Білім әлеуметтануы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Білім әлеуметтануы

Білім беру педагогика, психология, философия, тарих, экономика, әлеуметтану секілді ғылымдар қатарын зерттеудің объектісі мен пәні болып табылады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән шекарасын зерттейді. Білім беру әлеуметтануы - білім жүйесін әлеуметтік институт ретінде және оның қоғаммен өзара әрекеттестігін зерттейтін ғылыми пән. Әлеуметтанудың мұндай ерекше саласының бөлініп шығуы білімнің тарихи ауыспалы жүйесіне және шартты дербестігіне, оларды тудырушы қоғамдық қатынастар шеңберінде қоғамның дамуы мен қызмет етуіне белсенді әсер ете алу қабілеттілігіне негізделген. Білім беру ол әрбір адамды білімнің негізімен жан-жақты, терең қаруландыруын, әлеуметтік және рухани тәрбиені сабақтастыруын, тұлғаны әлеуметтендіруін, оның интеллектуальды және рухани мүмкіндігін қалыптастырады, т. б. Қоғамның оқу, білім құбылыстарын, процестерді жалпы әлеуметтанудың арнаулы теориясы - білім әлеуметтануы зерттейді.

Білім беру әлеуметтануының негізін XX ғ. басында М. Вебер және Э. Дюркгейм қалаған. Олар білімнің әлеуметтік қызметтерін, оның экономикалық және саяси процестермен байланысын, сонымен қатар әлеуметтану көзқарасы бойынша оқу орындары мен педагогикалық процестерді зерттеді.

Э. Дюркгейм білім берудің социологиялық қырларын анықтап берді. Өзінің біршама еңбектерінде ол білім берудің функционолисттік айқындамасын дамытты. Ең алдымен, Дюркгейм білім беру жүйесінің өзекті қызметіне назар аударады. Осындай маңызды қызмет ретінде әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды қарастырады. Оның пікірінше, қоғам оның мүшелері арасында бірлік болған жағдайда ғана өмір сүріп кете алады. Білім беру арқылы оқушыларды оқу процесі кезінде соған қалыптастырады. Мұндай әлеуметтік өмірге деген көзқарастардың бірлігі болмаса, ұжымдық тұрмыс, ынтымақтастықтың болмауы да ықтимал. Кез-келген қоғамның алдында тұрған мәселе индивидтерден құрылған бұқараны біріктіріп, белгілі бір әлеуметтік тұтас бірлікке қатысын анықтау. Қазіргі заманда білім берудің формалды жүйесі атқарып отырған функциясы кез келген (отбасы немесе құрдастар) әлеуметтік институт орындай алмайды. Өйткені, отбасы мүшелері туыстық қарым-қатынастармен бекітілсе, ал, құрдастар арасында ол жақын адамды өзі таңдайды. Алайда, ірі қоғамда мемлекет немесе тап, ұлттық немесе кәсіби деңгейде басқа принциптерге орай негізделеді. Білім беру социологиясы дәстүрлі социологиялық тақырыптардың бірі. Сонымен қатар бұл тақырыптың ертеден бері қарастырыла бастағанына қарамастан, онда талас тудыратын, шешілмеген мәселелер өте көп. Білім берудің социологиялық проблемеларымен іс жүзінде социологиялық бағыттардың барлық өкілдері айналысып жүр. Сондықтан білім беру социологтарын әр мектептің жеке ауқымында қарастырған жөн болар. 1938ж. Дюркгейм қайтыс болғаннан кейін көп жылдар өткен соң Парижде оның "Эволюция образовательной мысли" атты еңбегі жарық көрді. Онда оның білім беруге байланысты гуманистер идеалының тарихи логикасы болғандығын атап өтетін бірнеше өте керемет идеялары ұсынылады. Мысалы 17-18 ғасырларда Францияда өз еңбектерін бірінші кезекте ұсынған әдебиетшілер, философтар, ғалымдардан тұратын белгілі интеллектуалдық элита қалыптасқан болатын. Осы орта сол кезеңнің интеллектуалдық процесіне орай аталатын есәмдерді дүниеге әкелді. Білім берудің міндеті осы бір таңдаулы интеллектуалдық қабат үшін адамдарды әзірлеу болды. Міне, осындай білім берудің анық элитарлық теориясы милиондаған қарапайым адамдарды есепке алмай тасталды. Бір жағынан, демократиялық өзгерістер тұсында да білім берудің гуманистік моделі білім берудің ғылыми социологиялық теориясымен ешқандай ұқсастық таппайды. Білім берудің гуманисттік айқындамасы адам табиғатының жақсаруына, әр адамның бойында адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына негізделген.

Макс Вебер де Э. Дюркгейм секілді білім әлеуметтануын тыңдаушылардың әлемдік мүмкіндіктері мен көзқарастарының біріктіру және де ұрпақтар арасындағы көпір іспеттес тұрғысынан қарастырды. Бірақ айта кететін бір жәйт Вебер Дюркгеймге қарағанда білім әлеуметтануының тек қана білім беру қызметін ғана емес, сонымен қатар оның арнайы мамандық бойынша да даярлайтын қызметін атап көрсетті . Бірақ та Дюркгейм тыңдаушыдар мақұлдайтын, қоғам арасында тұрақтылықты қамтамасыз ететін жалғыз идеалдың бар екеніне нық сенді, ал Макс Вебер оның бұл ойын құптамады. Оның ойынша ондай идеалдың бар болуы мүмкін емес, себебі қоғам арасында түрлі кикілжіңдер өте көп, және болашақта да ондай идеалдар болмайды да, өйткені олар құрылатын құндылықтардың арасындағы қарама-қайшылық әрдайым болады. Макс Вебердің ойынша жеке адамдардың, топтардың статусын, орнын, атқаратын функциясын өзгертуге білім аса маңызды роль атқаруда. Жоғарғы білімі, не арнайы білімі бар адамдардың ой еңбегі саласында орын алатын кәсіби мамандықтары бар . Ал арнайы білімі жоқ адамдар тобының статусы төмен, олардың көпшілігі төменгі тапқа, яғни кедей тапқа жататынын бекерге шығаруға болмайды.

Социологиядағы функционалистік дәстүрді айтарлықтай дамытқан Т. Парсонс болды. Парсонстың көзқарасы басқаша. Ол Дюркгейммен білім беру жүйесі индивидті қоғаммен байланыстырудағы әлеуметтендіруші ролінің маңызына орай келіседі. Бірақ Парсонс отбасы және білім беру мекемелерінде әлеуметтендіру ерекшеліктерін жеке-жеке талдап көрсетеді. Білім беру социологиясының орталық проблемасы «интеллект коэффициенті» деп аталатын орны мен ролін бағалаумен байланысты. Адамдар табиғи дарындылығымен айтарлықтай ерекшеленеді. Осы орайда интеллект деген ұғым - абстракты ойлауды нақты түрде білдіреді. Алайда, мұндай дефиниция әр түрлі типіне бөлу жүргізіліп келеді. Білім беру социологиясы үшін таптық және ұлттық айырмашылықтар осы салада үлкен қызығушылық тудырып отыр. Т. Парсонстың білім беру социологиясындағы аса маңызды ережелердің бірі, білім беру жүйесі қалыпты жағдайда меритократиялық принциптер бойынша қызмет етуі тиіс. Яғни индивидтерді нақты еңбегіне қарай бағалау қажет.

Ағылшын социологы Дж. Дуглас 1940-1960 жылдар аралығында өте қызық, ұзақ мерзімді зерттеулер жүргізген еді. Ұзақ уақыт ішінде ол бес мыңға жуық оқушыларды бақылайды. Дуглас оқушыларды қабілетіне қарай бірнеше топтарға бөліп, содан кейін оларды төрт әлеуметтік топтарға жатқызады. Әлеуметтік әркелкіліктің моделін білім беруде - мәдени депривация теориясы деп атайды. Мәдени депривация теориясының әр түрлі теорияларында әлеуметтік субъективті мәдениеттер білім алу саласында басқа әлеуметтік-мәдени топтармен бәсекелесуге мұрсат бермейді. Мәселе тек материалдық жетіспеушілікте емес, сәбидің қоршаған ортаның мәдени қырынан қарағандағы кедейлігі. Депривация формасына бүгін социологтар лингвистикалық депривацияны, тіл қолданысына қатысты мәселелердің жоқтығын жатқызады. Мұнда білім беру жүйесінің кейбір ұлт тілдерінде толық жетілдірілмегеніне орай ұлттық мектептердегі бітіргендер үшін қолайсыз жағдай, лингвистикалық депривация тудырып отыратындығын атап өту керек. Мәдени депривация теориясы білім беру жүйесінде қалыптасқан әлеуметтік пргоблемаларын түзету үшін практикалық бағдарламаларды дүниеге әкелді. Біздің еліміздегі мамандарға зәру болған кезеңде ұлттық ұлттық мамандарды (мұғалім, дәрігер, ғалым, инженер) әзірлеу бағдарламалары тарихи қалыптасқан мәдени депривацияны жоюға бағытталған еді .

М. Мид білімде озара әрекетке түсетін әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға көңіл койды. Білім беру жүйесі мен үрдісіне ықпал ететін әлеуметтік топтардың күрылымы мен функцияларынын манызы атап көрсетіледі. Білім, біріншіден, ішкі күрылымы әлеуметтік катынастарға толы аса күрделі жиынтыктан түратын, коғамның салыстырмалы түрдегі өз алдына жеке жүйешесі. Екіншіден, ол қоғамға катысты бірқатар функциясы бар әлеуметтік институт ретінде, оның барлық жүйешелері және әлеуметтік үйымдык деңгейі ретінде қарастырылады. Бұл әлеуметтік ғылымда сабактастыкты және әлеуметтанудың шектеулі дамуын, әлеуметтанудын жакын салаларымен және баска да әлеуметгік-гуманитарлык ғылымдармен накты өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Көпшілікке арналған мектептер федералдык білім органдарынын ұсыныстарына арқа сүйеген бәріне ортақ оку бағдарламаларымен әрекет етеді. Жеке меншік мектептер оку жоспарларын құруда, оку материалдарын таң- дауда, мүғалімдерге және оқушыларға талаптар коюда - тәуелсіз. Халықтың әлеуметтік-экономикалык жіктелуі жағдайында онын ауқатты бөлігінде оздерінің балаларын окыту үшін қаржыландыру мүмкіндігі мен тілегі пайда болады, ол болашақта аса пайдалы, ықпалды және коғамда әлеуметтік түрғыдан мәртебелі білім барынша терендетіп оқытылатын интеллектуалдык дайындығымен және ерекше құндылыкка бағытталуымен ерекшеленген. Нәтижесінде, элиталык мектептерде жағымды жағдай қалыптасып, оған колдау көрсетіліп отырады, аса жоғары техникалык жабдыктау және балаларды тамақтандыру мен оларға қызмет керсету мәселесі толық шешілген, ата-аналардын мүддесіне сәйкес келетін ерекше өнегелік- психологиялык ахуал қалыптасады. Оку үрдісі балалардың ерекше әлеуметтік-таптык дүниетанымына, көшбасшылық, пікірталастык және ұйымдастырушылык дағдыларын дамытуға, болашак әлеуметтік элитанын кен көлемді гуманитарлык және саяси білімдерді калыптастыруға бағытталған. Мұғалімдер мен окушылардың карым-катынасы окушылардың әлеу- меттік жағдайының карапайым еместігін мойындауға күрылған: балалар- мен міндетті түрде «сэр» немесе «мисс» және «сіз» деп сөйлеседі. Көпшілік және жеке меншік мектептерде нені және калай окытатыны тіпті де бірдей емес. Жеке меншік мектептін әлеуметтік ұйымдык кұрылымы зерттеушілердің айтысына карағанда аса катаң, оқу үрдісінің білімдік күнды мазмұнына да бакылау катаң койылған. Онда жүмыска кабылдау катал өлшемдермен жүзеге асырылады, ал оку бағдарламалары интеллектуал ретіндегі мүғалімдер үшін әлеуметтік бакылаудың күралына айналған. Тіптен көпшілікке арналған мектептердің арасындада олардың орналаскан жеріне байланысты (бай немесе кедей аудан) әлеуметтік жіктеліс бай калады. Бұл әсіресе АҚШ-та орын алған, онын себебі мектептер округтарынын бюджеттерінін сүйенген кайнар көзі бірдей - жеке меншікке салынған жергілікті салыктар және штаттын корлары. Бай мектеп округтары кобіне көп білімдік бағдарламаларды камтамасыз етеді, жұмыска жаксы мұғалімдер мен әкімшіліктерді тартады. Мұндай мәртебелі, көпшілікке арналған мектептерге керісінше қарама- карсы тұрған қаланың төменгі түрғындары тұратын және негізінен им­мигрант қауымдары түратын ыкшам аудандарда орналаскан қатардағы мектептердің жағдайы тіптен карама-қайшы. Білім жүйесі аркылы әлеуметтік жіктелуде тіл маңызды рол аткарады (белгілі бір лексикалык жіктің тілін және сөйлеу мәдениетін колдану), сонын негізінде оку материалдары және мектептегі карым-катынас күрылған.

Джон Дьюи - американдық прагматистердің ең беделдісі. Ол алғашқы кезеңде психологиямен, білім психологиясымен айналысады. Кейінен педагогикаға ықыласы ауып «прогрессивті білім алу» атаулы теориясын жасаған. Дьюи, мектептің міндеті баланың басын толтыру емес, оның қабілетін ашуға көмектесу деп білген. Дьюи философияның көптеген мәселелерімен айналысқан өнімді жазушы. Жалпы, Дьюи абсолютті білімге, ақиқатқа қарсы. Кейбіреулер - дейді Дьюи, жетілген қоғамды, жетілген білімді және басқа да игіліктерді дайын күйінде алғысы келеді, өйткені олар адамның табиғаты өзгермейді деп сенеді. Шыңдығында адамның табиғаты құбылмалы. Дьюи, абсолютті ақиқат, яғни өзгермейтін, толысып біткен білім болмайды - дейді. Егер теория немесе пайымдау, алға қойған мақсатымызды, жоспарымызды іске асыруға көмектесіп, дұрыс нәтиже берсе, онда біздер алғыс айтқандай оларды (теорияны) ақиқат білім деп атаймыз. Сонымен, білімді алудың процесін Дьюи төмендегіше түсіндіреді. Ғылыми әдістің, ғылымның жалпы және негізгі міндеті адамды ортаға барынша толық бейімдеу, адамның қызметіне жағдай жасау. Сондықтан да, танымның және зерттеудің барысында қолданылатын ұғымдарды Дьюи мақсатқа жетудің құралы, инструменті ретінде анықтайды. Осыдан, Дьюидің концепциясын инструментализм деп атайды. Дьюидің түсінуі бойынша, ғылыми әдіс, идеялар, теориялар проблемалық ситуацияны шешуге көмектесе, сенімді болса, онда оларды ақиқат білім деп атаймыз, ал егер сенімсіздік тудырса, шатастырып жіберсе онда олар жалғанДж. Дьюи педоцентризмнің негізін қалады: педагогиканың барлық категориялары (оқытудың мақсаттары, мазмұны, әдістері) баланың сұранысына, қызығушылығына сай анықталуы қажет. Оқу үрдісінің негізі − бала, мектеп пәні мен мұғалім емес. Бұл педагогикада шын мәнісіндегі жаңа қадам болды. Мұнда үлкендердің балалармен кенеттен жасалған шығармашалағын, білім алып, дамуына көмек көрсетуін меңзейді.

Лестер Франк Уорд (1841-1913) білім әлеуметтануына басқа американдық ғалымдарға қарағанда көбірек көңіл бөлген болатын. Оның 1981 жылы білім әлеуметтануына байланысты "Динамикалық әлеуметтану" атты еңбегі жарық көрді. Ол білім беру жүйесін тұрақты қоғамдық болмыс ретінде қарастыруды алдына мақсат етті. Ол білім беру жүйесін қоғамдағы прогресстің құралы ретінде қарастырды, ол бойынша ең маңызды өнім адам бақыты болып саналды. Л. Уорд барлық адамдар білім алуы тиіс деп санады, сондықтан мектептегі орта білім алу барлығына тегін және міндетті болу керек деп санады. Білім жүйесінің маңызды критерийі -ол қоғамға пайдалы критерий болуы тиіс. Америкалық әлеуметтанушы атап айтқандай қоғамның қалыптасуына мектептің атқаратын ролі үлкен, сондықтан ол білім беру жүйесін әлеуметтану негізде зерттеуге кірісті. Лестер Франк Уордтың білім әлеуметтану теориясы 4 түрлі "динамикалық принципке" негізделген:

1. Адамның потенциалдық қабілетінің ерекшеліктерін сипаттайды; 2. Прогресске жетелейтін инновацияға негізделген;

3. Еркін қозғалу қабілетіне және ортаны өзгертуіне негізделген. Л. Уордтың пікірі бойынша ортаның материалды және рухани жағымды өзгерісі адамзатқа қызмет етеді.

4. Мақсатты бағытталған эволюция принципі, ол бойынша білім конструктивті түрде адам мақсаттарында қолданылуы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығарма-эссе
Орта деңгей теориясы
Мәдениет әлеуметтануы ұғымы
Әлеуметтану және әлеуметтік философия
Әлеуметтану ғылымы жайлы
Білім әлеуметтануы концепциясы
Отбасы және гендер әлеуметтануы
Білім беру әлеуметтануы пәнінің оқу әдістемелік кешені
Құқық әлеуметтік иниститут ретінде
Әлеуметтану бойынша материалдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz