Тауар қозғалысының бухгалтерлік есебі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І ТАРАУ. ТАУАРЛАР ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. 1. Сауда маңызды айналыс сферасы
1. 2. Қазіргі заманғы экономиканың даму сатысындағы мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық саясатын жүзеге асырудағы сауданың рөлі.
1. 3. Көтерме және бөлшек тауар айналымының құрылымы мен экономикалық мәні
ІІ ТАРАУ. ТАУАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІ
2. 1. Тауар түсімдері, оларды бастапқы есепке алып, бухгалтерлік құжаттарда рәсімдеу
2. 2. Тауарларды жөнелту және өткізу үрдісінің синтетикалық есебін ұйымдастыру
2. 3. Тауар түсімдері мен жөнелту және өткізу үдерісінің синтетикалық есебін ұйымдастыру
ІІІ . САУДА ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ АУДИТІ
- Аудиттің мақсаттары, объектілері, дерек көздері және методикалық тәсілдері
- Қойма шаруашылығы жағдайының аудиті
- Материалдық есеп жағдайының аудиті
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 51
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 53
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмысымның өзектілігі. Тауар-ақшалай айырбасқа негізделген өндіріс пен тұтыну арасындағы экономикалық байланыс елдегі экономиканың өзіндік ерекше саласы-сауданың пайда болуына септігін тигізеді. Сауданың негізгі шаруашылық субъектілері болып сауда ұйымдары (кәсіпорындар) танылады. Сауда ұйымдары (кәсіпорындары) заңды тұлғаның құқықтарымен халық тұтынатын тауарларды сатып алу, тасымалдау, сақтау мен өткізуді жүзеге асыратын жеке шаруашылық субъектісі ретінде көрініс табады.
Сауда саласын реформалау нәтижесінде әртүрлі ұйымдастырушылық құқықтық нысандағы нарықтық экономиканы дамытуға бара бар сауда кәсіпорындары құрылды: жеке кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, өндірістік және тұтыну коорперативтері, бірлескен кәсіпорындар. Барлық кәсіпорындар бөлшек және көтерме сауданы жүзеге асыра алады және өздерінің сауда - қаржылық қызметін отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағыттауы тиіс.
Ауылдардағы негізгі сауда жұйесінің жетекші саласын сауда құрайтын ауылдық тұтыну коорперациясы айқындайды. Қазақстан Республикасының 21 шілде 1999ж. «Қазақстан Республикасындағы ауылдық тұтыну коорперативі туралы» заңына сәйкес қалаларда ауылдық тұтыну коорперациясы дамуына шектеу алынып тасталған. Ірі қалалардағы, облыс орталықтарындағы сауданы дамытудың басты бағыты алғашқы және өңделген түрдегі ауыл шаруашылық өнімдерін сату болып табылады.
Ұлттық экономиканың дамуының қазіргі заманғы сатысында еңбекақыны, зейнетақыны, жәрдемақы төлемдері және мемлекеттің өзге де әлеуметтік - экономикалық мәселелерін шешу үшін пайдаланылатын ақша өте маңызды мәнге ие, сонымен байланысты ақша айналымының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін объективтік қажеттілік туындайды. Аталған мәселелерді шешуде айналымға шығарылатын барлық ақша қаражатының 90% дерлік ел банктері арқылы қайтарылатын сауданың рөлі маңызды. Бұдан елдің ақша айналымының жылдамдығы негізіне тікелей сауда ұйымдары мен мекемелерінің жұмысына байланысты екендігін аңғаруға болады. Сондықтан, егер сауда ұйымдары өздерінің шаруашылық қызметін ұйымдастырса және нарықтың төлемге қабылетті сұранысын терең меңгерсе, олар сауда кәсіпорындарындағы тауар қорының сұранысына сай келеді. Сөйтіп келгенде бөлшек тауар айналымының ұлғаюы мен уақытылы сауда түсімін банк кассасына тапсыру елдегі тұрақты ақша айналымының маңызды талаптары болып табылады.
Мемлекеттің қаржылық тұрақтылығы үшін де сауданың алар орны ерекше. Тауарды өткізу нәтижесінде мемлекеттік бюджетке әрбір сатып алу - сату операциясы кезінде алынатын және тауар құнының элементі болып табылатын акциздер мен қосылған құн салығы тікелей түседі. Сондықтан да аталған салықтардың сомасы көбіне тауар айналымының жылдамдығына байланысты. Халық тұтынатын тауарлар саудасы сауда процесінің ұйымдастыру нысаны бойынша көтерме және бөлшек болып бөлінеді. Олар тұтыну заттарының айналым процесінің біртұтастылығымен байланысты.
Диплом жұмыс тақырыбының мақсаты - тауар қозғалысының есебін және аудитін анықтау және талдау.
Мақсатыма жету үшін дипломдық жұмысымның алдында келесідей міндеттер қойылады:
- Экономиканың даму сатысындағы сауданың рөлі, оның ішінде көтерме және бөлшек тауар айналымының экономикалық мәнін талдау;
- Тауар түсімінің есебін, құжатты ресімдеу және синтетикалық есебін жазу;
- Тауарларды транзитпен өткізудің бағыттарын бақылау;
- Аудиттің мақсаттары, объектілерін, соның ішінде қойма шаруашылығының аудиті, материалдық есеп жағдайының аудитін ашып көрсету;
Диплом жұмысымның зерттеу пәні «Тауарлар және оның қозғалысы»
Дипломдық жұмысымның әдістемелік негіздері ретінде: жұмысым заңдылық және
Нормативтік актілер бойынша, сонымен қатар түрлі бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі қазақстандық және шетел ғалымдарының еңбектері мен материалдары пайдалана отырып жазылды.
Дипломдық жұмысымның нормативтік құқықтық базасы бұл «Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп стандарттары туралы» заңнамасы. Дипломдық жұмысымның есеп объектісі бұл тауар қозғалысының бухгалтерлік есебі мен аудиті.
Дипломдық жұмысымның құрылымы мен көлемі жұмыс кіріспе, үш тарау, қоытынды, пайдаланған әдебиеттер және қосымшалардан тұрады. Жалпы көлемі 83 бет.
Бірінші тарауда қазіргі заманғы экономикалық даму сатысындағы мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық саясаттың жүзеге асырудағы сауданың рөлі туралы сөз болады. Және де көтерме және бөлшек тауар айналымының құрылымы мен экономикалық мәні қозғалып, оларға түсініктер беріледі, сондай - ақ талданып жазылады.
Екінші тарауда бұл бөлімде тауар қозғалысының синтетикалық есебімен қатар тауарларды жөңелту, оларды өткізу жалпы олардың талдауын ашып көрсеттім. Негізінде бұл бөлімнің ерекшілігі құжаттардың рәсімдеудің негізі айтылады.
Үшін тарауда аудит туралы түсініктер және де тауар қозғалысын аудиттеу кезінде кездесетін тұжырымдар мен аудитті ұйымдастыру шаралары туралы көптеген мәліметтер ұсынылады.
I БӨЛІМ. ТАУАР ОПЕРАЦИЯЛАРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. 1. Сауда маңызы мен айналыс сферасы
Кез - келген өндіріс өздері өңдірген тауарларын сатпай дамуы мүмкін емес. Сату процесі айналыс сферасында, яғни тауарлардың өндірушілерден олардың соңғы тұтынушыларына дейінгі қозғалыс процесін қамтитын саудада жүзеге асады.
Егерде тауарларды сатып алу сауда кәсіпорынның қызметінің басы және негізі болса, онда сату оның қызмет етуінің қаржылық - экономикалық мәні болып табылады. Сатылған тауарлардың сату және сатып алу бағаларының айырмашылығы сауда кәсіпорынның өмір сүруіне негізгі қаржы көзі болып табылады.
Бухгалтерлік есеп тұрғысынан алғанда бұл процесс сауда кәсіпорындарының шаруашылық қызметі бойынша есеп операцияларының белгілі бір циклін білдіреді. Тауарлардың қозғалысының есебін, басқада операцияларды толық және дұрыс жүргізу сауда кәсіпорнына капиталының айналым жылдамдығына неғұрлым жылдам әсер етуге, көп көлемді сатылмай жатып қалған тауарлардың болмауына, сонымен қатар заң талаптарын дұрыс орындауға мүмкіндік береді.
Өндіріспен cалыстырғандағы айналыс сферасындаңғы шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есеп өзгешелігіне технологиялық процестерін ерекшеліктері және қосымша құнға салынатын салықты төлеу жүйесінің ерекшелігі себепші болады. Саудада тауарлар жабдықтаушылардан әрі қарай сату үшін (көтерме сауда ұйымдары) немесе тікелей тұрғандарға сату үшін (бөлшек сауда операциялары) сатып алынады. Тұтыну нарығының ұйымдары бөлек шотта есептелетін және жинақталатын сату, сатып алу бойынша шығындарын өз мойнына алады. Көтерме сайда ұйымдары қосымша құнға салық бойынша есептеулерді сатып алушыдан алынған салық сомаларымен жабдықтаушыға төленген сомалардың арасындағы айырмашылық бойынша жүргізіледі. Бөлшек сауда ұйымдары бұл салықтың сатылатын тауарлардың құнына енетін сауда үстеме бағаларының сомасынан есептейді. Көптеген сауда ұйымдары көп салалық қызметтермен айналысады. Сондықтан басшыларға, менеджерлерге, бухгалтерлерге сауда операциялары есебінің методикасын және айналыс сферасындағы ұйымдардағы салық салу жүйесін білу қажет. Осы тұрғыдан алғанда бухгалтерлік есептің саудадағы маңызы өте зор.
Саудадағы бухгалтерлік есептің міндеттері:
- Сауда кәсіпорынның шаруашылық процестерін және олардың қызметтерінің нәтижелері жөніндегі толық және дұрыс ақпараттарды қалыптастыру;
- Сауда кәсіпорынның мүліктерінің барымен қозғалысын және олардың тиімді пайдалануын бақылауды қамтамасыз ету;
- Шаруашылық қаржылық қызметтердегі кемшіліктер мен қателіктердің алдын алу;
- Сауда кәсіпорындарының шығындарын айналым шығындарына дұрыс алып бару;
- Белгілі бір кезеңдегі тауар айналымының көлемін дұрыс анықтау;
- Сатылған сауда үстеме бағасының сомасын дұрыс есептеу.
Сауда операцияларының есебін ұйымдастыруда қолданылатын негізгі түсініктер:
- сауда - бұл шекарасында тауарларды сатып алу, дайындау, көлікпен тасымалдау, дайындау, сақтау және сату процестері жүзеге асырылатын айналыс сферасындағы қызметтің түрі;
- сауда кәсіпорыны - түрлі ұйымдастыру құқықтық формалары бар бөлшек немесе көтерме саудамен айналысатын кәсіпорын;
- тауар - сатуға аналған еңбек өнімі;
- меншікті тауар - сәйкес келісім және тауармен қатар жүретін құжаттардың негізінде сауда кәсіпорыннан сатып алынатын және оның балансында есептелетін тауар.
- комиссиондық тауар - саду кәсіпорынның меншігі болып табылмайтын және баланстан тыс есептелетін комиссиондық жағдайда сатуға арналған сауда кәсіпорыннан алынған тауар.
- көтерме сауда - кәсіпорындар арасындағы тауарлар партиясымен жүретін сауда;
- бөлшек сауда - тұрғындар үшін тауарлармен сауда түрлі кәсіпорындар үшін ұсақ партияларымен және дана бойынша жүргізілетін сауда;
- тауар айналымы - тауар айналымы нақты кезең (күн, апта, ай, квартал) ішінде сатылған тауарлардың бағаларының сомасы.
- Баға - тауарларды сату және сатып алу құны (сатып алу бағасы, сату бағасы) ;
- Сауда үстеме бағасы - сауда кәсіпорынның қызметінің құны (айналым шығындары, сауда пайдасын, қосымша салықтарды қамтитын тауардың сатып алу бағасына қосылған құн) ;
- Жабдықтаушы - сауда кәсіпорындарымен келісім - шарт негізінде болашақта сатылатын тауарлармен қамтитын заңды және жеке тұлға.
- Тауар айырбастау келісім шарты - осы шарт бойынша бір тауар келесі тауарды алу үшін айырбасқа сатылады;
- Тауарларды қайта бағалау - кәсіпорын басшыларының немесе басқарушының бұйрығы бойынша тауардың бағасын өсіру немесе азайту;
- Тауардың жойылуы - тауарларды тасымалдау, сақтау және сату кездеріндегі жойылуы;
- Тауарларды кедендік жабдықтау - кеден жинақтарын, баждар, салықтарды төлеуге қатысты кеден тәртібі заңына сәйкес Қазақстан шекарасы арқылы тауарлардың алып келінуі немесе шығарылғандарын кеденмен жабдықтау;
- Жалпы пайда - бұл жалпы сауда табысының жиынтығы. Басқалай сатудан түскен табыстар мен сатудан тыс түсетін табыстардың және айналым шығындарының арасындағы айырмашылықтар;
- Сауда кәсіпорынының түсімі - сауда кәсіпорынының түсімі таңдап алынған сату кезіне байланысты.
Сату кезі а) егер сату кезі болып тауарды сатып алушыға тиеп жіберу кезі табылса, онда есепті кезеңде сатып алушыға тиеліп жіберілген тауардың сату бағаларының жиынтығы сауда кәсіпорынының түсімі болып табылады.
б) егер сату кезі болып қаржылардың кассаға есеп айырысу немесе валюталық шотқа түсу кезі деп есептелсе онда сауда кәсіпорынының түсімі болып есепті кезеңде түскен қаржылардың жиынтығы табылады.
- айналым шығындары - еңбек ақы төлеуге, тауарларды тасымалдауға, ғимараттарды, көліктерді, құрылғыларды, инвентарларды ұстауға және жалға алуға кеткен бұйымдардың тозуына, тауарларды сақтауға, өңдеуге, жарнамаға, кадрларды дайындауларға, тауарлы - материалдық бұйымдарды алуға байланысты жабдықтаушылардың несиелері бойынша пайыз төлеуге, банк несиелерін төлеуге кеткен сауда кәсіпорынның заңмен реттелетін шығындары.
1. 2. Қазіргі заманғы экономиканың даму сатысындағы мемлекеттің әлеуметтік - экономиканың саясатын жүезеге асырудағы сауданың рөлі.
Тауарлық айналым қоғамдық өнімнің оның тауарлық нысанының айналымының барлық қозғалыс процесін оның өндіріс сферасынан шығудан сатып алу - сату жолымен тұтыну сферасына ауысу сәтіне дейін көрсетеді.
Тауар - ақшалық айырбасқа негізделген өндіріс пен тұтыну арасындағы экономикалық байланыс елдегі экономиканың өзіндік ерекше саласы-сауданың пайда болуына септігін тигізеді.
Сауда тауарлық айналымның маңызды нысанының бірі ретінде тауар өндірушілер мен тұтынушылар (сатып алушылар), тауарлық ұсыныстар мен сатып алушылар ұсынысы арасындағы делдалдық қызметті жүзеге асырады және ішкі нарықта халық тұтыну тауарларының айналым бар процесін қамтиды. Халық тұтынатын әртүрлі сапалы тауарларға материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты ел экономикасының өте маңызды салаларының бірі - сауда. Сондықтан ол барлық Қазақстандықтардың жағдайын жақсартуға, қауіпсіздік пен өркендеу бойынша мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық саясатын жүзеге асыруда маңызды рөль атқарады. Бұл рөль халық тұтынатын тауарларды өндірістен тұтынушыларға жеткізу бойынша негізгі басты функцияларды атқаруы кезінде айқындалады. Бұл функцияны жұзеге асыру үшін сауда елдің экономикасының көптеген саласымен тығыз байланысты, өйткені оның тауарлық ресурстары жеңіл тамақ, ет-сүт, балық және басқа да өндіруші және ауылшаруашылық салаларының есебінен құрылады. [1]
Сатушы ұйымдар мен өндірушілер арасындағы көтерме жәрмеңкелер толтырылатын шаруашылық келісім - шарттары мен тауарды жеткізіп беру тапсырыстары жүйесі арқылы сауда өндіріспен қарым - қатынас процесі өндіріс көлемінің артуына, ассортименттің ұлғаюына және тауар сапасының жақсаруына белсенді әсер етеді. Сауда өндіріске ықпал ету арқылы тұтынушыға кең ассортиментте жоғары сапалы қажетті тауарды сатуды жүзеге асырады, ол халықтың материалдық және мәдени өмір деңгейін көтеру және динамикалық түрде дамушы төлем - қабілеттілік сұранысты қанағаттандыруға жәрдемдеседі.
Басты функцияны жүзеге асыру үшін - өндірістен тұтынушы тауарды жеткізу - сауда ұйымдастырушының, өндірістік және сатып алумен, тасымалдаумен, сақтаумен, жетілдірумен, сорттаумен, фасовкамен және тауарды өткізумен байланысты өзге де шаруашылық операциялары жүзеге асырады.
Тауарды өндірістен тұтынушы жеткізу процесінде сауда арқылы өз бетінше және бір - бірімен уақыт және кеңістік бойынша алшақ оның натурал - заттай және құндық нысандағы тауар - ақша айырбас актісі жүзеге асырылады: тауарды сатып алу (А-Т), мұндау сауда ұйымдары тауар өндірушілер оларды сатып алу және тауарды тұтынушыға сатуды білдіреді. (Т-А) . Аталған акт процесінде құн нысанының ақшадан тауарға және кері ақшаға ауысуы жүзеге асады. (А-Т-А) және өндірілген халық тұтынатын тауарға жұмсалған қаражат айналым процесі аяқталады. өндіріспен бір жақтан тұтынумен екінші жағынан делдалдық функцияны атқару арқылы сауда халық тұтынатын тауарларды сатып алушыларға жеткізіп қана қоймай тауар - ақша айналымын жүзеге асырады және қажетті қызметті көрсетеді және де өндіріске әсер етеді, тұтынушы үшін қажетті сапалы өнімді шығаруға итермелейді, халықтың сатып алу сұранысын және тауарлық ұсынысын қалыптастыруда белсенді араласады және оның нарықтық келісімін жүзеге асырады. өндіріс және халық тұтынатын тауарларды өндіретін ауыл шаруашылығының салалары және оларға шикізат, материалдар, жабдықтар, электрэнергиясын, отын және тағы басқаларды жеткізіп беретін жанама салаларының табысты дамуы сауда қызметіне байланысты. Егер саудаға шығарылған тауарлар тұтынатын төлемге қабілетті сұраныс талаптарына сай болса және оларды жеткізу мен сату жақсы ұйымдастырылса, онда тауар шығарушы және сауда кедергісіз ақшалай нысанда өздерінің қоғамдық қажетті өндіріске кеткен шығындарының орнын толтыра алады. Нәтижесінде өндіріс пен сауданың материалдық - техникалық базасын нығайту, жаңа тауарлар өндірісін жаңарту және әртүрлі тауарлар мен нарықты тұрақтандыру үшін экономикалық баға құрылады. Оның ақшалай кірісі мен қоғамдық қамтамасыз ету үшін шығындарын өтеумен байланысты халықтың сұранысын мемлекет қанағаттандыруы тиіс. Мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық саясатын жүзеге асыруда сауданың рөлі сауданың ақша айналымымен және елдің қаржылық жүйесі сауданың тығыз қарым - қатынасымен анықталады. [2]
Ұлттық экономикалық дамуының қазіргі заманғы сатысында еңбекақыны, зейнетақыны, жәрдемақы төлемдері және мемлекеттің өзге де әлеуметтік - экономикалық мәселелерін шешу үшін пайдаланылатын ақша өте маңызды мәнге ие, сонымен байланысты ақша айналымының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін объективтік қажеттілік туындайды. Аталған мәселелерді шешуде айналымға шығарылатын барлық ақша қаражатының 90% дерлік ел банктері арқылы қайтарылатын сауданың рөлі маңызды. Бұдан елдің ақша айналымының жылдамдығы негізіне тікелей сауда ұйымдары мен мекемелерінің жұмысына байланысты екендігін аңғаруға болады. Сондықтан, егер сауда ұйымдары өздерінің шаруашылық қызметін ұйымдастырса және нарықтың төлемге қабілетті сұранысын терең меңгерсе, олар сауда кәсіпорындарындағы тауар қорының сұранысына сай келеді. Сөйтіп келгенде бөлшек тауар айналымының ұлғаюы мен уақытылы сауда түсімін банк кассасына тапсыру елдегі тұрақты ақша айналымының маңызды талаптары болып табылады.
Мемлекеттің қаржылық тұрақтылығы үшін де сауданың алар орны ерекше. Тауарды өткізу нәтижесінде мемлекеттік бюджетке әрбір сатып алу - сату операциясы кезінде алынатын және тауар құнының элементі болып табылатын акциздер мен қосылған құн салығы тікелей түседі. Сондықтан да аталған салықтардың сомасы көбіне тауар айналымының жылдамдығына байланысты. Халық тұтынатын тауарлар саудасы сауда процесінің ұйымдастыру нысаны бойынша көтерме және бөлшек болып бөлінеді. Олар тұтыну заттарының айналым процесінің біртұтастылығымен байланысты.
Көтерме сауда тауарларды халыққа сату, өңдеу және өндірістік тұтыну үшін ірі партиямен өткізуге бағытталған. Көтерме сауданың объективтік қажеттілігі тұтыну жерлерінің өндірістік кәсіпорындарынан алшақтығынан, тауарлардың арнайлылығымен және мерзімділігімен, сонымен қатар еліміздің кейбір аудандарының табиғи климаттық және транспорттық жағдайларымен түсіндіріледі. Осыған сәйкес тауарлар өндіріс орындарынан тұтыну ортасына бірден түсе алмайды. Сондақтан ол халық тұтынатын дайын тауарларды өндіріс орындарынан тұтыну аудандарыны жеткізумен байланысты барлық қиын процесті ұйымдастыруға бағытталған.
Бөлшек сауда жеке тұтыну мақсаты үшін қолма - қол ақшасыз есеп айырысу бойынша шағын көтерме тәртібімен жүзеге асырылады. Сонымен қозғалыс аяқталып, тауарларды өткізу жүзеге асады және олар алу - сату нәтижесінде айналым ортасынан тұтыну сферасына түседі. [3]
Әлеуметтік - экономикалық қатынаста халық тұтынатын тауар саудасы 3 нысанда дамыды: мемлекеттік, коорперативтік және колхоздық.
Жоспарлы экономика жағдайындағы мемлекеттік сауда үлесі елдің бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінің 70% құрады және орындарды иеленді. Соңғы кездегі елдің экономикасын реформалау және нарықтық қатынасқа өту саласына үлкен әсер етті. Осылайша коммерциализия және оларды жекешелендіру арқылы сауда кәсіпорындарын мемлекет иелігіне алу, жеке сауда кәсіпорындары (дүкендер, киосктер) арқылы кәсіпкерлікті қолға алу басталады, ұйымдастырылған құрылымдық сауда басқармалары ыдырады, облыстың, қаланың, аудандық сауда, көтерме базалары таратылады. Нәтижесінде мемлекеттік сауданың рөлі күрт төмендеді. Ірі сауда ұйымдары мен кәсіпорындары «көтерме базалар, бөлшек сауда бірлестіктері және тағы басқа) . Капиталында 51% астам мемлекет үлесі ьар акционерлік қоғам ретінде қызмет атқарады. Жеке мемлекеттік өнеркәсіптік кәсіпорындарының өздерінің фирмалық дүкендері бар. Осы уақытта нарықтық экономикамен дамыған елдерге тән фермерлер, шаруа қожалығы, жеке тұлғалармен жүзеге асырылатын жеке сауда жоғары орынды иеленеді.
Сауданың негізгі шаруашылық субъектілері болып сауда ұйымдары (кәсіпорындары) танылады. Сауда ұйымдары (кәсіпорындары) заңды тұлғаның құқықтарымен халық тұтынатын тауарларды сатып алу, тасымалдау, сақтау мен өткізуді жүзеге асыратын жеке шаруашылық субъектісі ретінде көрініс табады.
Сауда саласын реформалау нәтижесінде әртүрлі ұйымдастырушылық құқықтың нысандағы нарықтық экономиканы дамытуға бара бар сауда кәсіпорындары құрылды: жеке кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, өндірістік және тұтыну коорперативтері, бірлескен кәсіпорынлар. Барлық кәсіпорындар бөлшек және көтерме сауданы жүзеге асыра алады және өздерінің сауда - қаржылық қызметін отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағыттауы тиіс.
Ауылдардағы негізгі сауда жүйесінің жетекші саласын сауда құрайтын ауылдық тұтыну кооперациясы айқындайды. Қазақстан Республикасының 21 шілде 1999ж. «Қазақстан Республикасындағы ауылдық тұтыну кооперативі туралы» заңына сәйкес қалаларда ауылдық тұтыну кооперациясы дмауына шектеу алынып тасталған. Ірі қалалардағы, облыс орталықтарындағы сауданы дамытудың басты бағыты алғашқы және өңделген түрдегі ауыл шаруашылық өнімдерін сату болып табылады. [4]
Сауданың басты функциясын табысты жүзеге асыру үшін (сату үшін, сатып алу) қалада ауылда да олардың шаруашылық қызметінің бәсекеге қабілеттілігін және тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдардағы басқаруды жақсарту, тауар айналымын ұлғайту, тауар айналымын жалдымдату және сауда ұйымдарының шығындарды азайту бойынша шаралар қолдану қажет.
1. 3. Көтерме және бөлшек тауар айналымының құрылымы мен экономикалық мәні
Сауда кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылық - шаруашылық қызметінің негізгі көлемді көрсеткіш болып белгіленген кезең (ай, тоқсан, жыл) ішінде тауар сату көлемін айқындайтын тауар айналымы табылады.
Жоғарыда айтылғандай, сауда процесін ұйымдастыру нысаны бойынша көтерме және бөлшек сауданы ажыратады, осыған сәйкес тауар айналымы көтерме және бөлшек болады. Қалыптасқан тауар қозғалысының нысаны бойынша көтерме тауар қозғалысы 2 түрлі болады: қоймалық және транзиттік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz