Қасым хан ( 1518 – 1523 жж.)


ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ХVI - XVII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ДАМУЫ
ҚАСЫМ ХАН ( 1518 - 1523 жж. )
Қасым ханның тұсында Қазақ мемлекетінің өрлеуі. Жәнібек пен Керей хандардан кейін қазақ хандығының тағына Керейдің ұлы Бұрындық (1474-1511 жж. ) отырды. Бұрындық хан Сырдария бойындағы қалаларды қазақ хандыгына қаратуға ерекше күш салды. Алайда ханның ел ішінде беделі болмағандықтан Самарқанға көшіп кетті. Бұдан кейін Бұрындыктың кезінде онын әскер қолбасшысы болған Жәнібек хатның ұлы Касым сұлтан 1511 жылдан бастап хандық билікті қолына алады. қасым ханның кезінде Қазақ хандығы саяси, әлеуметтік-экономикақ жағынан дамыды. Алыс, жақын елдерге Қасымың аты әйгілі болып, қазақ хандығы қуатты, іргелі елге айналды.
Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының өрлеуін сол кездегі ортағасырлық авторлардын өздері де атап өткен. Мәселен, атақты Бабыр: « . . . жұрттың айтуы қарағанда, қазақ сұлтандары мен хандарының бір де біреуі бұл халықты дәл Қасым хан сияқты бағындыра алмаған. Оның қарамағындағы атты әскер саны 300 мыңға жуық еді», дейді. Ал тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати Қасымның бүкіл Дөшті Қьшшақ даласына билік жүргізгнін, оның халқы санының миллионнан астам болғандығын айтады. Жошыдан кейін бұл жұртта одан ұлы хан болған емес дейді. М. Х. Дулати да Қасым ханның әскер санын 300 мың деп көрсетеді.
Қазақтың ғұлама ғалымы Қадырғали Жалайыри: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны қасым хан еді. Ұзақ уақыт бойы атасының ұлысына билік етті. Аймағындағы ұлыстарды өзіне қаратты. Ол туралы аңыздар әр жерде көп тараған, көпке мәлім болған», деп жазады.
Қасым ханның билік құрған кезіндегі қазақ хандығының қуаты мен беделі алыс елдерге танылды. Қасым хан- хандықтың кеңеюі мен нығаюына белсене араласып, өз елін алыс-жақын елдердің бәріне танымал еткен тарихи тұлға. Қасым хан бүкіл Дешті Қыпшақтың ханына айналды.
Қасым ханның заңдары. Қасым хан мемлекеттің қоғамдық өмірінде қарама-қарсы қайшылықтарды болдырмау үшін бірқатар заңдар шығарды. Оның заңдары "Қасым ханның қасқа жолы" деген атаумен осы күнге дейін ел аузында айтылып келеді. Бұл заң жазбаша түрде сақталмаған. Қасым хан қазақ хандығының қоғамдық өміріне лайықсыз ескі заңдарды алып тастап, сол кездегі заманның талабына сай, жаңа құқықтық заңдар шығарған. қасым хан сол бойынша мемлекеттік билік жүйесін орнықтырып, күшті мемлекет құрды. Академик Ә. Х. Марғұланньщ айтуына қарағанда заң елдегі саяси жағдайдың шиеленіскен кезінде туған. Бұл заң қазақтың от ауызды, орақ тілді, елге сыйлы билерінің ықпалымен халықтың ерте заманнан ұстанып келген "Жарғы" заңын күшейткен. Осы себепке байланысты халық Қасымның шариғат жолын алмай, билер заңы "Жарғыны" алып, жаңадан көтергенін ұнатып, оны "Қасым ханнын қасқа жолы" деп атап кетті дейді. Соңғы кездегі ғылыми зерттеулерге қарағанда бұл занға мына ережелер енген:
- Мүлік заңы (жер дауы, мал - мүлік дауы) ;
- Қылмыс заңы (кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық істеу
- әскери заң (аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат) ;
- елшілік жоралары ( майталман шешендік, халық аралық қатынастығы сыпайылық, әдептілік, ибалылық) ;
- жұртшылық заіңы ( шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері, жасауыл) .
Міне, осы зандардың орындалуын қатаң талап етудің аркасында қазақ хандығының күш-қуаты артып, әлем таныған қуатты мемлекетке айналды.
Қасым ханның ішкі саясаты . Хан өзініц қасқа жолымен ел ішіндегі жағдайды түзеп, мемлекетті басқаруды күшейтіп алды. Қазақтардық негізгі этникалық аудандарын Қазақ хандығына біріктіріп, бір орталықтан басқару жүйесін жетілдірді. Ол хандық биліктін қуаттылғы - ұлыс басшыларынын мықтылығында, олардың жауапкершілігінде деп ұқты. Сондықтан ұлыс басшылығына ел басқаруға қабілетті адамдарды сайлаған.
XVI ғасырдың басында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ жерінің айтарлықтай бөлігін өз қол астына қаратты. Бұл кезде қазақ хандығының шекарасы оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы, Сырдария бойындағы қалаларды қосып алды. Оңтүстікте Шығыс Жетісу жерінің басым бөлігін өзіне қаратты, қысқаша айтқанда Жайықтан Балқашқа дейінгі аралыққа иелік етті.
Қасым хан тұсында қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы бастапқы кезде Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Қасым өмірінің соңғы кезінде Сарайшықта отырып, билік жүргізді.
Қасым ханның сыртқы саясаты. Қасым хан тұсында қазақ хандығынын нығаюы және оның күшеюі мемлекеттің беделін арттырып, сыртқы саясатта айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, Батыс Сібір хандығымен, Ресеймен сауда-саттық және дипломатиялық байланыстар жасалды.
Қасым хан тұсында Моғол хандығының Жетісуға жүргізген билігі барған сайын әлсірей берді. Моғол билеушісі Саид хан Шу бойында отырған Қасым ханға 1514 жылы барып, одан шайбанилерге қарсы күреске көмөк беруін сұрады. Қасым хан казақтардың кыстауга көшетін мезгілінің жақындағанына байланысты көмек беруден бас тартты. Саид ханның сол жылы Шығыс Түркістанға көшіп кетуі қасым ханның Жетісудағы билігінің нығая түсуіне себеп болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz