Мүліктік емес талаптарды орындау


Жоспар
КІРІСПЕ
1. Мүліктік емес сипаттағы талаптар
2. Жұмысқа қайтадан алу туралы атқарушылық құжаттар
3. Үйден шығару туралы шешімдерді орындау
4. Қоныстандыру туралы шешімдерді орындау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Жұмысқа қайтадан алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау, бұл санаттағы істерді шешудің күрделілігіне байланысты, тәжрибеде көптеген қиындықтар тудырады. Жұмыстан шығару заңдылығына сотта әр түрлі санаттағы жалдамалы қызметкерлер келіспеушілік білдіре алады. Олар атқарған лауазымдар өз белгілері бойынша (еңбек шарты, келісім мерзімдері т. с. с. ) әртүрлі болатындығы соншанлықты, тіпті еңбек даулары бойынша шығарылған сот актілерін орындау бойынша біркелкі ұсыныстар беру қиынға соғады. Сонымен қатар жұмысқа қайтадан алу туралы шешімдердің орындалуы бірден жүзеге асырылады, бұл-мирасқорлықлығы отандық еңбек және іс жүргізу заңнамаларында көптеген жылдар бойы байқалып келе жатқан, нормативтік қағида.
Заңның 105-бабы жұмысқа қайтадан алу туралы атқарушылық құжатты орындау тәртібі мен орындамаудың салдарын реттейді. Атқарушылық тәжірибеде өндіріс, мекеме және ұйым бсшылары тарапынан сот актілерін орындауға қарсылық көрсету жағдайлары жиі кездеседі. Мұндай жағдайда сот орындаушысы кінәлілерге қатысты ақшалық санкцияларды қолдану жөнінде сотқа ұсыныс беру құқығын пайдалана алады. Ұсыныста сот орындаушысы соттан
- Мүліктік емес сипаттағы талаптар
Мүліктік емес талаптардың жалпы белгісі - олардың эквиваленті болмайтындығы мен бағалауға жатпайтындығы.
Мұндай атқарушылық құжаттарды орындау тәртібіне Заңның 10-тарауының нормалары арналған. Тараудың 104-бабы борышкерді белгілі бір әрекеттер жасауға немесе оларды жасаудан тартынуға міндеттейтін атқарушылық құжаттарды орындау тәртібі мен орындамаудың салдарын анықтайды.
104-баптың 1-бөліміне сәйкес борышкерді тек өзі ғана жасай алатын әрекетті жасауға немесе оларды жасаудан тартынуға міндеттейтін атқарушылық құжатты орындау кезінде сот әрекет жасау туралы хабарлама немесе оларды жасаудан тартыну қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
Борышкердің тек өзімен орындалуы мүмкін әрекеттерге:
-жариялы турде кешірім сұрау;
-сот шындыққа сәйкес емес деп тапқанда тұлға жөніндегі мәліметтерді теріске шығару;
-сәбиді тәрбиелеуге беру(егер борышкер өз құқығын өзге тұлғаға бермесе, мысалы, сәбиді мектепке дейінгі мекемелеріне, мектепке апарып-алып келу және т. с. с. ) жатады.
Жүзеге асырудан борышкер бас тартуға міндетті.
Әрекеттерге соттың шешімінде тыйым салынған әрекеттермен қатар соттың талап-арызды қамтамасыз ету туралы ұйғарымында тыәрекеттерді жатқызуға болады. Мысалы:
- сот шешімімен бір немесе бірнеше тұлғалар туралы мақалалар сериясын(мерзімді басылымның бірнеше нөміріне жоспарланған) жариялауға тыйым салынуы мүмкін;
-сот шешімімен борышкерге (азаматтық іс бойынша жауапкерге) арнайы жабдықталмаған қоймалар мен өзге ғимараттарда қауіпті, зиянды заттарды сақтауға тыйым салуға болады. Сот тәжірибесінде жиі кездесетін экологиялық дау туралы істер бойынша, борышкерге мұндай заттарды қауіпсіз орындарға тасымалдау міндеті жүктелуі мүмкін;
-соттың шешімімен жауапкерге-құрылыс ұйымына сот құрылыс нормалары мен ережелеріне (ҚНЕ), экологиялық, санитарлық, архитектуралық және өзге талаптарға құрылыс сәйкес емес деп тапқан жағдайда ғимараттың құрылысын жалғастыруға тыйым салынуы мүмкін;
-соттың ұйғарымымен (баланы тәрбиеге беру туралы істер бойынша) қамқоршыға сәбиді сот юрисдикциясының территориясынан алшақ алып кетуге тыйым салынуы мүмкін;
-жер теліміне құқығы жоқ адамға бұл жерге құрылыс жүргізуге тыйым салынуы мүмкін.
Мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжаттарды орындау кезінде ақшалық санкциялары қолданылуы мүмкін. Мәселен, борышкер сот орындаушысының талаптарын көрсетілген мерзімде орындамаған жағдайда сот орындаушысы борышкерден, әрбір кешіктірген күн үшін жеке тұлғадан б ес айлық есептік көрсеткіш және заңды тұлғадан он айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекет кірісіне өсім өндіру туралы сотқа ұсыныс жасайды.
Борышкер сот орындаушысының талаптарын белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, егер осы әрекетті жүзеге асыруды борышкерге жүктейтін атқарушылық құжатты орындау үшін борышкердің қатысуы міндетті емес және бұл әрекетті өндіріп алушы өзі орындай алатын болса, сот орындаушысы атқарушылық құжатты өндіріп алушының орындауын ұйымдастырады.
1мысал. Соттың шешімінде талап арыз берушінің белгілі бір жер телімінде борышкер заңсыз сақталған боксты (автогаражды) бұзу қарастырылды. Сот орындаушысы заңсыз құрылысты өндіріп алушының есебінен (техниканың, жұмысшылар ақысын төлеу және т. б) бұзуды ұйымдастырады. Нәтижесінде өндіріп алушы өзінің шыққан шығындарының орнын толтыруды талап ете алады.
2 мысал. Сот тұрғындарға ортақ пайдалануға бөлінген бір жер телімінде, жеке (тұрғындар ) ортақ аулада салған қоршауды (қақпаны ) бұзу туралы шешім қабылданды. Бұл әрекетті сот орындаушысының ұйымдастыруымен өндіріп алушы өздігінен жасай алады.
2. Жұмысқа қайтадан алу туралы атқарушылық құжаттар
Жұмысқа қайтадан алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау, бұл санаттағы істерді шешудің күрделілігіне байланысты, тәжрибеде көптеген қиындықтар тудырады. Жұмыстан шығару заңдылығына сотта әр түрлі санаттағы жалдамалы қызметкерлер келіспеушілік білдіре алады. Олар атқарған лауазымдар өз белгілері бойынша (еңбек шарты, келісім мерзімдері т. с. с. ) әртүрлі болатындығы соншанлықты, тіпті еңбек даулары бойынша шығарылған сот актілерін орындау бойынша біркелкі ұсыныстар беру қиынға соғады. Сонымен қатар жұмысқа қайтадан алу туралы шешімдердің орындалуы бірден жүзеге асырылады, бұл-мирасқорлықлығы отандық еңбек және іс жүргізу заңнамаларында көптеген жылдар бойы байқалып келе жатқан, нормативтік қағида.
Заңның 105-бабы жұмысқа қайтадан алу туралы атқарушылық құжатты орындау тәртібі мен орындамаудың салдарын реттейді. Атқарушылық тәжірибеде өндіріс, мекеме және ұйым бсшылары тарапынан сот актілерін орындауға қарсылық көрсету жағдайлары жиі кездеседі. Мұндай жағдайда сот орындаушысы кінәлілерге қатысты ақшалық санкцияларды қолдану жөнінде сотқа ұсыныс беру құқығын пайдалана алады. Ұсыныста сот орындаушысы соттан:
- жұмыс берушіден қызметкерге орташа жалақысын немесе қызметкерді жұмысқа қайта қабылдау туралы шешім шығарылған күннен бастап оны орындаған күнге дейінгі бүкіл уақыт үшін жалақысының айырмасын төлеу туралы;
- ұйым басшысынан (жұмыс берушіден) мемлекет кірісіне мерзімі өткен әрбір күн үшін жеке адамдарданбес айлық есептік көрсеткішжәне заңды тұлғаданон айлық көрсеткішмөлшерінде өсімпұл алу туралықаулы шығаруды өтінуі мүмкін.
Процессуалдық ережелерге сәйкес жұмысқа қайтадан алу туралы сот шешімімен келіспеген жауапкер (жұмыс беруші) сот актісіне шағымдануға құқылы (ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 332-бабы) . Бірақ, оның шешімге шағым келтіру құқығы шағым арызға жұмыстан босатылған жұмысшыны қайтадан алу туралы бұйрықты тіркеуін қажет етеді. Сонымен қатар бұйрық шығару шешімінің орындалуы ретінде қаралмайды. Заңның 105-бабының 2-бөліміне сәйкес жұмысқа қайта қабылдау туралы шешімнің орындалуы жұмыс беруші жұмыстан босату немесе ауыстыру туралы өзінің заңсыз актісінің күшін жою туралы акт шығарғаннан кейін қызметкер бұрынғы міндеттерін атқаруға іс жүзінде кіріскен сәттен бастап аяқталған болып есептеледі.
3. Үйден шығару туралы шешімдерді орындау
Үйден шығару туралы шешім шығару борышкердің орналасқан ғимаратқа құқығының жоқтығының сот актісінде айқындалғанын білдіреді. Мұндай шешім шығарудың негіздері әртүрлі болуы мүмкін, ал соттың материалдық құқық нормаларын қолдануы (таңдауы) дауласып отырған тараптардың арасында қалыптасқан қатынастардың сипатына байланысты болады. Сот үйден шығару туралы шешімді:
- ордер жарамсыз деп танылғанда (азаматтардың тұрып жатқан ғимараттарын жалдау шарттарында көрсетілген тұрғын үйлер бойынша) ;
- кепіл ұстаушы жылжымайтын мүлік обьектісін ипотекалық қарыз шарты негізінде өткізгенде;
- мүдделі тұлғалардың немесе прокурордың талап-арыздары бойынша пәтерде (үйде) тұрып жатқан адамды мұраға лайықсыз мұрагер деп танығанда;
- мемлекет қажеті үшін алынған жер телімдерінде орналасқан ғимараттарды (тұрғын үйлерді) бұзу жөніндешығара алады.
Мәжбүрлеп үйден шығару куәгерлердің қатысуымен жүзеге асырылады. Сот орындаушысы борышкерді үйден шығару уақыты туралы ресми түрде хабардар етеді. Үйден шығару уақыты туралы тиісінше хабардан етілген борышкердің болмауы атқарушылық құжатты орындауға кедергі болып табылмайды. Үйден шығарудың атқарушылық әрекет ретінде өзіндік ерекшеліктері бар:
- сот орындаушысы жүзеге асыратын әрекет және борышкер осыған мәжбүр болған әрекет ретінде үйден шығару атқарушылық құжатта көрсетілген адамнан ғимаратты босатудан тұрады:
- атқарушылық құжат бойынша бір адам ғана емес, бірнеше адам (көшірушілер) көшіріле алады. Атқарушылық құжатта олардың және олардың мүлкіне қатысты жүзеге асырылатын орындаушылық әрекеттер көрсетілуі қажет.
Мүлікке тұрғын ғимараттағы және оның ауласындағы үй жануарлары да теңестіріледі. Мұндай құжаттарды орындауда сот орындаушысы барынша мұқият болуы қажет. Ауладағы жануарларға қатысты сот орындаушысы олардың(сиырлар, қойлар, үй құстары және т. б. ) шын мәнінде борышкерге тиесілі екеніне көз жеткізу керек, өйткені ауылдық жерлерде малды, жем-шөпті бірнеше отбасы бір жерде сақтауы мүмкін.
Неғұрлым қауіпті борышкер қатарына үйінді (пәтерінде) қабаған иттер, жыртқыштар, өзге қауіпті жануарлар, жыландар мен балықтарды асырайтындар жатады. Қоныс аударту туралы жағдайға байланысты сот орындаушысы арнайы аймақтық қызметтерді (ТҚЖ, полиция, малдәрігерлік бақықлау және т. б. ) қауіптілік туралы алдын-ала ескертуге міндетті. Борышкердің аквариумдарда немесе ауладағы үй хауыздарында ұстаған балықтарын ашық суаттарға жіберуге қатаң тыйым салынады. Мамандардың қатысуымен сот орындаушысы жануарлардың қауіптілік дәрежесін анықтауға міндетті, ал қажет болған жағдайда атқарушылық әрекетті кейінге қалдырады. Сондай-ақ ауру үй жануарлары қауіпті болуы мүмкін, оларды мал дәрігері қарап, маман ретінде емдеп немесе малды жою туралы қорытынды шығарады. Мүлікке қатысты бекітілген жалпы ережелерге сәйкес үйден шығару кезінде сот орындаушысы ғимараттағы мүліктердің тізбесін жасауға міндетті; қажет болса шыққан шығындарды борышкерге жүктей отырап, оның сақталуын қамтамасыз етеді. Мүлікті сақтау мерзімі Заңда екі ай шеңберінде анықталған. Бұл мерзім өткеннен кейін мүліктер атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамаларда көрсетілген тәртіппен өткізуге (сатуға) жіберіледі. Борышкердің мүлкін сатудан түскен және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төленгеннен кейін қалған ақша борышкерге қайтарылады. Борышкер талап етпеген ақша аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотында немесе жеке сот орындаушысының ағымдығы шотында сақталады.
Мүлік сатылмаған жағдайда олар куәлардың қатысуымен жойылады. Сот орындаушысы өзі және куәлар қол қойған мүлікті жою туралы акт жасайды. Мемлекеттік сот орындаушысы құрған актіні аймақтық органның жетекшісі бекіту керек.
4. Қоныстандыру туралы шешімдерді орындау
Өндіріп алушыларды қоныстандыру мәселелері Заңның 107-бабында реттелген. Бұл санаттағы атқарушылық құжаттардың ерекшелігіне олардың сот актілері негізінде толтырылатындығын жатқызуға болады. Көбінесе бұл - сот шешімі, яғни даудың шешілгендігі туралы акт. Жоғары тұрған сот инстанцияларының - апелациялық, кассациялық және қадағалау инстанциялары актілерінің негізінде де атқарушылық парақтары берілуі мүмкін.
Өндіріп алушыны қоныстандыру туралы соттың шешімдерінің негіздері:
- тұрғын үйге өндіріп алушының меншік құқығын тану (сатып алу-сату, ауыстыру және т. б. ) орындалған шарттар негізінде;
- жалдау келісім-шарты негізінде үйге өндіріп алушының пайдалану құқығын тану және т. б.
... жалғасыЗаңның 107-бабының талаптарына сәйкес сот орындаушысы өндіріп
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz