Түркия туризмнің дамуы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

1. Кіріспе . . . 3

І. Түркия туризмнің дамуының алғышарттары . . . 5

1. 1 Түркияның табиғи жағдайы . . . 5

1. 2 Тарихи-мәдени жағдайы . . . 9

1. 3 Түркияның туристік аудандары. … . . . …10

ІІ. Түркияның негізгі туризм салаларының дамыған өңірлері…… . . . …16

2. 1 Туризм инфрақұрылымы . . . ……16

2. 2 Ірі қалалары . . . …19

2. 3 Түркияның туризмнің дамыған түрлері26

ІІІ. Түркия мен Қазақстан Республикасы арасындағы туризм дамуының жағдайы30

3. 1 Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастардың дамуы30

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . 36

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 39

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Түркияда туризм нақты елдің және оның халқының тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, рухани, сонымен қатар діни құндылықтарымен танысуға барша мүмкіндік бере отырып, мемлекет қазынасына пайда әкелетін жүйе ретінде дамуда. Пайда келтірумен қатар, туризм елдің әлем қауымдастығы мен азаматтар алдында танылуының алып факторы болып табылады.

Қазіргі уақытта туроператорлардың көпшілігі Жерорта теңізі елдерімен жұмыс жасауда. Ол елдер арасында Түркия аса танымал.

Түркия дүние жүзінде туристерді ең көп тартатын мемлекеттердің бірі. Туристерді ең көп қабылдайдыт елдер арасында Түркия үшінші орынды алады. Жыл сайын бұл мемлекетке әлем туристердің 46% келеді.

Түрік Республикасы Кіші Азия мен Шығыс Фракия жерінде Еуропа мен Азия аралығында Дарданелла, Мәрмәр теңізінің және Босфор сулары екі құрлықты бөлетін жерде орналасқан мемлекет. Елдің мәдениеті уникалды, ал таризы ежелгі Византия тарихы сияқты бай мемлекет. Түркия жағалаулары Клеопатра, Ескендір Зұлқарнайын сияқты ұлы тұлғалар есімдерімен байланысты. Түркия дегенде апостол Павел мен оның «Ефесеняндарға жолдауы», Гай Юлий Цезарьдің «Veni. Vedi. Vici. » сөздері, яғни «Келдің. Көрдің. Жеңдің» деген сөздері Зела деген жерде Анкараның қасында пайда болған сөздері еске түседі.

Түркия shop-турларымен белгілі. Сондай-ақ мемлекет отельдері дүние жүзінде комфортты отельдердің бірі болып келеді. Бірақ ең бастысы тарих және архитектура ескерткіштері көп шоғырланған мемлекет болып табылады.

Түркия - мозайкалы ел. Ол құрлықтық және аралдық бөліктерден тұрады. Ауылдары мен жағалаулары бір-бірінен ерекшеленетін тұрпат пен мінезге ие. Бір-біріне жақын орналасқан тарихи қалалардың өздері де айырымашылықтарға толы: біреуі шығанақ жағалауында салынып, құмды жағалауы және кең жағажайларымен тамсандырса, келесі теңізге қырлар бойымен сатыкөшелер арқылы көтеріле биік жартастардан қарайды; үшіншісі фешенебельді қонақ үйлері мен мейрамханалары бар әсем кеме-клубына айналған.

Жерорта теңізі бойындағы көптеген жағалаулары мен ыңғайлы географиялық орналасуы Түркия спецификасын, ерекшелігін анықтайды, оның дамуына Грекиямен көрші болуы да әсер етеді.

Түркияның теңіз маңы қалалары, халықаралық маңызы бар танымдық туризм зоналар болып табылады. Бұл облыстардың дамуы арқасында туризм грек экономикасының басты табыс көзіне айналды.

Жұмыстың мақсаты: Түркияның туризм дамуы үшін қандай туристік-рекреациялық ресурстары бар екенін анықтау және қазіргі туризм индустрия жағдайын анықтау.

Жұмыстың міндеттері:

  1. Түркияның табиғи рекреациялық және туристік ресурстарын анықтау.
  2. Ең танымал маршруттарды зерттеп, өзінің жеке маршруттарды құрастыру.
  3. Қазақстан мен түркия арасындағы байланыстарды зерттеу.
  4. Түркияның қазіргі туризм индустриясын талдау.
  5. Қазақстандық туристер үшін Түркияға туристік сапарларын жеңілдету.

Бұл Түркияға баратын қазақстандық туристер үшін жағымды жағдай қалыптастыруға және екі мемлекет арасындағы ынытымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

Берілген міндеттерді шешу үшін жұмыста әр түрлі әдебиет көздері пайдаланылды: ағымдағы басылымдар, энциклопедиялық басылымдар, статистикалық мәліметтер, жол сілтеуіштер, анықтама басылымдары және интернет көздері қолданылды.

Сондай-ақ, осы туризмнің Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық және саяси ынтымақтастықтың дамуына тигізер әсерін, тығыз байланыста жұмыс істеу мүмкіндіктерін көрсету.

Курстық жұмыста Түркияның туризмі дамуының табиғи, тарихи-мәдени алғышарттары қарастырылып, туристік орталықтарына, туризмінің жағдайына талдау жасалады.

І. Түркия туризмнің дамуының алғышарттары

1. 1 Түркияның табиғи жағдайы

Азияның батысында және Еуропаның оңтүстік аймағының кішігірім бөлшегін ұлы Түркия елі алып жатыр. Мемлекет 780 576 км2 территорияны алып жатыр, бұл территорияның үш пайызы Еуропаға (Тракия), ал қалған 97 пайызы Азияға кіреді. Азияға кіретін бөлігі - Аанатолия - 15 өзені бар дал мен биік плато. Еежелгі кезде бұл жерді Кіші Азия деп атайтын еді. Оңтүстіктен Тавр тауынан бастап (Торос) солтүстікте Қара теңіз - Понтий таулары Анатолияны қоршап алған. Шығысында сөнген вулкандар мен биік таулар орналасқан. Осы жерден Тигр және Еврат өзендері өз бастауларын алады.

Бір жағынан нағыз Жерорталық: антикалық ескерткіштер, балықшылар кемелері және маслиналар, ал бір жағынан Исламдық шығыс: кілемдер, муэдзиндер, т. б.

Түркия Кіші Азия мен Шығыс Фракия территориясында Еуропа мен Азия арасында орналасқан. Дарданелла, Мәрмәр және Босфор сулары екі құрлықты өзара бөледі.

Түркияның географиялық картасына қарағанда юралар және қыраттардың көпшілігі көзге түседі. Мемлекет қатты тілмденген, табиғи ландшафттарының және өсімдік байлылығы вертикалды зоналдығымен сипатталады.

Түркияда биік, тілемденген шатқалдар мен мұзды шыңдары бар таулары өзара үйлескен.

Рельфетің сипаттамасы бойынша Түркия таулы ел: теңз деңгейінен орташа биіктігі 1000 метр. Территорияның жартысынан көбін Кішіазиялық тау қыраттары алады. Олардың құрамында Понтий және Тавр таулары ала араларында Анатолия қыраттары орналасқан.

Понтий таулары Қара теңіз жағалауына параллель етіп 100 шақырымға дейін созылған. Батысында таулар Саркарья өзеніне дейін жетеді. Солтүстігінде Қара теңізге қарай төмендей бастайды, жағалау мен тау арасында 5-10 шақырымдай ғана сызық қалады. Қызыл-Ирмак, Ешиль Ирмак және Саркарья өзендерінің сағаларында ғана жазық 60-70 шақырымға дейін кеңейе бастайды.

Понтий тауларының орташа биіктігі 2500 метр. Шығыс жағында таудың ең биік нүктесі орнласқан - Качкар шыңы - 3931 метр. Батысына қарай Понтий таулары 900 метрге дейін төмендей бастайды. Бұл аймақта максималды биіктік 2000 метрден аспайды.

Түркияның оңтүстігінде Жерорта теңізі жағалауында күрделі Тавр (Торос) тау жүйесі созылған. Бұл жүйені үш бөлікке бөліп қарастыруға болады: Батыс, Орталық, Шығыс Тавр [35] .

Батыс Тавр - Анталья жазығын доға етіп қоршап алған. Бұғаздың батысы мен шығысында таулар Ликий және Киликий жазық территорияларын ала отырып теңізге қарай созылады. Биік тау қыраттары (Бедаг, 3086 м; Эльмалы, 3073 м) терең жазықтармен бөлінген. Батыс Тавр қыраттары арасында, әсіресе солтүстігінде көлдер топтары және терең шұңғымалар топтары орналасқан (Бейшехир, Эргидир, Сугла және тұзды көлдер: аджигель, Акшехир мен Испарта шұңғымасы және т. б. жатады) . Бұл аймақтың аты да «түрыктың көлдер елі». Орталық Тавр биіктігімен және рельфетің альпілік типтес болуымен ерекшеленеді. Мұндағы көптеген қыраттардың биіктігі 3000 метрден асады. Батысында оңтүстік батысына қарай Орталық Тавр Жерорта теңізіне жақындай келе бірден теңізге қарай үзіледі. Тек қана кейбір аймақтарында аллювиальды жазықтардың тар сызықтарын байқауға болады, мысалы, Анамура, Аланья, Силифке, Финике аудандары. Мерсин қаласы маңында таулар бірден солтүстік-шығысқа қарай бұрылады.

Таврдың солтүстік шығыс жалғасы Бинбог және Тахталы қыраттары алып жатыр, сондай-ақ бұл қыраттар Антитавра деген атпен белгілі. Қыраттар оңтүстік батыс пен солтүситік шығысқа қарай созылып Узуняйланамен бітеді.

Шығыс Тавр оңтүстікке қарай Мұрат өзені және Baн көлінен бастап мемлекеттің шығысына қарай созылған (Хакяри ауданы) . Мұндағы ең биік нүктелері 4000 метрге дейін жетеді, ал Джило тау жүйесінде бұл көрсеткіш биіктейді (4168метр) .

Шығыс Тавр оңтүстігінде Диярбакыр шұңғымасы орналасқан. Шұңғыма оңтүстікке қарай Месопотамия жазығына қарай төмендей береді.

Шеткі таулары арасында орналасқан Анатолия қыраттарын Ішкі Анатолия және Шығыс Анатолия деп бөлуге болады. Ішкі Анатолия аласалау болып келеді. Бұл аймақ ағынсыз шұңғымалар топтарынан құралған. Мұндағы биіктік батыстан шығысқа қарай 800-12000 метрге дейін биіктей береді. Осындай ойпаттардың бірінде Түркия астанасы Анкара орналасқан. Қыраттардың оңтүстік бөлігінде ежелгі вулкандар тізбегі орналасқан. Орталық және Ішкі Аанатолияның оңтүстігінде көлдер және батпақтар, көбінесе тұзды, орналасқан. Қыраттың орталығында шамамен 1000 метр биіктікте Түркияда көлемі бойынша екінші орында тұрған Тұз көлі орналасқан. Бұл көл өзінің суларының тұзды болуымен ерекшелінеді. Жаз уақытында көл құрғап, түбі тұзды қабатпен жамылады.

Шығыс Анатолия солтүстігінде Понтий таулары мен оңтүстігінде Шығыс Тавр арасында орналасқан. Батысында аймақты ішкі Анатолиядан Акдаг қыраты бөледі. Шығыс Анатолияда биік таулар орналасқан, шамамен 1500 метрден 5000 метрге дейін. Армения шекрасының маңында Үлкен Арарат - сөнген вулкан, Түркияның ең биік нүктесі (5165 метр) орналасқан. Бұл массивтің ерекшелігі - конус тәрізді формалары болып табылады. Конус шыңы қарлы мұздықпен жамылған. Үлкен Арарат маңында Кіші Арарат (3925 метр) орналасқан.

Шығыс Анатолияда 1720 метр биіктікте ван ағынсыз көлі орналасқан. Көл елде көлемі бойынша бірінші орында тұр.

Түркияның батысында Батыс Анатолия тау аймағы айқын бөлінген. Батыс Анатолия қыраттарының биіктігі орташа, кейбір шыңдары, мысалы Улудаг тауы (Кіші Олимп) 2500 метрге дейін жетеді. Улудагтың үлкен бөлігі қармен жамылған.

Батыс Анатолия шектерінде Мәрмәр теңіз жағалауының бойында Апольонт, Изник, Маньяс, Сапанджа көлдері бар жазықтар тізбесі созылған.

Түркия территориясы субтропикалық климаттық белдеуінде орналасқан. Дегенмен, елдің рельефтің қатты тілемденуі және ауа массаларының күрделі циркуляциялары нәтижесінде бірнеше климаттық аудан пайда болды.

Түркияның Қара теңіздік жағалауы жылы қоңыржай климатпен ерекшелінеді. Ауасы ылғалды, маусымдық жауын-шашындар біркелкі таралған. Жазы ыстық, қысы суық. Қаңтар айының орташа температурасы жағалауда -1-5, +7° ал шілде айында +22, +24°. Понтий таулары қыста қаратеңіздік жағалауды суық ауа массаларының ықпалынан қорғайды. Бұл аймақта жауын-шашын ең көп мөлшерде жауады. Жағалаудың шығыс жағында жылына орташа 2500 мм жауын түседі. Батыс аймақтарында 700-800 мм түседі. Понтий тауларының оңтүстік баурайында ауа құрғақтығымен ерекшелінеді.

Эгей теңізінің жағалауы жерортатеңіздік климатпен ерекшелінеді. Жазы құрғақ және ыстық ал қысы жауынды және жылы. Ең ыстық айлары шілде және тамыз, температурасы Ааданда +28°, ал ең суық айлары қаңтар және ақпан, температурасы +10°. Түсетін жауын мөлшері 500-800 мм жылына. Таврдың батыс бөлігінде 1000-1500 мм жылына жауын түседі. Кесте 1 Түркияның әр аймағындағы температура ерекшеліктерін көруге болады.

Кесте 1 - Түркияның әр аудандағы орташа ауа температурасы (◦С көрсетілген) [35]

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

желтоқсан

: Анталья
Қаңтар: 10
Ақпан: 11
Наурыз: 13
Сәуір: 16
Мамыр: 20
Маусым: 25
Шілде: 28
Тамыз: 28
Қыркүйек: 25
Қазан: 20
Қараша: 15
желтоқсан: 12
: Измир
Қаңтар: 9
Ақпан: 10
Наурыз: 11
Сәуір: 16
Мамыр: 20
Маусым: 25
Шілде: 28
Тамыз: 27
Қыркүйек: 23
Қазан: 18
Қараша: 15
желтоқсан: 10
: Стамбул
Қаңтар: 5
Ақпан: 6
Наурыз: 7
Сәуір: 12
Мамыр: 16
Маусым: 21
Шілде: 23
Тамыз: 23
Қыркүйек: 20
Қазан: 16
Қараша: 12
желтоқсан: 8
: Трабзон
Қаңтар: 6
Ақпан: 6
Наурыз: 7
Сәуір: 11
Мамыр: 15
Маусым: 20
Шілде: 22
Тамыз: 22
Қыркүйек: 19
Қазан: 15
Қараша: 12
желтоқсан: 9
: Анкара
Қаңтар: 0
Ақпан: 1
Наурыз: 5
Сәуір: 11
Мамыр: 16
Маусым: 20
Шілде: 23
Тамыз: 23
Қыркүйек: 18
Қазан: 13
Қараша: 8
желтоқсан: 2
: Эрзурум
Қаңтар: -9
Ақпан: -7
Наурыз: -3
Сәуір: 5
Мамыр: 11
Маусым: 15
Шілде: 19
Тамыз: 20
Қыркүйек: 15
Қазан: 9
Қараша: 2
желтоқсан: -2
: Диярбакыр
Қаңтар: 2
Ақпан: 2
Наурыз: 8
Сәуір: 14
Мамыр: 19
Маусым: 26
Шілде: 31
Тамыз: 31
Қыркүйек: 25
Қазан: 17
Қараша: 10
желтоқсан: 4

Батыс Анатолияның солтүстігіне Мәрмәр меңізінің жылы ауасы әсер етіп (судың жоғарғы бетінің температурасы жазда шамамен +25С, қыс айларында +8) ауыл шаруашылығы үшін жағымды климаттық жағдайларымен ерекшеленеді. Мәрмәр теңізінің жағалауы және аралдары Стамбул қаласының және басқа да жақын орналасқан қалалар тұрғындарының демалысы үшін сүйікті орны. Қаратеңіз жағалауында суы мұздай болып жатқан кезде Мәрмәр теңізінің суы жылынып, шомылу маусымы басталады (кесте 2)

Кесте 2 - Судың орташа температуралық көрсеткіштері (◦С көрсетілген) [36]

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

желтоқсан

: Анталья
Қаңтар: 17
Ақпан: 17
Наурыз: 17
Сәуір: 18
Мамыр: 21
Маусым: 24
Шілде: 27
Тамыз: 28
Қыркүйек: 27
Қазан: 25
Қараша: 22
желтоқсан: 19
: Измир
Қаңтар: 11
Ақпан: 11
Наурыз: 12
Сәуір: 15
Мамыр: 20
Маусым: 24
Шілде: 26
Тамыз: 26
Қыркүйек: 24
Қазан: 21
Қараша: 17
желтоқсан: 13
: Стамбул
Қаңтар: 9
Ақпан: 7
Наурыз: 8
Сәуір: 11
Мамыр: 15
Маусым: 20
Шілде: 23
Тамыз: 23
Қыркүйек: 21
Қазан: 17
Қараша: 14
желтоқсан: 11
: Трабзон
Қаңтар: 10
Ақпан: 9
Наурыз: 9
Сәуір: 10
Мамыр: 14
Маусым: 20
Шілде: 24
Тамыз: 25
Қыркүйек: 24
Қазан: 20
Қараша: 16
желтоқсан: 13

Түркия территориясы, Анатолия қыратынан басқасы, өзен тораптарымен жамылған. Бірақ барлық өзендері таулы болып табылады, құлама сарқырамалары көп, сол себепті кеме байланысы үшін қолайсыз. Бірақ, өзендер гидроэнергияның басты көзі болып табылады. Сондай-ақ, Түркия сулары егіндіктерді мен шабындықтарды суару үшін пайдалынады.

Өзендер ағындары беркелкісіз. Жаңбыр маусымдары кезінде өзендері ағындарынан тасып кетеді, ал күзгі және жазғы кезеңдерінде құрғақшылық кезеңдері басталып, кішігірім өзендері құрғап кетеді.

Түркия тауларынан Оңтүстік Батыс Азияның ең өзендері бастау алады: Шығыс Анатолияда Еврат және Армян қыратынан бастау алатын Тигр өзендері ағады.

Өсімдік жамылғысы алуан түрлі. Бұл елдің рельефі мен климаттық жағдайларына байланысты. Түркия флорасында шамамен 6700 өсімдік түрі бар. Көбісі өсімдік тұқымдастары, бұршақ тұқымдас болып табылады. Үштен бірі Түркия үшін эндемик болып табылады. Эндемиктер арасында астрагалдар, акантолимондар, кузиналар көп. Сондай-ақ, эндемик өсімдіктері арасында реликті өсімдіктер де бар, мысалы, үштік дәуіріне жататын бальзам ағашы.

1. 2 Тарихи-мәдени жағдайы

Түрік мемлекеті Кіші Азияда құрылды. Бұл жерге Орта Азиядан түрік тілдес тайпалар көшіп келді. Түрік сөзі «адам» немесе кейбір ғалымдар пікірінше, «дұлыға» деген мағынаны береді. Қазіргі астанасы Анкара қаласы Анкире деген қоныс орнында пайда болды. Ежелгі фригий тілінен аударғанда, Анкире сөзі «тұрақ» немесе жол бойындағы дем алу орны деген мағынаны береді.

Түрік мемлекеті Кіші Азияда құрылды. Бұл жерге Орта Азиядан түрік тілдес тайпалар көшіп келді. Түрік сөзі «адам» немесе кейбір ғалымдар пікірінше, «дұлыға» деген мағынаны береді. Қазіргі астанасы Анкара қаласы Анкире деген қоныс орнында пайда болды. Ежелгі фригий тілінен аударғанда, Анкире сөзі «тұрақ» немесе жол бойындағы дем алу орны деген мағынаны береді.

Түрік территориясындағы ең алғашқы цивилизация хеттер цивилизациясы болған. Бұл халық жел және күн құдайларына сыйынған. Хеттер Анатолия территориясын Қола дәуірінің ортасынан бастап (б. з. д. 1900-1600 жж) мекен еткен. Бұл кезеңде Египет билеушісі ұлы Рамзес II соғысып, Сирияны да бағындырған. Бірақ, ахей гректерінің б. з. д. 1250 жылындағы Трояны бағындырғаннан кейін хеттер ыдырай бастады. Грек аралдарынан келген «теңіз адамдары» хеттерге қысым көрсете бастады. Ал елдің шекараларында аралас кішігірім теңіз пашалықтары пайда бола бастады. Бұл, Парсы патшасы Кир Анатолияға шығыстан шабуыл жасағанша дейін (б. з. д. 550-530 жж) жалғасы берді. Бірақ, парсылар Ескендір Зұлқарнайырмен қуылды. Ескендір қайтыс болғаннан кейін, оның генералдары соғыс жәдігерлерін өзара бөле бастап, азамат соғысы басталды. Азамат соғысы галаттар (кельттер) б. з. д. 279 жылы Анкараны басып алып, өздерінің астанасы ретінде жариялағанша жалғаса берді.

Рим империясы елге тыныштық пен гүлденуді әкелді. Бұл шамамен үш ғасырға созылды. Сол кезде, түріктер территориясында христиан діні тарала бастады. Біздің заманымыздың 250 жылы Рим империясы әлсірей бастады. 324 жылы Константин оны біріктірді. Константин жаңа астанасын сала бастады. Бұл қала Константинополь деген атқа ие болды. 527-565 жылдары Юстиниан Рим империясын, немесе Византияның атын шығарды. Ол италияны, Балкандарды, Анатолияны және Солтүстік Африканы қайта өзіне бағындырды, бірақ, оның қайтысынан кейін бес жыл өткен сон, Меккеде Мұхамед пайғамбар дүниеге келді. Түрік тарихы ең таңғажайып ертегіге ұқсап кетті. 669-678 жылдары ислам әскері Константинопольге шабуыл жасады. Ислам династиялары үлкен билікке ие болды. Дегенмен, Сельджуктардың түрік империясы ең алғашқы болып қазіргі түркияны биледі.

Ежелгі кезеңдерде түрік мемлекетінің астанасы Истамбул қаласы болды (еуропалық тілде - Стамбул), қала Мехмед жаулашы бастаған түріктер халқысы жаулап алған Византия империясының астанасы болған Константинополь қаласының орнында салынды. Византия империясы құлағаннан кейін еуропалық және азиаттық Түркияны - Румелия мен Анатолияны біріктірген Осман империясы құрылды. Осман империясы көп соғысты, оның ішінде Ресей патшалығы мен Польшамен да соғысты [1] .

13 ғасыр соңында Осман империясы түріктерді біріктіре бастап, монғол шапқыншылықтарынан қорғайды. 1453 жылға қарай османдар Мехед жетекшілігімен Константинопольды басып алады. Сүлейман ғажайып сұлтаны (1520-1566 жж) империяны биікке көтеріп, Константинопольды одан да көркейтті. Бірақ, Сүлейман сұлтанынан кейін бірнеше сұлтан ғана елді билей алды. 1585 жылға қарай Осман империясы құлай бастады. ХІХ ғасырға қарай дұрыс емес билеу салдарынан этникалық ұлтшыл конфликтер басталды. Осман империясына бағынған халық бой көтере бастады. Оларды еуропалық билеушілер қолдады. 1832 жылғы соғыстан кейін Грек патшалығы құрылды, сербтер, болгар, румындар, албандар, армян және араб халықтары тәуелсіздікке ұмтылды. 1918 жылы Антанта Түркияны өзара бөле бастады. Бірінші дүние жүзілік соғысы кезінде Осман империясы жеңілді: 1918 жылдың 30 қазанында «Агамемнон» броненосецте британ адмиралы Түркияға келіссөз талаптарын оқыды (талаптар бойынша Түркия араб елдерінен әскерін алып кетіп, Батуми мен Бакудан кету керек болды) . Түрік әскері талқандалды, флот ағылшындар және француздар қол астына өте бастады. Осман империясы өмірін тоқтатып, империямен бірге Стамбул түрік мемлекетінің астанасы ретінде жойылды.

1923 жылдың қазан айында Түркия Республикасы болып жарияланды, астанасы Анкара қаласы болды. Тұңғыш Президенті Мустафа Кемаль болды. Мустафа Кемаль 1938 жылдың 10 қарашасына дейін елді биледі. Тұңғыш президенті кезінде Түркия саясатына Ислам діні ықпал етпеген. Қазіргі таңда Түркия батыс мемлекеті, НАТО және БҰҰ мүшесі, әлемде әсері бар мемлекетке айналды. Ел басы - президент. Парламент 2 палатадан құралған, әр төрт жыл сайын қайта сайлау өткізіліп отырады. Үкіметті премьер-министр басқарып отырады.

Түркия өзінің көрікті жерлер саны мен көркемділігімен Греция, Италия мен Испаниядан кем емес. Қазіргі Түкия территориясы ежелгі кезеңдерінде Рим, Византия, Осман, Сельджук империялар құрамына кіретін еді, осының салдарынан ел барлық аталған мемлекеттер мәдениеті мен салттарынан әсері қалды [1] .

1. 3 Түркияның туристік аудандары

Тарихпен бай және айбындымен ерекшеленетін Памуккале - фантастикалық бірегейлі орын болып табылады. Бұл ұйғарыммен ешкім дауласпайды. Памуккале (түрік тілінен аударғанда - «Мақтадан жасалған қорған» білдіреді) - әлемнің сегізінші кереметіне жатқызылады. Бұл орын ертеден өз емдік қасиеттеріммен тамаша пейзаждарымен белгілі. Екі мың жыл бойы ағып тұрған бұлақтар құрамында жылдар бойы жиналған кальциймен толықтырылды. Тау баурайымен ағатын бұлақтар террасалар мен кішкентай бассейндер құрастырды. Бірақ, туристтерді тек қана сұлулық тартапайды, атап өткен термалды қайнар сулары емдік қасиетімен белгілі. Мұнда адамдар остеохондрозды, бауыр ауруларынан және бүршіктер, көз, адал, тері және басқа аурулардан емделіп шығады. Бұл тамаша жердің жанында Хиераполиса ертедегі қалалары құлаған құрылыс орндарын орналасқан. Мұнда Пергамскогосы патшалық кезеңінен бері сақталған қала қалдықтары орналасқан. Туристер үшін минералды суларымен толтырылған бассейн, ежелгі амфитеатр, рим моншасы Түркия территориясындағы ең ірі некрополь, қақпалар және Домитиана қызықты болады. Мұндағы су температурасы +35◦С. Бұл суларда Клеопатра да шомылды. Қонақ үйлерінде түнеп, таңғы және кешкі тамақ ұсынылады. Кешкі тамақтан кейін міндетті түрде кешке қарай далаға шығу қажет. Мұнда арнайы бағдарламалар құрастырылған. Бағдарламаларға турист дем алуы үшін көңіл жадырататын шоу кіргізілген. Мұнда «кім Памуккаледе болмады, сол Түркияны да көрмеді» деген сөз кеңінен таралған [15] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық туризмнің обьектісі ретінде түркияның сипаттамасы
Қазіргі таңда, Қазақстандағы туризм саласы даму үстінде
ТҮРКИЯ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
Туризм географиясының ғылым ретінде дамуы
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын pr-технологиялар туралы
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын PR - технологиялар
Қазақстанға өз өркениетін сақтап мемлекет ретінде өзінің ерекше мүмкіндіктерін пайдалану
Туристік инфрақұрылым мен қызметтерді дамыту және ілгерілету
Туристік қызметтер нарығында маркетингті қолданудың ерекшеліктері
Қазақстандағы ішкі туризм мәселесі жөнінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz