Халықаралық жеке құқықтағы отбасы - неке қатынастары


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
1 Некеге отыру және некені тоқтату . . . 4
2 Ерлі-зайыптылар арасындағы құқықтық қатынастар . . . 7
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 11
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 12
КІРІСПЕ
Халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін нормалар қатарына “Балалар құқықтарын қорғау және халықаралық бала(қыз) асырап алу туралы” 1993 жылғы 29 мамырдағы халықаралық Конвенция, “Адам құқықтары туралы Жалпыға бірдей Декларация”, “Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды қорғау туралы” Халықаралық пакт, “Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар және құқықтық көмек” туралы 1993 жылғы 1 қаңтардағы Минск конвенциясы, Қазақстан Республикасы заңымен 1999 жылғы 30 желтоқсанда ратификацияланған “Шет елден алимент өндіріп алу туралы” 1962 жылғы 5 қыркүйектегі Конвенция, “Балаларды қорғау және шет елдегі бала (кыз) асырап алу қатынастары жөніндегі қызметтестік туралы” 1993 жылғы Конвенция, “Некеге тұруға келісім беру, неке жасы және некеге тіркеу туралы” 1966 жылғы халықаралық Конвенция, сонымен бірге, 1966 жылғы “Азаматтық және саяси құқықтар туралы” пактінің факультативті протоколы, “Бала құқығы туралы” 1959 жылғы халықаралық Декларация, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1959 жылғы “Балалар құқығы туралы” Конвенциясы, “Балаларды халықаралық ұрлау және азаматтық туралы” Конвенциялар жатады. Қазақстан осындай көптеген конвенцияларды мойындап, осы бағыттағы халықаралық ұйымдарға мүше болып табылады.
Біздің заңнаманың осы неке және отбасы қатынастарына байланысты қандай ережелерді қолданатындығына назар аударусақ. Біріншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ер адамдар мен әйелдердің тең құқықтарға ие екендігін алға тартқан жөн. Бірқатар мемлекетгердің отбасы құқығына ер адамның басшылығы тән болып табылады. Көптеген мемлекеттерде осы күнге дейін отбасындағы әйел мен ер адамның теңсіз құқықтық жағдайлары орын алып келе жатыр.
Осы жекелеген отбасы заңнамасындағы әр түрлі жағдайда екі мемлекеттің азаматы некеге отырған уақытта коллизиялық сұрақтарды шешу үлкен маңызға ие болып табылады. Батыс мемлекеттерінде отбасы құқығы қатынастарындағы коллизиялық нормалар алуандылыққа ие болып табылады. Некелік құқық қабілеттілік, яғни некеге түру жасы, некеге тұруға кедергілердің болмауы - мұның барлығы түрлі мемлекеттерде ерлі-зайыптылардың өздерінің жеке заңдарымен анықталады. Некені тоқтатқан кезде түрлі азаматтыққа ие ерлі-зайыптылар арасында бірқатар мемлекеттерде ер адамның азаматтық заңы қолданылады.
Бір мемлекетте сол елдің заңының талаптарын сақтай отырып жасалған неке сол мемлекетте танылғанымен, басқа мемлекеттерде танылмауы да мүмкін, бұны халықаралық жеке құқықта «ақсаңдаған неке» («хромающие браки») деп те атайды. Некедегі ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары бірқатар мемлекеттерде ер адамның жеке заңымен анықталады.
1 Некеге отыру және некені тоқтату
Некені заңды түрде рәсімдеу дегеніміз халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке катынастары туралы заңнамалар мен Қазақстанның заңнамаларына сәйкес азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркеу болып табылады. Белгілі бір тәртіппен тіркелген некенің ғана құқықтық күші болады.
Халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін заңдар бойынша некеге отыру үшін заңда көзделген шарттарды сақтау керек.
Қазақстан Республикасында Қазақстан азаматтарының шетел азаматтарымен некеге отыруы. Біздің азаматтардың шетел азаматтарымен некелесуі, сонымен қатар шетел азаматтарының өздерінің арасында некелерін бекітуі Қазақстан Республикасының заңнамасына бағынады. Басқа сөзбен айтқанда, «некеге отыру жер заңы» немесе «Іех Іосі сеlеbгаtіоnіs» деген коллизиялық қағида қолданылады. Неке біздің заңнамада көзделген нысан бойынша жасалады, яғни азаматтық хал актілерін жазу органдарында, осы некені тіркеудің бекітілген ережелерін сақтай отырып тіркеледі.
Қазақстан Республикасында некеге тұру туралы келісім некеге тұрушылардың өздерімен жасалуы тиіс болып табылады. Шетелдіктердің де некеге тұруларының материалдық шарттары олардың ұлттық заңнамасымен емес, біздің заңнама бойынша анықталады. Мәселен, қазақстандық неке және отбасы заңнамасына сәйкес некеге отыру үшін екі жақты келісім, 18 жасқа толу және тағы басқа талаптар қойылады.
«Неке және отбасы туралы» Заңның 11-бабында «Егер тұлғалардың бірі басқа некеде тіркелген болса, онда ол жаңа некеге отыра алмайды» делінген, яғни егер шетелдіктің өз заңы көп әйел алушылыққа жол берсе, онда ол біздің республикамызда некеге отыра алмайды. Шетелдік азамат, егер оның өз заңы екі некеге рұқсат бергеннің өзінде бізде некесін тіркеуді талап ете алмайды.
Егер шетелдік біздің Республикада некеге отыру ниетін білдіретін болса, ол өзінің мемлекетінің тиісті органынан өз мемлекетінде ешкіммен некеде тұрмайтындығын дәлелдейтін анықтама қағазын алып келуге міндетті. Тәжірибеде әдетте мұндай анықтама қағаздары Қазақстан Республикасындағы тиісті мемлекеттің елшілігімен немесе консулдығымен беріледі.
Біздің құқыққа белгісіз басқа мемлекеттердің шектеулері (нәсілдік, діни, ата-ана келісімінің болмауы, т. б. ) біздің елде некені тіркеуден бас тартуға негіз болып табылмайды. Бұл шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тіркейтін некелеріне де байланысты болып табылады.
Біздің азаматтардың шетелдік азаматтармен некелерін тіркеу кезінде бірқатар жағдайда некеге отырушы шетелдіктің де заңнамасы басшылыққа алынуы керек, өйткені, бұл жағдайда некені жарамсыз деп тану басқа мемлекетте орын алмауы анық. Мынадай мысалды келтірсек болады: егер, некеге тұрушының елінің заңнамасы бойынша ол келісім алмаған кезде неке ол елде жарамсыз болып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайларда біздің АХАЖ органдары некеге тұрушыларда оның мұндай некеге отыруға келісім бар-жоқтығын анықтауы керек. Егер де мұндай келісім болмаса, некеге отырушылармен келісіле отырып, шетелдіктің осындай келісімді алуы үшін уақыт беріледі. Егер де осы белгіленген уақытта органға қажет келісімді алып келмейтін болса, бірақ некеге тұрушылар некені тіркеуді талап етіп отырса, неке тіркеуші орган мұндай келісімнің болмауына қарамастан некені тіркеуге міндетті болып табылады. Мұндай неке біздің заңнама бойынша танылғанымен, тиісті шетелдіктің мемлекетінде бұл неке танылмайды. Бұл ез кезегінде біздің мемлекеттің азаматының өзінің некелескен адамының мемлекетіне барған уақытында құқығының шектелуіне алып келуі мүмкін.
Консулдық некелер. Біздің заңнама Казақстан Республикасыньң аумағында консулдық некелерді, яғни шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерде жасалатын некені таниды. Шетел азаматтарының арасында Қазақстан Республикасының аумағында елшіліктер мен өкілдіктерде жасалатын некелер екі жақты танудың негізінде ғана жарамды болып танылады. Ол үшін елшілік жіберіп жатқан елдің Қазақстан Республикасымен тиісті келісімі болуы қажет. Бұған қоса мұндай некелердің жарамдылығына тағы бірқатар талаптар койылады: а) екі жақты келісімнің болуы, яғни шетел мемлекетінде осындай консулдықтардағы некенің танылуы; ә) некеге тұрушы екі тұлға да сол елшілік пен консулдықты жіберген мемлекеттердің азаматы болуы.
Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдіктермен басқа мемлекетте некеге отыруы. Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдіктермен біздің аумақта да, сонымен қатар, басқа мемлекет аумағында да некелесуі мүмкін. Мұндай некелер сол некеге отырушы мемлекеттің заңдарының талаптарымен қойылған неке нысанына сәйкес болуы шарт.
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының ережесіне сәйкес, егер неке Қазақстан Республикасының аумағынан тыс, сол тиісті мемлекеттің заңнамасы бекіткен нысанда тіркелетін болса және ол Қазақстан Республикасының некені тіркеуге байланысты заң талаптарына қайшы болмайтын болса, ол неке заңды деп танылуы ықтимал болып табылады.
Егер Қазақстан Республикасының азаматы мен шетел азаматының некесін тиісті мемлекеттің жергілікті органдарында тіркеу кезінде біздің азаматтың шетел азаматымен некелесуге құқығын танитын қағазды талап етсе, онда мұндай анықтама қағазын Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттердегі елшілігі бере алады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында шет мемлекетте некені бекіту. Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының арасындағы неке тиісті мемлекеттегі Қазақстан Республикасының елшіліктерінде жүзеге асырылады. Некені тіркеу азаматтық хал жағдайының бірден-бір актісі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының консулдықтарында шет ел аумағында некені бекіту кезінде толығымен біздің мемлекеттің заңдары басшылыққа алынуы тиіс, өйткені екі азамат та біздің республика азаматы болып табылады.
Консулдық мұндай некелерді бекіту құқығы біздің заңнама бойынша анықталады. Ол дегеніміз: а) біздің елшілікте немесе өкілдіктерде тіркелген неке азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені тіркеумен бірдей күште танылады; ә) некені консул тіркеген кезде ол біздің заңнаманың бекітетін материалдық талаптарын сақтауға міндетті.
Шетелде жасалган шетелдіктердің некесін Қазақстан Республикасында тану. Біздің мемлекеттің аумағынан тыс, шетелдіктердің жасалған некелері туралы айтар болсақ, олар біздің мемлекетте танылады. Сонымен, шетелдерде жасалған неке, егер ол сол мемлекеттің талаптарын сақтайтын болса, олар заңды болып табылады. Сәйкесінше, егер шетелдіктердің арасындағы неке солардың жеке заңдарының талаптарын және некеге отыру жерінің талаптарын сақтай отырып жасайтын болса, ол біздің республикада да сөзсіз танылады.
Некені жарамсыз деп тану. Қазақстан Республикасында шетелдік пен біздің азамат арасында жасалған неке біздің заңнама ережелеріне сәйкес жарамсыз болып табылуы мүмкін, өйткені бұл тұста некенің жасалу орны үлкен маңызға ие болып табылады. Кейбір жағдайларда жалған некелер де кездесіп қалады. Ол біздің заңнаманың талаптарын айналып өту мақсатында жасалады. Мысалы, Қазақстан Республикасына кіру-шығу ережелерін айналып ету мақсатында.
2 Ерлі-зайыптылар арасындағы құқықтық қатынастар
Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және жеке қатынастарына біздің мемлекетіміздің заңнамасы қолданылуға жатады. Конституцияда бекітілген ер адамдар мен әйел адамдар арасындағы теңдік ерлі-зайыптылардың арасындағы көптеген қатынастарды реттейді: әйел адам некеге отырғаннан кейін өзінің некеге дейінгі фамилиясын сақтап қалуға құқылы, ол өз азаматтығын сақтап қалады, кәсіп пен қызмет аясын таңдауда еркін болып табылады, өзінің мүліктік қатынастарын толықтай сақтап қалады және некеге тұрғаннан кейін табылған мүлікке ортақ меншікте үлесін сақтайды және т. б. Біздің заңның талабы бойынша ортақ шаруашылықты жүргізу ерлі-зайыптылардың өзара келісімі негізінде жүзеге асырылады. Біздің құқыққа сәйкес, ерлі-зайыптылар тұрғылықты жерді таңдауда да ерікті болып табылады. Ерлі-зайыптылар бір-біріне материалдық көмек көрсетіп тұруға міндетті. Егер ерлі-зайыптылардың бірі еңбекке жарамсыз болып қалатын болса, онда біздің заңнама бойынша оның екіншісі оған материалдық көмек керсетуге міндетті болып табылады. Қолданып жүрген заңда және халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін заңнамалар бойынша текті таңдаудың екі жолы ұсынылған. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылардың қай-қайсысы да өздерінің некеге отырғанға дейінгі тегін қалдыра алады. Сонымен бірге, ерлі-зайыптылар өз қалаулары бойынша ортақ бір тек таңдауға құқылы.
Кейбір елдердің, оның ішінде ТМД құрамына кіретін елдердің заңы ерлі-зайыптылардың екі текті де алуына мүмкіндік жасайды, яғни өзінің тегіне жұбайының тегін қосуына жағдай жасайды.
Заңда ерлі-зайыптылардың заңды мүліктік режимі де, ерлі-зайыптылар мүлкінің неке шарты-мен бекітілген шарттық режимі де көзделінеді
Жалпы, бұл мәселе бойынша арнайы ережелер құқықтық көмек туралы арнайы келісімдерде болуы мүмкін. Мысалы, Веңгрия, Болгария және Польшамен жасалған келісімдерге сәйкес, егер ерлі-зайыптылар бір мемлекет азаматы бола тұрып, басқа мемлекеттің аумағында тұрып жататын болса, онда ол қатынастарда олардың тұрып жатқан мемлекетінің заңы қолднылады. Мұндай шарттар, сонымен қатар, мұндай азаматтардың бөлек мемлекеттерде тұратын кездегі қатынастарын да реттейді. Егер, Қазақстан Республикасы азаматы - Ресейде тұрып, ал оның зайыбы - Польшада тұратын болса, онда олардың арасындағы некелік қатынастар олардың азаматтығына сәйкес шешіледі.
Бірақ, сонымен қатар некедегілер бірдей азаматтықта да болмауы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасындағы тұрып жатқан азамат Қазақстан Республикасы азаматы болып, оның зайыбы Ресейдің азаматы бола отырып, Ресей Федерациясында тұрып жататын болса, онда бұл жағдайды өзара келісім реттеп отыр. Оған сәйкес, олардың қатынастары олар соңғы тұрған жердің заңымен анықталуға жатады.
Балалар мен ата-аналардың арасындагы қатынастар. Баланың құқықтық жағдайы оның азаматтығымен анықталуы керек. Балалардың құқықтарын қорғауға байланысты Қазақстан Республикасы үшін 1989 жылдың 20 қарашасында қабылданған «Бала құқықтары жөніндегі» Конвенция қолданылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында жалпы мойындалған принцип қызмет етуде, оған сәйкес 14 жасқа дейінгі балалардың азаматтығы олардың ата-анасының азаматтығымен байланысты болып табылады. Ал 14 пен 16 жас аралығындағы азаматтар өздерінің азаматтығын өзгерту үшін келісім берулері шарт болып табылады. Бұл құжат өз кезегінде нотариалдық бекітілуге жатады.
Егер екі ата-ана да Қазақстан Республикасының азаматтығын алатын болса, егер оларда Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылатын болса, осыған сәйкес оның балаларының да азаматтығы өзгереді.
Егер екі ата-ана да немесе балаға қамқоршы ретінде танылған Қазақстан Республикасында тұратын жалғыз ата-ана Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығатын болса, онда ата-анасының арызы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалуы мүмкін.
Кейбір жағдайларда ата-ананың екеуі де азаматтықтан шыға отырып, өз баласына ынта білдірмеуі мүмкін, бұл жағдайларда баланың қамқоршысының арызымен ол Қазақстан Республи-касының азаматтығын сақтап қалуы мүмкін.
Бірақ, бұл өз кезегінде кейіннен баланың ата-аналарының артынан азаматтығын өзгертуіне кедергі болып табылмайды.
Егер оның ата-анасының біреуінде Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылатын болса, онда бала Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалады.
Ата-ананың өтініші бойынша оның баласының да Қазақстан Республикасы азаматтығы тоқтатылып, өз азаматтығын алдыртуы мүмкін.
Мемлекет қалған жағдайдың барлығында өзінің азаматтығында қалатын азаматтың құқықтарын корғауға міндеттенеді.
Сонымен қатар, егер баланың ата-анасы белгісіз бола отырып, ол бала Қазақстан Республикасының аумағында болатын болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Қазақстан Республикасында әкелікті тану ата-ана мен баланың азаматтығына қарамастан біздің елдің құқығы бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасындағы ата-ана мен балалардың арасындағы өзара қарым-қатынастар бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады ма, әлде жоқ па, оған қарамастан барлық жағдайда Қазақстандық құқықпен реттеледі.
Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын материалдық қамтамасыз етуге міндетті, сонымен қатар, еңбекке кабілетсіз балаларды да асырауға міндетті болып табылады. Егер ата-ана баланы асыраудан бас тартатын болса, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оларға алимент төлеу қарастырылған. Егер тұлға Қазақстан Республикасының аумағынан тыс шығып кететін болса, Қазақстан Республикасының аумағында қалған өз баласына алимент төлеуге міндетті.
Мұндай алименттерді төлеу міндеті Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тұратын балаға да төленуі тиіс болып табылады. Алименттік міндеттемелерге байланысты нормалардың қолданылуын анықтайтын коллизиялық нормалар біздің заңнамада жоқ.
Ата-ана мен баланың арасындағы қатынастардың реттелуіне байланысты қолданылатын нормалар құқықтық көмек көрсету туралы түрлі шарттарда көрсетіледі. Бұл шарттарға сәйкес ата-ана мен балалардың арасындағы қатынас ата-ана мен бала қай елде тұрады, сол мемлекеттің заңымен реттелуге жатады.
Бірақ келісімге келуші мемлекеттердің бірінде ата-ана тұрып, екіншісінде баланың өзі тұратын болса, онда олардың арасындағы қатынас сол бала тұрып жатқан мемлекеттің заңы бойынша анықталатындығын айту қажет.
Сонымен қатар, халықаралық жеке құқықтағы бала асырап алу, қамқоршылық пен қорғаншылық институттарына тоқталып кетейік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz