Visual Basic бағдарламасы



Жоспар


Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Технико . технологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.1 Visual Basic IDE интегралды ортасымен танысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Форма сипаттамасы. Оқиғалар және оның түрлері. ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Visual Basic тілінің графиктік мүмкіндіктері. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
ІІ Бағдарламаны құжаттандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.1 Тапсырма қойылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2 Қолданушыға мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.3 Программистке мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
III. Бағдарламаның экономикалық тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
3.1. Бағдарламаның енгізілуінің экономикалық тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ..31
3.2 Қосымшаны өндіріске кірістірудің экономикалық
тиімділігін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
3.3. Қосымша құру және енгізу шығындарын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
IV. Техникалық қауіпсіздік және еңбек қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
Қолданылатын әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
Кіріспе

Әлемдегі миллиондаған программистер WINDOWS операциялық жүйесінде жұмыс жасайды және олардың көбісі Visual Basic-те бағдарлама жұмыс жасау үшін және оңайлатуға арналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) түрлі бағдарламалардың көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс файлдары, видео көріністер, WEB –парақшалары және т.б. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, олармен жұмыс істеуді оңайлату үшін қажет.
Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жаңа технологиялардың даму барысында жұмысты оңалату, оларға утилиттер жасау – негізгі мәселелердің бірі.
Утилит бағдарламалаушыға көмекші(диспетчер задач) қойылатын талаптар төмендегідей:
Жұмыс істеу барысында уақытты ұту қажеттілігінен туындайтындықтан қолданушының сұранысына аз уақыт ішінде жауап беру;
Кез келген бағдарламаны қадағалау.
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы Visual Basic бағдарламасымен “Бағдарламалау көмекшісі” бағдарламасын құру деп аталады, яғни (утилита) Windows-пен жұмысты оңайландыруды және қадағалау үшін пайдаланады. Дисперчер задач бағдарламасы негізі болып табылатын бұл бағдарлама түрлі бағдарламаларды қадағалау үшін пайдаланады.
Курстық жұмыс тақырыбына байланысты Visual Basic бағдарламасымен «бағдарламалаушы көмекшісі» бағдарламасы құрылды. Жалпы бұл бағдарлама программист және техник-программистерге таптырмас құралдардың бірі деп санаймын. Бұл бағдарламаны бір жағынан салыстырғанда «Диспетчер задач» - қа өте ұқсас. Бірақ ерекшеліктері өте көп. Мысалы:
1. Вирус блакировка жасаған «диспетчер задач» терезесін қоса алады.
2. Dual-Up , яғни сетевой модем пайдаланғандардың паролі ұмытылып қалған жағдайда көрсете алады.
3. Вирус жеп қойған Explorer.exe, яғни жұмыс столын шығала алады және тағы сол сояқтылар.
Бағдарламамен жақынырақ таныссақ бағдарламада сілтемедер, пернелер орысша жазылған, себебі Visual Basic бағдарламасы қазақ қаріптерін танымайды.
Қолданылатын әдебиеттер

1. Жаңа информациялық технологиялар; Информатикадан 30 сабақ, Алматы, ЖТИ, 2003ж.
2. Компьютер әлемі, Республикалық журналы, №1, 2001 ж.
3. Информатика мен есептеуіш техника негіздері, А.Г.Кушниренко, Г.В.Лебедев, Р.А.Сворень, Рауан, 1998ж.
4.ЭВМ-мен жұмыс істеуді үйренейік, Гигловый А.В. Алматы, 1992ж.
5.ЭВМ және программалау элементері, Қараев Ж, Алматы, Рауан, 1991ж.
6. Компьютер: сұрақ және жауап, Бектаев С.К., Алматы, Қазақстан, 1991ж.
7. Информатика: жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған құралы, Алматы, Қазақ университеті, 1992ж.
8.Информатика мен есептеуіш техника негіздерін оқыту: екі бөлім, Алматы, мектеп, 1972ж.
9.“Компьютерлік технология ерекшіліктері”, Информатика негіздері, №1, 25-26 бет
10. Экономическая информатика, под ред. П.В.Конюховского, Д.Н.Колесова, Питер, 2000г.
11. Информатика, учебник под ред. профессора Н.В.Макаровой, Москва, «Финансы и статистика», 2004 г.

Жоспар

Кіріспе 3
І Технико – технологиялық бөлім 5
1.1 Visual Basic IDE интегралды ортасымен танысу 5
1.2 Форма сипаттамасы. Оқиғалар және оның түрлері. 9
1.3 Visual Basic тілінің графиктік мүмкіндіктері. 17
ІІ Бағдарламаны құжаттандыру 19
2.1 Тапсырма қойылымы 19
2.2 Қолданушыға мәлімет 20
2.3 Программистке мәлімет 29
III. Бағдарламаның экономикалық тиімділігі 31
3.1. Бағдарламаның енгізілуінің экономикалық тиімділігі 31
3.2 Қосымшаны өндіріске кірістірудің экономикалық 31
тиімділігін есептеу 31
3.3. Қосымша құру және енгізу шығындарын есептеу 32
IV. Техникалық қауіпсіздік және еңбек қорғау 35
Қорытынды 38

Кіріспе

Әлемдегі миллиондаған программистер WINDOWS операциялық жүйесінде
жұмыс жасайды және олардың көбісі Visual Basic-те бағдарлама жұмыс жасау
үшін және оңайлатуға арналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық
және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар)
түрлі бағдарламалардың көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген
ақпараттар бар: дыбыс файлдары, видео көріністер, WEB –парақшалары және
т.б. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін,
олармен жұмыс істеуді оңайлату үшін қажет.
Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жаңа технологиялардың даму
барысында жұмысты оңалату, оларға утилиттер жасау – негізгі мәселелердің
бірі.
Утилит бағдарламалаушыға көмекші(диспетчер задач) қойылатын талаптар
төмендегідей:
Жұмыс істеу барысында уақытты ұту қажеттілігінен туындайтындықтан
қолданушының сұранысына аз уақыт ішінде жауап беру;
Кез келген бағдарламаны қадағалау.
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы Visual Basic бағдарламасымен
“Бағдарламалау көмекшісі” бағдарламасын құру деп аталады, яғни (утилита)
Windows-пен жұмысты оңайландыруды және қадағалау үшін пайдаланады.
Дисперчер задач бағдарламасы негізі болып табылатын бұл бағдарлама түрлі
бағдарламаларды қадағалау үшін пайдаланады.
Курстық жұмыс тақырыбына байланысты Visual Basic бағдарламасымен
бағдарламалаушы көмекшісі бағдарламасы құрылды. Жалпы бұл бағдарлама
программист және техник-программистерге таптырмас құралдардың бірі деп
санаймын. Бұл бағдарламаны бір жағынан салыстырғанда Диспетчер задач - қа
өте ұқсас. Бірақ ерекшеліктері өте көп. Мысалы:
1. Вирус блакировка жасаған диспетчер задач терезесін қоса алады.
2. Dual-Up , яғни сетевой модем пайдаланғандардың паролі ұмытылып қалған
жағдайда көрсете алады.
3. Вирус жеп қойған Explorer.exe, яғни жұмыс столын шығала алады және
тағы сол сояқтылар.
Бағдарламамен жақынырақ таныссақ бағдарламада сілтемедер, пернелер
орысша жазылған, себебі Visual Basic бағдарламасы қазақ қаріптерін
танымайды.
Курстық жұмысының құрылымы
Диплом жұмысы кіріспеден, технико – технологиялық, экономикалық,
бағдарламаны құжаттандыру, техника қауіпсіздігі бөлімінен және қорытындыдан
тұрады.
Технико – технологиялық бөлім бағдарламалау кезінде пайдаланған
бағдарламалау ортасы, яғни Visual Basic туралы баяндалынады..
Экономикалық бөлімде автоматтандырылған сабақ кестесін толтыру
бағдарламасына кеткен уақыт, сағат есептеледі. Яғни, әр бір тарауда кеткен
уақытпен, бағдарламаға кеткен уақыт есептелінеді. Соған қоса кеткен шығын
есептелінеді. Яғни, бағдарламаға құруға және теория бөлімдерін жазуға
кеткен шығын есептелінеді.
Техникалық қауіпсіздік және еңбек қорғау бөліміне жұмыс уақытында
қалданылатын, және бағдарламаны пайдалану кезінде сақталынатын техникалық
қауіпсіздік жазылды.

І Технико – технологиялық бөлім

1.1 Visual Basic IDE интегралды ортасымен танысу

Visual Basic тілінің көмегімен тез әрі оңай Windows жүйесіне арналған
қосымшалар құруға болады. Бұдан пайдаланушылардың Windows ортасында жақсы
программа құрушы немесе жаңа үйренуші болуына қатаң талап қойылмайды.
Visual Basic тілі көптеген пайдалы саймандар көмегімен программа құрушының
жұмысын жеңілдетеді. Олар: Жобалар, формалар, объектілер, шаблондар,
стандартты емес басқарушы элементтер. Сонымен қатар, программа құрушының
жұмысын жеңілдететін интегралдық саймандар бар.
Қазіргі кезде бірнеше жүзден астам командалар мен функциялар және
қызметші сөздер бар. Олардың көпшілігі Windows жүйесін пайдаланудағы
графикалық интерфейспен тығыз байланысты. Жаңадан үйренушінің өзінде
бірнеше қызметші сөздерді білгеннің өзінде-ақ бірталай көріністер жасай
алады. Ал маманданған программа құрушыларға күрделі есептерді шешу үшін
мүмкіндік мол.
Экранда көрінген барлық объектілер мен саймандарды тышқанның оң жақ
батырмасын басу арқылы да басқаруға болады.
Visual Basic тілін компьютерге алғаш жүктегенде Project Wizard-тың New
Project – сұхбат терезесі ашылады.
Бұл жерде бірнеше типтік проектілі шаблонның біреуін таңдауға болады.
Терезе үш бөлімнен тұрады: New (Жаңа Жобалар), Existing (Бар Жобалар) және
Recent (Алдында ғана қолданылған Жобалар).
Егер пайдаланушы New бөлімін таңдаса, Visual Basic тілінің бастама
қосымшасын көре алады.
Existing бөлімінде бұрыннан бар Жобаларды таңдауға болады. Бұл Visual
Basic-тің құрамына кіретін мысалдар немесе алдын – ала жұмыс істелінген
Жобалар болуы мүмкін. Visual Basic тілінде программа құру үшін осы
бөлімдегі айтылған мәселелерге баса назар аудару қажет.
Recent бөлімі алдында қолданылған Жобаның біреуін таңдауға мүмкіндік
береді. Ол Existing бөліміне ұқсас Recent бөлімінде соңғы уақытта жұмыс
істеген Жобаларды көруге болады.
Visual Basic тілінің ең маңызды ортасы – IDE – интегралды ортасы. Онда
функциялар жиыны біріктірілген. Сонымен бірге түзету, қатені тексеру,
тоқтату жұмыстары бір ортада жүргізіледі, ал саймандар бірігіп жұмыс істеу
интегралды ортасын құрайды. (IDE, Integrated Development Environment).
IDE мынадай бірнеше компоненттерден тұрады:
∙ Бас меню;
∙ Саймандар қатары (тақтасы);
∙ Жоба терезесі;
∙ Қасиеттер терезесі;
∙ Басқару элементтері тақтасы;
∙ Форма конструкторы.
Бас меню. Бас меню Visual Basic терезесінің жоғарғы жағында орналасқан.
Ол Windows қосымшаларының меню қатарына ұқсас. Бас менюмен жұмыс істеу
ортасында программа құру үшін көп мүмкіндік береді. Оның сол жағында ең
бірінші File менюі орналасқан. Ол файлдармен жұмыс істеу арқылы қосымша
құруға арналған. Онда жаңа файл құру, бұрын құрылған файлды ашу, баспаға
шығару және Жобаны сақтау жұмыстары атқарылады.
Саймендер тақтасы. Visual Basic тілінде бас менюдің астында саймандар
тақтасы орналасқан. Ол ең қажетті командаларды тез орындауға ыңғайлы. Егер
тышқан курсорын сайман белгісіне алып барсақ, ол кішкене көтеріледі де, сол
сайман жөнінде мағлұмат береді.
Жоба терезесі. Экранның оң жағында Жоба терезесі бекітілген. Ол әртүрлі
құрушы жобадан ақпаратты тез алуға арналған – формалардан, кластардан,
модульдерден тұрады. Қосымшаны құрайтын барлық объектілер Жобада
біріктірілген.
Қасиеттер терезесі. Жоба терезесінің астында орналасқан. Әрбір форма
қосымшадағы объект ретінде саналады, ал әрбір элемент осы формадағы объект
деп есептеледі. Барлық объектілердің өзіндік атрибуттары, яғни қасиеттері
бар. Кейбір атрибуттар объектінің сыртқы түрін ғана емес орналасу тәртібін
де өзгертеді. Объектілердің қасиеттерін өзгерту осы терезеде жүзеге
асырылады.
Басқару элементтер тақтасы. Бұл терезеде қосымша интерфейсін құруға
арналған негізгі компоненттер орналасқан.
Форма Visual Basic программасындағы ең басты элемент. Бұл терезеде
программа құру кезіндегі негізгі әрекеттер орындалады.
Басқару элементтері дегеніміз форма бетіне орналастырылатын обьектілер
болып табылады. Бұл обьектілердің өзіне тән қасиеттері мен әдістері бар.
Элемент қасиеті оның сыртқы түрін анықтайды.(орналасуы, түсі, көлемі және
т.б.) Қасиетті жобалау кезінде де, программаның орындалуы кезінде де
өзгертуге болады. Әдістер дегеніміз программаның орындалуы кезіндегі
обьектінің қызметін анықтайтын процедуралар. Барлық басқару элементтеріне
тән келесі қасиеттер белгілі:
- Name – программада сілтеме жасауға арналған обьект аты, оны
программаның орындалу барысында өзгертуге болмайды;
- Caption – басқару элементінің тақырыбы;
- Left – басқару элементінің форманың немесе рамканың сол жақ шетіне
қатысты орналасуы;
- Top – басқару элементініңформаның немесе рамканың жоғарғы шетіне
қатысты орналасуы;
- Heigth – басқару элементінің биіктігі;
- Width – басқару элементінің ені;
- Visible – басқару элементінің экранда көрінуі, екі мәнге ие – true
және false
Сонымен қатар, көптеген басқару элементіне ортақ әдістер мыналар:
Click – басқару элементін бір рет шерту;
DblClick – басқару элементін екі рет шерту;
Move – басқару элементінің формада орын ауыстыруы;
Drag – басқару элементін жылжыту.
Енді жиі қолданылатын басқару элементтерін қарастырайық:
1) CommandButton
2) TextBox
3) Label
4) Frame
5) CheckBox
6) OptionButton
7) ListBox
8) ComboBox
Енді қарапайым қосымша құру мысалын қарастырайық. Visual Basic тілін
компьютерге алғаш жүктегенде Project Wizard-тың New Project – сұхбат
терезесі ашылады.
Бұл жерде бірнеше типтік проектілі шаблонның біреуін таңдауға болады.
Терезе үш бөлімнен тұрады: New (Жаңа Жобалар), Existing (Бар Жобалар) және
Recent (Алдында ғана қолданылған Жобалар).
Егер пайдаланушы New бөлімін таңдаса, Visual Basic тілінің бастама
қосымшасын көре алады. Бұл жерден Standart.exe таңдаймыз. Visual Basic
тілінің ең маңызды ортасы – IDE – интегралды ортасы ашылады. Мұндағы ең
негізгі терезе – форма болып табылады. Форма бетіне басқару элементтер
тақтасынан элементтер алып орналастыруға болады. Әрбір элементтің өзіне тән
қасиеттері, әдістері және оқиғалары бар. Элемент қасиетін қасиеттер
терезесінде өзгертуге болады. Қосымшаны құрып болған соң оны сақтау қажет.
Ол үшін Файл – сохранить проект как командаларын орындаймыз. Алдымен форма
файлы, одан соң проект файлы сақталады.

1.2 Форма сипаттамасы. Оқиғалар және оның түрлері.

Visual Basic программасындағы ең басты элемент – форма. Ол қосымшаның
негізін құрайды. Қосымша құрғанда формаға әртүрлі басқарушы элементтер
қойылады. Программалау дағдысы қалыптасқаннан кейін, үлкен қосымша құра
бастағанда құжат деп аталатын бірнеше формамен жұмыс орындалады. Visual
Basic-тегі форма түрі төмендегідей:

Оқиғалар кластың қосымшамен ақпарат алмасуына мүмкіндік береді.
Программа оқиғалар арқылы басқарылады, яғни оның жұмысы пайда болған
оқиғалармен анықталады. Барлық стандартты программа терезесінде көрінетін
процедуралар – оқиғалар. Мысалы, FormLoad, CommandClick т.б.
Оқиғалар қосымшаны мәліметтерді белсенді сұраудан тысқары етеді.
Белсенді сұрау деп кейбір операторларды нақты шарт орындалғанша тексеруді
айтамыз. Белсенді сұрау циклі процессорды тежеп, программа жұмысын
баяулатады.
Тышқанмен атқарылатын оқиғалардың мынадай түрлері бар:
Click – элементке тышқанды басқан кезде орындалады.
DblClick – элементке тышқанды екі рет қатар басқанда орындалады.
DragDrop – обьектіні тышқанмен тасымалдағанда немесе алып тастағанда
шақырылады.
DragOver – обьектіні немесе элементті басқа элементтің үстіне
тасымалдағанда орындалады.
MouseDown – тышқанды басып, оны жібермеу үшін шақырылады.
Модуль дегеніміз программалық кодпен жазылған ASCII мәтіндік файлы.
Мұнда программада қолданылатын өзара байланысқан процедураларды топтауға
болады.
Жоба (проект) көптеген программалық модулдерден тұруы мүмкін.
Осындай жүйелі ұйымдастыру программалау тілін оқытуды жеңілдетеді.
Visual Basic тілінде де программа құру үшін – модуль класы, немесе жай
класс қажет.
Кластар обьектілі-бағдарланған программаның негізгі құраушы блоктары
болып табылатын-моделдер, бұл жағдайда программа өзара байланысқан
обьектілер түрінде сипатталады. Класс тек программаның функционалдық
тәсілінің жартысын жеке обьект ретінде бөліп қана қоймай, сонымен қатар
базалық модулдердің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Программаның бір бөлігін
қорғап, қалғанын программа еркіне беруге болады. Бұл процесс инкапсуляция
деп аталады.
Өзара байланысқан әрекеттерді орындау үшін кластарда да қасиеттер,
әрекеттер және оқиғалар бар. Жақсы жобаланған класс программа бөлігі болып
табылады. Бұл класты бір жобадан басқасына орналастырғанда, ол ешқандай
өзгертулерсіз қалыпты жағдайда жұмыс істейді дегенді білдіреді.
Енді Visual Basic тіліндегі программалық кітапхана ұғымына түсініктеме
берейік. Программалық кітапхананы қолдану уақытты үнемдейді, өйткені
жазылған кодты қайтадан құруға болмайды. Программалық кітапхана құрал-
саймандарды тасымалдайтын жүк машинасын елестетеді. Онда көптеген
қораптарды әр түрлі құрал-саймандарымен орнатуға болады. Әр түрлі деректер
бір кітапханада орналасқан, бірақ олар бір-бірімен араласпайды.
Программалық модулге жаңа процедураны косу үшін келесі команданы: Tools-
Add Procedure орындаңыз және Add Procedure сұхбат терезесінен керекті
өлшемдерді таңдап алыңыз. Бұл командаға тек программаның ашық терезесінде
ғана қол жеткізуге болады.
Модулдерді сақтайтын каталог құрғаннан кейін, бірінші модуль жазуды
қарастырайық. Модулді құру төмендегідей жүзеге асырылады:
1. File-New Project командасы арқылы жаңа жоба құрыңыз.
2. Жоба терезесінде тышқанның оң жақ батырмасын басып, Add- Module
командасын орындаңыз.
3. Add Module сұхбат терезесінде Module таңбасын таңдаңыз. Open
батырмасын басыңыз – жобада бос модуль құрылады.
4. Қасиеттер терезесінде Name қасиетіне жаңадан құрылған модульдің мәні
ретінде My Library мәнін беріңіз.
5. File- Save My Library командасы арқылы файлды сақтаңыз, немесе
Ctrl+S пернелерінің комбинациясын пайдаланыңыз. Ашылған Save File As
сұхбат терезесінде Codelib катаологында алдыңғы бөлімде құрылған
файлды сақтаңыз. Осылайша программалық кітапханада алғашқы модуль
құрылады.
Процедуралар – қажетті аргументтерді қабылдап, программалық кодты
орындап
және берілген аргументтердің мәнін өзгертеді. Аргументтер деп
процедураларға берілетін айнымалыларды айтады. Мысалы, тізімнің Add Item
әдісіне тізімге енгізілетін мәліметтері мен бірге аргументтер және тізімнің
жолына қосылатын орын беріледі. Келесі команда:
LstItems.AddItem “Widgets”
“Widgets” аргументімен AddItem әдісін шақырады және осы жолды тізімнің
соңына қосады. Процедура кодты бірнеше рет қолдануға мүмкіндік береді.
Бірдей мысалдарды орындау кезінде, программаның қажетті жеріне әрбір жолды
қайталап енгізіп отырмай, бір процедура құрып, соны программаның орындалу
барысында керегіне қарай шақыруға болады. Бұл енгізілетін мәтін көлемін
кішірейтумен қатар, процедураны шақырған сайын оның жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді.
Информацияны енгізу және редакциялау. Бір жолды және көпжолды
редакторлар.
Visual Basic-те информацияны енгізуге және редакциялауға бір жолдық
(TextBox) және көпжолдық (ListBox) редакторлары қолданылады. Мәліметтерді
енгізуге TextBox элементінің Text қасиеті қолданылады. Maxlength қасиеті
енгізілетін текстің максималды ұзындығын анықтайды. Егер ReadOnly қасиетіне
True мәнін меншіктесек текстік өріс тек мәлімет шығаруға арналады. Бұл
элементтің негізгі әдістері:
SetFocus – фокусты редакторға ауыстыру үшін қолданылады
Link... - бірнеше қосымшамен жұмыс істеу барысында қолданылады.
Көпжолды редактормен жұмыс істеуде ListBox элементінің List қасиеті
мәліметтер енгізуге қолданылады. Тізімге енгізілген ең соңғы жолдың номері
NewIndex қасиетінде сақталады. ListCount қасиеті тізімдегі барлық жолдар
санын береді.
Бұл элементтің негізгі әдістері:
AddItem – тізімге элемент қосу
RemoveItem – тізімнен элементті жою
Clear – тізімді тазарту
Бұл элементтер массивтермен жұмыс істеу барысында жиі қолданылады.
Тізімдермен, кнопкалармен жұмыс, айырғыштарды қолдану.
Visual Basic-те тізімдермен жұмыс істеуде ListBox(тізім) және
ComboBox(тізімі бар өріс) элементтері қолданылады. Бұл элементтердің
негізгі қасиеті List болып табылады, ал негізгі әдістері
AddItem – тізімге элемент қосу
RemoveItem – тізімнен элементті жою
Clear – тізімді тазарту
Программалауда қолданылатын командалық кнопка – CommandButton. Негізгі
қасиеттері:
Caption – кнопка бетіндегі текст
Picture – кнопка бетіндегі сурет
Жиі қолданылатын оқиғалары:
Click – кнопканы бір рет шерту (немесе клавиатураны)
dblClick - кнопканы екі рет шерту
Айырғыштар дегеніміз – жалауша(CheckBox) және ауыстырып қосқыш
(OptionButton). Жалаушаның негізгі қасиеттері:
Caption – жалауша жанындағы текст
Value – жалауша орнатылғандығын тексеру.
Ол 3 мәнге ие: 1) UnChecked – жалауша орнатылмаған; 2) Checked –
жалауша орнатылған; 3) Grayed – ену мүмкін емес(недоступен). Негізгі
оқиғасы: Click – жалаушаны шерту.
Ауыстырып қосқыш әдетте топпен қолданылады. Негізгі қасиеттері:
Caption – ауыстырып қосқыш жанындағы текст
Value – ауыстырып қосқыштың орнатылғандығын тексеру.
GroupName – ауыстырып қосқыш қай топқа жататынын білдіреді.
Негізгі оқиғасы: Click – ауыстырып қосқышты шерту.
Форманың негізгі менюі, көмекші меню. Формалар арасындағы байланыс.
Windows жүйесінің құрамына кіретін барлық программалық
қосымшалардың стандартты интерфейсі бар. Барлық қосымшада тақырып жолы мен
терезелік меню орналасқан. Көптеген қосымшаларда меню және саймандар
тақтасы бар. Олар программадағы стандартты емес функциялардың жұмысын
жеңілдетеді. Visual Basic ортасында да жоғарыда аталған меню жолы жэне
кұралдар тақтасы бар.
Менюдің көмегімен қосымшалар кұру жұмысты жеңілдетеді. Ондағы команданы
обьектінің контексіне байланысты бейнелеуге, тоқтатуга және терезе тізімін
шығаруға болады. Visual Basic ортасында контексті жэне негізгі меню
құрылады, ол басқа элементке бекітіледі.
Құралдар тақтасы меню командасын тез шақыруға арналған. Мысалы,
пайдаланушыға Edit Сору командасын пайдаланғанда құралдар тақтасынан Cut,
Copy, Paste батырмасын қолданған жеңіл.
Үлкен қосымшамен жұмыс істегенде, меню жэне құралдар тақтасының
құрылымын ұйымдастырғанда қалай ыңғайлы болатынын есксру қажет.
Visual Basic тілінде меню құру үшін меню кұру редакторы қолданылады
оның формада орналасқан кез келген басқа элементтен айырмшылыгы жоқ егep
меню командасы элемент тақтасында болмаса, оны Visual Basic тілінің
құралдар тақтасындағы батырма немесе меню командасымен қосуға болады.
Формада элемент менюін орнату ушін форманы екпінді жасау керек және Tool –
Menu Editor командасын орындау қажет.

Менюді құру редакторда орындалады. Меню бір немесе бірнеше жогары
деңгейдегі командадан (мысалы, File) тұрады. Әрбір команда бір
немесе бірнеше ішкі командадан тұрады (мысалы, Exit).
Менюдің төмендегідей қасиеттері бар:
• Appearence
• Index
• Caption
• Checked
• Enabled
• Name
• Parent
• Shortcut
• Tag
• Visible
• WindowList
Caption қасиеті менюдегі команда мәтінін анықтайды, ол
менюде бейнеленеді. Амперсенд(&) символы команданы пернелер
тақгасынан көрсетілген символдар комбинациясы арқылы тез шақыруға
арналған

Checked қасиеті маркерді команда қасына қосады (немесе алып
тастайды - ). Оның көмегімен команданың екпінді күйін өзгертуге болады.
Checked қасиетіне мән бере отырып программаны орындау барысында оны
қосуға және өшіруге болады.
Егер ағымдағы менюдің жанама командасының магынасы болмаса, онда оның
Enabled қасиетіне False мәні беріледі. Мысалы, Save командасын пайдаланушы
қандай да бір мәлімет енгізбейінше, тоқтатып тастауына болады. Enabled
қасиетінің мәнін, сондай-ақ программа орындау кезінде де өзгертуге болады.
Менюдің керек емес командасын тоқтатудьщ орнына, Visible
қасиетін пайдалануға және оны жасыруға болады.
Name қасиеті, ол бірінші орында айқындалуы тиіс. Келісім бойынша, меню
элементтерінің аты тпи префиксінен басталады.
Shortcut қасиеті акселератор – бұл команданы перне арқылы шақыру
әрекетін береді. Акселераторды шақыру үшін, әдетте Ctrl жэне Alt пернелерін
басқа пернемен бірге орындайды (мысалы, Ғ1).
Қосымша құру барысында бір қосымшада бірнеше форманы қолдануға болады.
Кейін бұл формаларды бір – бірімен байланыстырамыз. Байланыстыруды
батырмалар арқылы немесе меню арқылы да жүзеге асыруға болады. Ол үшін
батырманы немесе меню пунктін екі рет шертіп, ашылған процедураға форма аты
мен show әдісін көрсетеміз. Мысалы: Form2.show
Формамен өңделетін оқиғалар. Пернелердің және “тышқанның” оқиғалары.
Оқиғалар кластың қосымшамен ақпарат алмасуына мүмкіндік береді.
Программа оқиғалар арқылы басқарылады, яғни оның жұмысы пайда болған
оқиғалармен анықталады. Барлық стандартты программа терезесінде көрінетін
процедуралар – оқиғалар. Мысалы, FormLoad, CommandClick т.б.
Оқиғалар қосымшаны мәліметтерді белсенді сұраудан тысқары етеді.
Белсенді сұрау деп кейбір операторларды нақты шарт орындалғанша тексеруді
айтамыз. Белсенді сұрау циклі процессорды тежеп, программа жұмысын
баяулатады. Форма ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоба терезенің астында
Visual Basic-та инженерлік калькулятор жүйесін құру
Оңтүстік жарық қосымшасының конструкциясы
VISUAL BASIC басты элементтерімен танысу
Мультимедиялық қосымшалар құру технологиясы
Visual Basic 6 ортасында программалық код
Жоба және пішін терезесі
Visual Basic-те Крамер әдісін жүзеге асыру
Visual Basic ортасында жоба құру негіздері
Жаңа бетке сілтеме
Пәндер