Жедел іздестіру қызметі барысында алынған материалдар бойынша тергеу жұмыстарын әзірлеу және жүзеге асыру


Жедел іздестіру қызметі барысында алынған материалдар бойынша тергеу жұмыстарын әзірлеу және жүзеге асыру
Жедел - iздестiру қызметi - азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi қорғау, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерiнiң қылмысты қол сұғуынан, сондай - ақ барлау - бүлдiру әрекетiнен қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының Конституциясына, Жедел - iздестiру қызметi туралы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен қалыптық құжаттарына сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел - iздестiру, ұйымдық және басқару шараларының ғылыми негізделген жүйесі.
Осыған орай, жедел - iздестiру қызметi өз қызметінің барысында мынадай шараларды жүзеге асырады.
Жалпы жедел-iздестiру шаралары:
- азаматтарға, лауазымды адамдарға сауал - сұрақ қою, олардан хабарламалар алу;
- азаматтар жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел - iздестiру қызметiне пайдалану;
- қызметкерлердi қылмысты ортаға енгiзу;
- қылмысты iс - әрекетке елiктеу мiнез - құлық үлгiсiн қолдану;
- астыртын кәсiпорындар мен ұйымдар құру;
- берiлетiн өнiмдерге жедел бақылауды жүзеге асыру;
- арнаулы техникалық құралдарды қолдану;
- мекемелердiң, кәсiпорындардың және ұйымдардың (олардың бағыныстылығына және меншiк нысандарына қарамастан) есептерi бойынша анықтамалар мен тексерулер жүргiзу;
- зерттеу үшiн сынамалар мен үлгiлер iрiктеп алу;
- бақылау үшiн сатып алу;
- iздеу - қызмет иттерiн пайдалану;
- белгiлерi бойынша жеке адамды iздеу және ұқсастыру;
- ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын iздеу;
- құқыққа қарсы әрекеттер iздерiн табу, жасырын анықтау және алу, оларды алдын ала зерттеу;
- қылмыс жасаушы немесе жасаған адамның iзiне түсу және оны ұстау;
- ұсталған адамдарды жеке тексерудi, қылмысты iс - әрекетке қатысты болуы мүмкiн заттар мен құжаттарды қарауды және алуды, сондай - ақ тұрғын жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды тексерудi, көлiк құралдарын тексерудi жүзеге асыру;
- қарулы қылмыскерлердi қолға түсiру жөнiнде операциялар жүргiзу;
- жедел, қылмыстар есептерi және қылмыстық тiркеу жүйелерi бойынша тексеру болып табылады.
Арнаулы жедел - iздестiру шаралары:
- сотталғандардың хат - хабарын цензуралау;
- почта жөнелтiлiмдерiн бақылау;
- байланыс желiлерiндегi жедел iздеу;
- бейне - аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулердi тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргiзiлген сөйлесулер туралы мәлiметтер алу;
- байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерiнен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау;
- соның iшiнде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс - бейне жазбаларды, кино - сурет түсiрiлiмдерiн және басқа техникалық құралдарды), жеке адамның өмiрiне, денсаулығына және айналадағы ортаға зиянын тигiзбейтiн заттарды және материалдарды пайдалана отырып байқау;
- тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелерiне, көлiк және өзге техникалық құралдарға кiру және оларды тексеру.
Жедел - iздестiру қызметiнiң нәтижелерiн пайдалану
1. Жедел - iздестiру қызметi үрдiсiнде алынған материалдар тергеу жұмыстарын әзiрлеу және жүзеге асыру, қылмыстардың алдын алу, оларды болдырмау және ашу жөнiндегi жедел-iздестiру шараларын жүргiзу үшiн, сондай - ақ қылмыстық iс жүргiзу заңдарына сәйкес олар тексерiлгеннен кейiн қылмыстық iс бойынша айғақтар ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
2. Жедел - iздестiру шараларын жүргiзу нәтижесiнде алынған материалдар оларға қылмыстық iс жүргiзу заңында көзделген сипат бергенге дейiн, не оларды қылмыс процесiне енгiзуге мүмкiндiк болмаған жағдайда ешқандай құқықтық зардаптарға әкелiп соқпайды және жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн шектеу үшiн негiз бола алмайды.
Жедел-тергеу топтарының өзара әрекеттестiгi. Тергеушiнiң сарапшылар мен мамандармен өзара әрекеттестiктiң ең тиiмдi түрi жедел-тергеу тобын құру болып табылады. Тәжiрибеде жедел-тергеу тобы қылмыстарды жылдам және толық ашу мақсатында құрылады және олар құрылу мақсатына байланысты әр түрлi болып келедi. Осыған қатысты жедел-тергеу топтарының олардың мақсатына байланысты негiзгi екi түрiн талқылайық.
1. Қылмыстың белгiлi бiр санаттарын (түрлерiн) ашу мен тергеуге құрылған жедел-тергеу тобы. Мұндай жедел-тергеу топтары әдетте арнайы қылмыспен айналысатын тергеушiлер мен жедел-iздестiру қызметкерлерiнен жасақталады. Тәжiри-беде аталмыш топтардың мынандай түрлерi бар: а) ауыр немесе аса ауыр қылмыстарды (ұрлық, кiсi өлтiру, зорлау, қарақшылық шабуыл, т. б. ) ашу мен тергеуге бағытталған топ; ұйымдасқан қылмыстық топтармен жасалған қылмыстарды ашу мен тергеуге бағытталған жедел-тергеу тобы; көп оқиғалы (көпфактiлi немесе көпэпизодты) қылмыстарды тергеу мен ашуға бағыттал-ған топ; бұрыннан ашылмаған қылмыстарды ашу мен тергеуге бағытталған топ және т. б.
2. Қылмыс туралы хабарлама түскеннен кейiн шұғыл iс-қимыл жасайтын жедел-тергеу топтары. Аталған жедел-тергеу тобы уақытша iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмiнiң жанынан құрылады және кезек бойынша ауысып отырады. Әдетте олардың қызметтiк құрамына бiр тергеушi, анықтаушы, бiрнеше жедел-iздестiру қызметкерлерi, маман-криминалист және сот-медициналық сарапшы кiредi. Бiрақ бұл құрамның әлдеқайда кең болуын жоққа шығара алмаймыз (әр iшкi iстер органдары бөлiмдерiнiң қарамағына қарайтын аумағына, оның криминагендiк жағдайына байланысты) . Бұл жедел-тергеу тобының негiзгi мақсаты оқиға болған жерге шұғыл шығып, оқиға болған жерге мұқият қарау өткiзiп, қылмыстың iзiн суытпай ашуға бағытталған iс-шараларды орындау болып табылады. Бұл ретте қылмыстың iзiн суытпай ашуға бағытталған топтар бөлек құрылуы мүмкiн.
« Қылмыстың iзiн суытпай » ашу мен тергеу үшiн құрылған жедел-тергеу топтары үш тәулiкке, кейбiр жағдайларда он тәулiкке жасақталады. Яғни, осы мерзiм iшiнде жаңа жасалған қылмысты құрылған жедел-тергеу тобы ашып, қажеттi процессуалдық шараларды жүзеге асыруға тырысады. Қылмыстың iзiн суытпай ашу мен тергеуге келесiдегiдей талаптар қойылады:
- жедел-тергеу тобының оқиға болған жерге тез арада келуi, қылмыстық iстi қозғау мен алдын ала тергеудi жүргiзу туралы шешiмдi шұғыл түрде қабылдау;
- барлық қажеттi күш пен құралдарды кейiнге қалдырмай iске қосу;
- қылмысты тез арада ашуға септiгiн тигiзбейтiн сұрақтарды анықтауды кейiнге қалдыру (мысалы, келтiрiлген материалдық шығынның елеулi екендiгi анық болған жағдайда, ол зардаптың нақты мөлшерiн анықтауды кейiнге қалдыру) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz