Қазақстан Республикасының Азия аймағындағы сыртқы саясаты


Қазақстан Республикасының
Азия аймағындағы сыртқы саясаты
Қазақстан 1991ж. өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, Шығыс пен Батыстыың тоғысар тұсында орналасқан, күрделі геосаяси жағдайда өмір сүріп келе жатқан мемлекеттің шығысымен де, батысымен де, оңтүстігімен де, солтүстігімен де өркениетті байланыста болуы ауадай қажет болды. Бұл Сыртқы саясатымызды ғана анықтар өлшем емес, республикалық ішкі сасясатымызды да айқындай түсер тұрақтылықтың басты кепілі.
Әсіресе тілі, діні, географиалық орнаналасу жағынан ұқсас Орта Азия елдерімен дипломатиалық қарым-қатынастың маңызы ерекше.
Орта Азия - Өзбекстан, Тәжік, Қырғыстан, Түркіменстан және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын ірі физикалық-географиялық аймақ. Жері 2400 км 2
Соңғы жылдары аймақтық интеграция, ғаламдастыру процесімен қатар, Мемлекеттер арасындағы арасындағы сауда экономикалық қарым қатынастарда үстемдік сипатындағы тенденцияға айналды. Сондықтан орталық Азиядағы мемлекеттермен ынтымақтастықты ұлғайту Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі міндеттерінің бірі бола бермек. Орталық Азия мемлекеттерімен өзара тату көршілік, тұрақты қарым-қатынас біздің еліміздің ұлттық қауіпсіздік қамтамасыз етудің маңызды факторы .
Интеграцияның анағұрлым маңызды құрамдас бөлігі экономика, тарихи қалыптасқан шаруашылық байланыстар, сондай-ақ геосаяси жағдайдың ерекшелігі жиынтық экспорттың және транзиттік-көліктік әлеуетті тиімді пайдалану қажеттігін талап етеді. Оның үстіне аймақта бірқатар елеулі проблемалары бар, оларды екі жақты негізде шешу мүмкін емес. Әнгіме аймақтық суэнергетикалық ресурстарын және транзиттік-көліктік әлеуттік келіскен түрде сондай-ақ ұтымды пайдалану, ауқымды, экологиялық, атап айтқанда, Арал теңізі ауданындағы опаттың салдарын бірлесіп шешу; аймақтық экстремизмге тиімді жүйесін құру; терроризмге, діни экстремизмге және есірткі бизнесіне қарсы күресті бірлескен қызметті үйлестіру туралы болып отыр.
Орталық Азия мемлекеттерін аймақтық интеграциялау идеясы Біртұтас Эканомикалық Кеңесті құру туралы (БЭК) шартқа 1994 жылғы 30 сәуірде қол қоюмен нақты жүзеге асты. Қазақстан, Қырғыстан және Өзбекстан оның қатысушылары болды (1998ж 26 наурыздан бастап Тәжікістан шарттың толық құқылы қатысушысына айналды) Шартты дамыту турасында 1994ж шілдеде Президенттердің шешімімен мемлекетаралық Кеңес және оның негізгі институттары-Премьер-министрлер кеңесі, сыртқы істер министрлер кеңесі, қорғаныс министрлерінің және олардың тұрақты қызмет істейтін жұмыс органы-Атқару Комитеті құрылды. Сөз болып отырған уақытта Орталық Азияның ынтымақтастық және даму банкін (ОАЫДБ) құру туралы келісімге қол қойылды, оның капиталы қатысушы мемлекеттердің үлестік қорларынан қалыптасады.
Сонымен бірге орталық Азия елдеріон экономикалық реформалар деңгейіндегі елеулі айырмашылық Орталық Азия одағының біршамаша оқшаулығы осы ұйымның шеңберіндегі жұмыстың жаңа нысанын қажет етті. Сондықтан мемлекет аралық кеңестік мәжілісінде (1998ж 17-18 шілде) аймақтық бірлестіктің жаңа атауы Орталық Азия қоғамдастығы (ОАЭҚ) бекітілді. Мемлекет аралық Кеңес 1996 жылы тамызда Ресейді бақылаушы ретінде қабылдады, 1999 жылы шілдесінде тап осындай мәртебені Грузия, Туркия, Украина алды.
1994 жылы қол қойған шарт шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы тікелей экономикалық байланыстарды дамытуға тауарлардың каптиалдың көрсетілетін қызмет пен жұмыс күшін еркін қозғалысына басымдық берілетін солардағы өндірістік бірлестіктерге: инвестиция, бюджет, салық, баға, кеден, валюта сол сыяқты проблемалар бойынша консультациялар өткізуге коммуникация саласындағы саясатты жүзеге асыруға қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге маңызды рол атқарды. Орталық Азия аймағында көп жағында ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін 1997 жылы 10 қаңтарда Бішкекте қол қойған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыстан арасында мәңгілік достық туралы шарттың маңызы ерекше. Бұл құжатқа қол қоюдың бастамасы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев болды. Үш мемлекеттің өзара қарым-қатынасының бүкіл кешешінін қамтитын шарт өзара сенім білдіру, тәуелсіздік, егемендік, аумақтық, тұтастық тең құқылық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуді көздейді. Орталық Азия елдерінің саяси өзара іс-қимылы және экономикалық ынтымақтастығы олардың аймақтық, экономикалық интеграцияға жіті көңіл болуға байланысты. Осы жаңа үрдісті ескере отырып, Президент Н. Назарбаев Орталық Азия экономикасы үшін ортақ бағдарлама құру туралы бастама көтерді. Мақсаты: аймақ мемлекеттерінің артасыондағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту және Орталық Азия елдерінің Европамен - Азиямен ынтымақтастығын дамыту болды.
ОАЭҚ мемлекет аралық кеңесінің 2000 жылғы 14 маусымда Душанбеде өткен мәжілісінде орталық Азия елдерінің президенттері қоғамдастықты дамыту перспективаларымен Орталық Азия аймағының су энергетикалық консерциумын құру туралы келісімге қол қоюға қатысты Қазақстанның ұсынысын қабылдады. Консерциум, аймақтық барлық мемлекеттері мүдделерінің жолында трансшекаралық өзендерінің су ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді.
ОАЭҚ шеңберіндегі интергацияны тереңдетуге ұмтыла отырып, президенттер 2005 жылы кезеңге дейін арналған ұйымдастықтың даму стратегиясын бекітті. Бұл құжат экономикалық өзара іс -қимылдың төмендегідей басымдық берілетін бағыттар:
- сауда -экономикалық байланыстарды жандандыру
- су және энергетиканың ресурстарын бірлескен түрде және ұжымды пайдалану
- көліктік -коммуникациялық жүйені дамыту саласында келісілген саясатты жүргізу
- қалыптасқан шаруашылықтарды жетілдіру және импортты алмастыратын өндірісті дамыту
- ОАЭҚ елдерінің халықтары арасындағы гумнитарлық мәдени байланыстарды кеңейту үшін мейлінше қолайлы жағдай қамтамасыз ету
Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері терализмге саяси және діни экстремизмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмысты, сондай-ақ тараптардың тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің өзге де қауіп-қатеріне қарсы күреске қатысты бірлескен іс-қимыл туралы 2000 жылы 21 сәуірде Ташкентте қол қойылған шарттың шеңберінде өздеріне алған барлық міндеттемелерін бұлжытпай орындауға қажеттілігін атап көрсет. Орталық Азиядағы интеграция туралы айтқанда, аймақта өнеркәсіптік өндірісті коперациялау, бірлескен кәсіпорындарды құру және агроөнеркәсіптік кешенде өзара іс-қимыл жасау үшін қолайлы жағдайлар бар. Орталық Азияның барлық мемлекеттекріне тиімді өзара іс-қимыл осы елдердің әлеуметтік экономикалық дамуын жеделдетудің салмақты факторы бола алады.
Ғасыр бойы Азияда аймақтық проблемаларды тиімді шешу үшін ортақ тұғырнаманы қалыптастырудың көптеген әрекеттері қолға алынды. Азияда ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру туралы 1990 жылдардың басында бейтіршілік пен қауіпсіздікті нығайту жолында Азиялық елдердің күш жігерін біріктіру үшін мықты алғышарттар пайда болды. 1992 жылғы 20 қазанда БҰҰ бас ассамблеясының 47 -ші сессиясында Президент Н. Назарбаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөнінде кеңесті (АӨСШК) өткізу туралы ұсынысын Азия құрлығындағы халықаралық қатынастарда болып жатқан сапалы өзгерістердің заңды көрінісі ретінде қарауға болады. Азиядағы қауіпсіздікпен тұрақтылық проблемаларын шешуге қызмет ететін АӨСШК идеясын өмірге енгізу сыяқты күрделі міндет қойылды. Беделді мамандардың пікірі бойынша бүгінгі күні аймақ елдерінің алдында міндеттердің тұтас кешені тұр. Олардың ішінде неғұрлым басымдық берілетіндері:
- аймақтық дауларды шешу
- қарусыздану және қарыу-жараққа бақылау жасау саласында нақты прогреске қол жеткізу
- есірткілердің және әдеттегі қару-жарақтың заңсыз айналымына, теролизмге және халықаралық қылмысқа қарсы күрестегі шараларды келісу
- экологиялық мәселелерді бірлесіп шешу
- азиялық елдердегі экономикалық өсімді қамтамасыз ету
Ең алдымен ядорлық қаруды таратпау туралы шарт (ДНЯО), ядорлық сынақтарға, жалпыға бірдей тиым салу туралы шарт (ДВЗЯИ), химиялық қаруға тиым салу туралы конвенция туралы болып отыр.
1996 жылғы 7-8 ақпанда Алматыда сыртқы саяси ведомствалар басшылары орынбасарларының кеңесі өткізілді. Онда 23 Азиялық елдердің өкілдері АӨСШК даму процесі ұзақ уақытта және барлық қатысушылардың бірлескен күш жігерін талап ететіндігі туралы ортақ түсіністікке қол жеткізді. Кездесудің нәтижелері бойынша Азиялық елдердің дипломаттары мынадай қорытындыға келді:
- қазақстандық бастама Азиялық мемлекеттердің айтарлықтай саны, сондай-ақ беделді халықаралық ұйымдар қолдады және ол аймақтық саясаттың маңызды факторына айналды
- АӨСШК процесі тұрақты сипат алды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz