Әлеуметтік институттар мен ұйымдар



I. Кіріспе
Әлеуметтік институттар , ұйымдар түсінігі.

II. Негізгі бөлім:
1. Әлеуметтік институттардың , ұйымдардың классификациясы.
2. Әлеуметтік институттардың қызметтері.
3. Отбасы әлеуметтік институт қызметі.

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Кез келген әлеуметтік институт сол немесе басқа қажеттіліктерді атқара отырып пайда болады және қызметтеледі. Егер мұндай қажеттілік мыңызды емес болса немесе жоғалып кетсе, онда институттың өмір сүруі мәнсіз, мығынасыз болып қалады. Әлеуметтік байланыстар жүйесіндегі әлеуметтік институттар мен ұйымдар қоғамда әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Ағылшын социологы Г.Спенсер ғылымға алғашқы болып «әлеуметтік институт» терминін енгізді. Ол әлеуметтік институттарды зерттей отырып, оның алты түрін сипаттап көрсетті. Олар: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, рәсімдік, діни, жанұялық. Спенсердің пайымдауынша, барлық әлеуметтік институттар әлеуметтік әрекеттердің тұрақты құрылымы ретінде қалыптасады. Латын тілінен іnstіtutum - орнату, жайластыру деп тәржімаланады. “Институция” термині орнату, қоғамда қалыптасқан әдет-ғұрып, тәртіп дегенді білдіреді. “Институт” ұғымы әдет-ғұрыптар мен тәртіптердің заң немесе мекеме түрінде бекітілуін білдіреді.
Әлеуметтік институт (лат. құрылым) – қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырып, қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін байланыстар мен әлеуметтік нормалардың ұйымдасқан жүйесі. Әлеуметтік институттар алғашқы қауымдастық қоғамнан қазіргі заманға дейінгі кез келген қоғамда болған. Оларсыз қоғам өзін құрайтын адамдарға қатысты өзінің негізгі функцияларын – біріктіру, қорғау, қамтамасыз ету, тұлғаны әлеуметтендіру, рухани және мәдени даму, т.б. орындай алмас еді. Әлеуметтік институт деп, көбінесе адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан орнықты нысандарын айтады. Институттардың негізгі мақсаты – жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Әлеуметтік ұйым – белгілі бір мақсатқа жету үшін құрылатын күрделі, өзара байланысқан, өзара иерархиялық әлеуметтік жүйелер, екінші қатардағы ірі әлеуметтік топтар. Әлеуметтік ұйым қоғамның әлеуметтік құрылымының элементі ретінде, қандай да бір топтың іс-әрекетінің түрі ретінде, әлеуметтік жүйенің элементтерін қалыптастырудағы ішкі тәртіп, келісімділік ретінде сипатталады.
1. Аитов Н.А. Основы социологии. Алматы, 1997.
2. Андрушенко В.П., Горлач Н.И. Социология: наука об обществе. Харьков, 1996.
3. Антонов А.И., Медков В.М. Социология семьи. М., 1996.
4. Базарханова И.Л. Семья — основа всех основ. //Мысль, 1994.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

I. Кіріспе
Әлеуметтік институттар , ұйымдар түсінігі.

II. Негізгі бөлім:
1. Әлеуметтік институттардың , ұйымдардың классификациясы.
2. Әлеуметтік институттардың қызметтері.
3. Отбасы әлеуметтік институт қызметі.

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Кез келген әлеуметтік институт сол немесе басқа қажеттіліктерді атқара отырып пайда болады және қызметтеледі. Егер мұндай қажеттілік мыңызды емес болса немесе жоғалып кетсе, онда институттың өмір сүруі мәнсіз, мығынасыз болып қалады. Әлеуметтік байланыстар жүйесіндегі әлеуметтік институттар мен ұйымдар қоғамда әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Ағылшын социологы Г.Спенсер ғылымға алғашқы болып әлеуметтік институт терминін енгізді. Ол әлеуметтік институттарды зерттей отырып, оның алты түрін сипаттап көрсетті. Олар: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, рәсімдік, діни, жанұялық. Спенсердің пайымдауынша, барлық әлеуметтік институттар әлеуметтік әрекеттердің тұрақты құрылымы ретінде қалыптасады. Латын тілінен іnstіtutum - орнату, жайластыру деп тәржімаланады. "Институция" термині орнату, қоғамда қалыптасқан әдет-ғұрып, тәртіп дегенді білдіреді. "Институт" ұғымы әдет-ғұрыптар мен тәртіптердің заң немесе мекеме түрінде бекітілуін білдіреді.
Әлеуметтік институт (лат. құрылым) - қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырып, қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін байланыстар мен әлеуметтік нормалардың ұйымдасқан жүйесі. Әлеуметтік институттар алғашқы қауымдастық қоғамнан қазіргі заманға дейінгі кез келген қоғамда болған. Оларсыз қоғам өзін құрайтын адамдарға қатысты өзінің негізгі функцияларын - біріктіру, қорғау, қамтамасыз ету, тұлғаны әлеуметтендіру, рухани және мәдени даму, т.б. орындай алмас еді. Әлеуметтік институт деп, көбінесе адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан орнықты нысандарын айтады. Институттардың негізгі мақсаты - жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Әлеуметтік ұйым - белгілі бір мақсатқа жету үшін құрылатын күрделі, өзара байланысқан, өзара иерархиялық әлеуметтік жүйелер, екінші қатардағы ірі әлеуметтік топтар. Әлеуметтік ұйым қоғамның әлеуметтік құрылымының элементі ретінде, қандай да бір топтың іс-әрекетінің түрі ретінде, әлеуметтік жүйенің элементтерін қалыптастырудағы ішкі тәртіп, келісімділік ретінде сипатталады.

Әлеуметтік институт қандай да бір салада қызмет ететін адамдардың жиынтығы және нақты заңдар, басқару шешімдері және практикалық кешендер жүйесі болып табылады. Әлеуметтік институттар индивидтің, топтардың, тұтас қоғамның сұраныстарын, қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Яғни, институттар - әрдайым дамып отыратын жүйе. Қоғамда институттар мынадай түрлерге бөлінеді:
1) саяси институт - қоғамды басқарып, оның тұрақтылығын, тұтастығын, тәртібін қамтамасыз етіп, қауіпсіздігін сақтауға бағытталады;
2) экономикалық институт - қоғамның қажеттіліктерін, сұраныстарын қанағаттандыруға, экономикалық жүйені дұрыс бағытта дамытуға негізделеді;
3) отбасы институты - қоғамның биологиялық үздіксіздігін қамтамасыз етуге, ұрпақ жалғастырып, оны әлеуметтендіріп, тәрбиелеп, қоғамда жақсы азаматтың қалыптасуына бағытталады;
4) діни институт - адамдардың рухани жан дүниесін байытып, олардың бойында адамгершілік қасиеттерді дамытуға, қиындық кезде дұрыс бағыт, қолдау көрсетуге арналады;
5) білім институты - жастарға білім беріп, тәрбиелеуге, білікті кадрларды дайындап қоғамды рухани дамытуға ат салысуға бағытталады.
Әрбір институт өздеріне тиесілі қызметтерді дұрыс атқарған жағдайда қоғам бекіп, тұрақтандырылып және үздіксіз дамып отырады.
Әлеуметтік ұйымның маңызды сипаттары:
1) ұйым табиғи мақсатта құрылады, яғни нақты бір мақсаттарды тез уақыт аралығы мен нәтижелі түрде жүзеге асыру үшін қалыптасады;
2) ұйымдар әрдайым адамдар бірлестігінің қызметін қамтамасыз ететін құрал мен тәсілдерді қалыптастырады;
3) ұйымдар адамдар бірлестігінің қандай да бір мақсатты іске асыруға бағытталған іс-әрекеттерін реттеуге арналады;
4) ұйым мүшелері иерархиялық саты бойынша атқаратын рөлі мен мәртебесіне сай бөлінеді;
5) ұйым еңбек бөлінісі негізінде және функционалдық белгісіне қарай қалыптасады;
6) ұйым басқармасы барлық элементтердің іс-әрекеттерін бағыттап отыратын, оның бөліктері мен ұйымның алға қойған мақсаттан ауытқушылығын мүмкін деңгейден шығармайтын орган болып табылады.

Әлеуметтік институттардың қызметтері

Оқу білім - қоғамдағы оқшау сала емес. Ол қоғамдағы әр түрлі құбылыс, процестерді бейнелей алатын сала. Ал, жоғарғы мамандандырылған, саналы, өз бетімен істелінетін еңбек, іс-қызмет, жұмыс беделінің төмендеуі қоғамды оқу, білім саласының заңды беделін түсіріп, маңызын кемітеді.Әрине айта берсе, кемшілік, олқылықтар өте көп. Бұлардың обьективтік және субьективтік себептері бар. Обьективтік басты себептерге оқу, білім жүйесін қажетті қаржымен қамтамасыз етілуі жатса, субьективтік себептердің бастыларына - оқу, білім жүйесінің ғылыми дәленденген, өмірдің барлық және әрбір салаларына сәйкес келетін тиімді оқытудың, білім жоспарын, бағдарламасын, әдістермелерін, оқу және көрнекті құралдарды жасап, компьютерлерді кең қолдану, жаңа педагог кадрларды жасап, іріктеп алу, отбасымен байланыс-қатынстарды күшейту т.б. жатқызуға болады.
Қорыта айтқанда, оқу білім ерекше әлеуметтік қызмет атқарады. Нақтылап айтсақ, ол әрбір адамды білімнің негізі мен жан-жақты, терең қаруландыруын, әлеуметтік және рухани тәрбиені сабақтастыруын, тұлғаны әлеуметтендіруін, оның интелектуалды және рухани мүмкіндігін қалыптастырады, т.б.Қоғамның оқу, білім құбылыстарын, процестерін жалпы әлеуметтанудың арнаулы теориясы-білім әлеуметтануды зерттейді. Ол білім жүйесінің белгілі бір заңдылықтары арқылы жеке әлеуметтік институт ретінде дамуын, оның қоғаммен және оның алуан түрлі салаларымен, басқа да әлеуметтік институт ретінде дамуын, оның қоғаммен және оның алуан түрлі басқа, да әлеуметтік жүйелерімен, процестермен, институттармен әр түрлі қарым-қатынасын, байланысын талдайды.
Әлеуметтануда құқықтық алуан түрлі әлеуметтік құбылыс, оның ішінде әлеуметтік институт ретінде қаралады. Бұл жерде құқық қоғамның обьективтік әлеуметтік нормативтік құрлымын белгілейді. Оның өзі оған әлеуметтік себептердің байланысын, шарттылығын анықтауға мүмкіндік береді.Бұған қоса құқықтық нормалардың қоғамның әр түрлі жақтарына тигізетін нақты ықпалын, оны халықтың алуан түрлі топтарының қалай қабылдайтынын, адамдардың құқықтық нысана бағыттарына, заң шығарушы саласындағы мемекеттік және мемлекеттік емес мекеме ұйымдарының жұмыс қызметін, олардың тиімділігінің артуын, т.б. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлуеметтік институттар туралы қоғамдық пікірлер
Әлеуметтану ұғымы және оның қалыптасуы
Әлеуметтік институт пен әлеуметтік ұйымдар
Әлеуметтік топтар, ұйымдар және институттар
Әлеуметтануға кіріспе
Әлеуметтік институттардың тұрпаттары мен міндетті қызметтері
Әлеуметтанудың институттары мен процестері
Әлеуметтану бойынша материалдар
Әлеуметтік әрекеттестіктің маңызы
Әлеуметтик институттар
Пәндер