Заем шарты
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ЗАЕМ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Займ шартының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Заем шартының нысаны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3 Заем шартының нысанасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.4 Заем шартының мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2. ЗАЕМ ШАРТЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.1 Мемлекеттік заем шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15 2.2 Банк заем шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.3 Банктік қарыз шартының ерекшелiктерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

КІРІСПЕ
Заем - мемлекеттің қарыз (заемшы) немесе несие беру рөлін атқаруына байланысты несиелік қарым-қатынастардың бір түрі. Заем қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді, пайызды, ұтыс заемдары болып ажыратылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі.Заем шарты бойынша бір тарап (заем беруші) басқа тараптың (заемшының) меншігіне (шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектік белгілерімен айқындалған заттарды береді немесе беруге міндеттенеді, ал заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегі және сападағы заттардың тең мөлшерін уақытында қайтаруға міндеттенеді (АК-тің 715-бабы).
Шарт дегеніміз — азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтату туралы екі немесе одан да көп адамның келісімі. Соңдықтан да шарт тиісті шарттық міндет-темелік құқық қатынастары туындауына негіз болатын заңды факті болып табылады.
Шарт ретінде тараптардың құкықтары мен міндеттері жазылып тиісінше ресімделген құжатты да түсінуге болады. Шарт пен мәміле ұғымдарының арақатынасы да ерекше: кез келген шарт мәміле болатын болса, ал мәміле әр кезде де шарт бола бермейді.
Оларды, егер екі жақты немесе көп жақты келісімдер жайлы әңгіме болғанда бір мағынада қарастыруға болады. Мәміле сонымен бірге заң бойынша өсиет қалдыру жағдайларында бір жақты да бола алады. Шарт ұғымы бұған қоса міндеттемеден де ажыратылады.
Егер де шарт заңды факті деп танылса, ал міндеттеме азаматтық құқық қатынасы деп есептеледі. Құқыққатынасы ретіндегі міндеттеме шарттаң, сондай-ақ АК-тің 7-бабында көрсетілген басқа да негіздерден туындауы мүмкін. Шарттағы тараптар азаматтар, ұйымдар бола алады. Шарт әр түрлі болып келеді:
1) Құқықтар мен міндеттердің тараптардың арасында бөліну сипатына байланысты шарттар бір жақты және өзара болып бөлінеді. Бір жақты шарт ретінде тараптардың бірі тек құқықтарға, ал екіншісі міндеттерге ие болатын шарт танылады. Мысалы, бұларға заем шарты келісімге сәйкес заем беруші заем алушыдан ақша сомасын немесе сондай түрдегі және сападағы заттардың тең санын қайтаруды талап етуге құқылы. Ал заем алушының оларды меншік иесіне қайтарып беру міндеті ғана бар.
Курстық жұмыстың мақсаты: азаматтық және банктік заңнамадағы соңғы өзгерістерге сәйкес, банк заемы шартын құқықтық реттеу механизмін жанжақты және толық ашу болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Заем шартының түсінігі мен элементтерін қарастыру;
2. Заем шартының нысанасын;
3. Заем шартының түрлерін қарастыру.
Зерттеудің пәні — банк заемы шартын жасау барысында, банк пен заемшы арасында пайда болатын қатынастардың құқықтық табиғатын зерттеу.
Жұмысты жазуда азаматтық құқық пен банк құқығының ғалымдарының еңбектерімен қатар, экономика саласының ғалымдарының еңбектері, сот практикасы зерттелінді.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ;
1 НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
1.1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылғы 30 тамызда өткізілген республикалық референдумда қабылданды. – Алматы: Жеті жарғы. – 2003. – 96 б.
1.2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлімі . – Алматы: Юрист, 2012 – 308 б.
2 НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР
2.1. Айтжанов Ж. Адамның құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына// Заң газеті.- 2005. - 2 қараша. - Б. 2
2.2 Алдамжарова С. Мүлікті заңдастыру: күнгейі мен көлеңкесі// Заң газеті.- 2005. - 4 наурыз. - Б. 2.
2.3 Булгакова Д.А., Истаев А.Ж. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы: Оқу-әдістемелік құрал.- Алматы: Заң әдебиеті, 2004.- 222 б.
2.4 Жайлин Г.А. ҚР- ның азаматтық құқығы. Ерекше бөлім.Т.1. –Алматы: Заң әдебиеті, 2003. – 378 б
2.5 Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық / Құраст Е. Баянов.- Алматы: Б.ж., 2003.- 692 б.
2.6 Қуанышбайқызы С. Меншік құқығын қорғаудың азаматтық-құқықтық тәсілдерінің негізгі мәселелері// Заң.- 2005. - N 5. - Б. 25-26
2.7 Сәрсенбай Ә. Қазақстанның азаматтық заңнамаларындағы қызмет түсінігі// Заң.- 2003. - N8 - Б. 66-68
2.8 Төлеуғалиев Г. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы: академиялық курс. – Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 376 б.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ЗАЕМ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Займ шартының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Заем шартының нысаны ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3 Заем шартының нысанасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.4 Заем шартының мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2. ЗАЕМ ШАРТЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 Мемлекеттік заем шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15 2.2 Банк заем шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.3 Банктік қарыз шартының ерекшелiктерi ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..24
КІРІСПЕ
Заем - мемлекеттің қарыз (заемшы) немесе несие беру рөлін атқаруына байланысты несиелік қарым-қатынастардың бір түрі. Заем қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді, пайызды, ұтыс заемдары болып ажыратылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі.Заем шарты бойынша бір тарап (заем беруші) басқа тараптың (заемшының) меншігіне (шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектік белгілерімен айқындалған заттарды береді немесе беруге міндеттенеді, ал заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегі және сападағы заттардың тең мөлшерін уақытында қайтаруға міндеттенеді (АК-тің 715-бабы).
Шарт дегеніміз -- азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтату туралы екі немесе одан да көп адамның келісімі. Соңдықтан да шарт тиісті шарттық міндет-темелік құқық қатынастары туындауына негіз болатын заңды факті болып табылады.
Шарт ретінде тараптардың құкықтары мен міндеттері жазылып тиісінше ресімделген құжатты да түсінуге болады. Шарт пен мәміле ұғымдарының арақатынасы да ерекше: кез келген шарт мәміле болатын болса, ал мәміле әр кезде де шарт бола бермейді.
Оларды, егер екі жақты немесе көп жақты келісімдер жайлы әңгіме болғанда бір мағынада қарастыруға болады. Мәміле сонымен бірге заң бойынша өсиет қалдыру жағдайларында бір жақты да бола алады. Шарт ұғымы бұған қоса міндеттемеден де ажыратылады.
Егер де шарт заңды факті деп танылса, ал міндеттеме азаматтық құқық қатынасы деп есептеледі. Құқыққатынасы ретіндегі міндеттеме шарттаң, сондай-ақ АК-тің 7-бабында көрсетілген басқа да негіздерден туындауы мүмкін. Шарттағы тараптар азаматтар, ұйымдар бола алады. Шарт әр түрлі болып келеді:
1) Құқықтар мен міндеттердің тараптардың арасында бөліну сипатына байланысты шарттар бір жақты және өзара болып бөлінеді. Бір жақты шарт ретінде тараптардың бірі тек құқықтарға, ал екіншісі міндеттерге ие болатын шарт танылады. Мысалы, бұларға заем шарты келісімге сәйкес заем беруші заем алушыдан ақша сомасын немесе сондай түрдегі және сападағы заттардың тең санын қайтаруды талап етуге құқылы. Ал заем алушының оларды меншік иесіне қайтарып беру міндеті ғана бар.
Курстық жұмыстың мақсаты: азаматтық және банктік заңнамадағы соңғы өзгерістерге сәйкес, банк заемы шартын құқықтық реттеу механизмін жанжақты және толық ашу болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Заем шартының түсінігі мен элементтерін қарастыру;
2. Заем шартының нысанасын;
3. Заем шартының түрлерін қарастыру.
Зерттеудің пәні -- банк заемы шартын жасау барысында, банк пен заемшы арасында пайда болатын қатынастардың құқықтық табиғатын зерттеу.
Жұмысты жазуда азаматтық құқық пен банк құқығының ғалымдарының еңбектерімен қатар, экономика саласының ғалымдарының еңбектері, сот практикасы зерттелінді.
1. ЗАЕМ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1 Заем шартының түсінігі
Заем шарты бойынша бiр тарап (заем берушi) басқа тараптың (заемшының) меншiгiне (шаруашылық жүргiзуiне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектiк белгiлермен айқындалған заттарды бередi (беруге мiндеттенедi), ал заемшы заем берушiге дəл осындай ақша сомасын немесе осы тектегi жəне сападағы заттардың тең мөлшерiн уақытында қайтаруға мiндеттенедi.
Заем шарты реалды шарт болып табылады, заңнамамен көзделген жағдайларда, ол консенсуалды болуы мүмкiн.
Реалды заем шарты ақша немесе заттарды беру туралы келiсiмге қол жеткiзiлген сəттен бастап бекiтiлдi деп саналады (заңнамада мəндi жағдайдың не болып табылатындығы туралы арнайы жағдайлар жоқ, бiрақ, Азаматтық кодекс нормаларының мəнiсi бойынша, бəрiнен де бұрын оған оның пəнi туралы жағдай жатады).
Егер шарт тараптардың алдын ала келiсiмiне негiзделсе, онда ол консенсуалды болып табылады.
Реалды заем шарты көп жағдайда бiр жақты болып табылады, өтйкенi заем берушi ақша немесе заттарды бергеннен кейiн мiндеттi тарап болып заемшы ғана табылады, ал заем берушiде оған талап қою құқығы ғана болады. ҚР Азаматтық одексiнiң 717бабының 2бөлiгiне сəйкес ақша мен заттарды бөлшектеп (бөлiпбөлiп) беру жүзеге асқанда да шарттың бiржақты сипаты сақталады.
Заемшының ақша немесе заттардың белгiлi бiр мөлшерiн тиiстi мерзiмдерде қайтару мiндетiмен қатар заем берушiде ақша немесе заттарды одан əрi беру жөнiндегi мiндетi де болады.
Осылайша, екi тарап бiрбiрiне қатысты талаптар қоя алатын болады, бiрақ олар қарамақарсы бағытталған сипатқа ие емес. Ақшаны (заттарды) бөлiп бөлiп берудегi заем шарты реалды шарт болып табылады, өйткенi, ол ақшаның (заттардың) бiрiншi
бөлiгiн берген сəттен бастап жасалды деп есептеледi.
Егер заңды актiлермен немесе шартпен өзгеше көзделмесе заем шарты ақылы болып табылады. Заем шартының ақылы екендiгi туралы жалпы ереже ҚР Азаматтық кодексiнiң 718бабының 1тармағында белгiленген. Бұрын егер сыйақыға деген құқық шартпен тiкелей көзделмесе, азаматтар арасындағы заем шарты ақысыз деп қабылданатын.
Азаматтық кодекстiң жаңа редакциясына сəйкес жалпы ереже бойынша ақысыз болып заттар берiлетiн заем шарты табылады (ҚР АКң 718бабының 2тармағы). Мұндай шартта оның ақылығы ескерiлетiнi аз болғандай, сыйақының мөлшерi мен нысаны (заттай немесе ақшалай да ескертiлуге тиiс.
Заем шарты бойынша бірінші жақ (заем беруші) екішнші жаққа (заем алушыға) ақшаны немесе тектік белгілерімен анықталған заттарды береді, ал АК немесе шартта көзделген жағдайларда беруге міндеттенеді, ал заем алушы заем берушіге дәл сондай ақша сомасын немесе сол тектегі, сападағы, мөлшердегі заттарды уақытында қайтаруға міндеттенеді (ҚР АК 715 б.).
Шарттың заты - тектік белгілерімен анықталған және тұтынылатын мүлікті (ақшаны немесе өзге заттарды) беру болады.
Заем шартының, мүлікті жалдау шартынан негізгі айрмашылығы, осында болады. Заем түрлеріне: аванс, несие беру, төлемді кейінге қалдыру, төлемді бөліп төлеуге рұқсат беру, алдын ала төлеу жатады.
Кәсіпкерлік түрінде заңды тұлғалар мен азаматтардан заем алуға тыйым салынады, бұл шарттар жарамсыз болып танылады.
Заем шартының нысаны мәміле нысандары жөніндегі ҚР АК- 151-152 баптарында көзделген жалпы ережелерге бағынады.
Шарт бір жақты міндеттейтін болады, өйткені зат немесе ақша берілгеннен кейін міндет (уақытында алганын қайтару) тек заем алушыға жүктеледі, ал заем берушіде, тек заемды қайтаруды талап ету құқығы ғана болады.
1.2 Заем шартының нысаны
Заем шарты ҚР Азаматтық кодексiнiң 151, 152 шарты заемшының облигациясы, қол хаты немесе оған заем берушiнiң белгiлi бiр соманы немесе заттардың белгiлi бiр мөлшерiн бергендiгiн куəландыратын өзге де құжат болған жағдайда да тиiстi жазбаша нысанда жасалды деп есептеледi (ҚР АК 716 бабының 2т.).
Мəселенi осылай шешу заемшының мiндетi күрделi құралымды сипатқа ие емес екендiгiнен жəне заемдық мiндеттемеге кез келген бiржақты ақшалай мiндеттеме айнала алатындығымен байланысты.
Сонымен қатар заем жағдайлары туындаған сот талқылауы барысында одан əрi нақтылануға тиiс болады.
Заем шарты, егер осы Кодексте немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, ақша немесе заттар берiлген кезден бастап жасалды деп есептеледi.
Шартта ақшаны немесе заттарды бөлшектеп (бөлiп-бөлiп) беру көзделген жағдайларда, егер шартта өзгеше көзделмесе, олардың бiрiншi бөлiгi берiлген кезден бастап шарт жасалды деп есептеледi.
1.2 Заем шартының элементтерi
Заем шартының тараптары - заем берушi мен заемшы болып азаматтық құқықтың кез келген субъектiлерi шыға алады. Жеке тұлғалар əрекет қабiлеттiлiктiң тиiстi көлемiн иеленбеу себебiне байланысты заем шартының қатысушылары бола алмайды.
Осы айтылған сөз құқық қабiлеттiлiгi арнайы сипатқа ие болатын заңды тұлғаларға да қатысты. Олар заем берушiлер болып тек олардың жарғысында көзделген жағдайларда не осы заңды тұлға мүлкiнiң меншiк иесiнiң нақты рұқсатымен ғана бола алады.
Олар ақшаны өздерiнiң жарғылық қызметiн немесе оларға заңмен рұқсат етiлген кəсiпкерлiк қызметтi қаржыландыру үшiн қарызға ала алады. Бiрақ мемлекеттiк мекемелер үшiн елеулi шектеулер көзделген, шарт бағасын төлеу үшiн кейiнге қалдыру немесе бөлiпбөлiп төлеуден басқа олар заем қаражаттарын тарта алмайды (өйткенi олар тек қана бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады).
Жоғарыда атап өтiлгендей бұл өз алдына дербес сатып алусату шартының, басқа шарттардың аясында жүзеге асырылады, ал шарт бойынша төлем жүргiзудi кейiнге қалдыру немесе бөлiпбөлiп төлеудi көздейтiн жағдайлардың өзi тиiстi шарттардың кəдiмгi жағдайларына жатады.
Заңды тұлғалар мен азаматтарға кəсiпкерлiк қызмет ретiнде азаматтардан заем түрiнде ақша тартуға тыйым салынады (ҚР АКң 715б. 3т.). Сондайақ олар банкiлiк заем шарттары бойынша заем берушi ретiнде болуға құқылы емес.
1.3 Заем шартының нысанасы.
Заем шартының пəнi болып тектiк белгiлермен анықталатын ақша немесе заттар табылады. Мүлiктiк құқықтар заем шартының нысанасы бола алмайды.
Қазақстан Республикасының "Төлемдер жəне ақша аударулары туралы" заңы "қолмақол емес ақша қаражаттары" түсiнiгiн кеңiнен пайдаланады, олар азаматтық құқықтың дербес объектiсi болып табылмайды, өйткенi олар банктен ақша (ақша бiрлiктерiн) алуға мiндеттемелiк құқықты ғана сипаттайды.
Заем нысанасы шартта көзделген мерзiмде, мөлшерде және жағдайда берiледi.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасы оны заемшыға берген немесе оның банктегi шотына тиiстi ақша қаражаты есептелген кезден бастап берiлген деп есептеледi.
Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, заемшы заем берудiң шартта белгiленген мерзiмiне дейін заем берушiнi бұл туралы хабардар ете отырып, заем алудан толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.
Тектiк белгiлерiмен айқындалатын заттарды заемға берген кезде олардың саны, түр-түрi, жинақтылығы, сапасы, ыдысы және (немесе) буып-түйiлуi туралы шарттарды орындау, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарларды сатып алу-сату шарттары туралы (осы Кодекстiң 406-492-баптары) ережелерге сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
Сондықтан қолмақол жəне қолмақол емес ақшаларды шарттардың объектiсi ретiнде бөлiп қарастырудың ешқандай тəжiрибелiк маңызы жоқ. Заем шартының нысанасы ретiнде толық көлемде шетел валютасы бола алмайды, өйткенi ол Қазақстан Республикасының "Валюталық реттеу туралы" заңының 1бабымен валюта құндылықтарына (валюталық реттеу объектiсiне) жатқызылған, ал валюталық құндылықтарға меншiк құқығы мен өзге де құқықтардың өтуiмен байланысты мəмiлелер валюта операцияларына жатқызылған.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасыз болады және заемшы алынған заем нысанасын өз қалауы бойынша пайдаланады.
Шарт заемшының заем нысанасын белгiлi бiр мақсатқа пайдалануы шартымен (нысаналы заем) жасалған жағдайда, заем берушiнiң заемның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар, ал заемшы заем берушiнiң осындай бақылауды жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Заемшы заем нысанасын нысаналы пайдалану жөнiндегi мiндеттердi, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындамаған жағдайда заем берушi заем нысанасының берiлмеген бөлiгiне қатысты шартты орындаудан бас тартуға және заемшыдан заем нысанасын және ол бойынша сыйақыны мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
Заемшы шартта көзделген тәртiппен және мерзiмде заем нысанасын қайтаруға мiндеттi. Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасы оны заем берушiге берген немесе оның банктегi шотына тиiстi ақша есептелген кезде қайтарылды деп есептеледi.
Егер заем нысанасын қайтару мерзiмi шартта белгiленбесе, оны заемшы ол туралы заем берушi талап еткен күннен бастап отыз күн iшiнде қайтаруы тиiс.
Сыйақы төлеу туралы шартсыз берiлген заем нысанасы мерзiмiнен бұрын қайтарылуы мүмкiн. Сыйақы төлеу шартымен берiлген заем нысанасы заем берушінің келісімімен не, егер ол шартта көзделсе, мерзімінен бұрын қайтарылуы мүмкін.
Егер шартта өзгеше белгiленбесе, заем бойынша сыйақы кез келген уақытта мерзiмiнен бұрын төленуi мүмкiн.
Заем берушiнiң келiсiмiмен заемшының мiндеттемелерi: ақша заемы шарты бойынша - борыш есебiне тектiк белгiлерiмен айқындалған заттарды қабылдаумен; заттар заемы шарты бойынша - борыштың есебiне ақша қабылдаумен орындалуы мүмкiн. Аталған заттардың құны тараптардың келiсiмiмен айқындалады.
Егер шартта заемды бөлшектеп (бөлiп-бөлiп) қайтару көзделсе, заемшы заем нысанасының кезектi бөлiгiн қайтару үшiн белгiленген мерзiмдi бұзған жағдайда заем берушi заем нысанасының қалған барлық бөлiгiнiң тиесiлi сыйақымен бiрге мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
Егер шартта заем бойынша сыйақыны заем нысанасының өзiн қайтару мерзiмдерiнен бұрын төлеу көзделсе, сыйақыны төлеу үшiн белгiленген мерзiм бұзылған жағдайда заем берушi заемшыдан заем нысанасын тиесiлi сыйақымен бiрге мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
Заем берушi 720-баптың З-тармағында, 721-баптың 2-тармағында, 722-баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген негiздер бойынша заем нысанасын мерзiмiнен бұрын қайтару туралы талаптар қойған кезде заем нысанасын қайтарудың және ол бойынша сыйақыны төлеудiң жаңа мерзiмi осы Кодекстiң 722-бабының 1-тармағында белгiленген ереже бойынша есептеледi.
Заемшы заем берушiден өзiнiң заем нысанасын (ақшаны немесе заттарды) iс жүзiнде алмағандығын немесе шартта көрсетiлгеннен аз мөлшерде немесе аз санда алынғанын дәлелдей отырып, заем шартын даулауға құқылы. Заем шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс жағдайларда (осы Кодекстiң 716-бабы), шарт алдаудың, күш қолданудың, қорқытудың, тараптар өкiлдерiнiң қаскүнемдiк келiсiмiнiң немесе ауыр мән-жайлар тоғысуының ықпалымен жасалған жағдайларды қоспағанда (осы Кодекстiң 159-бабының 9 және 10-тармақтары), оны куәгерлiк көрсетулер арқылы даулауға жол берiлмейдi.
1.4 Заем шартының мазмұны
ҚР АК заем пəнiн беру тəртiбiн реттейдi. Заем пəнiн беру мерзiмдерi, мөлшерi, жағдайлары шартта анықталады. Егер шартпен өзгеше көзделмесе, заем пəнi оны заемшыға беру немесе оның банкiлiк шотына ақша аударған сəтте берiлдi деп есептеледi.
Заемшы заем алудан бас тартуға құқылы, бұл туралы ол заем берушiнi оны берудiң шартпен белгiленген мерзiмiне дейiн толығымен немесе iшiнара хабарландыруға тиiс. Заемшының бас тарту құқығына тiкелей заңнамада немесе шартта көрсету арқылы тыйым салыну мүмкiн. Тектiк белгiлермен анықталатын заттарды беру жөнiндегi заем берушiнiң мiндетiн анықтайтын азаматтық кодекстегi норма жаңа норма болып табылады.
Оларды беру сатып алусату шарттары бойынша заттарды сатушылармен беру жағдайы үшiн белгiленген, саны, сапасы, ыдысы мен буыптүйiлуi бойынша көзделген талаптарды сақтаумен жүзеге асырылуға тиiс. Жалпы ереже бойынша заем нысанасы болады. Бұл орынды, өйткенi заемшы заем пəнiн өз меншiгiне алады жəне оған оның кездейсоқ жойылуының барлық қауiптерi жүктеледi. Сол себептi заемшы алған заем пəнiн өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.
Кейбiр жағдайларда заем берудiң ерекше жағдайларына байланысты, мысалы, егер заем ерекшелiк (заемшының қаражатқа деген аса қажеттiлiгiне байланысты т.с.с.) ретiнде берiлген болса, заем берушi қарызға алынған соманы қайтаруды шынайы түрде қамтамасыз ете алатын жағдайларды заемшының сақтауына мүдделi болуы мүмкiн. Аталған ұқсас себептердiң салдарынан заем оны нысаналы пайдалану шартымен берiлуi мүмкiн (ҚР АК 720б. 2т.).
Нысаналы заем берген заем берушi заемның нысаналы пайдаланылуын бақылауға құқық алады. Заемшыға заем берушiнiң осындай бақылауды жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мiндетi жүктеледi. Егер заемшы заем пəнiн нысаналы пайдалану жөнiндегi, сондайақ оған заем берушiнiң бақылау жасауын қамтамасыз ету жөнiндегi мiндетiн орындамаса, онда заем берушi шарттан бас тартуға жəне заем пəнiнiң берiлмеген бөлiгiн бермеуге құқылы. Сондайақ ол заемшыдан заем пəнiн жəне ол бойынша сыйақыны мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
Заемшыға заем пəнiн қайтару жəне сыйақы төлеу жөнiндегi өз мiндетiн орындауды қамтамасыз ету мiндетi жүктелуi мүмкiн. Қамтамасыз ету тəсiлдерi басқа мiндеттемелердi орындауды қамтамасывз ету үшiн қолданылатын тəсiлдер сияқты. Түсiндiрiле алатын себептерге байланысты мiндеттеменi орындаудың кепiлпұл сияқты тəсiлi қолданыла алмайды, жалпы, ол реалды шарттар бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн қолданылуға жатпайды.
Негiзiнен тəжiрибеде мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң кепiл сияқты тəсiлi қолданылады. Заем берушiге, сондайақ, заемның қамтамасыз етiлуiне бақылау жасау мүмкiндiгi де берiледi, егер заңды актiлермен немесе шартпен өзгеше белгiленбесе.
Бақылау заемшының жалпы мiндеттемесiн орындауға қамтамасыз етудi қолдануға да жəне қамтамасыз етудiң тиiстi тəсiлiн қолдануға да жүзеге асырылуы мүмкiн.
Заемшы қарызды қайтару бойынша өз мiндетiн өзiнiң орындамау қаупiн сақтандыруға құқылы. Қазiргi кезеңде сақтандыру бiрқатар мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң тиiмдi тəсiлiне айналып отыр (жоғарыда рента төлеудi қамтамасыз ету үшiн сақтандыруды қолдану туралы айтылған болатын), алайда таза заңдық мағынада ол мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету тəсiлiне жатпайды.
Заемшы заем пəнiн қайтаруды жəне сыйақы төлеудi қамтамасыз ету жөнiндегi мiндетiн орындамаған кезде, сондайақ заем берушi жауап бермейтiн мəнжайлар бойынша қамтамасыз етудi жоғалтқан немесе оның шарттарын нашарлатқан жағдайда заем берушi шарттан бас тартуға құқылы.
Заем шартының негiзгi мазмұны: заемшының заем сомасын (тектiк белгiлермен анықталған заттарды) қайтару мiндетi жəне тиiсiнше заем берушiнiң оларды қайтаруды талап ету құқығы.
Заем пəнiн қайтару тəртiбi ҚР АК 722бабымен реттелген. Қайтару мерзiмi заем шартының мəндi жағдайларына жатпаса да оның өзiндiк маңызы бар, заем шарты барлық жағдайларда дерлiк шарт пəнiн беру мерзiмiн көрсете отырып жасалады, соған сəйкес қайтару мерзiмi де анықталады. Заем мерзiмi көрсетiлмей берiлген кезде немесе оның мерзiмiн анықтау мүмкiн болмайтын жағдайда ҚР Акң 722бабының 1тармағының ережесi қолданылады. 277 баптың 2 тармағына сəйкес орындалу мерзiмi талап ету сəтiмен анықталған мiндеттеменi орындау үшiн жетi күндiк жеңiлдiк мерзiм белгiленгенi белгiлi.
Заемшының міндеттері:
алынған Заем сомасын уақытында және толық көлемде қайтару және ол бойынша сыйақы төлеу;
Заем уақытында қайтарылмаған және немесе ол бойынша сыйақы төленбеген жағдайда осы Шартта анықталған мөлшерде және тәртіппен Банкке тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) төлеу;
Банк қызметін тарифтерге сәйкес төлеу;
осы Шарт бойынша Заемшының міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін жағдайлардың басталғаны туралы Банкке дереу хабарлап отыру;
үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілгер болмау, сондай-ақ Заемшының осы Шарт бойынша міндеттемелерін тиісті түрде орындауға кедергі келтіретін өзге мәмілелерді жасамау;
байланыс деректері деректемелері өзгерген жағдайда осы Шарттың талаптарына сәйкес Банктің талап етуі бойынша тиісті растаушы құжаттарды бере отырып, мұндай өзгерістер енгізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күннен кешіктірмей Банкке хабарлама жіберу;
осы Шартта қарастырылған жағдайларда Заем сомасын және тиесілі сыйақыны, айыппұлдар мен өсімақыны (олар бар болса) қайтару төлеу.
Заем шарты үшiн ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz