Бизнес-жоспардың маңызы мен баптары



Жоспар

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Бизнес.жоспар оның мәні, қағидалары және элементтері ... ... ... ... ... ..4
1.1.Бизнес.жоспардын сипаты, қызмет ерекшелiктерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2.Бизнес.жоспар, оны құрудағы мақсаты мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

2. Бизнес.жоспардың кәсiпорынды дамытудағы маңызы ... ... ... ... ... ... .10
2.1. Кәсіпорынның бизнес.жоспарын құрудың теориялық негіздері ... ... ... ..10
2.2. Кәсіпорынның бизнес.жоспар тиімділігі және оны бағалау әдістері ... ..14

3. Нарық жағдайында бизнес.жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
3.1. Стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері мен оның ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Кiрiспе

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде жоспарлау жетекші орынға ие болады. Әсіресе, қазіргі эконмоикалық жағдай фирма ішіндегі жоспарлаудың жаңа прогрессивтік тәсілдерін қолдануды талап етеді. Ал бизнес жоспар фирма ішіндегі жоспарлаудың негізі болып табылады және ол ағымдағы немесе болашақтағы жағдайды таладуға мүмкіндік береді.
Бизнес жоспарлау экономикада процестерді түбегейлі қалпына келтіреді. Қаржылық жоспарлау халыққа салынатын салықты, халыққа бөлінетін қаржыны жоспарлап, ретті де кезекті жерінде қалыптасуына әрекет етеді. Қаржылық жоспарлаудың қаржылық процестердегі ролі өте үлкен болып келеді. Мәселен, Ресей Федерациясы қаржылық жоспарды үш жылға бірден қалыптастырады. Орта мерзімдегі қаржылық жоспарлау процесінде бұл бюджеттегі қаржыны үнемдеуді талап етеді.
Жоспар жасау кездегі шартты нәрсе-өндіріс көлемі мен сатылатын өнімнің тепе-теңдігін сақтау. Кәсіпорын үшін барлық өндіріс күшін дұрыс іске қосып, материалдық қордың көлемін көбейту тиімді.
Тақырыптың өзектілігі: Кәсіпорын дамудың негізгі қозғаушы күші мен оның негізгі локомотиві болып табылады. кәсіпорындағы бизнес жоспар міндетті түрде жасалуы тиіс. Кәсіпорын шаруашылығы үшін бизнес жоспардың алатын орны ерекше.
Курстық жұмыстың мақсаты: берілген тақырып бойынша бизнес жоспардың мәні мен ерекшеліктерін айқындау, сонымен қатар кәсіпорынның шаруашылығындағы бизнес жоспардың тиімділігін көрсету.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;

- бизнес жоспардың құрылымын сипаттау;

- кәсіпорын шаруашылығындағы бизнес жоспардың маңыздылығын арттыру;

- кәсіпорын шаруашылығындағы бизнес жоспардың қажеттіліктерін көрсету;

Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің ататуы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Р. Елшібаев Кәсіпкерлік негіздері Алматы, 2009

2. Г. Әбдікерімова «Кәсіпорын экономикасы» 2008 ж

3. Н.Әлжанова «Қаржы менеджменті» 2008

4. К. Балабанов Қаржылық менеджмент Алматы, 2004

5. И. Балабанов Шаруашылық субьектілердегі қаржыны жоспарлау мен талдау Москва, 2003

6. В. Грузинова Кәсіпорын экономикасы Алматы, 2003

7. А. Қ. Мейірбеков, Қ. Ә. Әлімбетов Кәсіпорын экономикасы Алматы, 2003

8. Г. Жолдаспаева Кәсіпорын экономикасы Алматы, 2003

9. К. Дүйсенбаев «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы, 2005

10. Н. Л. Зайцев Өндiрiстiк кәсiпорындар экономикасы Қосымша оқулық Алматы, 2005

11. И. Сергеев Сергеев Кәсiпорын экономикасы. Қосымша оқулық.- М: Қаржы және статистика, 2002 жыл

12. Фирманың экономикалық стратегиясы, қосымша оқулық. 1 А.П. Градов бойынша. – М: Арнайы әдебиет , 2004
www.astana.kz
www.krugosvet.ru

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Бизнес-жоспар оның мәні, қағидалары және элементтері ... ... ... ... ... ..4
1.1.Бизнес-жоспардын сипаты, қызмет ерекшелiктерi ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 4
1.2.Бизнес-жоспар, оны құрудағы мақсаты мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

2. Бизнес-жоспардың кәсiпорынды дамытудағы маңызы ... ... ... ... ... ... .10
2.1. Кәсіпорынның бизнес-жоспарын құрудың теориялық негіздері ... ... ... ..10
2.2. Кәсіпорынның бизнес-жоспар тиімділігі және оны бағалау әдістері ... ..14

3. Нарық жағдайында бизнес-жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
3.1. Стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері мен оның ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Кiрiспе

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде жоспарлау жетекші орынға ие болады. Әсіресе, қазіргі эконмоикалық жағдай фирма ішіндегі жоспарлаудың жаңа прогрессивтік тәсілдерін қолдануды талап етеді. Ал бизнес жоспар фирма ішіндегі жоспарлаудың негізі болып табылады және ол ағымдағы немесе болашақтағы жағдайды таладуға мүмкіндік береді.
Бизнес жоспарлау экономикада процестерді түбегейлі қалпына келтіреді. Қаржылық жоспарлау халыққа салынатын салықты, халыққа бөлінетін қаржыны жоспарлап, ретті де кезекті жерінде қалыптасуына әрекет етеді. Қаржылық жоспарлаудың қаржылық процестердегі ролі өте үлкен болып келеді. Мәселен, Ресей Федерациясы қаржылық жоспарды үш жылға бірден қалыптастырады. Орта мерзімдегі қаржылық жоспарлау процесінде бұл бюджеттегі қаржыны үнемдеуді талап етеді.
Жоспар жасау кездегі шартты нәрсе-өндіріс көлемі мен сатылатын өнімнің тепе-теңдігін сақтау. Кәсіпорын үшін барлық өндіріс күшін дұрыс іске қосып, материалдық қордың көлемін көбейту тиімді.
Тақырыптың өзектілігі: Кәсіпорын дамудың негізгі қозғаушы күші мен оның негізгі локомотиві болып табылады. кәсіпорындағы бизнес жоспар міндетті түрде жасалуы тиіс. Кәсіпорын шаруашылығы үшін бизнес жоспардың алатын орны ерекше.
Курстық жұмыстың мақсаты: берілген тақырып бойынша бизнес жоспардың мәні мен ерекшеліктерін айқындау, сонымен қатар кәсіпорынның шаруашылығындағы бизнес жоспардың тиімділігін көрсету.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;

- бизнес жоспардың құрылымын сипаттау;

- кәсіпорын шаруашылығындағы бизнес жоспардың маңыздылығын арттыру;

- кәсіпорын шаруашылығындағы бизнес жоспардың қажеттіліктерін көрсету;

Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің ататуы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.

1. Бизнес - жоспар оның мәні, қағидалары және элементтері

1.1.Бизнес - жоспардын сипаты, қызмет ерекшелiктерi

Бизнес-жоспар - бұл біздің экономикалық лексикамызда біршама жаңа категория. Кез келген жаңа элемент сияқты оны пайдаланудан бұрын оның дұрыс түсінілуі керек.
Бизнес-жоспар бұл сіз өз бизнесіңізбен жетуді қалайтын нәрсе мен өзіңіздің мақсаттарыңызға жету үшін қолда бар ресурстардың пайдаланылуын жоспарлайтын тәсілдің қағазға түсірілген моделі болып табылады .
Жақсы бизнес-жоспар логикалық түрде жоспарланған іс-әрекеттердің сызбасы болып табылады. Ол келешекте бизнеске мағына беруді жорамалдайды. Сіздің алдыңызға қойған мақсаттардан шыға отырып, ол осы мақсаттарға қатаң белгіленген мерзімде қол жеткізу үшін сізге қажет болатын барлық кезеңдер мен ресурстарды қамтиды.
Төменде бизнес-жоспардың пайдасына бірнеше дәлелдер келтіріледі:
Сіздің бизнес-жоспарды жасау кезінде жұмсаған ой-пікіріңіз сізге немен айналысуды қаласаңыз соны тұтастай көруге және жекелеген аспектілерге назар салмауға мүмкіндік береді. Егер ұшқыш өз ұшағында жанар-жағар майдың бар-жоғын тексермей ұшса, онда айтарлықтай қайғылы салдар күтуге болады. Сондықтан ол әрбір ұшудың алдында нені тексеру керек екендігі белгіленген тізімді пайдаланады.
Ұқсас түрде бизнес әлеміне ұшуға аттанар алдында, ешқандай жағдайда көзден таса қалмауы тиісті күдікті жерлердің тексерілуі қажет.
Бизнес-жоспар жаңа кәсіпкерлік ойды немесе дамып келе жатқан істің табысқа жету мүмкіндіктерін жақсырақ бағалауға көмектеседі. Егер бизнес-жоспар жақсы орындалған болса, онда ол сіздің осы ойдың жүзеге асу мүмкіндігіне жасаған зерттеуіңіздің көрінісін береді.
Бизнес-жоспар сондай-ақ, істің өзін дұрыс жүргізуге
көмектесетін құрал болып табылады. Кәсіпорынды жоспарсыз
басқару, машинаны бір отвертканың көмегімен ғана жөндеуді
қалаумен бірдей. Жоспардың өзі осы машинаны жөндеуге
көмектесетін қосымша құрал болып табылады.
Қандай болса да бизнес-жоспарға ие болу, жоқтан жақсы.
Сіздің бизнес-жоспарыңыз бизнес-ойларыңызды фирма-дан тыс тұлғаларға беруге, қажет болғанда қаржы алуға
немесе бірлескен кәсіпорын құруға мүмкіндік береді.
Банкирлер, инвесторлар және потенциалды серіктестер мыналарды білуді қалайды:
oo сізге қанша ақша қажет;
oo сізге олар қай уақытта қажет болады;
oo сізге олар не үшін қажет;
oo сіздің оларды қайтарып беруге жағдайыңыз болады ма
және қашан.
Сіздің жоспарыңыз осы сұрақтарға жауап беруі қажет.
Болып жатқан оқиғаларға әсерлену қағидасы бойынша жүзеге асырылатын істерге қарағанда, бизнес - жоспар негізінде жүзеге асырылатын істердің табыстылыққа жету мүмкіншілігі молырақ.
Сіз жаңа іс бастасаңыз немесе қазіргі бизнесті дамытатын болсаңыз, бизнес-жоспар сізге негізгі бағытты ұстануға көмектеседі және жеңіл-желпі, әрі алаңдататын детальдарға салынудан сақтайды.
Бизнес - жоспарды құрудан бұрын барлық қажетті ақпаратты жинау керек. Өндірілетін тауарға (қызмет) деген сұранысты анықтау қажет. Нені сатамын, калай сатамын және неліктен тұтынушылар сатып алады? Осындай сұрақтарға жауап алу керек. Тұтынушылар тауарды (қызмет) қана емес, олардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы белгілі бір артықшылықтарды сипаттап алатындығын есте ұстаған жөн. Бұл артықшылықтар өзіне төрт элементті (маркетинг мамандары олады маркетинг комплексі, кешені дейді) тауардың өз қасиетін, оның бағасын, бірелген тауарға сұранысын қанағаттандырады және оның жөнелту орнын қосады.

1.2.Бизнес- жоспар, оны құрудағы мақсаты мен әдістері

Бизнес істі жүргізу мен іскерлік қатынастарының субектісіне және меншік қатынасына қарай оный мынандай түрлері болады.
1. Кәсіпкерлік бизнес,ол жеке меншік өндітіс құрал - жабдықтарына негізделген . одан қазіргі таңдағы мемлекеттік емес жаңа меншік түрлері (топтық, ұжымдық , кооперативтік , акционелік , пайлық) өсіп шықты. Кәсіпкерлік бизнестің негізгі бағыттары :өнім шығару , комерция (сауда) және комерциялық жылдамдық.
2. Тұтынушы бизнес , ол жеке меншікті тұтыну және қызмет көрсету саласына негізделеді. Тұтынушы бизеске қатысушылар - барлық азаматтар , сонымен қатар басқа фирмаларюың өнімдерін тұтынушы ретіндегі кәсіпкерлер.
3. Еңбек бизнесі, ол жеке меншіктің жұмыс күшіне негізделеді. Бұл бизнестің субъектісі - жұмысшылар, олар өз еңбегін жалға сотады , шарт бойынша еңбек етеді.
4. Мемлекеттік бизнес , ол мемлекет меншігіндегі өндіріс құрал - жабдықтары , ақпарат, интелектуалды еңбек өнімі , құнды қағаздар, ақша ресурстары , т.б негізделеді. Мұнда мемлекеттік оргрндар басқа қатысушылармен іскерлік қатынастар арқылы тепе - тең әріптес ретінде қызмет етеді.
Нарықтық экономикада кез келген бизнестің стратегиясы және тактикасы болады. Бизнестің стратегиялық мақсаты - өндірісті, жұмысты ( қызмет ) жүзеге асыру процесінде пайданы ( табысты, байлықты ) молайту .
Тактикалық мақсаты - осы стратегиялық нұсқаманы әр әріптеспен және клиентпегн нақты жұмыс істеу барысында белгілі мәмілені жүзеге асыруда қолдану. Бизнестің бір бірімен байланысты , бірін бірі толықтырып отыратын шаралар және операциялар жолы арқылы бірте - бірте ойлаған мақсатқа жеткізетін әрекет жоспарлары немесе бағдарламалар шетел нәтежесінде бизнес жоспар деп аталады.
oo Нарықтық экономика жағдайындағы бизнес жоспардың мазмұны орталықтандырылған жоспарлаудан әлде қайда кең. Ол мынадай негізгі мақсаттарды шешуге мүмкіндік береді:
oo Экономикалық жағдайға сәйкес тиімді даму бағдарын таңдап алу , мақсатты рыноктармен және олардағы фирмалар орнын анықтау.
oo Нарық қажеттілігіне сәйкес жақын және ұзақ мерзімде өндірілетін өнімнің қажетті көлемімен сапасын дәлелдеу , өндірістік мүмкіндіктер мен қажет көлемімен сапасын дәлелдеу , өгдірістік мүмкіндіктер мен қажетті ресурстарды бағалау
oo Басқарудың ұйымдық - құқықтық нысаны мен құралы мен таңдау фирма кадрларын еңбек етуге ынталандыру.
Бизнес-жоспарды жасау кезінде екі кезең бар:
А. Ақпараттар жинау.
Өмірлік маңызды бизнес-жоспар жасау үшін сіздің алдыңызда тұрған қызметтер мен оларды дамыту жағдайлары жөнінде мүмкіндігінше көп білу қажет.
Сіз мыналарды білуіңіз қажет:
Қызмет - сіз не істеп жатырсыз немесе не істегіңіз
келеді, соны нақты анықтау қажет.
Нарық - сіздің тұтынушыларыңыз кімдер, олар қай
жерде және нені қалайды, сіздің бәсекелестеріңіз кімдер және т.б.
Қаржы - сіз потенциалды тұтынушылардың қажеттілік-терін қанағаттандыра отырып, пайда таба аласыз ба?
Қолыңызда жеткілікті мәліметтердің, ұлттық деңгейдегі статистиканың, салыстырмалы мәліметтердің және т.б. жоқ болуынан қорықпаңыз.
Сіз өзіңізге қатысты қызметтің барлық егжей-тегжейін ең жақсы білетін адамның дәл өзі болып табыласыз. Сіздің кез келген қосымша ақпаратты қарапайым жолмен табуыңыз өте маңызды.
В. Ақпараттарды жөнге келтіру.
Қандай да болмасын кәсіпкерлік қызмет жөнінде бәрін білу жеткіліксіз. Сіз серіктеріңізге, оларды көндіру үшін өз білетініңізді қалай жеткізетіндігіңіз аса маңызды болып табылады. Жоспар бәрін тегіс қамти алатын және қысқа болуы керек.
oo Қарапайым және түсінікті тілді пайдаланып көріңіз.
oo Өзіңіздің ойыңызды белгілі мәселелерді баяндайтын
нақты бөлімдермен ретке келтіріңіз.
oo Негізгі текстің оқырмандардың оқуына жеңіл болуы
үшін техникалық бөлшектер мен қосымша материалдарды қосымшада көрсетіңіз.
Сіздің жоспарыңыз жай немесе күрделі болуы мүмкін. Ең бастысы, ол жасалған мақсаттарға сай болуы керек. Мысалы, егер сіз шағын дүкен ашқыңыз келсе, онда сіздің жоспарыңыз компьютер өндіріп және оларды халықаралық нарықта сатуды қажет ететін жоспардан мүлдем басқаша болуы керек. Екінші жағдай бойынша айтарлықтай көп ақпаратқа ие болу қажеттілігі мен жеке нәрселердің анағұрлым көп анықталу керектігі айқын.
Сондай-ақ, егер сіз банкіден несие алу үшін өз жоспарыңызды пайдалансаңыз, онда сіз оған фирма жөнінде, басшылық және т.б. жөнінде мәліметтер беруіңіз керек. Егер сіз өз жоспарыңызды фирманы басқарудың ішкі құралы ретінде пайдалансаңыз, бұл мәліметтер сіз үшін аса тиімді емес.
Сондықтан бизнес-жоспарды дайындаудың бірыңғай ережесі жоқ.
Бизнес-жоспарының құрылымы :
- Титулдық бет
- Мазмұны
- Қысқаша баяндама
- Бизнес сипаттамасы
- Нарық
- Ұйымдастыру және басқару
- Қаржылық жоспарлар
- Қосымша.
Бизнес-жоспардың жасалуы өз алдына бір мақсат емес екендігін айта кету маңызды деп есептейміз. Оны жасағаннан кейін іс жүзінде жүзеге асыру анағұрлым маңыздырақ. Сонда барып жоспар тек жай қағаз емес, ал кәсіпкерлік қызметті басқаруға болатын құжат болады. Тағы бір маңызды нәрсе бизнес-жоспар алдын ала болжамдалған және әлдеқашан пайда болған өзгерістермен тұрақты сәйкестендіріліп отырылуы керек. Біраз уақыт өткеннен кейін атқарылған жұмыстарды бағалаңыз және күтілген нәтижемен салыстырыңыз, ауытқулардың себептерін анықтаңыз, орындалмаған жұмыстарды жеңілдету жолдарын табуға тырысыңыз және сіз өзіңіздің басты әрі негізгі мақсаттарыңызға жету үшін жоспарды пайда болған өзгерістерге сәйкес келетіндей етіп қайта түзетіңіз. Сөйтіп, жоспарды пайдалану логикасы келесідей көріністе болуы керек:
Бизнес-жоспар нені қамтуы қажет және оны қалай жасау керек деген мәселелер осы бөлімнің талқыланатын пәні болып табылады. Біз атап өткендей, бизнес-жоспарды жасаудың бірыңғай ережесі жоқ, әрбір жоспар ол өзі дайындалған мақсаттарға және өзі сипаттап отырған бизнес-жоспарға сәйкес келуі керек. Кез келген бизнес-жоспар оның авторының жеке белгілерін қамтиды. Төменде біз бизнес-жоспарда көрсетілуі тиіс негізгі бөлімдерге тоқталамыз:
-Бизнес (фирма, қызмет ету саласы, мақсаттары)
-Нарық (тұтынушылар, тауарқызмет, нарық сегменті, бәсекелестер)
-Басшылық (құрылымы, басшылық, қызметтер)
-Қаржылар (кірістер, шығыстар, қайнар көздер және қорларды пайдалану, қаржылық болжамдар).
Бірнеше сұраққа жауап беру бизнес-жоспарды жасаудың ең қарапайым тәсілі болып табылады. Бизнес-жоспардың әрбір бөлімі қамтуы тиіс және жауабы табылуы қажет детальдардың анықтап алайық.
Бизнес-жоспардың маңызды элементтері:
oo Бизнестің қысқаша сипаттамасы;
oo Өнімніңқызмет көрсетудің және олардың ерекшелік-терінің қысқаша сипаттамасы;
oo Сіздің сегментіңіздің қысқаша сипаттамасы;
oo Басқарушы команданың қысқаша көрінісі;
oo Болашақ кезеңдердегі болжанған қаржылық нәтижелердің мазмұны;
oo Сіздің бизнесіңіздің негізгі және ерекше мақсаттары.
Бизнес-жоспар Сізге де, Сіздің бизнес бойынша потенциалды серіктестеріңізге де, Сіздің өз ісіңізге арнап несие алуды көздеп отырған банкіңізге де қажет.
Жоспарлау кәсіпкердің мүмкіндіктерін оңтайлы түрде жақсартуға, сонымен қатар барлық түрдегі ресурстарды барынша тиімді түрде пайдалануға және қате әрекеттердің алдын-алуға бағытталған.
Кез келген бизнес-жоспардың мүдделі оқырмандары болуы тиіс. Бизнес-жоспардың кімге арналуына байланысты соның мазмұнын белгілейтін бірнеше әртүрлі себептер бар:
Өзіңізге арналған бизнес-жоспар. Бұл төмендегідей сауалдарға жауап беретін өз-өзін бақылау болып табылады:
* Істі ашу үшін не қажет?
* Идея оны іске асыру үшін жеткілікті дәрежеде ақиқатқа сай ма?
Несие алуға арналған бизнес-жоспар. Әдетте, банктер кәсіпкерлерден несие беру (немесе бермеу) туралы шешім шығару үшін бизнес-жоспарды талап етеді.
Инвесторлардың қаражаттарын тартуға арналған бизнес-жоспар. Инвесторлар ретінде жеке тұлғалар (соның ішінде достары немесе туыстары) немесе әртүрлі бизнестер шығуы мүмкін. Оларға сіздің бизнесіңізге ақша салымдаудың тиімді екендігін дәлелдеу үшін бизнес-жоспар үлкен себін тигізуі мүмкін.
Жергілікті немесе шетелдік серіктеспен біріккен кәсіпорын құруға арналған бизнес-жоспар.Сауатты түрде жасалған бизнес-жоспарәріптесіңізге сіздің ісіңіздің елеулі екендігіне сенім береді.
Жаңа қызметкерлерді тартуға арналған бизнес-жоспар. Қазіргі кезде өзге фирмалардың кәсіби шеберлерін оларға тіпті жоғары еңбекақы беремін деп уәде берумен өзіңізге тартудың өзі қиынға түсуде. Фирманың келешек қызметін сипаттау потенциалды қызметкерге ұсынылып отырған жұмыстың келешектігі мен тұрақтылығы жайлы ақпарат береді.
Өзге компаниямен бірігуге арналған бизнес-жоспар. Ол мәміленің тиімділігін: біріккен қызметтің жағымды және жағымсыз жақтарын көруге себін тигізеді.
Бизнес-жоспар - бұл Сіздің келешек бизнесіңізді жан-жақты толық сипаттау. Бизнес-жоспарда бизнестің идеясы туралы әңгімелеп, қаржылық талдау жүргізіп, макетингілік жоспар мен қызметкерлер жоспарын құру қажет. Сол кезде жекеменшік кәсіпкерліктің картинасы айқындала бастайды.Бизнес-жоспарды әзірлеу кезінде келешек кәсіпкердің өзі үшін көп нәрсені ашып және анықтауы да үлкен мәнге ие болады.

2. Бизнес - жоспардың кәсiпорынды дамытудағы маңызы

2.1. Кәсіпорынның бизнес-жоспарын құрудың теориялық негіздері

Бизнес жоспар бұл жоспарланған істің нақты іске асатындығын көрсететін эконмоикалық негізделген аналитикалық құжат. Оны бизнестің жаңа сферасын құруға немесе кәсіпорын қызметінің жаңа сферасын меңгеруге қажетті кәсіпорынның даму жоспары деп те атауға болады. тәжірибеде бизнес жоспардың мынандай түрлері едәуір жиі қолданылады: ұйымның бизнес жоспары, несие алуға арналған бизнес жоспар, инвестициялық жобаның бизнес жоспары, құрылымдық бөлімшенің бизнес жоспары, грантқа арналған бизнес жоспар, аймақты дамытудың бизнес жоспары, мекеменің бизнес жоспарлары тағы да басқалар.
Қазіргі кезеңде кәсіпкерлік тәжірибеде және ғылыми әдебиеттерде бизнес жоспардың мазмұны мен құрылымына қатысты ғылыми негізделген нақты тәсіл жоқ. Бизнес жоспардың құрамы, құрылымы мен көлемі, оның мақсатына кәсіпорынның мөлшеріне, қызмет түрінің ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Алайда бизнес жоспар белгілі бір бөлімдерден тұрады. Мұнда бизнестің негізгі идеясы мен мақсаты ашылып көрсетіледі, кәсіпорын мен қажет болған жағдайда сала кәсіпорында өндірілетін өнімдердің өзгешеліктері, нарықтық қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншіліктері сипатталады, сондай-ақ кәсіпорын персоналдары мен басқару жүйесі, өндірістік, қаржылық жоспарлары қарастырылады.
Бизнес жоспардың құрылымы шартты түрде келесі бөлімдерден тұрады:

1. Резюме.
2. Кәсіпорынынң сипаттамасы
3. Өнімнің сипаттамасы
4. Нарықты талдау
5. Ұйымдастырушылық жоспар. Персонал және басқару
6. Өндірістік жоспар
7. Маркетинг жоспары
8. Тәуекелді бағалау
9. Қаржылық жоспар
10. Қосымшалар

Қаржылық жоспарлаудың обьектісі шаруашылық жүргізуші субьектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.

Жоспарлау:
1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды);
2) қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);
3) тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.

Қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелер пайдаланылады:
а) автоматтық (өткен жылдың деректері) келесі жылға көшіріледі. Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;
ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың санына бөледі);
б) нольдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктермен үйлестіріледі).
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлы экономикада қаржыны жоспарлауда сүйеніш бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айырбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану (мойындау) жүзеге асырылады.
Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны құн заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Қаржылық жоспар кәсіпорын қызметіне кешенді сипат беретін ақпараттың негізгі көзі болып табылады. Балансты талдау өтімділік, табыстылық жағдайын, сондай-ақ жекелеген кәсіпорын операцияларын жүргізу кезіндегі тәуекел деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорындардың көпшілігі реттеуші баптарды баса қолданады, сөйтіп баланстың жалпы сомасы әлдеқайда артады, ал бұл кәсіпорындардың мүмкіндігін обьективті түрде бағалауға бөгет жасайды.
Кәсіпорын баланстары тұтас алғанда, сондай-ақ жеке бөліктерге бөлініп талданады. Бұл ретте тұтас талдау кәсіпорын қызметінің барлық қырларын көрсетуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорын тиімділігін зерттеуде жиі қолданылатын әдістің бірі баланс құрылымын талдау әдісі, сондай-ақ банктің кіріс, шығыс және пайда құрылымын талдауда қолданылады.
Жаңа шаруашылық субьектідегі қаржылық жоспардың орнығуы ол кәсіпорынның барлық мүмкіндіктеріне негізделеді. Кәсіпорындағы қаржылық жоспар егер ұтымды да, соны құрылған болса, кәсіпорындардың түрлі мекемелермен жең ұшынан жалғасып жұмыс жасауға жағдайы жетеді.
Кәсіпорын өнімдерінің өзіндік құны кәсіпорын қызметі өнімділігінің көрсеткіші болып табылады. Кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттырудың алғышарттары болып табылатын оның ішкі мүмкіндіктерін талдау мен сараптаудан өткізуде сапалық өлшем болуына байланысты ынталандыру жүйесі болып табылады. Кәсіпорындардағы қаржылық жоспардың орнығуына қосымша ақпарат беру, кәсіпорынның немесе оның өнімінің имиджін қалпына келтіру қажет.
Кәсіпорынды және ол ұсынып отырған өнімдерге деген көзқарас қаржылық жоспардың сатыларының көбеюіне әкеледі. Қаржылық жоспар кәсіпорындағы қаржылық бақылауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар қаржылық жоспар кәсіпорындағы артықшылықтарды және оның өнімдерінің оқ бойы озық тұрғанын тұтынушылардың сезінуін күшейтеді. Кәсіпорындардағы қаржылық жоспар жақсы орныққан болса, кәсіпорындардың несие жүйесімен жүмыс жасауына үлкен септігін тигізеді.
Кәсіпорындағы қаржылық жоспардың орнығуы аудиторлық бақылауға да байланысты болады.
Реформалар жағдайында кәсіпорынға ұзақ мерзімді стратегия - бизнес жоспарды жасақтауға негізделген қаржыны басқарудың қазіргі заманғы жүйесі талап етіледі. Бизнес-жоспарда кәсіпорын жуық және ұзақ мерзімді келешекке айналысуды жоспарлайтын қызмет түрлері көрсетіледі. Мұнда кәсіпорын әсер ете алмайтын сыртқы факторлардың әсерін ескеру қажет. Бизнес жоспарда кәсіпорын жуық және ұзақмерзімді келешекке аналысуды жоспарлайтын қызмет түрлері көрсетіледі. Мұнда кәсіпорын әсер ете алмайтын сыртқы факторлардың әсерін ескеру қажет.
Бұдан басқа, бизнес жоспар кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайдың негізгі көрсеткіштерінің бөлімінен; кәсіпорынның мақсаттары туралы ақпараттарды құратын бөлімнен тұруға тйіс, патенттік құқұқ, экспорт көрсеткіштері және оның мүмкіндіктері, кәсіпорын шығаратын өнімнің тұтыну қасиеттерін жетілдіру негізгі бағыттары, өнімнің ассортиментік құрамы туралы берілгендер келтіріледі.
Бизнес - жоспардың маңызды бөлімі кәсіпорын өнімнің өткізілім нарығын сипаттауы болып табылады, ол нарықтық зерттеуді, тұтынушыларды және олардың сурамыс деңгейін, тұтынушылар ынталануын, кәсіпорынның нарықтағы жағдаиын, негізгі көрсеткіштерін талдаудан тұруға тиіс. Будан басқа, кәсіпорынның талдау - бәсекелестер қызметін зерттеу, бәсекелестер өнімін бағалау, салыстырмалы бағалау қажет. Сондай-ақ маркетингтік зерттеулерде қажет өған мыналар кірістіріледі: бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге маркетинг стратегиясын анықтау тауар саясаты, баға саясаты, сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру.
Кәсіпорынның өндірістік-технологиалық және инновациялық саясатын сипаттайтын және келесі ақпараттардан тұратын бөлім қажет:
кәсіпорынның орналасқан жері туралы; өндіріс қуаттылығы туралы;
ұзақ мерзімді активтер туралы; өндірістің технологиялық денгейі, оның қазіргі заман талаптарына сәйкес келуі; өндірістік процесті бақылау туралы, өнім сапасына кепілдік себептерді талдау; өндірістік кооперациялау және өндірісті материалдық қамтамасыз ету туралы; қоршаған ортаны қорғау туралы; өндіріс өрісінде мемлекеттік және құқұқтық реттеу туралы.
Бизнес жоспардың құрамды бөлімі кадрлық саясатқа және қызметкерлерді басқаруға арналған, кәсіпорынның ұйымдық құрылымы болып табылады. Ол кәсіпорын алдында тұрған міндеттермен мақсаттарға сәйкес келуі керек.
Кәсіпорын бизнес жоспарды жасақтауда тәуекелмен сақтандыру ескерілуі тиіс. Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайларында қызмет етуі кәсіпорын басшылығы қателесіпқабылдайтын шешімдермен байланысты. Себебі кәсіпорын қызметіндегі мәселелер кәсіпорынның барлық жұмысшыларын, акционерлерді, инвесторларды, тұтынушыларды қызықтыратын болғандықтан мүмкін болатын тәуекелдерді талдау керек. Бұл тәуекел мәні мәселелері, тәуекел себептері, тәуекел факторлары, өтеумен тәуекелді азайту әдістері болуы мүмкін.
Тәукелдерді сақтандырудың қазіргі бар жұмысы сақтандыру, мүлікті сақтандыру, көлік құралдарын сақтандыру, несиелерді сақтандыру туралы келісім шарттарды қарастырады. Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдаиын талдауды ескеру мен қабылданған бизнес жоспар негізінде қаржылық ресурстарды басқарушешімдер жасақталынады.
Қаржылық жоспарлауды жасақтауды пайда немесе зиян шегуді болжамдап бастаған дұрыс, себебі сату көлемін болжау бойынша берілгендер болса, материалдық және еңбек ресурстарының қажетті мөлшерін есептеуге, материалдық және еңбек шығындарын анықталады. Одан кейін қолма қол қаражаттар қозғалысы болжамы жасақталанады. Оны анықтаудың қажеттілігі пайда немесе зиян шегу болжамын түсіндіргенде төлемдерді жүзеге асыру тәртібінде көрсетілмейді. Қолма қол қаражаттардың қозғалысын болжау қолма қол қаражаттардың құйылуын, қолма қол қаражаттардың ағылуын, таза ақша ағынын банк шотының бастапқы және соңғы сальдосын ескереді.
Нарыққа өту кезінде кәсіпорын қызметін тиімді басқарудың шешуші шарты ретінде фирманың ішкі қаржы жоспарларының да мәні арта түсті. Қазіргі кезде көптеген фирмалар, акционерлік қоғамдар және басқа кәсіпорындар қаржылық жоспарлауда да жалпыдүниежүзілік стандарттарға көше бастады. Осы мақсатпен қаржы жоспары және қаржыландырудың стратегиясы жасалынады.
Бизнес-жоспар бұл кәсіпкерлік қызметтің техникалық-экономикалық негізіне сайма-сай болатын құжат. Ол мемлекеттік кәсіпорындардың экономикалық және әлеумтеттік дамуының жоспарларына қарағанда жекеше кәсіпорындар қатынастарының барлық жақтарын анағұрлым толық қамтиды. Бизнес-жоспар өнімнің немесе қызметтер көрсетудің ерекшеліктерін, олардың бәсекелестік қабілетін, өтім рыногын бағалауды маркетинг стратегиясын, өндірістік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес - жоспардың қаржылық тарауын талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау, талдау теориясы…
Қаржылық жоспарлау процесі
Қаржылық жоспарлау - кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару құралы ретінде
Мұнай және газ өңдеудің өзіндік құны
Қаржылық жоспарлау– шаруашылықты жургізу
Бизнес-жоспар құрылымы мен көрсеткіштерін талдау туралы ақпарат
Кәсіпорынды жоспарлаудың теориялық негіздері
Қырғыз асханасын жобалау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талқылау
Пәндер