Мемлекетшілік және халықаралық құқық кепілдіктері



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Халықаралық құқық ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Халықаралық шарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Халықаралық шарт халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Халықаралық құқық доктринасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Құл иеленушілік қоғамда халықаралық жеке құқық болған емес. Бұл ежелгі Римдегі шетел азаматтарының құқықтарының танылмауынан байқалады. Ежелгі Ману заңдарында шетелдіктер ең төменгі қоғамдық баспалдақтан орын алды. Юстиниан Дигесталары коллизиялық нормаларды бекіткен емес. Бірақ та ежелгі өмірде мемлекеттердің арасында тауар айналымы болып, оны құқықтың көмегімен реттеу қажет болды. Осындай айналымның қажеттігін қамтамасыз ету үшін ежелгі рим заңгерлері «халық құқығы» деп аталатын құқық нормалаларын құру жолымен шешті. Басқаша сөзбен айтқанда, олар коллизиялық нормалар құрмады. Оны Гай, Ульпиан, Цицерон еңбектерінен байқауға болады.
Жария тәртіп түсінігі халықаралық жеке құқықта орта ғасырда құрыла бастады. Сол кезде екі түрлі статус туралы айта бастады. Біріншісіне қаланың шегінде қолданыста болған статут туралы айтылды. Екіні түрі қаланың, мемлекеттің аумағынан тыс қолданылатын болды. Сөйтіп орта ғасырда халықаралық жеке құқықтың негізі қалана бастады, бұл сауданың және шетелдік саудагерлердің қызметімен байланысты болды.
Теңіз саудасы мен теңізде жүзудің дамуына байланысты ашық теңіздегі және мұхиттағы кеменің еркін жүзу қағидасы барлық мемлекеттер үшін таныла бастады. Теңіз құқығының әдет-ғұрпы бекітіле бастады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Баскин Ю Фельдман Д.И. История международного права.М., 1990г
2. Карташкин В.А. Международные механизмы защиты прав человека. М., 2003
3. Кудайбергенов М.Б. Методы работы Интерпола. Алматы. 1999г
4. Кулжабаева Ж.О. Международное публичное право. Алматы, 2002г
5. 1. Ө.Қ.Қопабаев. Шетелдердің конституциялық құқығы: – Алматы:1998.
6. 2. А.К.Абельдинов, Ө.Қ.Қопабаев. Конституционное право зарубежных стран: – Алматы:1997.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 Халықаралық құқық ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Халықаралық шарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 Халықаралық шарт халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Халықаралық құқық доктринасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе
Құл иеленушілік қоғамда халықаралық жеке құқық болған емес. Бұл ежелгі Римдегі шетел азаматтарының құқықтарының танылмауынан байқалады. Ежелгі Ману заңдарында шетелдіктер ең төменгі қоғамдық баспалдақтан орын алды. Юстиниан Дигесталары коллизиялық нормаларды бекіткен емес. Бірақ та ежелгі өмірде мемлекеттердің арасында тауар айналымы болып, оны құқықтың көмегімен реттеу қажет болды. Осындай айналымның қажеттігін қамтамасыз ету үшін ежелгі рим заңгерлері халық құқығы деп аталатын құқық нормалаларын құру жолымен шешті. Басқаша сөзбен айтқанда, олар коллизиялық нормалар құрмады. Оны Гай, Ульпиан, Цицерон еңбектерінен байқауға болады.
Жария тәртіп түсінігі халықаралық жеке құқықта орта ғасырда құрыла бастады. Сол кезде екі түрлі статус туралы айта бастады. Біріншісіне қаланың шегінде қолданыста болған статут туралы айтылды. Екіні түрі қаланың, мемлекеттің аумағынан тыс қолданылатын болды. Сөйтіп орта ғасырда халықаралық жеке құқықтың негізі қалана бастады, бұл сауданың және шетелдік саудагерлердің қызметімен байланысты болды.
Теңіз саудасы мен теңізде жүзудің дамуына байланысты ашық теңіздегі және мұхиттағы кеменің еркін жүзу қағидасы барлық мемлекеттер үшін таныла бастады. Теңіз құқығының әдет-ғұрпы бекітіле бастады.
Феодалдық құқық типінің орнына капиталистік елдердің азаматтық құқықтары келе бастады. Шетелдіктердің құқықтық жағдайы олар үшін ұлттық жағдай енгізу жолымен жақсара бастады. Яғни шетелдік азаматтардың құқықтық мәртебесі сол мемлекеттің азаматының құқықтық жағдайына теңестірілді.
Ағылшын-американ доктринасы мемлекет тек қана өз құқығын қолданады, бірақ ол өз аумағында шетел заңының негізінде ие болған субъективтік құқықтарды өз аумағында тани алады деп есептеді.
Бұл тақырыпта қарастыратын негізгі мәселем халықаралық құқықтың ұғымын түсіндіру, оның жүйесі және халықаралық шарттар болып табылады.

1 Халықаралық құқық ұғымы
Халықаралық құқық - халықаралық қатынасқа түскен мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін құқық саласы болып табылады.
Құқық нормасы жалпы субъектілер тәртібінің, норманың реттеуші әсері шеңберінде қамтылатын барлық субъектілеріне қатысты ортақ міндетті тәртібінің стандарты. Жоғарыда келтірілген анықгама ішкімемлекеттік құқықка тән, дегенмен мұндағы "құқық" деп ортақ міндеттілік сипатыңдағы дұрыс зандардың нормалары жайында айтылса керек. "Халықаралық кұқықтың нормасы" ұғымының "жалпы құқық нормасы" ұғымынан біршама айырмашылығы бар. Олардың айырмашылығы мынада, яғни халықаралық құқықтық қатынастардың негізгі реттеу тәсілі болып, екі жақтың келісімге келуі (консенсус) танылады.
Консенсус - шеімдерді талқылау мен қабылдау рәсімі және де оған мүше мемлекеттердің ойларын үйлестіру дауыс берусіз және қабылданғалы отырған шешімдерге жалпы формальды қарсылықтарының болмауы тән. Ұйымдардың өзара қарым-қатынастарының нысандары мен әдістері әртүрлілік сипатқа ие болып келеді. Халықаралық ұйымдар құқық саласының нормативті базасы ұлғайып келеді. Халықаралық құқықтың субъектісі бола отырып, халықаралық ұйымдар құқықтық нормаларды дүниеге әкелуде. Бұл ұйымның заң шығарушылық қызметінің бірінші түрі болып табылады. Екінші түріне квази заң шығарушылық қызмет жатады. Бұл жағдайда халықаралық ұйым құқықтық норма шығармайды, бірақ заң шығарушылық процеске қатысады. Заңшығарушылық функция қамтамасыз етіледі.
Осыған сай, халықаралық құқықтың негізгі кайнар көзі екі жақтың келісімін бекітетін акт болып табылады яғни халықаралық шарт. Сонымен, халықаралық шарттың нормалары бүкіл халықаралық жария құқықтың нормативтік механизмінің едәуір үлкен бөлігін құрайды. Соған сәйкес халықаралық шарттың нормалары ретінде көрсетілген "халықаралық құқық нормасы" ұғымының сол бір бөлігіндегі тәртіп ережесінің ортақ міндеттілігі жайында айтылуы мұмкін еместі. Әрине, халықаралық нормалардың құрылуы, халықаралық шарттың негізінде ғана жүрмей, сондай-ақ халықаралық құқықтық әдет-ғұрыптардан, халықаралық құқықтың негізгі кағидаларынан (jus cogens нормалары), кұқыктың ортақ қағидаларынан т.б. шығып калыптасады
Аталған нормалар (яғни, мұндағы халықаралық құқықты әдет ғұрыптар мен халықаралық құқықтың ортақ қағи-далары негізінде қалыптасатын нормалар) халықаралық құқықтың барлык субъектілеріне қатысты ортақ міндетті-реттеуші әсеріне ие.
Осы арада jus cogens нормалары түсінігінің мазмұнын айта кету қажет. Бұл нормалар ретінде негізгілері, халықаралық құқықтағы бастапқы тамырын реттеуші нормалары тұсіндіріледі. 1969 жылғы Халықаралық шарттар құқығы жайындағы Вена Конвенциясына сәйкес, (53-бап) jus cogens нормасы, мемлекеттердің халықаралық қауымдастығымен жалпы қабылданатын және мойындалатын норма да ретінде анықталады. Бұдан ауытқуына жол берілмейді де, оның өзгеруі тек халықаралық құқықтың дәл осындай сипатындағы келесі нормамен ғана жүзеге асуы мұмкін. Бұл ұғымның халықаралық құқықтық тәжірибеге келуі доктриналық кайнар көздерінен басталады (яғни, ғалымдар шығарған). Бүгінгі танда ол халықаралық жария кұқық ғылымында жалпыға танылған болып саналады. Алайда бұл нормалар мемлекеттердің, олардың мазмұны мен заңды күшіне орай, еркімен санасу жолымен де қалыптасады.
Бұл нормалардың жалпы халықаралық құқық нормаларынан айырмашылығы - оларда бекітілген тәртіп ережелерінің едәуір жоғары маңыздылығының дөрежесі болып табылады. Нормалардың өзі, халықаралық құқық қайнар көздерін объективтілеудің дербес, заңды бір формасы ретінде алға жылжымайды. Олар әдеттегідей, халықаралық шарттарда негізделеді. Соған қарамастан, халықаралық құқықтың өзге нормалардан айырмашылығынан келтірілген ең маңызды ізі jus cogens нормаларының ең жоғарғы занды күші болып табылады. Мысалға мемлекеттер өз еріктерінің автономия қағидасына негізделе отырып, өздерінің келісімдерінде (мысалы, екі жақты келісімдерінде) сан алуан нормалары мен өз тәртіптерінің құқықтары мен міндеттемелерінің нұсқауларын және т.б. бекіте алады. Алайда олардың халықаралық құқықтың императивті нормаларына (jus cogens) қайшы келген жағдайында жоғарыдағы шартты ережелер өте шамалы ғана болып есептеледі. Біздің пікірімізше, jus cogens нормаларына тән бір мысал, олар халықаралық жария кұқықтың қағида нормалары болып табылады: күш қолданбау және күшпен қатер төндірмеу, агрессияға тыйым салу, дауларды бейбіт жолмен шешу, мемлекеттердің егемендігін құрметтеу және олардың ішкі істеріне араласпау, адам құқығын қорғау және т.б. Дегенмен қазіргі халықаралық құқықта мұндай нормалардың жоқ екенін айтуға болады. Екінші жағынан алып қарағанда, сондай тізімді қалыптастыру бізге мүмкін еместігі айқын көрінеді, дегенмен халықаралық қатынастардың тарихи аспектісіндегі даму динамикасы өмірдегі стандарттардың әрқашан жаңартылып отыруын, оның өзгерілуін, толықтырылуын т.б. талап етеді.

Халықаралык құқық нормаларын топтастыру
Халықаралық құқық нормаларын, жалпы құқық нормалары секілді түрлі себептерге орай топтастыруға болады. Біздің ойымызша, ең өзектілері мыналар болып табылады:
1) Реттеуші ықпалының мазмұны бойынша: - реттестіруші нормалар: осыған сай қатынастардың қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін, тәртіп ережелерін бекітетін нормалар, - қорғаушы нормалар, нақты жағдайларға қатысты алдын ала қарастырушы заңды жауапкершіліктің шаралары, яғни мұндағы халықаралық құқықтық сипатындағы жауапкершіліктер. Көп жағдайларда, екі түрі бірдей нормаларында жинақталады, алайда сирек кездеседі.
2) Реттеуші ықпалының сипаты бойынша: - императивті-абсолюттік, анықталған тәртіптің апелляциясыз қалыптасқан моделі бар нормалар (көбінесе оны орындама-ғандығы үшін санкциясы бар нормалар); - диспозитивті нормамен көрсетілетін, тәртіп моделін таңдап алу мүмкіндігін ұсынатын нормалар.
3) Осы шеңбердегі халықаралық құқық нормасының реттеуші ықпалының жүзеге асырылатын уақыт мөлшеріне байланысты:
- тұрақты күші бар (мысалы мерзімсіз сипатының нормалары);
- уақытша күші бар, сонымен қоса, өзінің заңды күшін мерзімді растайтынын талап етуші нормалар.
4) Императивті сипаттағы нормалардың мынадай түрлерге болінетінін тағы бір атап көрсету қажет, яғни олар:
- қарапайым императивті нормалар;
- jus cogens императивті нормалар, бұлардың түсінігі жоғарыда айтылған болатын. Жалпы, былайша көрсетуге болады, яғни қандай да бір объектіні топтастырудың өзі (мұнда халықаралық құқық нормаларын топтастыру жағдайы айтылады) шартты болса керек, үлгілік, тәлімдік сипатын ұстанады. Сондықтан да айтатынымыз сөзсіз, жоғарыда аталған түрлердің шеңберінде әр түрлі элементтерді біріктіретін нормалардың болуының озі де ықтимал.

Халықаралық құқық жүйесі
Құқық жүйесі мен халықаралык құқық (жекеше алып қарастырғанда) жүйесі жайындағы мәселелер маңызды болып келеді. Екі ұғымды айта кетуге болады, яғни ұлттық құқықтың жүйесі (яғни ішкі мемлекеттік құқық жүйесі) мен халықаралық құқық жүйесі. Бұл ұғымның әркайсысы бірдей болып табылмайды, сонымен қатар, олар әр түрлі кеңістікте әрқалай жүреді. Ұлттык. кұқық жүйесі салаларға, институттар мен нормаларға бөлінуін көрсетеді; яғни жария кұқықтық, жеке құқықтық, қылмыстық кұқықтық жәнә т.б.
Халықаралық құқықтың қайнар көздері - оның субъектілерінің еркіндігін көрсетіп, халықаралық құқықтың нормаларымен айқындалатын нысандар
Қайнар көздері: халықаралық шарт, халықаралық әдет ғұрып.
Ұлттық құқық жүйесі, әрбір жеке алып қарастырылатын мемлекетке тән нәрсе. Халықаралық құқық жүйесі бір ғана халықаралық құқықтың мемлекетаралық сипатынан туындайды. Бұл жүйеде жалпы және ерекше белімдерге бөлінуі көрсетіледі, осы шеңберде қандай да бір салаларға жататындығы, институттарға бөлінуі, ең ақыры нормаларға келіп тіреледі. Мұның ұш тармаққа бөлінуі халықаралық құқықтың ерекше бөліміне қатысты болып саналады. Жалпы бөлімінде, тек негізгі кіріспелік сипатындағы тараулары жайында айтылады, алайда олардың біразы халықаралық құқықтың нақты нормаларын қайткенмен де біріктіре түседі. Соған сәйкес, олардың шеңберінде халықаралық қатынастардың нақты реттелуі жүзеге асырылады, мысалға халықаралық шарттардың құқығы, халықаралық кұқықтағы жауапкершілік, халықаралық ұйымдардың құқығы. Толық айтқанда, қазіргі халықаралық құқық, тұрып қалған жұйені көрсете отырып, салаларға қарасты түрлерін кіргізеді.
Жалпы бөлім ішінде:
* Халықаралық құқық ұгымы, тарихы, қызметі, қағидалары;
* Халықаралық құқық субъектілері;
* Халықаралық құқық қайнар көздері;
* Халықаралық шарттар құқығы;
* Халықаралық ұйымдар құқығы;
* Халықаралық құқықтағы жауапкершілік.
Ерекше бөлім ішінде:
* Халықаралық қауіпсіздік құқығы және дауларды бейбіт жолымен реттеу;
* Дипломатиялық және консулдық құқық;
* Адамның халықаралық құқықтары мен халық мәселесі;
* Халықаралық құқықтағы жер мәселесі;
* Халықаралық қоғамдық құқық;
* Халықаралық экономикалық құқық;
* Халықаралық теңіз құқығы;
* Халықаралық әуе құқығы;
* Халықаралық экологиялық құқық;
* Халықаралық ғарыш құқығы;
* Халықаралық қылмыстық құкық.
Халықаралық құқықтың жалпы және ерекше бөлімдерінде әр түрлі авторлармен қосымша тараулары да көрсетілген, мысалы, халықаралық құқықтық реттеу, халықаралық құқық нормаларын қолдану және талқылау (жалпы бөлім ішінде) ғылыми-техникалық ынтымақтастықты халықаралық құқықтық реттеу (ерекше бөлімі ішінде) және т.б.

1.2 Халықаралық шарттар
Қазақстан тәуелсіздік алуынан бастап (1991 жылдың 16 желтоқсанында) республиканың халықаралық белсенділігі артты. 1998 жылдлың 1 қаңтарындағы қалпы бойынша Қазақстан Республикасы 800 ден астам халықаралық шарттарға қол қойды. Қазақстанның қол қойған халықаралық шарттарының көбі халықаралық жеке құқық қайнар көздері болып табылады. Сонымен, азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы екі жақты шарттарды атауға болады: Қазақстан Литва Республикасыиен (9.08.1994ж), Қытай Халық Республикасымен (14.01.1993ж), Монғолиямен (22.10.1993ж) және басқа да елдермен құқықтық көмек көрсету туралы шартқа қол қойды.
Халықаралық шарт дегеніміз халықаралық құқық субъектілерінің ерікті келісімі.
Түрлері:
1. Қатысушылардың құрамына орай: екіжақты және көпжақты
2. Объектісіне орай: саяси, экономикалық, әлеуметтік
3. Бекіту органына қарай: мемлекетаралық, үкіметаралық, ведомствааралық
4. Мерзіміне қарай:
мерзімді және мерзімсіз
5. Заңи салдарға байланысты: өзі орындалатын және өзінен өзі орындалмайтын.

Халықаралық ұйымдардың қатысумен жасалған шарттар дегеніміз-қазіргі кезде халықаралық ұйымдардың шарттық практикасы нәтижесінде алынған нормалар санының өсу үрдісі орын алған. Сонымен қатар, мемлекеттер халықаралық құқықтың субъектісі бола отырып, халықаралық құқықтың туынды субъектілерінің шарттық практикасының маңызы арта түскенің де еске алып отырады. Он екі жыл бойы (1970-1982) халықаралық құқық комиссиясы мемлекеттермен халықаралық ұйымдар немесе халықаралық ұйымдар арасындағы шарттар құқығы туралы конвенция жоспарын дайындайды. 1969 жылғы халықаралық шарттар құқығы туралы конвенцияда халықаралық ұйымдардың шарт жасау құқық қабілеттігін белгілейтін бап бар. Бұл конвенциялық нормаға сәйкес құқық қабілеттік осы ұйымның сәйкес ережелерімен реттеледі.
Қағидалар
1. Күш қолданбау және күш көрсетіп қорқытпай қағидасы
2. Мемлекеттің ішкі ісіне араласпау
3. Халықаралық дауды бейбіт жолмен шешу
4. Ынтымақтастық
5. Халықатардың өзін өзі анықтау және теңдік қағидасы
6. суверенитетті теңдік қағидасы-
7. Міндеттемелерді адал орындау қағидасы
8. Аумақтық біртұтастық қағидасы
9. Шекараны бұзбау қағидасы
10. Адам құқығын құрметтеу.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мүшелері 2002 жылдың 7 қазанында Құқықтық көмек және азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар туралы Конвенцияны 10.03.2004 жылы ратификациялады.
Ратификация-халықаралық шартты мемлекеттік биліктің жоғары органымен бекіту.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының басқа иеилекеттермен көлік саласындағы келісімдерді атау қажет.
Халықаралық жеке құқықтың негізгі қайнар көздері болып Қазақстанның басқа мемлекеттермен сауда туралы шарттары (келісімдер, меморандумдар) саналады.
Әрі қарай, Қазақстанның екі шақты салық салу туралы келісімдері жайлы атап өту қажет. Атап өтетін болса, Ұлыбританияның құрама Патшалығымен және Солтүстік Ирландиямен (21.03.1994ж.), Венгрия Республикасымен (07.12.1994ж.), Италия Республикасымен (22.09.1994ж.), Польша Республикасымен (21.09.1994ж.), АҚШ пен (24.10.1993ж.).
Қазақстан Республикасы халықаралық-құқықтық актілерге қосылу саласында бірнеше қадамдарын жасады. Атап өтсек, 1992 жылы 26 маусымда Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Халықаралық валюталық қорда, (ХВҚ), Халықаралық банкты қайта құру және дамыту (ХБҚД), Халықаралық қаржылық корпорация (ХҚК), Халықаралық Қаржылық корпорациясы (ХҚК), Халықаралық даму ассоцияциясы (ХДА), Инвестициясының кепілдемесі бойынша көпжақты агенттік (ИККА) және Инвестициялық бәсекелестікті ретотеу бойынша халықаралық орталық (ИБРХО) мүше болу туралы заңы қабылданды. Кейіннен, 1996 жылдың 16 ақпанында Қазақстан Республикасы келесі халықаралық-құқықтық актілерге қосылды: 1883 жылы 30 наурызда өнеркәсіптік меншікті қорғау бойынша Париж конвенциясы.
Халықаралық ұйым - бұл белгілі бір мақсаттарды орындау үшін халықаралық шарттар негізінде құрылған тұрақты қызмет ететін органдар жүйесі бар халықаралық құқық субъектілікке ие және халықаралық құқықтың нормаларымен қағидаттарымен негізінде мемлекеттердің тұрақты бірлестігі. Халықаралық ұйымның белгілеріне: халықаралық жарғылық шарттың болуы, белгілі бір мақсаттардың болуы, сәйкесінше ұйымдық құрылымы: тұрақты органдар жүйесі және штаб-пәтері; мүше мемлекеттер құқығымен мен міндеттерінен ажыратылатын өзіндік құқықтары мен міндеттері; халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарына сәйкес құрылуы; үш және одан да көп мемлекеттер мүшелігі жатады.
Халықаралық ұйымның белгілері
1. халықаралық құрылтай шартының бар болуы
2. белгілі мақсаттардың бар болуы
3. сәйкес ұйымдық құрылымның бар болуы
4. құқықтар мен міндеттердің бар болуы
5. мүшелілік.
БҰҰ Қарулы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық шарттар нормаларын қолданудың халықаралық құқықтық негіздері
Жеке тұлғаларадың халықаралық құқықтық субектілері
Еуропа одағы
Шетел инвестицияларының ұлттық экономиканың дамуындағы ролі
Еуропалық одақтың әлеуметтік саясаты
ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ Еуропа одағының қалыптасуы мен дамуы
Инвестиция және оның теориялары
Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО)
Мемлекеттік қызмет жайлы
Қазақстан экономикасында шетел инвестициясын қолдану тиімділігі
Пәндер