Қазақстандағы бокстың дамуы



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1

1. Қазақстандағы бокстың дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2

2. Бокс техникасы және оның мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.1. Боксшының бастапқы қалпы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

3. Арақашықтық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
3.1. Алыс арақашықтық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
3.2. Орта арақашықтық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
3.3. Жақын арақашықтық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

4. Соққылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
4.1. Соққылардың негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
4.2. Соққы кезіндегі жұдырықтың қалпы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
4.3. Саусақтарды байлау әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

5. Төте соққылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
5.1. Сол қолмен басқа төте соққы беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
5.2. Сол қолмен денеге төте соққы беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
5.3. Оң қолмен басқа төте соққы беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
5.4. Оң қолмен денеге төте соққы беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

6. Төменнен жасалатын соққылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
6.1. Сол қолмен басты төменнен соғу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
6.2. Сол қолмен денені төменнен соғу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
6.3. Оң қолмен басты төменнен соғу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
6.4. Оң қолмен денені төменнен соғу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

7. Қапталдан жасалатын соққылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
7.1. Сол қолмен басты қапталдан соғу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
7.2. Сол қолмен денені қапталдан соғу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
7.3. Оң қолмен басты қапталдан соғу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
7.4. Оң қолмен денені қапталдан соғу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

8. Қорғаныс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
8.1. Бокстағы қорғаныс түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Кіріспе.

Бокс.Осы бір төрт қана әріптен тұратын ағылшын сөзі миллиондаған спорт жанкүйерлеріне жақсы таныс.Жер бетінде бокс десе ішкен асын жерге қоятын,шаршы алаңдағы шиеленіскен жекпе-жекктеді көрмей,дегбірі басылмайтын жандар аз емес.Адам әрқашан мықтылықты құрметтеген ғой мықты,атпал азаматтарды пір тұтқан,солардың өршіл өнеріне табынған.
Бокстың тарихы біздерді алыс заманалардың түкпіріне жетелейді.ЕжелгіМысыр,Крит-Микен,Вавилион дәуірлерінің тасқа қашалған мұраларында жұдырықтасып жатқан адам бейнелері бар.Алғашқы қауымда өмірсүрген арғы тегіміз екі аяғының қуатына,жұдырығының мықтылығына сүйеніп күнелтті.Олар өзара күш сынасып есеп айырысуды дәстүрлі әдетке айналдырды.Осындай бәсекеден барып түрлі спорттық ойындаар өмірге келді. Ал ең алғашқы шыққан спорт түрі қайсы десек,әрине,жұдырықтасу мен жүгіру қатар тұрар еді.
Артына өшпес(Илиада) жырын қалдырған грек философы Гомер өз заманындағы жұдырықтасу туралы анық та дәл мәліметтер қалдырған. Бастапқы кезде жұдырықшылар қолдарын өгіздің мойын терісінен жасалған май сіңген терімен булап,білектерін орап байлайды екен. Жекпе-жек екі жұдырықшының біреуі қашан құлап түскенше өте беретін көрінеді. Шегінген,жалтарған жұдырықшыны арнайы істік темірмен қаруланған төреші-эфефтер ортаға айдап отыратын болған. Біздің дәуірімізден бұрынғы 688-жылы өткен ерте дүниедегі жиырма үшінші Олимпиадалық ойындардан бастап бокс яки жұдырықтасу жарыстың бағдарламасына енген. Атақты ғалым Пифагор, философ Платон, қолбасшы Акивиад жұдырықтасумен айналысқан.
Қазіргідегідей ол кезде де жұдырықшылардың жекпе-жегін тамашалаушылар өте көп болған. Атақты жұдырықшылардың даңқы ауыздан-ауызға ілігіп,айдай әлемге жария болып отырған.
Халық оларды ерекше құрмет тұтып,әнге,жырға қосқан,эпостардың қаһарманы еткен,Олимпиадалық ойындарда жеңіске жеткендеріне көздері тірісінде ескерткіш орнатқан.
Ежелгі дүниедегі Олимпиадалық ойындар тоқтаған соң да бокс салбырсыған жоқ. Көптеген даулы мәселелер жұдырықтың күшімен шешілетін. Бертін келе осыны тәртіпке келтіру мақсатымен жекпе-жек өткізудің ережесі ойлап шығарылды. 1743 жылы шыққан бұл ереже ағылшын Джемс Браутонның есімімен тікелей байланысты. Сөйтіп Браутонның отаны Англия қазіргі бокстың кіндігін кескен ел болып шыға келді.
1867 жылы кәсіптік бокс дүниеге келді. Бірақ алғаш рет әлем чемпионаты ұйымдастырылғанша ол өзінің даму жолынан өтті. Бұл заңдылықтан ешқандай спорт түрі қашып құтыла алмайды ғой. Миллиондаған адамдардың жүрегін баурап, сан елді, сан халықты өзінің құшағына орау үшін уақыт керек. Сол уақыт Ресейге өткен ғасырдың аяғында, ал осы ғасырдың отызыншы жылдарының басында Қазақстанға да келіп жетті.
Қолданылған әдебиеттер

1. «История бокса». Г. Нэпнан. 1991 ж.

2. «Боксшы болғың келеме?» І. Нұрмаханов

3. «Жекпе – жек түрлері». 2001 ж.

4. «Справочник Олимпийского телеболельщика». 1984 ж.

5. «Энциклопедия спорта». Лебеденка. А.Ц.

6. Журнал «Prosport» 2002 ж. №17.

7. «Боксеры века». 2000 ж. Москва.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.

Бокс.Осы бір төрт қана әріптен тұратын ағылшын сөзі миллиондаған спорт
жанкүйерлеріне жақсы таныс.Жер бетінде бокс десе ішкен асын жерге
қоятын,шаршы алаңдағы шиеленіскен жекпе-жекктеді көрмей,дегбірі басылмайтын
жандар аз емес.Адам әрқашан мықтылықты құрметтеген ғой мықты,атпал
азаматтарды пір тұтқан,солардың өршіл өнеріне табынған.
Бокстың тарихы біздерді алыс заманалардың түкпіріне
жетелейді.ЕжелгіМысыр,Крит-Микен,Ва вилион дәуірлерінің тасқа қашалған
мұраларында жұдырықтасып жатқан адам бейнелері бар.Алғашқы қауымда
өмірсүрген арғы тегіміз екі аяғының қуатына,жұдырығының мықтылығына сүйеніп
күнелтті.Олар өзара күш сынасып есеп айырысуды дәстүрлі әдетке
айналдырды.Осындай бәсекеден барып түрлі спорттық ойындаар өмірге келді. Ал
ең алғашқы шыққан спорт түрі қайсы десек,әрине,жұдырықтасу мен жүгіру қатар
тұрар еді.
Артына өшпес(Илиада) жырын қалдырған грек философы Гомер өз
заманындағы жұдырықтасу туралы анық та дәл мәліметтер қалдырған. Бастапқы
кезде жұдырықшылар қолдарын өгіздің мойын терісінен жасалған май сіңген
терімен булап,білектерін орап байлайды екен. Жекпе-жек екі жұдырықшының
біреуі қашан құлап түскенше өте беретін көрінеді. Шегінген,жалтарған
жұдырықшыны арнайы істік темірмен қаруланған төреші-эфефтер ортаға айдап
отыратын болған. Біздің дәуірімізден бұрынғы 688-жылы өткен ерте дүниедегі
жиырма үшінші Олимпиадалық ойындардан бастап бокс яки жұдырықтасу жарыстың
бағдарламасына енген. Атақты ғалым Пифагор, философ Платон, қолбасшы
Акивиад жұдырықтасумен айналысқан.
Қазіргідегідей ол кезде де жұдырықшылардың жекпе-жегін
тамашалаушылар өте көп болған. Атақты жұдырықшылардың даңқы ауыздан-ауызға
ілігіп,айдай әлемге жария болып отырған.
Халық оларды ерекше құрмет тұтып,әнге,жырға қосқан,эпостардың
қаһарманы еткен,Олимпиадалық ойындарда жеңіске жеткендеріне көздері
тірісінде ескерткіш орнатқан.
Ежелгі дүниедегі Олимпиадалық ойындар тоқтаған соң да бокс
салбырсыған жоқ. Көптеген даулы мәселелер жұдырықтың күшімен шешілетін.
Бертін келе осыны тәртіпке келтіру мақсатымен жекпе-жек өткізудің ережесі
ойлап шығарылды. 1743 жылы шыққан бұл ереже ағылшын Джемс Браутонның
есімімен тікелей байланысты. Сөйтіп Браутонның отаны Англия қазіргі бокстың
кіндігін кескен ел болып шыға келді.
1867 жылы кәсіптік бокс дүниеге келді. Бірақ алғаш рет әлем
чемпионаты ұйымдастырылғанша ол өзінің даму жолынан өтті. Бұл заңдылықтан
ешқандай спорт түрі қашып құтыла алмайды ғой. Миллиондаған адамдардың
жүрегін баурап, сан елді, сан халықты өзінің құшағына орау үшін уақыт
керек. Сол уақыт Ресейге өткен ғасырдың аяғында, ал осы ғасырдың отызыншы
жылдарының басында Қазақстанға да келіп жетті.
Қазақстандағы бокстың дамуы

Шоқыр Бөлтекұлы. Бұл республика спортына қымбат есім. Қазақстан
боксының Шәкең сонау кәрі Атыраудың бойында туып өсті, сондықтан болар, сол
кәрі теңіздің туылған асау балығы – Шоқыр есімі де осы бір мойылдай қара
шаштары тым қайратты, жанары жалан атқан жас жігітке нәресте кезінде
беріліпті. Шәкең 1933 жылы Медик спорт клубында бокс секциасын ашты,
халық аштан қырылып, Голощекеннің кіші октябірі қылышынан қан тамызып
тұрған кез. Бірақ өмірді өшірмес үшін, жалғастыру үшін, қайғы – қасіретке
табан тіреп, қарсы тұру үшін халыққа қашан да мықтылық керек. Жастар
ертенгі күні өршіл өнерлерімен әлемді таңдандырсын деп ойлады ма жас Шоқыр
өзі сүйген іске бел шешіп кірісті. Кейін көркемсурет академиясын бітіргенде
де, Ұлы Отан соғысына қатысып, толарсақтан қан кешкен сұрапыл жылдарда да
өзі сүйген өнерді ұмытқан жоқ. Елге оралған соң сол ізгі арманын жылғалай
жалғастырды.
Бокстан Қазақыстанда алғаш рет бұрынғы Кенес Одағының спорт шебері
атанған Шоқыр Бөлтекұлы ақ шаршы алаңның қас шеберлері С.Щербаков,
А.Булгаков, Г.Гарбузов, Б.Тишинның қатарында тұрады. Ол Динамо ерікті
спорт қоғамы біріншілігінің жеңімпазы, бірнеше рет жүлдегері болды .
Егер Ұлы Отан соғысынан бұрын Қазақстанда бокс тек Алматы мен Қарағанды
қалаларында дамыған болса, елуінші жылдардың ішінде Қызылорда мен Ақтөбеде,
Жамбыл мен Шымкентте, Ақмола мен Қызылжарда, Семей мен Балқашта т.б.
қалаларда, тіпті алыстағы аудандарда қарыштап дами бастады. Бұрынғы Кеңес
Одағының спорт шебері Густаф Кирштейн 1946 жылдың өзінде Қарағандыда бес
секция құрды.
1946 жылы Алматыда ашылған жастардың спорт мектебінде негізгі
секциялардың бірі – бокс секциясы еді. Динамо ерікті спорт қоғамында
жаттықтырушы Дәулеткерей Муллаевтың шәкірттері бой көрсете бастады. Осы
секциядан Қазақстанның алғашқы спорт шеберлері, бүкілодақтық, халықаралық
жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қанат қақты. Оның шәкірттері
Г.Рожковтың, И.Ивановтың, А.Кадетовтың, т.б. есімдері тек республикаға ғана
емес, бүкіл тәуелсіз достастық елдерге әйгілі болды. Сол жылдары былғары
қолғаптың жас шеберлерінің көптеп шығуына тек аудан, облыс, республика
біріншіліктеріғана емес, Орта Азия республикалары мен Қазақстан
спортшыларының спартакиадалары да елеулі үлес қосты.
Қазақстанның былғары қолғап шеберлерінің үлкен аренада көрінуі – 1946
жыл. Осы жолы өздерін күштілер қатарында санап жүрген Белоруссия, Армения,
Эстония құрама командаларын артқа тастау біздің республикамыздың
боксшыларымен санасу керектігін көрсетті.Осындай жарысқа тұнғыш рет қатысып
отырған жас командаға бұл жоғары табыс еді.
1950 жылы Орта Азия республикалары мен Қазақстанның спартакиядасы өтті.
Осы республикаларда қанат жайып келе жатқан спорт түрлерінің бірі ретінде
бағдарламаға бокс та енгізілген болатын. Қазақстандық былғары қолғап
шеберлері өздерінің шеберлігімен көрініп, командалық бірінші орынға ие
болды. Жекелей біріншілікте де көптеген салмақ дәрежелерінде жерлестеріміз
топ басынан көрінді.
Республикада бокстың өсуіне қалааралық кездесулер, құрама командалардың
жолдастық кездесулері елеулі әсер етті. 1950 жылы Алматы қаласының құрамасы
армияшылардың Орталық спорт клубы құрама командасының мүшелерімен жолдастық
кездесу өткізді. Армияшылардың сапында А.Грейнер, Л.Сеголович, В.Степанов
сияқты белгілі шеберлер болатын. Алматының жас боксшылары Ескендір Хасанов,
Мақсұт Омаров, Геннадий Рожков өздерінің өршіл өнерлерімен танылып, жекпе –
жекте атақты қарсыластарынан басым түсті. 1953 жылы Г.Рожков КСРО құрама
командасына қабылданды да, Бухарест қаласында өткен Бүкіл дүниежүзілік
студенттік уневерсиадасына қатысатын болды. Осчы елеулі сыннан ол Алматыға
жүлдемен оралды.
1956 жылы бұрынғы Кенес Одағы халықтарының бірінші спартакиадасы
өткізілді. Ол айта қаларлықтай спорт мекемесі болды. Республикамыздың
құрама командасы осы сында командалық бесінші орынға шықты. Осы жарыста
Мақсұт Омаровтың, Генади Рожковтың, Меңдігерей Хайрутдиновтың, Анатолий
Кадетовтың жіне жас таланттардың шеберлігі ауыздан – ауызға ілінді.
Арада тағы да үш жыл уақыт өтті. Бұрынғы Кенес Одағы халықтарының
екінші спартакиадасына кезек келді. Бұл жолы республика былғары қолғап
шеберлерінің арасында тұнғыш рет Анатолий Кадетов спартакиаданың және КСРО
– ның чемпионы атанды. Мақсұт Омаров – күміс, Владимир Каримов қола
медальдың иегері атанды.
Бұл Қазақстан бокысының алғашқы табыстары еді. Кейін республикада
рингтың талай – талай тамаша саңылақтары тәрбиеленді. В.Баранов, Х.
Ахметов, В.Печков, Т.Реве, Б.Кашевен, М.Жақсыбайев, В.Минаков, Ж. Көкімов,
Ә.Абдрахманов, О.Гурев, К.Омаров сияқты майталман шеберлер
өздерінің өнерлерімен жұртшылықты талай рет таң қалдырды.
Әрине, мұның бәрі боксшыларымыздың әлемдік рингке шығуына тұғыр болды.
Қазақстан боксының өкілі де әлем чемпионы атанатын күн алыс емес сияқты.
Көп кешікпей мұндай атаққа бірінші болып Валерий Рачков иеленді. Бірнеше
жылдан кейін Серік Қонақпайев пен Виктр Демьяненко Еуропаның чемпиондары
атанды.
Бокс тарихында есімдері аталған мұндай шебердің орындары ерекше.
Демьяненко мен Қонақпайев әлем кубыгінің иесі мәскеуде өткен Олемпиадалық
ойындардың кұміс жүлдегерлері атанды. Бұл Қазақстан боксының шарықтау шегі
болатын. Республиканың былғары қолғап шеберлері ең күшті командалардың бірі
атанды. Соның арұасында Алматыда көптеген ірі халықаралық турнирлер,
бұрынғы Кеңес Одағы мен АҚШ құрама командаларының кездесулері бірнеше рет
өтті.
Республикада білікті мамндар да тәрбиеленеді.А. Болдырев. Ю. Цхаи. А.
Аникин бұрынғы Кеңес Одағының еңбек сіңірген спорт жаттықтырушысы атанды.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары қазір ондап
саналады.
Республикада балалар мен жасөспірімдер арасында боксты дамытуға ерекше
көңіл бөлінуде. Олар үлкен спорттың, ақ шаршы алаңның ізбасарлары екені
сөзсіз. Болашақ солардікі.

Бокс техникасы және оның маңызы

Бокстың техникасын жан-жақты дайындығы бар, көп жаттыққан және рингте
үнемі жекпе-жекке түскен спортшы ғана меңгере алады.
Бокс техникасы дегеніміз- үзбей жаттығу арқасында қорғаныс пен
шабуылдың бір-бірімен сабақтасып, боксшының жекпе-жектегі дағдысына
айналуы, рингте тез әрі шапшаң қимылдау, жекпе-жек кезінде туатын көптеген
қиын жағдайларда қорғанып қана қоймай, шабуыл жасай алатын қолайлы сәттер
туғызу, қорғаныстан шабуылға көшу әдістерін жете меңгеру және үйрену,
қарсыласының шабуылы кезінде берік қорғанысқа көшіп өзіне соққы дарытпау,
түрлі жағдайларда өзіне пайдалы әдіс- айлаларды толық пайдалану, барлық
қимылды бір мақсатқа жұмылдыру.
Тактикалық есептерді басшылыққа алып отыратын жекпе-жек кезіндегі
негізгі қару-боксшының техникасы болып есептелінеді. Сондықтан боксшы
техниканы жете меңгеріп, оны рингте сенімді және еркін пайдалана білуі
қажет. Рингте, жекпе-жек кезінде боксшылардың жағдайы жиі өзгеріп тұрады.
Бірақ қандай жағдайда болсын, спортшы өзіне ең пайдалы әдісті таба білуді
үйренуі қажет. Техниканы жете меңгерген боксшылар ғана кез келген жағдайда
дұрыс шешім таба алады. Боксшының жекпе-жек кезіндегі әр қимылы екіншісінен
туындап, соны жалғастырып жатуы керек. Шабуыл мен қорғаныс бірімен-бірі
сабақтасып жатпаған жерде боксшы өзіне аса қажет екі тізгінді де
қарсыласына беріп қояды.
Әр боксшының техникасы тек өзіне ғана тән болуы мүмкін. Бірақ бұлардың
негізі бір жүйе бойынша үйретіледі. Сол жүйіні әр жаттықтыршы жақсы білуі
және оны ұстаздық қызметінде жете пайдалануы керек.

Боксшының бастапқы қалпы

Боксшының рингтегі бастапқы қалпы деп, оның шабуылға шығуға немесе
бәсекелесінің әрекетіне қарай қорғанысқа көше білуіне, яғни өарсыласының әр
қимылына қарсы тұрарлық әдіс қолдана алуына қажетті ең қолайлы жағдай
айтылады Боксшының алғашқы тұрысы шабуыл үшін де, қорғаныс үшін де өте
ыңғайлы болып, өзін еркін ұстауы керек. Рингтегі жекпе-жекте боксшыға үнемі
өте сақтық қажет. Ол қарсыласының әр қимылын назардан тыс қалдырмауы тиіс.
Рингтегі әріптесінің шабуылды ұйымдастыруға дайындығын ертерек аңғарып,
соның алдын алуы немесе оны қорғанысқа көшуге мәжбүр етуі жөн.
Боксшының рингтегі бастапқы қалпы қарсыласының әр қимылына байланысты
жиі өзгеріп отырады. Қол, аяқ, дене қимылдары шабуылға немесе қорғанысқа
дайындық кезінде қарсыласыныі іс-әрекетіне байланысты өзгереді. Сондықтан
рингте көптеген жекпе-жек өткізген боксшының бастапқы қалпында да өзіндік
ерекшелік болады. Бұл оның үш раунд бойы шыдамдылығын толық көрсетуіне
мүмкіндік береді
Боксшының бастапқы қалпы ең алдымен оның дайындығына, мінезінеде
байланысты. Бірақ боксты үйрене бастаған сәтте өзіндік ерекшелік көрсету
қиын. Сондықтан бұл шеберлікпен бірге келетін қасиет деуге болады.
Егер боксшының оң қолы күштірек болса, онда ол сол аяғын алға жіберіп,
қарсыласына сол жақ қырымен тұрады. Мұндай тұрыс оң жұдырығымен басын, ал
сол иығымен бүкіл кеудесін қарсыласының соққыларынан қорғауға мүмкіндік
береді. Оның үстіне, ол сәті келген жағдайда оң қолымен қарсыласына ауыр
соққылар да бере алады
Мұндай жағдайда боксшы сол аяқ табанын нық басып, ал оң аяғын бір қадам
кейін алып, сәл оңға таман тұрады, еденге аяғының ұшын ғана тірейді. Сәл
бүгілген екі аяққа дененің салмағы бірдей түседі. Бұл боксшының қай жаққа
болмасын қадам жасауына, рингте тез қимылдауына жағдай туғызады.
Боксшының қорғаныстағы ең басты міндеттерінің бірі-қарсыласының
соққыларынан иегін қорғау. Ол үшін сол қолдың жұдырығын иектен сәл төмен,
ал шынтақ кеудені жауып тұрады (1-сурет).

Сол қол соққыларды қайтаруға, қарсыласын алдау үшін түрлі қимылдар,
жеңіл соққылар жасауға өте ыңғайлы. Дәл осы жағдайда боксшы оң қолын тиімді
пайдаланып, қарсыласының қорғаусыз қалған жерлерін ауыр соққыға ала алады.
Оң қолдың жұдырығымен нысанасын көздегенде дене солға қарай сәл бұрылады.
Бұл оң қолдың соққысына тағы да күш қосады. Ал басқа кездерде оң қол басты,
денені қорғауға бейімделеді.
Бастапқы қалыпта боксшы бұлшық еттерін бос ұстағаны дұрыс. Оны күні
бұрын қатайтып, денені дел – сал шаршатулың қажеті жоқ. Бұлшық етті
бірқалыпты бос ұстау жеңіл және еркін қимылдауға толық мүмкіндік береді.
Жекпе – жек кезінде боксшы қарсыласына тым жақындап қалса, онда оның
тұрысы да өзгереді. Сол аяқ алда, қарсыласына жанасып кетпегені дұрыс.
Өйткені бұл боксшының тепе теңдігін жоғалтып қорғанысын әлсіретеді.
Боксшының рингте жылжу техникасын толық менгеруі өте пайдалы. Ол әр
қадамнан кейін аяқтарының арақашықтығын жоғалтпауы керек. Осындай жағдайда
ғана ол рингтегі қозғалысын әрі қарай жалғастыра алады (2 – сурет)

Мұндай техниканы жаттығу кезінде менгеруге болады. Ол үшін алдымен
боксшыға жаттығып сонан кейін жаттығу жекпе – жектеріне үйренген жөн. Осы
жағдайда да оның бұлшық етті қатайтпағаны дұрыс.
Шабуылдағы соққылар мен қорғаныс қимылдары боксшының қадам жасаған
сәттегі дене қозғалысына да байланысты. Оның әр қадамының бағыты алғашында
қарсыласына байқалмауы керек. Себебі боксшы аяғын еденнен көтерген сәтте
сәл де болса тепе – теңдігін жоғалтады. Екінші аяғының серпілісі тепе –
теңдікті қалыпқа келтіреді.
Жекпе – жек кезінде жеке қадамдардан басқа, қосарланған қадамдар да көп
пайдаланылады. Сондай – ақ, аяқты сүйрете отырып жасаған қадамдар да
болады. Бұлар боксшының жеңіл қозғалуына, үнемі тепе – теңдік сақтауына
мүмкіндік береді. Мұнда да қозғалыс сол бағыттағы аяқпен басталып, жарты
қадам ғана жасалады. Сонан кейін екінші аяқ бастапқы қалыпқа әкелінеді.
Міне қозғалу осылай жалғаса береді. Мұндай кезде боксшы қарсыласының әр
қимылын жақсы қадаңалай алады.
Сонымен қатар боксшының қарсыласына қарай бұрылу әдістерін де жете
менгерген дұрыс (3 – сурет).

Бұрылыс еденде нық тұрған аяқтың ұшымен жасалады. Дененің тез бұрылысы
екінші аяқты да тез бұруға мүмкіндік береді.
Боксшылардың бірімен – бірі өте таяу келгендегі қозғалысы арақашықтықты
сақтаған сәттегі қозғалыстан ерекше болады. Егер қарсылас алыста тұрса,
онда әрі тез, әрі жеңіл қадамдар жасауғв тиіс. Ал бетпе –бет келген сәтте,
көбінесе қысқа, жеке қадамдар ғана жасалады. Оның үстіне аяқ бұрынғыдан да
бүгіле түседі.
Егер аяқ дұрыс және дәл қозғалса, онда боксшы үнемі қарсыласынан батыл
шабуыл жасарлық қашықтықта болады. Оның үстіне боксшы дене салмағын бір
аяғынан екінші аяғына аударып, шабуыл мен қорғанысқа ынғайлы жағдай
жасайды. Кейінгі тұрған аяғының серпуімен және дененің алға қарай тез
қозғалуымен соққысына күш және жылдамдық қоса алады.
Рингте жеңіл де дұрыс қозғалу үшін жекпе – жекте жаттығып, дайындық
жаттығуларын дұрыс өткізген жөн. Мұнда көбіне аяқты сүйрете отырып қадамдар
жасау керек.

Арақашықтық

Боксшы жекпе –жек кезінде түрлі арақашықтықты сақтайды. Олар – алыс,
орта және жақын арақашықтықтар деп үшке бөлінеді. Боксшы бұл
арақашықтықтардың өзіндік ерекшеліктерін жақсы білуі тиіс. Себебі әр
қашықтықтағы жекпе – жек тәсілі әртүрлі болады (4 - сурет).

Алыс арақашықтық. Боксшылар техникалық жетілдіріу кезінде алыс
арақашықтықтарда жекпе – жек өткізуге машықтанады. Бұл – боксшының бір
қадам ілгері аттап, қарсыласына соққы дарыта алатын арақашықтығы болуы
тиіс.
Мұндай қашықтықты жекпе – жек кезінде сақтау боксшы үшін өте қиын. Бұл
жаттығу кезінде көп көңіл бөлінетін, әбден дағдыға айналған әдіс болуы
керек. Арақашықтықты дұрыс анықтап, оны үнемі сақтай алатын боксшыны
қарсыласын дәл және ауыр соққылардың астына алуына мүмкіндігі де мол
болады.
Бір қадам ілгері аттап, қарсыласына соққы дарыта алтын боксшы үнемі
шешуші шабуыл жасайтын кезді күтіп жүреді. Мұндай кезде қарсыласының назары
аударатын әдіс – айлаларды көбірек қолданады. Қарсыласының назарын сол
немесе оң қолмен жасайтын алдамшы соққыларға аударған жөн. Оңқай қарсыласқа
соққы негізінен сол қолмен жасалғаны дұрыс. Оңқай боксшы шабуылды үнемі сол
қолмен бастайды. Сондықтан мұндай алдамшы соққылар қарсыластың шабуыл жасау
мүмкіндігін жояды.
Сол аяқты алға басып тұрған бастапқы қалыпта оң қолмен соққы беру сол
қолдың соққыларына қарағанда төзімді. Ал егер жұдырық тимей кетсе, онда
боксшы ашық қорғаныссыз қалады.Сондықтан оң қолмен соққы беру үшін біраз
дайындық жасау керек. Алдамшы қимылдармен қарсыласты алдап, оның қорғанысын
әлсірету қажет. Бұл арада өзінің де қорғаныссыз қалуы мүмкін екенін естен
шығармағаны жөн.
Боксшы өзінің қорғанысын жеңілдету мақсатымен көп жағдайларда
өарсыласының жұдырығын дарытпау үшін немесе өзінің жылдамдықтағы басымдығын
пайдалану үшін алыс арақашықтықты қалайды. Қарсыласын алыс арақашықтықта
ұстауға да боксшы көп дайындалу қажет. Жекпе – жекті осындай қашықтықта
өткізетін спортшының бойы да, қолы да ұзын болуы және адымы кең болуы
керек. Сондай – ақ боксшының жылдамдығы қарсыласының ерекшелігі мен
тактикасы да естен шықпағаны жөн.
Орта арақашықтық . Ілгері қарай қадам жасамай – ақ боксшының
қарсыласына кең құлаштап жұдырық дарыта алатын қашықтығын орта арақашықтық
дейміз. Бұл жағдайда қарсыласына тым жақындамай – ақ шабуыл жасауға
болады. Мұнда жекелеген және қосарланған соққыларды, тіпті үздіксіз бірнеше
соққы тізбегін де пайдаланады. Бірақ бұл қашықтықтың да өзіндік ерекшелігі
бар. Боксшы бұл сәтте де өте сақ болкы керек. Себебі кез келген жағдайда
ауыр соққылардың астында қалады.
Алыс немесе жақын арақашықтықтарға қарағанда бұл жағдайда қорғану да
қиындау. Орта арақашықтықта қарағанда жүруге қалыптасу үшін боксшы өзін-өзі
өте сенімді, шабуыл мен қорғанысты дұрыс құра білгені және жекпе – жек
тізгісін ұсынып шығармағаны ләзім.
Боксшы соққы беруге үнемі дайын болғаны жөн. Мұнда аяқтың қозғалысы
алыс арақашықтықтағы сияқты әдіс – айла қолдануға, сондай – ақ
арақашықтықты сақтауға және соққының күшін арттыруға жұмылдырады. Сондықтан
орта арақшықтықтағы боксшы негізінен жеке қадамдар немесе сүйретпе қадамдар
жасайды. Бұл боксшының өзіне үнемі сенімді болуына мүмкіндік береді. Мұнда
әдіс – айла және алдамшы қимылдар көбіне денемен ғана жасалады.
Боксшылардың көбі орта арақашықтықты өте аз, шабуылды үдету немесе
қарсы шабуыл кезінде соққылар тізбегін жасау үшін ғана пайдаланады. Сонан
кейін олар алыс арақашықтыққа немесе жақын қашықтыққа ауысады. Сондықтан
бұлар, бұл қашықтықты көбіне жартылай арақашықтық деп те атайды. Соған
қарамастан орта арақашықтықты жақсы көретін боксшылар да баршылық.
Жақын арақашықтық. Бұл – боксшылардың қысқа соққылар ғана жұмсай
алатын қашықтығы. Мұндай жағдайда боксшылардың бір – біріне денесі тиіп
тұруы да мүмкін. Бұл қашықтықтағы бәсекеде өте жинақы болып, денеде жұдырық
даритын ашық жер қалдырмауға тырысу керек.
Қарсыласымен бетпе – бет келгенде боксшының аяқтары оған дейінгі
таңдаған соққы жұмсауға ыңғайлы арақашықтықта болуы тиіс. Егер тіресіп
тұрған боксшылардың бірі итерсе немесе кейін кетсе, аяқ дененің тепе –
теңдігін сақтайды. Тіпті жақын арақашықтықтың өзінде де боксшы күшті
соққылар беруге болатын жағдайды іздеуі керек. Дененің салмағын бір аяқтан
екінші аяққа алмастырғанда да шабуыл мен қорғанысты ұмытпаған дұрыс.
Жақын арақашықтықта жекпе – жек өткізуде дәлдік керек. Арақашықтықты
дұрыс есептемеу, қарсыласы өте жақын тұрғанда сәтсіз қимылдар жасау көбіне
қолайсыз жағдайға соқтырады. Мұндай кезде боксшы қарсыласының басы тиіп,
жарақат алуы да мүмкін. Осындай жағдайда көбінесе боксшылардың қабағы
жарылады. Мұндай сәтсіз қимылдар спортшыны жарысты жалғастыру мүмкіндігінен
айырады.
Жарыс ережесі бойынша, боксшыларға жекпе – жек кезінде бірін – бірі
итеруге, ұстауға, қапсыра құшақтауға, басын қарсыласының кеудесіне тығуға
рұқсат етілмейді.

Соққылар

Бокс техникасында негізгі үш түрлі соққы бар. Олар: төте соққы,
төменнен және қапталдан жасалатын соққылар (5 – сурет).

Бұл соққылардыңәрқайсысын оң қолменде, сол қолмен де қарсыластың басына
немесе денесіне дарытуға болады. Соққылардың түрі (төте, төменнен және
қапталдан) сол соққыны атқаратын қол (оң немесе сол) және нысана (бас
немесе дене) бір – бірімен байланысты. Сондықтан бокс терминалогиясында
соққыларға арналған он екі тізбек бар: оң қолмен басқа төте соғу, оң
қолмен денеге төменнен жасалған соққы, сол қолмен денеге қапталдан
жасалған соққы және т.б.
Жекпе – жек кезінде негізгі соққылардың техникасы боксшылардың өзіндік
ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады. Бұл арада жекпе – жек қалай өтіп
жатқандығы, жылдамдық, қарсыласының бәсекені жүргізу әдісі мен тактикалық
міндеттері де соққыға өзгеріс енгізуі мүмкін. Осыған орай соққылардың
ерекшелігі байқалады, дәлірек айтқанда, олардың орындалу техникасы ғана
өзгереді. Қандай соққы болса да арақашықтыққа байланысы әр түрлі. Мұндай
қолдың бір түзудің бойымен созылуы да, тіпті созылмауы да мүмкін.Нысананы
көздеген соққының бағыты да өзгеруі ықтимал. Қапталдан жасалған соққылар
нысанаға төменнен немесе жоғардан тиеді. Мұндай соққылар кезінде аяқ
қозғалысы да өзгереді. Сол аяқты алға қойып тұрған кезде дененің салмағын
екі аяққа бірдей түсіріп ,жоғарыда аталған соққыларды қолданады. Сондай-ақ
оңға немесе солға жылжып та, қарсыласын соққы астына алуға болады. Көптеген
былғары қолғап шеберлерінің техникасында өзіндік ерекшеліктер бар. Осындай
ерекшеліктер кейбір боксшының соққыларды жүзеге асыруына ықпал етеді.
Олардың соққыларында шеберлік байқалады, ал техникалық орындалуына ешқандай
мін таға алмайсын.
Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге де болады. Сондықтан бокстағы
соққылар техникасын өзгермейтін , тұрақты деп қарамау керек. Бұл соққылар
боксшылардың қалыптасу кезеңінде негізге алынуы тиіс. Ал шеберлігі толысқан
спортшылар өзінің қабілетіне, мүмкіндігіне қарай өзіне пайдалы, тиімді
әдістер іздейді. Енді солардың түрлерімен танысалық.
Соққылардың негізі. Бокстағы әр соққының тактикалық шешімі болады.
Боксшылар шабуыл соққыларын,қарсыласы шабуылға шыққанда қарсы және жауап
соққыларды, әріптесінің қорғанысын бұзуға арналған алдамшы соққыларды,
қарсыласының шабуылын тоқтататын соққыларды пайдаланады. Мұндай соққылар әр
түрлі жағдайда жүзеге асырылады.
Боксшылардың арақашықтығына байланысты ұзын және қысқа соққылар көбірек
пайдаланылады. Жақын арақашықтықта қысқа соққылар ғана жүзеге асырылады.
Соққы үйреткен кезде дәлдік және жылдамдық сияқты қасиеттерді боксшының
бойына сіңдіруге басты назар аударған жөн. Бірақ еш уақытта боксшыдан
қарсыласын құлататын күшті соққыларды талап етуге болмайды. Боксшының шын
шеберлігі қарсыласын ұрып құлатуда емес, оны жан – жақты тактикамен,
ұшталған техниканың көмегімен жеңуде.
Рингтегі жекпе – жек –ең алдымен айла - тәсілдердің бәсекесі.
Боксшылардың күшті соққылармен беріле әуестенуі көбіне өздерін қиын
жағдайда қалдырады. Әрине, бокста жекпе – жекке түскен жұптың қайсысы
болмасын соққы тигізбей кете алмайды. Бірақ мұнда шебер қорғана білетін,
шабуылды да есеппен жасайтындар ғана жеңеді.
Қандай соққы жасаса да боксшы өзінің тепе – теңдігін сақтауы керек.
Егер оның жұдырығы ауаға босқа сілтенсе, онда боксшы тепе – теңдіктен,
онымен қоса қорғаныстан да айрылады. Бұл терезесі тең қарсыласпен жекпе –
жекте сәтсіздікке ұшыратуы мүмкін.
Жылдам қарсыласпен бәсекеде соққы да жылдам болуы тиіс. Көптеген
тәжірибелердің арқасында, осындай жекпе – жекте әр соққының шамамен жарты
секундта жасалатыны анықталды.
Тез соққылар негізінен әрбір қимылдың дәлдігіне байланысты. Әрбір соққы
мынадай элементтерден тұрады: аяқпен демеп, дененің салмағын бір аяқтан
екінші аяққа ауыстыру, денені ыңғайлап соққы жасайтын қолды алға жұмсау.
Сонымен қатар тездік боксшының соққы басталар кездегі қалпына да
байланысты.
Дәл соғу және қарсы соққылардан қорғана білу – жекпе – жектің сәтті
аяқталуын қамтамасыз ететін тактикалық есеп. Сондықтан тактика мен
техниканы үнемі бірге пайдалана білу қажет. Жаттықтырушылар шәкірттеріне
бокс техникасын үйреткенде осы сүйікті өнердің тактикасын да естен
шығармағаны жөн.
Соққы кезіндегі жұдырықтың қалпы. Бокстың ережесі бойынша соққы
жасаған кезде былғары қолғап ішіндегі жұдырық қатты түйілуі қажет. Қолдың
саусақтары мен олардың буындары дененің басқа мүшелерімен және буындарымен
салыстырғанда әлсіздеу болады. Ауыр соққылар кезінде саусақ немесе оның
буындары жарақат алуы мүмкін. Жұдырықтың соққы кезінде түйілу керектігі де
сондықтан. Саусақты жарақаттау немесе буынды тайдырып алу жиі кездесетін
жайлар. Бокспен әуестенушілердің көбі алғашқы сәттерде осындай жарақаттар
алады.
Саусақтың немесе буынның жарақат алуының басты себебі соққы жасаған
кезде жұдырықтың дұрыс түйілмеуіне байланысты. Оның үстіне ол соққылардың
өзі де көздеген нысанаға емес, қарсыластың денесінің ең қатты жерлеріне –
шынтаққа, маңдайға, кейде жамбас сүйекке тиеді.
Соққы кезінде түйілген жұдырық мынадай болады. (6-сурет)

саусақтар бүгіліп алақанға тиіп тұруы керек. Қолдағы ең мықты жер және
қарсыласына соққы кезінде даритын жер – алақанның ортасы. Ал бүгілген
саусақтардың буындары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақсатан Республикасындағы спорт және дене тәрбиесі
Жас боксшыны ұрысқа дайындау
Сегіз салмақ дәрежесі
Бокстың әдіс тәсілдері
Қазақ боксы
Бокстың жалпы ержелері
Боксердің техникалық және физикалық дайындығы
Қазақ боксының тарихы
Бокс - спорт түрі
Бокстың шығу тарихы
Пәндер