Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың тарихи эволюциясы мен қалыптасуына үлес қосқан тұлғалар


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Мемлекеттік басқарудың даму эволюциясы.

Мемлекеттік басқарудың дамуы және оған үлес қосқан тұлғалар.

Мемлекетті басқару жөнінде біздің еліміздің дамуының әрқилы кезеңіндегі әртүрлі міндеттер өткенімізге үлкен әсер етті және бүгінгі күні де Қазақстанның басқару ойынын қалыптасуы мен дамуына ықпалын тигізуде.

Х - ХІІ ғасырларда басқару саласындағы алғашқы оишылдардың бірі Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950) болды. Ол жұлдыздар мен басқа табиғи құбылыстарға қарай отырып, мемлекетің шаһарлардың болашағы мен бағыныштылардың тағдырын болжамдаған әміршілердің жалған көріпкелдігін ғылыми негізде дәлелдеді. Оның адамзат қоғамының шығуы, мемлекеттік құрылыс және басшыға талап қою туралы идеялары ерекше қызығушылық тудырып отыр. Қазіргі кезде Қазақстан ғалымдары Әл-Фарабидің ғылыми мұраларын терең зерттеу мақсатында Отырар қаласын орнында қазба жұмыстарын жүргізуде.

Тәуке хан (1680-1715) әмірлік құрған дәуірде неғұрлым прогрессивті мемлекет және рухани қайраткерлер Төле би (1663 1756), Қазыбекби (1667-1763) және Айтеке би (1662- 1766) болды. «Жеті жарғы» деп аталатын заң жинақтарында олар мемлекетті басқару жөніндегі өз пікірлерін мазмұндады, мұнда орта ғасырлық қазақ қоғамындағы негізгі принциптер мен құқық нормалары бекітілген. “Жеті жарғы” - бұл әкімшілік, азаматтық және қылмыстық құқықтардың нормаларын мазмұндаған құжат яғни қазақтардың заңдар мен қарапайым құқық нормаларының алғашқы жазба жинағы болып табылады. «Жеті жарғыға» сәйкес мемлекеттегі жоғарғы билік ханның қолында шоғырланды. Басқару халықтық жиналыс - құрылтай арқылы сұлтандардың және ру басшыларының қатысуымен жүзеге асырылды.

Мемлекеттік басқару саласындағы кезекті идеолог және қайта құрушы Әбілхайыр хан (1693-1748) болды. Ол жеке хандық құрып, Қазақстанның далалық аудандарының ауқымды территориясында қырық жыл бойы мемлекеттік билікті ұстап тұрды. Алайда, Әбілхайыр хандығы орталықтанған мемлекет болған жоқ, ол бірнеше этнотерриториялық және этносаяси топтарға, ұлыстараға бөлінді.

XVIII ғасырдың ортасында экономикалық саясат пен мемлекеттік басқару жүйесінің дамуында Қазақстанның территориялық иеліктерін қалпына келтірген көрнекті мемлекеттік қайраткер Абылай хан (1711 - 1781) маңызды роль атқарды. Өзінің онжылдық басқару кезеңінде ол мемлскетте біраз өзгерістерді жүзеге асырды.

Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқарудың дамуына көрнекті ғалым, қоғамдық және мемлекеттік қайраткер Д. А. Қонаев (1912-1993) терең үлесін қосты. Ол қырық жылдан астам уақыт бойы республиканы басқарды, оның ішінде ширек ғасырдан астам елдің бірінші басшысы болды. Д. А. Қонаев Қазақстан экономикасын басқарған кезеңде республика бұрынғы КСРО -ның ірі агро-өнеркәсіптік аймактарының біріне айналды. Мұнда елдегі түсті металлургияның негізгі базасы орналасты, ауқымды жылу-энергетикалық кешен әрекет етті, мұнай өндіруші үлкен потенциалды болды.

XX ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстан экономикасындағы басқару ситуациясы айтарлықтай өзгерді. Нарықтық жүйе басқарудың әкімшілік-бұйрықтық әдістерін ауыстырды. Осының нәтижесінде кәсіпорындар шаруашылқ дербестік пен сыртқы нарыққа шығу перспективасын алды. Қазақстанда мемлекеттік кадр саясатын жетілдіру курсы қолға алынды. Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2004 жылы 19 наурызда Қазақстан халқына Жолдауында былайша айтылған: «Мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашады, адамның өз қабілет мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасалды. халықтың табысынын өсуіне қамкорлық көрсетеді».

Қазақстанның Бүкілдүниежүзілік Сауда Ұйымына ену қарсаңында басқару шешімдері салаларындағы да ғаламшарлық бәсеке алдында тұрмыз. Президент мемлекеттік қызметкерлерге мына принциптерді басшылыққа алу қажет деп есептейді:

а) халық бергсн биліктің қызығына түспей, оған иелік ете білу керек:

ә) өзін үшін пайданы көздемей, өзің қызмет ететін қоғамның иг ілігі туралы ойлау қажет;

б) «мемлекеттік қызметкер қалай тұрып жатырсың?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі керек;

в) адамдардың сенімін жоғалтпайтындай етіп басқару керек.

г) лауазымға істі кәсіби түрде жүргізе алатындарды ұсыну керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқарудың тарихи эволюциясы және методологиялық негіздері
Мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері мен тарихи эволюциясы
Химия ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдардың тарихи-ғылыми шолуы
Мемлекеттік басқарудың эволюциясы мен методологиялық негіздері: Қазақстандағы тәжірибе және жетілдіру жолдары
Мемлекеттік басқарудың эволюциясы мен методологиялық негіздері: Қазақстандағы нарықтық кезеңдегі басқару және халықаралық тәжірибе
Педагогиканың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан педагогтар
Мемлекеттік басқарудың әдістемелік негіздері: эволюциясы, функциялары және тиімділігі
Электротехниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен өнертапқыштар
Қазақстан тарихында саяси білімнің дамуына үлес қосқан ғалымдар
Қызылорда облысының ғылым мен білімге үлес қосқан көрнекті тұлғалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz