Қазақстан мен таиландтағы туризм дамуының қазіргі жағдайы.


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- ҚАЗАҚСТАН МЕН ТАИЛАНДТАҒЫ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА БАҒА БЕРУ . . . 6Қазақстандық туристік бизнестің сипаттамасы . . . 6Әлемдік туризм дамуында Таиландтың алатын орны . . . 18Қазақстан мен Таиланд арасында халықаралық байланыстардың ерекшеліктері . . . 23
- ТАИЛАНДТАҒЫ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ АЛҒЫШАРТТАРЫ . . . 25Табиғи-рекреациялық және әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстары . . . 25Туристік инфрақұрылым . . . 26Таиландта көрсетілетін қызметтер . . . 28Елдің туристік орталықтарының сипаттамасы . . . 30
- ҚАЗАҚСТАН МЕН ТАИЛАНД АРАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДА ТУРИЗМНІҢ РОЛІ . . . 34Туризм саласында Қазақстандық-Таиландтық ынтымақтастық . . . 34Қазақстандық-Таиландтық туристік қатынастардың негізгі бағыттары . . . 39Қазақстан мен Таиланд арасындағы туристік байланыстардың дамуының мәселелері мен болашағы . . . 52
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 58
ҚОСЫМША А
КІРІСПЕ
Туризм қазіргі таңда әлемдік экономикада маңызды салалардың бірі болып отыр. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мағлұматы бойынша туризм әлемнің Жалпы Ұлттық Өнімінің 10-шы бөлігін, халықаралық инвестицияның 11-ден астам пайызын, және әлемдегі өндірістің әрбір 9-шы орнын қамтамасыз етеді. Мамандардың есептеуі бойынша бір туристің келуінен түсетін табыс мөлшері біздің елден әлемдік нарыққа 9 тонна көмір не болмаса 15 тонна мұнай немесе жоғары сапалы бидайдың 2 тоннасын шығарғанмен пара-пар. Бірақ көмір мен мұнайды өндіру таусылатын байлықтарымыздың азаюына, экологиялық ахуалдың нашарлауына әкелсе, туризм индустриясы қалпына келетін ресурстар негізінде жұмыс жасайды. Tәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанда туризм, экономиканың басқа салалары сияқты, бір орталықпен қатаң түрде реттелді. Қазақстанның тарихи маңызы бар архитектуралық, археологиялық, мәдени ескерткіштері және табиғи көркем жерлері дұрыс жарнамаланбай, қажетсіз болып қалатын. Қазіргі таңда Қазақстанның экономикасында туризмнің рөлі біртіндеп арта түсуде және туристік қызметтер қалыптасу үстінде. Еліміз туризмнің барлық түрлерін дамыту мүмкіндігіне ие. Қазақстан жыл сайын 4, 5 миллионнан астам шет ел азаматтарын қабылдайды, бұл көрсеткіш ұлғая берер деген үміт бар[1] . Қазақстан - Еуразияның дәл ортасындағы орасан зор мемлекет, мұнда шексіз көгілдір аспан астында Шығыс пен Батыс керемет үйлесімділік тапқан.
Қазақстанда туризмнің барлық түрі дамыған: танымдық, ойын-сауық, спорттық, емдік-сауықтыру, іскерлік, діни, этникалық, экологиялық, рафтинг, альпинизм, бүркітпен аңшылық, т. б. Қазіргі кезде туристер біздің елімізге ерекше қызығушылық танытып отыр. Мәдениетінің бірегейлігі, табиғи қазбасының байлығы, іскерлік белсенділігінің өсуі, сондай-ақ спорттық және хикаялы туризм секілді демалыстың белсенді түрлерімен шұғылдану мүмкіншіліктері Қазақстанның артықшылықтарын бірден көзге көрсетеді [2] .
Бүгінгі таңда Қазақстанда көптеген бірегей табиғи қорықтар мен ұлттық саябақтар, 100-ден астам емдеу-сауықтыру орталықтары, сонымен қатар 9 мыңнан астам археологиялық және тарихи ескерткіштер бар. Ел аумағы арқылы Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы өтеді. Жолдың бұл бөлігі тарихи, археологиялық және архитектуралық ескерткіштердің бірегей кешені болып табылады. Отырар, Сауран, Түркістан сияқты қалалар тек сауда орталықтары ғана емес, ғылыми және мәдени орталықтар да болған. Сонымен қатар елде тау шаңғы туризмінің объектілері бар. Туристер арасында ерекше танымалдылыққа ие Шымбұлақ тау шаңғы курорты, Медеу мұз айдыны, Щучинск-Бурабай курорттық аймағы болып табылады. Қазақстанды орталықазиялық туризм орталығына айналдыру, республикада қазіргі заманғы жоғарғы нәтижелі және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру мақсатында 2006 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды [3] .
Бәсекеге қабілетті туристік индустрия құруға бағытталған өзара жасалып жатқан қарқынды жұмыстар біздің елімізді Орталық Азия өңірінің ең танымал туризм орталығына айналдыратындығына ешқандай күмән жоқ.
Таиланд - Оңтүстік-шығыс Азияның ең әйгілі елдерінің бірі, мұнда жыл сайын бүкіл әлемнен жүз мыңдаған туристер келеді. Бұл - таңғажайып экзотикалық ел, мұндағы саяхат әркімнің жадында мәңгілік қалады. Оның басты себептері - Таиландтың керемет мәдени мұрасы мен таңғажайып сұлу табиғаты, буддистік храмдар, коралл рифтері, ертегідегі гүлдер, ғажайып жемістер, жылы жүзді және қонақжай жергілікті тұрғындар, қызықты түнгі өмір, экваторға жақын елдің тропикалық климаты, қоршап жатқан теңіздердің жылы сулары, жыл бойғы бірқалыпты дерлік ауа температурасы, көпшақырымды жағажайлар және әлемдегі ең жақсылардың бірі - Паттайя ас үйі. Қазіргі таңда Таиланд - Оңтүстік-шығыс Азиядағы туристерді ең көп қабылдайтын ел. Таиландтың туристік потенциалы өте үлкен. Туризмнің экономикаға қосатын үлесі критериі бойынша Таиланд тек Оңтүстік-шығыс Азияда ғана емес, бүкіл әлемде алғашқы орындардың бірін алады [4] .
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы мен Таиланд арасындағы қарым-қатынастардың бір бағыты - туризм болып табылады. Екі ел арасында туризм саласындағы қарым-қатынас біртіндеп дамып келеді. Қазақстанда қонақжайлықты дамытудың, Қазақстанды халықаралық нарықта жылжытудың, Таиланд пен Қазақстан арасындағы туризм саласын дамытудың әр түрлі бағдарламалары құрастырылуда.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан мен Таиланд арасындағы туристік байланыстардың дамуын зерттеу болып табылады. Қазақстан мен Таиланд арасындағы қарым-қатынастар 1992 жылдан басталып, әлі күнге дейін дамып келеді. Екі ел арасындағы туризмді дамыту саласындағы қарым-қатынастар туристік ағымның көлемін анықтайды.
Жұмыстың өзектілігі Қазақстандағы туризм жағдайына, екі ел арасындағы туризм саласында құрылған қарым-қатынастар кезінде пайда болған тәжірибе мен оны дамыту мәселелеріне негізделген.
Жұмыстың міндеттері:
- Қазақстан мен Таиландтың туристік потенциалына талдау жасау;
- Қазақстан мен Таиландтың туристік инфрақұрылымының туризмді дамыту үшін мүмкіндіктерін көрсету;
- Қазақстан мен Таиланд туризмінің қазіргі жағдайы мен даму болашағын қарастыру;
- Қазақстанның туризм саласындағы мемлекеттік саясатын және туристік өнімді дамыту мен жылжыту бағдарламаларын қарастыру;
- Қазақстан Республикасы мен Таиланд арасындағы туристік байланыстарды дамыту мәселелерін анықтау және Қазақстан бойынша Таиландтың туристік агенттіктеріне арнап, елдегі туризмді дамыту тәжірибесіне сүйене отырып, жарнамалық тур ұйымдастыру.
Дипломдық жұмыс кіріспе, 3 тарау, 2 кесте, 8 сурет және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 1 тарауда Қазақстан мен Таиландтағы туризм дамуының қазіргі жағдайына баға беріледі. 2 тарауда Таиландтағы туризм дамуының негізгі алғышарттары көрсетіледі. 3 тарауда Қазақстан мен Таиланд арасындағы халықаралық қатынастарда туризмнің ролі қарастырылады.
Жұмысты жазу барысында зерттеудің математикалық, статистикалық, картографиялық, тарихи және салыстырмалы әдістері қолданылады.
1 ҚАЗАҚСТАН МЕН ТАИЛАНДТАҒЫ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА БАҒА БЕРУ
1. 1 Қазақстандық туристік бизнестің сипаттамасы
Қазақстан - бұл көңілдің тамаша табиғатпен қауышуы, суы мол өзен-көлдер мен әнші құмдар, тау сілемдерінің алып шыңдары мен таңғажайып жасыл оазистер естен кетпес әсер қалдырса, ежелден бері дамып келе жатқан мәдениеті таң қалдырады. Туристерге көшпенділер мәдениетінде пайда болған көне қалалардың қирандылары мен әлі көп сырға толы жауынгер номадтардың құпия әлемі ашылады. Ұлан-ғайыр Қазақстан жері туристік ресурстарға өте бай. Таңғажайып табиғат сұлулығымен қатар ерекше қорғауға алынған бірегей табиғат ескерткіштері, көне тарих жәдігерлерімен қатар тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа алып ғимараттары кез-келген туристке естен кетпес әсер қалдыратыны сөзсіз.
Қазақстанда туризмнің барлық түрлері (танымдық, ойын-сауық, этникалық, экологиялық, емдік-сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу, т. б. ) бойынша саяхаттар жүргізіледі. Бұл үшін ел аумағы бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгіленген. Қазақстандағы туристік ресурстарға - туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп, сергітуге жәрдемдесетін өзге де нысандар жатады. Туристік нысандар табиғи-рекреациялық, тарихи-археологиялық, тәуеп ету, т. б. топтарға бөлінеді.
Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аймағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т. б. табиғи нысандар жатады. Сонымен бірге Алматы облысындағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға Іле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендері аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есік, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елді мекендері жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында туризмді дамыту мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып келеді. Қазақстан аумағындағы 10 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.
Тарихи-археологиялық ескерткіштердің туристік-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т. б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Археологиялық-тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуірі ескерткіштерінен жартастардағы петроглифтерді атауға болады. Оларға әйгілі бірегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегі Ешкіөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кіндіктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Біздің дәуірімізге дейінгі VI-III ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскері киімін киген «Алтын адам», 2001-2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Қатон-қарағай ауданының Берел қорғанында табылған «Сақ патшайымы» археологиялық туристік нысандарға жатады. Ортағасырлық Түркістан, Отырар, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қалалары, т. б. елді мекендер қазіргі туристік нысандар болып табылады. Түркістан - Қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иассауи кесенесі салынған, кесене іші мен айналасына қазақ мемлекетінің негізін қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгір, Есім, Абылай, Қазыбек би жерленген. Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т. б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшін тартымды нысандар болып табылады.
Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседі. Оларға түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Абаб-Араб мешіті, Гаухар-ана зираты, Әли Қожа бейіті, т. б. жатады. Адамдар бұл қасиетті жерлерге тәуеп етіп, Аллаға сиыну үшін келеді. Одан басқа Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесі, Ибраһим ата бейіті, Қарашаш ана кесенесі, Тұраба ауылында - Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында - Айша бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі, Қызылорда облысында - Артық, Айтман кесенелері, Балқаш қаласы маңында - Тектау ата, Әуез бақсы, т. б. киелі орындар бар. Қазақ халқының азаттық күресі жолындағы батырларға, қолбасшыларға деген құрмет белгісі мемориалдар мен ескерткіштерде көрсетіледі. Бұларға Райымбек пен Қарасай батыр ескерткіштері (Алматы обл. ), Қордайдағы (Жамбыл обл. ) Өтеген батыр, Солтүстік Қазақстандағы Ағынтай мен Қарасай ескерткіштері, Ақтөбедегі Есет батыр, Астанадағы Қаракерей Қабанбай ескерткіштері, т. б. жатады. Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы үш жүздің басын қосқан жер, тарихи орындар ретінде Жошы және Алаша хан кесенелері, Алматыдағы тәуелсіздік монументі, Астанадағы үш би ескерткіштері қастерлі орындар санатында туристік нысандарға қосылады. Қазақ тарихындағы құнды мәдени ескерткіштер қатарына: Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Еңлік-Кебек кесенелері, Ш. Уәлиханов, Қ. Мұңайтпасұлы мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс, Құрманғазы және Д. Нүрпейісова, Абай, Абылай хан, Әлия мен Мәншүк, А. Иманов, І. Жансүгіров, С. Сейфуллин, М. Әуезов, т. б. көптеген естелік орындар жатады.
Республиканың әсем де әдемі жерлерінде бірнеше туристік базалар орналасқан. Оларға Іле Алатауындағы «Шымбұлақ» шаңғы базасы, Павлодар облысында Жасыбай көлі жағасындағы «Баянауыл», Қарағанды облысындағы таулы-орманды «Қарқаралы», Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма бөгені жағасындағы «Алтай мүйісі», Орал қаласында Жайық өзені маңындағы «Орал», Қостанай облысындағы орманды-тоғайлы Наурызым алқабы, Оңтүстік Қазақстан облысында Бадам жазығындағы «Оңтүстік», Көкшетау таулы аймағындағы «Золотой бор» базалары жатады. Қазақстанда белгілі туристік маңызы бар зоологиялық, ботаникалық қорықтар да жеткілікті. Олар: Алматы қорығы, Іле Алатауы, Тарбағатай, Жалтыркөл, Ұлытау, Бетпақдала, Қарақия-Қаракөл, Зеренді, қорықшалары, Шарын каньоны және Шарын өзеніндегі «Шеген тоғайы», Күміс қылқанды орман, Жаманшық тауы, Айғайқұм, Жаңғақ тоғайы, Бүркіттау шоқысы және Тұма бастаулар, т. б. [5] .
Қазақстанда қазіргі заманғы туризмнің негізі ХХ ғасырда қаланды. Ол кезде Верный қаласында «Орыс тау қоғамы» құрылған. 1929 жылы тау туризмінің белсенділері Іле Алатауы соқпақтарымен бірнеше туристік жорықтар ұйымдастырды және осы жылдың жазында Есік көліне де туристік жорық жасады. Қазақстан алғашқы 26 шетелдік туристерді 1956 жылы қабылдады. Қазақстан тәуелсіздік алмай тұрып, туризм де экономиканың басқа салалары сияқты орталықтан қатаң басқарылатын. Кеңес одағындағы негізгі туристік аймақтар Кавказ, Қырым, Балтық жағалауы, Ресей мен Орта Азияның тарихи орталықтары болды. Ал Қазақстанның архитектуралық, археологиялық ескерткіштерінің тарихи маңызы мүлдем жарнамаланбады, сондықтан оларға деген сұраныс болмады [6] .
Тәуелсіздік алғаннан бастап Қазақстанда туристік іс-әрекетті бақылау мен тарихи және мәдени ұлттық мұраны қайта жандандыру үшін негіз қалыптасты. Бүгінігі таңда Қазақстан Республикасында туризмді дамыту 1992 жылы 3 шілдеде қабылданған "Туризм туралы" заңмен, 1997 жылы 30 сәуірде қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің "Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, Дүниежүзілік туристік ұйымның Қазақстан Республикасында Ұлы Жібек жолындағы туризм инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобасын жүзеге асыру туралы" жарлықтарымен, 1998 жылы 27 қаңтарда қабылданған "Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарының қайта жандандырылуы, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау мен дамыту, туризм инфрақұрылымын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларымен, мемлекет басшысының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған, ҚР туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаларымен жүзеге асырылады. Бұл құжаттардың қабылдануы қазақстандық туризм нарығының дамуына оң әсерін тигізді. Туризм саласында халықаралық қарым-қатынастарды дамытуға алғашқы қадам 1993 жылы Қазақстанның Дүниежүзілік туристік ұйымға мүше болуы, туризм саласында қарым-қатынастар туралы халықаралық келісімдердің қабылдануы болып табылады. Айта кететін жайт, көптеген келісімдер Қазақстанды туристік потенциалы үлкен, болашағы зор серіктес деп тапқан шет ел өкіметтері тарапынан ұсынылған болатын [7] .
Соңғы жылдары туризм саласы қарқынды дамып келеді. Елімізге жыл сайын Германия, Англия, Жапония, Корея мен Қытай сияқты елдерден туристер көптеп келе бастады. Статистика 2002 жылы республикада 430 туристiк ұйым мен фирма, сонымен қатар, әртүрлi бюролар жұмыс істегенін көрсетеді. Ал, бүгін отандық туристік фирмалар әлемнің 80-нен астам елімен серіктестік қызмет атқарады. Қазақстанда туристік іс-әрекетпен 2008 жылы 1163 туристік ұйым айналысқан, олар 473947 туристке қызмет көрсеткен. Туризм түрлері бойынша туристік фирмалардың іс-әрекетінен түскен табыс 11802, 4 мың теңгені құрады. Туристік фирмалармен қызмет көрсетілген келушілер саны 336 753 адам. Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілер саны 1 916 297 адам. Қазіргі таңда біздің елге әлемдік туристік ағымның 1%-дан кемі ғана келеді. 2010 жылы Қазақстандағы туристер саны 16, 6 млн адамды құрады, бұл 2009 жылға қарағанда 12, 2% артық. Туристердің көп бөлігін ел территориясында саяхаттаушылар мен шет елге шығушылар құрайды. Туристік ағымның өсуі барлық бағытта байқалды: кіру туризмінде 8, 8%, шығу туризмінде 15, 6%, ішкі туризмде 10, 3%. 2010 жылы Туристік салаға инвестициялар көлемі 28%-ға көбейіп, 107, 5 млрд теңгені құрады. Қазақстанға туристік саладан түсетін табыс 15, 3%-ға көбейіп, 100 млрд теңге көлемінде болды, 2008 жылы бұл көрсеткіш 66 млрд теңге, 2009 жылы 82 млрд теңгені құраған болатын.
2010 жылы әлем бойынша жалпы туристердің 36, 6 %-ы Қазақстандағы саяхатты таңдады. Соңғы жылдары Қазақстан туристік саланы қарқынды дамытуда. Сол себепті 2004 жылы 11 миллионмен салыстырғанда туристік ағым 17 миллионға жетті.
Қазақстандықтар Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінде орта есеппен 6 күн, алыс шет елдерде 7 күн болады екен. Саяхаттың басты мақсаттары: ойын-сауық, рекреация және демалыс (44, 7%), сауда - шоп-турлар (29%), іскерлік және кәсіби (18, 7%) . 2009 жылы туристік фирмалар қызмет көрсеткен келушілер саны 56%. Ал 2010 жылдың қаңтар-маусым аралығында шет елдерде 113, 9 мың қазақстандық демалған, 2009 жылы бұл көрсеткіш тек 72, 1 мың адам болған, 2008 жылы дәл осы аралықта 116, 1 мың қазақстандық шет елде демалған. 2010 жылы шығу туризмі 9, 1%-ға өсіп, 5, 3 млн-нан астам адамды құрады.
Елімізде шығу туризмі кіру және ішкі туризмге қарағанда жақсырақ дамыған. Шығу туризмі бойынша 2008 жылы 261070 қазақстандық шет елге саяхат жасаған, олардың 20977-сі Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдеріне барса, 240093-і алыс шет елдерге шыққан. 2010 жылы Қазақстан туристері әлемнің 100-ден астам еліне саяхат жасаған. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінен көбіне Қырғызстан мен Ресей болса, алыс шет елдердің үлесі 1 суретте көрсетілген.
Сурет 1. Қазақстандық шығу туризмі бойынша
2010 жылы алыс шет елдердің үлесі [8]
Кіру туризмі бойынша 2008 жылы Қазақстанға 543022 адам, олардың 150270-сі (15%) Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінен, ал 392752-сі (85%) алыс шет елдерден келген туристер. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінен келген туристердің Қазақстанда болуының орташа уақыты 4-5 күн болса, алыс шет елдерден келген туристерде 17 күн болады. Кіру туризмінің негізгі мақсаттары: 72, 5 % туристер іскерлік мақсатта, тек 20 % Қазақстанға демалыс пен рекреация мақсатында келеді. Саяхат мақсатына қарай 2009 жылы Қазақстанда қызмет көрсетілген келушілер саны 2 суретте көрсетілген.
Сурет 2. Саяхат мақсатына қарай 2009 жылы Қазақстанда
қызмет көрсетілген келушілер саны [8]
Елімізде болу кезінде әрбір шет елдік турист орта есеппен 700 $ қалдырады екен. 2010 жылдың алғашқы 6 айында Қазақстанға 17, 1 мың шет елдік туристер келген, 2009 жылдың қаңтар-маусым аралығында бұл көрсеткіш 17, 7 мың болған. 2009 жылы сырттан келушілер туризмінің көлемі 4, 6 млн. туристті, 2010 жылы - 4, 9 млн. туристті құрады және 2011 жылы - 5, 2 млн. адамды құрайды деп жоспарлануда.
Ішкі туризм бойынша 2008 жылы 174940 турист саяхат жасағаны белгілі. 2009 жылы ішкі туризм бойынша туристер саны 4 млн адам және туристік фирмалар қызмет көрсеткен келушілер саны 35% болды. 2010 жылы ішкі туризм көлемі 15, 7%-ға өсіп, 4, 1 млн адам болды. Ішкі туризм бойынша туристер саны 2011 жылы - 4, 2 млн. ға дейін көбейеді деп болжануда.
Туристік саланың дамуына ең басты әсер ететін факторлардың бірі - туристік инфрақұрылым. 2010 жылғы Қазақстандағы туристік фирмалар саны 1 кестеде көрсетілген.
Кесте1
2010 жылы Қазақстандағы туристік фирмалар саны *
*Дерек көзі: http:// www. stat. kz
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2009 жылы Қазақстан Республикасының аумағында 964 туристік объект болды, оның ішінде: 528 мейманхана, 7 кемпинг, 36 санаторий, 15 санаторий-профилакторий, 12 профилакторий, 5 емдеу-профилакторий орталықтары, 4 пансионат, 29 демалыс аймағы, 27 демалыс үйі, 24 туристік база, 35 сауықтыру лагері, 4 тау шаңғысы базасы, 13 қонақ үй, 9 аңшылық үйі, 1 балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығы, 7 сауықтыру кешені, 198 мұражай, 2 кесене, 3 туризм жөніндегі мемлекеттік кәсіпорын және басқалары (клубтар, қолөнершілер қалашықтары) - 5.
2009 жылы елде 3, 4 және 5 жұлдызды 107 қонақ үй жұмыс істеді, қалған қонақ үйлер басқа санаттарға жатты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz