Сот сараптамасының жіктелуі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 31 Сот сараптамасының жіктелуі . . . 4

2 Сот сараптамасының жіктелудегі түрлері . . . 6

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 9

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 10

КІРІСПЕ

«Сараптама» деген сөз латынның «ехрегtus» сөзімен байланысты, бұл «тәжірибелі», «хабардар» дегенді білдіреді. Сараптама жөнінде жалпы айтсақ, кандай да бір арнаулы саладағы білімді тартуды кажет ететін сұрақтарды шешу үшін хабардар адамнын (сарапшының) жүргізетін зерттеуін айтамыз.

Сот сараптамасы - жеке іс жүргізу әрекеті, оның мәні мән-жайларды шешу үшін маңызы бар жағдаяттарды белгілеу мақсатында арнаулы ғылыми білім-білік негізінде жүргізілетін іс материадцарын зерттеу болып табылады. Дәл осылайша «сот сараптамасы» ұғымы Қазакстан Республикасының «Сот сараптамасы туралы» Заңының 1-бабында белгіленген.

Сот сараптамасы қылмыстық сот ісін жүргізудегі арнаулы білімдерді пайдаланудың ең білікті нысаны болып табылады. Ол іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында және оның сот қарауында барлык ғылыми танымньң құралдарының арсеналын пайдалануға мүмкіндік бере отырып, сот пен алдын ала тергеу органдарының танымдық мүмкіндіктерін едәуір кенейтеді.

Сараптаманың негізгі сипаттарын анықтай отырып, сарап-тама арнаулы ғылыми білімдерді тартуды қажет ететін кылмыс-тық істі тергеу немесе сот карауы барысында туындайтын проб-лемалық танымдық ситуацияны жеңу нысаны болып табыла-тындығын білу керек.

Мұндай шешім кезінде сараптаманьщ сшаттамасы ретінде оны тағайындау мен жүргізудің мақсаты мен шарттарыи бөліп алуға болады.

Сот сараптамаларын жіктеу оларды тағайындау, жүргізу, сондай-ақ сарапшының қорытындысын бағалау кезінде елеулі рол атқаратын фактор болып табылады. Сондықтан да сот сараптамасын жіктеуге тоқталайық.

1 Сот сараптамасының жіктелуі

Сот сараптамасының түрі, шығу тегі, класс, түсінігі. Сот сараптамасының білім саласы бойынша критерилері мен әдістемесі, жіктелуі. Процесуалдық негіз бойынша сот сараптамасының жіктелуі. Сот сараптамасын жіктеу маңызы.

Криминалистік сараптама класына жалпы сипаттама. Криминалистік сараптама пәні және объектілері. Криминалистік емес сараптама класының мәселелері. Азаматтық және қылмыстық істер бойынша криминалистік емес сараптама жүргізу ерекшеліктері. Жеке басты анықтау бойынша сараптама жүргізудің ерекшеліктері. Қылмыс оқиғасын анықтау мақсатымен криминалистік сараптама жүргізу ерекшеліктері.

Криминалистік емес сараптамаларын жіктеу және олардың жалпы сипаттамасы. Криминалистік емес сараптама класының міндеті. Қылмыстық және азаматтық істер бойынша криминалистік емес сараптамаларды жүргізу ерекшелігі.

Сот сараптамаларын жіктеу оларды тағайындау, жүргізу, сондай-ақ сарапшының қорытындысын бағалау кезінде елеулі рол атқаратын фактор болып табылады.

Сот сараптамаларын жіктеу туралы мәліметтерді білу сараптама тағайындаған органға сот сараптамасы органын дұрыс анықтауға, сондай-ақ сарапшының ғылыми құзыреттілігін бағалауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ сот-сараптама кызметі ұйымында сараптамаларды жіктеу де маңызды рөл атқарады. Сараптамалардың нақ бөлініп алынған кластары, тектері, түрлері сот сараптамасы органдарының құрылымын, сарапшылық кадрлардың дайындығын ұйымдастыру мен біліктілігін жетілдіруді, сот-сараптама қызметінің даму келешегінің бағытын анықтайды. Мақсаттық бағытына байланысты, сот сараптамаларын жіктеу түрлі негіздемелер бойынша жүргізілуі мүмкін. Қылмыстық сот ісін жүргізу үшін де, сондай-ак сот сараптамасы органдарының қызметін ұйымдастыру үшін де сараптамаларды зерттеу тақырыбы бойынша жіктеу басты рөл атқарады.

Сараптаманың әр түрлерін және сол сияқты сарапшының құзіретін айырып керсетудің критериі сарапшылык зерттеулердің тақырыбы, яғни сараптама жүргізу арқылы анықталуға жататын мән-жайлар болып табылады.

Бұл аспектіде тақырып жинақтап қорыту түрінде, сараптама объектісінің қатысының жақтары ретінде түсіндіріледі, олар іс үшін бар және білімнің тиісінше саласы аясына кіретін сұрақтарды шешу мақсатында сараптаманың осы саласының құралдарымен (әдістермен, әдістемелермен) зерттеледі және танылады. Бұрын айтып кеткендей, В. Д. Арсеньевтің осы анықтамасы сараптама тақырыбынын толық үш жақты «формуласы» (объекті, танымның міндеттері мен әдістері) болып есептеледі.

Сот сараптамасы туралы ғылымда қабылданған жіктеуге сәйкес барлық сот сараптамалар тақырыбы бойынша кластарға, тектерге, түр тармақтарына бөлінеді.

Осы жүйенің ең ірі элементтері кластар болып табылады, кластар тектерге, сараптамалар тектеріне олардың түрлері, түрлерге- түр тармақтары кіреді (түрлілік) .

Сараптамалар класы сот сараптамаларының теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастырудың көзі болатын білімдердің ортақтылығымен біріктірілетін сарапшылық зерттеулерді кұрайды.

Сараптамалар тегі - ортақ тақырыбы, объектісі, сарапшылық зерттеу әдістемесі мен сот сараптамасы туралы ғылымның тиісті саласы бойынша бөлініп алынатын белгілі бір кластағы сараптамалардың көп түрлілігі.

Сараптама түрі - объекті тегі, әдістемелер, міндеттер үшін жалпы тақырыптың өзіндік ерекшелігімен сипатталатын сараптама тегінің элементі.

Сараптаманың түр тармағы - сараптама түрінің тақырыбына тән өзіндік топтык, міндеттерімен және зерттеу әдісінің кешенімен ерекшеленетін сараптама түрлілігі.

2 Сот сараптамасының жіктелудегі түрлері

Сот сараптамасы орталығында жүргізілетін сот сараптамаларының қатысты сараптамаларды тектері мен түрлері бойынша бөлу былайша керінеді:

1-класс. Криминалистік

1. 1. Қүжаттардың сот сараптамасы

1. 1. 1. жазу мен колтаңбалар

1. 1. 2. құжаттардың техникалық сараптамасы

1. 1. 3. автортану

1. 2. Сот портреттік сараптама

1. 3. Сот бейнефонографиялық сараптама

1. 4. Сот фототехникалык сараптама

1. 5. Сот трасологиялық сараптама

1. 6. Сот баллистикалык сараптама

1. 7. Заттар мен материалдардың сот сараптамасы

1. 7. 1. лакты бояу материалдарының, жабындар мен полимер матриалдарының

1. 7. 2. мүнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарының

1. 7. 3. метаддар мен қорытпалардың

1. 7. 4. топырақтың

1. 7. 5. талшықтық материалдар мен олардан жасалған бүйымдардың

1. 7. 6. спирткұрамдас сұйықтықтардың

1. 7. 7. арнаулы химиялык заттардың

1. 7. 8. есірткі, психотроптык заттар мен прекурсорлардың сот сараптамалары.

Қылмыстық іс жүргізу заңы (ҚІЖК-нің 249, 250, 255-бапта-ры) және Қазақстан Республикасының «Сот сараптамасы туралы» Заңы (Заңның 8-бабы) сараптамаларды жіктеуді мына іс жүргізу істері бойынша қарастырады:

- қатысатын сарапшылардың саны бойынша (жекелік және комиссиялық) ;

- пайдаланатын арнаулы білімдердің сипаты бойынша (біртекті және кешенді) ;

- жүргізілетін зерттеулердің көлемі бойыиша (негізгі және қосымша) ;

- жүргізудің жалғастығы бойынша (бастапқы және кайталама) .

Жеке сараптаманы сарапшы жеке өзі жүргізеді (ҚІЖК-нін 249-бабы 1-6. ) .

Комиссиялық сараптаманың мынадай айрықша белгілері бар:

- оны бір мамандыктық екіден кем емес сарапшылары жүргізеді (мамандандыру) . Егер сарапшылар комиссиясына екіден көп адамды енгізсе ол жөнінде ҚІЖК-де көрсетіледі

(ҚІЖК-нің 249-бабыЗ-б. ) ;

- оны жүргізу күрделі зерттеулер қажеттілігі жағдайында болады (пайдаланылатын әдістеменің аса киындығы, іс үшін сараптама нәтижелерінің аса мәнділігі) (ҚІЖК-нің 249-бабы 2-6. ) ;

- сараптаманы жүргізу әрбір сарапшының толық келемде зерттеу жүргізуді және түжырымдарды шығару мен қорытынды беру ксзінде шешімді алқалы қабылдауды қарастырады.

Заң қайталама сараптамаларды, сондай-ақ адамның есі дүрыстығы туралы сүрақбойынша сот - психиатриалық сараптамаларды жүргізудің міндетті комиссиялық тәртібін көздейді

(ҚІЖК- нің 249-бабы З-б. ) .

Біртекті сараптама оны жүргізу прцесінде арнаулы білімдерді пайдаланудың біртектілігімен сипатталады.

Кешенді сараптаманың ерекшелігі іс үшін мәні бар бір мән-жайды анықтау үшін, арнаулы ғылыми білімдердің әр түрлі салалары негізінде зерттеу үшін, демек, әр түрлі мамандықтағы сарапшыларды тарту қажеттілігі болып табылады (КІЖК-нің 250-бабы 1-б. ) .

Кешенді сараптамаға тән белгілер:

1) ондіріске әр түрлі мамандықтағы бірнеше сарапшының қатысуы;

2) сарапшының жеке өзінің, соньшен бірге басқа сарапшылардың жүргізген зертгеулері негізінде қорытынды беру.

Кешенді сараптама, көбінде, сарапшылардың алдына койылған негізгі міндеттерді шешу үшін кажетті аралық міндеттерді шешу ксзінде, сараптамалардың бірнеше кластарының (тектерінің, түрлерінің) теориялық және әдістемелік ережелерін қолданумен қамтамасыз етілетін жаңа интеграциялық міндеттерді шешу үшін жүргізіледі.

Қосымша сараптама тек негізгі сараптама жүргізілгеннен кейін тағайындалады. Қосымша сараптаманы жүргізудің негіздемесі сарапшы қорытындысының жеткілікті түрде айқын немесе толык болмағаны, сондай-ақ осының алдындағы зерттеумен байланысты қосымша мәселелер туындауы болып табылады (ҚІЖК-нің 255-бабы 1-6. ) . Қосымша сараптама тек екінші емес, сонымен бірге үшінші және солайша ретпен кете беруі мүмкін.

Сарапшы корытындысының анық еместігі оның тұжырымдарының дәл еместігінен көрінеді және ол қорытындыны түсіндіру арқылы жойылады.

Сарапшының қорытындысын түсіндіруі оның көрсетулсрі арқылы:

- сарапшының таңдаған әдістемесінің;

- оның қоданған ғылыми-техникалық құралдарының;

- анықталған белгілерінің;

- сарапшының бағалау критерийлері және олардың жиынтығының;

- жеке терминдер мен тұжырьщдарының мағынасы мен мәні ашылады.

Егер сарапшы алдына қойылған сұрақтардың кейбіреуін шешусіз қалдырып, олардың көлемін азайтып, барлық объектілерді зерттемеген кезде корытынды толық емес болып есептеледі. Тапсырма көлемін азайтумен көрінген осы аталған толық еместік сарапшы тұжырымына өздігінен сенімсіздік келтірмейді.

Қорытындының қосымшасы дегеніміз қорытындыда жок, бірақ жүргізілген зерттеулерден шығатын тұжырымдар мен олардың негіздемелері.

Қосымша сараптаманы тағайындау әрдайым бұрын жүргізілгенген зерттеуге қатысты сұрақтардың тууымен байланысты бола бермейді. Оның негізі тергеу қажеттілігінің кеңеюінен, оның ауқымына жаңа объекітлерді енгізумен болған қосымша сұрақтардың қойылуы болып табылады.

Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізді болмағанда не оның дұрыстығы күмәнді болған не сараптаманы тағайындау мен жүргізудің іс жүргізу

нормалары елеулі түрде бүзылған жағдайларда дәл осы объектілерді зерттеу және дәл осы мәселелерді шешу үшін тағайындалады (ҚІЖК-нің 255-бабы З-б. ) .

Қайталама сараптама тағайындалған кезде сарапшының алдына бұрын қолданылған зерттеу әдістерінің ғылыми негізділігі туралы сұрақ койылуы мүмкін.

Сарапшы қорытындысының дұрыстығы іс бойынша жиналған өзге дәлелдемелерді онымен салыстыру кезінде бағаланады.

Сарапшы корытындысының негізділігін бағалау оны оқып-зерттеу мен бағалау кезінде жүргізіледі. Процесті жүргізуші орган мына мән-жайларға: сұрақтардың сарапшының ғылыми құзыретіне кіруіне; оның зерттеу міндеттерін дұрыс түсінуіне; зерттеудің толықтығы мен жан-жақтылығына; зерттеу нәтиже-лерінің жасалған тұжырымға сәйкестілігіне назар аударады. Осы аталған шарттардың кез келгенін бұзу қорытындыны негізсіз деп тануға негіз болып табылады. Осы аталған себептер бойынша қорытындының негізсіздігін процестің кез келген құқықтық өкілеті бар қатысушысы мәлімдей алады.

Сарапшының қорытындысымен келіспеу себептері көбінде:

- құзыреттілігі мен объективтілігі күмән тудыратын сарапшының жеке басы туралы деректер;

- алғашқы мәліметтердің күмәнділігі;

- қорытынды мен іс бойынша өзге дәледдемелер арасындағы қарамакайшылықтардын, болуы;

- жүргізілген зерттеу сапасының тиісінше болмауы болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот сараптамасының жіктелуі,тағайындаудың ұйымдастырушылық сұрақтары және оны жүргізетін мекемелер
Сот сараптамаларының жеке теориялары
Бұйымның тұтыну қасиеттерінің сараптамасы
Сот сараптамасы
Сот экспертологиясы пәнінен қысқаша лекция жинағы
ҚР сот сараптамасы пәнінен лекциялар
Атыс қаруы туралы түсінік
Сот сараптамасын тағайындау және жүргізуде арнайы білімдерді қолдану
Қазақстан Республикасында сот сараптамаларын тағайындау мен жүргізудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері
Сот сараптамасы туралы криминалистік ілімнің рөлі мен маңызы және оны тағайындау, жүргізу және бағалаудың тактикалық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz