Тауарлы-материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
I.ТАУАРЛЫ.МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР (ТМҚ) 5
1.1 Тауарлы . материалдық қорларды анықтау мен жіктеу 5
1.2 ТМҚ қозғалысының есебі және оларды құжаттау 7
1.3. Материалдардың номенклатурасы 12
II. ТАУАРЛЫ.МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ БУХГАЛТЕРИЯДАҒЫ ЕСЕБІ 14
2.1 Тауарлы материалдық қорлар есебі және оның түрлері 14
2.2 Материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі 28
2.3 ТМҚ түгендеу тәртібі 32
ҚОРЫТЫНДЫ 35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 37

Өзімнің курстық жұмысымда мен тауарлы-материалдық қорлардың есебі жөніндегі тақырыпты ашып көрсеткім келеді. Өйткені қазіргі кезде қорлар көптеген кәсіпорындар мүлкінің құнының ауқымды бөлігін құрайды. Сонымен қатар кейбір салаларда өндірілген өнімнің өзіндік құнына жұмсалған материалдық ресурстар шығындары 90%-ға дейін жетеді. Тағы бір айта кетерлік мәселен: өндірістік қорлар еңбек заты бола тұрып, еңбек құралдары мен жұмыс күші арқылы кәсіпорынның өндірістік үрдісін қамтамасыз етеді. Өндірістік қорлар өндіріс циклінде толығымен тұтынылады және өз құнын өндірілетін өнімнің құнына аударады. Өндіріс үрдісінде материалдар әрқалай қоланылады. Кейбіреулері өндіріс үрдісінде толық пайдаланылып (шикізат және материалдар), басқалары тек өзінің сыртқы пішінін өзгертіп (бояулар, т.с.с.), тағы біреулері дайын өнімнің құрамына еш өзгеріссіз кіргізіліп (қосымша бөлшектер), ал басқа түрлері ішкі құрамына да, салмағына да қосылмай тек өнім өндіруге қатыстыру арқылы қолданылады.
Тауарлы-материалдық қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Осыған орай курстық жұмыста мынадай талаптар қойылады:
1.Тауарлы-материалдық қордың ұғымы және бағалау тәртібін қарастыру.
2.Тауарлы-материалдық қордың қозғалысын құжаттық рәсімдеу және есепке алу сұрақтарын зерттеу.
3.Тауарлы-материалдық қор есебін жетілдіру жолдарын анықтау.
4. Тауарлы – материалдық қорлардың есебі және оның түрлері.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – тауарлы-материалдық қор есебін ұйымдастыру мен оны одан әрі жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. «Бюллетень бухгалтера» 2011 жылғы басылым.
2. ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру жөнінде» Заңы.
3. Қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттары.
4. Кеулімжаев Қ.К, Құдайбергенов Н.А. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» Оқулық – Алматы: Экономика, 2009 – 384 бет.
5. Кеулімжаев Қ.К, Әжібаева З.Н, Құдайбергенов Н.А «Бухгалтерлік есеп принциптері» Оқу құралы – Алматы: Экономик’С, 2010 – 360 бет.
6. Мырзалиев Б.С , Әбдішүкіров Р.С. М 91 «Кәсіпкерлік қызметте бухгалтерлік есепті ұйымдастыру» Оқу құралы – Алматы: «Заң әдебиеті» 2009 – 163 бет.

Есеп және аудит 1211-31
Қаден Айбат
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
I.ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР (ТМҚ) 5
1.1 Тауарлы - материалдық қорларды анықтау мен жіктеу 5
1.2 ТМҚ қозғалысының есебі және оларды құжаттау 7
1.3. Материалдардың номенклатурасы 12
II. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ БУХГАЛТЕРИЯДАҒЫ ЕСЕБІ 14
2.1 Тауарлы материалдық қорлар есебі және оның түрлері 14
2.2 Материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі 28
2.3 ТМҚ түгендеу тәртібі 32
ҚОРЫТЫНДЫ 35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 37
КІРІСПЕ
Өзімнің курстық жұмысымда мен тауарлы-материалдық қорлардың есебі жөніндегі тақырыпты ашып көрсеткім келеді. Өйткені қазіргі кезде қорлар көптеген кәсіпорындар мүлкінің құнының ауқымды бөлігін құрайды. Сонымен қатар кейбір салаларда өндірілген өнімнің өзіндік құнына жұмсалған материалдық ресурстар шығындары 90%-ға дейін жетеді. Тағы бір айта кетерлік мәселен: өндірістік қорлар еңбек заты бола тұрып, еңбек құралдары мен жұмыс күші арқылы кәсіпорынның өндірістік үрдісін қамтамасыз етеді. Өндірістік қорлар өндіріс циклінде толығымен тұтынылады және өз құнын өндірілетін өнімнің құнына аударады. Өндіріс үрдісінде материалдар әрқалай қоланылады. Кейбіреулері өндіріс үрдісінде толық пайдаланылып (шикізат және материалдар), басқалары тек өзінің сыртқы пішінін өзгертіп (бояулар, т.с.с.), тағы біреулері дайын өнімнің құрамына еш өзгеріссіз кіргізіліп (қосымша бөлшектер), ал басқа түрлері ішкі құрамына да, салмағына да қосылмай тек өнім өндіруге қатыстыру арқылы қолданылады.
Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары - бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып, тауарлы-материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды.Ұлттық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес, тауарлы-материалдық қорлар бұл: шикізат қорлары, материалдар, ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, тауарлар түріндегі активтер.
Тауарлы-материалдық қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Осыған орай курстық жұмыста мынадай талаптар қойылады:
1.Тауарлы-материалдық қордың ұғымы және бағалау тәртібін қарастыру.
2.Тауарлы-материалдық қордың қозғалысын құжаттық рәсімдеу және есепке алу сұрақтарын зерттеу.
3.Тауарлы-материалдық қор есебін жетілдіру жолдарын анықтау.
4. Тауарлы - материалдық қорлардың есебі және оның түрлері.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - тауарлы-материалдық қор есебін ұйымдастыру мен оны одан әрі жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.
I.ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР (ТМҚ)
1.1 Тауарлы-материалдық қорларды анықтау мен жіктеу
Тауарлы - материалдық қорлар (ТМҚ) - өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толығымен аударады.
Қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттарына сәйкес ТМҚ-ға мыналар жатады:
* шикізат, материал, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен құрамдас бұйымдар, құрылғылар мен тетіктер, отын, ыдыс (қап, қорап, жәшік, т.б.) және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған басқа да материалдық қорлар;
* аяқталмаған өндіріс;
* субъектінің іс - әрекеті барысында сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар.
Материалдар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін ғылыми негізделген жіктемені, есеп бірлігін таңдау мен бағалау өте маңызды.
Материалдық қорлар былайша жіктеледі:
* Негізгі материалдар - шығарылатын өнімге заттық негіз жасап, оның материалдық негізін (ұн - нан пісіргенде, тері - аяқ-киім тіккенде, ағаш - жиһаз өндірісінде) құрайды;
* Көмекші материалдар - өндірілетін өнімге белгілі бір қасиеттер дарытады (мысалы, бояулар, желімдер, лактар және т.б.).
Сонымен қатар материалдар синтетикалық шоттар бойынша (типтік шоттар жоспарына сәйкес) мынандай топтарға жіктеледі:
* 1310 Шикізат пен материалдар шотында - субъектіге тиісті, өндірілетін өнімнің негізін құрайтын немесе оны өндіруге қажетті негізгі компонент болып табылатын негізгі материалдар (бұған құрылыс материалдары да кіреді) мен шикізаттардың, өнім өндірісіне қатысатын немесе шаруашылық қажеттіліктеріне, техникалық мақсаттарға, өндірістік процестерге жәрдемдесу үшін тұтынылатын қосалқы материалдардың, қайта өңдеуге арналған ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты бары мен қозғалысы есептеледі.
* 1311 Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен жиынтықтаушы бұйымдар шотында - сатып алынған жартылай фабрикаттардың, шығарылатын өнімді (құрылысты) іріктеп жинақтау үшін өндірістік кооперация тәртібімен алынатын дайын іріктеп жинақталатын бұйымдар (оның ішінде құрылыс құрылғылары (конструкциясы) мен детальдары да бар) нақты бары мен қозғалысы ескеріледі, олар өңдеу немесе жинау бойынша шығын шығаруды талап етеді және дайындалатын материалдық негізін құрайды.
* 1312 Отын шоты - көлік құралдарын пайдалануға, өндірістік технологиялық қажеттіліктеріне арналған мұнай өнімдерінің (мұнай, дизельдік отын, керосин, бензин және басқалар), электр қуатын өндіру және ғимаратты жылытуға қажетті, қатты (көмір, торф, отын және басқалар) және газ тәрізді отын, өндіріс қалдықтары мен қатты отын ретінде (үгінді, жоңқа) екінші рет пайдаланылатын қайталама материалдардың нақты бары сонымен бірге қозғалысын есепке алуға арналған.
* 1313 Ыдыс және ыдыстық материалдар шотында - ыдыстардың барлық түрінің (ыдыс, қап, күбі, бөшке, қорап, жәшік және т.б.) (шаруашылық мүлкі ретінде пайдаланылатындардан басқасы), сондай-ақ ыдысты дайындау мен оны жөндеуге (жәшіктерді жинауға қажетті тетіктер, бөшкені жөндеу, қалақ, бөлшектер, темір құрсаулар және т.б.) арналған материалдар мен тетіктер есептеледі. Вагондарды, биржаларды, кемелерді тиелген өнімді сақтауды қамтамасыз ету мақсатымен қосымша жабдықтауға арналған керек-жарақтар.
* 1314 Қосалқы бөлшектер шоты - жөндеу жұмыстарын жүргізуге, машиналар мен құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының бөлшектерін ауыстыруға арналған, негізгі іс-әрекетке қажеттіліктеріне алынған немесе дайындалған бөлшектердің, сондай-ақ запастағы және айналымдағы автомобиль шиналарының нақты бары мен қозғалысын есептеуге арналған. Мұнда толық жинақты машиналардың, жабдықтардың, қозғалтқыштардың (двигательдердің), түйіндердің, агрегаттардың субъектінің жөндеу шеберханаларында, техникалық айырбас пунктері мен жөндеу зауыттарындағы айырбас қорларының қозғалысы назарға алынады.
* 1315 Өзге де материалдар шотында өндіріс қалдықтары (ағаш кесінділері, қиындылар, жаңқа және т.б.) түзетілмейтін ақау, негізгі құралдарды есептен шығарғанда қалған бөлшектер есепке алынады.
* 1316 Қайта өңдеуге берілген материалдар шоты басқа жаққа өңдеуге берілген және олардан алынған бұйымның өзіндік құнына кіретін материалдардың қозғалысы ескеріледі. Басқа жақтағы субъектіге төленген материалдарды өңдеу бойынша шығындар өңдеуден алынған бұйымдар есептелетін шоттардың дебетіне тікелей жатқызылады.
* 1317 Құрылыс материалдары мен басқалар шотын субъект салушылар қолданады. Мұнда тікелей құрылыс, монтаж жұмыстарында қолданылатын материалдардың құрылыс детальдарын жасау үшін, үйлер мен ғимараттардың конструкциялары мен бөліктерін салу, тұрғызу, өңдеу үшін, құрылыс конструкциясы мен детальдары, сондай-ақ құрылыс тіліктері үшін (жарылғыш заттар және т.б.) қажетті тауарлы-материалдық қорлардың бар-жоғы мен қозғалысы ескеріледі.
1.2 ТМҚ қозғалысының есебі және оларды құжаттау
Кәсіпорындар мен ұйымдарда материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар ұйым бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасайды. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін уақыты көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жабдықтау бөлімі шартта көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Ол үшін материалдарды алып келген тасымалдау көлігінің жолдама құжаты, теміржол жүкқұжаты (накладная), көліктік жүкқұжаты, жабдықтаушыдан келген басқа да құжаттар алдымен жабдықтау бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде, яғни жабдықтау бөлімінде келген құжаттар Келген жүкті есептеу журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келетін экспедиторға береді. Сонымен қатар экспедиторға материалдарды алу үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүкқұжаттары мен сенімхатты алғаны үшін журналға қол қояды.
Жабдықтау бөлімі келген материалдарды қабылдап алуды да қадағалап отырады. Ол үшін жоғарыда аталған журналға материалдардың қабылданған уақыты (күні, айы, жылы) мен ол үшін толтырылған құжаттың атын (үлгілі түрі) және нөмірін жазады. Жабдықтаушы мекемеден және жүк тасымалдаушы ұйымдардан материалдарды немесе жүктерді алу үшін кәсіпорыннан тағайындалған экспедиторға немесе жүкті алатын басқа адамға сенімхат беріледі. Сенімхат Берілген сенімхаттарды есептеу журналына тіркелуі керек және сол сенімхатты алған адам осы журналға қол қояды. Кейіннен олар осы журналға сенімхатта көрсетілген материалдарды алған уақытын (күні, айы, жылы), кіріс ету құжатының нөмірін жазады. Қоймаға қабылданған материалдық қорларға жауапты адам сол күні Кіріс ету ордерін бір дана етіп толтырады.
Жабдықтаушы ұйым ТМҚ-ды автомобиль көлігі арқылы жеткізіп беретін жағдайда жіберілетін материалдарға 4 дана етіліп Тауар-көлік жүкқұжаты (накладная) толтырылады. Оның бірінші данасы жіберілген материалдарды есептен шығару үшін материалдарды жіберушіде қалдырылады; екінші, үшінші және төртінші даналары материалдарды жіберуші (босатушы) ұйымның мөрі (мөртаңбасы) және лауазымды адамдардың қолымен расталып, сондай-ақ жүкті қабылдап алған жайлы көлікті жүргізушінің қолы қойылып жүргізушіге тапсырылады.
Жүргізуші тауар көлік жүк құжатының екінші данасын материалдарды қабылдап алушы ұйымға тапсырады. Бұл құжаттың негізінде ұйым келгенматериалдарды кіріске алады.
Құжаттың үшінші және төртінші даналары материалдарды қабылдап алғанын растайтын құжат ретінде ұйымның мөрі (мөртаңбасы) басылып және тиісті адамдардың қолдары қойылып, жүкті тасымалдаушы автомобиль көлігі тіркелген ұйымға тапсырылады.
Кейіннен ол құжаттың үшінші данасы материалдық құндылықтарды тасымалдауғатапсырыс берген ұйым ғатасымалдау құнын төлеуге табыс етілетін шотқа негіздеме ретінде қосылып беріледі.
Құжаттың төртінші данасы автомобиль көлігінің жол қағазына (путевой лист) тіркеліп, жүргізушіге еңбекақы және автомобиль көлігінің атқарған жұмысына сәкес түрлі есептеулер есептеу үшін пайдаланылады.
Егер келіп түскен материалдардың нақты саны, көлемі, сапасы онымен келген құжаттағы дерекке сәйкес келмесе Қабылдау актісі жасалынады. Сонымен қатар Қабылдау актісі жіберу құжатынсыз келген материалдарға толтырылады. Бұл акт екі етіліп міндетті түрде материалдарды қабылдап алған кісінің және материалдарды жіберген жабдықтаушы кәсіпорын өкілінің қатысуымен, егер де жабдықтаушы ұйымның ешқандай өкілі болмаған (келмеген) жағдайда бұл ұйымға ешқандай қатысы (мүдделігі) жоқ ұйым өкілінің (адамның) қатысуымен жасалады. Материалдарды қабылдап болғаннан кейін бұл актінің бір данасы материалдармен бірге келген жөнелтпе құжатымен бірге қабылданған маетриалдарды есепке алу үшін ұйымның бухгалтериясына, ал екінші данасы кәсіпорынның жабдықтау бөліміне келіп түскен материалдардың жетіспейтіндігін жабдықтаушы ұйымға хабарлау үшін табыс етеді. Кәсіпорындар мен ұйымдарға жаңылыс келіп түскен немесе ұйымның алудан бас тартқан материалдары уақытша қабылданып, бөлек жиналады. Ондай материалдар Кіріс ордері бойынша қабылданып, баланста Уақытша сақтауда тұрған материалдық қорлар деп аталатын шотта есептелінеді.
Материалдар кәсіпорындар мен ұйымдардың ішіндегі цехтарына, бөлімшелеріне, өзінің аумағы сыртындағы шаруашылықтарына, сондай-ақ басқа ұйымдарға материалдарды босату (ішкі ауыстыруды) Талап ету жүкқұжаты бойынша босатылады.
Материалдарды босату (ішкі ауыстыруды) Талап ету жүкқұжаты екі данада жазылып, оған бас бухгалтердің немесе ол сенім білдірген тұлғаның қолы қойылуы арқылы шешіледі.
Егер материалдар қоймадан кәсіпорынның өзінің шаруашылықтарына (цехтарына, бөлімшелеріне) босатылатын жағдайда матриалдарды босатуды Талап ету жүкқұжатының бір данасы материалдарды алушыға беріледі де, ал екінші данасы қоймада қалдырылып, кейіннен бухгалтерияға тапсырылады. Бұл жағдайда толтырылатын құжаттарды материалдарды босататын қойманың (цехтың) сол материалдарға жауапты тұлғасы толтырады.
Үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды бұзғаннан, бөлшектегеннен алынатын іске жарамды материалдарды кіріске алу үшін акт толтырылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірісінде жиі пайдаланылатын материалдық құндылықтар үшін толтырылатын талап ету қағаздарының санын кемітіп, есеп жұмысын жеңілдету үшін және материалдарды өндіріске босату лимитінің сақталуына ағымдағы бақылау жүргізу үшін шектеулі-заборлық (шектеу карталары) карталарды қолдануға болады. Шектеулі-заборлық карта бойынша ұйымның қоймасынан босатылатын материалдардың санын (көлемін), ол материалдар арқылы өндірілетін өнімнің және оның біреуіне жұмсалатын материалдардың көлеміне қарап экономикалық жоспарлау бөлімі есептеп шығарады. Шектеулі-заборлық карта бойынша материалдар онда көрсетілген мөлшер шегінде ғана босатылады. Онда қаралған материалдардан артық өндіріске керек болған материалдар бөлек талап ету қағазы бойынша босатылады. Шектеулі-заборлық картаның негізіне сүйене отырып, өндіріске босатылатын материалдарды қойманың есебінен шығарады. Шектеулі-заборлық карта қоймадан бір ай бойы босатылатын материалдарға жасалынады. Бұл картада шығарылатын өнімнің, шығынның немесе тапсырыстың коды көрсетілуі тиіс. Шектеулі-заборлық картаның бір данасы жаңа айдың басына дейін материалдарды алатын цехқа немесе бөлімшеге, ал екінші данасы материалдарды босататын қоймаға табыс етіледі. Материалдар қоймадан өндіріске цехтың өкілі өзіндегі шектеулі - заборлық картаны әкелгенде ғана босатылады.
Қоймашы шектеулі - заборлық картаның екі данасына да материалдардың босатылған уақыты (күні, айы, жылы) мен олардың санын номенклатуралық нөмірі бойынша жазады. Содан кейін шектеулі - заборлық картаның цехтағы данасына қоймашы, ал қоймадағы данасына цех басшысы немесе оның өкілі қол қояды. Материалдарды есептеуге осы күнгі санайтын машиналар пайдаланылған жағдайда толтырылатын алғашқы құжаттардың санын азайту үшін қоймадан босатылатын материалдарды тікелей қойманың карточкасына жазу жүйесін де қолдануға болады. Бұл жағдай материалдарды қоймадан босатуға ешқандай құжат жазылмайды. Шектеулі-заборлық картаға барлық бір дана болып жазылатын бухгалтерлік құжаттар негізделініп жасалады. Материалдарды босату лимитін қоймадағы картаның өзінде де көрсетуге болады. Цехтың өкілі материалдарды алған кезде қоймашының есептеу карточкасына, ал қоймашы цехтың шектеулі-заборлық карточкасына қол қояды. Сондай-ақ шектеулі-заборлық карточкада өндірісте пайдаланылмай қоймаға қайтарылып берілген материалдар да есептелінеді. Қоймадағы есеп карточкасына материалдардың әрбір номенклатуралық нөмірі бойынша босатылғаны, қоймада қалғаны, материалдарды цехқа әрбір босатқан уақыт сайын немесе шектеулі-заборлық картаны жапқаннан кейін, бірақ келесі айдың біріне дейін жазылып отырылуы тиіс. Бұл жағдайда шектеулі-заборлық картаны қоймалық есептің тиісті карточкаларымен бірге сақтау керек. Лимитті пайдаланып болғаннан кейін қоймадағы шектеулі-заборлық картаның қорытынды дерегі шектеулі-заборлық кртаның цехтағы данасымен салыстырылады. Егер бұл шектеулі-заборлық картадағы деректер өзара сәйкес болса, екі жақтың өкілдері, яғни қоймашы мен цех өкілі деректердің дұрыстығын мақұлдап қол қояды.
Айдың аяғында шектеулі заборлық картада көрсетілген материалдардың
пайдаланылған - пайдаланылмағанына қарамастан барлық шектеулі-заборлық карталар бухгалтерияға тапсырылады.
Сонымен, ТМҚ-мен байланысты операциялар жүргізген кезде мына құжаттар қолданылады: тасымалдау көлігінің жолдама құжаты, теміржол жүкқұжаты (накладная), көліктік жүкқұжаты, Келген жүкті есептеу журналы, сенімхат, Берілген сенімхаттарды есептеу журналы, Кіріс ету ордері, тауар-көлік жүкқұжаты, қабылдау актісі, материалдарды босату (ішкі ауыстыруды) Талап ету жүкқұжаты, шектеулі-заборлық карта, т.б.
1.3. Материалдардың номенклатурасы
Материалдардың есебін дұрыс ұйымдастыру үшін материалдардың дұрыс номенклатуралық тізімі мен баға көрсеткішін дайындаған дұрыс.
Материалдардың номенклатурасы - өндірісте пайдаланатын материалдардың белгілі бір түрлеріне олардың аты, сапасы, мөлшері, тағы да басқа көрсеткіштері бойынша жасалған жіктеу тізімін айтады. Номенклатуралық тізімде әр материалдың дұрыс аты, оған берілген номенклатуралы нөмірі мен өлшем бірлігі көрсетіледі. Сонымен қатар номенклатуралық тізімде әрбір материалдың бухгалтерлік есепте есептелетін бағасы көрсетіледі. Сондықтан номенклатуралық тізімді номенклатуралық баға көрсеткіші деп те атайды. Кәсіпорындар мен ұйымдарда пайдаланатын материалдар номенклатуралық тізімде, әдетте белгілі бір өздерінің топтары бойынша және ішкі топтары аттары, сапалары немесе мөлшерлері бойынша жіктеліп көрсетілуі тиіс. Әрбір топқа тиісті сан жүйесі яғни шифр беегіленеді. Шифр жүйесіндегі сандық белгілер саны әрбір топқа жататын материалдар санына байланысты. Материалдарға берілген шифрлар бұл материалдар жазылған алғашқы құжаттарда, есеп тіркелімдерінде және әр түрлі кестелерде көрсетілетін болғандықтан, есеп қызметінің жұмысын жетілдіру үшін сан жүйесінің (цифрлардың) және оның цифрларының аз болуы ыңғайлы әрі дұрыс болады. Материалдарға шифрлар тағайындағанда сол шифрдан материалдың қай шотқа, сондай-ақ қандай аралық шотқа жататынын көрсететіндей етіп тағайындау керек. Материалдардың номенклатуралық нөмірін жеті цифрдан құрастыру ыңғайлы болып табылады. Оның алдыңғы үш цифры шоттың келесі екі цифры қай топқа жататынын көрсетсе, соңғы екі цифры материалдардың осы топ ішіндегі реттік санын көрсетеді. Номенклатуралық нөмірді бес саннан да құрастыруға болады. Ол жағдайда оның алдыңғы бірінші цифры шоттың келесі екі цифры қай топқа жататынын, ал соңғы екі цифры материалдың топ ішіндегі реттік санын көрсететіндей болып тағайындалуы керек. Номенклатуралық баға көрсеткіштерінде материалдар өздерінің статистикалық есеп берудегі қаралған тізімдердегі тәртібі бойынша топталғаны дұрыс. Номенклатуралық тізімде материалдың әр тобы бойынша жаңадан алынатын материалдарға бос орын және реттік сан қалдырылады. Егер бағаларында көп айырмашылық болмаса бір номенклатуралық нөмірге түрлері бір тектес, бірақ бағасы мен сортында аздап айырмашылығы бар материалдарды біріктіруге болады. Бұл жағдайда олардың есептеу бағасы орташа бағаға сәйкес тағайындалады. Материалдарға қойылатын номенклатуралық нөмірі, өлшем ол материалдың барлық кіріс-шығыс құжаттарында, қоймадағы есеп карточкасында және материалдық есеп беруде көрсетіледі. Егер ұйымдарға кейбір материалдар басқа өлшем бірлігімен келіп түссе ондай материалдар номенклатуралық нөмірде көрсетілген өлшем бірлігі бойынша қайтадан саналып кіріске алынады. Материалдардың номенклатуралық баға көрсеткіші, әсіресе материалдар есебін оперативтік қалдық тәсілін қолдану арқылы жүргізгенде
өте тиімді.
II. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ БУХГАЛТЕРИЯДАҒЫ ЕСЕБІ
2.1 Тауарлы материалдық қорлар есебі және оның түрлері
Тауарлы материалды құндылықтар - бұл тауарлы материалдық өнім өндіру барысында өзінің өзіндік құнын бірден өндірілетін өнімге беретін немесе өзіндік құнын бірден жоятын кәсіпорынның мүлкін айтамыз.
Өндіріс прцесіне еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлары еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек заттары өндіріс процесіне бір рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып,өнімнің өзіндік құнын құрайды.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өзінің өндірген дайын бұйымдары сату үшін, сатып алған тауарлары, сатып алған, бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары, аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстары орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдар, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары, сол ұйымның тауарлы материалдық құндылықтар түріндегі ағымдағы активі болыптабылады.
Олардың өндіріс құралдарынан өзгешілігі, өндіріс құралдары шаруашылық процесіне ұзақ уақыт өзінің табиғи пішінін сақтай отырып, өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланған кезде бастапқы құнды түгелдей өндірілген өнімге ауыстырады.
Материалдық құндылықтарды есепке алудың алдында мынадай негізгі міндеттер тұрады: босалқыларды кіріске дер кезінде және толық есепке алу, сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау; босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау; Көліктік-дайындау шығындары (КДШ) мен дайындалған құндылықтардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау; көлік дайындау шығындарын өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау; ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық қосалқыларды сату, сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді жинау.
Өндіріс процесінде өнім өндіру және қызмет көрсету үшін керекті жағдайлардың бірі - еңбек заттары. Олардың өндіріс құралдарынана өзгешілігі, өндіріс құралы өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінен табиғи пішінін сақтай отырып, өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының жартысынан артығы еңбек заттарының құнынан тұрады. Еңбек заттары өндірістік қор болып табылады. Материалдық құндылықтардың есебі Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің № 7 стандартына сәйкес жүргізіледі.
Материалды есептеудің негізгі міндеттері:
* Дайындалған, келіп түскен, босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.
* Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.
* Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерде артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.
* Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған нормасын және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.
* Материалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.
* Дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу. Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді. Материалдардыңтүгел және дұрыс сақталынуы және ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасау қажет:
* Тиісті түрде жабдықталған материалдық құндылықтарды сақтайтын қойма немесе бөлме бодуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек.
* Материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын текскруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.
Шаруашылық субъектісінің әкімшілігі материалдарды сақтайтын жерді таразымен, өлшеу аспаптарымен және ыдыстармен жабдықтап және оларды жиі тексеріп, дұрыстығын қадағалап отыруы керек. Сондай-ақ, шаруашылық субъектісінің басшысы материалдарды қабылдайтын және босататын адамдардың топтарын белгілеп, олармен материалдарға жауапкершілік туралы шарт жасасу керек. Материалдарға жауапты адамның жұмысқа алынуы, жұмыстан босатылуы алдын ала келісілуі қажет. Материалдарды кіріске алу және қоймадан босату құжаттарына қол қою құқығына ие болған қызмет иелерінің тізімін белгілеу де субъекті басшысының немесе ол сенім білдірген адамның жұмысы болып табылады.
Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:
* Материалдардың бірыңғай номенклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу;
* Құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке алу мен есептен шығару операцияларының тәртібін сақтау;
* Бірыңғайланған алғашқы есеп құжаттарының формалар түрлерін белгілеу және олармен шаруашылық субъектісінің барлық бөлімін қамтамасыз ету.
Шикізаттар - бұрын азды - көпті еңбек сіңірілген заттарды айтады. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдері(мұнай, руда, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар)жатады.Негізгі материалдардың қатарына өңдеуші өнеркәсіп өнімдері (ұн, мата, кірпіш тағы да басқалар) жатады. Шикізаттар мен негізгі материалдар өндірілген өнімнің негізін құрайды. Өндірістік процестің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар - жартылай фабрикаттар дер аталады. Материалдардың бұл түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алған шаруашылық субъектісі онв әрі қарай өңдейді. Сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған шаруашылық субъектісінің өзінің өндірген еңбек заттарының қатарында есептелінеді. Жартылай фабрикаттар қатарына құрылыс ұйымдарында - бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда - шойын мен болатты жатқызуға болады.
Көмекші материалдарға - әртүрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және жөңдеуге керекті басқа да материалдар жатқызылады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешілігі олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды. Олар өндіріс процесінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандай да бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін және тағы да басқажақтарын өзгертеді. Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді (известь) жатқызуға болады.
Материалдық құндылықтарының ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары, тағы да басқалар есептелінеді. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй-жайларды жылытуға пайдаланылатын материалдардың барлық түрі жатқызылады. Материалдарды есептеуді ұйымдастыру.
Субъектілердің қаржы - шарушылық қызметі бас шоттар кестесінің екінші бөлімінде Материалдар шоттары жүргізіледі:
Материалдар мен шикізаттар - шотта өндірілетін өнімнің құрамына кіріп, оның негізін жасайтын немесе өнімді дайындағанда оның керекті құрастырушысы болып табылатын шикізаттар мен негізгі материалдардың, өнім өндіруге қатысатын немесе шаруашылық қызметіне, сондай-ақ техникалық мақсатқа пайдаланатын, өнім өндіру процесіне әсер ететін материалдардың шаруашылық субъектісіндегі есебі, олардың кіріске алынуы мен есептен шығарылуы есептелінеді.
Жартылай фабрикаттар - шығарылатын өнімді жинақтау үшін сатылып алынған өңдеуді керек ететін жартылай фабрикаттардың, жинақтауыш бұйымдардың, бөлшектердің шаруашылық субъектісіндегі есебі жүргізіледі.
Отын - тасымалдау құралына пайдаланатын, сондай-ақ өндірістің технологиялық қажетіне, энергия өндіруге және үйді жылытуға пайдаланатын (мұнай өнімдері мен фтор, газ, көмір тағы да басқа) отындардың қалдығы және кірісі мен шығысы есептелінеді. Бұлардың өзі технологиялық және шаруашылықтық (жанармай) болып бөлінеді.
Ыдыс және ыдыстық заттар - ыдыс және ыдыстық материалдардың барлық түрлерінің, (шаруашылық құралы ретінде пайдаланатындардан басқасы) сондай-ақ ыдыстарды өндіріп шығаруға және оларды жөндеуге арналған материалдар мен бөлшектердің шаруашылық субъектісіндегі бары, кіріске алынуы мен шығыс етілу есебі жүргізіледі. Жабдықташы, өткізуші немесе саудамен айналысатын шаруашылық субъектілері тауарлар салынған ыдыстарды Сатып алынған тауарлар шотында есептейді.
Қосалқы бөлшектер - шотта шаруашылық субъектісінің пайдалануындағы машиналар мен жабдықтарды, тасымалдау құралдарын және тағы сол сияқтыларды жөндеуге, мүжілген жерлерін ауыстыруға арналған қосалқы бөлшектердің кірісі мен шығысы және қалдығы есептелінеді.
Басқада босалқылар - өндіріс қалдықтары, түзетілмейтін өндіріс ақаулары, шаруашылық субъектісінің өзінде материал, отын немесе қосалқы бөлшек ретінде пайдалануға жарамайтын есептен шығарылған негізгі құралдарды бұзғаннан алынған материалдар, металл сынықтары және шотта көрсетілген материалдардан басқа материалдық құндылықтардың есебі жүргізіледі.
Қайта өңдеуге берілген материалдар - қайта өңдеу үшін басқа шаруашылық субъектісіне берілген, келешекте өңдеуден алынған бұйымның өзіндік құнының құрамына кіретін материалдар есептелінеді.
Құрылыс материалдары - тікелей құрылыс салуға және монтаж жұмыстарына, сондай-ақ құрылыс бөлшектерін дайындауға пайдаланылатын материалдар және құрылыс қажетіне керекті басқадай материалдар есептеледі.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары өз өндірісіне қажетті тұқымдарды, отырғызылатын көшеттерді, мал азығын дайындаудағы тыңайтқыштарды, ауыл шаруашылық дақылдарын дайындауда зиянын тигізетін жәндіктермен күресу үшін пайдаланылатын улы химикаттар мен дәрі - дәрмектерді және тағы да басқа материалдарды 1350 - шотында есептейді.
Шаруашылық субъектісінде материалды - техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар субъекті бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлщем бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасайды.
Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін уақыты көрсетіледі. Шаруашылық субъектісінің жабдықтау бөлімі шартта көрсетілген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz