Шетелдердегі монархтың құқықтық мәртебесі



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Шетелдердегі монархтың құқықтық мәртебесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2 Президенттің монархтан айырмашылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
КІРІСПЕ
Көптеген шетелдердің Конституциясында мемлекет басшысы институты бекітілген. Мемлекет басшысы деп, басқарудың ешбір нысанына қарамастан, белгілі бір елдің мемлекеттік билік жүйесіндегі заңды түрдегі жоғары лауазымды тұлғаны айтады.
Монархия нысанында басқарылатын елдің мемлекет басында монарх (король, император, әмір, сұлтан, т.б.) отырады.
Монарх билігі мирасқорлықты: тақ мирасқорлығы тәртібі конституциямен не басқа да бір заңдармен бекітіледі. Айталық, Жапония Конституциясы бойынша императорлық тақ әулеттік болып саналып, Парламент бекіткен (Императорлық әулет) заңына лайықты басқару белгіленсе, онда регент император атынан елдің Конституциясында қарастырылған іс – әрекеттерді ғана жүзеге асыра алады.
Осылайша біз шетелдердегі монархтың құқықтық мәртебесіне тоқталайық.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Ө.Қ.Қопабаев. Шетелдердің конституциялық құқығы: – Алматы:1998.
2. А.К.Абельдинов, Ө.Қ.Қопабаев. Конституционное право зарубежных стран: – Алматы:1997.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ
ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ
ҚҰҚЫҚТАНУ КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ
Пәні: Шетелдерінің конституциялық құқығы
Тақырыбы: Шетелдердегі монархтың құқықтық мәртебесі

Орындаған: ЮС - 10 - 03 тобының студенті
Балтабайұлы О.
Тексерген: аға оқытушы Беспай Т.Ж.

АҚТАУ - 2011 ж.
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Шетелдердегі монархтың құқықтық мәртебесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...4
2 Президенттің монархтан айырмашылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

КІРІСПЕ
Көптеген шетелдердің Конституциясында мемлекет басшысы институты бекітілген. Мемлекет басшысы деп, басқарудың ешбір нысанына қарамастан, белгілі бір елдің мемлекеттік билік жүйесіндегі заңды түрдегі жоғары лауазымды тұлғаны айтады.
Монархия нысанында басқарылатын елдің мемлекет басында монарх (король, император, әмір, сұлтан, т.б.) отырады.
Монарх билігі мирасқорлықты: тақ мирасқорлығы тәртібі конституциямен не басқа да бір заңдармен бекітіледі. Айталық, Жапония Конституциясы бойынша императорлық тақ әулеттік болып саналып, Парламент бекіткен (Императорлық әулет) заңына лайықты басқару белгіленсе, онда регент император атынан елдің Конституциясында қарастырылған іс - әрекеттерді ғана жүзеге асыра алады.
Осылайша біз шетелдердегі монархтың құқықтық мәртебесіне тоқталайық.

1 Шетелдердегі монархтың құқықтық мәртебесі
Шетелдердегі монархтың құқықтық мәртебесіне тоқталсақ, Монархқа мынадай құқықтық мәртебе тән:1. Монарх (король, император, патша, хан, шах) бейнесінде мемлекеттің дара басшысының болуы. 2. Монарх өзінің функциясын мұрагерлік жолмен, туыстық құқығы жолымен, кейде - сайлау жолымен алуы. 3. Монархтың өз қызметін мерзімсіз, яғни өмір бойы атқаруы. 4. Монархтың ішкі және сыртқы қатынастарда мемлекетті кепілдік (мандат) бойынша емес, өз құқығы бойынша көрсетуі. 5. Монархтың өзінің әрекеті мен қылығына заңмен көзделген жауаптылығының болмауы.
Ұлыбританияда мемлекетінде теоретикалық жағынан монарх мемлекеттік биліктің негізгі бастауы болып табылады. Ол - мемлекет басшысы. Оған сонымен қоса теоретикалық жағынан атқарушы билік те тән. Монарх парламенттің құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ іс жүзінде монарх заң шығару процесіне араласпайды, яғни оның вето қою құқығы жоқ. Сонымен қатар атқарушы билік ісіне де араласпайды. Мемлекетті министрлер кабинеті басқарады. Бұл жерде басты фигура премьер-министр болып табылады. Ал теориялық жағынан мемлекетті Оның әміріндегі мемлекет деп атайды. Үкіметті екі палаталы жүйе сәйкестендірілген парламент кейбір жерлерде басқарып отырады. Ұлыбритания мемлекетінің басшысы АҚШ пен салыстырғанда сайланбалы емес. Ол мұрагарлік арқылы беріледі. Бұл жерде мұрагерліктің кастильдік жүйесі қолданылады, яғни бұл жүйе бойынша билік Виндзорлар әулетіненде әкесінен үлкен баласына беріледі, егер ұлы болмаса үлкен қызына беріледі. Сонымен қатар монарх мұрагерді өзі сайлай алады. Кей кездері монарх билікті өз туысқанына берген. Бұл ХХ ғ. Бір рет кездеседі. Ұлыбританиядағы монарх бұл ұлттардың бірлігінің символы болып табылады. Оны әлеуметтік қоғамның тұрақтылығының негізгі белгісі болып табылады. Ұлыбритания тарихында монархтық республикаға қарсы тарихи қозғалыстар мен көтерілістер болмаған.
Монарх көптеген артықшылықтарға ие. Оны қылмыстық, азаматтық, әкімшілік жазаға тартуға болмайды. Монарх политикалық тұрғыдан нейтрал болып табылады. Ол белгілі бір партия мүшесі болмайды, мемлекетті басқару кезінде белгілі бір саяси жауапкершілікті өз мойнына алмайды. Монарх үшін оның министрлері жауап береді. Діни тұрғыдан монарх протестант болуы керек және католикпен бірге тұрмыста болмауы керек.
Құқықтық жағынан британдық монарх көптеген артықшылықтарға ие. Оны корольдік прерогатива деп атайды. Бұл ерекше құқықтар орнықтырылған дәстүрлерде, конституциялық салтта белгіленген. Кей кезде бұл ережелер соттық прецедентте бекітіледі. Бұлар заң болып табылмайды және парламентке байланысты емес. Парламентпен қатынас кезінде бұл құқықтар үкімет басшысының бұйрығымен орындалады. Бұл премьер-министр болып табылады. Премьер-министр барлық заңдарды қадағалайды. Ол абсолютты вето құқығына ие. Бірақ іс жүзінде Ұлыбритания премьер-министрі вето қою құқығын 1757 жылдан бастап қолданбады. Монарх парламеттің құрамдас бөлігі болып табылады, бірақ парламенттің, яғни Өкілдер палатасының жиналысына тек арнайы шақырту арқылы қатыса алады. Ол парламенттің жыл сайынғы сессиясының ашылуында трондық сөз сөйлеуде сөйлейді. Трондық сөз лордтар палатасында оқылады. Бұл жерге өкілдер палатысының мүшелері шақыртылады. Өкілдер палатасының мүшелері бұл сөзді орындарынан тұрып тыңдаса лордтар палатасының өкілдері орындарында отырып тыңдайды. Трондық сөз кейін әр палатада айтылып талқыланады. Бұл сөзден министрлер кабинетінің келе жатқан жылдың программасы құрастырылады және бұл сөзді премьер-министр дайындайды. Монарх бұл тексттен бірде-бір сөзді өзгертуге қақысы жоқ. Тіпті, бір сөздеріне арнайы интонация қоюына да болмайды. Монарх өкілдер палатасын таратып, сайлаудың жаңа мерзімін бекітеді. Бұны ол тек үкіметтің келісімімен соның ішінде премьер-министрдің қолдауымен атқарады.
Теория жүзінде монарх үкімет басшысын орнына тағайындайды делінген. Бірақ іс жүзінде үкімет басшысын өкілдер палатасында көпшілік дауысқа ие болған сайлана алады. Бұны сенім вотумы деп атайды. Бұған әрине жеңген партияның өкілі сайланады. Кей кездері жеңген партия бір адамды кандидат етіп бекіте алмағанда, монарх өз даусын берген. Бұндай оқиғалар 1957, 1963, 1974 жылдары болған. Үкімет монарх атынан актілер шығарады. Ол кеңес туралы бұйрық деп аталады, кейін бұны құпия кеңесте қарайды, ал бұндағы болған жағдайларды премьер-министр монархқа баяндауға міндетті.
Монарх сыртқы саясатқа араласуға құқығы бар. Ол Британдық Достастықтың басшысы болып табылады, ал кейбір елдерде ол генерал-губернатор ретінде танылған. Бұл тәуелсіздік алған елдердің конституциясында көрсетіліп бекітілген. Ол құқықтық тұрғыдан әскери күштің қолбасшысы болып табылады. Монарх жоғарғы әскери басшыларды сайлайды, оларға шен, атақ береді. Сонымен қатар монархтың өзі де шенге ие. Мысалы қазіргі Елизавета ІІ полковник болып табылады. Корольдің құзіретіне соғыс пен бейбітшілік туралы мәселелер, амнистия, ақтау деген мәселелер кіреді. Монархтың өзіне қатысты жеке артықшылықтары бар. Корольдік регалилерге тақ, тәжі, мантия, держава, скипетр, титул, монархқа міндетті түрде Сіздің әміріңізбен деп сөйлеу. Сонымен бірге корольдік сарай монарх артықшылығының бірі болып табылады. Сарай корольдің өзіне және оның жанұясына қызмет ететін қызметшілерден тұрады. Ал король туыстарының барлығының өздерінің белгілі бір титулдары бар. Ал негізгі корольдің артықшылығы парламентпен бекітілетін цивильдік қағаз,яғни бұл корольдің жеке шығындары мен оның сарайын қамтамасызь ету үшін қажет. Қазіргі кезде монархтың жеке шығындары үшін 8 млн. фунт стерлинг немесе 5 млн АҚШ долларын құрайды. Монарх салық төлеумеуге құқылы, бірақ қазіргі королева Елизавета ІІ ондай артықшылықтан өз еркімен бас тартты. Монарх, тақ мұрагері және оның кейбір туыстары өздерінің жеке жылжымайтын мүліктеріне ие. Соған қоса тақтық меншік болып табылатын сарайлар, жерлерге ие болады. Бұндай меншік оларға пайда әкелуі мүмкін, бірақ оның бұл тақтық меншікті олардың сатуға құқығы жоқ. Олар сонымен қатар бағалы қағаздардың иелері, жеке меншікке иелік етуге олардың құқықтары бар. Және жеке меншіктеріне өз қалауларынша әмірлік жүргізе алады. Барлық жазылғандардан қорытынды монарх құқық тұрғысынан көптеген артықшылықтарға ие болғанмен практика жүзінде айтылған артықшылықтар жүзеге аспайды. Бұны біз өлі артықшылықтар деп атауымызға болады. Монарх шығарған барлық актілер контрасигнацияға ұшырайды, яғни міндетті түрде актінің астына премьер-министрдің қолының қойылуын қажет етеді. Ол болмаса акті заңды болып танылмайды, монарх қарамағында құпия кеңес болады. Бұл оның құрамында ешқандай құпиялық жоқ. Кеңес құрамына екі палатадан өкілдер, корольдің жанұясының мүшелері, епископтар, министрлер( олардың саны әр кезде әр қалай 300-400-ге дейін). Кеңес арнайы бір үлкен мейрамдарда, оқиға болған кезде жиналады. Бірақ көбіне кеңеске тек бірнеше адамдар жиналады. Және кеңес атынан монарх кеңес туралы бұйрық шығарады. Бұл бұйрықтармен министрлер кабинетінің шешімдері толтырылады. Кейбір сұрақтар парламентте жарияланбай тұрып, Құпия кеңесте айтылуы керек. Оған мысалы, парламентті тарату, соғыс жариялау, тақтан бас тарту, күшін жойған заңдар туралы, және т.б. жатады.
Енді Жапония секілді азиялық елдің тарихына көз салып көрелікші. VІІІ ғасырдың өзінде-ақ жапондықтардың санасында императорлық биліктің ел басқаруда күмән туғызбас заңдылық қағидаты орнығып үлгерді. Яғни әрбір жапондықтың жүрегінде императордан басқа ешкім мемлекет басшысы бола алмайды деген сенім ұялады. Алайда ұзақ уақыт бойы Жапонияда әскери диктатураның өзінше бір үлгісі саналатын, бар билік сегунның - "ұлы қолбасшының" қол астына шоғарланған сегунат институты әрекет етті. Араға үзіліс сала отырып сёгунат жүйесі 1192 және 1868 жылдар аралығында биліктің басқару тетігіне айналды. Сегунатқа тән сипатқа императорды бірқатар өкілдік және салтанаттылық функцияларына ие мемлекеттің номинальды басшысы ретінде сақтаушылық жатады. Императорға оның мәртебесіне лайық барлық құрмет рангілері берілгенімен, алайда оның қолында шын мәніндегі саяси күш болған жоқ.
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында Жапониядағы Токугава сегунатында феодалдық-абсолюттылық режимінің дағдарысы белең алды. Феодалдардың алауыздығы, елдің артта қалушылығы, шетелдік державалардың күш көрсетіп, қоқан-лоққы жасауы елдің монархиялық жүйені қайта қалпына келтіруіне түрткі болды. Императордың номиналдық билігі енді шын мәніндегі билікке айналды.
1868 жылдың 3 ақпан күні сегунның құлауынан кейін Жапонияның билеушісіне айналып, өзінің басшылығына Мэйдзи - Meіjі ("сауатты түрде жаулаушылық") деген атау берген 15 жасар император Муцихито таққа отырды. Жанына мықты кеңесшілер топтастырған Муцихито өз елін қаптап кеткен шетелдік феодализмнен құтқарып, еуропалық мәдениетті енгізуге және Жапонияны өркениетті мемлекеттердің қатарына қосуға бағытталған кең ауқымды реформалар жүргізе білді. Мейдзи басшылығы тек қана әкімшілік-құқықтық, мемлекеттік және саяси сипаттағы ғана емес, тағы да басқа көптеген реформа жүргізуімен ерекшеленді. Осы кезеңде Жапонияда бірқатар экономикалық және әлеуметтік реформалар орын алды.
Осы кезден бастау алатын монархтық билік, қазіргі таңда қолданысқа ие. Жапония мемлекеті - конституциялық монархия болып табылады. Мемлекет басшысы - аталғандай император. Император конституцияға енгізілген түзетулерді, заңдарды, үкімет шешімдерін жариялайды. Парламент отырысын шақыру, парламент сайлауын өткізу туралы Жарлығын шығарады.
Сонымен бірге қазіргі кезде басқарудың монархиялық нысанындағы елдерде мемлекет басшысы қызметін, әдетте, монарх жеке өзі жүзеге асырады. Дегенмен, мемлекеттер тәжірибесінде монарх сайлауы да болатынын айтып өткеніміз орынды. Мысалы, 1984 жылы Малайзияда мемлекет басшысына монарх болып Туанку Искандар әл - Мархум Сұлтан Исмаил сайланды.
Конституция монархтың иммунитеті мен индемнитетін анықтай отырып, оның жеке басына қол сұқпауды қарастырып қана қоймай, кейде оны қасиетті санайды; сол үшін мемлекет басшысына көптеген құрметті құқықтар мен шексіз құзіреттіліктер, айрықша титул, сондай - ақ жауапкершіліксіздік мәртебесі беріледі.
Енді осы жайларды анықтай түсу үшін конституцияларға жүгінейік. Мысалы, Испания Конституциясының 56 - бабында: "Корольдің жеке басына қол сұғылмайды, ол ешқандай жауапкершілікке алынбайды. Оның актілері әрдайым контрассигневтелген". Осы елдің Конституциясының 64 - бабында корольдің актісі тағы да контрассигневтелген (былайша айтқанда, қол қою арқылы бекітіледі, яғни үкімет төрағасының қолы қойылады және қажетті жағдайда, ведомстік қатыстығына қарай, актіге тиісті министр қол қояды).
Корольдің Сенатты және үкімет басшысын тағайындайтын немесе оны отставкаға шығаратын, конституция бойынша қарастырылған актілерін конгресс төрағасы контрассигневтеуге тиіс. Король актілерін контрассигневтеген адам ол үшін заңмен де, саяси жағынан да жауап береді.
Контрассигневтеу институты көптеген елдерде, оның ішінде басқарудың республикалық нысанындағы елдерде де кең етек жайғанын айта кеткен жөн.
Мароккода корольдің жеке басы цивилдік (ақшалай қаржы) қағазға ие болған (Марокко корольдігі Конституциясының 22 - 23 - баптары) Испанияда король мемлекеттік бюджеттен өзінің отбасы мен сарайды ұстауы үшін қаржы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық құқықтың негіздері
Шетелдердегі президенттің конституциялық құқықтық мәртебе
Шетелдердегі конституциялық құрылысы және оның негiздерi
Мелекет нысанының түрлеріне сипаттама
Шетелдердегі конституциялық қадағалау
Шет елдердің конституциялық құқығы
Шет елдердің конституциялық құқығын. Дәрістер жинағы
Мемлекеттiң басқару нысандары
Әкімшілік құқықтық тұрғыдан мемлекеттi басқару нысандарының түсiнiгi
Әкімшілік құқықтық тұрғыдан мемлекеттi басқару нысандарының түсiнiгi мен мазмұны
Пәндер