Сот сараптамасының жалпы ұғымы


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
1 Сот сараптамасының даму тарихы . . . 4
2 Сот сараптамасының түсінігі . . . 7
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 10
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 11
КІРІСПЕ
Сот сараптамасы - ең алдымен кез - келген сала сияқты өзінің даму кезеңдерінен тұрады. Оған дәлел ретінде мынаны айтсақ болады.
«Сараптама» деген сөз латынның «expertus» сөзімен байланысты, бұл «тәжірибелі», «хабардар» дегенді білдіреді. Сараптама жөнінде жалпы айтсақ, қандай да бір арнаулы саладағы білімідітартуды қажет ететін сұрақтарды шешу үшін хабардар адамның (сарапшының) жүгізетін зерттеуін айтамыз.
Сот сараптамасы - жеке іс жүргізу әрекеті, оның мәні мән-жайларды шешу үшін маңызы бар жағдаяттарды белгілеу мақсатында арнаулы ғылыми білім-білік негзінде жүргізілетін іс материалдарын зерттеу болып табылады.
Сот сараптамасы қылмыстық сот ісін жүргізудегі арнаулы білімдерді пайдаланудың ең білікті нысаны болып табылады. Ол іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында және оның сот қарауында барлық ғылыми танымның құралдарының арсеналын пайдалануға мүмкіндік бере отырып, сот пен алдын ала тергеу органдарының танымдық мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.
Сараптаманың негізгі сипаттарын анықтай отырып, сараптама арнаулы ғылыми білімдерді тартуды қажет ететін қылмыстық істі тергеу немесе сот қаулысы барысында иуындайтын проблемалық танымдық ситуациясын жеңу нысаны болып табылатындығын білу керек.
Мұндай шешім кезінде сараптаманың сипаттамасы ретінде оны тағайындау мен жүршізудің мақсаты мен шарттарын бөліп алуға болады.
Сонымен бірге, әдебиеттерде нақты сараптама тақырыбы мен тектік (түр) тақырыбы түсінігі ажыратылады.
Сараптаманың тектік (түр) тақырыбы белгілі бір мамандықтағы сарапшының құзыреті, осы тектік сараптаманың мүмкіндіктерін анықтайды. Қылмыстық іс бойынша тағайындалатын нақты сараптаманың тақырыбы сарапшының алдына қойылған сұрақтардың ауқымымен анықталады. Ол сараптаманы тағайындау кезінде қажетті ғылыми құзыреттілікке сәйкес сарапшының таңдауымен себептеледі.
Сарапшылық білім саласының сипаттамасы ретіндегі сот сараптамасы тақырыбының ұғымы тиісті сарапшылық міндеттерді анқтау мен жүргізу үшін негіз болып табылады.
Сарапшылық міндет - сарапшының алдына қойылған сұрақтағы тапсырманы сарапшының қабылдауы. Гносеологиялық тұрғыдан қарағанда ол оның түпкі мақсаты (ізделінетін факт) мен оған жетудің шарттарын, яғни сараптаманы тағайындау кезінде сарапшыға ұсынылған алғашқы мәліметтерді сипаттайды.
1 Сот сараптамасының даму тарихы
Кез-келген құбылыстың, оқиғаның, процестің мәнін ұғу, сондай - ақ оның қазіргі ахуалын түсіну, үрдістерін анықтау, дамудың келешегін көру үшін зерттелетін мәселенің тарихын оқып зерттеудің маңызы зор.
Сот сараптама институтының туып - өсуі мен дамуына фундаменталды талдау А. В. Дулов пен И. Ф. Крыловтың еңбектерінде баяндалған. Сараптаманың мәні мен тарихының жекелеген аспектілері XIX - XX ғасыр басындағы белгілі орыс заңгерлері К. К. Арсеньев, Я. И. Баршев, Е. Ф. Буринский, С. И. Викторский, Л. Е. Владимиров, В. К. Случевский және басқалардың еңбектерінде берілген.
Құқық ескерткіштері мен заң әдебиеттерін оқып - зерттеу нәтижелері бұрында сот сараптамасын пайдалану қажеттілігі зорлық пен кісі өлтіру туралы, мүлік туралы даулар мен әр түрлі құжаттардың түпнұсқалығы туралы істерді қарауда туды деп есептеуге негіз береді.
Мысалы, Ежелгі Римде жалған құжат жасау туралы істерді қарау кезінде сарапшылар ретінде сотта жазбалар жөнінде сөйлейтін мамандардың ерекше алқасы болған.
Сыма Цяньның (Ежелгі Қытай б. з. д. 221ж) “Тарихи жазбаларында” император Цинь Шихуанның шығарған қылмыстарды тергеу жөніндегі басшылығы айтылады, онда өзін - өзі өлтірушілерді тергейтін адамдардың сот - медициналық танымдарының жоғары деңгейі қарастырылады. Сонымен қатар, адамды теңдестіру мақсатында саусақ таңбалары Қытайда сонау Тан династиясы кезінде - ақ қолданылғандығы белгілі, ал Сун династиясы кезеңінде (960 - 1279жж. ) олар тіптен қылмыстық процестерде қолданылған.
1247 жылы жазылған атақты “Сиюань-лу” қытай сот медицина ескерткіші кеңінен танымал. Cондықтан да, И. Ф. Крылов пайымдағандай, сот сараптамасының туып шыққан жері дәл Қытай болып табылады.
Ал, Ресейдегі ең алғашқы сараптамалардың бірі XVI ғасырдың басында тарихи мұрағаттық актілерге “құпия тасталған хаттар” деп аталатынды жазды деп сезіктелген адамдардың жазуларын салыстыру фактісі және удельдік князь Андрей Старицкий өтірік ауырды деп сезіктенген дәрігер Феофильдің куәландыру жағдайы көрсетілген.
Сонымен бірге, ежелгі құқық ескерткііштері атап айтсақ, “Русская правда” қылмысты тергеу кезінде әр түрлі атауларды (ұрып - соғу іздері) анықтауды талап еткен, мұнда сарапшы рөлін ол кезде тексеру жүргізу арқылы судья орындаған. Кейінде бұл міндеттер бірте - бірте бөлініп, дәрігерлер қолөнершілер және арнаулы білімдерді меңгерген басқа да “хабардар” және ”шеттегі адамдар” шақыртыла басталды.
Іс жүргізу тарапынан хабардар адамдардың пікірлері мен қорытындылары олардан жауап алу нәтижесінде алынған айғақтар ретінде ресімделген. Санамаланған фактілер сарапшылық зерттеулердің қазіргі әдістемесін әзірлеудің басы деп есептелуі мүмкін. XVII ғасырда бұрынғыдан ерекшеленетін өзгеше сараптаманың іс жүргізу (салттық) негізін енгізу жөніндегі тарихи растаулар бар, онда сарапшының пікір жазбаша қорытынды (скаска) түрінде баяндалған.
Сот практикасының өсіп келе жатқан қажеттіліктері, формалды дәлелдемелер теориясынан бас тарту, қылмыстық процестің жаңа түріне жарыспаздық элементтерді, ішкі сенім принциптерін енгізу дәлелдемелерді табу, жинау мен зерттеудің, сарапшылық әдістермен ғылыми - техникалық жетістіктердің ең сенімді құралдарын қолдануға әкелді.
Сараптамалардың көптеген қазіргі түрлерінің негізі XVIII -XIX ғасырларда салынды, оған табиғи және техникалық ғылымдардың едәуір жетістіктері ықпалын тигізді.
Криминалистік, сот - медициналық, сот - химиялық, сот - психиатриялық, сот фотографиясының туып - өсіп, дамуында ғылым мен практиканың әр түрлі саласындағы белгілі ғалымдар - М. В. Ломоносов, Ю. Ф. Фрицше, В. М. Бехтерев, Е. Ф. Буриниский, А. М. Бутлеров, Д. И. Менделеев және басқалары жетекші рөл атқарды.
Сол уақыттағы сараптаманы тағайындаған органдар әр кезде сұрақтарды дұрыс қоя білмеді, соған байланысты сарапшылар өз ғылымының мүмкіншіліктерін ескере, заттай дәлелдемелерге зерттеу жүргізе отырып, кейде олардың шегінен асып кетіп отырды.
Қылымыстық істі дұрыс шешуде шешуші рөл атқарған, маңызды ескерту -алдын - алу мәні бар және қазіргі уақытта да сарапшылық қызмет үшін өзектілігін жоғалта қоймаған сарапшылық бастаманың үлгілерін Е. Ф. Буринский мен Д. И. Менделеев көрсетеді.
Сараптаманың іс жүргізу табиғатына теориялық көзқарастың отандық жүйесінің қалыптасуы XIX ғасырдың бірінші жартысына жатады. Практикалық сот - сарпатама қызметінен теориялық ойлап - танудың ұзақ артта қалуы XIX ғасырдың ортасына дейін ресей қылмыстық процесінде формалды дәлелдемелер теориясы үстемдік еткендігімен түсіндіріледі. Бұдан қоғамдық - саяси қатынастағы алдыңғы қатарлы еуропа елдері біршама ертерек кете бастады. Іздестіру процесіндегі сот тергеуінің негізгі күші осы теориядан құралған, жетілген дәлелдемелерді алуға бағытталған, олардың ішіндегі ең бастысы мен дұрысы айыпталушының мойындауы деп есептелінген. Ол үшін көптеген тәсілдер, ант беру, қинау көзделген.
Cоңғысы ең тиімді болып табылғандықтан В. Д. Спрасовичтің образды айтуынша, жиі қолданылатын тәсіл, “ерекше сараптама” болған, онда сарапшының рөлін “жендет” атқарған. Іс бойынша “шындықты” анықтаудың мұндай тәсілдері сот әділдігі міндеттерін шешу үшін нақты сарапшылық білімдерді енгізу мен дамытуды ешбір қажет етпеді. Сонымен қатар, сол кезеңдегі ғылымның жалпы ахуалы мен деңгейін де ескермесе болмайды. Орыс қылмыстық процесіндегі арнаулы білім институтын іске асыру “сарапшылар” деп аталатын “хабардар адамдарды” тергеуге тартумен көрінді.
Д. Г. Тальбергтің пікірінше, хабардар адамдардың қызметі сараптама жүргізуден, оның көп бөлігі белгілі заттарды зерттеу мен жүргізілген зерттеулер немесе сот өндірісі деректері негізінде қорытындылар немесе пікірлерден тұрады. Барлық уақытта сараптаманың осы бөліктері бір адаммен бітпейді, яғни, мысалы, зерттеуді бір адам жүргізуі мүмкін, ал қорытындыны басқа адам, содан соң - көбінде сарапшыдан бір ғана зерттеу және одан болған есеп талап етіледі, мысалы, сыртқы тексеру жағдайларында, у деп танылған құрамның қасиетін анықтыу, есеп - шоттарды тексеру және сол сияқты негізде, сарапшының міндеті - арнаулы мәліметтерді қажет ететін сұрақтарды шешуде оларды сот әділдігіне түсіндіріп көмек көрсету. Атап айтқанда, хабардар соттың шақыруымен келуі керек, барлық берілген сұрақтарға өздерінің мамандықтарына байланысты жауап беруге және сараптаманы жүргізу кезінде сот басшылығына бағынуға міндетті.
В. Д. Спасович сотта сараптаманың мәнін силлогизм жолымен арнайы сұрақты шешу ретінде қарастырған, ол сондай - ақ ғылымның тәжірибе ережесі деп атаған бірінші не үлкен алғы шартты сарапшылар өз білімдері ауқымынан береді, ал екінші не кіші алғышартты сот пен сарапшылар белгілейтін қарастырылатын істің нақты мән - жайлары құрайды.
В. Д. Спасовичтің пікірінше, осы тәжірибе ережелерімен фактілерді салыстыру сараптама болып табылады, оның негізінде сот даулы немесе анық емес мән - жайлар туралы өзіндік тұжырым шығара алады.
1864 жылдан кейінгі тараған көзқарасқа сәйкес, сарапшы “істің арнайы жағының ғылыми судьясы” болып табылады. Осындай көзқарастың белсенді жақтасы Л. Е. Владимиров сарапшыларды ғылыми судьялар мен анықтамалық куәларға бөлді. Ол, өз қорытындыларын қандай да бір ғылымға негіздейтін сарапшылар, істе арнайы сұрақты шешу болып табылатын ғылыми судья”. Бұл үкім дәлелдеме ретінде қабылданады.
Сараптама - ол ғылыми үкім деген көзқарасты медициналық орта қызу қолдады. Шынында да, сараптамаға бұлайша қарау дұрыс деп танылмайды. Оны жүйелі жүргізу дәлелдемелерді бағалау кезінде судьяның ішкі сенімін шектеуге әкеп соғар еді, бірақ бұған қарамастан, Л. Е. Владимировтың сіңірген еңбегі арнаулы білім субъектілерін олардың жүргізетін іс - әрекеттері бойынша өзара шектеудегі және осы негізде олардың іс жүргізу құзіреті мен қызмет нәтижелерін дәлелдемелік мәнін анықтаудағы табысты әрекеті болып табылады.
2 Сот сараптамасының түсінігі
«Сараптама» деген сөз латынның «ехрегtus» сөзімен байланысты, бұл «тәжірибелі», «хабардар» дегенді білдіреді. Сараптама жөнінде жалпы айтсақ, кандай да бір арнаулы саладағы білімді тартуды кажет ететін сұрақтарды шешу үшін хабардар адамнын (сарапшының) жүргізетін зерттеуін айтамыз.
Сот сараптамасы - жеке іс жүргізу әрекеті, оның мәні мән-жайларды шешу үшін маңызы бар жағдаяттарды белгілеу мақсатында арнаулы ғылыми білім-білік негізінде жүргізілетін іс материадцарын зерттеу болып табылады. Дәл осылайша «сот сараптамасы» ұғымы Қазакстан Республикасының «Сот сараптамасы туралы» Заңының 1-бабында белгіленген.
Сот сараптамасы қылмыстық сот ісін жүргізудегі арнаулы білімдерді пайдаланудың ең білікті нысаны болып табылады. Ол іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында және оның сот қарауында барлык ғылыми танымньң құралдарының арсеналын пайдалануға мүмкіндік бере отырып, сот пен алдын ала тергеу органдарының танымдық мүмкіндіктерін едәуір кенейтеді.
Сараптаманың негізгі сипаттарын анықтай отырып, сарап-тама арнаулы ғылыми білімдерді тартуды қажет ететін кылмыс-тық істі тергеу немесе сот карауы барысында туындайтын проб-лемалық танымдық ситуацияны жеңу нысаны болып табылатындығын білу керек.
Мұндай шешім кезінде сараптаманьщ сшаттамасы ретінде оны тағайындау мен жүргізудің мақсаты мен шарттарыи бөліп алуға болады.
Мақсаты сарапшы қорытындысының жаңа дәлелдерін алу, қылмыстық істің жаңа мән-жайларын анықтау болып табылады.
Шарттарына мыналар жатады:
1) арнаулы ғылыми білім негізінде зерттеу жүргізу. Сараптамаға қатысты «арнаулы ғылыми білім» терминін пайдалануға баса назар аудару керек;
2) сараптаманы арнайы іс жүргізудің тұлғасы, қылмыстық процеске қатысушы өзге адамдардан оны айрықшалайтын қүқықтары мен міндеттерінің жеке жиынтықтары бар сарапшының жүргізуі;
3) заңмен реттемеленген сот сараптамасының іс жүргізу нысаны, оған оны тағайындау, жүргізу, зерттеу нәтижелерін ресімдеу және оларды бағалау, сондай-ақ сараптамаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері жатады. Сарапшылык, зерттеу нәтижелерін белгілеудің іс жүргізу нысаны іс бойынша дәлелдеме болып табылатын сарапшының қорытындысы болады;
4) зерттеушінің белгілі бір теориялық принциптері мен тәжірибесіне сүйенетін бағалау мен фактілерді түсіндіру, түжырымды зерттеу нәтижесіндегі қалыптастыру.
Сарапшылық зерттеудің нәтижесі фактілерді анықтау, табу емес, ол оның өмір сүруі туралы тұжырым, ой қорытындысы. Соңғысы сарапшының өзінің арнаулы ғылыми білімдері негізінде жүргізген объектілерде анықталған белгілер мен байланыстарды жиынтықты бағалау жолымен белгіленеді. Сарапшының тұжырымы фактілерді өзгеше түсіндірудің, дауласудың принципті мүмкіндіктеріне жол бере отырып, сол арқылы пікір ретінде калыптасады.
Аталған мақсат пен шарттар сараптаманы қылмыстық процестегі арнаулы білімдерді пайдаланудың өзге нысандарынан айырады.
Сот сараптамасы ұғымының анық аныктамасының практикалық аса маңызы бар, өйткені оның болмауы сараптамаларды жүргізу практикасының іс жүргізу және ұйымдастырушылық сәттерінде келеңсіз көрініс табады да, сөйтіп сараптаманы жүргізуден бас тартудың, сараптаманы өзге іс жүргізу әрекеттерімен ауыстырудың, сарапшының құзыретінен тыс сүрақтарды қоюдың негізделмеген себебі болады.
Әдебиеттерде сот сараптамасының тақырыбын аныктаудың жолдары бар. Әр авторлар сараптаманың тақырыбын анықтауға жататын мән-жайлар, сарапшылық міндеттер, сараптама объектілсрі ретінде аныктайды.
В. Д. Арсеньев ұсынған сот сараптамасының тақырыбын анықтамасы сң толықтауы болып табылады: « . . . сот сараптама-тақырыбы тараптар, оның объектісінің қатысы (негізгі және қосалқы), олар іс үшін мәні бар және тиісті білім саласы аясына кіретін сұрақтарды шешу максатында сараптаманың осы саласымен зерттеледі және оның құралдарымен (әдістерімен, әдістемелерімен) танылады».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz