Вернадскийдің биосфера туралы ілімі
Кіріспе
I. В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі
II. Биосфера эволюциясы
III. Биосфера құрылымы. Тірі заттың қасиеті мен қызметі
IV. Биологиялық және геологиялық айналымдар
V. Биогеохимиялық айналымдар
VI. Ноосфераның пайда болуы және дамуы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

«Биосфера» ұғымын алғаш рет ғылымда XIX ғасырда француз ғалымы Ж.Б.Ламарк, ал кейін термин ретінде австриялық ғалым Э.Зюсс (1875 ж.) қолданды. Биосфера, «тіршілік аймағы» туралы ғылыми ілімді жетілдірген орыс ғалымы В.И.Вернадский болды. Ол биосфера деп, тіршілікті түзуде маңызды роль атқаратын өмір сүретін Жер қабатын түсінді. «Тіршілік жер бетінің материясын құрайтын атомдардың көп бөлігін қамтуда, - деп жазды В.И.Вернадский. – Оның әсерінен бұл атомдар үздіксіз қозғалыста болады. Осы атомдардан әрдайым алуан түрлі қосылыстар түзілуде. Бұл процесс үзіліссіз ондаған миллион жылдар бойы, ертедегі археозой дәуірінен қазіргі кезге дейін жүруде. Жер бетінде бүкіл тірі организмдер сияқты үнемі әсер ететін, соңғы нәтижелері бойынша мықты да қуатты мұнан асқан химиялық күштер жоқ».
Сондықтан В.И.Вернадский тірі организмдерді негізгі өзгертуші күштер деп ерекше атап көрсетті. Сонымен, биосфера деп - тіршілігі бар (немесе бұрын болған) кеңістікті (Жер қабаты), яғни тірі организмдер немесе олардың тіршілік өнімдері кездесетін жерлерді айтады.

1. А.Т.Қуатбаев. Жалпы экология.
2. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. М., «ФАИР-
ПРЕСС»,2003.
3. Колумбаева С.Ж., Бильдебаева Р.М. Общая экология. Алматы, «Қазақ
университеті», 2006.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Биосфера ұғымын алғаш рет ғылымда XIX ғасырда француз ғалымы Ж.Б.Ламарк, ал кейін термин ретінде австриялық ғалым Э.Зюсс (1875 ж.) қолданды. Биосфера, тіршілік аймағы туралы ғылыми ілімді жетілдірген орыс ғалымы В.И.Вернадский болды. Ол биосфера деп, тіршілікті түзуде маңызды роль атқаратын өмір сүретін Жер қабатын түсінді. Тіршілік жер бетінің материясын құрайтын атомдардың көп бөлігін қамтуда, - деп жазды В.И.Вернадский. - Оның әсерінен бұл атомдар үздіксіз қозғалыста болады. Осы атомдардан әрдайым алуан түрлі қосылыстар түзілуде. Бұл процесс үзіліссіз ондаған миллион жылдар бойы, ертедегі археозой дәуірінен қазіргі кезге дейін жүруде. Жер бетінде бүкіл тірі организмдер сияқты үнемі әсер ететін, соңғы нәтижелері бойынша мықты да қуатты мұнан асқан химиялық күштер жоқ.
Сондықтан В.И.Вернадский тірі организмдерді негізгі өзгертуші күштер деп ерекше атап көрсетті. Сонымен, биосфера деп - тіршілігі бар (немесе бұрын болған) кеңістікті (Жер қабаты), яғни тірі организмдер немесе олардың тіршілік өнімдері кездесетін жерлерді айтады.
I. В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі
Қазіргі таңдағы биосфера көптеген компоненттерден - тірі және өлі (тіршілік ету ортасы) табиғаттан тұратын күрделі жүйе. Ол энергия мен заттардың биогеохимиялық айналымдарымен өз ара байланысқан атмосфераның төменгі, бүкіл гидросфераны және литосфераның жоғарғы қабатын қамтиды.
Биосфераның атмосферадағы шекарасы 20-25 км биіктікте - озон қабатына дейін жетеді. Озон қабаты Жер бетіндегі тіршілікті күннің ультракүлгін сәулелерінен қорғайды. Зеңді саңырауқұлақтардың және кейбір бактериялардың споралары 22 км биіктікте табылған. Кейбір тірі организмдер қысымы 1000 атм. жоғары су тереңдіктерінде тіршілік ете береді. 12 000 атм. дейінгі қысымға шыдайтын бактериялар бар.
Атмосфера - массасы 5,15∙1015 т. (500 триллион т.) құрайтын Жердің ауа қабаты. Атмосфераның негізгі бөлігі азоттан (78,08%), оттегіден (20,95%), аргон (0,93%), көмір қышқыл газынан (0,03%) тұрады. Ал басқа элементтердің мөлшері өте аз: су буы - 0,2-2,6%, 1-2% инертті және тағы басқа газдардан тұрады. Мұнан басқа атмосферада шаңды бөлшектер - аэрозольдар бар.
Атмосфера бірнеше сфераларға бөлінеді:
Тропосфера - бүкіл атмосфераның 80% массасын құрайтын атмосфераның төменгі қабаты. Оның биіктігі жер бетінің қызуынан пайда болатын ауа ағысының (жоғары және төмен) белсенділігіне байланысты, экваторда 16-18 км-ге дейін, қоңыржай аймақтарда - 10-11 км-ге дейін, ал полюстерде - 8 км биіктікке дейін созылады.
Стратосфера - тропосферадан жоғары 50-55 км биіктікке дейін созылады. Мұнда озон қабатының болуына байланысты температура жоғары болады.
Мезосфера - жоғарғы шекарасы 80 км биіктікке дейін жетеді. Ерекшелігі - жоғарғы шекарасында температураның бірден күрт төмендеуі (-750С...-900С). Мұнда мұзды кристаллдардан тұратын күмістей жарқыраған бұлттар кездеседі.
Ионосфера (термосфера) - 800 км биіктікке дейін орналасқан. Температураның жоғары (10000С) болуымен ерекшеленеді. Күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен газдар иондалған жағдайда болады.
Экзосфера - 800 км биіктіктен 2000-3000 км-ге дейін жетеді. Мұнда температура 20000С-тан да жоғары. Сутегі мен гелий атомдары көп.
Жердің биосферасы үшін атмосфераның ролі зор, өйткені ол өзінің физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты өсімдіктер мен жануарлардың маңызды тіршілік процестерін қамтамасыз етеді.
Гидросфера - бүкіл жер асты сулары, өзендер, көлдер, мұздықтар, теңіздер және Әлемдік мұхиттар кіретін Жердің су қабаты. Жер бетінде тіршіліктің дамуында судың маңызы өте зор. Биосферада су еріткіш ролін атқарады, өйткені ешқандай химиялық реакцияларға түспей бүкіл заттармен әрекеттесе береді. Бұл өз кезегінде еріген заттардың, мысалы, құрылық пен мұхиттар, қоршаған орта мен организмдер арасындағы зат алмасуды қамтамасыз етеді. Гидросфераның көп бөлігі мұхиттардың (94%) еншісіне, ал жер беті суларының еншісіне тек 0,0001% ғана тиеді. Соған қарамастан, олардың белсенділігінің арқасында (әрбір 11 күн сайын өзгеріп отырады) құрылықтағы барлық тұщы сулар көздерінің түзілуіне әсер етеді.
Гидросфераның төменгі шекарасы мұхиттардың ең терең жерлеріне дейін жетеді. 10-11 км тереңдіктегі температурасы 00С-қа жақын мұхит шұңқырларында да тіршілік иелері кездеседі.
Литосфера Жердің қатты шөгінді және магмалық жыныстан тұратын қатты қабат. Литосферада тіршілік тау жыныстарының температурасымен шектеледі. Бактериялар жер қыртысының жыныстарында 4 км тереңдікте кездескен.
В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі Жердің геологиялық даму кезіндегі ұзақ уақыт бойында жүретін энергия мен заттар айналымының өнімі ретінде биосфераның құрылуына тірі заттың планетарлық геохимиялық роліне негізделген. Биосфера шегінде барлық жерде тірі заттың өзі немесе оның тіршілік ізі: атмосфера газдары, табиғи су, мұнай, көмір, батпақ, шым тезек, жәнге т.б. қорлары кездеседі.
II. Биосфера эволюциясы
Биосфера эволюциясы - түрлердің, олардың арақатынастарының үздіксіз бір мезгілде өзгеру және бір түрдің түсіп қалып, бұрын болмаған екінші бір түрлердің пайда болу құбылыстары. Қазіргі биосфераның қалыптасуы - ғасырлар бойы орын алған эволюцияның нәтижесі. Биосфералық эволюция тіршіліктің пайда болуын дайындаған кезеңнен, дәлірек айтқанда биологиялық эволюциядан тұрады. Қалыптасқан көзқарастарға сәйкес олардың негізгі сатылары төменде келтірілген.
1. Ғаламшар мен оның атмосферасының түзілуі шамамен 4,5 млрд. жыл бұрын басталды. Алғашқыда пайда болған атмосфераның температурасы жоғары, тез қалпына келетін сутектен, азоттан, су буынан, метаннан, аммиактан және инертті газдардан құрылған көміртек тотығының, формальдегид пен басқа жай қосылыстардың болуы мүмкін.
2. Күннің сәулелену энергиясы мен атмосфераның біртіндеп сууының нәтижесінде заттардың абиотикалық айналымы пайда болды. Сұйық су пайда болып, гидросфера құралып, су айналымы, элементтердің судағы миграциясы мен ерітінділерде бірнеше фазалық химиялық реакциялар жүрді. Автокатализдің арқасында молекулалардың түзілуі мен өсуі орын алған.
3. Күннің ультракүлгін сәуле энергиясының, радиоактивтіліктің және әр түрлі энергиялық күш нәтижесінде көміртегінің, азоттың, сутегінің, оттегінің жай қосылыстары конденсация мен полимеризация процестеріне түсуі арқылы органикалық қосылыстар түзілген.
4. Төртінші сатыны антропоген сатысы деп атауға болады. Себебі, Жердің геологиялық тарихының соңғы кезеңі. Осы антропогендік кезеңнің көрнекті оқиғасы эволюцияның басқарушысы саналы адамның пайда болуы (кезеңнің атауы осыдан шыққан). Адамзат қоғамының пайда болуы мен дамуы өте көп мөлшерде зат пен энергия ағысын тартып, биологиялық айналымның тұйықтығын бұзды. Антропогендік экологиялық дағдарыстар туып, эволюцияның жағымсыз факторына айналды. Тарихи тұрғыдан қарайтын болсақ адам пайда болып биосфераға әсерін тигізе бастаған шақтан осы кезеңге дейінгі уақыт аралығында биосфераның өзгеруін 5 сатыға бөлуге болады: 1) адамзаттың биосфераға әсері әдеттегі биологиялық түр ретінде ғана болған; 2) адамзаттың қалыптасу кезеңінде экожүйелерді өзгертпейтін, бірақ өте қарқынды түрде аңшылық орын алған; 3) табиғи процестердің өзгеруіне байланысты экожүйе де өзгере бастаған; 4) жер жырту мен ормандарды кесу арқылы табиғатқа зиян келтірілген; 5) биосфераның барлық экологиялық құрауыштары түгелімен әлемдік өзгерістерге ұшыраған.
Соңғы саты осыдан шамамен 300 жыл бұрын басталып, қазіргі кезге дейін жалғасып келе жатыр. Сонымен, адамның іс-әрекетінің әсерінен биосферада болатын негізгі өзгерістер түріне мынадай жағдайлар жатады:
- жердің беткі қабатының құрылымының өзгеруі (жер жырту, орман кесу, батпақты құрғату, жасанды су айдындарын жасау және жер бетіндегі су режиміне басқа да өзгерістер әкелу және т.б.);
- биосфераның құрамын, оны құратын заттардың тепе-теңдігі мен айналымын өзгерту (қазбаларды жер қойнауынан алу, үйінділер жасау, әртүрлі заттарды ауа мен су обьектілеріне тастау, ылғалдылық айналымын өзгерту);
- кейбір организмдер түрлерін жою арқылы немесе жануарлардың жаңа тұқымдары мен өсімдіктердің жаңа сорттарын шығарып, оларды жаңа мекендейтін орындарға ауыстыру арқылы қоршаған ортаға өзгерістер әкелу;
- Жер шарының кейбір аудандарындағы және ғаламшар деңгейіндегі энергиялық тепе-теңдікті өзгерту.
III. Биосфера құрылымы. Тірі заттың қасиеті мен қызметі
В.И.Вернадский биосфера геологиялық кездейсоқ емес әртүрлі жеті бөліктерден тұрады деп есептеді: тірі зат, биогенді, өлі, биологиялық өлі, радиоактивті ыдыраушы заттар, шашыранды атомдардың заттары және космостық заттар. Мұның ішінде алғашқы төртеуі маңызды болып саналады.
Тірі зат. Әдебиетке бұл ұғымды В.И.Вернадский енгізді. Бұл химиялық құрамы, энергия және салмағы арқылы біріккен бүкіл тірі организмдердің жиынтығы.
Биогенді зат (көмір, мұнай, әк тас, шым тезек және т.б.) - Жердің бүкіл геологиялық тарихында тірі организмдер құрған, қуатты энергия көзі болып табылатын органикалық және органо-минералдық заттар.
Өлі заттар - түзілу процесіне тірі заттар қатыспаған тірі организмдердің тіршілік ету орталары немесе субстрат.
Биологиялық өлі заттар тірі және өлі заттардың (үгілу қабаты, топырақтар, тұнбалар, табиғи сулар, шөгінді жыныстар және басқалары) синтезі нәтижесінде түзіледі. Биологиялық өлі заттағы тірі және өлі заттардың ара қатынасы әртүрлі болады. Мысалы, топырақ шамамен 93%-ға өлі және 7%-ға органикалық заттардан тұрады.
Тірі зат биосфераның азғана бөлігін құрғанымен (бүкіл биосфера салмағының 0,01%) оның негізін құрайды. В.И.Вернадский бойынша, тірі заттар - бұл қуатты геологиялық фактор болып табылатын тіршілік ететін (немесе бұрын тіршілік еткен) тірі организмдердің жиынтығы. Биосфераның тірі заттары химиялық және геологиялық тұрғыдан өте белсенді болып саналады. Планетамызда тірі заттардың 5 негізгі компоненттерін ажыратады:
1. Энергетикалық - биосфералық-планетарлық құбылыстардың космостық сәуле шығарумен, күн радиациясымен байланысын жүргізу;
2. Газды - газдардың миграциясын және олардың айналымын, атмосфераның газдық құрамын қамтамасыз ету;
3. Тотығу-тотықсыздану - тірі заттың әсерінен тотығу (ортаның оттегімен байытылуы) және тотықсыздану - оттегінің тапшы кезінде органикалық заттардың ыдырауы, күкіртті сутектің түзілуі, жинақталуы процесі;
4. Жинақтау - организмдердің өз денелерінде шашыранды химиялық элементтерді жинақтау қабілеті, олардың мөлшерін қоршаған ортамен салыстырғанда бірнеше есе көбейту;
5. Деструкциялық - өлген органикалық заттардың ыдырауы, яғни тірі заттың өлі затқа айналуы. Нәтижесінде биосфераның биогенді және биологиялық өлі заттары түзіледі.
I. Биологиялық және геологиялық айналымдар
Планетадағы барлық заттар үнемі айналымда болады. Күн энергиясы Жер бетінде екі зат айналымын қамтамасыз етеді: үлкен (геологиялық, биосфералық) және кіші (биологиялық).
Биосферадағы заттардың үлкен айналымы негізгі екі кезеңмен ерекшеленеді: Жер дамуының бүкіл геологиялық өне бойында жүріп келетін және биосфераның дамуында негізгі роль атқаратын планетарлық процесс.
Геологиялық зат айналымы тау жыныстарының түзілуімен, үгілуімен және бұзылған өнімдердің - сынықтар мен химиялық элементтердің кейін басқа жерге ауысуымен байланысты. Бұл процестердегі басты ролді су мен топырақ бетінің термиялық қасиеті: күн сәулелерін сіңірілуі мен шағылуы, жылу өткізгіштігі және жылу сиымдылығы атқарады. Жер бетінің тұрақсыз гидротермиялық жағдайы атмосфера айналымының (циркуляция) планеталық жүйесімен бірге Жер дамуының бастапқы этаптарында құрлықтарды, мұхиттарды және қазіргі геосфераны түзумен байланысты болды. Биосфераның қалыптасуымен үлкен айналымға организмдердің тіршілік өнімдері де қосылды. Геологиялық айналым тірі организмдерді қоректік элементтермен қамтамасыз етіп көбіне олардың тіршілік ету жағдайларын анықтайды.
Литосфераның негізгі химиялық элементтері: оттегі, кремний, алюминий, темір, магний, натрий, калий және басқалары, жоғарғы мантияның тереңдегі бөліктерінен литосфераның беткі қабатына дейін өтіп үлкен айналымға қатысады. Магманың кристалдануы кезінде пайда болған магмалық жыныстар Жер тереңдігінен литосфераның беткі қабатына түскен соң ыдырауға, үгілуге ұшырайды. Үгілу өнімдері сумен шайылып, желмен бірге рельефтің төмен жерлеріне, өзендерге, теңіз, мұхиттарға жиналып қуатты тұнбалық жыныстар түзеді. Бұл жыныстар уақыт өте тереңге батып, температурасы мен қысымы жоғары жерлерде өзгеріске ұшырайды, яғни қайта балқытылады. Балқытылған соң жаңа жыныстар пайда болып, олар жер қыртысының жоғарғы қабаттарына шығып тағы да заттар айналымына түседі.
Кіші немесе биологиялық зат айналымы бұл - өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер және топырақ арасындағы зат айналымы. Биологиялық айналымның мәні екі қарама-қарсы, бірақ бір-бірімен байланысты процестердің нәтижесінде - органикалық заттардың түзілуі және олардың бұзылуы жүреді. Органикалық заттардың түзілуінің алғашқы этапы жасыл өсімдіктердегі фотосиндезбен, яғни көмір қышқыл газ, су, жай минералдық қосындылар және Күн энергиясының қатысуымен тірі заттардың түзілуі. Өсімдіктер (продуценттер) топырақтан күкірт, фосфор, кальций, калий, магний, марганец, кремний, мыс және басқа элементтердің ерітінділерін сіңіреді. Өсімдік қоректі жануарлар (I реттік консументтер) осы элементтердің қосылыстарын қорек ретінде пайдаланады. Жыртқыштар (II реттік консументтер) осы өсімдік қоректі жануарлармен қоректеніп одан да күрделі құрамды (белок, май, амин қышқылдары және басқа заттар) затарды сіңіреді. Ыыратушы микроорганизмдер (редуценттер) өлген өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарын ыдыратып нәтижесінде топыраққа, суға жай минералдық қосылыстар түседі. Оны өсімдіктер сіңіріп, қайтадан биологиялық айналымның келесі орамы басталады
Органикалық заттарды түзуге Жерге күн энергиясынның тек 0,2% ғана жұмсалады. Осының өзі өсімдіктердің жасыл масса мен оттегіні өндіруіне жетеді. Сөйтіп, заттардың биологиялық айналымдарының негізін өсімдіктер хлорофиллдері мен Күн энергиясы құрады.
Биологиялық зат айналымының маңызы - органикалық қосылыстардың синтезделуі және бұзылуы. Ал геологиялық айналым кезінде минералдық заттар су ерітінділері және механикалық бөлшектер түрінде жай орын ауысуы жүреді.
II. Биогеохимиялық айналымдар
Организмдер тіршілігінің барысында биосфераның әртүрлі құрылымдық бөлімдері арасында жүретін энергия мен зат айналымын, яғни, химиялық элементтердің тірі организмдердің қатысуымен қозғалуын және өзгеруін биогеохимиялық айналымдар (циклдар) деп атайды. Химиялық элементтер биосферада биологиялық айналымның әртүрлі жолдарымен: тірі затпен жұтылып энергиямен қамтамасыз етіледі де, сосын тірі затты тастап жиналған энергияны сыртқы ортаға беріп үздіксіз айналымда болады. Осындай үлкенді-кішілі тұйық жолды В.И.Вернадский биогеохимиялық айналымдар деп атады. Бұл айналымды екі негізгі типке бөлуге болады: 1) газ тәрізді заттардың атмосферада немесе гидросферадағы (мұхиттарда) айналымы, 2) жер қыртысындағы шөгінділер. Негізгі айналымдарға көміртегінің, азоттың, фосфордың, күкірттің және басқа да биогенді элементтердің айналымын жатқызуға болады.
Күкірт айналымы. Бұл цикл суды, топырақты және атмосфераны қамтиды. Күкірттің негізгі қоры - топырақта және тұнбаларда. Салыстырмалы түрде ауадағы күкірттің мөлшері көп емес. Күкірт айналымының негізгі буынына аэробты тотығу процесі, яғни, сульфидтің (немесе күкіртті сутектің) сульфатқа және анаэробты тотықсыздану процесі, керісінше сульфаттың сульфидке дейін өзгеруі жатады. Бұл реакциялар белгілі бактериялар тобының қатысуымен өтеді. Тотығу-тотықсыздану процестерінің арқасында топырақтың аэробты аймағындағы күкірт пен сульфат қорының арасында және топырақ қабатының тереңінде және тұнбаларында (анаэробты аймақ) орналасқан темір сульфидімен алмасулар жүреді. Тереңде жатқан тұнбалар микробтардың қатысуымен тотықсызданғанда бөлінген күкіртті сутек су бетіне қарай жылжиды. Судағы сульфид оттегі атомдарымен реакцияға түсіп сульфатқа дейін тотығады. Сульфат автотрофтардың пайдалануына ең қолайлы түр болып саналады. Күкірттің амин қышқылдарының құрамына кіретіні белгілі. Күкірт айналымы антропогендік әсерге тәуелді. Органикалық энергия тасымалдаушылар құрамында белгілі бір мөлшерде күкірт болады. Олар жану процесіне ұшырағанда диоксид түрінде бөлінеді. Күкірттің бұл түрі азот тотығы сияқты тірі организмдерді уландырады. Сонымен қатар күкірт диоксидін өсімдіктердің жер үстіндегі (жапырақ, сабақтағы) ассимиляциялық аппараттары жақсы сіңіреді. Бұл жағдай фотосинтез процесін тежеп, өсімдіктер некроз ауруына шалдығады да, жапырақтары түгелімен түсіп қалады. Күкірт диоксиді атмосферадағы су буымен реакцияға түсіп қышқыл түзеді.
Оттегі айналымы - фотосинтез процесінен басталады. Оның биологиялық айналымы 250 тжыл, ал биосферадағы оның жалпы массасы - 1014 т. Оттегі жер бетінде ең көп таралған элемент: оның атмосферадағы (салмақтық %) мөлшері - 23,1% (288 мгл); литосферада - 47,2%; гидросферада - 86,9%. Гидросферадағы бос оттегінің мөлшері шамамен 4,5 мгл, осы оттегіні су организмдері өздерінің тіршілігіне жұмсайды. Ауадағы оттегінің мөлшері ұзақ уақыттар бойы биологиялық реттеудің арқасында тұрақты деңгейде келе жатыр. Осы деңгейден ауытқыса, биосфераның жағдайына зор әсерін тигізер еді: мөлшері төмендесе - мұхиттардағы жануарлар әлемі азайып, ал мөлшері көтерілсе - ортаның тотығу қасиеттерінің қауіпті жағдайға дейін өсіп кетуі мүмкін. Бұл жағдайлардың жер бетіндегі жануарлар мен адамдарға қолайсыз әсері бар. Мысалы, адамдар мен жануарлар биік тауларға шыққанда немесе оттегіні көп мөлшерде пайдаланатын белдемдер мен жасанды құрылғыларда оттегінің жетіспеуін қатты сезеді. Оттегі айналымы мен озонның түзілуі де тығыз байланысты. Атмосфераның жоғарғы қабаттарында ультракүлгін сәулелерінің қатысуымен оттегі молекуласында иондану мен диссоциациялану жүріп және оттегі молекулаларымен қосылып, оттегінің 3 атомынан тұратын озон түзіледі:
Һ -- О2 -- 20; О + О2 -- О 3
мұндағы, Һ - толқын ұзындығы 225 нм аспайтын жарық кванты.
Озонның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz