Өмір мен денсаулыққа қарсы қылмыстар



Жоспар
Кіріспе
1. Өмірге қарсы қылмыстардың түрлері
2. ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Құқықтық ілімдер нақты айтқанда арнаулы білімді талап етеді. Арнаулы білім дегеніміз - адамның кәсіби оқуының немесе белгілі бір мамандық нәтижесінде қылмыстық істі жүргізу міндеттерін шешу үшін пайдаланатын, қылмыстық істі жүргізудегі жалпы жұртқа белгілі емес білім.
Менің рефераттық жұмысымның мақсаты жеке адамға қарсы бағытталған қылмыстардың ұғымын ашып көрсете отырып олардың түрлеріне тоқталып өту, сөйте отырып бастапқы негіздерді біршама ұғыну болып табылады.
Рефераттық жұмысты жазуда мен Қазақстандық ғалымдардың, атап айтқанда Е. Алаухановтың, А.Н. Ағыбаевтың зерттеулеріне сүйеніп және ҚР Қылмыстық құқық кодексін басшылыққа алдым.
Рефераттық жұмыстың құрылымы кіріспеден, жеті тараудан, бірнеше бөлімдерден және қортындыдан, сонымен қатар пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Алауханов Е. Қылмыстық құқық, ерекше бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2001
2. Авторлар тобы.: Қылмыстық құқық, жалпы бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2001
3. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық, ерекше бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2000
4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық, жалпы бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 1999

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Өмірге қарсы қылмыстардың түрлері
2. ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
құқықтық ілімдер нақты айтқанда арнаулы білімді талап етеді. Арнаулы білім дегеніміз - адамның кәсіби оқуының немесе белгілі бір мамандық нәтижесінде қылмыстық істі жүргізу міндеттерін шешу үшін пайдаланатын, қылмыстық істі жүргізудегі жалпы жұртқа белгілі емес білім.
Менің рефераттық жұмысымның мақсаты жеке адамға қарсы бағытталған қылмыстардың ұғымын ашып көрсете отырып олардың түрлеріне тоқталып өту, сөйте отырып бастапқы негіздерді біршама ұғыну болып табылады.
Рефераттық жұмысты жазуда мен Қазақстандық ғалымдардың, атап айтқанда Е. Алаухановтың, А.Н. Ағыбаевтың зерттеулеріне сүйеніп және ҚР Қылмыстық құқық кодексін басшылыққа алдым.
Рефераттық жұмыстың құрылымы кіріспеден, жеті тараудан, бірнеше бөлімдерден және қортындыдан, сонымен қатар пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ӨМІРГЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Қазақстан Республикасының қазіргі қолданылып жүрген ҚК-і бойынша өмірге қарсы қылмыстарға мыналар жатады: адам өлтіру (ҚК-тің 96 бабы); жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі (ҚК-тің 97 бабы); жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру (ҚК-тің 98 бабы); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚК-тің 99 бабы); қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚК-тің 100 бабы); абайсызда кісі өлтіру (ҚК-тің, 101 бабы); өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (ҚК-тің 102 бабы). Өмірге қарсы бағытталған осы қылмыстар, соңғы екеуінен басқасы, адам өлтірумен байланысты.
Адам өлтіру
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы жаңа Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің заңдылық түсінігі берілген. Кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру деп ҚК-тің 96-бабында тікелей жазылған. Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде адам өлтірудің де объектісі адамның өмірі болып табылады. Адам өлтіру жеке адамға қарсы қылмыстардың ең ауыры екені белгілі. Адамның өмірі табиғат берген маңызды әлеуметтік құндылық, ол оны туғаннан иемденеді.
Адам өлтіру объектісі -- адамның өмірі, ол адамның азаматтығына, ұлтына және нәсіліне, шыққан тегіне және жасына, әлеуметтік жағдайына, немен айналысатынына, денсаулық ахуалына, біліміне, т.б. байланысты емес. Қылмыстық заң жәбірленушінің еркіне қарсы адамға қаза келтіруді де, оның келісімімен қаза келтіруді де бірдей дәрежеде адам өлтіруге жатқызады. Жәбірленушінің кім екендігін білмей қалу қасақана адам өлтіргендік үшін жауаптылыққа әсер етпейді.
Өмірге қастандық жасау объектісінің бар-жоғы туралы мәселені шешу үшін оның бастапқы және ақырғы кезеңдерін анықтау қажет.
Қылмыстық-құқықтық тұрғыдан алғанда, адамның туғанынан өлгеніне дейінгі аралықта өмір бар деп саналады. Әлі тумаған немесе өліп қалған адамның өміріне қастандық жасау мүмкін емес. Медицина ана құрсағында адам пайда болған кезден бастап өмір басталды деп есептейді.
Қылмыстық заңда адамның өлген кезі деп биологиялық өлімді, яғни ми қабы клеткаларының біржола ыдырауы нәтижесінде ми қызметінің толық тоқтаған кезін алады. Био - логиялық өлімнен басқа клиникалық өлім деген түсінік бар, бұл жағдайда адамның жүрегі тоқтап қалады.
Адамға клиникалық өлім келтірсе, бірақ ол адамның жүрегі кейін соғып қалпына келсе, мұндай іс-әрекет өлтіруге оқталғандық болып сараланады. Сонымен қатар, клиникалық өлім жағдайындағы адамға қастандық жасауды өлтіру деп санауға болады.
Өлтіру, ол -- басқа адамның өмірін жою. Өзін-өзі өлтіру немесе өзін-өзі өлтіруге оқталу қылмыс болып табылмайды.
Жәбірленуші өлген кезден бастап адам өлтіру аяқталған қылмыс деп танылады, ал өлімнің бірден болғандығы немесе бірқатар уақыт өткен соң болғандығы маңызды емес.
Адам өлтіру әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін. Адамды өмірінен күш қолданып та (жарақаттау, тұншықтыру, уландыру, т.б.), психикалық, ықпал жасап та (қорқытып, үрейлендіріп, жалған лақап таратып, т.б.) айыруға болады.
Әрекетсіздік жолымен адам өлтіру дегеніміз өлімге араша тұратын адамның өз міндетін орындамауы нәтижесінде жәбірленушінің қайтыс болуы.
Өлтіру тәсілдері әрқилы болып келетінін біз естіп біліп жүрміз. Адам өлтірудің барлық түрлері жәбірленушінің өмірін жоюға келіп тіреледі. Адам қаза таппаса бұл қылмыс аяқталды деп саналмайды.
Адам өлтіру -- заңсыз жолмен басқа адамға өлім келтіру. Егер адам заңды жолмен өлтірілсе, он - дай әрекет адам өлтіру ретінде қарастырылмайды. Ондай әрекеттерге -- өлім жазасына кесілген адамды өлтіру, қажетті қорғану шегінен асып кетпей қол сұғушыны өлтіру тірізді әрекеттер жатады.
Қылмыстың субъективтік жағы кінәнің қасақана жасалуымен сипатталады. Айыпты өзінің басқа адамның өліміне алып келетін іс-әрекет жасап отырғанын, ондай зардаптың болуы мүмкін екенін немесе қалайда болмай қалмайтынын біледі, соны тілейді -- яғни тікелей ниет танытады, егер ол өлімнің болуына саналы түрде жол берсе не ондай зардаптың болуына немқұрайды қараса -- жанама ниет танытады. Республиканың жаңа ҚК-і бойынша абайсызда адам өліміне алып келген іс-әрекет адам өлтіруге жатпайды, адам өміріне қарсы жасалған басқа қылмыстарға жатады.
Адам өлтірудің субъективтік жағын сипаттау үшін себептің де, мақсаттың да үлкен маңызы бар. Адамды өлтіргенде айыпкер әрекеттеріндегі себеп пен мақсат әртүрлі болуы мүмкін, олар қылмысты саралауға ықпал жасайды немесе жаза тағайындағанда ескеріледі.
Адам өлтірудің субъектісі (ҚК-тің 96 бабы) -- жасы 14-ке толған, есі дұрыс адам. Адам өміріне қарсы бағытталған басқа қылмыстар үшін жауаптылық 16 жастан басталады (ҚК-тің 15 бабының 2 бөлігі).
ҚК-тің 96 бабының 1 бөлігінде көзделген адам өлтіру -- адам өлтірудің қарапайым деп аталатын түріне жатады. Бұл түрге жазаның жеңілдетілген мән-жайлары да жоқ (ҚК-тің 97, 100 баптары), сондай-ақ саралаушы нышандары да жоқ (96 баптың 2 бөлігі) адам өлтіру жатады. Сот практикасы адам өлтірудің бұл түріне төбелестің, жанжалдың, өш алу, қызғану сезімдерінің нәтижесінде, сондай-ақ жәбірленушінің өтініші бойынша оған жаны ашып жасаған іс-әрекетті жатқызады.
Адам өлтірудің 50%-тен астамы ҚК-тің 96 бабының 1 бөлігі бойынша сараланады, сондықтан оның неғұрлым жиі кездесетін түрлеріне тоқталып кетейік.
Өзара жанжал нәтижесінде адам өлтіру. Бұл жағдайда өлтіруді мақсат тұтқан ниет алдын-ала болмайды. Жанжал себебі әртүрлі болады (қызғаныш, реніш, т.б.). Бірақ, жанжал кезінде адам өлтіру барлық уақытта бірдей 96 баптың 1 бөлігінде көзделген қылмыстың құрамын бермейді. Адам өлімі абайсыз - да, қажетті қорғаныс шегінен асқандықтан да болуы мүмкін, сонымен қатар, аса қатыгездікпен өлтіру, екі немесе одан көп адам өлтіру сияқты сараланатын мән-жайларда да орын алуы мүмкін.
Төбелес немесе жанжал кезінде адам өлтіру, егер онда ҚК-тің 96 бабының 2 бөлігінде көрсетілген ауырлатушы мән-жайлар болмаса, төбелеске немесе жанжалға кім ұйтқы болғандығына қарамастан, қылмыс жай адам өлтіру деп сарала - нады.
1996 жылғы 20 желтоқсандағы №11 қаулымен өзгертулер енгізілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы Азаматтардың өмірі мен денсаулығына жасалған қастандық үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы №7 қаулыда былай деп көрсетілген: Соттар бұзақылық ниетпен қасақана өлтіруді өзара бас араздық себеп болып төбелес немесе жан - жал кезіндегі өлтіруден ажырата білу керек. Бұл мәселені шешкенде айыпты мен жәбірленушінің ара қатынасын, жанжал мен төбелестің шығу себебін, жанжалды кімнің бастағанын, екі жақтын да іс-әрекеттерінің сипатын және белсенділігін, басқа да мән-жайларды анықтау қажет.

Қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтіру
Қылмыстың бұл түрінің жәбірленушілері қызметтік міндетін атқарушы (лауазымды немесе басқа адамдар), сондай-ақ кәсіби және қоғамдық борышты орындаушы азаматтар, не олардың жақындары болуы мүмкін. Бұл қылмысты жасағанда айыпты жәбірленушінің өз қызметтік міндетін немесе қоғамдық не кәсіби борышын заңды түрде атқаруына қарсы тұрады немесе сол үшін өш алады. Мысалы, браконьердің өзін ұстаған адам - ды өлтіруі, тергеуде немесе сотта куәгер ретінде жауап берген адамды өлтіру.
ҚК-тің 96 бабы 2 бөлігінің осы тармағы бойынша жауаптылыққа тартқанда адам өліміне себеп болған әрекеттің қашан жасалғандығына мән берілмейді. Жәбірленушінің өз қызметтік міндетін немесе кәсіби не қоғамдық борышын атқару кезінде ғана өлтірілуі міндетті емес.
Қызметтік борышын жүзеге асыру дегеніміз -- адамның мемлекеттік немесе басқа кәсіпорында, мекемеде жұмыс істейтіндігіне қарамастан өз міндетіне жататын әрекеттерді жасауы.
Қоғамдық борышты атқару дегеніміз -- кез келген азаматтың өзіне жүктелген әлеуметтік міндетті, сондай-ақ қоғам не - месе жеке адамдар мүддесін көздейтін кез келген басқа әрекеттерді орындау (қылмыстың алдын алу, қылмыскерді ұстау, т.б.).
Қылмыстық, азаматтық істердің, сондай-ақ материалдардың сотта қаралуына, алдын ала тергеудің жүргізілуіне не үкімнің, сот шешімінің немесе өзгедей сот актісінің орындалуына бай - ланысты судьяның, прокурордың, тергеушінің, анықтама жүргізуші адамның, қорғаушының, сарапшының, сот приставының, сондай-ақ олардың жақындарының өміріне қастандық жасау (не, өлтіру) арнаулы норма -- ҚК-тің 340 бабы бойын - ша жауаптылыққа апарады. Құқық қорғау органының адамы болып табылмайтын, бірақ өзін айыпталушыға сондаймын деп таныстырған және қоғамдық тәртіпті қорғауға бағытталған әрекеттер жасаған адамның өміріне қастандық жасау ҚК-тің 96 бабы 2 бөлігінің б тармағы бойынша саралануы тиіс.
Қылмыстық заң тек қызметтік міндетті не кәсіби немесе қоғамдық борышын атқарушы адамдарға ғана емес, олардың жақындарын да қорғайды. Жақындар деген түсінікке тек арғы-бергі туыстар ғана жатпайды, сонымен қатар достық, сүйіспеншілік қатынастағы (қалыңдық, күйеу бала, достар, т.б.) адамдар да жатады. Жақын адамды өлтіру жәбірленушінің қызметтік, кәсіби немесе қоғамдық борышты атқаруымен бай - ланысты болады, оны өз қызметін атқарудан бас тартқызу мақсатында немесе сол қызметі үшін өш алу мақсатында жасалынады.

ІІІ. ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Қазіргі қоғамда денсаулыққа зиян келтіру адамға қарсы қауіпті қылмыстардың бірі болып табылады. Мұндай қылмыстардың қауіптілігі адамның ең бағалы денсаулығына қауіп төндірумен байланысты.
Адамды денсаулығынан айыру оның өміріне физикалық, моральдық және материалдық зиян келтірумен қатысты болып табылады. Келтірілген зиян кейде адамды творчестволық еңбек етуден, қоғамдық міндеттерді орындаудан айырады. Қазақстан Республикасының Конституциясы әр адамның денсаулығын қорғауға кепілдік береді (29-бап). Осы конституциялық ережені жүзеге асырудың бір нысаны -- денсаулыққа қарсы жасалған қылмыс үшін жауаптылық белгілеу.
Денсаулыққа қарсы қылмыстарға денсаулыққа зиян келтірудің әртүрлі тәсілдері жатады, олар үшін жауаптылық ҚК-тің 103-111-баптарында көзделген.
денсаулыққа келген зиян үш дәрежеге ауыр, орташа ауырлықтағы және жеңіл болып бөлінеді.
Денсаулыққа келген зиянның бұл үш түрін ажыратудағы негізгі критерий -- өмірге қауіптіліктің, зиянның зардабының бар-жоғында. Жалпы және кәсіби еңбек қабілетін қаншалықты және қанша уақытқа жоғалтудың да маңызы бар.
Өз денсаулығына өзі қастандық жасау қылмыстық жазаланатын іс-әрекет деп қаралмайды.
Қылмыстық кодекс кез келген адамның денсаулығын, оның туғанынан бастап табиғи өлгеніне дейін, жасына және денсаулық жағдайына қарамастан қорғайды.
Қылмыстың объективтік жағы -- әрекет немесе әрекетсіздік арқылы басқа адамның денсаулығына заңға қайшы зиян келтіру. Кінәлі адамның іс-әрекеті мен денсаулыққа зиян келтіру түріндегі қылмыстық зардап арасындағы себептік байланыс қылмыстың міндетті нышаны болып табылады. Денсаулыққа зиян келтіретін әрекеттер, егер олар заңға қайшы жасалса және олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӨМІРГЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Ауыр және аса ауыр қылмыстар
Денсаулыққа қарсы қылмыстар ұғымы
Қылмыстық құқықтық пәні, түсінігі
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъектісі және субъективтік жағы
Жеке адамға қарсы қылжыстардың жалпы сипаттамасы
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстық құқық бұзушылықтар
Қасақана зиян келтірудің себептері
Адам өміріне, денсаулығына, бостандығына, қадір-қасиетіне қарсы қылмыстардың мазмұнын, қауіптілігін, зиянды салдарын, қоғамға әсерін кеңірек ашып талқылау
Жеке адамға қарсы қылмыс
Пәндер