Шіліктідегі жүргізілген қазба жұмыстары



Мазмұны
Кіріспе
І. Шіліктідегі жүргізілген қазба жұмыстары мен Шілікті сақ патшалары обалары
1.1 Шілікті даласында жүргізілген қазба жұмыстары
1.2 Шіліктідегі сақ патшаларының обалары
ІІ. Шіліктіден табылған жәдігерлер және Шіліктідегі сақ қорғандары қазыналары
2.1 Шіліктіден табылған жәдігерлер туралы ой
2.2 Сақ обаларының асыл қазынасы
2.3 Шіліктіде өмір сүрген сақ тайпаларының тұрмысы мен шаруашылығы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуінде Қазақстаннан табылған үшінші «алтын адамға» кең көлемде зерттеу жүргізуді тапсырды. Осы мақсатқа және Шіліктіден табылған сақ патшасының обасынан табылған «алтын адамның» зерттеуінжүргізілуде.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстаннан тағы бір алтын адам табылды деген хабар археология қазбаларына бейжай қарай алмайтын кез келген ғалымды елең еткізгені анық.
Шығыста жатқан Зайсан ауданының Шілікті даласындағы 200-ге тарта сақ қорғандарының құпиясын ашуға тарихшылар көптен ұмтылып келеді.
Мәселен, ол ескерткіштерді 1910 жылдардың шамасында семейлік гидротехник Бокий алғашқы болып зерттесе, сол ғасырдың 40-70 жылдары аралығында профессор Черников жұмыс істеген.
Ал, қазақ тарихшылары зерттей бастағалы 4 жылдан асты. Шығыстағы Берел қорымынан жақсы сақталған жылқы қаңқалары, екі адамның мүрдесі табылғаннан кейін елді елең еткізген Шіліктідегі Бәйгетөбе атты обадан шыққан алтын киімді билеушінің сүйегі болды.
Шілікті алтын адамы - Қазақстан жерінен табылып отырған үшінші алтын адам.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан тарихы. Очерктер. 30-56-бб.
2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. I-том. Алматы, 1996. 2-бөлім, 1-3-тараулар.
3. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 2-бөлім
4. Акишев К. Курган Иссык. М., 1978.
5. Бичурин Н.Я. Средняя Азия и Восточный Туркестан А., 1997.
6. Гумилев Л.Н. Хұндар. А., 1998.
7. Өтениязов С. Аттила А., 2000.
8. Ирмуханов Б.Б. Древняя история Казахстана. А., 1997.
9. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Государства и народы евраазиских степей. М. 2004
10. Ақышев «Қазақстан тарихы. Очерктер».
11. «Ежелгі Қазақстан тарихы»
12. Т. Тұрлығұл, Ә. Төлеубаев, Қ. Құнапина
13. «Қазақстан тарихы. Дәрістер курсы І» К. Аманжолов
14. «Қазақтың қысқаша тарихы» Н. Мыңжан
15. Сақ (скиф) тарихы мен мәдениеті, М.Ш.Өмірбекова, Алматы – 2004
16. Қазақстан тарихы (Жоғары оқу орнына арналған оқулық), Г.В.Кан, Н.У. шаяхметов, Алматы – 2009
17. Қазақстан тарихы, Мусин Чапай, Алматы – 2008
18. Қазақстан тарихы, Алматы – 1996
19. Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 6 бөлім
20. Артамонов М.И., Сокровища саков, М., 1973

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Шіліктідегі жүргізілген қазба жұмыстары мен Шілікті сақ патшалары обалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Шілікті даласында жүргізілген қазба жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... 51.2 Шіліктідегі сақ патшаларының обалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9ІІ. Шіліктіден табылған жәдігерлер және Шіліктідегі сақ қорғандары қазыналары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..122.1 Шіліктіден табылған жәдігерлер туралы ой ... ... ... ... ... ... ... ... . ...122.2 Сақ обаларының асыл қазынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...162.3 Шіліктіде өмір сүрген сақ тайпаларының тұрмысы мен шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20Қорытынды ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .26 КіріспеТарихнамалық шолу: Жазы салқын, қысы қарсыз және жылы болып келетін даланы малшы тайпалар қола дәуірінен бері кең қоныстарына айналдырған. Ал, осы жазықтың "Шілікті" аталуын ғалымдар: "Кезінде мұнда шілік өскендіктен, осы атауы қалыптасқан болуы керек" деп тұжырымдайды.Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуінде Қазақстаннан табылған үшінші алтын адамға кең көлемде зерттеу жүргізуді тапсырды. Осы мақсатқа және Шіліктіден табылған сақ патшасының обасынан табылған алтын адамның зерттеуінжүргізілуде.Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстаннан тағы бір алтын адам табылды деген хабар археология қазбаларына бейжай қарай алмайтын кез келген ғалымды елең еткізгені анық. Шығыста жатқан Зайсан ауданының Шілікті даласындағы 200-ге тарта сақ қорғандарының құпиясын ашуға тарихшылар көптен ұмтылып келеді. Мәселен, ол ескерткіштерді 1910 жылдардың шамасында семейлік гидротехник Бокий алғашқы болып зерттесе, сол ғасырдың 40-70 жылдары аралығында профессор Черников жұмыс істеген. Ал, қазақ тарихшылары зерттей бастағалы 4 жылдан асты. Шығыстағы Берел қорымынан жақсы сақталған жылқы қаңқалары, екі адамның мүрдесі табылғаннан кейін елді елең еткізген Шіліктідегі Бәйгетөбе атты обадан шыққан алтын киімді билеушінің сүйегі болды. Шілікті алтын адамы - Қазақстан жерінен табылып отырған үшінші алтын адам.Өткен ғасырдың 60-жылдарында Кемал Ақышевтың Есік қорғанынан сақ ханзадасының мүрдесін табуы тарих ғылымын дүр сілкіндірген. Алтын адам қазірде қазақ тәуелсіздігінің символына айналды. Өкінішке қарай ол кезде антропологиялық кескіндеме жасау мүмкін болмап еді. Ал Шіліктіде табылған алтын адамның кескін келбетін қайта қалпына келтіруге болады екен. Ол жұмыс толығымен жүзеге асса, үш мың жылға жуық бұрын өмір сүрген көшпенділердің қандай болғанын көзбен көруге мүмкіндік туады.Көк түріктің бесігі болып келе жатқан өр Алтай мен қарт Каспийдің аралығында созылып жатқан алып дала оған дейін де ата-бабамыздың атамекені болғанын қазіргі қазба жұмыстары көрсетіп отыр. Қазақ даласының қойнауы алтын әріптермен жазылған кітап сынды. Әр бетін ашқан сайын адамзат баласы таңдай қағып тамсанады. Курстық жұмыстың мақсаты: Шілікті сақ патшаларының обалары туралы толық мәлімет жинау және Шіліктіден табылған жәдігерлерді зерттеу.Курстық жұмыстың міндеттері: Шілікті даласында жүргізілген қазба жұмыстарын;Шіліктідегі сақ патшаларының обаларын;Шіліктіден табылған жәдігерлер туралы ойды;Сақ обаларының асыл қазынасын;Шіліктіде өмір сүрген сақ тайпаларының тұрмысы мен шаруашылығын зерттеу. Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.І. Шіліктідегі жүргізілген қазба жұмыстары мен Шілікті сақ патшалары обалары1.1 Шілікті даласында жүргізілген қазба жұмыстарыЕлімізде Мемлекеттік Мәдени мұра бағдарламасы қабылданғаннан бері жаңа қарқынға ие болған тарих ғылымы, оның ішінде археология саласы жылма-жыл тың деректермен толығуда.Шілікті даласындағы археологиялық ескерткіштер өзінің ірілігімен және шағын ғана аумақта тығыз шоғырлануымен және тарихи ерекше құнды жәдігерлерімен көпшілік назарын аударып отыр.Шілікті жазығында тың серпін алған кешенді зерттеулер 2003 жылдан бастап Ә.Т. Төлеубаевтың жетекшілігімен жүргізіліп келе жатыр. Қазба жұмыстары негізінен Шілікті І, ІІ, ІІІ, ІV қорғандар тобында болды. Қазба жұмыстары жүргізілген жеті жылдың ішінде 3 ірі, бір орташа және 10 кішігірім оба қазылды. Бұл тарихи мөлтекаудан ірі көлемдегі сақ патша обаларының ең көп шоғырланған өлкесі болып табылатын Шілікті жазығындағы археологиялық кешенді зерттеулер барысында геологиялық, полеоботаникалық, дендрохронологиялық, зоологиялық және т.б сараптамалар жасауға мүмкіндіктер туды. Сондай ақ бұл зерттеулер көне құрылыстардың көлеміне және күрделі архитектуралық құрылымына жаңадан ғылыми тұжырымдар жасауға түрткі болды. Қазба жұмыстарымен бірге Шілікті жазығындағы қола дәуірлерінен бастап соңғы түркі дәуірлеріне дейінгі ескерткіштерге барлау жұмыстары арқылы паспорттау, тізімдеу шаралары атқарылды.2009 жылғы қазба мусымында Шілікті археологиялық экспедициясы Шілікті І қорымының ірі көлемдегі №36 сақ патша обасында қазба жұмыстарын жалғастырды және кіші көлемдегі №12,15 екі обаға қазба жұмыстарын жүргізді.№36 қорған Шілікті және Тасбастау ауылдары ортасындағы жергілікті халық Орта баз деп атайтын ескі қора орнының оңтүстігінде 150 метр жерде орналасқан. Қорған топырақтан үйілген, қазбаға дейін ортасында және шығыс жағында ұзынша ойығы болды. Қорғанның тағы бір ерекшелігі кең жайылған оба үйіндісінің етегіне қарай әр жерден айналдыра тастарды тігінен қойып тас шеңбер жасаған. Сондай-ақ қорған етегінен 20 метр қашықтықта мөлшермен 3-4 метр жалпақтықта айналдыра ор қазылған. Айнала қазылған ордың оңтүстік-шығыс бағыты есік тәрізді қазылмай қалдырылған. Оба сыртын дөңгелете қазылған ор сілемінде көк шөп көгеріп анық көрініп жатыр. Обаның бетінде, әсіресе етегіне қарай орташа көлемдегі өзеннің малта тастары шашырай орналасқан. Тастар әсіресе қорғанның оңтүстік және батыс бөлігінде көптеп кездеседі. Оба бетін жамылғы ретінде әсемдеу мақсатында қойылған малта тастар ірі көлемдегі Шілікті обаларының барлығында кездеседі.№36 обаның нақты өлшемдері төмендегідей. Биіктігі 4м 53см. Диаметрлері ШБ бағытта - 113 м, ОС бағытта - 115 м. сыртын қоршаған орды қосып есептегенде ШБ - 178 м, ОС - 181 м. Ордың енінің әр жағының өлшемдері - 3,70 м - 4м аралығында. Оңтүстік-шығыс жағындағы есік тәрізді ашық жердің ені 6 метр. Қорған үстіндегі ойық тонау белгісі болуы мүмкін (диаметрі - БШ - 25 м, ОС - 20 м). Тонау белгісінің қорған төбесінен есептегендегі тереңдігі 1м 52см.Қорған үсті ойысының шығыстан есептегендегі тереңдігі - 75 см, солтүстіктен - 1 м 25 см, оңтүстіктен 1 м 16 см. Ойыс тереңдігінің батыс жағына қарай көбірек қазылғандығы байқалады. Қорған құрылысының ерекшелігіне қарағанда құрылысшылар құрлыстың биіктігіне емес, алып жатқан ауқымына мән берген тәрізді. Олардың мақсаты қорған көлемін ұлғайтумен бірге оба үйіндісіне орды қазу, одан шыққан топырақты алып құрылыстың өзіне пайдалану арқылы жеңілдік жағын қарастырған. Биылғы қазба маусымында осы пікірді анықтау мақсатында айналдыра қазылған ордың шығыс және солтүстік бағыттарында шурф салынды.Обаның орталық нүктесінен ОБ қарай 16 метр жерде ойыстың жиегінде орташа көлемдегі тастардан үйілген тас үйінді болды, көлемі:1м 20 см, ені - 1м 15 см. Бұл кейінгі жерлеу орны болуы мүмкін, бірақ оған қазба жүргізілген жоқ. Себебі қазба жұмысы қорғанның ортасынан емес солтүстік шетінен басталған болатын.№36 қорғанға қазба барысы ШБ бағытында және ОС бағыттарын анықтау арқылы алғаш төрт секторға бөлінді. Кейіннен қазба жұмысына ыңғайлы болу мақсатында (техниканың қозғалысы және желдің соғу бағыты ескеріліп) және қорғанның өте жалпақ болуымен бірге дромосты, қабір құрылысын қоса қамту үшін ШБ бағытында 10 метр жалпақтықта 7 тілікке бөліп қазу ұйғарылды. Әрбір 10 метр ендіктегі тіліктердің ортасында 5 метр ендікте жал қалдырылып отырды. №36 обаның төбесіндегі ойығына және шығыс бағытындағы сілеміне байланысты оба үйіндісінің орталық бөлігінен 30 метр ендікте Батыс - Шығыс бағытында қазба тілігі салынды. Оба үйіндісі тек бір бағытта, яғни батыстан шығысқа қарай техниканың көмегімен 20-30 см қалыңдықта алынып отырды.Обаның шығыс бетінде дромос кезігетіндіктен және айнала қазылған ордың кірер ауызын, есік тәрізді қалдарылған жерін таза сақтау үшін үйіндіден шыққан топырақты батыс жағына ғана ығыстырдық.Қазба тілігінің шығыс шетінде орналасқан сыртқы тас шеңберден оба ортасына қарай 30 метр жерден, оба төбесінен 1 метр 70 см тереңдіктен шашылған ірі тастар кездесті. Оба үстінен алғанда 3 м 10 см тереңдіктен шым қабатының ішінен тік тұрған, диаметрі 15 см болатын ағаш кездесті. Ағаш орталық нүктеден Шығысқа қарай 6 метр 70 см жерде орналасқан. Одан 10 см төмен ағаштың солтүстік - батысында жапсарласа тік тұрған сын тас кездесті. Ұзындығы 1 м 20 см болатын төрт қырлы сын тас, бостау тастан жасалған. Тік тұрған ағаш пен тастың деңгейінен 30-40 см тереңдікте айнала қойылған ірі көлемдегі тастар шыға бастады. Қазу барысында олар дромостың үстіне үйілген тастар екендігі анықталды.Қазу барысында анықталғаны ірі көлемдегі тастар қабір шұңқырының жиегіне және дромостың үстіне үйілген. Қабірді айналдыра қойған тастар Солтүстік, Батыс, Оңтүстік бағыттарында жақсы сақталған. Қабірді қоршаған тастар дромостың қабірге кірер аузында толық сақталмаған. Ол жердің тастары тонау кезінде алынып тасталса керек. Өйткені қабір шұңқырын қазу кезінде жиегіне қойылған тастар шашырай кездескен болатын.Жерлеу камерасының айналасы тастармен жалпағынан қаланған, қоршалған, шығыс дромосқа қарай тарылып үсті ағаш бөренелермен жабылып, оның беті бір қабат ірі тастармен шегенделген. Бұл көрініс әсіресе дромостың жерлеу камерасына кірер аузының оң жағында жақсы сақталған. Дромостың шығыс жақ бөлігі таспен толық жабылған.Қабір сыртына қойылған тастар батыс жағына қарай 7 метр ұзындықта бір қатарда қаланса, оңтүстігінде 7 м 23 см және солтүстік 6 м 70 см болып, екі, үш қатардан қаланған. Дромос іші түгелдей ірі тастармен және топырақпен толтырылған. Ірі тастардың көлемі 70х80х60см және 60х100х50 см аралығында. Тас толтырылған дромос іші 1 м 60 см тереңдікке жеткенде материкке тірелді. Дромос ішінен ешқандай ғұрыптық жоралғылардың белгісі немесе басқа заттар кездеспеді.Қабір шұңқырын қазу кезінде тек дромостың іші ғана таспен толтырылғаны анықталды. Қабір шұңқырының ортасында диаметрі 2-2,5 метр болатын тонау белгісі жақсы сақталған. Қабір бетінің басқа жерлері таза шым қаландысымен жабылса, тонау белгісі бар жерде оба бетінен түскен малта тастар аралас шашылып жатыр. Ол қабір шетіне қойылған тастардың ішке құлағандары болуы мүмкін. Қабірдің оңтүстік батыс шетіне қарай материктен 30 см төмен қыш ыдыстың сынығы табылды. Ол ыдыстың мойын тұсының иілген фрагменті, ешқандай өрнегі жоқ, орташа күйдірілген, қоңыр түсті саздан жасалған.Осы деңгейден әр жерде шашылған мал сүйектері табылды. Сүйектердің көпшілігі жылқы тұяғы, тісі және ұсақ малдың омыртқа, жілік сүйектері.Қабір ішінің тереңдігі 1 метр 80 см-ге жеткенде су шыға бастады. Суды құрғатып ары қарай қазу барысында ешқандай қазба материалдары табылған жоқ. Қабір шұңқырының тереңдігі 2 м 30 см-ге жеткенде материкке тірелді. Қазба соңындағы өлшемдер бойынша қабір шұңқыры мен дромостың жалпы ұзындығы 22 метр 60 см.Қазба жұмысы кезінде қабір шұңқыры мен дромос ішінен ешқандай археологиялық материалдар табылмағанымен оба үйіндісінің әр жерінен деректік маңызы бар заттар алынды. Обаның тонау белгісі сақталған жоғарғы шым қабаты арасынан 1 метр 30 см тереңдіктен адамның қол жілік сүйектері мен бірге омыртқа қабырға сүйектері шықты. Адам сүйектері обаның ортасындағы тонау шұңқыры астынан табылғанға қарағанда, қабірден шығарылып тасталған сүйектер болуы мүмкін. Қазба тілігінің шетіндегі шығыс жақтағы тас шеңберден 6 м 60 см, солтүстік жалдан 9 м 80 см жерде кейіннен жерленген адам сүйегі табылды. Адамның басы оңтүстік батысқа қаратылып жерленген. Сондай - ақ ерекше назар аудартқан үш сүйектен жасалған ортасы тесік дөңгелек ұршықтың басы тәрізді заттар. Сүйек заттарының үшеуінің де сыртқы беті қарапайым өңделген, сынған. Сондай-ақ осы ұршық басы сияқты заттардың жанынан ұсақ малдың жілік сүйегінен жасалған екі басы ашық түтікше тәрізді өңделген сүйек зат табылды. Сыртқы формасы қазақ халқының тұрмысындағы бала бесігінің шүмегіне ұқсайды.Осылайша биылғы маусымда зерттеу нысаны ретінде Шілікті І қорымындағы №12,15,36 қорғандар алынып, олардың алғашқы екі кіші қорғандары толықтай қазылды. Тоналып кетуіне байланысты оларда ешқандай жерлеу бұйымдары кездеспеді. Олардың нақты сипаттамасы толық ғылыми есепте көрсетілетін болады. Ал №36 обаның орталық және солтүстік жартысы толық зерттелінді.Зерттеу жұмыстары барысында б.з.д.ҮІІІ-ІІІ ғғ. сақ қоғамындағы әлеуметтік жіктеліске, жерлеу орындарының архитектуралық құрылымына, құрылыс материалдары мен құрылыс тұрғызу әдіс - тәсілдеріне, жерлеу рәсімдері мен материалдық мәдениетіне, дүниетанымы мен идеологиясына қатысты құнды материалдар алынды.1.2 Шіліктідегі сақ патшаларының обаларыШығыс Қазақстанның далалық аймақтарында, әсіресе, Тарбағатай мен Маңырақ тауларының арасында, Зайсан ауданының жерінде алып патша корғандары кездеседі. Оның ең көп шоғырланған жерін Шілікті ескерткіштері деп атайды. Шілікті қорымында барлығы 51 оба бар, оның бәрі де алып немесе орташа қорғандар. Алып қорғандардың диаметрі 100 метр, биіктігі 8 - 10 метр.
Мұнай обаның саны - 13. Орташа обалардың шеңберінің диаметрі 20 метрден 60 метрге жетеді, биіктігі 2 - 5 м. Қорған ертеректе қатты тоналған. Бірақ кейбіреулерінде зергер бұйымдар сақталған. Соның бірі 1960 жылы қазылған "Алтын қорған" деген оба. Обаны үйерден бұрын қабір шұңқыры қазылған.
Оның орта шенінен шығыстан батысқа қарай бағытталған дөліз (дромос) жасаған, оның ені 2 метр, ұзындығы 12 метр. Қабір шұңқырының ішінен қабырғалары 5м жуық балқарағай бөренелерінен қабір үйін салған, биіктігі 1 м. Айналасына - тас толтырылған. Дәліздің қабырғасын таспен қалап, төбесін бөренемен жапкан. Бөренеден салынған қабір үйіне еркек пен әйел жерленген. Моланың жердің бетіндегі бөлігі таспен үйілген.
Сонымен қатар обадан 13 кола жебе, жебе салатын корамсақтың қалдығы табылды. Жебелер екі кырлы, ұңғылы. Қорамсақтың сыртына алтыннан жасалған бүғы мүсінді бірнеше әшекей қапсырма жапсырылған. Қабірден 9 бүркіт, 29 қабылан, қабан, балық, т.б. бейнелер қазылды. Алтын бедерлі мүсіндер ғажайып шеберлікпен көркем жасалған. Бүл обалардың салынған уақыты б.з.б. 7-6 ғасыларға жатады.
Шілікті археологиялық экспедициясы 2003 жылы ҚазҰУ-дың Шығыс Қазақстан археологиялық экспедиция негізінде құрылған (жетекшісі Ә.Төлеубаев). Экспедиция Шығыс Қазақстан облысыЗайсан ауданы Шілікті аңғарындағы көне дәуір ескерткіштерін зерттеумен шұғылданады. Далалық зерттеу жұмыстарына ҚазҰПУ, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Семей университеті, Семей топографиялық және картографиялық колледжі, Павлодар мемлекеттік университеті, т.б. жоғары оқу орындары мен республикалық ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкерлері, оқытушылары, студенттері қатысып келеді.
Құрылған уақыттан бастап экспедиция мүшелері Шілікті 1, 2, 3 обалар тобындағы патша обаларына қазба жұмыстарын жүргізді. Олар аңғарда 200-дей сақ-үйсін заманына жататын обалардың орналасқандығын анықтап, төлқұжатын рәсімдеді. Қола дәуірі қонысын, ерте ортағасырлық археологялық нысандардың орындарын тапты.2003 - 04 жылдары Шілікті - 3 обалар тобындағы 2-обадан (Бәйгетөбе) алтын киімді адам қалдықтарын тауып, ғылыми айналымға енгізді.
Обаның биіктігі 8 м, диаметрі 100 м-дей. Ол топырақ, тас үйінді, самырсын қабірхана сынды үш бөліктен тұрады. Құрылысы мұнда патша жерленгендігін көрсетеді. Патша киіміне тағылған 4333 алтын түйме, қапсырма, тоғаларға арқар, таутеке, қасқыр,аю, т.б. түз аңдарының бейнелері түсірілген.
Табылған артефактілер арасынан бес жұлдыз бедерленген алтын түйме сақ мәдениетінің бірегей туындысы болып саналады. Алынған мәліметтерге қарағанда, Шілікті аңғары шамамен б.з.б. 8 ғасырда сақтар қоныстанған ірі тарихи-мәдени аудан болған.
Шығыс Қазақстанның далалық бөлігінің тамаша ескерткіші Шілікті обасы болып табылады, ол 51 үйіндіден тұратын үлкен қорымның құрамына кіреді. Басқа жерлердегі сияқты, мұндада ұсақ обалар жоқ. Қорымның үйілген топырағының диаметрі 100 метрге, биіктігі 8 -- 10 метрге дейін жетеді. Бұл -- жүздеген жылдар бойы кісі жерленген, тайпалар мен ру көсемдерінің үлкен зираты.
Обаны қазу жұмыстары оның құрылымын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Жердің бетінен аумағы 58 шаршы метрдей, терендігі 1 метрдей шұңқыр қазылған. Оның ішіне балқарағайдың жуан боренелерінен шаршы қима жасалған, бөліктерінін қабырғалары екі, ал төбесі бір қатар бөренелерден тұрады; бөренелер жылжып кетпес үшін шұнқырдың қабырғалары мен ағаш құрылыс арасына уатылған тас толтырылған.
Қиманың бұрыштары бөренелердің бір-біріне тиер жерінде күйдіріліпті. Ағаш моланың ішінде, батыс жақ қабырғасы жанында, жонылған қалың тақтай еденде 40 -- 50 жастағы еркек пен 50 -- 60 жастағы әйел және олардың жанына қойылған заттар жатты.
Өліктерді қабірге шығыс жағынан жалғасқан дәліз-дромос арқылы кіргізген. Жерлеп болғаннан кейін дромос бөренелермен жабылып, бүкіл құрылыс уатылған ірі тастармен көмілген. Содан кейін тығыз сары түсті балшықтан үйінді тұрғызылып, оның үстіне майда малтатас араласқан топырақ үйілген. Алғашқы түрінде обаның диаметрі 45 м, биіктігі шамамен 10 м үйінді болған. Кейін бірте-бірте шөгіп, қазатын кезде оның диаметрі 66 м, ал биіктігі 6 м болды.
Шілікті обасы өз кезеңі үшін күрделі архитектуралық құрылыс болды жопе омы тұргызуга көптеген адамдардың еңбегі пайдаланылған. Обаға қажетті гас одан 15 шакмрым жердегі ең жақын деген таулардан, ал бөренелер аңғардың шығыс жағындагы 40 шақырым жердегі карағайлы орманнан тасып әкелінген.
Басқа да көптеген патша обаларм сияқты, Шілікті моласы да көне заманда-ақ, шамасы, жерленгеннен кейін 50 жылдан соң тоналған.
Тонаушылар обаны ортасынан үңгіп қазған, қима төбесінің оңтүстік- батыс бұрышынан шығып, төбені тескен де, осылайша қабірдің ішіне кірген. Тоналғанына қарамастан, обада өте бағалы заттар: ертеректегі жебелердің асимметриялы-ромб түріндегі деп аталатын ұңғылы қола ұштарының он үші салынған былғары қорамсақтың қалдығы, темір заттың сынығы және ертедегі қолданбалы өнердің 524 алтын бүйыммнан тұратын жарқын үлгілері сақталған. Олардмң арасында корамсақтарды сәндеген, аяқтары бүгулі бұғы түріндегі қаптырмалар (14 дана), басы бұрулы бүркіттердің (9 дана), шиыршықтала бүктетілген қабыланның (29 дана) бедерлі мүсіндері, жұқа қаңылтырдан қиып жасалған қабандардың мүсіндері (12 дана), балық бейнесі, перуза тас өткермеленіп, майда домалақ алтын түйіршіктермен әшекейленген, қанаттары жаюлы құс түріндегі қаптырма және басқа неғұрлым ұсақ зергерлік әшекейлер бар.
Шілікті обасы б. з. б. VII -- VI ғасырлар аралығына жатқызылады. Бұл Қазақстанның солтүстік далалық өңіріндегі ең ертедегі патшалық оба және Еуразия аймағындағы сондай обалардың бірі.
Мұнда Еуразия далаларындағы мал өсіруші тайпалардың қолданбалы өнері айқын көрсетілген. Шілікті обасындағы аң стиліндегі бірқатар көркем туындылар (аяқтары бұғулі бұғы, шиыршақтала бүктетілген қабылан, басы бұрулы бүркітгер) сақ-скиф дүниесі өнерінің алғашқы үлгілеріне жатады.

ІІ. Шіліктіден табылған жәдігерлер және Шіліктідегі сақ қорғандары қазыналары
2.1 Шіліктіден табылған жәдігерлер туралы ой
Археология ғылымында "ХҮIII ғасырдың қазақтары өзіне әлденеше мың жыл бұрын ғұмыр сүрген сақтардың тұрмыс-тіршілігін қаз-қалпында сақтап келген" деген пікір бар. Кезінде еуропалықтар "Сақтар - еуропойдтар" деген антропологиялық деректерді көлденең тартып, сол кездегі тұрмыс пен мәдениетті олардың мұрагері түркі халықтарына қимай келді. Кеңес үкіметі де қазақтардың өз тарихымен табысқанын аса мақұлдай қойған жоқ.
Шілікті жазығы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданының аумағында орналасқан. Ұзындығы - 80 шақырым, ені - 30 шақырым. Осы кең жазықты оңтүстігінде Тарбағатай, шығысында Сауыр-Сайқан, солтүстігінде Маңырақ таулары қоршап жатыр. Бұл жазықтың географиялық жағдайы адам өмір сүруіне өте қолайлы. Жазы салқын, қысы қарсыз және жылы болып келетін даланы малшы тайпалар қола дәуірінен бері кең қоныстарына айналдырған. Ал, осы жазықтың "Шілікті" аталуын ғалымдар: "Кезінде мұнда шілік өскендіктен, осы атауы қалыптасқан болуы керек" деп тұжырымдайды.
Шілікті даласында көне мәдениеттің аса бір өркендеген уақыты б.з.д. Ι-мыңжылдыққа сәйкес келеді. Бұл кезде Шілікті даласын сақ тайпалары мекендеген. Сақ-үйсін дәуірінің екі жүзден астам ескерткіштері бар. Еуразиядаласында сақ қорғандары көп. Шілікті даласының орта шенінде ғана 200-ден астам сақ дәуірі ескерткіштерінің жәдігерлері бар. Соның ішінде 50-ге жуығы ақсүйектер мен патшалардың зираты.Шіліктідегі көне сақ ескерткіштерінің тарихы б.з.д. VIII ғасырдан бастау алады. Ал, сақ заманнан кейінгі қорғандар б.з.д I-II ғасырды құрайды. Ескерткіштердің кейбірі үйсін, түркілердікі болып келеді. Шамамен б.з.д VI-VII ғасырлардағы түркілердің көне жәдігерлері де кездеседі.
Бұл ескерткіштерді алғаш болып зерттеген Семейлік гидротехник Г.Н.Бокий болатын. Ол 1909-1910 жылдары Шілікті даласының шығыс шегінде орналасқан Шаған оба қорымдарын қазды. 1949, 1959, 1961 және 1962 жылдары Шілікті қорымдарында профессор С.С.Черников қазба жүргізіп, бас-аяғы 13 обаны қазып зерттеді. 2003 жылдан бастап Қазақ ұлттық университетінің ғалымдарымен бірігіп, өзім зерттедім. Тұрақты археологиялық зерттеудің арқасында екі үлкен жəне бірнеше шағын обаларда қазба жұмыстары жүргізілді. Солардың ішінен Бəйгетөбе деп аталатын үлкен обада тамаша жəдігерлер табылды. Бірақ, обалардың барлығы тонаушылыққа түскен. Кезінде сақ тайпалары патшаларын алтынмен аптап, күміспен күптеп жерлейтінін сақтармен бірге өмір сүрген, кейін іле-шала тарихи аренада болған ғұндар, үйсіндер, қаңлылар, көне түркілер барлығы жақсы білген...
"Бәйгетөбе" обасын қазу үшін алдан-ала археологтармен ақылдасып, жоспар құрдық. Біздің мақсат Алтын адамның үстінен дөп түсу болатын. Алдын-ала болжаған әдіс-тәсілді қолдандық. Қазу барысында қабірхананың тонауға түскенін аңғардық. Обаға қазып жатып мән бере қарасақ, сол заманда-ақ тоналып кеткен екен. Мысалы, дм 100 метр, ұзындығы 8 метр топырақтан тастан үйілген оба. Осының ішіндегі қабірхана батыс жағына қарай 10 метр ойыстырып салынған. Ұрылар қабірхананың қайда орналасқанын біліп, тура төбесінен ойып түскен. Жалпы, қазақ жеріндегі сақ обаларын тонау орыс патшасы І Петрдің тұсында белсенді түрде жүзеге асқан. Ғалымдардың айтуынша, сол тұста арнайы заң қабылданып, табылған құнды заттар мемлекетке тапсырылып отырған. Сол тұста арнайы жасақ құрылып, жоспарлы түрде ірі обаларды тонаған.
Черников зерттеу барысында Шілікті сақтарының шаруашылығына, тұрмысына, дүниетанымына қатысты материалдарды зерттеді. Қолы жеткен дерек көздерін ғалым 1965 жылы Алтын адамның құпиялары деген еңбегінде жариялады. Шілікті обалары, Шілікті жәдігерлері - сақтардың ерте кезіндегі тарихына қатысты - деп жазылған сөздерді көздеріңіз шалады. Қазіргі таңда Черниковтың тапқан алтын бұйымдары Эрмитаждың төрінде тұр.
Шіліктіге байланысты үлкен бір монографиялық арнауды зерттеп, аяқтауға жақындап қалдым. Сол зерттеуіме Черниковтың тапқан түрлі-түсті суреттерін қосу үшін Эрмитажға Петровский деген ғалымға хат жаздым. Олар осы уақытқа дейін сол суретті алу үшін әкесінің құнын сұрайды. Осы кезде ойыма Шілікті туралы аңыз әңгіме оралады.Кезінде бір патша елді аралауға шыққанда жанынан ұстарашысын қалдырмай ертіп жүретін көрінеді. Бірде әлгі ұстарашы патшаның сақалын алып жатып :"Тамағыңды орып жіберейін бе?" - деп бірнеше рет оқталса керек.
Түкке түсінбеген уәзірлері ұстарашыны сабырға шақырып, қолындағыны алады. Талай жыл патшаға адал қызмет етіп, сенімінен шыққан бұл кісінің қылығына қайран қалып тұрғанда, бір уәзір әлгінің тұрған жерінің астын қазуды бұйырады. Сонда астынан алтын шықса керек. Барлығы оны алтынның буы есіртіп тұр деген қорытындыға келіпті. Сол секілді, жат ел де алтынның буына малынып, біздің ата-бабаларымыздың мұрасын өзімізге сатқалы отыр. Қазақтың мұрасы қазақ жерінде қалуы керек.
Шілікті қорымындағы қазылған обалардың архитектуралық құрылысы өте күрдел. Ескерткіштің осыншама ірі көлемді болуы - онда жерленген адамның қоғамда өте жоғары мәртебеге ие болғандығын дәлелдейді. Ғалымдар: "Ел басқарған патша жерленген" деп болжайды. Себебі, обаның тоналғанына қарамастан, ол жерден өте бағалы заттар табылған. Алтын адамның киімінің әшекейлерінің ұзын саны 4 жарым мыңнан астам. Ірі алтындар саны 360 дананы құрайды.
Жоқ, қазба жұмысы барысында табылған адамның сүйегі мен алтын заттары қабірхананың шығыс бөлігіне орналасқан. Қалыңдығы 1 метр 80 см болатын топырақтың арасынан шыққан. Қабірхананың солтүстік батыс бұрышына адамның басын қаратқан.
Ал, қабірхананың шығыс жақ бөлігінен адамның сирағынан бастап мойын омыртқасына дейінгі сүйектері табылып отыр. Біздің болжамымыз бойынша, тонаушылар адамның сүйегінің еті ақса да, арасындағы сіңірлерінің әлі ыдырап кетпеген кезінде тонаған болуы керек. Өйткені, адамның басын, денесін шығыс жағындағы таушаға қоя салған.
Ғимараттың ішкі микроклиматы бір қалыпты температурада сақталған. Сақтар адамдарын жер қойнауына тапсырған кезде міндетті түрде арнайы дәрілермен мумификация жасаған. Ол адам денесінің еті ағып кетпеуі үшін, адам денесінің сақталуы үшін жасалатын дүние. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтын адам жәдігерінің зерттелуі-ұлттық құндылық
Алтын Адам
Ертіс өзені мен Зайсан көлі
Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірінің зерттелу тарихы мен кезеңдеу мәселесі
Зерттеу нәтижелері ерте темір дәуірінде
Қазақстан аумағындағы сақтардың археологиялық ескерткіштері
Берел қорғаны
Шығыс Қазақстандағы археологиялық зерттеулер (ХХ ғасырдың екінші жартысы)
Сақ ескерткіштері
Алтай – Тарбағатай аралығындағы ертесақ ескерткіштері
Пәндер