Тұрғындарды әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттің рөлі



Мазмұны



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Әлеуметтік саясат, оның қағидалары мен көрсеткіштері ... ... ... ... ... .6

2. Қазақстанда еңбекпен қамтуды мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... ...12

3. ҚР зейнетақы реформасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Кіріспе
«Қазақстан - 2030» стратегиясын іске асырудың бірінші он жылдығы ішінде әлемдегі ішкі және сыртқы жағдайдың өзгеруі елдің жаңа даму кезеңіне және қазіргі заманғы экономикалық және саяси нақтылықтарға бейімделген мемлекеттік саясаттың жаңа әдістемесі мен бағыттарын уақытылы әзірлеуді қажет етеді.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарын іске асырудың бірінші кезеңі аяқталуына байланысты Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының 2020жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын әзірлеу
Президент Н.Ә.Назарбаевтың саясатының арқасында әлеуметтік-экономикалық дамуға күш салу қазақстандық қоғамдағы ең маңызды тенденцияға айналды. Әлеуметтік саланы үдемелете дамыту оң нәтижелер беруде. Икемді және жүйелестірілген әлеуметтік саясат азаматтардың өмір сапасын ғана айқындап қоймай, сонымен бірге қазіргі заманғы әлемдік экономикаға тән экономикалық катаклизмдерді ауыртпалықсыз және әлеуметтік сілкіністерсіз еңсеруге жағдай жасайды. Ел Конституциясында бекітілген әлеуметтік кепілдіктерді жүзеге асыруда кірістер саясаты мен халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру айрықша орын алады. Ең төменгі әлеуметтік үлгі-қалыптар мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктерді жүзеге асыру негізі болып табылады, мемлекет халықтың әлсіз топтарына қолдау көрсету үшін әлеуметтік көмекті ұйымдастыруға аса зор қаржылар жұмсайды. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы белгілеген қоғамды әлеуметтік-экономикалық жаңғырту бағытын жүзеге асыра отырып, елде, басты мақсаты жұмыспен қамтудың тұрақтылығы мен өнімділігін қамтамасыз ету есебінен халықтың табысын арттыру болып табылатын «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы кең ауқымда жүзеге асырылуда.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. (Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284-І заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ресми мәтін. Өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.21. N 254 Заңымен).-Алматы.-2007.-40б;
2. Назарбаев Н.Ә.Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы.
3. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.-Алматы: Білім, 1997.- 176 б.
4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы.- Алматы: Дәуір, 1992.- 56 б.- 20-21 б
5. Экономиканы мемлекеттік реттеу. Төреғожина М.Б., 2008
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2007 – 2008 жылдарға арналған Бас Келісім www.enbek.kz

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1. Әлеуметтік саясат, оның қағидалары мен көрсеткіштері ... ... ... ... ... .6

2. Қазақстанда еңбекпен қамтуды мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... ...12

3. ҚР зейнетақы реформасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

Кіріспе
Қазақстан - 2030 стратегиясын іске асырудың бірінші он жылдығы ішінде әлемдегі ішкі және сыртқы жағдайдың өзгеруі елдің жаңа даму кезеңіне және қазіргі заманғы экономикалық және саяси нақтылықтарға бейімделген мемлекеттік саясаттың жаңа әдістемесі мен бағыттарын уақытылы әзірлеуді қажет етеді.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарын іске асырудың бірінші кезеңі аяқталуына байланысты Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының 2020жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын әзірлеу
Президент Н.Ә.Назарбаевтың саясатының арқасында әлеуметтік-экономикалық дамуға күш салу қазақстандық қоғамдағы ең маңызды тенденцияға айналды. Әлеуметтік саланы үдемелете дамыту оң нәтижелер беруде. Икемді және жүйелестірілген әлеуметтік саясат азаматтардың өмір сапасын ғана айқындап қоймай, сонымен бірге қазіргі заманғы әлемдік экономикаға тән экономикалық катаклизмдерді ауыртпалықсыз және әлеуметтік сілкіністерсіз еңсеруге жағдай жасайды. Ел Конституциясында бекітілген әлеуметтік кепілдіктерді жүзеге асыруда кірістер саясаты мен халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру айрықша орын алады. Ең төменгі әлеуметтік үлгі-қалыптар мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктерді жүзеге асыру негізі болып табылады, мемлекет халықтың әлсіз топтарына қолдау көрсету үшін әлеуметтік көмекті ұйымдастыруға аса зор қаржылар жұмсайды. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы белгілеген қоғамды әлеуметтік-экономикалық жаңғырту бағытын жүзеге асыра отырып, елде, басты мақсаты жұмыспен қамтудың тұрақтылығы мен өнімділігін қамтамасыз ету есебінен халықтың табысын арттыру болып табылатын Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы кең ауқымда жүзеге асырылуда.

1. Әлеуметтік саясат, оның қағидалары мен көреткіштері

Тәуелсіздікке ие болған 20 жыл аралығында Қазақстан демократиялық саяси жүйесі құрылған, азаматтық қоғамы үдемелі даму үстіндегі нарық экономикасы бағытын ұстанған табысты әрі әлеуетті мемлекеттердің бірі ретінде қалыптасып үлгерді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы күннен бастап-ақ стратегиялық бағытты дұрыс айқындап, осы бойынша жедел де жүйелі жұмыстар жүргізуінің нәтижесінде әлемдік қауымдастық танып мойындаған көшбасшы елдердің қатарынан да көріне бастадық.
Әлеуметтік саясат - мемлекеттік ішкі саясаттың негізгілерінің бірі боп табылады. Әлеуметтік саясат мемлекеттің халықты лайықты өмір сүруіне еңбек жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеті. Нарықтық экономикада әлеуметтік саясат басымдықты орын алады. Ол нарықтық экономиканың түпкі мақсатын нәтижелелігін айқындайды. Бір жағынан тиімді әлеуметтік саясат нарықтық экономиканың негізгі мақсаттарының бірі болса, екінші жағынан - халықтың өмір сүру деңгейінің өсуіне әсер ететін фактор болып саналады.
Әлеуметтік саясаттың маңызды міндеті қоғам өміріндегі белгілі бір тепе-тендік деңгейіне қол жеткізу. Ол төмендегілер арқылы жүзеге асырылады:
мемлекеттік гарантиялардың апаттар, табиғи және техногенды апаттарын демографиялық жарылыстарды алдын - алу немесе жою үшін ұсынылуы;
материалдық қорларды қайта бөлу және өмір сүрудің белгілі бір деңгейін қамтамасыз ету бағыттарын күшейтіп әлеуметтік ауыртпалықты төмендету;
өмір сүру образын реттеу (салық арқылы, құралдар арқылы, қайырымдылық қызметтері) .
Әлеуметтік саясат шаруашылықтың әр деңгейінде жүзеге асырылады:
микродеңгейде;
макродеңгейде;
интеграциялық деңгейде;
әлемдік деңгейде.
Микродеңгейде экономикадағы жеке шаруашылық субъектілерінің (фирма, кәсіпорын, ұйым) әлеуметтік саясаты жүргізіледі. Макродеңгейде жалпы мемлекеттік және аймақтық әлеуметтік саясат жүзеге асырылады. Интеграциялық деңгейде екі немесе одан да көп елдің әлеуметтік саясаты үлестіріледі, ал әлемдік әлеуметтік саясат глобалды әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталады.
Әлеуметтік саясатты жүргізу әлеуметтік инфрақұрылдымды қалыптастыру үшін сәйкесінше экономикалық қорларды бөлуді қажет етеді.
Әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік қатынастарының тұрақтылығын дамытуға және қалыптастыруға, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін, азаматтардың өмір сүру сапасының деңгейін тұрақты көтеруге жағдай жасауға бағытталады. Әлеуметтік саясат мынадай міндеттерді шешумен байланысты: халықты жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыру, халықтың жеке әлеуметтік топтарына көмек көрсету, азаматтарға әлеуметтік салада (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет) игіліктермен қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыруда тең мүмкіншілік берілуін қамтамасыз ету.
Қай кезде болсын халықты әлеуметтік қорғау және халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту мәселелері мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Ата Заңымыздың 28-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы жасы келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырыл­ған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі. Сондықтан Ата Заң аясында әрбір азама­тымыз мемлекет назарынан тыс қалмайды. Бұған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың түрлі салада мемлекеттің өсіп-өркендеуі үшін жылдар бойы терін төккен зейнет­кер­лердің әлеуметтік жағдайын үнемі назары­нан тыс қалдырмай, оларды қамқорлығына алу саясаты ықпал етері анық.
Әлеуметтік саясаттың бөлінбес элементі болып, халықты әлеуметтік қорғау жүйесі есептеледі.
Әлеуметтік қорғау - бұл әлде бір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) және өзге де заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын, әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе. 5
Нарық халықты кепілді табыспен және жұмысбастылықпен қамти алмайды. Әр түрлі себептерге байланысты азаматтар табыс деңгейіне денсаулық жағдайына байланысты ерекшелініп, жұмыссыздар, мүгедектер, толық емес отбасылар және т.б. болып өмір сүреді. Әлеуметтік нарықтық экономиканың міндеті-халықты әлеуметтік қорғау болып табылады. Халықты әлеуметтік қорғаудың объектісі және субъектісі болады (1 сурет).

Халықты әлеуметтік қорғаудың объектілері мен субъектілері.
ХалыҚты әлеуметтік ҚорҒау.
субъектілері
объектілері
Мемлекет
Азаматтар
Материалдық игіліктер
Қызметтер
ХалыҚты әлеуметтік ҚорҒау.
субъектілері
объектілері
Мемлекет
Азаматтар
Материалдық игіліктер
Қызметтер

Сурет 1.

Халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі субъектісі болып, мемлекет есептеледі. Басқалары - қоғамның барлық азаматтары және жеке әлеумет топтары. Халықты әлеуметтік қорғау шаралары бір жағынан барлық қоғам мүшелерін қамтыса, екінші жағынан жеке әлеуметтік топтарға бағытталады. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:
әр адамға өз қабілетіне байланысты табыс табуға мүмкіншілікпен қамтамасыз етіледі;
өмір сүру минимумын ресми бекіту;
тұтынушылар мүддесін қорғау;
халықтардың табысын индексациялау.
Әлеуметтік қорғау жүйесі келесі топтарды қолдауға бағытталады:
жұмыссыздар;
зейнеткерлер;
мүгедектер;
ардагерлер (еңбек, соғыс);
балалары бар отбасылар;
жетім балалар;
оралмандар;
қуғын-сүргінге ұшырағандар.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылымы

Халықты әлеуметтік қорғау - бірнеше жүйелерден құралатын жүйе болып табылады (2 сурет).
Халықты әлеуметтік қорғау құрылымы
ХалыҚты Әлеуметтік ҚорҒау
Әлеуметтік қамсыздандыру
Әлеуметтік сақтандыру
Әлеуметтік көмек
Әлеуметтік гарантиялар
ХалыҚты Әлеуметтік ҚорҒау
Әлеуметтік қамсыздандыру
Әлеуметтік сақтандыру
Әлеуметтік көмек
Әлеуметтік гарантиялар

Сурет 2.

Әлеуметтік қамсыздандыру - бұл кәрі және еңбекке қабілетсіз азаматтар, сондай-ақ балалары бар отбасыларды қамтамасыз ету жүйесі.
Әлеуметтік қамсыздандыру төмендегілерден тұрады:
зейнетақы;
жұмысшыларға жәрдемақы (уақытша еңбекке қабілетсіз, жүктілігінен т.б.);
балалары бар отбасыларына жәрдемақы;
кәрілерге және мүгедектерге қызмет көрсету;
жұмыссыздарға жәрдемақы.
Әлеуметтік гарантиялар - азаматтардың маңызды әлеуметтік игілік пен қызметтер алуын мемлекеттің жүзеге асыруы.
Әлеуметттік гарантиялар төмендегілерді қамтиды:
азаматтардың жұмыс орнын тандауға, кәсіби қызметіне құқығы;
еңбекақының ең төменгі мөлшері;
зейнетақының ең төменгі мөлшері;
ритуалдық жәрдемақы;
көпбалалы аналарға жәрдемақы;
стипендияның ең төменгі мөлшері;
тұрғын үйге құқығы;
денсаулық сақтауына және медициналық көмек алуға құқығы;
білім алуға құқығы.
Әлеуметтік көмек - бұл жасына, денсаулық жағдайына, әлеуметтік тұрғысына, жеке табысының жетіспеушілігіне байланысты көмекті қажет ететін азаматтарды қорғау.
Әлеуметтік көмек негізінен зейнеткерлерге, мүгедектерге, оралмандарға және де апаттарға қатысқан азаматтарға көрсетіледі.
Әлеуметтік сақтандыру - бұл еңбекке қабілетін уақытша жоғалтуына, кәрілігіне, мүгедектігіне, асыраушысынан айрылған жағдайына байланысты азаматтарды материалдық жағынан қамтамасыз ету жүйесі.

Кесте 1. Әлеуметтік сақтандыру жүйесі

КРИТЕРИЙЛЕРІ
САҚТАНДЫРУ ФОРМАЛАРЫ
Әлеуметтік қатерлердің түрлері
Зейнетақымен қамтамасыз ету

Медициналық сақтандыру

Өндірісте болатын қауіп - қатерлерден сақтандыру

Жұмыссыздық бойынша сақтандыру
Ұйымдастыру сипаты
Ерікті

Міндетті
Таралу сферасы
Мемлекеттік

Аймақтық

Муниципалдық

Халықаралық

Кәсіби

Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік және мемлекеттік емес болуы мүмкін. Әлеуметтік сақтандыру әлеуметтік қатерлердің түрлерін қарастырады, және оның мақсаты - осы қатерлерден сақтауды жүзеге асыру (денсаулығына байланысты еңбек қабілетін жоғалту, кәрілік, жұмысынан айрылу т.б.).
Таралу сферасына байланысты келесілерді қамтиды:
мемлекеттік сақтандыру елдің территориясындағы халықтың басым бөлігін қамтиды;
муниципалды сақтандыру елдің ішінде белгілі бір бөлікті қамтиды;
кәсіби сақтандыру жұмысшылардың жеке категориясына ұйымдастырылады (шахтерлер, ұшқыштар);
халықаралық сақтандыру бірнеше елдерде халқына жарамды.
Қазақстан мүше болып табылатын Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша, әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:
тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру;
негізгі әлеуметтік қатерлердің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айрылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру;
халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;
азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтарының қызметтеріне қол жеткізуі.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің сандық көрсеткіштері экономикалық даму деңгейімен анықталса, ал адамдар арасындағы ынтымақтастық, мемлекеттік институттардың қатысу дәрежесі мен еңбекке ыннталандыру деңгейі таңдалған әлеуметтік-экономикалық модельмен өзара байланыста болады.
Даму деңгейі бірдей мемлекеттердің өзінде де тарихи, мәдени, саяси және өзге де факторларға да байланысты, әлеуметтік қорғау жүйесінде ынтымақтастықтың және мемлекеттік институттардың қатысуының әртүрлі деңгейі орын алуда.
Толық ынтымақтастыққа негізделген жүйеде жарна мен төлемнің арасында өзара байланыс болмайды. Және төлем алу құқығы қатерлі жағдай орын алған сәттен туындайды да, оның деңгейі адамның жүйеге қосқан үлесіне тәуелді болмайды. Қаржыландыру бүкіл салық төлеушілердің мойнына түседі де, әлеуметтік қорғау жүйесінің төлем алу құқығына барлық азаматтар ие болады. Мұндай жүйеде табыстарды қайта бөлу тетігі және қаржыландырудың бірден-бір көзі-мемлекеттік бюджет болып табылады, ал реттеуші ретінде мемлекет әрекет етеді. Толық ынтымақтастыққа негізделген жүйеде барлық азаматтарға әлеуметтік қорғаудың бірдей, әдетте, ең төменгі деңгейін ұсынады.
Шектеулі ынтымақтастыққа негізделген жүйеде төлемдерді алу құқығы адамның жарнасына байланысты болады. Әдетте мұндай жүйе еңбеккерлер мен жұмыс берушілердің аударымдары есебінен қаржыландырылады, ал жарнасына қарай төлемдерді алу құқығына аударымдар жасаған (немесе олар үшін жұмыс беруші аударым жасаған) азаматтар ғана ие болады. Мұндай жүйелер әдетте, халықтың белгілі бір тобын, мысалы, ресми жұмыс істейтін еңбеккерлерді немесе белгілі бір еңбек ұжымының еңбеккерлерін әлеуметтік қорғаудың қосымша көзі болып табылады.
Бұдан басқа, ынтымақтастық белгісі жоқ, әр азамат өмірдегі қатер жағдайына қаражатты дербес жинайтын әлеуметтік қорғау жүйелері де болады.
Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік қорғаудың неғұрлым тиімді және кешенді жүйелері келесі элементтерді қамтиды:
мемлекеттік жәрдемақылар;
міндетті әлеуметтік сақтандыру;
жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру;
әлеуметтік көмек.
Мемлекеттік жәрдемақылар әлеуметтік қорғауға жататын жағдайлар туындаған кезде барлық азаматтарды кепілдікті төлемдермен белгілі бір деңгейде қамтамасыз етуге арналған.
Жұмыс берушілер мен еңбеккерлер аударымдарының есебінен қаржыландырылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі төленген жарна деңгейіне сай ресми жұмыс істейтін еңбеккерлерді қосымша қорғауға арналған.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі әр азаматтың зейнетақы жинақтарын жасау процесін реттеуге арналған.
Әлеуметтік көмек, азаматтардың жекелеген санаттарын бюджеттің қаражаты есебінен қосымша қорғауға арналған.
Бұдан басқа азаматтың әлеуметтік қатерлерден өзін-өзі ерікті сақтандыруы құқығы бар.
Осындай аралас жүйе ынтымақтастыққа негізделген және дербестендірілген жүйелердің артықшылықтарын үйлестіруге мүмкіндік береді.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу аяқталып келеді. Әлеуметтік қорғаудың жүйесі өзгерген экономикалық қатынастарға сәйкес болуы қажет. Өтпелі кезеңнің бастапқы кезінде мемлекет инфляция, бюджет тапшылығы, өндірістің құлдырауы, экономиканың бейресми секторының өсуі жағдайында әлеуметтік қорғаудың ағымдық мәселелерімен айналысуға мәжбүр болды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу мен заттай жеңілдіктерді ақшалай төлемдермен ауыстыруды қоспағанда, әлеуметтік саладағы реформалардың нәтижесі ағымдық мәселелерді шешуге арналған жауапты қадамдар болды.
Жүргізілген қайта құруларға қарамастан, қазіргі кезде әлеуметттік қорғау жүйесі күрделілігімен және заңнаманың жүйелілігінің жеткіліксіздігімен, жүйеге қатысуға ынталандырудың төмен деңгейімен сипатталады.
Соңғы жылдарда экономикадағы қолайлы өзгерістер және тұрақты өсуді қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар әлеуметтік қорғаудың кешенді жүйесін құруды қолға алуға мүмкіндік беріп отыр. Осыған байланысты Қазақстанның қазіргі және болашақтағы басымдықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, халықты әлеуметтік қорғаудың жетілдірілген жүйесін әзірлеу қажеттігі туындап отыр.
Бүгінгі күні қоғамның қай саласын алмайық, жүргізіліп отырған реформалар өзінің нәтижелі жемісін беріп келеді. Ондай реформалардан әлеуметтік сала да қалыс қалған емес.
Мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы салиқалы саясатының басты мақсаты да халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін тұрақты түрде арттырып отыруға негізделген. Осыған орай халықты әлеуметтік қорғау және оны мемлекет тарапынан қолдап отыру еліміздің ішкі саясатының басым бағыттарының бірі ретінде қалыптасып отыр.
Әлеуметтік саланың даму кезеңдеріне назар аударатын болсақ, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ауыр жағдайдың қалыптасқаны рас. Мәселен, 1990 жылмен салыстырғанда 1995 жылы жалпы ішкі өнім көлемі - 38,6 пайызға, халықтың нақты еңбекақысының көлемі - 69,9 пайызға, зейнетақы көлемі 77,3 пайызға төмендеп кеткен еді.
1991-2001 жылдар аралығында Қазақстаннан 2,5 миллионға жуық адам көшіп кетті. Елден сыртқа кеткен халықтың басым бөлігін еңбек жасындағы адамдар құрады. Бұл еңбек рыногының жағдайына кері әсер етті. Еңбекке қабілеттілер азайып, жасы еңбек жасынан асқан немесе еңбекке жарамсыз адамдар саны көбейе түсті.

Сурет 1

Сурет 2

Елбасымыздың алдымен - экономика, содан кейін - саясат деген қағиданы басшылыққа ала отырып, жұмыс істеуінің нәтижесінде еліміздің экономикасы жедел қарқынмен өсті. Бұл өз кезегінде әлеуметтік саланың оңтайлануына айтарлықтай ықпал етті. Экономикамыз қалыпты өсе бастаған соңғы 11 жылдың ішінде төменгі зейнетақы мөлшері 3500 теңгеден 24 047 теңгеге дейін өсіп, жеті есе; орташа зейне­тақы көлемі 4462 теңгеден 36 205 теңгеге дейін жетіп, сегіз есе; ал жоғары деңгей­дегі зейнетақы көлемі 8156 теңгеден 52 226 теңгеге дейін өсіп, 6,4 есе артты. Осы мер­зім­де халықтың жан басына шаққандағы табысы да бірнеше есе өсіп, халықтың әлсіз топтарын қолдайтын түрлі әлеуметтік төлемдер іске қосылды. Нәтижесінде бүгінгі күні Қазақстан Орталық Азияда ғана емес, ТМД елдері арасында да халықтың әлеуметтік жағдайы тұр­ғысы­нан көш басындағы мемлекеттердің қата­рында келеді.
Бүгінгі таңда экономикамыз дамып, мемлекеттің күш-қуаты артуына байла­нысты Елбасы Үкіметтің алдына халықты еңбекпен қамтудың жаңа стратегиялық бағдарламасын жасауды тапсырды. Осы­ның негізінде Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы әзірленді. Оның негізгі мақсаты тұрақты және өнімді жұмыспен қамтылуды ұйымдастыру арқылы халық­тың табысын арттыру болып табылады. Бағдарламаның тағы бір үлкен мәні - еліміздегі кедейлік деңгейін төмендету. Қазіргі уақытта оған қол жеткізудің тиімді өлшемдері әзірленді. Мәселен, қазіргі кедейлік деңгейі немесе ел халқының ішіндегі кедей адамдардың үлес салмағы 8,2 пайызды құрайтын болса, 2016 жылға қарай оны 6 пайызға дейін төмендету көзделіп отыр. Сондай-ақ осы аралықта еліміздегі жұмыссыздық деңгейі - 5,5 пайызға дейін, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған халықтың үлес салмағы қазіргі 33,3 пайыздан 26 пайызға дейін төмен­дейтін болады. Бағдарлама аясында еңбек өнімділігін 20 пайызға арттыруға қол жеткізіледі.
Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі төрт есеге азайды. Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері жақсарды. Күтілетін өмір ұзақтығы 65-тен 68 жасқа дейін ұлғайды. Ана өлімі екі есеге азайды, бала туу бір жарым есеге өсті. Қазақстан қазірдің өзінде-ақ халықты әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесінде халықаралық деңгейде мойындалған жетекші елдердің біріне айналды.
Сонымен қорыта айтқанда, Тәуелсіздік жылдарында еліміз халықтың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етуде көптеген жұ­мыс жүргізді. Соның нәтижесінде елі­мізде 750 жаңа мектеп, 500-ге жуық жаңа ден­сау­лық сақтау нысаны салынды. 5302 мек­тепке дейінгі мекеме, 1117 балабақша мен 4185 орталық ашылды. Кейінгі 10 жыл­дың өзінде орташа айлық жалақы - бес жарым есе, зейнетақының орташа көлемі төрт есе өсті. Осындай шаралардың нәтижесінде өткен жылғы жүргізілген әлем мемлекет­терінің рейтин­гінде Қазақстан ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен 26 сатыға ілгерілеп, 110 елдің ара­сында 50-орынға табан тіреді. Қазақ­стан халықаралық қауым­дастық алдында экономикасы жылдан-жылға өсіп келе жатқан әлеуметтік бағыт­тағы мемлекет ретінде танылды. Бұл - аз жетістік емес. Ал қазіргі жүзеге асыры­лу үстіндегі, сондай-ақ енді іске қосылғалы отырған мемлекеттік бағдарламалардың аясында атқарылатын шаралар нәтижесін­де бұл көрсеткіштердің одан әрі жақсара беретіндігі анық.

2. Қазақстандағы еңбекпен қамтуды мемлекеттік реттеу

Мемлекет басшысы өзінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Болашақтың іргесін бірге қалаймыз! атты Қазақстан халқына Жолдауында еңбек нарығының тиімділігін арттыру, табысы аз адамдарды, жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен айналысушыларды жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларына тарту міндеттерін жүктеді.
Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы.
Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру барысында елде қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі мен жұмыспен қамту деңгейі тұрақты өсуде. Соңғы 10 жылда жұмыспен қамтылған халық саны 6698,8 мыңнан 8141,4 мың адамға артты, ал жұмыссыздық деңгейі 2001 жылғы 12,8 %-дан 2010 жылдың оңында 5,5 % төмендеді.
Жол картасы шеңберінде жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің арнайы шараларын әзірлеу және іске асыру әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерімен байланысты уақытша экономикалық қиындықтар кезеңінде (2008 - 2010 жылдар) де жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан үдемелі индустриялық-инновациялық дамуға көшу, бір жағынан, жұмыспен қамтудың одан әрі өсу мүмкіндіктерін кеңейтеді, екінші жағынан - еңбек нарығына жұмыс күшінің ішкі резервін тартудың, еңбек ресурстарының сапасы мен экономикалық белсенділігін арттырудың жаңа тәсілдерін әзірлеуді және іске асыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын және жұмыспен қамту саласын реттеу 1991 жылдан бері негізінен халықты жұмыспен қамтудың арнайы бағдарламалары форматында жүзеге асырылды: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 маусымдағы № 833 қаулысымен бекітілген Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000 - 2002 жылдарға арналған бағдарлама, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 наурыздағы № 296 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында кедейлікті азайту жөніндегі 2003 - 2005 жылдарға арналған бағдарлама және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 68 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы.
2008 - 2010 жылдарға жұмыссыздықтың өсуінің алдын алуға, жұмыспен нәтижелі қамтудың артуына жәрдемдесуге, жұмыс күшінің сапасын арттыруға және ұлттық еңбек нарығын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қарашадағы № 1114 қаулысымен бекітілген болатын.
Алайда әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерімен 2008 жылғы күзден бастап Қазақстан Республикасында өндіріс қарқыны төмендей бастады, инфляцияның өсуі байқалды, жұмыспен қамтудың төмендеуі және тиісінше халық табысының азаюы белең алды. 264 кәсіпорын өндірісін толық немесе ішінара тоқтатты. Қырық мыңнан астам қызметкер ішінара жұмыспен қамту режиміне ауыстырылды не ақысы төленбейтін демалыстарға жіберілді. Жұмыссыз халық саны 559,3 мың адам болды (немесе экономикалық белсенді халықтың 6,6%)
Жұмыссыздықтың өсуі, қызметкерлердің одан әрі босатылуы әсіресе өндірістің экспортқа бағытталған салаларында болжанды. Құрылыс, сауда, көлік және байланыс салаларында да жұмыс орындарының қысқару қаупі орын алды.
Осындай жағдайда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмыспен қамтуға, жұмыссыздықтың айтарлықтай өсуіне жол бермеуге, жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған арнайы Жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын (Жол картасын) әзірледі.
Жол картасы шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарын (әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, қайта даярлау және біліктілікті арттыру) кеңінен қолдану нысаналы топтар құрамындағы адамдардың белсенділігін арттыруға ықпал етті, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (4,7 %) алғаш рет елдегі жұмыссыздықтың жалпы деңгейінен төмен көрсеткіште белгіленді.
Жол картасының негізгі нәтижелері: шамамен 9 мың жоба іске асырылды; 392 мың жұмыс орны құрылды; шамамен 150 мың адам даярлауға және қайта даярлауға жіберілді, олардың жартысына жуығы жұмысқа орналастырылды; 192 мыңнан астам адам әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасы шеңберіндегі жұмыс орындарына орналастырылды.
Дағдарыс жағдайында іске асырылған халықты жұмыспен қамтудың қысқа мерзімді стратегиясы - Жол картасы жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеуімен катар, оның деңгейінің 2009 жылғы екінші тоқсандағы 6,9 %-дан 2010 жылғы желтоқсанда 5,5 % көрсеткішке дейін төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Жұмыспен қамтудың өсуі халық табысының артуы мен кедейлік деңгейінің төмендеуіне негіз болды. Табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз халық үлесі 2001 жылғы 46,7 %-дан 2006 жылы 18,2 %-ға және 2010 жылы 6,9 %-ға азайды.
Алайда оң өзгерістерге қарамастан, ұлттық еңбек нарығында теңгерімсіздік сақталып отыр. Жұмыссыздар бар болғанымен, бос жұмыс орындары толықтырылмай отыр, экономика салаларының мамандарға деген қажеттілігінің объективті болжамы жоқ. Еңбек ресурстары сапасының төмендігіне және өндіріс пен оқудың арасында нақты байланыстың болмауына байланысты жұмыс күшінің, бірінші кезекте білікті кадрлардың, техникалық және қызмет көрсету еңбегі қызметкерлерінің тапшылығы байқалып отыр. Жұмыспен қамтылған халықтың шамамен үштен бірінің кәсіптік білімі жоқ.
Жұмыспен қамтылған халық құрылымында өз бетінше жұмыспен айналысатын адамдардың үлесі - 33,3 % немесе 2,7 млн. астам адамды құрайды. Өз бетінше жұмыспен айналысушылардың негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өтпелі кезеңдегі әлеуметтік саясаттың басымдықтары
ДАМУШЫ ЕЛДЕРДЕГІ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ МОДЕЛІ
ХІХ ғасырдағы мұқтаждарға көмек көрсету мен қолдаудың негізгі мәселелері
АЙМАҚТАҒЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ
Ұйымдасқан партиялық жүйе құру
ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ
Қазақстан халқының табысы және оның түрлері
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері туралы
Жалақының теңестірілген деңгейі
ХҚЕС Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және есептіліктің халықаралық стандарттары
Пәндер