Тұщы су дефициті


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан құқық және салалық технологиялар колледжі

Тақырыбы: Тұщы су дефициті.

Қабылдаған : Дуанбекова А

Орындаған: Нарбекова Ш

Тобы: ЭР-4

Шымкент 2011ж

Жоспар:

І. Кіріспе. 3

ІІ. Негізгі бөлім.

2. 1. Тұщы судың Жер бетінде таралуы . 4

2. 2. Дүние жүзіндегі тұщы су тапшылығы. 6

ІІІ. Қорытынды. 9

ІV. Пайдаланылған әдебиет 10

Кіріспе

Табиғат байлықтарының қымбатты тірілерінің бірі - су. Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77, 5% - ын су алып жатыр. Су қорларына - мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді. Су қоры - халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. Өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының 1% -ға да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м 3 {\ м}^{3} , Жаңа Зеландияда 100 мың м 3 {\ \ м}^{3} , бұрыңғы Кеңестер Одағында 18, 3 мың м 3 , {\ м}^{3}, ал Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 к м 3 {\ км}^{3} -қа жетті. Орталық Азия республикаларының экономикасы үшін су ресурсы өткен ғасырдың орта тұсынан-ақ өзекті де өткір проблемаға айналғанын ескерсек, оның әлдеқашан халықаралық маңызға ие болғандығы анық. ТМД мемлекеттері ішінде біздің еліміз өзен суымен өте төмен деңгейде қамтамасыз етілген. Географиялық жағынан барлық трансшекаралық - Ертіс, Сырдария, Жайық, Іле, Шу, Талас секілді өзендердің төменгі сағасында орналасқандықтан да болар, Қазақстан үшін бұл проблема күрделілігімен қатар, уақыт өткен сайын мүлдем жаңа түрге енетін құбылмалылығымен де қиындық туғызуда. Су жер шарындағы мұхиттар мен құрлықтардың бетінен буланады, су булары ауа ағындары мен жоғары көтеріледі де, қоюланып тамшыға айналады және атмосфералық жауын-шашын түрінде мұхитқа немесе құрлыққа қайта оралады, ал құрлықтан мұның біразы өзендер арқылы мұхиттарға қайтадан ағып барады (судың үлкен тұйық айналымы) . Бұдан басқа жергілікті немесе құрлық ішіндегі су айналымы болады. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады. Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады, ағыл- тегіл терлетеді, қалжыратады.

Тұщы су дефициті

2. 1. Тұщы судың Жер бетінде таралуы. Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр.

Бүгінгі таңда тұщы су проблемасы, соның ішінде ауыз су мәселесі үлкен дағдарыс кезеңінде тұр. Бұл мәселе біздің қаламызда да өзекті мәселелердің бірі. Адамзат баласының суға деген сұранысы, судың табиғаттағы айналымына, сондай-ақ физиологиялық, гигиеналық, эстетикалық және т. б. қажет - тілектерін қанағаттандыруға негізделген. Адамзаттың түрлі мақсаттағы суға деген қажеттілігін қанағаттандыру мәселесін шешу осы судың сапасын жоғарылатумен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда экологиялық жағдайдың нашарлауынан көптеген тұщы су нысандары

қарқынды түрде ластанып, пайдалануға жарамсыз болуы тұщы сумен қамтамасыз етуді одан әрі қиындатуда. Сондықтан судың ластануын дер кезінде тоқтатып, оның тазалануын қолға алу керек. Дүние жүзі бойынша ластанған суларды сұйылту арқылы залалсыздандыру үшін жылына 5500 к м 3 {км}^{3} таза суды жұмсау қажет. Тұщы судың 30% жерасты сулары, 70% мұздықтарда. «2020 жылға таман Қазақстанда тұщы су тапшылығы орын алуы мүмкін Соңғы 30 жыл ішінде әр жыл сайын Қазақстандағы тұщы су мөлшері 25, 3 к м 3 {км}^{3} азаюда. Егер осылай жалғаса берсе 2020 жылы оның жылдық азаюы 86 к м 3 {\ км}^{3} құрайды», -деді Қазақстандағы су ресурстары комитетінің жетекшісі Анарбек Орманов сұхбатында. Қазіргі кезде Қазақстандағы тұщы суды жылдық пайдалану орта есеппен 32, 5 к м 3 {км}^{3} құрайды. А. Орманов тұщы су мәселесін былай шешуді ұсынды:«Тұщы су мәселесін көршілес Қырғыстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерімен Сырдария өзенінің су және энергетикалық ресуртарын пайдалану жөніндегі келісім шартқа отыру арқылышешеміз». Ленинск қаласында орналасқан Ресей әскерлер тобы 13794 гектар жерді қоқан-лоққы жасап алып, онда 160 су тартатын скважиналар тобын салып, жыл сайын 3 миллион м 3 жарасты тұщы суларын құбырмен өздеріне әкетіп жатыр. Соның салдарынан Жалағаш, т. б. аудандардың шаруашылықтары пайдаланып жүрген скважиналарынан су шықпай, олар ауыз сусыз қалды. Мұнан былай да әскери топтар сұраусыз және бақылаусыз жер асты суларын ала берсе Қарақұм мен Қызылқүмдағы су қорлары таусылып, бұл байтақ өңірдің тез арада істен шығатын түрі бар. Тұщы су туралы айтқанда жер шарындағы тұщы қорының бестен бір бөлігі болып табылатын, ал Ресейдің тұщы су қорының 80 процентін құрайтын Байқал көлін айтпауға болмайды.

Міне, сондықтан да дүние жүзі халықтары табиғаттың осы бір ғажайып бұрышына қызыға қарайды, суының таза болуын тілейді. Мұнан бірнеше жыл бұрын Байқал жағалауында ағаш өңдейтін, қағаз бен целлюлоза шығаратын ірі кәсіпорындар салу жөнінде шешім қабылдағанда көптеген елдер наразылық білдіріп, қалдық суларды көлге жіберуге қарсы шықты. Жұртшылықтың наразылығына үкімет басшылары құлақ асып аталған кұрылыстарды салмайтын болған. Екінші жақсылық - көлге құятын өзендерде сал ағызуды тоқтату еді. Суға батқан ағаштар жинап алынды. Үшінші жақсылық - мемлекеттік және қоғамдық бақылаушы орындар, ғылыми зерттеу мекемелері Байқалдың жағдайын қатаң бақылауға алып, санитарлық нормаларды бұзуға жол бермейтін болды.

Байқал көлінің пайда болу тарихы мен келешегі жөнінде көп талас болып, қарама-қарсы пікірлер айтылып жүр. Осы арада біз солардың біреуіне тоқталамыз, қалғандарын басқа ғылыми еңбектерден оқып білуге болады.

Көлдің ұзындығы 636 км, орташа ені 48 км (кең жері 79, 4 км), суының ауданы 23 мың км 2 .

Осыдан 20 миллион жыл бұрын Сібір мен Байқал сырты тектоникалық тақталар аралары ашылып, бір - бірінен алыстай бастайды. Жер қыртысының өте зор осы екі бөлшегі алыстаған сайын пайда болған ойпатқа су жиналады. Тектоникалық тақталар бір - бірінен жыл сайын орта есеппен 2-3 мм-ге, кей жылдары 5-10 есе көп алыстайды.

Байқалдың өзінің «Атлантидасы» да бар. 1861 жылдың соңғы күндері көшпенді буряттар Байқалға кұятын ең үлкен Селенга өзенінің солтүстік атырауы - Цеган даласы деп аталатын, көлемі 200 км 2 жердің су астына түсіп кеткенін көрді. Жылдар өткен сайын көлдің тереңдігі де өсіп келеді. Судың ағыны баяу, терең жерлерде жылжымай көп тұратын болғандықтан ластаушы заттар тұнып су тазаланып отырады.

Суда еріген тұздар аз. Теңіз суының 1 литрінде 37 грамм тұз болса, басқа көлдерде 100 миллиграмм, ал Байқалда 20-40 милиграммнан аспайды. Мұның себебі Байқал суы негізінен ондаған мың жылдар бойы жылжып көлге түскен мұздардан құралған, ал мұзда тұз жоқтың қасы.

Көлдерді зерттейтін мамандар (лиманолог) Байқал суының ерекше таза болуын ондағы тіршілікпен байланыстырады.

Басқа көлдерде тірі организмдер: өте ұсақ балдырдан бастап қамысқа дейін, бір клеткалы жәндіктерден бастап балық пен суда жүзетін құстарға дейін, суды ластап олардың қалдықтары су бетін көгертіп, қызартып, су түбіне тұнып, шіріп, қалың лайлы қабатқа сапропелге айналатыны, қамыс пен басқа өсімдіктер жағалаудан бастап көлдін ортасына қарай өсіп, су бетін жауьш кететіні, содан кейін су түбінде мүк пайда болу мен көлдің азаюы аяқталатыны баршаға белгілі.

Ал Байқал көлінде бәрі де басқаша. Мұндағы өте ұсақ, микроскоппен ғана көрінетін өсімдіктер (фитопланктондар) су таза, мөлдір болғандықтан өте тереңде жүріп күн сәулесін пайдалана алады. Олар жылына 10 миллион тоннадан астам оттек, 4 миллион тоннадай органикалық заттар өнімін береді. Бұл заттармен судағы өте ұсақ жәндіктер зоопланктондар («қаңғыма» жәндіктер) коректенеді.

Байқалда 300 түрлі бір клеткалы ұсақ жәндіктер өмір сүреді. Мұнда 255 түрлі қабырғамен (бокоплан) жүзетіндер бар. Олардың ішінде ескекаяқты ұсақ көзге ілінбейтін «байқал эпищурасы» деп аталатын шаяндардың орны бөлек. Бұлар жер жүзінде екі жерде Байқал мен Камчаткадағы Кровец көлінде ғана кездеседі.

Байқалдағы барлық тірі жәндіктердің салмағын өлшесе ең үлесі көбі балық, нерпа сияқты сүтқоректілер емес, ұсақ көзге ілінбейтін зоопланктондар, ал олардың 97 проценті осы байқал эпищурасы. Көлдің 1 литр суында 30 дан 50 мың данаға дейін, ал бүкіл Байқалда 4 миллион тоннадан астам ескекаяқты көзге ілінбейтін шаян бар.

Эпищура көлдегі балықтардың сүйкімдісі және көл суының жақсы сузгісі. Ұсақ балдырмен қоректенетін эпищура желбезегінен бір жылда өтіп тазаланатын су мөлшері осы көлге қүятын өзен суынан 7, 5 есе көп болатынын ескерсек Байқал суының таза болу себебі мен оны кім тазалайтынын тусіну қиын емес.

Бірегей, өте сирек кездесетін Байқал суын эпищуралар ғана тазарта алады, ластанған жылуы 12 °С-тен жоғары суда олар өмір сүре алмайды.

Міне, сондықтан да, Байқал суын ластамай, бір қалыпта сақтаудың маңызы зор. Егер жағаға кәсіпорын салып, аз да болса химиялық заттармен, жылумен ластанған қалдық суларын көлге жіберсе, судың қасиеті өзгеретіні, ондағы эпищуралар қырылып, көл сүзгісіз қалатыны анық.

Мәскеудің ғылым және өмір журналында (N6 1984 ж. ) жердің жоғарғы мантиясынан Байқалға үнемі жерасты тұщы су қосылып жатады деген пікір жарияланды. Бірақ оны зерттеген, қанша су қосылатынын өлшеген ешкім жоқ.

Дұрысында Байқал суының таза болуы, ондағы сүзгі рөлін атқаратын эпищураларға байланысты деген пікір көңілге қонымды

2. 2. Дүние жүзіндегі тұщы су тапшылығы. БҰҰ есебі бойынша 2025 жылға таман планетаның 4/3бөлігінде тұщы су тапшылығы орын алады. 1990 жылы БҰҰ бас хатшысы Бутрос Гали былай деген: «Болашақта соғыс болса, ол мұнай немесе тіршілік элексирі үшін емес, су үшін болады». 2003 жылды БҰҰ «Тұщы су жылы» деп атаған. Жер жүзінде қазірдің өзінде тұщы су тапшылығы байқалуда. Таза, тұщы су сауда-саттық айналымына қосылып, бір ел екінші елге ақшаға сататын болды. Мысалы, Гонконг ауыз суды құбырмен Қытайдан алады. Алжир Республикасы, Кувейт, Сауд Арабиясы да тұщы суды шет елден әкеледі. ГФР құбыр арқылы тұщы суды Швейцария Альпісінен немесе Скандинав елдерінен тасу жолдарын іздестіруде.

Қазір 50 елде тұщы су жеткіліксіз. Сондықтан да адамдар көп жылдар бойы тұщы суды гидросфераның басқа бөлшектерінен алу жолдарын қарастыруда. Осыдан 100 жыл бұрын Чили мемлекетінде теңіз суын тұщытатын бірінші қондырғы іске қосылған болатын. Қазір олардың саны 100-ден асып, жыл сайын бірнеше жүз миллион м 3 таза ауыз су береді.

1973 жылы Қазақстанның Ақтау қаласында тәулігіне 100 мың м 3 су тұщытатын қондырғы салынды. Қала тұрғындары санитарлық - тазалық нормаға сәйкес келетін сапалы ауыз су алатын болды. Теңіз суындағы балдыр иісін кетіру үшін активтендірген көмірден өткізіп, тазалау үшін мәрмәр ұнтағынан тұратын сүзгіден өткізіп, құрамын байыту үшін кальций корбанатын қосьш, өткір иісті ашық сары түсті газ (фтор) бен араластырып, минералды су қосады, Сөйтіп судың иісі кетіп, тазарып, тұзы азайып, ішуге қолайлы болады. Су тұщытудан жиналған ертінділерді өңдеп қосымша 250 мың тонна ас тұзы мен 80 мың тонна натрий сульфатын алуға болады.

Күн сәулесімен жұмыс істейтін қондырғыларды пайдаланып Ресейдің Краснодар өлкесінде, Волгоград облысы және Қалмақ Республикасында жерасты ащы суларды тұщыту ұйымдастырылған.

Қазіргі кезде Пәкістанда, Үндістанда және Орталық Шығыста тұщы су тапшылығы байқалуда, себебі онда тұщы суды жылдық пайдалану артып, грунт сулары жыл сайын 1-3м төмендеуде. Қытай да өзендер көп болса да, онда тұщы сутапшылығы бар, себебі олардың тұщы суларының 4/3 бөлігі ауыл шаруашылығына жұмсалуда. Енді Қытайда тұщы су каналдарын салу ұйымдастырылуда. 1300км үш канал салу үшін 59 млрд. доллар қажет. Бұл жоспарларын қытайлықтар 2025 жылға дейін ісек асырмақшы.

Тұщы су тапшылығы орын алмаған мемлекеттерді БҰҰ белгілеген болатын. Алғашқы үштікте: Британия, Норвегия және Канада жатады. Одан кейін Дания, Бельгия және Жапония. Ащы суларды әлсін-әлсін қолдан мұзға айналдырып, қайтадан еріту әдісін қолданып немесе биологиялық микробтарды пайдаланып тұщытуға болады. Тұщы суды магнитпен өткізу жолымен алуға болады. Магниттен өткен суларда химиялық реакциялар жылдам жүреді, қатты бөлшектер тез бірігеді, минералды қосындылар кристалға айналып, қаспақ болып жа-бысатын тұздар азаяды. Мұндай суларды технологиялық процестерге бірнеше рет қайталап пайдалануға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер бетіндегі су қоры және оның таралуы
ГИДРОСФЕРА - ЖЕРДІҢ СУ ҚАБАТЫ
Су — биосфераның аса маңызды элементi туралы ақпарат
Гидросфераның ластануы
Су-биосфераның аса маңызды элементі жайлы мәлімет
Су - биосфераның аса маңызды элементi
Су экожүйесі
Гидросферадағы физика-химиялық процесстер
Судың гигиеналық маңызы
Судың гигиеналық маңызы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz