Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қысқаша тарихы


Жұмыс түрі: Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе
1. Теориялық білім
1. 1 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қысқаша тарихы
1. 2 Әділет департаментінің міндеттері мен атқаратын функциялары
2. Тәжірибелік білім
2. 1 Оқу-танымдық тәжрибе барысында атқарылған жұмыстар туралы жалпы сипаттама
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Әділет департаменті өз кұзыреті шегінде мемлекеттің қызметін кұкықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекетгік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысыңда зандылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Әділет департаменті өз қызметін Казақстан Республикасының Конституциясы мен зандарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
1. Теориялық білім
1. 1 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қысқаша тарихы
1920 ж. ҚАКСР Әділет халық комиссариаты ретінде құрылды. 1946 ж. 28 наурызда Қазақ КСР Әділет министрлігі болып қайта аталды. 1960 ж. 26наурызда таратылды. 1970 ж. 25 қыркүйекте қайта құрылды.
ҚР Үкіметінің 2001 ж. 30 қаңтардағы қаулысымен министрліктің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті құрылды. Министрлік туралы ережеге қосымша енгізілді: Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті министрлік ведомстволарының қатарына енгізілді.
Министрліктің негізгі міндеттеріне қосымша мыналар жатқызылды: есірткі құралдары, психотротық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы, сондай-ақ нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссиялардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекеттер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты үйлестіру және жүзеге асыру.
ҚР Президентінің 2001 ж. 22 қаңтардағы Жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 2001 ж. 29 наурыздағы қаулысымен министрліктің Интеллектуалды меншік қүқықтары жөніндегі комитеті құрылды, оған таратылған Авторлық құқықтар жөніндегі комитетінің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге өзгерту енгізілді: Авторлық құқықтар жөніндегі комитетінің орнына министрлік ведомстволарының қатарына Интеллектуалды меншік құқықтары жөніндегі комитеті енгізілді.
ҚР Үкіметінің 2001 ж. 2 қарашадағы қаулысымен министрліктің лицензиялауға қатысты міндеті басқа редакцияда мазмұндалды: нотариалдық және адвокаттық қызметті, соттық-сараптау қызметін және оның құзіретіне жатқызылған қызметтің барлық түрлерін лицензиялау.
ҚР Үкіметінің 2001 ж. 28 желтоқсандағы қаулысымен министрліктің негізгі міндеттеріне қосымша енгізілді: қаржы лизингі шарттарын мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ өз құзіретінің шегінде бағалау қызметі саласындағы бақылау және қадағалау функцияларыын жүзеге асыру.
КР Үкіметінің 2001 ж. 28 желтоқсандағы қаулысымен министрліктің Қылмыстық-атқару жүйелері комитеті құрылды, оған таратылған ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйелері комитетінің мүлкін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді.
ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен министрлік туралы жаңа ереже бекітілді және министрліктің Халыққа қүқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті құрылды. Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде оның құзіретіне жатқызылған қызмет саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрліктің негізгі міндеті мемлекеттік қызметін құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимін қолдау, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
1. 2 Әділет департаментінің міндеттері мен атқаратын функциялары
Әділет департаментінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді, жылжымалы мүліктің жекелеген түрлеріне кепілдіктерді, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік есепке алуды және оларды бақылауды жүзеге асыру;
2) құқықтық көмек пен заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;
3) зияткерлік меншік құқықтарын корғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
4) діни сенім бостандығына құқықтарды қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
5) Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру және оларға жеке куәліктер мен паспорттар беру;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен азаматтарды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыру;
7) аудандық қалалық азаматтык хал актілерін жазу бөлімдеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, әділет органдары берген ресми құжаттарды апостилъдеу;
8) нормашығармашылық қызметті жүзеге асыру;
9) заңға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша өндірісті жүзеге асыру.
Әділет департаменті колданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру саласында:
мәслихаттардың, әкімдіктер мен әкімдердін нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу;
мәслихаттарда және әкімдіктерде мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді тексеруді жүзеге асыру;
әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын, бірақ одан өтпеген мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізу;
жергілікті мемлекеттік органдар қолданатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес жариялануға міндетті, бірақ белгіленген
тәртіппен жарияланбаған олардың нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізу;
әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізу;
мемлекеттік органдардың тіркелген нормативтік құқықтық актілерінің тізбесін көпшіліктің назарына ұсыну үшін жариялау;
Алматы каласы өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, сондай-ақ занды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізу;
жеке және заңды түлғалардың сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізу;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу;
құқықтық кадастрды енгізу;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпараттық қызметтер көрсету;
азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу.
2) құқықтық көмекті ұйымдастыру және заңгерлік қызмет көрсету, құқықтық насихат саласында:
нотариаттық палатамен бірлесіп жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшін конкурстық іріктеу өткізу;
нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған адамдардың резервін қалыптастыру;
аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округгер әкімдері аппараттарының нотариатгық іс-әрекет жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын аттестаттауды жүргізу;
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мемлекеттік нотариатгы оңтайландыру шараларын жүзеге асыру;
нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариаттық тәжірибені қорыту;
мемлекетгік нотариаттық кеңселерді ашу және тарату;
нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариаттық округтегі жекеше нотариустардың қызмет ету аумағын айқындау;
жеке және заңды тұлғалардың мемлекетгік нотариустардың қызметтік іс-әрекеттеріне өтініштерін қарау;
нотариаттык палатамен бірлесіп жекеше нотариустардың іс-әрекеттеріне жеке және занды тұлғалардың өтініштерін қарау;
нотариустардың жеке мөрлерін дайындауға тапсырысты жұзеге асыру және оларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес беру;
нотариаттық округте нотариустар уақытша болмаған кезде нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариаттық іс-әрекеттердің жасалуын ұйымдастыру;
нотариатгық палатамен бірлесіп, нотариустарға әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері аппаратының нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
халықты мемлекетгік және жекеше нотариустардың қызмет ету аумағы туралы ұдайы хабардар ету;
жекеше нотариустардың есептік тіркелуін жүргізу;
нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариус лицензиясын тоқтата тұру, айыру және қолданылуын тоқтату туралы ұсыным енгізу;
нотариатгык палатамен бірлесіп, тиісті нотариаттық округте өз қызметін тоқтатқан нотариустың жеке мөрін жою және басқа нотариусқа немесе жекеше нотариаттық мұрағатқа беру жөнінде, сондай-ақ егер нотариуста лицензияның қолданылуы тоқтаған жағдайда оны лицензиарға беру үшін лицензиясын алып қою жөнінде шара қабылдау;
нотариаттық палатаға жекеше нотариусты жауапкершілікке тарту туралы ұсыным енгізу;
жекеше нотариустардың «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының талаптарын сақтауын бақылауды ұйымдастыру және өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаудан жалтарған және Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматгық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңнамасының өзге де талаптарын бұзатын жекеше нотариустарға шара қолдану;
мемлекеттік нотариустар және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері аппараттарының лауазымды адамдары жасаған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және олардың іс қағаздарының жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;
Министрлікке нотариаттық палатамен бірлесіп, бекіту үшін нотариаттық округтегі нотариустардың саны туралы ұсыным енгізу;
нотариаттық палатамен бірлесіп, жасалатын нотариаттық іс-әрекеттердің зандылығын және жекеше практикамен айналысатын нотариустың іс қағаздарын жүргізу ережесін сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
адвокатураның жеке және занды тұлғаларға көрсететін заңгерлік қызметгерінің сапасын бақылау;
заңда көзделген жағдайларда адвокат лицензиясынан айыру туралы талап арызға бастамашылық ету туралы ұсынымды Министрлікке енгізу;
Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру және оларға сәйкестендіру нөмірлермен жеке куәліктер мен төлқұжаттар беру;
азаматтарды есепке алу және тіркеу;
азаматтық хал актілерін жазу органдары кадрларын аттестаттау, іріктеу және орналастыру, құжаттандыру, олардың қызметінде бірыңнғай құқық
қолдану практикасын қамтамасыз ету;
азаматтық хал актілерін жазу органдарына әдістемелік басшылық жасау, құжаттандыру;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі әділет органдарынан және осы аумақтағы нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;
облыстардағы, Астана және Алматы қалаларының әкім аппараттарының заң қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау;
тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру;
құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралык үйлестіру, заңнаманы түсіндіруге қатысу.
3) зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету саласында:
жеке және занды тұлғаларды зияткерлік меншік саласындагы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәніне тексеруді жүзеге асыру;
зияткерлік меншікті қорғау саласындағы заңнаманы қолданудың практикасын қорыту.
4) діни сенім бостандығын қамтамасыз ету саласында:
облыстың (республикалық маңызы бар қаланын, астананың) жергілікті
атқарушы органдарының діни бірлестіктермен қарым-қатынастарын реттеу саласындағы қызметін үйлестіру;
тиісті әкімшілік бірлікте құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің және занды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтардың қызметін зерделеу және талдау;
тиісті әкімшілік аумақтық бірлікте жұмыс істейтін діни бірлестіктер туралы акпараттық дерекқорды қалыптастыру;
азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы ақпараттық-насихатгық іс-шараларды жүзеге асыру;
дінтану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз ету;
құлшылық ету ғимараттарын (құрылыстарын) салуға келісу;
Қазақстан Республикасының діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзуға қатысты мәселелерді қарау;
құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде діни бірлестіктердің қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізу;
сот органдарына діни бірлестіктің және діни бірлестіктер құрған заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы талап-арыздар ұсыну;
мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің, өзге де заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңнаманы сақтауын бақылауды жүзеге асыру.
5) әкімшілік іс жүргізу саласында:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру.
12. Әділет департаменті өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен:
мемлекетгік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Тәжірибелік білім
2. 1 Оқу-танымдық тәжрибе барысында атқарылған жұмыстар туралы жалпы сипаттама
11. 06. 2012 - 13. 06. 2012 жыл.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz