Маңғыстау облысының тарихы мен физикалық -географиялық жағдайы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ФИЗИКАЛЫҚ -ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ. . . …5

1. 1 Географиялық орны . . . . 5

1. 2 Маңғыстау қазыналы түбек . . . …. 7

1. 3 . . . . 8

2. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ - МӘДЕНИ НЫСАНДАРЫ

ЖӘНЕ ТУРИСТІК АЙМАҚТАРЫ . . . 10

2. 1 «Кендірлі» туристік зонасы . . . 30

2. 3 «Үстірт» қорығы . . . 32

2. 4 «Шақпақ - Ата» мешіті . . . 10

2. 2 Маңғыстау облысындағы тарихи - мәдени ескерткіштерді қорғау

және оларды қалпына келтіру . . .

3. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК ДАМУ ЖАҒДАЙЫ . . . 35

3. 1 Маңғыстау туризмнің қазіргі жағдайы мен болашағы . . . 35

3. 2 Туризм саласындағы кадрларды дайындау . . . 38

3. 3 Маңғыстау туризмнің даму мәселелері . . . 45

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .

КІРІСПЕ

Маңғыстау - көне заманғы жер - Ұлы Жібек жолының үзігі, түбек кеңістігінде өзіндік бейнесі және қызықты тарихы бар көптеген құрылыстары мен ескерткіштері сақталған. Маңғыстаудағы ескерткіштердің жалпы саны (облыс аумағында олар 10 мың шамасында) Қазақстанның барлық ескерткіштерінің 3/1 бөлігін құрайды. Археологтармен көптеген көне заман ескерткіштері, тас дәуірі адамдарының тұрағы табылды. Соңғы жылдардағы неғұрлым қызықтыларының бірі - Маңғыстау ауданының Ақмыш жерінде орналасқан 10-13 ғасырдың ортағасырлық қалашығының орны - Қызылқала. Таулы бөлігінің табиғи үңгірлерінде ғалымдар ертедегі жерасты қабырлар мен храмдар, бүтін сәулет құрылыстарын, жерасты мешіттері: «Бекет-Ата», «Шопан-Ата», «Қараман-Ата», «Сұлтан-епе» және көптеген т. б. ашты. Бұл киелі орындарға бармаған және демалыстағы көне тасты қолмен ұстауды, Уақыт пен Мәңгіліктің таңғажайып демалысын сезуді армандамайтын адамды сирек кездестіреміз. Маңғыстауда сондай-ақ экологиялық туризмді дамытудың теңдесіз мүмкіндігі бар. Облыс көп бейнелі ландшафтарға: Қарақия ойпатына, Түйесу құмдарына, Құланды кемеріне, Тынымбай және Боқты шоқыларына, сазды тақырлар мен қардай ақ сорларға, Үстірт шоқыларының тік жартас кемерлері мен шошақ төбе үшкірлеріне бай. Шеркала тауынан қашық емес жерде ірі көлемді тас шарлар тасталған. Облыс аумағында табиғаттың сұлу кескіндеме бұрыштары - каньондар: «Тамшалы - көңілді тамшылар» - Форт-Шевченко қаласынан үш километр қашықтықта, «Саура» - Каспий теңізінің жағасында, «Ақмыш» - Қаратау тауында, «Сұлтан-епе-сай» - ескі Хивин жолы бойынша, «Жемсен-сай» - Қаратау шатқалдарында және т. б. бар.

Флора мен фаунаға бай және сан салалы, мұнда Қазақстандағы құстардың 450 түрінің 70% шамасында және аз қоректілердің - үштен бір бөлігі мекендейді. Аймақта өсетін жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлері Халықаралық Қызыл Кітап пен Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Өсімдіктер де алуан түрлі. Үстірт дөңінде әртүрлі тұзды қоспасы бар жусан өсімдіктері, жыраларда қарағандар мен жыңғылдардың қопалары кезедеседі. Баурайлар мен тегіс учаскелер жерлерінде баялыш қопалары бар қара сексеуілдер өседі. Маңғыстау өзінің қорықтарымен: Үстірт табиғи қорығымен, Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорғалатын аймағымен, Ақтау-Бозашы және Қарағия-Қаракөл қорықтарымен белгілі.

Ақтау қаласы - облыс орталығы, Каспий теңізін бойлай тартады, жағажайдың жұмсақ климатын пайдаланушылар көп.

Қалалықтар мен қонақтар кезкелген басқа біреудің теңізде демалуын жоғары бағалайды, яғни жағада қонақ үйлер, демалыс базалары, сауықтыру емдеу орталықтары, әдемі құмды жағажайы бар балалар лагері салынған. 2005 жылы жағада, жұмыс жасаған өте қысқа мерзімінде табиғатта белсенді демалған уақытындағы комфорт әуесқойларынан оң баға алған «Stigl» спорттық-сауықтыру демалыс орталығы іске қосылды. «Stigl» спорттық-сауықтыру демалыс орталығы оңаша тұрған мейрамханасы, дөңгелек бары, «люксі», «жартылайлюксі», «стандарт» сыныпты номерлері бар қонақ үйі, бірқатар жазғы үйшіктер орналасқан. Жабық спорт кешенінде ересектерге арналған бассейн және балаларға арналған жылытуы бар бассейн, әдемі жабдықталған тренажер залы, сауна, массаж бөлмесі, косметика кабинеті жұмыс жасайды.

Облыс орталығы Ақтау қаласында екі яхта клубы жұмыс жасайды. Бұл желкенді спорт жөніндегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен ересек санаттағыларға араналған «Бриз» яхта-клубы. Клубтарда 20 яхта паркі бар, яғни толық көлемде, негізінен жазғы кезеңде алады. Жаңаөзен қаласы ауданындағы, Фетисов шығанағы ауданындағы теңіз жағасында «Кендірлі» демалыс базасы орналасқан, жазғы демалыста оған барлық елден туристер келеді, объектінің деңгейі мен комфорты әлемдік стандартқа сәйкес келеді. Бұл ауданда жақын кезеңде республикалық балалардың сауықтыру лагері құрылысын салу жоспарлануда.

Облыс орталығында тарихи-өлке тану мұражайы жұмыс жасайды, коллекциясында 50 мыңнан астам экспонаттар, неғұрлым қызықтылары экспозиция ретінде қойылған. Мұражай аймақтың тарихи-мәдени мұраларымен таныстырады. Этнография залы қызықты, онда экспозиция-ларда 20 ғасырдың басына дейінгі аймақ халқының тұрмысы мен негізгі жұмыспен қамтылуы көрініс тапқан. Өзіндік қолданбалы өнер, қолөнер-шілердің ұлттық бұйымдары, ағаштан, сүйек пен тастан жасалған шеберлер-дің бұрама өнерлерінің үлгілері қойылған.

Ақтау қаласында туристерді қабылдауға дайын, әртүрлі деңгейдегі 17 мейманхана бар. 2005 жылдың қазанында халықаралық стандарт деңгейіне сәйкес келетін қызметтің барлық спектрін қарастыратын «Renaissance Aktau Hotel» жаңа бес жұлдызды қонақ үй кешені пайдалануға берілді.

Осының бәрі Маңғыстау облысында туристік кластердің дамуына ықпалын тигізеді. Осы жұмыстың мақсаты: Маңғыстау облысының туристік мүмкіншіліктерін нақты айқындап, болашақ даму стратегиясын құруға көмектесу.

1 МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ МЕН ФИЗИКАЛЫҚ -ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

1. 1 Маңғыстау атауының шығу тарихы

"Маңғыстау" сөзінің шығу тегі туалы тұғырымдар баршылық. Солардың бірі - көшпелілердің құтты мекені, "мың ауыл" немесе "мың қыстау" деген пайымдама осы күні көркем әдебиеттің, оның ішінде асқақ поэзия мен шешен сөздің тұрақты, сұлу да сырлы тіркесіне айналып кеткені мәлім. Кешегі күні түбек мұнайының игерілуіне байланысты осы теңеу "Маңғыстау - мыңдаған жолдар өлкесі" деген тіркеспен толықтырылды. Бұл шындықта, ғарыштан түсірілген фотосуреттің өзінде Қараой мен Қырдың беті оңды - солды, айқыш -үйқыш тарамдалған жолдармен бедерленген.

1985 жылы жарық көрген Е. Қойшыбаевтың "Қазақстанның жер-су аттары сөздігі" кітабында Маңғыстау атауының шығу тегі туралы төрт болжам жинақталып берілген. Біріншісі - өлке аты "мың" және "қыстау" тіркесінен шыққан. Екіншісі - ноғайдың "менк" деген тайпасының атынын ауысқан. Үшіншісі - көне түркі тіліндегі (түрікмен тіліндегі) "ман" төрт жастағы қой сөзіне "қышлақ" жалғауы арқылы қалыптасса, төртіншісі - Е. Қойшыбаевтың өз болжамы бойынша - "Маңғыштағ"-"құбыжықтар тауы" дегенді білдіреді.

Ноғай тайпасына телінген "Маңғыстау" атауы дұрыс бола қоймас, өйткені түбек аты ноғайлардың Маңғыстауды менкендегенінен 4-5 ғасыр бұрын белгілі болған. Махмұт Қашғари дерегінде "Маңғышлақ" атауы X-XI ғасырларда кездеседі. Ал "мыңға" байланысты нұсқа өткен ғасырда Орталық Азияны аралаған венгр саяхатшысы Г. Вамберидің ұшқыр қиялынан еуропа-орыс географиялық әдебиетінде кең таралып кетті. Өйткені көшпелі ауылдың үй саны орта есеппен 50-60 үй, адам саны 250-300 деп есептегеннің өзінде мың ауылда да орта есеппен 250-300 мың адам тұратындығын анықтауға болады, ал мұндай көрсеткіш соңғы 6-7 ғасырда Маңғыстауда болмаған. Қазір Маңғыстаудағы халық ірі аудан орталықтарын қосып есептегенде 300 мыңнан аса қоймайды. Осылар сияқты тұтас өлке атауын төрт жасар қойға теңеу де келісінкіреп тұрған жоқ.

Соңғы "құбыжықтарға" қатысты болжам белгілі бір ойларға жетелейді. Шығыс түркі (ұйғыр, салор, тува, алтай, шор, т. б. ) және моңғол мифологиясында "маңғыш" (маңғыс, мангус) - айдаһар, керемет құбыжықтар дегенді білдіреді, моңғолдарда ол тек зұлым, зиянды сипатқа ие болса, түркілерде екіұдай жақсы-жаман қасиетке ие ретінде баяндалады. Шығыстағы (Сібір, Қытай, Моңғолия) "маңғыш" сөзінің біздің Маңғыстауға қандай қатысы бар деген заңды сауал тууы әбден мүмкін. X-XI ғасырларда Маңғыстауға оғыз-түркімен тайпалары келіп қоныстанғаны, олардың ішінде "салыр" руының болғаны тарихтан белгілі, қазіргі түркімен халқының ірі ру-тайпасы салор деп аталады. Ал Қытайдағы Цинхай өлкесіндегі түркі тілдес салыр мен осы салор арасындағы тарихи-генетикалық байланыс бар. Сондықтан Маңғыстауға оғыз-салылар осындағы Қаратауды "Маңғыштағ" деп атағаны шындыққа келеді. Жылынғы, айдаһарға немесе осы тұрғыдағы құпия мифтік күштерге байланысты аңыздар қай жерде бар, оның ішінде Маңғыстауда кенде емес. Таулы Маңғыстауға қатысты айдаһар мен батырдыңшайқасы туралы аңыз Маңғыстау түркімендерінде де, жергілікті қазақтарда да бар. Және олардың географиялық шоғырлануы да (Иір, Доланапа, Қарақуық- Шүйлі, Шоқырақ тауындағы Сарайна, Еңселі жері) бірдей. Тауқыш-Қаратау өңірінде жылан, сарыүйек - қазақ мифологиясы мен сенімінде киелі қасиетке ие, ол жер иесі, "Үйрек" - түркі тілінде "қасиетті" дегенді білдіреді, зираттар күзетшісі және кейде батырлар мен ата-баба киесі болып та баяндалады. Есек батыр, кейінгі Сүйінқараға қатысты аңыздарда да осы үлкен жылан мен сарыүйрек айтылады.

Ежелгі Каспий төңірегін, оның ішінде Маңғысауды мекендеген, қазіргі адайлардың арғы тегі делінетін дай, массагет тайпаларының Құдайдың атауы " див" (дий) деп аталған, сірә, бұл атау олардан кейінгі алан тайпаларында да қолданылған сияқты. Ал " див" сөзінің қазіргі қазақ тіліндегі өзгерген атауы "дәу" мен "дию", мағынасы алып, зұлым рух немесе құбыжық, қорқынышты мақұлық (дию-пері) . Тайпалық Құдай атының диюге айналуының қай дәуірде болғанын айта қою қиын, қалай болғанда да мағыналық өзгеріс X ғасырға дейін, жергілікті алаңдарды оғыз-түркімендер ығыстырғынғы дейін болғандығы айқын.

Е. Қойшыбаев "Маңғыштағ" сөзінің "Маңғыстауға" айналғанын былай көрсетеді. Маңғыштағ - оғыз диалектісінде Маңғышлаққа айналып кеткен, енді "құбыжықтар тауы" дегені "маңғышлақ", "ауыл" деген ұғымға өзгереді. Кейін қазақтар оны аударып, "Маңғыстау" қылып жібереді. Қазірдің өзінде өлке атауын "Маң-қыстау"емес, "Маңғыс-тау" түрінде әбден болады. Осы мысалдар мен дәлелдерді, сондай-ақ Маңғыстаудың тарихи, мәдени және географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, Е. Қойшыбаевтың тұжырымына тірек боларлық жаңа болжамдар жасауға болады:

Біріншіден, ежелгі Маңғыстауда тұрған халық (дай, алан) жыланды, айдаһарды не басқа үрейлі мақұлықты қасиетті, киелі деп санауы ықтимал. Оның үстіне Маңғыстау облысында кездесетін Отман, Маната, Маңсуалмас, Манашы, Маңғыр, Ақман, Қарақам жер-су аттарының болуы жәнеолардың өз бойында мифтік-аңыздық сипатын басқа топонимдерге қарағанда көбірек сақтауы аталған пікірге тоқтам жасауға мүскіндік береді.

Екіншіден, геологиялық уақыт бойына ғана емес, соңғы он мың жыл ішінде, тіпті біздің VII-XV ғасырлар аралығында да Маңғыстау климаты мен табиғаты қазіргіге қарағанда өзгеше еді. Бұл кезеңдерде түбек климты бүгінгімен салыстырғанда 30-40%-ға ылғалды болған, мұның өзі қазіргі шөл даланың орныныда дала-саваннажертарабының болуына ықпал жасаған. Осыны ескере отырып, сол кезеңде Маңғыстаудаалып жылан, не алып кесіртке, тіпті қазір жойылып кеткен аңдар да мекендеген деп болжам жасауға болады. Сірә, адам көрмесе жылан қырық жылда айдаһарға айналады деген қазақы ұғым негізсіз болмас.

Үшіншіден, Қаратау жоталары (Таушық, Батыс және Шығыс Қаратаулар) солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай жүз шақырымнан аса қашықтыққа созылып жатыр, ал ең енді жер 10-11км-ден аспайды, өсімдік жамылғысы жоқ, үсті қара -көк болып келеді. Егерде екі жағындағы Ақтау биігінен көз салсақ, сұрұай сары далада қарайып созылып жатқан таулар өте алып жылынға, айдаһарға ұқсайтынын байқау қиын шаруа емес.

Сонымен, Маңғыстауды "маңғыш" -"тау"- қорқынышты алып айдаһардың мекендеген тауы немесе "айдаһартау" дегенді білдіреді деп тоқтам жасауға толық негіз бар.

1. 2. Маңғыстау Қазыналы Түбек.

Маңғыстау - Қазақстан Республикасының қиыр оңтүстiк-батысындағы iрi аймақтарының бiрi. “Ұйқыдағы ару” атаған бұл өлке елiмiздiң мұнайы мен газын берiп отырған қазына түбегi.

Маңғыстау облысы - 1973 жылы наурыздың жиырмасында құрылған. Кезiнде “Маңқышлақ” деген атпен өмiр сүрген бұл өлке 1988 жылдың 2 маусымында таратылып, 1990 жылдың 17 тамызында тарихи “Маңғыстау” деген атпен қайта облыс болып құрылды.

Үш жүз алпыс әулиелi Маңғыстау қайталанбас табиғат өлкесi, қазаққа құтты қоныс болған жер, соған нендей теңеу сөз айтылмады десеңiзшi!

“ . . . Нағыз шөл, құм немесе тас! Ең болмаса көз көгалды бiр алқасы, нулы бiр өлкесi болсайшы. Ең болмаса көз тiгерлiк көгiлдiр тауы, ауыз шаярлық ағынды өзенi де жоқ. Қарай-қарай көз талар, мұң басар шерлi жүректi” деп ақын Тарас ерiккендiктен айтты ма екен?! Бiрақ ол да Маңғыстауды қарғап-сiлеп кеткен жоқ, атын шығарып мадақтап кеттi. Мөңкенiң Мұраты айтқандай, “шаңды қиян Маңғыстау” қандай бақытты сәттердiң, қаншама қуаныш пен қайғының куәсi болмады десеңiзшi?!

Бүгiнде Маңғыстау - iргелi өлке. Қайталанбас табиғаты, есепсiз байлығы бар өлке. Ол ұйєыдағы ару емес, ұйєыдағы алып батыр өлкесi. Маңғыстау бос жатқан иесiз құла, сұрқай шөл емес. Жақындап келiп ала тауларға, шыңдар мен сайларға үңiлсең, Темiрхан ақын айтқандай: “Сен оған алыстан қара, сонда оның бiртұтас организм екенiн бұлжытпай мойындарсың!”

Маңғыстау табиғаты қандай романтикалық ой сарынын тудырмады десеңiзшi . . . “Маңғыстауға барған сапарды жұлдызды өлкеге жасаған саяхат деуге де болар едi. Мен еш жерде мұндай жұлдыз нөсерiн, олардың көз шаршатар жарқылын көргем жоқ. Оның жарқындығы сондай, түн сайын шексiз тұңғиықтан жұлдыздар осынау үнсiз Маңғыстауға ұшып келiп жатқандай сезiледi”. Бұл - К. Паустовскийдiң сөзi.

Маңғыстауды көрген, зерттеген адамдар да кейiнгiлер есте сақталарлықтай кјркем теңеулер қалдырыпты. Өткен ғасырда осы өлкеде айдауда болған поляк Бронислав Заллеский Маңғыстау таулары туралы: “Күн сәулелерi бұлттардан өте осынау тауларға алуан түрлi, әр бояу тигiзiп, ауық-ауық ғажайып көрiк бередi. Түнде, ай жарығында бұл жер басқа түрге бөленiп, бұрынғыдан да зор ғаламатқа айналады. Айдалада жалғыз отырып, осынау кеңстiк пен үнсiздiктiң ұлылығы мен ерен елестерге кенелген шөлдi алєаптың ерекше бiр тылсымына енiп кеткендей сезiнесiң” дептi.

“Егер жер шарыны» геологиялыє тарихын бiлгi»iз келсе, Ма»№ыстауды барып кјруi»iз керек” деп айтєан Н. Андрусов сјзiнде де єанша салмає жатыр.

“ . . . Егер сiз жер бетiнiң шөлдерiнiң барлық типi туралы, қарауытқан сеңгiр де жалаң тау-төбелер туралы, аппақ және қызғылт түске боянған алып мұнаралы, биiк баған мен қабырғалы қамалдары бар “шөлдiң тас қамалдары” туралы санаңызда түсiнiк єалыптастырғыңыз келсе, куэстер мен шың-құздардың классикалық үлгiлерiн көргiңiз келсе, мұхит деңгейiнен 130 м төмен жатқан құрлықта, тұйық ойыстарда болғыңыз келсе, түнерген тастақтарға қарағыңыз келсе, айран тақырлардың қатқылдығын байқағыңыз келсе, желдiң ғаламат жұмысының ауқымын және шөлдiң басқа да кереметтерiн танып-бiлгiңiз келсе, Маңғыстаудан артық жердi таппайсыз. Бейне бiр құпия сандықша iшiне толтырылғандай, бұл өлкеде, шағын кеңiстiкте шөл табиғатының сан алуан құбылыстары мен көрiнiстерi жинаєталған” (Б. А. Федорович. “Лик Земли”, 1950) .

“Ал егер әуеге көтерiлiп, Маңғыстау мен Үстiрт үстiн шарлап өтсеңiз, бiр кезде осы екi құрлықты түгел жауып жатқан Тетис теңiздiң толєындары мен суасты ағындарының iзi алақанымыздың әжiмiндей сайрап жатар едi. Соларға қарап, бiр кезде осы екi құрлықты басып жатқан топан судың қалай тартылғанын, оның орнында пайда болған шөгiндi қабаттардың қалай түзiлгенiн айтпай-ақ аңғарар едiңiз” (Әбiш Кекiлбай) . Сол кәрi Маңғыстаудың өне бойында тұнып тұрған тарих пен аңыздарды ұзақ сонар жолдар, құдықтар мен зираттар сыр етiп шертедi. Бұған қанағат етпесеңiз, оны бабаларымыз қадымнан мекен еткендiгiнiң айғағы - шежiренiң парақтарын қашаған ақынның жырлары мөлдiретiп айтып бередi.

Маңғыстау тек кешегi мен бүгiннiң ғана емес, ХХI ғасырдың, мыңыншы жылдықтың адамзат баласын таңғалдырар Маңғыстауы болмақ. Тәуелсiз, әлемдiк қауымдастыққа қосылған Қазақстан үшiн Маңғыстау қазыналы қарт өлке, қорлы өлке болып қала бермекшi!

1. 3 Географиялық Орны

Маңғыстау - Қазақстанның оңтүстiк-батыс бөлiгiнде орналасқан. Бүкiл жер шары көлемiнде алып қарағанда, Еуразия құрлығының ортасында, Еуропа мен Азияның түйiскен өңiрiнде. Облыстың шеткi нүктелерi: батысы - Каспий теңiзiндегi Құлалы аралы 5000 ш. б. 44°57 с. е; шығысы - Қазақстанның Ақтөбе облысы және Өзбекстан, Маңғыстаудың шектескен жерiнде 56°45 ш. б. пен 45°09 с. е; оңтүстiгi - облыстың Түрiкменстан шекарасындағы Қапыланқыр шыңдарының жар қабағы 41°15 с. е. пен 55°40 ш. б; ал қиыр солтүстiгi - Атырау облысымен шекарадағы Желтау 46°26 с. е. пен 55°20 ш. б. болып табылады.

Маңғыстау облысының ең биiк нүктесi - Шығыс Қаратау жотасындағы Бесшоқы тауы, биiктiгi теңiз деңгейiнен 556 м жоғары. Ал ең төменгi нүктесi - Қараєия немесе Батыр ойысының түбi, ол теңiз деңгейiнен 132 м төменде жатыр. Жалпы бұл ойыс өзiнiң тереңдiгi жөнiнен дүниежүзiнде бесiншi орын алады.

Облыстың солтүстiк-батысы мен батысын Каспий теңізi жиектеп жатыр, ал оңтүстiгi мен шығысында көршi мемлекеттер - Түркіменстан мен Өзбекстан орналасқан. Ал солтүстiк-шығысында Маңғыстау елiмiздiң Ақтөбе және солтүстiгiнде Атырау облыстарымен шектеседi.

Маңғыстау - қазақ елiнiң кең дүниеге ашылған теңiз қақпасы. Ол арқылы Иран, Әзiрбайжан, Түрiкменстан және Ресеймен байланыс жасалынады. Сонымен қатар Едiл-Дон каналы арқылы дүниежүзiлiк мұхитқа шығуға болады.

Егер физикалық картадан Маңғыстауды тауып, көз салсақ, онда оның солтүстiк жағы жасыл, ал қалған бөлiгiнiң сары қоңыр түске боялғанын көреміз. Бiрiншiсi - тегiс ойпаттар болса, екiншiсi - көтерiңкi қырлар. Ал үлкен масштабты картадан тау жоталарын, жеке шоқыларды, тұйық ойыстарды, тiк жарларды және терең сайларды көреміз. Маңғыстау жерiнiң бедерi салыстырмалы түрде күрделi, сондықтан да 5 өңiрге бөлiнудiң өзi ең алдымен осы бедерге байланысты.

Маңғыстаудың жер бедерiнiң қазiргi бейнесiн қалыптастырған ең басты күш - Каспий теңiзiнiң деңгейiнiң көтерiлу мен төмен түсу (трансгрессия және регрессия) нәтижесi болып отыр. Төрттiк дәуiрге дейiн Маңғыстау жиi теңiз астында қалып қойып отырған. География ғылымында iрi теңiз трансгрессиясына ат берiлiп отыр.

1973 жылы Маңғышлақ облысы болып құрылған, 1990 жылдан бастап Маңғыстау облысы болып аталады. Облыс көлемі 165, 6 мың шаршы километрге тең. 2005 жылдың 1 қаңтарына облыс халқы 361, 7 мың адамды құрады. Облыс бойынша халықтың тығыздығы орташа (1ш. км. көлемге) 2 адам құрайды. Облыс көлемінің бедері әр түрлі. Солтүстік жартысын Желтау (221 м), Мың-суалмас (148 м) және құм алқабы (Қарақұм, Сам және басқалар), көлемді сор (Өліқолтық, Қайдақ, Қаратүлей, Қаракешу және басқа) және Бозашы түбегі орналасқан Каспий жағалауы алып жатыр. Орталық бөлігін Маңғыстау (Ақтау, Қаратау 556 м) таулары, Маңғыстау үстірті жәнеТ МД дағы ең терең ойпат (-132 м. ) Қарақия орналасқан Маңғыстау түбегі алып жатыр. Оңтүстік батысында Кендірлі-Қаясан үстірті орналасқан, оңтүстігінде - Қарынжарық ойпаты. Облыстың шығысын Үстірт шоқысы алып жатыр. Жер қойнауы мұнай, газ, фосфорит, көмір, марганец, әр түрлі тұздар, ұлутас қорларымен бай. Ауа райы қатал континеттік, өте құрғақ. Орташа температура қаңтарда -4-9° С, шілдеде +25 +29° С. Жылдық ылғал-дылық - 100 - 150 мм.

Әкімшілік территорияға бөлінуі:

Облыста 4 аудан және 2 қала (Ақтаудан басқа), 6 кент, 30 селолық және ауылдық округ бар, қала халқының саны 274, 6 мың адам құрайды (76%), ауылдықтар - 87, 1 мың адам (24%) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы халықтың қоныстану жүйесі
Туризмді дамытуға барынша қолайлы аудандар шығыс аймақта
Каспий жағалауындағы Ақтау қаласы
Қазақстанды зерттеген ғалымдардың еңбегі
Маңғыстау облысы ресурстарының рекреациялық әлеуеті
Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарына кешенді географиялық сипаттама
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Оңтүстік Қазақстан облысы табиғатының өзгеруіндегі антропогендік факторлардың ролі
Қазақстанның физикалық географиялық жағдайы
Маңғыстау облысы өнеркәсібінің облыстың физикалық-географиялық жағдайына әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz