Бастауыш сыныпта математикадан ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар және оны өткізу әдістемесі


Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі

Бастауыш сыныпта математикадан ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар және оны өткізу әдістемесі

(Математика әдістемесі пәнінен курстық жұмыс)

Орындаған: III курс студенті Карабаева Г.

Жетекшісі: Қалиева Н. С.

Арқалық қаласы

2011- 2012 оқу жылы

Аннотация

Менің курстық жұмысымның тақырыбы: Бастауыш сыныпта математикадан ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар және оны өткізу әдістемесі.

Менің курстық жұмысым мынадай бөлімдерден тұрады:

Кіріспе бөлім; негізгі бөлім: сыныптан тыс жұмыстар мен қазіргі таңдағы сабақта қолданылатын жаңа технологиялар және сабақта ұлттық ойын мен оқушылардың логикалық ойын дамыту; практикалық бөлім; қорытынды бөлім.

Сыныптан тыс жұмысқа мезгілге байланысты топ серуен, апталық, кештер, олимпиадалар, үйірмелер, олардың қатарына математикалық тапсырмалар, логикалық есептер, мақал-мәтелдер, қызықты ойындар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, сөзжұмбақтар, викториналар т. б. жатқызуға болады. Мен мемлекеттік тәжірибеден өту барысында осылардың көптеген элементтерін қолдандым. Сыныптан тыс жұмыс оқушылардың білімдерін кеңейтіп, жан-жақты ізденулеріне мүмкіндік жасайды. Логикалық ойлау қабілеті артады, қызығушылығы оянады, ой-өрісі кеңейеді. Себебі сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру барысында көптеген пәнмен байланысады. Біріншіден, математика, ана тілі, халық шығармасы - мақал, жұмбақ, жаңылтпаш және суретпен, дүниетанумен т. б. сабақтармен байланысы мол. Ал оқушы осы математикадан ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыс арқылы жан-жақты есіне түсіреді және соңында қорытындысын шығарады.

Сонымен қатар, менің өткізген жұмыстарымның өте қызықты өтуіне қазіргі таңдағы жаңа технологиялардың да пайдасы тиді. Жаңа технологияны қолдану үшін мұғалім өзіне қолайлысын таңдап алу керек. Жаңа технологияның 50-ден астам түрі бар. Әр қайсысының өзіне тән ерекшелігі бар. Тиімдісі, Венн диаграммасы, деңгейлеп оқыту, модульдік технология, кубизм, ассоциация, ой-толғау, т. б. Сабақта математикадан жұмыс жүргізу барысында жаңа технологияны пайдалануда мұғалімнің шеберлігі, шығармашылығы оқушылармен қарым-қатынасы, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары болу керек деп білемін.

Қорытындылай келе, "Математика ғылымдар патшасы, ал арифметика - математиканың патшасы", - немістің ұлы математигі Гаусс айтқандай, математиканың балалар өмірінде алатын орны ерекше. Математика тек қана қосу, алу, бөлу, көбейту т. б. амалдардың жиынтығы ғана емес, балалардың ойлау жүйесіне ес процесінің дамуына, әдепті де иманды болып өсуіне тікелей әсер ететін ғылым деген тұжырымға толығымен қосыламын.

Мен, Карабаева Гульбану Алтынбековна мемлекеттік педагогикалық практикамды Қостанай облысы Арқалық қаласынынң Б. Майлин атындағы №3 жалпы орта білім беретін профильді мектебінің 3-сыныбына жетекшілік етте отырып өттім.

Мен мемлекеттік практикамда: өз таңдауым бойынша алған курстық жұмысымның тақырыбы "Математикадан ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар" атты тақырыпта жұмыстар жүргіздім. Себебі сыныптан тыс жұмыстың оқушыларға көп көмегі бар. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмысқа оқушылардың қызығушылығы мол. Менің сыныптан тыс жүргізген жұмыстарым мынадай: "Қызықты математика" жарысы, "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар", "Киелі сандарды білеміз бе?", "Жылдамдық, уақыт, қашықтық", "Орамал тастамақ" т. б.

Мен осы өткізген жұмыстарымда: ұлттық ойындар, мақал-мәтел, жаңылтпаштар, логикалық есептер, ребустар, карточкалар, жұмбақтар, математикалық викториналық сұрақтар, сөзжұмбақ, басқа да қызықты тапсырмаларды, оған қоса, қазіргі таңдағы жаңа технологияларды пайдаландым. Сыныптан тыс жұмыс оқушылардың математикаға қызығушылығын оятумен қатар ой-өрісін, жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулып, логикалық ойлау қабілетін арттырса, қиын есепті шешу жолында төзімділікке, ізденімпаздыққа жетелейді.

МАЗМҰНЫ:

I Кіріспе . . . 5

II Негізгі бөлім . . . 6

  1. Бастауыш сыныптардағы сыныптан тыс жұмыс және оны

өткізу әдістемесі . . . 6

2. 2 Бастауыш математикасында сыныптан тыс жұмыстардың

жаңа технологиямен байланысы . . . 8

2. 3 Сыныптан тыс жұмыстарда ұлттық ойынның мәні . . . 10

  1. Сыныптан тыс жұмыс жүргізуде оқушылардың логикалық

ойын дамыту . . . 11

III Практикалық бөлім . . . 23

IV Қорытынды бөлім . . . 38

Кіріспе

Бұл курстық жұмыста бастауыш сыныпта математикасынан ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар мен жаңа технологиялардың тиімділігі, сонымен қатар ұлттық ойынның мәні, оқушылардың логикалық ойын дамыту қарастырылған. Жалпы бастауыш сынып оқушылары үшін сыныптан тыс жұмыстың көмегі мол. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру барысында мұғалім оқушылардың жеке ерекшелігін ескере отырып, аса шеберлікпен оқушылар жан-жақты жұмысқа бейімделе алатындай ұйымдастырылуы тиіс. Әрине сыныптан тыс жұмыстың түрі көп, сондықтан бастауыш сынып мұғалімі жоспарын ойдағыдай өткізу үшін сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру барысында қазіргі таңдағы сабаққа қолданылатын жаңа технологияларды пайдаланса, және оқушылардың логикалық ойын дамытуда ұлт ойындарын пайдаланса, үлкен ғанибет. Себебі бала ойын арқылы мұғалімнің беретін білімін тез меңгереді десек, қателеспейміз. Алайда ойынды орынды пайдаланған жөн. Жалпы бұл жұмыста жоспарда көрсетілген бөлімдердің барлығы толық қамтылған.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Бастауыш сынып математикасынан ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстардың түрлерін зерделеу, зерттеу, өткізу әдістемесі бойынша тақырыпты ашып пысықтау, теориялық берілген мәліметтерді тәжірибеде іске асыру.

Курстық жұмыстың міндеті:

- математикадан сыныптан тыс жұмыс түрлеріне түсінік беру;

- өткізу әдістемесі бойынша түсініктер қалыптастыру;

- жаңа технологияларды қолданудың маңыздылығы жайлы ұғындыру;

- оқушылардың логикалық ойын дамытатын әдіс-тәсілдердің тиімділігін зерттеу.

Жұмыстың зерттелу деңгейі:

Егер сыныптан тыс жұмыстардың тиімділігін тереңірек зерттеп, оқып үйренсе, онда әрбір адам бұл жұмыстың бала интелектісін дамытудағы ең тиімді, ең ұтымды, ең жеңіл де тәсіл екендігін, қаншалықты қажеттілігін толық түсінер еді.

Оқытудың сыныптан тыс формасын бұл дүниеге алғаш әкеліп, олардың түрлерін жасап, ғылымға енгізген әйгілі ұлы ғұламалар Я. А. Каменский, К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, И. Г. Пестолоций, И. П. Подласый және де қазақтың ұлы ғалымдары А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев т. б. болатын.

Алдағы уақытта бұл тақырыптың, яғни сыныптан тыс жұмыстың, барлық сыныптарда алатын орны мен маңызы зор болмақ.

Математикадан сыныптан тыс жұмыс және оны өткізу әдістемесі

Математикадан кластан тыс жұмыс бүкіл оқу процесінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың заңды жалғасы болып табылады. Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері: оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете түсу; логикалық ойлауды, тапқырлықты, математикалық қырағылықты дамыту, неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды көрсете білу, олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру, балаларды қызықты сабақтарға, жұмыстарға тарту, соның арқасында тәртіпті күшейте түсу, табандылыққа, еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдыққа және ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Сыныптан тыс жұмыстардың сыныптағы тақырыптардан өзгешелігі - еріктілік принципінде құрылуында. Мұнда оқушыларға баға қойылмайды, бірақ пайымдаулардың негізділігі тапқырлық, есептеу шапшаңдығы, есеп шығаруда ұтымды әдістерді пайдалануы, мадақталуы тиіс. Сыныптан тыс жұмыс істеу үшін мұғалім шамалары келетіндей қиынырақ материалды немесе математиканың негізгі курсын оқып үйренуде толықтырушы болып табылатын материалды, бірақ сынып жұмысымен үйлесімді болатындай таңдап алады. Сыныптан тыс жұмыстың сабақтан өзгешелігі онда математикалық есептердің ойын сипатында болып келуі. Мұнда қызықтыратын форманы пайдалана отырып, мынаны есте ұстау керек: егер, мәселен, математикалық мәнін түсінуге, математика жөнінен білімдерді тереңдетуге және айқындауға себі тисе ғана ол құнды болмақ. Мұғалім сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруды инициатива және оқушылардың өз бетінше жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ететіндей мұқият ойластыруы тиіс. Мұғалімдер тәжірибесі сыныптан тыс жұмыстардың алуан түріне бай. Бұл сыныптан тыс сабақтар математикалық бұрыштар, математика кештері немесе ертеңгіліктері, математика үйірмелері, конкурстар, олимпиадалар болып табылады. Жұмыс түрлерінің әрқайсысын қарастыратын болсам:

Сыныптан тыс сабақтар:

Сыныптан тыс сабақтар немесе кейде оны қызықты математика сағаты деп атағандай, әдетте барлық сыныпқа арналып өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы түрліше болады. Оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты 30-дан 45 минутқа дейін. Мұндай сабақтар айына 1-2 рет болуы тиіс, алайда қиынырақ есептер, тапқырлық есептері, ойын есептер, геометриялық мазмұнды қызықты есептер, логикалық есептер, мысалдар шешу үшін түрлі әдістерді пайдаланылатын теңдеулер шығарылады. Сиқырлы квадраттарды толтыруға тапсырмалар, ойлаған санды табу, ребустарды, шаршыларды, жұмбақтарды шешу ұсынылады. Бұл материалмен жұмысты қимылды әрі тыныш ойындар формасында ұйымдастыруға болады. Айшықты бояулармен салынған плакаттар, суреттер пайдаланылса, балаларға өте әсерлі болу үшін ертегілердің кейіпкерлері кірістірілсе, тіпті жақсы. Сабақта балаларды ұжымдық және жеке дара ұйыммен ұштастырған тиімді. Оқушыларға берген тапсырмаларын есептердің ұпайларын санау жолымен жүргізу ұсынылады. Мұнда тек орындардың дұрыстығы ғана емес оны негіздей білуде есепке алынады. Бұл жеңімпаздарды айқындауға және оларға бәйге беруге мүмкіндік жасайды. 100 көлеміндегі қосу және азайтуды қайталау және пысықтау кезінде 2 сыныпта 4 тоқсанның басында өткізілетін сыныптан тыс сабақты қарастырамыз. Мұғалім балаларға бүгін математикадан сыныптан тыс сабақ екенін айтады. Немен шұғылданатынымызды білу үшін плакаттың сыртындағы жазуды оқу керек. Бірақ әуелі ең ыңғайлы тәсілмен мынадай мысалды шығару керек:

1 + 2 + 3 + 4 + 5 + 6 + 7 + 8 + 9 + 10

Ең бірінші мысалды дұрыс шығарған және шешуін түсіндірген оқушы плакатты аударып қояды, онда былай деп жазылған: "Ойлау, есеп шығару, шешуін табу". Әрі қарай мұғалім барлық тапсырмаларды шапшаң және дұрыс орындау үшін олардың өте жинақы, зейінді болуларың керек деп айтады. 3 команда ұйымдастырылады. Әр команда өз капитанын сайлайды. Капитандар бірінші үстелден орын алады.

Бірінші жарыс - капитандар конкурсы. Капитандардың әрқайсысы мысалдарды 1 минутта шығаруға тиіс. Барлығы іштерінен санап, бақылап отырады, тақтада мысалдар нұсқамен берілген, әрбір нұсқада мына түрдегі мысалдар қамтылған.

28 + 36, 46 + 54, 100 - 1, 64 - 18, 93 - 65.

Барлық мысалдарды кім бірінші шығарғаны айқындалады. Мұғалім тапсырмаларды орындағаны үшін командаға жеке ұпайлар тапсырылатыны айтылады. Бірінші команда - қызыл түсті, 2-сі сары, 3-сі жасыл түсті жетондармен марапатталады. Жетондар Тапқышбектің қалтасына салынатын болады (Тапқышбектің суреті салынған плакат ілініп, ол жөнінде қысқаша әңгіме өткізіледі) .

Қоғамның болашағы оқушы жастарға ұжымдық тәрбие беруде сабақтан тыс ұлттық ойындардың ішінде ұжымшылдыққа, отанды сүюге, ауыз бірлікке патриоттыққа тәрбиелейтін ойындар көп кездеседі. Ойын бала өміріндегі тәрбиенің шешуші құралы. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар құбылыстарды ойын арқылы түсінеді. Әрине тек көру, байқау арқылы емес, тікелей араласып, іс - әрекетке көшіп, нақты қарым - қатынас барысында біледі. Мұны ұғынуда ойын шешуші мәнге ие болады. Былайша айтқанда қарым - қатынаста бола біледі. Сезінуі ойын негізінде жүзеге асады.

Бастауыш мектеп. Бастауыш сынып оқушылары, әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған жас бүлдіршіндер үшін мұғалімнің ролі ерекше. Бұл оқушылар әлі ойын баласы. Міне, осы оқушыларды мұғалім жылы шыраймен өзіне тартып, бала жүрегінен жол таба білуі керек. Оқытып тәрбиелеудегі негізгі мақсат - оқушыларды мектептегі оқуға, ұйымшылдыққа, еңбек ете білуге даярлау, олардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрі тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәнді ойын түрлері оқушылардың ойлау белсенділігін қажет етеді. Ойынды балалар тек сабақтан зерігіп шаршаған кезінде сергіту мақсатында емес, оларға берілетін негізгі білім ұғым түсініктерді берік меңгерту мақсатында жүргізілгені дұрыс.

Ойын арқылы оқушылар өздігінен жұмыс істеуге үйреніп, ойлау қабілеті дамып, өздігінен қорытынды жасай алатын болады. Қолданатын ойын түрлері барлық сабақта тақырыпқа байланысты өтіледі. Мысалы, математикадан күн мен түн, бәйге, балық аулау, көкөністерді жинайық, кассир, үндемес, дүкен ойындары санның бірлік құрамын білуге, санды жіктей білуге, қосу мен азайтуға байқай білу мен есте сақтау қабілетін дамытуға арналған.

Қорыта айтқанда, бастауыш сынып оқушыларына үнемі сабақты ойын түрінде қызықты да, мазмұнды етіп жүргізу мұғалімнің өзіне, шығармашылық ізденісіне, әртүрлі әдіс - тәсілдерді сабақта тиімді пайдалана білуіне байланысты.

Бастауыш сынып математикасында сыныптан тыс жұмыстардың жаңа технологиямен байланысы

Қазіргі педагогика теориясы елеулі өзгерістерге еніп, білім беру құрылысында жаңа технологиялар өмірге келді. Оқытудың жаңа технологияларын жете меңгерудің, одан соң, оны оқу мазмұнына, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Қазір педагогикалық технология ұғымы іс-тәжірибемізде жиі қолданылып, практикаға енуде. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруына көмектеседі. Бұл технологияның өзі әр түрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты.

Қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып жүргені мәлім. Ал технологиялардың түрлеріне тоқталатын болсақ, олар:

  • Модульдік оқыту технологиясы;
  • Сын тұрғысынан ойлауды дамыту;
  • Венн диаграммасы;
  • Ой-толғау;
  • Жұптап талқылау;
  • Топтау, түртіп алу, болжау;
  • Тірек сызбасы;
  • Тәй-тәй бағдарламасы;
  • Деңгейлік саралау технологиясы;
  • Инсерт әдісі;
  • Кластер әдісі;
  • Ассоциация;
  • Джиксо.

Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат-мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдыңғы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Біздің міндетіміз - оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Баланың қабілеті мен талантын дамытуды неғұрлым ертерек бастаса, соғұрлым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін. Күнделікті сабақта беретін деңгейлік тапсырмаларды қызықты етіп құрап, оқушылардың қызығушылықпен орындауларын қадағалау қажет. Мысалы, математика сабағында оқулықпен ғана шектеліп қоймай, әртүрлі қызықты есептер берілу керек. Сабақты қызықты етіп өткізу үшін мұғалім өзі даярлану керек, яғни мынадай нәрселерді біліп, ескеруі керек:

  • математика сабағында оқушылардың ой-еңбегі мен қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдістерін қалыптастыра білу керек;
  • берілетін есептің шығарылу тәсілдерін, оны ұғыну керек;
  • қосымша әдебиеттер оқып, білімді күнделікті толықтыру керек;
  • есеп шығарудың әртүрлі жолдарын, тәсілдерін игеру керек;
  • оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында ойын түрлерін пайдалану керек.

Модульдік оқыту технологиясы. Оқыту жүйесіне оқытудың жаңа технологиясын енгізу дегеніміз оқушыларға дәріс берудің бұрынғы түрін түбегейлі өзгертіп, жаңарту енгізу керек деген ұстаздар қауымы оқулықтарды қайта жинақтап қарап, оқулықтағы тарауларды топтап, 7-12 сағаттық модульдік схемаға түсіреді. Модульдік схемаға енген тақырыптарды тірек сызбасына түсіреді. 7-12 сағатқа арналған сабақтың негізгі түйіні тірек сызбадан көрініс алады. Мұғалім тірек сызбасы арқылы модульдік сабақтың кіріспе бөлімінде алдыңғы өтілетін сабаққа түсініктеме жасап түсіндіреді. Диалогтық бөлімінде сабақтың бірнеше типі мен түрлері қойылған. Мұғалімдер тапсырманы, жеңілден ауырға ауыстыра отырып тапсырма беру мақсатында, 1-2-3 деңгей дәрежесінде құрып әкеліп, оқушыларды жұптап топтап оқытуды үйренеді. Негізгі мақсат - оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін дамыту, олардың логикалық ойлау қабілетін дамытатын материалдарды тиянақты тапсырмаларға қарай топтап, талдап, меңгерген білімді бағалап, қорытып, оқушылардың өзбетінше қауымдасып, кеңесіп жұмыс істеулеріне мүмкіндік туғызу.

Тәй-тәй бағдаламасы. Тәй-тәй бағдарламасы 1994 жылдың қыркүйек айында бастама алған. Бұл бағдарламаның бастауыш мектептер деңгейінде кеңейтілуі, әрине оның мазмұндылығын танытады. Себебі, бала жанын ұға білу, ықыласын ояту, бала тағдырына ойлана қарау, әр баланы сыйлау, оның ойын ұғыну, әр баланың сабақтың негізгі кейіпкері ете білу, ұлттық сананы қалыптастырумен қатар, әлем мәдениетінен де оқушыны хабардар ету, ойлау өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру, тән сұлулығы мен жан сұлулығын бөліп жармай, біртұтас қарастырғанда ғана олардың рухани дәруге айналатындығын ескеру, келешек ұрпақты өркениетке сай оқыту және тәрбиелеу. Тәй-тәй бағдарламасының шын мәніндегі мақсаты осы.

Сыныптан тыс жұмыстардағы ұлттық ойынның мәні

Сабақ барысында ойын элементін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы мол. Ойын арқылы баланың бойындағы адамгершілік қасиетін, білімге, өнерге құштарлығын қалыптастыруға болады. Нашар оқитын оқушылардың өздері де, ойын элементтері араласқан сабақта зор ынтамен, жігермен араласатыны анық нәрсе. Өз басым, ойын элементтерін пайдаланатын сабақты жарыс түрінде өткіземін. Жарыс сабақ барысында алма ағашынан алма жинау, не бақшадан көкөніс жинау сияқты ойынды пайдалана отырып, сөздікті тексеруде тиімді. Оқушылар өз құрбыларынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатысып, қойылған сұраққа жауап іздеп, ойлана бастайды. Мысалы, сабақ үрдісінде «Сенің атың кім?» деген сұрақты жай енгізгеннен гөрі, ойын арқылы енгізу әсерлі. Бұл ойында оқушыларды 2 топқа бөліп, әр топтан бір-бір оқушы алға шығып, өз тобының мүшелеріне «Сенің атың кім?» сұрағын қоя отырып, допты лақтырып, ол оқушы өз атын айтып келесіге береді. Ерте біткен топ мүшелері жеңіске жетеді. Сабақ барысында менің басты ұстанымым - баланың ынта ықыласын арттыру. Ол үшін көрнекілік қажет. Бұл бағытта халықтың ұлттық ойынының кейбір элементтерін сабақ үрдісіне енгізуге болады. Халық ойындары ақыл-ойдың дамуына әсер етіп, өнер жарыстыруға, білгенін ортаға салу секілді ізгі мақсаттарға жол ашады. Сондай-ақ, ұлт ойындарын сабаққа сәйкестеп ойлауластыруға да болады. Мысалы, қоржын ойыны және асық атып ойнау қазіргі тәрбие мақсаттарына сай 4 асық алып, оны 1-ден 10-ға дейін нөмерлеп қоржынға салып қоясың, сол нөмірге сәйкестендіріп конверт дайындап, оған өтілген тақырыпқа сай суреттер саласың. Оқушы қоржыннан алған асық нөмірімен сол нөмірлі конвертті алып, ондағы суретті сипаттай бастайды.

Ұлттық ойындарды пайдаланып сабақ өту - халық педагогикасының бір саласы ретінде оқушыға жан-жақты білім беруге, олардың өмір тәжірибесін кеңейтуге, дүниені танып білуге, қабілеттерін жетілдіруге көмектеседі.

Ұлттық ойын ойнату арқылы оқушылардың өз салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілігі артады. Мынадай ұлттық ойындарды ойнатуға болады:

Орамал тастау ойыны. Мұғалім өтілген білгілі бір тақырыпты тақтаға жазады. Мысалы, "Мектеп", 1 оқушы тақтаға шығып сынып бөлмесі деп жазса, ол барып басқа балаға тастайды, ол оқушы мұғалім деп жазады. Сөйтіп, мектеп тақырыбына байланысты сөздер қамтылады.

Бәйге алу ойыны. Ойынды ойнамас бұрын сұрақтар беріледі.

  1. Қандай ұлттық ойындар бар?
  2. Атпен ойналатын ойындар?
  3. Біздің еліміз қалай деп аталады?
  4. Ел рәміздерін ата?

Осындай сұрақтардан кейін есептер оқылып, карточкалар беріледі. Қатты қағазға жіп арқылы бекітілген 2 атпен жарысады. Мәжеде еліміздің Туы тұр. Дұрыс әрі тез шығарған оқушы туды алып жеңіске жетеді.

Қыз қуу ойыны. Алдымен сұрақтар беріледі. Содан кейін есеп оқылады. Ойын шарты түсіндіріледі. Атам қазақ қыздың жолы жіңішке демекші, алдымен қыз бала тапсырманың бірінші мысалын орындайды, содан кейін екінші карточкамен ер бала орындайды. Егер ер бала дұрыс шығарып бұрын болса, онда қызды ұстап алған боп есептеледі. Қыз бала бірінші болса, онда ер балаға жеткізбей жеңіске жеткен болып есептеледі.

Осы сияқты "Ханталапай", "Теңге алу", "Арқан тартыс", қимыл -әрекет ойындары "Балапан", "Айға ұшу", "Кім болам?" т. б ойындарын ойнатуға болады.

Сыныптан тыс жұмыс жүргізуде оқушылардың логикалық ойын дамыту

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны
Бастауыш сыныпта математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы
Бастауыш сыныпта математика пәнінен ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар әдістемесі
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Бастауыш мектепте математика сабағынан сыныптан тыс жұмыстарда математикалық ойын - есептердің маңыздылығы
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру формасы
Математикадан логикалық есептер жинағы
Математиканың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру формалары
КЛАСТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz