Денсаулыққа қасақана зардап келтіруді тергеу


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
1 Денсаулыққа қасақана зардап келтіруді тергеудің сипаттамасы . . . 4
2 Бастапқы және келесі тергеу әрекеттері . . . 6
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 9
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 10
КІРІСПЕ
Әрбір жеке адамның денсаулығы - ол адам өміріндегі айтарлыктай орын алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы - оның негізгі байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын корғау мәселесі - жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы.
Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге басты назар аударып, халықтың денсаулық сактау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар колданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек.
Қазіргі таңда мемлекетімізде ҚР - ң Конституциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленген, осы бағдарлама бойынша ҚР - ы Денсаулық сақтау министрлігі жұмыс істеп отыр.
Қазакстан Республикасы Конституциясының Адам және азамат бөлімінің 29 - бабының тармақтарына сәйкес, «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. Осыған байланысты Республика азаматтары заңмен белгiленген кепiлдi медициналық көмектiң көлемiн тегiн алуға хақылы. Мемлекеттiк және жекеменшiк емдеу мекемелерiнде, сондай - ақ, жеке медициналық практикамен айналысушы адамдарда ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша жүргiзiледi» делінген.
Жалпы денсаулық дегеніміз - адам ағзасының дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі. Яғни, адам ағзасының әрбір органы, әрбір мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір қызметті аткаруы.
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі - бұл қылмыстарды жасаған кезде, бір адам екінші бір адамның денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді, яғни кінәлы қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады. Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекет пен қоғам алдындағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктерінен айырады.
Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбінесе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы - адам өмірінің негізі қуанышы, негізгі байлығы болып табылады. Сонымен адам денсаулығына қарсы қылмыстар қатарын ҚР қылмыстық кодексінің ерекше бөлімінде атап көрсеткен. Олар: 103 - 119 - баптарды қамтиды.
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстарды тергеудің криминалистикалық сипаттамасына тоқталайық.
1 Денсаулыққа қасақана зардап келтіруді тергеудің сипаттамасы
Қылмыспен денеге жарақат келтіру ауыр қылмыстардың бірі болып табылады. Азаматтардың дене мүшелеріне зақым келтіру арқылы оларды өмірлік кемтарлыққа ұшыратады.
Криминалистикалық сипаттама мәнінің жиынтығы қылмысты ашу және тергеу болып табылады. Бұл құқық бұзушыларға тергеу барысындағы типтік жағдайларға байланысты арналған арнайы әрекеттердің бірі болып табылады.
Криминалистикалық мінездеменің элементтеріне - қылмыстың жасалу әдістері, із жасалу механизмі, криминалистикалық қылмыстың мәні бар іздер, қылмыстық қастандылықтың ерекшеліктері, жәбірленушінің және қылмыскердің жеке басы, қылмыс жасаудың мақсаты мен себеп - салдары, қылмысқа дайындалу ерекшелігі, қылмыс жасау уақыты мен орнын жатқызуға болады.
Қылмыстық істі қозғауға негіз болып - қылмыстан зардап шеккен жәбірленушінің, оның туыстарының және таныстарының кей жағдайларда куәгерлер мен осы қылмыстың болғанын көрген адамдар, медициналық мекемелерге келіп түскен жаралы немесе зақым, жарақат келген азаматтар туралы осы мекемеден түскен арыз және кей жағдайларда сақтандыру мекемелерінен зардап шеккендігі жөніндегі азаматтар хабарласқан жағдайдағы арызы болып табылады.
Аталмыш қылмыстарға байланысты дәлелдеуге жататын мән - жайлар:
1. Не болды: екі адамның арасындағы ұрыс керіс, топтасқан төбелестер немесе күтпеген жерден шабуыл жасау арқылы болған қылмыстар. Бұл әрекеттерден қандай жағдайлар болды, жәбірленушіні кім тапты, көрді немесе оны кім дәрігерге апарды, полицияға немесе туыстары мен таныстарына кім хабарлады?
2. Қылмыс қай жерде жасалынды: жәбірленушімен көрсетілген жер, қылмыс әрбір жерлерге таралып жасалған жоқ па?
3. Қандай уақытта жасалынды: уақыт жайында екі болжамдар құрылады. Мәселен, жәбірленуші айтқан уақыт екіншіден оқиға көп уақыттарға созылды немесе қай уақытта қандай әрекеттер мен қылмыстар болды?
Қылмыстың жасалу механизіміне байланысты дәлелдеуге жататын мән - жайлар:
1. Жәбірленушіге қандай жарақаттар келтірілген. Қанша жарақат, олардың денедегі орналасқан жері. Оның ауырлығы қандай?
2. Қандай қарумен зиян келтірілді, барлық жарақат бір ғана қарумен келтірілді ме?
3. Жәбірленушіні қалай ұрған, оң қолымен немесе сол қолымен, олардың бағыты мен күші. Қанша ұрды?
4. Жәбірленушінің сол уақыттағы денсаулығы. Сол жайында куәгер болған азаматтар оны қалай көрсетеді?
5. Қылмысқа қатысқандарда қандай қылмыстың құралы болды және қанша құрал болды?
6. Қару кімге тиесілі: сезіктіге, жәбірленушіге немесе басқа үшінші адамға.
Жәбірленушінің жеке басына байланысты мән - жайлар:
1. Жәбірленуші кім. Оның өмірбаяны анкеталық мәліметтері.
2. Психологиялық мінездемесі: ол азаматтың қоғамдық қарым - қатынасы, жай жағдайларда, үйде, жұмыста, демалыстарда және т. б. Осы психологиялық мінездемесі сол конфликтыға итермелеген жоқ па?
3. Жәбірленуші мен сезікті таныс емес пе, сезіктінің қасындағы адамдарды танымайды ма?
Сезіктінің (айыпкердің) жеке басына байланысты мән - жайлар:
1. Қылмыскер қанша болды, олар бірігіп қылмыс жасады ма немесе бөлек - бөлек қылмыс жасады ма? Әрқайсысының әрекеті.
2. Әрбір қылмыскердің мінездемесі, олардың анкеталық мәліметтері, эмоционалдық тұрақтылығы, конфликтыға бейімділігі және т. б.
3. Сезікті жәбірленушіні біледі ме? Қалай танысты және қандай жағдайларда, олардың қарым - қатынасы қалай болды?
Қылмыспен зиян келтіруге байланысты мән - жайлар:
1. Жәбірленушінің еңбек қабілеттілігінен айырылу көлемі қандай, зиян салдарынан денсаулығының бұзылуы қандай?
2. Қылмыспен жәбірленушінің мүлкіне келген зиян, мүлкінің бүлінуі т. б. ол заттарды орнына келтіру үшін қанша көлемді қаражат керек?
Қылмыстың жасалуынан туған жағдайлар:
1. Қылмыстың жасалуына және оған дайындалуына әсер еткен жағдайлар.
2 Бастапқы және келесі тергеу әрекеттері
Бастапқы тергеулік әрекеттерге келетін болсақ - тергеулік әрекеттер көбінесе жәбірленушіден жауап алудан басталады, егер оның жауап беруге шамасы болса. Жауап алу барысында одан кім және қандай жағдайларда зиян келтіргенін, ол азаматпен таныс па, жоқ па, егер таныс болса онымен қандай жағдайларда танысқандығын, қандай жағдайлармен оған зиян келгенін, оның қасында кімдер болды және т. б. анықтау. Егер ол айыпкер адам жәбірленушіге таныс емес болса, ол адамды тани ала ма? Қандай белгілерімен ол адамды көрсете алады, киген киімдері және ол қылмысқа қатысқандар жөнінде не біледі олардың бір - бірімен өзара байланысы және т. б.
Егер жәбірленуші жөніндегі хабар медициналық мекемеден келіп түскен болса, тергеуші сол орынға келген беттен ол азаматтың сол орынға қайдан және қалай әкелгендігін анықтай келіп, ол азаматтың денсаулығы жөнінде кезекші дәрігерден сұрай келе жәбірленушіден жауап алады.
Тергеудің бастапқы кезеңі - жәбірленушіге сот - медициналық сараптамасын тағайындау арқылы басталады. Осыған байланысты сарапшыға келесі сұрақтар қойылады. Қандай дәрежеде жарақат келгенін (ауыр, орта, жеңіл) ; қанша уақыт бұрын болғанын; жарақаттың қанша рет келтірілгенін; жарақатты қандай затпен келтірді және т. б. анықтайды. Сонымен қатар сарапшы жәбірленушінің әлсіз немесе көмексіз халде болып, айыпкерге қарсы күш жұмсай алды ма немесе жоқ па соны да анықтауға тиіс.
Егер айыпкер жәбірленушіге белгілі болса немесе ол азамат ұсталынса онда ол азаматтан жауап алынып, оқиғаның қалай болғандығы, қандай мақсатпен және басқа да себептері анықталады. Осыдан кейін ол азаматтың киімі тексеріліп, сот - медициналық куәландырудан өткізіп, жәбірленушінің қарсыласқан іздері мен қылмыстың құралы ізделінеді.
Оқиға болған жерді қарау барысы - жәбірленушіге келтірілген зардаптың ізін, олардың қарсыласқан жағдайларын анықтау, сонымен қатар қан, киімнің қалған жыртысы, басқа да заттардың бөліктері және басқа да жәбірленушіге немесе айыпкерге тиісті заттарды іздеумен басталады.
Оқиға болған жер жәбірленушінің қатысуымен, кей жағдайларда сот - медицина маманын немесе басқа да дәрігерді, криминалист - маманмен, көрген білген куәгерлермен, сезіктімен бірге жүргізіледі.
Егер жәбірленуші оқиға болған жерді көрсетуге денсаулығына байланысты шамасы келмесе, онда оқиға болған жер жөнінде маңызды жерлерді, сол аймақ жөнінде, шекарасын, қандай ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар жерлерді анықтап сұрап біліп алған жөн.
Оқиға болған жерді қарау барысында жалпылама объектіге талдау беру: а) оқиға болған жерде не бар, олар қалай орналасқан, (үй, мекеме, жол, орман және т. б. ) ;
б) қылмыстың ізі (сынған заттар, жығылған шөп, үй ішінің астан - кестең бұзылуы және басқа да қарсыласқанды білдіретін іздер т. б. ) ;
в) іздер: аяқтың ізі, қолдың ізі, тістің ізі, транспорт құралдарының ізі және т. б.
г) қанның ізі, темекі тұтқылындағы сілекейдің ізі, тер және басқа да адамнан бөлінетін заттар;
д) шаш, киім талшықтары;
е) сырдың ұшқан жері, шаң көтерілген, т. б. жәбірленушінің немесе айыпкердің бойында қалған дақтар;
ж) қылмыскермен қалдырылған, жоғалтып алған, тастап кеткен заттар;
з) қылмыстың құралы;
и) қарудан қалған заттар, (гильза, пыж, бытыра, картеч және т. б. ) .
Тергеудің осы кезеңінде куәгерлерден жауап алынады.
Жауап алу барысында қылмыстың қалай болғандығы жөнінде; жәбірленуші мен айыпкердің арасындағы қарым - қатынастың қалай болғандығы; арасындағы дау - дамайдың қалай басталып оның қалай өзгергендігі және айыпкердің жәбірленушіге қандай қауіп - қатер төндіргендігі; айыпкердің жеке басы жөнінде; қылмыстың болу себебін (мотив) анықтау қажет.
Денсаулыққа қасақана жарақат келтіруге байланысты қылмысты тергеу барысында сезіктінің үйіне тінту жүргізу және сезіктіден жауап алу әрекеттері де жүргізіледі.
Біріншіден, сезіктінің немесе қылмыскердің бойынан қылмыстың ізін немесе қылмыстың қаруын тексеріп алу мақсатында жеке тінту әрекеті жүргізіледі.
Екіншіден, сезіктінің тұрғылықты орнын тінту шеңбері және оған баға беру кеңірек болып келеді. Әсіресе адам өміріне қастандық жасап, кейіннен ол азамат өлген жағдайда.
Үшіншіден, табылған заттар болған кезде, әсіресе ол заттардың келесі жағдайларына мән беріледі: табылған зат кімге тиесілі, белгілі бір орында қару сақталғандығын дәлелдейтін заттар, қылмыстың қаруы, басқа да айғақ заттар іздер т. б.
Осы кезеңде жедел - іздестіру шараларын жүргізудің мақсаты - қылмыстың болған себебін анықтап, егер айыпкер белгісіз болса ол айыпкерді анықтау және одан жауап алу, қылмысты сол жасағанын дәлелдеу болып табылады.
Денсаулыққа зиян келтіруге байланысты келесі тергеулік әрекеттер айыпкердің қалай анықталғандығына байланысты болады. Мәселен, жәбірленушінің айтуына байланысты ма немесе тергеу барысында анықталды ма?
Бірінші жағдайға байланысты іздеу әрекеттері жүргізіле отырып бұрын сұралмаған куәгерлерден жауап алынып, қылмыстың жасалу себеп - салдары (мотиві) мен басқа да мән - жайлары анықталса;
Екінші жағдайда жоғарыда көрсетілген тергеулік әрекеттер айыпкерге жүргізіледі.
Жауап алу барысындағы мінездемеге және куәгерлерге байланысты жәбірленушіге айыпкер белгілі адам ба немесе жоқ па, соны білуге болады. Ұйымдасқан топтың қылмыс жасауынан келесі, мәселелерді анықтаған жөн: бұл топқа қандай мінездеме беруге болады, қылмыстың оқиғасына байланысты ол қылмыстағы қатысушылардың рөлі, олардың ерекше белгілері бір - бірімен байланысу ерекшеліктері және жәбірленушімен қандай қатынаста болды және т. б. анықтау қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz