Адвокат - қорғаушының алдын ала тергеуге қатысуы

Қылмыстық iске араласқаннан кейiн адвокат өзiнiң қорғау жоспарларын құрады. Содан кейiн тергеу процесiнiң кез келген сатысынан тыс қалмауға тырысады. Адвокат өзiнен көмек сұрап келген адамдарға заң көмегiн көрсетiп, құқығын қалпына келтiруi тиiс. Осындай мiндеттерiн орындауда өз жоспарын қолданады. Адвокаттың қорғау жоспары жай, күрделi, қысқа, ұзақ болуы мүмкiн.
Адвокат алдын ала тергеу сатысында айып тағылған не адам сезiктi деп танылған кезден бастап iске қатысуға жiберiледi. Қылмыстық iстi тергеуде iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асырудың заңды негiзi – қылмыстық iстi қозғау қаулысы болып танылады. Заңда көрсетiлген тергеу және сот әрекеттерiн қылмыстық iс қозғағаннан кейiн жүзеге асырылады.
ҚIЖК-нiң 194-бабына сәйкес алдын ала тергеу әрекетi қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарылғаннан кейiн ғана жүр-гiзiледi.
Қылмыстық iс қозғау қаулысы шығарылғаннан кейiн адвокаттың негiзгi мiндетi туындайды, мысалы кiнәсi жоқ адамды жауапқа тартудан алдын алу керек.
Қылмыстық iс қозғалғаннан кейiн прокурор алдын ала тергеу және сот органдары белгiлi құқықтарға ие болады. Мысалы, тергеушi (прокурордың санкциясымен) нақты қылмыстық iстi қарайды және азаматтарға процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданады: тiнту, алу, куәлерден жауап алады, қылмыстық iс болған жерлердi қарайды сонымен қатар басқа да тергеу әрекеттерiн жүзеге асырады.
Қылмыстық iс қозғау сатысына қылмыстық iс жүргiзу сатыларының барлық белгiлерi тән: нақты мiндеттер, iстiң негiзгi қағидалары, құқықтық қатынастар мен әрекеттер.
Қылмыстық iс кiнәлi деп сезiк келтiрген адамның болуынан емес, қылмыстық деректерiнiң бар болуына байланысты iс қоз-ғалатынын адвокат бiлуi тиiс. Тұлғаны қылмыстық iс бойынша кiнәлi деп танымас бұрын қосымша мәлiметтер жинап оларды тексерулерi қажет. Табылған деректер қылмысқа қатысты бол-ған жағдайда белгiлi тұлғаға қарсы қылмыстық iс қозғалды деп қорытындылау керек.
Одан кейiнгi адвокаттың мiндетi қылмыстық iстi қозғау үшiн жиналған материалдарды тексеруi қажет. Түскен арыздар мен хабарламаларға қосымша қажет материалдар мен түсiнiктер сұрауға құқылы. Қылмыстық iс қозғау қаулысын шығармай жа-уап алу хаттамасын, тiнту, алу тағы басқа тергеу әрекеттерiн жүргiзуге тiптi Заңда белгiленген лауазымды тұлғалар мен органдардың құқықтары жоқ. Жеке тұлғаға қол сұқпаушылық принципi бұзылған жағдайда адвокат төмендегiдей әрекеттердi жүзеге асырады:
– прокурорға шағымдана алады;
– тергеу әрекетiнен кейiн сот процесiне дайындық бөлiмiнде соттан заңсыз алынған дәлелдемелердi iске қажетсiз деп тануға өтiнiш бiлдiре алады.
Адвокат тергеушi материалдарынан болған немесе болады деген қылмысқа қатысты жиналған материалдарды бiрiншiден тексередi, бұл кезде тергеушiлердiң дәлелдемелер жинауға құқықтары жоқ екенiн адвокат бiлуi керек. Өйткенi тергеушi прокурор санкция берiп, қылмыстық iс қозғағаннан кейiн ғана тұлғаның кiнәлiлiгiн дәлелдейтiн дәлелдемелердi тауып iске тiркейдi. Адвокат материалдарды қарап, танысу барысында өзi тергеу әрекеттерiн кiм, қандай тәсiлдермен, қашан жүргiзiлетiнiн және жүргiзгенiн тексере алады.
Адвокат қылмыстық iс қозғау қаулысының көшiрмесiн тергеушi 24 сағаттан кешiктiрмей прокурорға жiбергенiн тексеруi тиiс. Прокурор қылмыстық iс қозғау қаулысының көшiрмесiмен танысады, егер де тергеушiнiң шығарған шешiмiнiң заңдылығына күмән келтiрсе қылмыстық iстi қозғауға негiз болған материалдарды тексередi. Қылмыстық iс қозғаудың заңдылығын, сонымен қатар тергеу iсi жүргiзудi қадағалауды жүзеге асырғанда тексередi. Егер де қылмыстық iс заңсыз себептер мен негiздерге сүйене отырып қозғалса, прокурор өз қаулысымен тергеушiнiң немесе анықтау органының қаулысының күшiн жояды, қылмыстық iс қозғаудан бас тартады немесе қылмыстық iс бойынша тергеу iс-әрекеттерi жасалған болса, оны тоқтатуға, iстi қысқартуға құқылы. Егер прокурор бұл мiндеттерiн орындамаса адвокат жоғары тұрған прокурорға шағымдана алады.
Қылмыстық iстi қозғау барысында Заңмен бекiтiлген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына байланысты күрделi мәселелер шешiледi. Қылмыстық iс бойынша дәлелдемелердi табу, алу, бағалау процестiң келесi сатыларында қаралады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Мейірбекова Г.Б. ҚР адвокатура және адвокаттық қызмет. Алматы: 2012 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Адвокат - қорғаушының алдын ала тергеуге қатысуы
Қылмыстық iске араласқаннан кейiн адвокат өзiнiң қорғау жоспарларын құрады. Содан кейiн тергеу процесiнiң кез келген сатысынан тыс қалмауға тырысады. Адвокат өзiнен көмек сұрап келген адамдарға заң көмегiн көрсетiп, құқығын қалпына келтiруi тиiс. Осындай мiндеттерiн орындауда өз жоспарын қолданады. Адвокаттың қорғау жоспары жай, күрделi, қысқа, ұзақ болуы мүмкiн.
Адвокат алдын ала тергеу сатысында айып тағылған не адам сезiктi деп танылған кезден бастап iске қатысуға жiберiледi. Қылмыстық iстi тергеуде iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асырудың заңды негiзi - қылмыстық iстi қозғау қаулысы болып танылады. Заңда көрсетiлген тергеу және сот әрекеттерiн қылмыстық iс қозғағаннан кейiн жүзеге асырылады.
ҚIЖК-нiң 194-бабына сәйкес алдын ала тергеу әрекетi қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарылғаннан кейiн ғана жүр-гiзiледi.
Қылмыстық iс қозғау қаулысы шығарылғаннан кейiн адвокаттың негiзгi мiндетi туындайды, мысалы кiнәсi жоқ адамды жауапқа тартудан алдын алу керек.
Қылмыстық iс қозғалғаннан кейiн прокурор алдын ала тергеу және сот органдары белгiлi құқықтарға ие болады. Мысалы, тергеушi (прокурордың санкциясымен) нақты қылмыстық iстi қарайды және азаматтарға процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданады: тiнту, алу, куәлерден жауап алады, қылмыстық iс болған жерлердi қарайды сонымен қатар басқа да тергеу әрекеттерiн жүзеге асырады.
Қылмыстық iс қозғау сатысына қылмыстық iс жүргiзу сатыларының барлық белгiлерi тән: нақты мiндеттер, iстiң негiзгi қағидалары, құқықтық қатынастар мен әрекеттер.
Қылмыстық iс кiнәлi деп сезiк келтiрген адамның болуынан емес, қылмыстық деректерiнiң бар болуына байланысты iс қоз-ғалатынын адвокат бiлуi тиiс. Тұлғаны қылмыстық iс бойынша кiнәлi деп танымас бұрын қосымша мәлiметтер жинап оларды тексерулерi қажет. Табылған деректер қылмысқа қатысты бол-ған жағдайда белгiлi тұлғаға қарсы қылмыстық iс қозғалды деп қорытындылау керек.
Одан кейiнгi адвокаттың мiндетi қылмыстық iстi қозғау үшiн жиналған материалдарды тексеруi қажет. Түскен арыздар мен хабарламаларға қосымша қажет материалдар мен түсiнiктер сұрауға құқылы. Қылмыстық iс қозғау қаулысын шығармай жа-уап алу хаттамасын, тiнту, алу тағы басқа тергеу әрекеттерiн жүргiзуге тiптi Заңда белгiленген лауазымды тұлғалар мен органдардың құқықтары жоқ. Жеке тұлғаға қол сұқпаушылық принципi бұзылған жағдайда адвокат төмендегiдей әрекеттердi жүзеге асырады:
- прокурорға шағымдана алады;
- тергеу әрекетiнен кейiн сот процесiне дайындық бөлiмiнде соттан заңсыз алынған дәлелдемелердi iске қажетсiз деп тануға өтiнiш бiлдiре алады.
Адвокат тергеушi материалдарынан болған немесе болады деген қылмысқа қатысты жиналған материалдарды бiрiншiден тексередi, бұл кезде тергеушiлердiң дәлелдемелер жинауға құқықтары жоқ екенiн адвокат бiлуi керек. Өйткенi тергеушi прокурор санкция берiп, қылмыстық iс қозғағаннан кейiн ғана тұлғаның кiнәлiлiгiн дәлелдейтiн дәлелдемелердi тауып iске тiркейдi. Адвокат материалдарды қарап, танысу барысында өзi тергеу әрекеттерiн кiм, қандай тәсiлдермен, қашан жүргiзiлетiнiн және жүргiзгенiн тексере алады.
Адвокат қылмыстық iс қозғау қаулысының көшiрмесiн тергеушi 24 сағаттан кешiктiрмей прокурорға жiбергенiн тексеруi тиiс. Прокурор қылмыстық iс қозғау қаулысының көшiрмесiмен танысады, егер де тергеушiнiң шығарған шешiмiнiң заңдылығына күмән келтiрсе қылмыстық iстi қозғауға негiз болған материалдарды тексередi. Қылмыстық iс қозғаудың заңдылығын, сонымен қатар тергеу iсi жүргiзудi қадағалауды жүзеге асырғанда тексередi. Егер де қылмыстық iс заңсыз себептер мен негiздерге сүйене отырып қозғалса, прокурор өз қаулысымен тергеушiнiң немесе анықтау органының қаулысының күшiн жояды, қылмыстық iс қозғаудан бас тартады немесе қылмыстық iс бойынша тергеу iс-әрекеттерi жасалған болса, оны тоқтатуға, iстi қысқартуға құқылы. Егер прокурор бұл мiндеттерiн орындамаса адвокат жоғары тұрған прокурорға шағымдана алады.
Қылмыстық iстi қозғау барысында Заңмен бекiтiлген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына байланысты күрделi мәселелер шешiледi. Қылмыстық iс бойынша дәлелдемелердi табу, алу, бағалау процестiң келесi сатыларында қаралады.
Адвокаттың соңғы жағдайда iске қатысуы:
- тұлғаны ұстаған жағдайда (кiнә тағылмаса да);
- тұлғаға бұлтартпау шарасы қолданған жағдайда.
ҚIЖК-нiң 70-бабында көрсетiлген негiзде адвокат мiндеттi түрде қатысуы керек:
- сезiктi немесе айыпталушы кәмелетке толмаса, жасы қылмыс жасаған уақытқа сәйкес белгiленедi;
- сезiктi немесе айыпталушы дене немесе психикалық кемiстiгiнен өзiнiң қорғану құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмаса;
- адам жазалау шарасы ретiнде он жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айырылу, өмiр бойы бас бостандығынан айырылу не өлiм жазасы тағайындалуы мүмкiн болатын қылмысты жасағаны үшiн айыпталса.
Адвокат iске қатысу мерзiмiнен бастап ҚIЖК-нiң 74-бабында көрсетiлген процессуалдық құқықтарға ие болады. Оның құқықтары:
- сезiктiмен және айыпталушымен олардың саны мен ұзақтығы шектелместен оңаша құпия жолығуға. Бұл құқық алғашқы жауап алуға дейiн жүргiзiледi. Кездесуде адвокат бiрiншiден қорғауындағы адамның iс бойынша позициясын шешiп алады: өзiн кiнәлi деп санай ма (егер өзiн кiнәлi деп есептесе толық мойындай ма, әлде жартылай мойындай ма), неге сiлтеме жасайтындығын, ненi мойындамайтынын, қандай себептермен және адвокаттан не сұрайтынын.
Адвокат iске қатысқаннан кейiн төмендегiдей қызмет атқарады және бiрқатар құқықтарға ие болады:
- заң көмегiн көрсетуге қажет заттарды, құжаттарды, мәлi-меттердi жинап ұсынады;
- дәлелдемелердi ұсынады. Дәлелдемелердi ұсынбас бұрын оларды белгiлi қайнар көздерден алу қажет, бiрақ та адвокатта билiк ету өкiлеттiгi болмағандықтан дәлелдемелердi табу, алу қиынға түседi;
- ұстау хаттамасымен, бұлтартпау шарасын қолдану қаулысымен, Заңда көрсетiлген қылмыстық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адвокат-қорғаушының алдын-ала тергеуде дәлелдемелерді жинауға қатысу мәселелері
Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi
Айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету
Адвокат-қорғаушының сезіктіге, айыпталушыға және сотталушыға білікті заң көмегін көрсетуі
Адвокаттың құқықтары мен міндеттері
Адвокатура ұғымы және міндеттері
Қылмыстық iс бойынша адвокаттардың қорғауға қатысуы
Адвокатура ұғымы және міндеттері мен адвокатураның ұйымдық құрылуы
Қылмыстық процеске қатысушылардың ұғымы, мәні
Азаматтардың сотқа шағымдану және сотта өкілеттік ету құқығы
Пәндер