңа объектілері болып табылады және сондықтан объектілердің жалпы тізімінен шығарылып, жеке дербес баптармен реттеледі [22; 255 б.].
Ресми құжаттардың жобасының мәртебесі туралы сұрақ, соңғы жылдары КСРО-ң бұрынғы республикаларындағы, жаңа егемен елдердің заңнамалық жұмыстарының дамуымен байланысты. Нәтижесінде бірқатар елдердің ғалым - заңгерлерінің күшімен, кейбір мәселелердің дұрыс заңи шешімдері, сондай-ақ альтернативті ұсыныстар мен толық нормативтік актілер пайда болды. Кейбір жағдайларда ұсынылған шешімдер олардың әріптестерімен басқа елдердің заңшығарушылық процесінде ұятсыз қолданылды. ҚР АК-нің 975-бабы, авторлық құқықты жобаны дайындап өндеуші тұлғаға бекіте отырып, бұл саладағы мәселелердің алдын алуға айтарлықтай тұрарлық.
Сонымен қатар, автор жобасын құзыретті органға бергенде немесе оны ашық басылымға жариялағанда, құзыретті органның жобаны пайдалану үшін, сондай-ақ құжаттың мазмұнын өзгерту үшін өндеушінің келісімінің болуы презумпциясы қолданылады. Берілген норманың үшінші бөлігі қарым-қатынастардың ресми деңгейі өсетін және өндеушінің есімін атауды қажет етпейтін уақыттың, сондай-ақ жағдайдың көрсетілуін қамтиды. Құзыретті органның (Парламенттің, Үкіметтің, Министрліктің немесе ведомствоның) жобаны мақұлдау сәті, авторлық құқықтың объектілері болып табылмайтын туындылар туралы ҚР АК-нің 974-бабын құжатқа қолдану мүмкіндігін және авторлық құқықты жүзеге асыру шегін белгілейді.
Авторлық құқық, сондай-ақ, идеяларға, әдіс-тәсілдерге, процестерге, жүйелерге, амалдарға, концепцияларға, принциптерге, жаналықтар ашуға және фактілерге таралмайды. Берілген авторлық құқықты шектеу, мемлекеттік мүддемен емес (заңдармен және ордендермен секілді), авторлық құқықтың аталған жетістіктердің тиісті қорғауын қамтамасыз ете алмауымен келісілген. Идеяларды, әдіс-тәсілдерді және т.с.с. жетістіктерді тікелей қорғау, берілген жетістіктерді қатаң нысаншылдыққа бой ұру мен қорғау құжатын (патенттік-құқықтық модель бойынша) беру шеңберінде ғана мүмкін. Ал қорғау құжатын берудің өзі, авторлық құқықтың функцияларына кірмейді.
Сонымен, ақпараттық сипатқа ие оқиғалар мен фактілер туралы хабарламалар, авторлық құқықтың объектісінің шығармашылық сипатының басты талаптарына сай келмейді. Шынымен де, ауа-райы болжамында, валюталардың курсы туралы ақпаратта және тағы басқа шығармашылықтың элементі жоқ. Алайда мұндай оқиғалар мен фактілердің апталық немесе басқадай мерзімді көрінісі, егер болған оқиғалар бойынша констатациядан басқа анализ, басқа тұлғалардың авторлық бағасы орын алса, авторлық құқықтың объектісі бола алады.
Келесі кезекте авторлық құқықтың қолану аясына келер болсақ, Қазақстан Республикасының Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңының 5-бабына cәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында жарияланған не жарияланбаған, бiрақ авторлардың немесе олардың құқықтық мұрагерлерiнiң азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында қандай да болсын объективтi нысанда болатын туындыларға қолданылады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бiрақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi қандай да болсын объективтi нысандағы туындыларға қолданылады және Қазақстан Республикасының азаматтары - авторлары және олардың құқықтық мұрагерлерi деп танылады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бiрақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi қандай да болсын объективтi нысандағы туындыларға қолданылады және авторлардың (олардың құқықтық мұрагерлерiнiң) - шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес авторлық құқығы бар деп танылады.
Егер туынды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алғаш жарияланған күннен кейiнгi отыз күн iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында жарияланса, ол Қазақстан Республикасында жарияланды деп саналады.
Қазақстан Республикасы аумағында туынды халықаралық шарттарға сәйкес қорғалатын болған жағдайда туындының авторы авторлық құқықты алуға негiз болған iс-әрекет немесе мән-жай орын алған мемлекеттiң заңы бойынша анықталады.
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес, егер ол Қазақстан Республикасы бекiткен тиiстi халықаралық шарттың ережелерi бойынша айқындалатын туындының шыққан елiнде авторлық құқықтың осы елде белгiленген қолданылу мерзiмiнiң бiтуiнiң салдарынан қоғам игiлiгiне айналмаса және авторлық құқықтың қолданылу мерзiмiнiң бiтуiнiң салдарынан Қазақстан Республикасында қоғамның игiлiгiне айналмаса, туындыға қорғау берiледi [23; 112-124 б.б.].

1.3 Авторлық құқықтың субъектілері
Авторлық құқықтың субъектісі болып заң немесе келісім шарт бойынша авторлық құқыққа ие, ғылыми, әдеби және өнер туындыларының шығарушылары, олардың құқық иеленушілері немесе жұмыс берушілер мен басқа да тұлғалар табылады.
Авторлық құқық субъектісі ретінде жеке тұлғалар секілді заңды тұлғалар да бола алады. Соңғысына әдетте газет, журналдар баспасы және басқа да кейбір құрамды шығармалар, аудиовизуалды шығарманы дайындаушылар және қызметтік шығарманың авторына жұмыс берушілер жатады.
ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңының 9-бабына сәйкес, ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу фактiсiне қарай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшiн туындыны тiркеу, туындыны өзге де арнайы ресiмдеу немесе қандай да болсын шарттылықты сақтау талап етiлмейдi. Өздерiнiң айрықша мүлiктiк құқықтары туралы хабарлау үшiн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Авторлық шартты рәсімдеу
Қазақстан Республикасындағы авторлық құқыққа салыстырмалы анализ және түсінік
Авторлық құқықтың ұғымы және құқықтық қатынастардың реттелуі
Сабақтас құқық туралы жалпы түсінік
Авторлық құқықтың субъектілерінің түсінігі
Авторлық құқықтың обьектісі мен субьектісі
Интеллектуалдық меншік объектілеріне айрықша құқықтар
Авторлық құқық тарихы
Автордың мүліктік құқықтары
Интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне жалпы сипаттама
Пәндер