Өндіріс шығындарының түрлері және оларды есепке алу әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
I. ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
ЕСЕПКЕ АЛУ ӘДІСТЕРІ 6
1.1 Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру 6
1.2 Көмекші өндірістің шығындарының есебі 14
1.3 Негізгі өндіріс шығындарының есебі 15
1.4 Үстеме шығындардың есебі 18
II. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ 22
2.1 Өнімнің өзіндік құнын есептеу және есептеудің түрлері 22
2.2 Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын есепке алудың
қарапайым әдісі 26
2.3 Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын есепке алудың
тапсырыстық әдісі 28
ҚОРЫТЫНДЫ 31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 33
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Өндіріске жұмсалған шығындар өнім өндіру, жұмыс орындау және қызмет көрсету шығындарын қамтыса, өндіріс шығындары сату шығындарын қоса қамтиды. Бұдан туатын тұжырым алдымен өндіріске жұмсалған шығындар материалдандырылып, актив ретінде нақты өзіндік құны бойынша тіркеліп, дайын өнім (қызмет, жұмыс) түрінде болашақта табыс әкелу қасиетіне ие болады.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі.Алдымен шығындардың сыныпталуын қарастырмай тұрып отандық және ТМД елдерімен алыс шетелдердің авторларының шығындардың жіктеу тәртіптеріне және оларға берген анықтамаларына назар аударуды талап етеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Өндіріс шығындарына тоқталатын болсақ, кәсіпорын шығындары – мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Өндіріс шығындарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығындарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.т. функцияларымен тікелей байланысты.
Зерттеу жұмысының міндеттері. Өндіріс шығындарын есепке алу, өнімнің өзіндік құнын есептеу үшін мынадай міндеттерді орындау керек:
- Өндіріс шығындарының басым бөлігі қоғамдық тауарды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағыттау;
- Өндірістік залал есебін ұйымдастыру т.б.
Зерттеу нысаны. Қазақстан Республикасындағы өндіріс шығындарының есебі.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасы Конституциясы басқа да заңдар мен нормативтік құқықтық актілер мен әлемдік экономика ғылымының классиктерінің, Ресей және Қазақстандық ғалым-экономистер мен маман-практиктердің еңбектері, қарастырылып отырған мәселеге байланысты әр түрлі нысандағы есептілік мәліметтері қолданылған.
Ақпараттық базасы. Курстық жұмыста ғылыми конференциялар мен кезеңдік баспалар материалдары кеңінен қолданылды. Сонымен бірге осы қарастырылып отырған мәселеге тиесілі шеңберіндегі арнайы материалдарға, жалпы экономикалық және құқықтық әдебиеттерге жүгініп негізделінген.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1. Басқару есебі, 2008
2. Бухгалтерлік ақпарат жүйелері // 2010
3. Бухгалтерлік есеп және аудит, Алматы – 2009
4. Инвестициялық институттардағы бухгалтерлік есеп// Алматы – 2008
5. Кәсіпорындағы сауданы ұйымдастырудағы бухгалтерлік есеп, Бухгалтерлік есеп және аудит // N 8, 2012
6. Кеулімжаев //Бухгалтерлік есеп принциптері// Алматы – 2009
7. Корреспонденция счетов//Алматы, 2010

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Есеп және аудит 1211-31
Қуанова Мейрамгүл

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
I. ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
ЕСЕПКЕ АЛУ ӘДІСТЕРІ 6
1.1 Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру 6
1.2 Көмекші өндірістің шығындарының есебі 14
1.3 Негізгі өндіріс шығындарының есебі 15
1.4 Үстеме шығындардың есебі 18
II. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ 22
2.1 Өнімнің өзіндік құнын есептеу және есептеудің түрлері 22
2.2 Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын есепке алудың
қарапайым әдісі 26
2.3 Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын есепке алудың тапсырыстық әдісі 28
ҚОРЫТЫНДЫ 31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 33

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Өндіріске жұмсалған шығындар өнім өндіру, жұмыс орындау және қызмет көрсету шығындарын қамтыса, өндіріс шығындары сату шығындарын қоса қамтиды. Бұдан туатын тұжырым алдымен өндіріске жұмсалған шығындар материалдандырылып, актив ретінде нақты өзіндік құны бойынша тіркеліп, дайын өнім (қызмет, жұмыс) түрінде болашақта табыс әкелу қасиетіне ие болады. Өндіріске жұмсалған шығындардың табыс әкелу қасиеті шығынның жұмсалу мақсатынан туындайды. Жұмсалған кез келген шығынның бағытына қарай белгілі бір түпкілікті мүддені көздейтіні, мақсаттың болатыны белгілі. Ал өндіріске жұмсалған шығындардың түпкілікті мақсаты ұйымға табыс әкелу. Бұл жерде дайын өнім өндіру мен қатар оның сапалы болып өндірілу мақсаты қоса көзделеді. Өйткені өндіріске жұмсалған шығындарды өтеп үстінен табыс түсіру үшін өнімнің сапалы болуы басты мақсат болса, табыстың көлеміне тікелей байланысты өндіріске жұмсалған шығынның нормаланған мөлшердегі көлемінің сақталуы негізгі мақсаттардың бірі болып табылады.
Шығын деген ұғымды түсіну үшін, ең алдымен оның пайда болу себептерін, табиғатын, олардың бағыттарын, мақсатын, негізгі шешетін мәселелерін, шаруашылық үрдістерінің сатыларындағы атқаратын қызметімен, рөлін анықтап алудың маңызы зор.
Алғашқы шығын, ұйымды әділет министрлігінен тіркеуге өткізуге байланысты туындап, шаруашылықтың бухгалтерлік балансында материалдық емес активтер бабынының құрамында ұйымдастырылу шығындары ретінде көрсетіліп өтетінін ескерсек, шығындардың пайда болу табиғатының шаруашылық үрдісінің жабдықтау, өндіріс, өткізу (сату) сатыларының шеңберінен кең екенін байқаймыз.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі.Алдымен шығындардың сыныпталуын қарастырмай тұрып отандық және ТМД елдерімен алыс шетелдердің авторларының шығындардың жіктеу тәртіптеріне және оларға берген анықтамаларына назар аударуды талап етеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Өндіріс шығындарына тоқталатын болсақ, кәсіпорын шығындары - мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Өндіріс шығындарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығындарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.т. функцияларымен тікелей байланысты.
Зерттеу жұмысының міндеттері. Өндіріс шығындарын есепке алу, өнімнің өзіндік құнын есептеу үшін мынадай міндеттерді орындау керек:
- Өндіріс шығындарының басым бөлігі қоғамдық тауарды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағыттау;
- Өндірістік залал есебін ұйымдастыру т.б.
Зерттеу нысаны. Қазақстан Республикасындағы өндіріс шығындарының есебі.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасы Конституциясы басқа да заңдар мен нормативтік құқықтық актілер мен әлемдік экономика ғылымының классиктерінің, Ресей және Қазақстандық ғалым-экономистер мен маман-практиктердің еңбектері, қарастырылып отырған мәселеге байланысты әр түрлі нысандағы есептілік мәліметтері қолданылған.
Ақпараттық базасы. Курстық жұмыста ғылыми конференциялар мен кезеңдік баспалар материалдары кеңінен қолданылды. Сонымен бірге осы қарастырылып отырған мәселеге тиесілі шеңберіндегі арнайы материалдарға, жалпы экономикалық және құқықтық әдебиеттерге жүгініп негізделінген.

I. ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ӘДІСТЕРІ
1. Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру

Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру бухгалтерлік шоттар мен шығындарды топтастырудан тұрады. Оған мынадай факторлар ықпал етеді:
* кәсіпорынның қызмет түрі;
* кәсіпорын басқарудың ұйымдық құрылымын қабылдауы;
* кәсіпорынның құқықтық түрі;
* шығарылатын өнім көлемі.
Өндірістік есепті ұйымдастыру шығын есебінің объектісі болып кәсіпорынның белгілі бір топтасуын қарастырады.Мұндайда: шығындарды түрі, пайда болған жерлері, жауапкершілік орталықтары мен шығынды көтерушілер бойынша есептеу болуы мүмкін. Түрлер бойынша шығын есебі. Бұл шығынды қорытынды бақылау үшін қажетті шарт, ол кәсіпорынға өндірістік өнімнің өзіндік құн құрылымын - өзіндік құнның кейбір элементтерінің өндіріс шығындарының жалпы құнына проценттік ара қатынасын есептеуге, өзіндік құнды төмендету бойынша қолда бар резервтерді айқындауға мүмкіндік береді. Өнімнің өзіндік құнына кірген шығындардың түрлері 7 Тауарлық-материалдық қорлар есебі атты Бухгалтерлік есеп стандарттары және оған Өнімнің (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) өзіндік құнына кіретін шығындардың құрамы мен жіктелуі атты әдістемелік ұсыныстармен белгіленеді, бұлар- материалдық шығындар, еңбекті өтеуге шыққан шығыстар, әлеуметтік салық аударымдары, қосымша шығыстар.
Шығындарды пайда болған жерлері бойынша есептеу. Шығындардың пайда болатын жері - кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі, жұмыс орындары, участкелері, бригадалар, цехтар кәсіпорын бөлімдері мен т.б. Мұндай әрбір учаскеге кәсіпорынның пайда болған орын номенклатурасында белгіленетін өз тіркеу номері беріледі.
Бұл есеп кәсіпорын басшылығына мыналарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұтастай кәсіпорынның да, оның құрылымдық бөлімшелерінің де жұмысы тиімділігін ықпалды және жан-жақты бақылау өнімінің өзіндік құнын калькуляцияда қажетті; өнімнің жекелеген түрлері арасындағы қосымша шығындарды бөлу.
Жауапкершілік орталықтары жөніндегі есептің мақсаты- жауапкершілік орталықтары бойынша шығындар мен табыс туралы мәліметтерді сметадан ауытқуды жауапты адамға арту үшін жинақтау. Жауапкершілік орталықтары бойынша нақты мәліметтерді қысқа уақыт аралығында жасалатын смета орындау жөніндегі есепте бухгалтер-талдаушы көрсетеді. Олардан жауапкершілік орталықтарының басшылары шығыстың әр түрлі баптары бойынша сметадан ауытқушылықтар туралы ақпарат алады.
Әкімшілік шығындарды қандай аспектіде жіктеу, шығын пайда болған жерлерді қаншалықты жан-жақты оларды жауапкершілік орталықтарымен ұштастыру керектігін өзі шешеді.
Көтерушілер бойынша есеп. Технология мен өнім сипатына байланысты бұйымдар мен жартылай өнімдер, біртекті бұйым топтары, бір аттас немесе жек жасап шығаратын бұйым сериялары, құрылыс объектілері, құрылыстың біткен кезеңдері, көрсетілген қызмет түрлері шығынды көтерушілер болады.
Егер кәсіпорында біртекті өнім бірдей негіздегі шикізатпен материалдан жасалса және мөлшерімен, жаңғыртып жетілдіруімен (модефикациясымен) айрықшаланса, онда кәсіпорынның шығынды көтерушілер сайын ең аз шамада азайтуға мүмкіндік пайда болады, соған орай, калькуляциялау амалын қарапайымдандыруға болады.
Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыруда екі ұйымдастырушылық аспект бар: қолданылатын бухгалтерлік шоттар жүйесі мен шығындарды топтастыру тәсілдері. Мұндай есепті ұйымдастыруға мына факторлар әсер етеді: қызмет түрі; басқару құрылымы, кәсіпорын мөлшері, ұйымдастыру-құқықтық пішін және т.б.
Техникалық көзқарас өндірістік шығындардың тұрғысынан басқару есебін аналитикалық есеп деп қарайды. Шоттардың жұмыс жоспарын жан-жақтылау дәрежесі басшылардың басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат қажеттілігіне байланысты.
Басқару есебін ұйымдастыру, сонымен қатар есеп объектісіне байланысты, дәлірек айтқанда, түрлері, пайда болу орындары және жауапкершілік орталықтарына қалай айқын топтасуын көздейді.
Кәсіпорындардың жекелеген өндірістік бұйымдары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірістік өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша, көмекші болып бөлінеді.
Негізгі өндірісте кәсіпорын шығаратын өнімдер сондай-ақ өнімді сатуға және тұтынуға арналған жартылай фабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндірістерді өнімнің дайындалуына тікелей қатыспайды , бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді.
Қосымша цехта негізгі өндіріс қалдықтарын іске асыруға себебеін тигізеді.Өндірістік бухгалтерлік есебінің 8 - ші бөлім шоттарында есептелінеді, яғни:
8010 - негізгі өндіріс,
8011 - қосалқы өндіріс,
8012 - көмекші өндіріс,
8034 - үстеме шығындары жатады.
Өндіріс шығындарына мынадай шығындардың құрамы жатқызылады:
1. материалдық шығындар;
2. жалақы шығындары;
3. жалақыдан аударылатын аударымдар;
4. үстеме шығындар.

Өндірістік шығындардың жіктелімі:
1. шығындардың туындайтын орындарына байланысты;
2. қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша;
3. шығындар өнімнің өзіндік құнына ену тәсілі бойынша тікелей және жанама болып бөлінеді.
4. өндіріс шығындары көлеміне қатысты бөлінеді.
Шығындар басқару қызметіне байланысты коммерциялық және әкімшілік болып бөлінеді.
Негізгі өндіріс шығындары бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары бойынша 8-бөлімшеде есепке алынады. Оның құрамына мынадай шығындар элементтері жатады:
8012 - негізгі өнімдегі материалдық шығындар,
8012 - негізгі өнімнің жұмысшылардың еңбекақысы,
8013 - еңбекақыдан есептелетін аударымдар,
8014 - үстеме шығындар.
Бухгалтерлік есепте негізгі өндіріс шығындары бойынша мынадай корреспонденциялық шот қойылады:


Дт
Кт
1
Негізгі өндіріске материалдық құндылықтар есептен шығарылады
8012

2
Негізгі өндіріс жұмыскерлерінің еңбек ақысы есептелінеді.
8013
4230
3
Есептелінген еңбекақыдан әлеуметтік салық есептелінеді.
8013
3140
4
Өз меншігіндегі көмекші өндірісінің қызметі қабылануы
8014
8024
5
Жыл соңында шығындар элементтері жинақтаушы
8010
8012-8014
6
Жыл соңында құн бойынша негізгі өндідістен дайын өнім алынады.
8010
1210

Көмекші өндіріс - негізгі өндірістегі өнімдер үшін, қызметтер үшін қолайлы жағдай жасайтын өндірісті айтамыз, бұларға жататындар: электростанциялар, сумен жабдықтау, механикалық цех, автотранспорт т.б.
Бұл шоттар активті 8030-шы шот бұл көмекші өндірістің жинақтаушы шоты болып табылады. Бұған мынадай шығын элементтері жатқызылады:
8031 - көмекші өндірістегі материалдық щығындар;
8032 - көмекші өндіріс еңбекақысы;
8033 - еңбекақыдан аударылатын аудырымдар;
8034 - үстеме шығындар;
8035 - басқалары.
Үстеме шығындар - негізгі өндірісте және көмекші өндірісте жұмыстарды ұйымдастыру мен басқарумен байланысты шығындар жатады. Үстеме шығындар типтік шоттар жазғанда 9 - шы есептелінеді. 8410 шот - бұл жалпылама шот, бұның құрамына мына шығындар элементтері кіреді:
8041 - материалдық үстеме шығындар;
8043 - еңбекақыдан аударымдар;
8044- негізгі құралдарды жөндеу;
8045 - негізгі құралдардың тозуы.
8046 - тұрғын үй қызметі;
8047 - жалдық төлемдер;
8048 - басқалары.

Кәсіпорын -- түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.
Кәсіпорынның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді.

Кәсіпорын өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай

Негізгі өндірістер

Қосымша өндірістер

Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу -- машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.

Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау т.б.).

Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.
Қосалқы цехтар (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен айналысатын цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші өндірістерде пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді.
Бұдан басқа кәсіпорында қызмет көрсететін өндірістер мен кәсіпорын ұжымының тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын шаруашылықтар (тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, моншалар, кір жуатын орындар) болады. Бұл кәсіпорындар өнімді дайындауға, сондай-ақ басқа да тарапта жұмыстарды атқаруға немесе қызмет керсетуге өз септігін тигізеді. Өндірістік есепті дұрыс ұйымдастыру кез-келген кәсіпорын үшін маңызы зор.
Өндірістің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің тұрпатына (типіне) байланысты болады. Өндіріс жеке-дара, сериялық және жаппай өндіріс болып үш топқа (тұрпатқа) бөлінеді.
Шешімді қабылдау үшін ақпараттарды жинаған кезде белгілі бір шешім типтерін қабылдау үшін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал кейбіреулері үшін сол шығындар ескерілмеуі мүмкін. Шын мәнінде, өндірістік шығындар көптеген белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:
* шығындардың туындайтын (пайда болатын) орындары (өндірістер, цехтар, учаскелер) бойынша; өндіріс тізбесі (соның ішінде өндеуі) бойынша, ал олар шығындарды есепке алу мен жоспарлау кезінде субъектінің есеп саясатында анықталғандай етіп бөлінеді;
* қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша; өндіріс шығындары жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына немесе біртектес өнім топтарына енеді;
* шығындар өнімнің өзіндік кұнына ену тәсілі бойынша; тікелей -- өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген өнім түрлерін өндірумен байланысты болып; жанама -- өнімнің өзіндік құнына таратылып бөлінетін, яғни бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты болып бөлінеді;
* өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты екіге бөлінеді: айнымалы
* шығарылған өнімнің көлемі өзгеруімен шығынның да өсуі немесе азаюы мүмкін (негізгі материалдар мен шикі заттың шығысы, технологиялық энергия мен отын, өндіріс жұмысшыларының жалақысы және т.б.); тұрақты
* өнімнің шығару көлемі өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар (өндіріс ғимараттарын жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар, негізгі кұралдардың амортизациясы);
* шығыстар түрі бойынша (баптары және элементтері бойынша); экономикалық элементтер бойынша шығындарға: материалдық шығындар; еңбек ақы шығындары; еңбек ақыдан аударылатын аударымдар; негізгі құралдардың амортизациясы (тозуы); басқа да шығыстар кіреді.

Шығындар басқару қызметі (функциясы) бойынша:
* өндірістік (өндіріс процесінің барысында пайда болады);
* коммерциялық (сатумен байланысты);
* әкімшілік (баскару процесімен байланысты).
Коммерциялық және әкімшілік шығыстар кезең шығыстарына жатады, ал олар өндірістік калькуляциялауды есептеудің негізі болып табылады,
Өндіріс шығындарының талдамалық (аналитикалық) есебі калькуляция объектілерінің және цехтар мен өндірістер бойынша шығын баптарының белгіленген номенклатурасы бойынша калькуляциялық (көпжазбалық) карточкаларда немесе ведомостарда жүргізіледі.
Өндіріске жұмсалған шығындарды олардың құжаттары бойынша қандай калькуляциялау объектісіне жататындығын белгілеу үшін, есеп объектілерін, шығын баптарын кодтайды және үстеме шығыстарын ажыратады. Ал бұл үстеме шығыстарды баптары бойынша және шығындарды калькуляциялау объектілері бойынша дұрыс топтастыруға мүмкіндік береді.
Орташа және ірі кәсіпорындарда өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы құрамында, біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни қаржылық және баскару бухгалтериясы болуы мүмкін.
Кәсіпорынның қаржылық бухгалтериясында аяқталмаған өндірісті есептеу үшін
1340 - "Негізгі өндіріс"
1340 - "Өз өндірісінің жартылай фабрикаттары"
1340 - "Көмекші өндіріс"
1350 - "Басқа да" шоттары пайдаланылады.
Бұл шоттардағы топтастыру транзиттік болып табылады, онда бір-екі күнде аяқталмаған өндіріс қалдығы есептеліп, яғни есептік кезеңнің соңында өндірістік бухгалтериядан қаржылық бухгалтерияға беріледі (демек, 1340-1350 шоттары дебеттеліп, 8010, 8020, 8030, 8050 шоттары кредиттеледі), содан соң келесі жылдың басында қайтадан қаржылық бухгалтериядан өндіріс бухгалтериясына беріледі (демек, 8010, 8020, 8030, 8050 шоттары дебеттеліп, 1340-1350 шоттары кредиттеледі).
Жалпы алғанда, өндіріс есебін төрт негізгі кезеңге бөлуге болады
* өндіріс түрлері бойынша "транзиттік" шоттарда субъекттің есепті кезеңнің барысында тікелей шығыстар туралы ақпараттарға шолу жасалады (негізгі, көмекші т.б. өндірістері бойынша).
* "Үстеме шығыстардың" шоттары бойынша субъекттің үстеме шығыстары жинақталып, олардың жалпы деңгейі туралы ақпараттар беріледі;
* үстеме шығыстарын белгіленген тәсіл (шаруашылық жүргізуші субъекттің есептік саясатында қаралған әдісі) бойынша негізгі, көмекші өндірістерге таратады;
* "Транзиттік" шоттардағы жинақталған шығыстарды дайын өнім шотына есептен шығарып, дайын өнімнің нақты өзіндік құны қалыптасады, сондай-ақ аяқталмаған өндірістің де үлесі анықталып, тиесілі саласына жатқызылады.

1.2 Көмекші өндірістің шығындарының есебі

Негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығарып жұмыс жасайтын және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Бұл -- қазандық, электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу-механикалық цехы, автотранспорт және т.б. Көмекші өндірістің шығындарын есептеуге 8300 шоты арналған және ол "Цехтардың шығындары" деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндіріс (цехтар) үшін жеке талдамалық шот (тіркемелі парақтарда) ашылады.

Көмекші өндірістің шығындарын есепке алу үшін мына шоттар арналған:
8310 - "Көмекші өндірістер"
8311 - "Материалдар";
8312 - "Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы"
8313 - "Енбеқақыдан бөлінетін аударымдар"
8314 - "Үстеме шығындар";
Көмекші өндірістердің әрбір цехтары бойынша шығындарды есепке алу "цехтар шығындары" деп аталатын ведомоста жүргізіледі. Ведомосқа жазбалар талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардан алып жазылады.
Көмекші өндірістің талдамалық (аналитикалық) есебі әрбір цехта, өнім түрлері (егер олар әрқилы болса) және шығын баптары бойынша жүреді. Шығын номенклатурасы өндірістің күрделілігі мен сипатына тәуелді болып келеді. Әдетте, ол өзіне: негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, отын-энергетикалық және технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндіріс мақсаты үшін пайдаланатын буды және суды, негізгі және қосымша жалақыны, жалақыдан аударылатын аударымдарды, үстеме шығыстарды қосады.
Қосымша өндірістің күрделілігі, сондай-ак, шығарылатын өнімнің біртектестігі немесе біртектес еместігі көмекші өндірістің көрсеткен қызметінің өзіндік құнын есептеу үшін әртүрлі әдісті қолдануға мәжбүр етеді.

1.3 Негізгі өндіріс шығындарының есебі

Өндіріс шығындарын есептеу үшін 8100 - "Негізгі өндіріс" бөлімшесінің шоттары қолданылады, олар түрлі мақсаттарға арналған.
Өндіріске жұмсалған барлық шығындарды қорытындылау (шолу) үшін 8110 - "Негізгі өндіріс" шоты арналған.
Осы шоттын 8111 - "Материалдар", 8112 - "Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы", 8113 - "Еңбекақыдан бөлінетін аударымдар", 8014 "Үстеме шығыстары" жинақталады, содан соң жыл соңында 8110 "Негізгі өндіріс" шотында қорытындыланады;
8110 "Негізгі өндіріс" шоты бойынша өндірістің шығындар есебі төмендегі номенклатура баптары бойынша топтастырылып, әдетте, элементтерінің кескіні бойынша есепке алынады.
Материалдар. Шикі заттар мен материалдар -- өнімді әзірлеу негізінде пайда болатын немесе осы әзірлеу (дайындау) кезінде қажетті компоненттер болып табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы жерде табиғи шикізаттардың құны (су шаруашылық жүйесінен субъектінің жинайтын, су үшін төлемі және де табиғи шикізат ресурстарын іздестіруге, барлауға, қорғауға, оларды пайдалану мен жаңғыртуды ұйымдастыруға арналған мамандандырылған ұйымдардың шығындарын өтейтін басқа да төлемдері), арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары көрсетіледі.
Лимиттік - алу карталары және талап - накладнойы жұмсалған шикізат пен негізгі материалдарды, сондай-ақ сатып алынған материалдарды өндірісте есептен шығару үшін негіз болып табылады. Осы құжаттардың деректері цехтар (өндірістер), калькуляция немесе есеп объектілері бойынша "Материалдардың шығыстарын тарату" дел аталатын талдамалық кестеге топтастырылады және "Цехтар бойынша шығындарының" ведомосы немесе осыған ұқсас есеп регистрлерына (ведомостар, машинограммалар, карточкалар) жазылады.
Көмекші материалдар - тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз ету үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші материалдардың шығыны (технологиялық максаттарға пайдаланған көмекші материалдар). Бұндай көмекші материалдардың құны белгіленген шығыс нормасы бойынша өнімнің өзіндік құнына енеді, ол үшін өнім бірлігіне есептелген сметалық мөлшерлемесі пайдаланылады. Шығыс нормасы мен бағасы өзгеретін болса, аталған мөлшерлеме қайта қаралуы мүмкін.
Көмекші материалдардың нақты шығысы әрбір өнімнің өзіндік құнына, тауарлы өнімге және аяқталмаған өндіріске сметалық мөлшерлеме бойынша пропорциональды түрде таратылады.
Қайтарылған қалдықтар -- бұл негізгі, көмекші және қосалқы өндірістердің қалдығы.
Өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық ресурстарының шығыстарына қайтарылған өндіріс қалдықтарының (отходтарынын) құны қосылмайды.
Қайтарылған қалдықтар болып: материалдар, шикізаттар, жартылай фабрикатгар, жылуды сақтайтын материалдар т.б. материалдық ресурстары-саналады, бірақ олар өзінің сапасын, тұтыну қасиетін жоғалтуына байланысты тікелей өз арналымдары бойынша пайдаланбауы мүмкін.
Белгіленген технологияға сәйкес өнімнің басқа түрін өндіру үшін толық қанды материал ретінде берілген материалдық ресурстар қалдыққа жатпайды. Сондай-ақ қалдыққа ілеспе өнімдері де жатпайды, олардың тізімі шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын есептен шығару әдістерінде белгіленген.
Қайтарылған қалдықтар (отходтар) келесі тәртіпте бағаланады:
* Егер де қалдықтарды негізгі ендіріс мұқтаждығы үшін, бірақ өнім азайтылып шығарылса немесе қосалқы өндіріс мұқтаждығы үшін, сондай-ақ кеңінен тұтынатын тауарларды дайындау үшін пайдаланса, онда шикізат пен материалдардың бастапқы құнының төмендетілген бағасы бойынша;
* Қалдықтар қайта өңдеуге немесе сыртқа сатуға кетсе, олардың жинау мен өңдеуге жұмсалған шығындарын шегере отырып, қалдықтарға белгіленген бағасы бойынша;
* Егер де қалдықтар шартқа сәйкес шикізат немесе толыққанды материалдар ретінде пайдалану үшін сатылса, онда шикізаттар немесе материалдар бастапқы толык бағасы бойынша бағаланады.
Қайтымсыз (пайдаланылмайтын) қалдықтар бағалауға жатпайды. Қалдықтардыпайдалануды нормалау қажет, ал оларды кіріске алуға тиісінше бақылау жасауды жолға қою керек.

1.4 Үстеме шығындардың есебі

Үстеме шығынтар - бұл өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығыстар, олар кешендік сипатқа ие болады, олардың кұрамында экономикалық элементтердің барлық шығындары көрініс табады.
Бұл шығындар ай бойында белгіленген номенклатуралық шығыс баптары бойынша 8400 " Үстеме шығындары" шотында көрініс табады. Әрбір цехтың өзінде дайындалған өнімге үстеме шығыстар қосылады. Үстеме шығындар ай соңында белгіленген әдістеме бойынша Негізгі өндіріс шығындарының құрамына кіретін үстеме шығындарын таратқан кезде 8114 шоты дебеттеліп және 8410 шоты кредиттеледі.

"Үстеме шығындар" бөлімшесінің шоттары

Рн
Шаруашылық операцияларының мазмұны
сомасы теңге
Шоттар корреспонденциясы

дебет
кредит

А. Негізгі және көмекші өндірістердің үстеме шығындауын есепке алу

1
Негізгі және көмекші өндірістер цехтарының жалпы цехтың мұқтаждықтарына босатылған материалдар

1420000

8041

1311-1315, 1317
2
Цех қызметкерлерінің еңбек ақысы есептелінді
300000
8042
3350
3
Еңбекақыдан әлеуметтік салық есептелген (100000-(10% жиынтық зейнетақы қорына міндетті жариясы)) х 21 %

56700

8043
3140
Әлеуметтік салық субшоты
4
Сыртқы ұйымдардың көмегімен негізгі құралдарды жөндеумен байланысты шығыстары есептен шығарылды

1206000

8044

4140
5
Өндірістік айналымдағы негізгі құралдар бойынша тоз сомасы есептелінді

1129260

8045

2421-2429
6
Сыртқы ұйымдардың тұрғын-үйге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс шығындарын жіктеу
КӘСІПОРЫНДАРДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ
Шығындарды есепке алу мен өнімнің өзіндік құның калькуляциясының нормативтік әдістері
Шығындар есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері
«Семей былғары-мех комбинаты» ЖШС-дегі өндірістік шығындардың аудиті және талдауы
Өндірістік шығындар есебінің теориялық мәселелері
Қазақстан Республикасындағы баспа ісі жағдайы
Өндіріс шығындарын есепке
Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калкуляциялау
Өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері
Пәндер