Туристік формальділік


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

  1. Кіріспе . . . 3
  2. Визаны алу жолдары және түрлері . . . 3

2. 1 Қазақстандық визаны алу ережелері . . . 3

2. 2 Визаның түрлері . . . 7

3. Шенген визасының ережелері . . . 10

Визалық формальділіктер

Барлық қалған шетелдік азаматтар Ресейге кіру визасын алуы керек. Ресей Фудурациясы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше тәртіп көзделмесе, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Ресей аумағына келу үшін Ресей Федерациясының визасы қажет.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) азаматтарынан, әсіресе Қазақстан, Азербайжан, Армения, Беларусия, Грузия, Кыргызстан, Молдавия, Тәжікстан, Өзбекстан және Украина азаматтарынан Ресейге кіру визасы талап етілмейді. Визасыз кіру 90 күнге дейін.

Ресей Федерациясының визаларын беру тәртібі «Ресей Федерациясының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің бұйрығымен бекітілген. Ресей Федерациясының визаларын беру тәртібі белгілі нұсқаулықпен реттеледі. Ресей Федерациясының визасы жарамды төлқұжатқа немесе Ресей Федерациясының танитын жеке басын куәландыратын басқа құжатқа жапсырылады, және Ресей Федерациясының аумағына келуге, және онда болуға, сондай-ақ кетуге немесе транзитпен Ресей Федерациясының аумағын кесіп өтуге құқық береді.

Ресейлік Визаларды Алу Ережелері

Ресей Федерациясының визаларын беру және олардың қолданыс мерзімін ұзарту үшін қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес ресімделген халықаралық ұйымдардың, шет мемлекеттер өкілдіктерінің, сондай-ақ Ресей Федерациясының мемлекеттік мекемелерінің Мәскеудегі Ресей Федерациясының СІМ Консулдық қызмет департаментіне немесе КҚД өкілдігіне тапсырылған жазбаша өтініштері негіз болып табылады.
Туристер ретінде немесе іскерлік мақсатпен шетел азаматтарын шақыратын мемлекеттік емес ұйымдар облыстық деңгейдегі көші-қон полициясының жергілікті бөлімшелерімен (Мәскеу мен Санкт-Петербург қалсының тұрғындары үшін Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларының Ішкі істер бас басқармасы - Ішкі істер басқармасының көші-қон полициясы басқармасымен) келіскеннен кейін Ресей Федерациясының СІМ Консулдық қызмет департаментіне жазбаша өтініштерді береді.
Австралия Одағының, Австрия Республикасының, Америка Құрама Штаттарының, Андорраның, Аргентина Республикасының, Бельгия Корольдігінің, Болгария Республикасының, Бразилия Федеративтік Республикасының, Ватиканның, Венгрия Республикасының, Германия Федеративтік Республикасының, Грек Республикасының, Дания Корольдігінің, Жаңа Зеландияның, Жапонияның, Израиль Мемлекетінің, Ирландия Республикасының, Исландия Республикасының, Италия Республикасының, Испания Корольдігінің, Канаданың, Кипр Республикасының, Корея Республикасының, Коста-Рика Республикасының, Куба Республикасының, Латыш Республикасының, Литва Республикасының, Лихтенштейн Княздігінің, Люксембург Ұлы Герцогтығының, Мальта Республикасының, Мексика Құрама Штаттарының Монаконың, Наурудың, Нидерланд Корольдігінің, Норвегия Корольдігінің, Оңтүстік Африка Республикасының, Польша Республикасының, Португалия Республикасының, Румыния Республикасының, Сан-Марино Республикасының, Сингапур Республикасының, Словакия Республикасының, Словения Республикасының, Түркия Республикасының, Уругвай Шығыс Республикасының, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің, Хорватияның, Чех Республикасының, Чили Республикасының, Швейцария Конфедерациясының, Швеция Корольдігінің, Финляндия Республикасының, Француз Республикасының, Эстон Республикасының, Ямайканың азаматтарын іскерлік немесе туристік мақсатпен шақыру үшін ішкі істер органдарының рұқсаты талап етілмейді, яғни қабылдайтын ұйымдардың шақырулары (Мәскеу қаласындағы) Ресей Федерациясының СІМ КҚД-ға тікелей тапсырылады.

Ресей Федерациясына жеке істерімен келетін шетел азаматтары үшін келуге арналған рұқсатты Ресей Федерациясының ішкі істер органдары ресімдейді.
Ресей Федерациясының визаларын алу үшін шетел азаматтары Ресей Федерациясының өкілдігі орналасқан елдегі дипломатиялық/консулдық мекемесіне өтініш білдіріп, жарамды төлқұжатты (немесе халықаралық жол жүру құжатын), Ресей Федерациясының СІМ КҚД визалық қолдауының нөмірі қойылған шақыру хаттың көшірмесін (немесе Ресей Федерациясының ішкі істер органдары ресімдеген жеке шақырудың түпнұсқасын), толтырылған визалық сауалнаманы және фотосуретті береді. Визаның қолданылу мерзімі шетелдік азамат паспортының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде алты ай бұрын аяқталуы тиіс. Басқа құжаттардың беру қажеттілігін консул жергілікті жерде белгілейді.
Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын - жұбайларымен, балаларымен немесе ата-аналарымен Ресей Федерациясына бірге келетін шетел азаматтары үшін бір айға дейінгі, бірақ бір жыл ішінде екі реттен артық емес мерзімге, визалар жоғарыда аталған туыстардың өтініштері (осы шектеу Ресей Федерациясының азаматы болып табылатын ата-аналарымен бірге келетін кәмелетке толмаған шетел азаматтарына қолданылмайды) негізінде ресімделуі мүмкін.

Ресейде тұратын шетел азаматының туыстары немесе таныстары ауыр науқастанған немесе қайтыс болған жағдайларда, визалар нотариалды куәландырылған қайтыс болу туралы анықтаманың көшірмелері, не дәрiгер куәландырған халықаралық жеделхат (телеграмма) негізінде ресімделуі мүмкін.
Ресей Федерциясынан қоныс аударған шетел азаматтарына туған жерлеріне және туысқандарының зираттарына болып қайту үшін олардың жеке өтініштері және Ресей Федерациясымен байланыстығын растайтын құжаттары (ұлттық паспорттағы бағаны немесе Ресей Федерациясында туғандығы туралы куәлігі, Ресей Федерациясында жақын туысқанының жерленгендігі туралы құжаттың, Ресей Федерациясының азаматтығынан шыққандығы туралы анықтаманың көшірмесі) негізінде үш айға дейінгі мерзімге жеке визалар берілуі мүмкін.

Тарихи отанына келу тәртібін одан әрі ырықтандыру мақсатында қазақ диаспорасының шетелдік өкілдеріне Ресей Федерациясының СІМ-мен келісімі бойынша жыл ішінде екі рет үш айға дейінгі мерзімге олардың жеке өтініштері негізінде жеке визалар берілуі мүмкін.

Шетелдегі Ресей Федерациясының консулдық мекемелерінде Ресей Федерациясының бір мәртелік визалары 3, 4, 5 және 6-тармақтарда көрсетілген шетел азаматтарына, сондай-ақ қызметтік, туристік, жеке және іскерлік мақсатпен келетін Австралия Одағының, Австрия Республикасының, Америка Құрама Штаттарының, Бельгия Корольдігінің, Германия Федеративтік Республикасының, Грек Республикасының, Дания Корольдігінің, Жаңа Зеландияның, Жапонияның, Ирландия Республикасының, Исландия Республикасының, Италия Республикасының, Испания Корольдігінің, Канаданың, Корея Республикасының, Лихтенштейн Княздігінің, Люксембург Ұлы Герцогтығының, Малайзияның, Монаконың, Нидерланд Корольдігінің, Норвегия Корольдігінің, Португалия Республикасының, Сингапур Республикасының, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің, Швейцария Конфедерациясының, Швеция Корольдігінің, Финляндия Республикасының, Француз Республикасының азаматтарына шақырусыз беріледі.
Ресейдің аумағы арқылы транзитпен өтетін шетел азаматтарының өзімен бірге Ресей Федерациясының аумағына кірген күнін растайтын құжаттары (жол билеттері) болуы тиіс.

Ресей Федерациясында уақытша болатын шетелдiк азаматтар Ресей Федерациясының Мемлекеттiк шекарасынан өткен күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде өзiнiң тұрақты немесе уақытша тұратын жерi бойынша тiркелуге мiндеттi.

Австралия Одағының, Австрия Республикасының, Америка Құрама Штаттарының, Бельгия Корольдігінің, Германия Федеративтік Республикасының, Грек Республикасының, Дания Корольдігінің, Жаңа Зеландияның, Жапонияның, Ирландия Республикасының, Исландия Республикасының, Италия Республикасының, Испания Корольдігінің, Канаданың, Корея Республикасының, Лихтенштейн Княздігінің, Люксембург Ұлы Герцогтығының, Малайзияның, Монаконың, Нидерланд Корольдігінің, Норвегия Корольдігінің, Португалия Республикасының, Сингапур Республикасының, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің, Швейцария Конфедерациясының, Швеция Корольдігінің, Финляндия Республикасының, Француз Республикасының азаматтарынның паспорттарын тіркеу Ресей Федерациясының шетелдегі мекемесінде визаны ресімдеу кезінде жүзеге асырылады. Тіркеу визаның берілген күнінен бастап 90 тәулікке, бірақ визаның жарамдылық мерзімінен аспайтын мерзімге ресімделеді.
Ресей Федерациясының шекарасын кесіп өткен және СІМ-нің шетелдегі мекемелерінде тіркелмеген шетелдіктердің паспорттарын тіркеу ҰҚК Шекара қызметінің шекаралық бақылау бөлімшелері арқылы тікелей өткізу бекеттерінде шекарадан өтуге құқық беретін құжаттарға және көші-қон карточкасының «Кіру» және «Тіркеу» бағандарына белгі қою жолымен жүзеге асырылады.

Тіркеу шекараны кесіп өткен күннен бастап 90 тәулікке, бірақ визаның жарамдылық мерзімінен аспайтын мерзімге ресімделеді.
Ресей Федерациясының шекарасын кесіп өткен және СІМ-нің шетелдегі мекемелерінде, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметінің шекаралық бақылау бөлімшелерінде тіркелмеген шетелдіктердің паспорттарын тіркеу Iшкi iстер органдарында жүзеге асырылады.

Ресей Федерациясының визаларын беру үшін төлем мөлшері бекітілген консулдық алым мен нақты шығыстар үшін төлемнің сомасын құрайды және АҚШ долларымен немесе Ресейдің шетелдегі мекемесі орналасқан елдің валютасымен өзара түсіністік негізінде алынады. Ресейдің шетелдегі мекемелері орналасқан елдің өмір деңгейіне байланысты Ресей Федерациясы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1761 қаулысымен бекітілген консулдық алымдардың ең төменгі және ең жоғарғы базалық ставкалары мөлшерлерінің шегінде консулдық алымдардың түрлі тарифтері белгіленген.
Консулдық алымдардың ставкалары: бір мәрте келу-кету немесе кету-келу РФ визасы немесе оны үш айға дейінгі мерзімге ұзарту - 50 евро;
екі мәрте келу-кету немесе кету-келу РФ-ның визасы немесе оны үш айға дейінгі мерзімге ұзарту - 70 евро; үш мәрте келу-кету немесе кету-келу; РФ визасы немесе оны үш айға дейінгі мерзімге ұзарту - 90 евро;
көп мәртелік виза немесе оны: бір жылға дейінгі мерзімге ұзарту - 170 евро;
екі жылға дейінгі мерзімге ұзарту - 250 евро; 30 күнге дейінгі бір мәрте туристік виза - 35 евро; 60 күнге дейінгі екі мәрте туристік виза - 50 евро;
транзиттік виза - 30 евро құрайды.

Визаның түрлері

  • Дипломатиялық визалар дипломатиялық паспорттың иелеріне, халықаралық ұйымдардың немесе ұлттық төлқұжат иелеріне, егер де олар халықаралық ұйымдардың қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері болып табылған жағдайда, дипломаттардың - РФ шет елдік дипломатиялық және консулдық шет ел қызметкерлеріне, үкімет, парламент мүшелеріне, әйгілі қоғамдық және саяси қайраткерлерге, құрметті консулдар мен олардың отбасы мүшелеріне беріледі. Дипломаттық визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және шығуға беріледі.
  • Қызметтік визалар қызметтік төлқұжаттардың иелеріне, ұлттық шет елдік төлқұжаттардың иелеріне, яғни шетелдiк дипломатиялық және басқа да дипломатиялық ұйымдар санатына кірмейтін өкілдіктер мен халықаралық ұйымдар қызметкерлеріне, сонымен қатар Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша қызметтiк iстермен Ресей Федерациясына жол жүретін шетел азаматтарына беріледі. Қызметтік визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және шығуға беріледі.
  • Инвесторлық виза Ресей экономикасын инвестициялауға қатысатын ірі шет елдік фирмалар мен компаниялардың басқару буынының басшылары мен өкілдеріне, сондай-ақ олардың отбасыларының мүшелеріне беріледі. Инвесторлық визалар бір мәртелі, екі мәртелі, үш мәртелі және көп мәртелі кіру мен шығу үшін беріледі. Ресей Федерациясы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қаңтардағы № 46 қаулысына сәйкес инвесторлық виза тегін беріледі.
  • Егер халықаралық шарттар мен келiсiмдерде өзгеше көзделмесе«жұмыс iстеуге арналған»санаттағы визаларын ресімдеу үшін басқа құжаттармен қоса шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат болуы қажет.
  • Iскерлiк визалар(iскерлiк келiссөздерге, кеңесулерге, түрлі форумдарға, конференцияларға қатысу, келісім-шарттар жасасу, бiрлескен кәсiпорындар құру, қазақстандық рынокты зерттеу, консультативтi және аудиторлық қызмет көрсету және т. б. ) Ресей Федерациясына iскерлiк мақсатпен келетін шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қолдаухаттарының негізінде беріледі.
  • РФ туристiк визаларышетел азаматтарына туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар Ресей Федерациясының туристік ұйымдарының оларды қабылдау туралы растауы, сондай-ақ iшкi iстер органдарының рұқсаты және РФ СIМ КҚД-нiң визалық қолдауы болған жағдайда беріледі. 1-тармақта көрсетілген елдердің азаматтарына (ішкі істер органының рұқсаты талап етілмейтін) туристік ұйымдардың қолдаухаты бойынша туристік визалар Мәскеу, Санкт-Петербург, Ленинград және Калининград қалаларындағы әуежайларда РФ СІМ-нің консулдық пункттерінде ресімделуі мүмкін.
  • Оқуға арналған визалароқу орындарының қолдаухаттары негiзiнде ресімделетін, РФ СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, Ресей Федерациясна оқуға, оқу тәжiрибесінен өтуге, тағылымдамаға және осылар тәрізді себептермен келетiн, сондай-ақ РФ аумағында жүрген шетел азаматтарына беріледi.
  • Емделуге арналған визалардымедициналық мекемелердің шақыру мақсатын растайтын құжаттары негізінде ресімделетін, РФ СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, Ресей Федерациясына емделуге, медициналық тексерiлуге, кеңес алуға және басқа да осыған ұқсас мақсаттармен келетін, сондай-ақ РФ аумағында жүрген шетел азаматтарына беріледi.
  • Тұрақты тұруға арналған визалардыРФ ҰҚК-нің және Ресей Федерациясының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон жөніндегі комитетінің келісімі бойынша ресімделетін, РФ СIМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, шетел азаматтарының өтініштері негізінде Ресей Федерациясының шетелдердегi мекемелерi Ресей Федерациясына тұрақты тұру үшін келетін шетел азаматтарына бередi.
  • Транзиттік визаларүшiншi елге келуге жарамды құжаттары (визалары) бар, визасыз транзитке құқығы жоқ шетел азаматтарының Ресей Федерациясының аумағы арқылы жол жүрулері үшiн беріледi.
  • Жеке визаларРесей Федерациясына жеке басының мәселесіне байланысты шетелдіктерге беріледі. Жеке визалар бір, екі және үш мәрте келуге және шығуға беріледі.
  • Миссионерлік визаларРесей Федерациясына діни-ағартушылық қызмет атқаруға келетін шетелдіктерге беріледі. Миссионерлік визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және шығуға беріледі.
  • Шығу визаларыішкі істер органдарының рұқсаты негізінде Ресей Федерациясында тұрақты тұратын шетелдіктерге; Ресей Федерациясы аумағында төлқұжаты немесе Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да құжаттарын жоғалтқан шетелдіктерге; Ресей Федерациясынан шетелдікті шығарып жіберу туралы шешім қабылданған шетелдіктерге беріледі. Осы санаттағы визалар тек кетуге ғана беріледі.

Қазақстан Республикасының тиісті тараппен жасалған келісімімен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен өзге жағдайлар қарастырылмаған жағдайда Қазақстан Республикасының территориясына кіру үшін виза алу қажет.

Егер шақырған ұйым мемлекеттік емес ұйым болса, бірнеше мәрте, іскерлік және туристік визаларды алу үшін Ішкі Істер Министрлігінің Көші-қон полициясының рұқсаты қажет.

Виза алу үшін шет ел азаматтары сол елдегі Қазақстан Республикасының консулдық мекемесіне немесе дипломатиялық өкілдігіне барып, келесідей құжаттарды тапсыруы қажет:

1. Жарамды төлқұжат немесе Қазақстан Республикасының өтуге құқық беретін өзге құжат, төлқұжаттың жарамдылық мерзімі сұранбалы визаның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан соң кемінде 6 айдан соң аяқталуы тиіс.

2. Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігінің (СІМ) визалық қолдау нөмірі көрсетілген шақыру хатының көшірмесін немесе Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары рәсімдеген жеке шақыру қағазының түпнұсқасы/визаны алу өтініші.

3. Толтырылған визалық сауалнама

4. Түсті сурет 3, 5*4, 5 (1 дана)

5. Консулдық алымның төленуі туралы түбіртек.

Басқа да құжаттардың тапсырылу қажеттілігін консул сол жерде анықтайды.

Шетел азаматтарын тіркеу

Қазақстан аумағына келген кезде шетелдік азаматтар Шекаралық қызметтің бөлімшелерінде кіру туралы белгісі бар миграциялық бақылау карточкасын алады.

Шетелдік азамат келген күннен бастап 5 күнтізбелік күні ішінде, тіркелуді жүргізу үшін аумақтық көші-қон полициясының бөлімшелеріне хабарласуы қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресейдің туристік формальділігі
Еліміздегі туризмді, туристік кластерді дамытудың қағидаттары мен тәсілдерін қарастыру
Есімшелердің есімдерше жұмсалу қызметі
Туризмді дамытуға әр елдердің және Қазақстандағы туризм түрлерін дамытуға арналған перспективті бағдарламаларды талдау
Экскурсия әдістемелердің байланысы
Туризм бағдарламасындағы туристік жерлер
Келісімшартты жасау, оның тәртібі мен сатылы құрылымы
Есімшелердің құрмалас сөйлем жасаудағы қызметі
Сот қадағалау тәртібімен іс жүргізудің мәні мен маңызы
Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz