Тауар өндірісі – нарық шаруашылығының негізі



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І.тарау. Тауар категориясының экономикалық мәні ... ... ... ... ... 4

1.1. Тауарлы шаруашылық: пайда болу шарттары, негізгі белгілері мен типтері және оның қассиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1.2. Тауардың категориялық құны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

1.3. Ақша тауар өндірісінің категориясы: пайда болуы және мәні ... ... ... ...11

1.4. Тауарлы өндірістің ерекше бағалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19


ІІ.тарау. Экономика мен тауар өндірісінің байланысы ... ... ... ...22

2.1. Қазақстан Республикасында тауар өндірісінің негізгі нышандары ... .24

2.2. Халық тұтынатын товарлар өндіру мен қызмет көрсету саласын
дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
Кіріспе.

Тауар категориясына дейін тарихта игілік ұғымы болған. Ол заттардың адамзаттың белгілі қажеттілігін қанағаттандыру қабілеттілігін көрсетеді. Ағылшын экономисі Кембридж мектебін құрушы А.Маршалл ″ Саяси экономия принциптері ″ кітабында игілікті адамның барлық көңілі ауған заттарын түсінген және ол адамның қажеттігін қанағаттандыру қажет. Экономикалық игіліктің ерекше түріне тауар жатады. Қазақстанда тауар ұғымы тым ерте дүниеде пайда болған. Ол көшпелі түрік тайпаларынан алынған және сөзбе – сөз алатын болсақ: ″ мүлік ″, ″ жақсылық ″ мағынасын білдіреді. Тауар теориялары:
Марксистік теорияда тауар сатуға арналған және адамға пайдалы еңбек өкілі ретінде қарастырылады. Тауар ең алдымен:
1) тек адамның қандай да бір қажеттігін қанағаттандыратын зат боп табылады.
2) тауар сатуға арналған.
Маркстің ойынша тауар екі қасиетке иеленеді:
І қасиет. Қандай да бір адамның сұранымын қанағаттандыруы бұл тұтыну құны деп аталады.
ІІ қасиет. Зат бола отырып басқа затқа айырбасталу қабілеттілігі тауардың белгілі бір сандық пропорцияда басқа тауарларға айырбасталу және алу қасиеті айырбас құны деп аталады.
Австриялық экономикалық мектеп өкілі Карл Менгер, тауар айырбас үшін өндірілген ерекше экономикалық игілік ретінде анықталады ( Т – Т ) ( Т – А ). Тауар құны оны екінші бір тауарға айырбастағанда көрінеді.
Қолданылған әдебиеттер:

1. «Нарық экономикасын қоғамның экономикалық өмірінің негізі», авторы: Мәдешев Б.
2. «Нарық экономика негіздері», автор: Жүнісов Б.Т.
3. «Руководство по финансовому учету, отчетности и аудиту. Первая редакция Центральный и операционный отдел учета и отчетности», Всемирный банк, январь 1995г.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 29 желтоқсанда № 441 бұйрығымен бекітілген. «Бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарын қолдану жөніндегі әдістемелік ұсыныс».
5. «Нарқтық қатынасқа өту жағдайында ауылшаруашылығы өндірісін ұйымдастыру», Алматы 1994. автов: Тұрғанбаев
6. «Нарық қатынасына өту кезеңіндегі өндірістік бизнеске баға тетігін пайдалану», Алматы 1996. автор: Төлемісұлы
7. «Өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды факторы», Алматы 1984. автор: Төлемісова Л.Е.
8. «Нарық жағдайында Қазақстанның кен өнеркәсіптерінде өнім сапасы», Түркістан 2002. автор: Мәмбетова С.Ш.
9. «Нарыққа өту жолында ұлттық аймақ экономикасының әлеуметтік бағыттылығын арттыру мәселелері», автор: Бодауханұлы Қ.
10. «Халық тұтынатын тауарлар өндіру мен қызмет көрсету саласын дамытудың 1986 – 2000 жылдараға арналған комплекстік программа», Алматы 1986.
11. «Экономикалық теория», автор: Әкімбеков
12. «Нарық: топ жарып, алға шығару. Практика мен принцептері», Алматы 1994. автор: Питер Ф., Друкер.
13. «Қаржылық есеп: оқу құралы» Қ.К. Кеулімжаев және т.б. Алматы: Экономика, 2001.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық Университеті
Экономика және қаржы институты

″Экономика″ кафедрасы

“ Экономикалық теория ” пәнінен

Тақырыбы: Тауар өндірісі – нарық шаруашылығының негізі

Орындаған:

Тексерген: Мукашева Б.

Астана 2006 ж.
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3

І-тарау. Тауар категориясының экономикалық мәні ... ... ... ... ... 4

1. Тауарлы шаруашылық: пайда болу шарттары, негізгі белгілері мен типтері
және оның
қассиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 4

2. Тауардың категориялық
құны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...8

3. Ақша тауар өндірісінің категориясы: пайда болуы және
мәні ... ... ... ...11

4. Тауарлы өндірістің ерекше
бағалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

ІІ-тарау. Экономика мен тауар өндірісінің байланысы ... ... ... ...22

2.1. Қазақстан Республикасында тауар өндірісінің негізгі
нышандары ... .24

2.2. Халық тұтынатын товарлар өндіру мен қызмет көрсету саласын

дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 1

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .36

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 38

Кіріспе.

Тауар категориясына дейін тарихта игілік ұғымы болған. Ол заттардың
адамзаттың белгілі қажеттілігін қанағаттандыру қабілеттілігін көрсетеді.
Ағылшын экономисі Кембридж мектебін құрушы А.Маршалл ″ Саяси экономия
принциптері ″ кітабында игілікті адамның барлық көңілі ауған заттарын
түсінген және ол адамның қажеттігін қанағаттандыру қажет. Экономикалық
игіліктің ерекше түріне тауар жатады. Қазақстанда тауар ұғымы тым ерте
дүниеде пайда болған. Ол көшпелі түрік тайпаларынан алынған және сөзбе –
сөз алатын болсақ: ″ мүлік ″, ″ жақсылық ″ мағынасын білдіреді. Тауар
теориялары:
Марксистік теорияда тауар сатуға арналған және адамға пайдалы еңбек
өкілі ретінде қарастырылады. Тауар ең алдымен:
1) тек адамның қандай да бір қажеттігін қанағаттандыратын зат боп табылады.
2) тауар сатуға арналған.
Маркстің ойынша тауар екі қасиетке иеленеді:
І қасиет. Қандай да бір адамның сұранымын қанағаттандыруы бұл тұтыну құны
деп аталады.
ІІ қасиет. Зат бола отырып басқа затқа айырбасталу қабілеттілігі тауардың
белгілі бір сандық пропорцияда басқа тауарларға айырбасталу және алу
қасиеті айырбас құны деп аталады.
Австриялық экономикалық мектеп өкілі Карл Менгер, тауар айырбас үшін
өндірілген ерекше экономикалық игілік ретінде анықталады ( Т – Т ) (
Т – А ). Тауар құны оны екінші бір тауарға айырбастағанда көрінеді.

І-тарау. Тауар категориясының экономикалық мәні.

1.1. Тауарлы шаруашылық: пайда болу шарттары, негізгі белгілері мен типтері
және оның қассиеттері.

Адамзат қоғамы өндіріс - еңбек әрекеттерін, еңбек бөлінісі, мамандану,
кооперация және айырбас арқылы ұйымдастырудың негізінде, өзінің
материалдық, рухани жағдайының жақсартуында жақсы жетістіктерге ие болды.
Экономиканы ұйымдастырудың элементарлық формасында — шаруашылықта —
байлықтың табиғи формасының көрініci натуралдық өнім түрінде болады. Бұл
өнімге, біріншіден, тұтыну бағалылығы, екіншіден, еңбек нәтижесі деген
қасиеттер тән болады.
Заттың пайдалылығы, оның өзіне тән белгілі физикалық, немесе, басқа да
қасиеттерінің арқасында адамдардың белгілі 6ip кажеттерін қамтамасыз ететін
қабілеті, өнімнің тұтыну бағалылығын құрайды.
Тауар өндірісі жағдайында еңбек өнімі оны тауарға айналдыратын жаңа
ерекше қасиеттерге ие болады. Бұл өнімнің бағалылығы өндіріс үшін емес,
басқа адамдар үшін болады — басқаша айтсақ, бұл өнім қоғамдық қасиетке ие
болады.
Қоғамдық тұтыну бағалылығының өлшемі болу қызметін сұраныстың көлемі
атқарады. Өнімнің өндірісі ұсыныс көлемін белгілейді. Егер ұсыныс сұранысты
канағаттандырған болса, онда заттарға қоғамдық тұтыну бағалылығы тап
болғаны. Кез келген зат тауар бола алама? Жоқ тек адамның еңбек жұмсап
жасаған заты тауар болады. Мысалы, өзендегі балық оны ұстап алғаннан соң
тауар бола алады. Өйткені оны ұстауғa еңбек жұмсалады.
Тауар болу үшін заттың тек басқалар үшін жасалуы, оның тауар болуына
жетімсіз жағдай; осы зат басқаларға өткізілуі керек, оның орны
эквиваленттік түрде етелуі қажет. Басқа адамның қажеттігін канағаттандыру
үшін жасаған сыйлық тауар бодмайды. Енді тауарға анықтама берейік. Тауар
дегеніміз – еңбекпен жасалған қоғамдық бағалылықты иемденген және
айырбасқа арналған заттар, немесе қызметтер. Заттар өзінен өзi тауар бола
алмайды. Тауар болу үшін олар адамдар арасындағы айырбастың объектіне
айналуға тиіc. Сондықтан тауар адамдар арасындағы еңбек өнімінің айырбасы
арқылы білінетін қатынастарды көрсетеді. Тауармен алмасудың формалары сан
алуан болуы мүмкін, 6ipaқ барлық жағдайда осы айырбастың әрекетінің
нәтижесінде 6ip зат өтіп орнына екінші зат келуі қажет. Осыдан шығатын
тұжырым: айырбас процесінде әр тауар нарықта айырбас құнына ие болады.
Яғни, белгілі сәйкестікте басқа пайдалы затқа айырбастала алатындық
қабілетке ие болады.
Осындай теңдік, айырбас сәйкестігі нарық практикасында күн сайын
шексіз көп рет қайталанып, болып отырады. Әдетте, адамдар заттар неге бір -
бірімен салыстырылады деп, әp6ip нақты салыстыру теңдігінің негізінде не
жатады деп ойланбайды. Ал экономикалық теориядағы айырбас сәйкестігін,
айырбас құнының қандай себептер белгілейді деген сұрақ Аристотелден бастап
осы күнге дейін ой толқытады.
Экономикалық әдебиетте тауарлардың құны туралы негізгі үш бағытты атап
өтейік.
Біріншісі Карл Маркстің еңбектік құн теориясында негізделеді. Осыған
сәйкес, тауарлардың өндіріci мен айырбасы солардың құнының негізінде жүріп
отырады, құнның өзі еңбектің қоғамдық — қажетті шығындарымен белгіленеді.
Бұл жағдайда тауар өндірушілер мына зандылықпен есептесуі қажет: егер
еңбектің индивидуалдық шығындары қоғамдық қажеттіктен артық болса, онда
шығындардың осы артық бөлшегін қоғам мойындамайды. Ал тауардың құнының
негізінде оның өндірісіне жұмсалған қоғамдық еңбек жатады. Сөйтіп, құн
тауарға сіңген тауар өндірушілердің қоғамдық еңбегі болып белгіленеді. К.
Маркс тауарға 6ip жағынан, адамдардың белгілі қажеттерін қанағаттандыруға
қабілетті тұтыну құны деп, екінші жағынан - құн деп анықтама береді.
Тауардың ең жақты сипаты, осы тауарға сіңген еңбектің екі жақты сипатымен
белгіленеді. Тұтыну құны деп алынған тауар белгілі формадағы еңбектен
жасалады, яғни, нақты еңбекпен; құм деп алынған тауар нақты формаларына
тәуелді емес жалпы еңбекпен жасалады, абстракты еңбекпен, яғни, тікелей
жұмыс уакытының нақты бірліктері емес, эквивалент қызметін атқаратын басқа
тауарларды салыстыру арқылы. Сөйтіп, тауардың құны, өндірістің қоғамдық –
қалыпты шарты болған жағдайда және осы қоғамдағы еңбектің іскерлі дәрежесі
мен қарқындығының орташа жағдайында тауарды жасауға қажет индивидуалдық
емес қоғамдық - қажетті жұмыс уакытымен белгіленеді.
Әңгіме құнды орташа еңбекпен емес, өндірістің өткізудің қоғамдық
шарттарымен болжамдалған еңбекпен белгілеу туралы болса да, басқа
тауарлармен салыстыру арқылы жанама өлшеуіштерді қолдануды кейде еңбектік
құн теориясына қарсылар қолдамайды.
Екінші бағыт шекті пайдалылық теориясын қолдануға негізделген. Бұл
теорияны кең пайдаланатын маржиналистер. Бұлар бойынша құн және баға
тауарлардың шекті пайдалылығының және олардың сиректігінің туындысы болып
табылады. Бұл бағыттың өкілдері, субъектің қарамағындағы иеліктер қорының
тең шамаларының тізбектелген өсімдері белгілі нүктеден артып кетсе, онда
игіліктер бірлігінің пайдалылығы үдемелі төмендейді деп есептейді. Қордың
ең ақырғы бірлігінің пайдалылығы, немесе игіліктің шекті пайдалылығы, осы
тауардың құнының көлемін белгілейді.
Маржинализмнің теоретиктері, бұлардың ішінде австриялық мектептің
өкілдеpi, материалдық игіліктердің бағалылықтарының екi түрін бөліп атайды
— субъективтік және объективтік. Субьективтік бағалылық деп олар
материалдық игіліктердің осы субъект үшін бағалылығын түсінеді. Австриялық
мектептің өкілдepi, олар баға теориясының негізіне жатқызған, субъективтік
бағалылыққа шешушi рөл береді. Олар бұны сатып алушы және сатушылар жағынан
осы тауардың пайдалылығын бағалаушы субъектердің нарықта қарсыласуының
нәтижесі деп есептейді.
Үшінші бағытты тұжырымдаған Л. Маршалл. Шекті пайдалылық түрін алған
ұсыныс жағындағы және өндipic шығындары түрін алған ұсыныстың
негіздеріндегі нарықтық күштердің 6ip - 6ipiнe әсерін айқындау, осы
бағыттың зерттеуінің мазмұнын құрайды. Осыған А. Маршалл мынадай қорытынды
жасайды; пайдалылық ұсынылған көлемді белгілейді, ұсынылған көлем өндірic
шығындарын белгілейді. Оның болжамы бойынша, сатушының тауар үшін төлеуге
келісім беретін бағасы тауардың пайдалылығымен белгіленеді; бұнда ол
пайдалылықты, тауар үшін сатып алушы төлей алатын, барынша жоғарғы құны деп
есептейді.
А. Маршалл бағаны белгілеуде, оған әсер ететін eкi факторды бөліп
атайды: шекті пайдалылық және өндіріс шығындары. Оның тұжырымдауы бойынша,
тауардың сатушы белгілеген бағасын оны өндіру үшін жұмсалған шығындар
құрайды, ал нарықтық баға сатып алушылармен және сатушылармен белгіленеді,
сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде.
Пайдалылықты өлшеу туралы бүгін маржиналистер, кардиналистер — шекті
пайдалылықтың абсолюттік шамасын сан жағынан өлшеуге болады деген идеяны
жақтаушылар және ординалистер — шектi пайдалылықтың абсолюттік шамасын
өлшеудің мүмкіндігін және қажеттігін жоққа шығарушылар болып бөлініп отыр.
Ординалистердің аса көрнекті өкілдеріне Дж. Хикс және П. Самуэльсон жатады.
Бұлар тұтынушылардың артықшылықтарының шәкілін жасады.
Дж. Хикс бойынша бүгінгі заманда тұтынушылардың артықшылық, шәкілінің
бастапқы пункті талғаусыздықтың қисық сызығының теориясынан басталады. Осы
қисық сызықтың негізінде пайдалылықтың өзін өлшеумен айналыспай, тұтынушы
тауарларға ең ұнамды таңдау жасай алады. Дж. Хикс шекті пайдалылықпен және
сатып алушы төлеуге келетін бағаның арасында айырмашылықтардың болуымен
есептеспейді, ал сұраныс заңын ол бағаның өзгерістермен және тауарлардың
саны арасындағы шамалас сәйкестік арақатынасқа жатқызады.
П. Самуэльсон экономикалық тепе-теңдік үлгілерін қолдануда, шекті
пайдалылық теориясын ақшаның шекті пайдалылығымен және табыстармен
байланыстыруды ұсынады. Оның есебі бойынша, игіліктің әрбіреуінің шекті
пайдалығы бағаға белінгенде 6ip-6ipiмен тең болуға тиісті және нәтижесінде
(қорытынды) табыстың 6ip долларына келетін орташа шекті пайдалылықты беруге
тиістi.
Нарықта сұраныс пен ұсыныста өзгерістердің әсерімен нарықтық
бағалардың ауытқулары болып түрады. Еңбектің құн теориясы бойынша, осындай
ауытқулар бағаның құнынан ауытқуы деп түсінеді. Осыған байланысты, тауардың
өндірушілеpi, олардың айырбасталуында, бағаның негізі болып табылатын
тауардың қоғамдық еңбектік құнымен есептесуге мәжбур болады. Сұраныс және
ұсыныс 6ip - 6ipiмен сәйкестікке жеткенде тепе-теңдік орнайды. Игіліктің
бағасын шекті пайдалылық теориясы негізінде белгілегенде, бағаның
ауытқулары "шекті өнімнің" бағалылығының манайында жүріп отырады. Тауардың
тепе-теңдік нарықтық бағасы, сатып алушылар мен сатушылар жағының осы
тауардың, пайдалылығын субъективтік бағалауларынын нәтижесі болып табылады.
Қорытынды мынау: маркстік еңбектік құн теориясы және шекті пайдалылық
теориясы 6ip-біріне қарсы, қайшылықта емес олар 6ipiн-6ipi толықтырады.
Егер біріншіде, еңбектік шығындарға сәйкес жасалатын құнға басты назар
аударылған болса, екіншіден теориялық бағыттан өндірістің негізгі
факторларын - еңбекті, капиталды, жерді және т.б. неғұрлым тиімді
пайдалану, барынша терең дәлелденген.

1.2. Тауардың категориялық құны.

Еңбек құны теориясы және шекті пайдалылық теориясы негізгі құн
теориялары болып табылады.
Тұтыну бағалылығы — бұл заттын пайдалылығы, адамның қандай болмасын
қажеттігін оның канағаттандыра алатын қабілеті. Осы арқылы 6ip өнім
басқаларға ұқсамайды, өйткені олардың тұтыну қасиеттері өзгеше болады.
Тауардың құны, оны жасауға жұмсалған еңбек шығынынан тұрады. Осыған
сәйкес, тауардың. құнының шамасы, оны өндіруге жұмсалған еңбек шамасымен
және кажетті жұмыс уакытымен белгіленеді. Егер еңбек әрекеттерінің
қарқындылығын тұракты деп болжамдасақ, онда тауар өндіруге жұмсалған
қажетті еңбектің мөлшері өскен сайын, оның құны арта түседі. Өнімдердің
тұтыну құны оларды 6ip-6ipiмен алшақтатса, құн оларды біріктіреді.
Тұтынудағы бағалылық пен құн тауарда қатар, 6ip мезгілде орын алады
және олар 6ip-6ipiмен алмаса алады. Тұтыну құнының езгерістері ертелі-кеш
құнының өзгерістеріне әкеліп соғады. Керісінше, құнының өзгеруі тұтыну
құнының өзгерістеріне әкеп соғады. Осы пайымдауды әзірше дәлелсіз
қабылдайық — дәлел кейін келтіріледі. Мынаны ескертейік: тауардың құнын
қандай болмаса сондай еңбек уакыты емес, тек оны өндіруге нақты қажет еңбек
уакыты құрайды. Әр қоғам осы кажетті уакытты реттеу үшін өзіне тән
механизмдер қолданады. Мысалы, классикалық капитализм тұсында тауарды
өндіруге керек қажетті уакыт өндірістік орташа жағдаймен белгіленеді.
Өнімдердің көп түрі болуы, олардың әр қайсысының тұтыну бағалылығының
ұқсас болмағаны сияқты, еңбектің де түр – түрге белінуінен, олардың жеке
түрінде қолданылатын еңбек операцияларының ұқсас болмауынан туады. Тауардың
тұтыну құнын өндіруге кажетті операциялардың нақты жиынтығы, нақты еңбек
деп аталады. Сонымен қатар еңбектің екінші жағын жұмысшы күшінің
физиологиялық мағынада жұмсалуы құрайды. Жұмысшы күшін жұмсау бағытынан
келсек, өндірушілер арасында тек жұмсалған күштің саны жағынан ғана
айырмашылық болады: 6ipey көбірек, 6ipey азырақ еңбек жұмсайды. Еңбектің
физиологиялық шығындарын экономикалық есепке алып және осы еңбектің
физиологиялық шығындарын салыстыру, абстрактыеңбек деген түсінікті құрайды.
Сонымен, тек еңбектің өнімі ғана емес, еңбектің өзі екі жақты процесс:
нақты және абстрактылы еңбек процеci болып табылады. Нақты еңбек тауардың
тұтыну құнын, ал абстрактылы еңбек — құнын құрайды.
Нақты еңбектің нәтижесi өнім, ал осы өнімнің қажетіліктерді
қамтамасыз ететін ерекше қабілеті, оның тұтыну құны болады.
Шекті пайдалылық. теориясы адамдарға өмip сүру үшін материалдық
игіліктердің белгілі 6ip жиынтығы қажет дейді, игіліктердің адамның белгілі
6ip қажеттігін қамтамасыз ететін қабілетті, оның падалылығы деп аталады.
Адамдардың қажеттілігін қамтамасыз ететін игіліктер әр шамада
болады: мол шамада, сирек шамада. Мол игіліктермен экономикалық теория
айналыспайды. Оның назар аударатыны тек сиректігі әр дәрежеде болатын
игіліктер. Міне осы игіліктерді үнемдеу қажет. Игілікті тұтынушының
субъектик бағалауы, осы игіліктің бағалылығын құрайды. Субъективтік бағалау
немесе игіліктің бағалылығы, 6ip жақтан, игіліктің пайдалылық дәрежесімен,
екінші жақтан, оның сиректігімен беліленеді.
Егер белгілі 6ip игіліктің қоры болса, осы кордың келемі, оның
сиректігінің дәpeжeciн көрсетеді, ал оның кажеттіліктерді қанағаттандыра
алатын қабілеті - оның пайлалылығын көрсетеді.
Игіліктердің кө6i бөлінеді. Сондықтан олардың жалпы пайдалылығы және
қордың әр данасының пайдалылығы болады. Өндірушіде белгілі 6ip игіліктің
үш бөлшегі бар делік. Енді осы кажеттіліктің бастапқы қарқындығын сан
жағынан көрсетуге болады. Ол 10 - ға тең дейік. Енді өндіруші осы
игіліктің қорының бірінші бөлшегін тұтынды дейік. Игіліктің әр бөлшегінің
пайдалылығы қажеттіліктің қарқындылығын көрсететін болғандықтан, бірінші
бөлшектің пайдалылығы 10-ға тең деуге болады.
Бірінші бөлшекті тұтынғаннан сон, қажеттілік аздап қанағаттандырылады
және оның қарқындылығы өндіруші үшін 8-ге дейін төмендейді. Енді, игіліктің
екінші бөлшегінің пайдалылығы 8-ге тең болады.
Игіліктің ақырығы, үшінші бөлшегінің пайдалылығы 6-ға тең.Өндірушінің
қарамағындағы осы ақырғы бөлшектің пайдалылығы шекті пайдалылық деп
аталады. Егер игіліктер болжаусыз көп біртекті бөлінген 6oлca, тұтынушы
игіліктің барлық бөлшектерін бірдей бағалайды. Бөлшектердің
бағалылықтарының негізінде олардың шекті пайдалылығы жатады. Осылайша,
игіліктің жалпы экономикалық. бағалылылғын табу үшін, шекті
пайдалылықты игіліктің бөлшектерінің санына көбейту керек.
Жалпы корытынды мынадай: пайдалылықты субъективтік бағалаудың
негізінде, осы өнімді өндіруге қажет тиімді технология таңдап алынады.
Құнның дәстүрлі еңбек теориясы өндіріспен айналысуға береліп кетіп,
тұтынумен жетімсіз есептескен.
Құнның еңбек теориясы адамдардың өздерінен тыс қалыптасатын
объективтік еңбек пропорцияларымен қалай есептесіп отыру керектігін
дәлелдей алмады. Еңбек пропорцияларының, өзгерістеріне сәйкес келетін
субъективтік бағалау оны осы мәселелерден құткарады.
Шекті пайдалылық. теориясы өз жағынан, керісінше, өндірісті ұмытып,
бар назарын тұтынуға аударған. Бұл тұрғыда еңбек теориясы шекті пайдалылық
теориясының сынаржақтылығын жояды, оны тындық ка6ілеті, оның АҚШ долларына
айырбасталуымен қамтамасыз етіліп отыр. Бірақ АҚШ-ың өзінде 1971 жылы
Орталық банктер үшін де доллардың алтынға айырбасталуы тоқтатылды.

1.3. Ақша тауар өндірісінің категориясы: пайда болуы және мәні.

Қандай бір қоғамда болсын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен
тауар айналымынан туындайды. Олай болса, ақша соңғы айтылғандардың ұзақ
мерзімді даму процесінде пайда болған. Сондықтан да ақшаның пайда болуы
өте ерте заманнан бастау алады. Орта ғасырдағы алхимия жай метелды
табиғатты болмаған философия тасын – алтынға, күміске айналдыру
жолдарын іздестірген. Алхимиктер алтынның атасы: күнді бейнелейтін –
күкірттің белгісі, ал оның анасы: айды бейнелейтін – сынаптың белгісі деп
түсінген. Міне, осы белгі орта ғасыр алхимиктерінің танбасына айналған.
Алхимиктердің соншалықты аңқаулығына қарамастан, олардың мұндай
жобалауларында шындықтың ізі бар. Бүгінгі таңдағы ядролық физика ғылымы
алтынды сынаптан алуға болмайтындығын дәлелдеді. Бірақ мұндай алтынның
бір грамының құны асыл металдардың бір миллион тонна құнына тең болар
еді.
Ақшаның мәнін анықтауға ынталылық капитализмінің қалыптасуы және
дамуы дәуірінде өрістеді А.Смит, Д.Рикардо, К.Маркс, И.Фишер, А.С.Пигу,
М.Фишер және басқа да көптеген экономистер осы проблеманы шешуге
ынталанған. Бүгінгі экономикалық ілімдерде ақшаның мәні туралы әр түрлі
пікірлер орын алып отыр. Мысал ретінде А.Самуэльсонның пікірін
келтірейік: Ақшаның тауар дәуірін, қағаз ақша дәуірі алмастырады.
Қағаз ақшалары, оның мәнін, ішкі табиғатын бейнелейді ... Ақша – бұл
жасанды әлеуметтік шарттылық.
20 ғасырдың басына дейін экономикалық теорияда ақша туралы екі
мәселе орталық орын алған: 1 ақшаның пайда болуы және мәні: 2 оның
құны және сатып алу қабілеті. Бірінші мәселе бойынша, саяси
экономикада қосметалды және бірметалды деп аталатын екі бағыт
дамыған.
Жалпылама эквивалент қызметін алтынмен қатар – күміс атқарған
кезде ақша жүйесі қосметалды болды. Бірақ 20 ғасырдың басында-ақ
әлем бірінен бірі тек алтын валютаға, яғни бірметалдық жүйеге көше
бастады. Ол Австрияда 1892 жылы, Жапонияда – 1897, Ресейде – 1898,
ал Америка Құрама Штаттарында – 1990 жылы болды. Англияда алтын ақша
жүйесі 18 ғасырдың аяғында-ақ, Германияда – 1871 жылдан, Голландияда –
1877 жылдан бастап енгізілді. Бельгияда, Францияда, Швейцарияда, сондай-
ақ, Британия мен Голландияның орталық иеліктерінде ол іс жүсінде 20-шы
ғасырдың басында үстем бола бастады.
Ақша-тауар. Көптеген тауарлар массасының белгілі бір немесе
бірнеше тауарлар айырбас кезінде делдалдық рөль атқару мақсатымен
бөлініп шығады. Мұндай тауар ұлу қабыршығы және аң терісі, май және
тұз, шегелер және алтын, тағы да басқа көптеген басқа тауарлар
болуы мүмкін.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің одан әрі дамуы, тауар өндірісінің
өсуі, құн формасының эволюциясы, айырбас жүйелігінің артуы – барлық
тауарлар дүниесінен басқа тауарлар барған сайын осыған көбірек
айырбасталатын болған бір тауардың бөлініп шығуына әкелді. Бұл құнның
жалпыға ортақ формасының пайда болуы деген сөз еді. Кез келген басқа
тауарларға тікелей айырбасталуға қабілеті бар тауар жалпылама эквивалент
деген ат алды. Әр түрлі халықтарда және сол бір халықтың өзінің тарихының
әр түрлі кезеңдерінде жалпылама эквивалент рөлін әр түрлі өнімдер мал, аң
терілері, піл сүйегі және т.б. атқарады. Уақыт өте келе, бұл рөлді
барлық жерде дерлік үнемі күміс пен алтын атқаратын болды.
Ақырында жалпылама эквиваленттік қызметтік алтын атқара бастады.
Айырбастың тәжірибесі бойынша, қолайлы эквивалент бірнеше ерекшеліктермен
сипатталынуы қажет. Біріншіден, оынң біртектіліг және сапалылығы.
Екіншіден, экввиваленттік беріктігі мен мүлтіксіз сақталыну қасиеті.
Үшіншіден, оның қандай да бір болсын, пропорцияда бөліне алынатын
ерекшелігі. Төртіншіден – біртұтастығы. Міне, алтын осы аталған
қасиеттермен бейнеледі.
Ақша – тауардың басқа да тауарлар тәрізді тұтыну құны мен
құндық қасиеті бар. Осыған байланысты алтын бағасы төмендеген кезде ол
ақша болған жағдайда , барлық тауарлардың бағасы да көтеріледі.
Мәселен, Американы ашқан кезде Ескі дүниеге көп алтын алып келуге
байланысты осындай жағдай қалыптасқаны әлем тарихынан белгілі.

Құнның белгісі. Ақша айналыс құрамында шақа формасы ретінде көрініс
алады. Шақа деген сөздің шығу тегі Ертедегі Римның біздің дәуірге
дейін 4 ғасырда ақша белгісін соғуы бастау алған Юноны Монета жеріне
байланысты.
Алтын – жұмсақ шақа және олардың мөрі айырбас процесінде бірте –
бірте өше бастайды. Мамандардың есебі бойынша, алтын – шақа жыл сайын өз
салмағының 0,07 процентінен айырылады. Сөйтіп 2600 жыл ішінде алтын –
шақаның айырбастау процесінде жалпы шығынның мөлшері 2 мың тонна алтынға
тең болды.
Шақаның пайда болуы және дамуы нақты тарихта көптеген ғасырларды
қамтиды. Ең алдымен мемлекет тек салмағын және сынамасын анықтап
кесіктерді алтын немесе күміс шекіді. Шақалар өзінің қазіргі
мәнәнде техниканың және көркемөнердің дамуынан көп кейін пайда
болды. Оны дайындау тек мемлекеттің ерекше пұрсаты бойынша жүзеге
асырылып, шақалық религия деп аталады.
Қағаз ақша. Ақша дамуының өзі айырбаста асыл металдардан жасалған
шақаның болуымен тоқталған жоқ. Бұл дамудың келесі қадамы – қағаз ақшаның,
содан кейін несиелік ақшаның пайда болуы.
Қағаз ақша екі жолмен пайда болды. Бірінші жолы – шақа мөрінің
тозуы. Алдымен, өз ақшаларын басып шығарушы князьдар, корольдер болды.
Олар жаңадан шөкілген шақалар мен айырбаста жүрген салмағы кем, мөрі
тозған шақалар өздерінің қызметтерін қатар атқаратынын байқап, асыл
металдардаң шекілген шақалардың санын саналы түрде азайта бастайды.
Сөйтіп, бірте – бірте алтынды және күмісті үнемдеу мақсатымен шақаны
асыл емес металдардың қорытпасынан шеки бастады.
Сонан кейін казначейлік вексельдер басылып шығарылатын болды.
Бұлар күміс және мыстан жасалған шақаларға еркін айырбасталатын мемлекеттің
міндеттемесі. Қағаз ақшалар металдан жасалынған шақаларға қарағанда,
айырбасқа әлдеқайда қолайлы екені белгілі.
Қағаз ақша 13 ғасырда тұңғыш рет Қытайда басылып шықты. Соңыра 1690
жылы қағаз ақшалар Америкада пайда болды. Ал 18 ғасырда Францияда,
Англияда және Ресейде 1769 жылы шығарыла бастады.
Ақша – екінші жолы коммерциялық вексель арқылы пайда болды.
Коммерциялық вексель – кәсіпкердің немесе саудагердің кредитке алған
тауарларға белгілі бір уақыттан кейін ақша төлеуге берген міндеттемесі.
Вексель ең алдымен тек қарыз алушы және кредит беруші аралығында айналымға
түседі де, сол арқылы кредит беруші де өз борыштарын төлей бастайды.
Осы аралықта біршама уақыт өткеннен кейін ірі банктер өздерінің
банкнот деп аталатын қағаз ақшаларын шығара бастайды. Ал банкноттардың
пайда болуы кәсіпкерлердің әрекеттерін ынталандыра түседі де, кредиттері
үшін жылына 20 процент ставка алатын өсімқорлардың ақшаға деген
монополиясын тежеуге болады.
Банкноттар әу баста казначейлік билеттерге қарағанда, алтынға еркін
айырбастала бастады. Мұндай жүйе алтын стандарт деп аталады. Ол кемелденген
түрінде 1914 жылға дейін өмір сүрді. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін
алтын стандартты сақтап қалған тек АҚШ қан болатын, ал Англия мен Франция
оны кейбір шектеулі формада ғана енгізеді. 30 – жылдары барлық
капиталистік елдерге қағаз ақшаларды алтынға алмастыру жойылды. Және ешбір
елдің ішкі ақша айналымында оны өз орнына келтіру жолға қойылған жоқ.
Бірақ дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан дүниежүзілік валюта
жүйесі алтынға аса маңызды рөл берді, өйткені Батыс елдерінің барлық
валюттары алтын арқылы американдық доллармен байланысты еді. Алтын
стандартты ақырында, 1971 – 1973 жылдары толығымен жойылды.
Бүгінгі таңда алтын немесе күміс капиталистік мемлекеттердің ақша
айналымына қатынаспайды, ал ақша массасының 25 проценттейі олардың өз
қолдарына, ал 75 проценті қолма – қол ақшасыз есеп беру үшін ағымдағы есеп
– шотқа банктерге орналастырылған.
Ақша қызметі. Бұл проблема бойынша екі пікір қалыптасқан:
1 маркстік көзқараста ; 2 бүгінгі таңдағы буржуазиялық пікір .
Маркстік көзқарас. К.Маркс ақшаның пайда болуын және мәнін анықтай
отырып, оның бес қызметін атап көрсетеді.
Біріншіден, тауар құны өлшеуіші. Бұл ақша арқылы басқа тауарлардың
құны өлшенеді деген сөз. Кір тасының өз салмағы болғандықтан, өзге де
заттар салмағының өлшеуіші болатыны сияқты, ақшаның да өзіндік құны
болғандықтан, басқа тауарлар құнының өлшеуіші бола алады.
Екіншіден, ақша тауар айналаманың құралы қызметін атқарады. Ақша
шыққааннан кейін тауардың тауармен тікелей айырбасталуы Т – Т
біржолата тауар айналымына Т – А – Т , яғни ақша арқылы тауар
айырбасына орын береді. Мұнда ақша тауар айналымының құралы болады. Ақша
тауарларды таратуға қатыса отырып, ацналым саласында жүреді.
Үшіншіден, ақша қазына жинау құралы рөлін де атқарады. Тауар иесі өз
тауарын сатқаннан түскен ақшасын басқа тауар сатып алуға жұмсаса, ол ақша
айналымынан шығып қазынаға айналады. Тауар өндірушілерді ақша жинау
әрекетіне нарық бәсекесі мен экономикалық тұрақсыздық итермелейді.
Төртіншіден, ақша төлем құралы болып табылады. Ақшаның бұл қызметі
тауарды несиеге сатумен, яғни төлемді кейінгі қалдырумен байланысты.
Сатушы несие берушіге, ал сатып алушы борышқорға айналады. Ақша шартта
белгіленген мерзім біткеннен кейін төленгенде төлем құралы ретінде
көрінеді. Ақша тауар қозғалысына тікелей қатысы жоқ: жалақы, зейнетақы
бергенде, салықтарды төленгенде және т.б. төлемдер кезінде де тап осындай
қызмет атқарады.
Бесіншіден, елдер арасындағы экономикалық қатынастарда ақша
дүниежүзілік бүкіл дүниежүзілік ақша ретінде болады. Бұл қызметінде
ол халықаралық саудаға және тауарлы емес операцияларға заемдер, бір
елден екінші елге аударылатын ақшалар және т.б. қызмет етеді.
Халықаралық көлемде ақша әдетте тек таза алтын түрінде ғана қабылданады.
Бүгінгі таңдағы экономикалық теорияда орын алған Батыс Еуропа және АҚШ
экономистерінің пікірлері бойынша, ақша үш қызмет атқарады:
1. Айырбас құралы. Ақшалар ең алдымен айырбас құралы ретінде
пайдаланылады. Ақшаны тауарлар, қызметтер сатып алу және сату үшін
қолдануға болады. Мәселен, наубайхананың жұмысшысы өз еәбегінің өтеміне
200 бөлке алғысы клмейді. Ал наубайхана болса, ол да өз алдына өзінің
бөлкелері үшін жаңа ауланған балық алғасы келмейді.
Біріншісіне ақша сол бөлкеге және басқа өзіне қажетті тауарларды
дүкеннен сатып алу үшін қажет. Бұл оған қолайлы, себебі әрбір тұтынушының
қажеттігі біркелкі емес. Екіншісіне өз өнімдерін ақшаға сату ұтымды.
Себебі, ол өнімдерін өткізгеннен кейін түсірген соманың есебінен өндіріс
шығындарының орнын толтыру шикізат, материалдар және т.б. сатып алу ,
жұмысшыларға жалақы төлеуі, өзіне қажетті тауарлар сатып алуы,
кредитормен есеп айырысуы керек. Міне, осыған байланысты ақша төлемге өте
жеңіл құрал болып табылады.
2. Құн өлшеуіші. Қоғам ақша даналарын әр түрлі игіліктер мен
ресурстардың салыстырмалы құнын өлшеу маштабы ретінде қолдануды қолайлы
көреді. Біз ара қашықтықты миль немесе километр арқылы анықтап, оларды
өзара салыстырамыз, сол сияқты игіліктер мен қызметтер құнын да ақша арқылы
анықтаймыз.
3. Айналым құралдары. Ақша өтімді болғандықтан, игіліктерді сақтайтын
өте ыңғайлы форма. Ақшаны иемдену байлық игіліктерін, мәселен,
қозғалмайтын мүліктерді меншік немесе бағалы қағаздарды, акциялар,
облигациялар және т.б. сақтаудан алынған табыстарға қарағанда, өте
сирек, ерекше жағдайда болмаса, ақшадай табыс әклмейді. Бірақ ақшаның
артықшылығы, оларды фирмалар немесе үй шаруашылығының қаржы
міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін кідіртпей пайдалануға болады.
Ақша айналамы және ақша жүйесі. Тауарларды өткізуге, қызметтерге
төлемдер төлеуге байланысты жүзеге асатын ақша қозғалысы ақша айналымы деп
аталады.
Ақша қозғалысы қай ел болсын, стихиялық құбылыс емес, ол мемлекет
тарапынан нақтыланған ақша жүйесінің шегінде болады. Ұлттық ақша жүйесі –
бұл тарихи тұрғыдан қалыптасқан және заңды түрде анықталынған ақша айналымы
формасы. Ақша жүйесінің басты элементтері мынадай:
1. Негізгі ақша данасы. Бұл тауар бағасын анықтап, өлшеу үшін
қолданылады. Ресейде, соңыра бұрынғы одақта қолданылған ақша данасы –
рубль. Ол 14 ғасырдың соңына таяу қалыптасқан.
2. Баға масштабы – мемлекет анықтаған ұлттық қағаз – ақша данасының
алтынға бағаланған салмақ мөлшері. Қазіргі кезде фунтстерлинг ресми түрде
2,13281, ал АҚШ доллары – 0,716662 грамм алтынға теңеседі. Ресейде 19
ғасырдың аяқ шенінде рубльдің алтын баламасы 0,774235 грамм болып
белгіленді. 1921 жылы қаңтардың 1 жұлдызында оның алтын баламасы 0,987412
грамм болып белгіленді. Мұндай масштаб бағасы бойынша, 1973 жылы 1
доллар, 75 тиынға тең болды.
3. Ақша түрлері. Бұған жататындар: жоғарыда қаралған мемлекет
шығаратын несие ақшалары банкноттар , ақша қағаздары
мемлекеттік қазыналық билеттер .
4. Эмиссиялық жүйе – айырбасқа арнап заңды түрде ақша шығару тәртібі.
Бұл жүйенің ерекше белгісі – орталық эмиссиялық банктің атқарушы
өкіметке бағынбауы.
5. Мемлекеттік ақпарат. Бұл орган ақша айналымын реттеп отырады.
Бұған кіретін ақпараттар: Қаржы министрлігі, Орталық банк және олардың
тараудері және т.ь.
Сонымен, ақша айналымы өте қатаң ережелі ақша жүйесі арқылы жүзеге
асырылады. Ақша жүйесінің өте қауіпті ауруы - құнсызданудың пайда болу
себептері. Бүгінгі таңда қоғамға бұл экономикалық теория және экономикалық
тәжірибенің орталық проблемаларының біріне айналып отыр.
1.4. Тауарлы өндірістің ерекше бағалары.

Нарықтык баға құрылуында баға игіліктерді айырбастау процесінде
байқалатын, олардың бағалылығын көрсететін форма болып табылады.
Біріншіден, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МАРКЕТИНГТІ КӘСІПОРЫНҒА ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Өндірістің ауыл шаруашылығымен байланыс механизмдерін дамыту
Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы ауыл шаруашылығы болып табылады
Нарық шаруашылығының жалпы сипаттамасы
Нарық шаруашылығының қазіргі заманғы моделдері
Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
“Өндірістің ауыл шаруашылығымен байланысын жақсарту механизмдері”
Азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу
Тауар өндіріснің түрлері мен үлгілері
Ауыл шаруашылық саласында маркетингті қолдану
Пәндер