«Агросервис Шапағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есептіліктері мен алғашқы құжаттары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ . . . 5
- Кәсіпорынның шаруашылық қызметімен танысу . . . 5
- Кәсіпорынның есеп саясаты . . . 10
- Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау . . . 12
- ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП, ТАЛДАУ . . . 14Капиталды есепке алу және талдау . . . 14Ақша қаражаттарының және ақша эквиваленттерінің есебі, талдауы . . . 16Дебиторлық берешекті есепке алу және талдау . . . 18Қорларды есепке алу және талдау . . . 20Негізгі құралдарды есепке алу және талдау . . . 23Материалдық емес активтерді есепке алу . . . 25Міндеттемелерді есепке алу және талдау . . . 26Еңбекақы бойынша есеп айырсуды есепке алу, талдау . . . 28Кірістер мен шығыстарды есепке алу және талдау . . . 30Инвестицияларды есепке алу . . . 31Қаржылық есептілік және оның негізгі көрсеткіштерін талдау . . . 32
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 37
КІРІСПЕ
Кәсіпорынның іс-әрекетін оперативті басқаруды қамтамасыз ету ушін кәсіпорында бар ресурстар, олардың жағдайы, орналасуы мен пайдалануы, сондай-ақ олардың пайда болу, қалыптасу көздері жайлы мәліметтер қажет. Белгілі бір тәртіппен жинақталып, қорытылған, топтастырылған мұндай мәліметтерді баланстың көмегімен алады.
Баланс сөзі латын тілінен аударғанда теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткішін білдіреді.
Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы-шаруашылық қызметі талдауда, басқару шешімдерін негіздеу мен қабылдау ушін, кәсіпорындардың, ұйымдардың рынок экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.
Баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, орардың жағдайы туралы, құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер алады. Бұл мәліметтер белгілі бір күнге жалпы ақшалай көрсеткіштерімен тең.
Сонымен, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағамен белгілі бір сәтке екі топпен: орналасуы мен пайдалануы бойынша және пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.
Өндірістік іс-тәжірибе есебі «Агросервис Шапағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі негізінде жазылды.
Өндірістік іс-тәжірибе мақсаты оқу процесі негізінде алған теориялық білімді тереңдетіп бекітуге және бухгалтерлік есепті, субъектің қаржы-шаруашылық қызметін талдау бойынша тәжірибе жинақтауға негізделеді.
Өндірістік іс-тәжірибе өту барысында мына нақты міндеттерді шешу негізделеді:
- кәсіпорынның құрылымы мен оның ұйымдастырылуы, салалық ерекшеліктерімен, өндірістік және басқару бөлімшелерінің негізгі қызметтермен танысу;
- тәжірибе өту барысында кәсіпорында бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуын зерттеу, яғни, кәсіпорынның есеп саясатын, бухгалтерлік есептің нысандарын, есеп берудің компьютерлендірілуін, бастапқы құжаттарды және құжат айналымы және т. б;
- кәсіпорын мәліметтеріне сүйене отырып оның қызметіне баға беру;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
- кәсіпорын қызметін кешенді талдауды материалдық-статистикалық әдістерге сүйене отырып жүргізу;
«Агросервис Шапағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізетін есептің мағызды объектілеріне: материалдық емес активтер, негізгі құралдар, материалдар, еңбекақы бойынша есеп айырысу, өнім өндіру жатады.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін әдістер мен тәсілдер жүйесі құрайды. Бухгалтерлік есеп тәсілі деп әдіс, амалдардың жиынтығы түсіндіріледі, олардың көмегімен байқау, есепке алынатын мәліметтерді жете білу мен зерттеу жүргізіледі.
Өндірістік іс-тәжірибе есебін жазу барысында оқулықтар, мерзімді басылымдар, ғылыми және әдістемелік оқу құралдары, «Агросервис Шапағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2010-2012 жылдардағы есептіліктері мен алғашқы құжаттары қамтылды.
- ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1. 1 Кәсіпорынның шаруашылық қызметімен танысу
Кез-келген шаруашылық жүргізуші субъектіні құру үшін құрылтай құжаттары болуы керек. Құрылтай құжаттары нотариалдық тұрғыда расталып, заң органдарында мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жарғыда субъект серіктестік құрылтайшыларының салым ақшаларынан тұратын жарғылық капиталды жариялайды. Салым ақшаны бағалау тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі және тәуелсіз аудиторлық тексеруге жатады.
Шаруашылық серіктестік мына формалар бойынша құрылуы мүмкін:
- Толық серіктестік - жарғылық капиталды оның құрылтайшысы анықтайды, алайда заң актісімен белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем
болмауы керек;
- Командиттік (сенімге негізделген) серіктестік - жарғылық капиталдың мөлшері заң актілерімен белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек. Салымшылардың жиынтық мөлшері командиттік серіктестіктің жарғылық капиталының 50% құрауы мүмкін;
- Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - жарғылық капиталдың мөлшерін серіктестік құрылтайшылары анықтайды және заңда белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек;
- Қосымша жауапкершілікті серікстестік - жарғылық капиталдың мөлшері жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегідей анықталады, алайда бұл серіктестіктің қатысушылары жарғылық капиталдағы өз салым ақшаларымен оның міндеттерінің еселенген мөлшерінде өздерінің салым ақшаларын қосады;
- Акционерлік қоғам - жарғылық капитал барлық жарияланған акциялар шығарылымының жиынтық атаулы (номиналдық) құнына тең, алайда заңда қарастырылған ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек. Акцияларға ашық жазылу жарғылық капиталдың толық төлеміне дейін жеткізілмейді.
«Агросервис Шапағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қызметін 27. 12. 1994ж. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекс, Қазақстан Республикасының 22. 04. 1998 жылғы «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, басқа да нормативтік-құқықтық актілері және өзінің құрылтай құжаттары бойынша жүзеге асырады және шағын кәсіпкерлік нысаны болып табылады.
Серіктестіктің аталуы:
-қазақ тілінде:
-«Агросервис Шапағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
-орыс тілінде:
-товарищество с ограниченной ответственностью«Агросервис Шапагат»
Серіктестік мерзімі:шектелмеген.
«Агросервис Шапағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап заңды тұлғаның құқықтарын алады.
Серіктестік өз аты жазылған мөрі, дербес балансы, банкіде есеп - шоты мен басқа да шоттары және аты - жөні жазылған бланкілер бар.
Серіктестік өзінің қызметтік мақсатына жету үшін өз атынан келісім шарттар жасауға, оның ішінде кредиттік шарттар, қаржылық лизинг және банктердің қатысуымен басқа да шарттар жасауға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарына ие болуына, міндеттерін орындауға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.
«Агросервис Шапағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзінің орналасқан жерін ауыстырған жағдайда серіктестік заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған органға және серіктестіктің жаңадан орналасқан жері бойынша заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырушы органға хабарлауға міндетті.
Серіктестік Қазақстан Республикасының аймағында және шет елдерде филиалдар және өкілдіктер ашуға, басқа заңды тұлғалармен бірге бірлестіктер құруға, сонымен бірге басқа заңды тұлғалардың ұрылтайшысы болуға құқылы.
Серіктестік өз филиалдары мен өкілдіктерінің ашылуы және олардың мекен жайы туралы мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған органға хабарлауға міндетті.
Серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді және де өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Серіктестікке қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарды өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.
«Агросервис Шапағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қатысушылары құқықтары мен міндеттері. Серіктестіктің қатысушылары құқылы:
- ҚР Заңдарында және серіктестік жарғысында көздерген көзделген тәртіппен серіктестік істерін басқаруға қатысуға;
- серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасымен танысуға;
- серіктестіктің қызметімен ҚР Заңдарында, серіктестіктің құрылтай құжаттарына және оның Қатысушысының шешімдеріне сәйкес табыс алуға;
- серіктестік таратылған жағдайда кредит берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігінің құнын немесе серіктестіктің барлық қатысушыларының келісімі бойынша осы мүліктің бір бөлігін заттай алуға;
- ҚР Заңдарында көзделген тәртіппен өз үлесін бөліп алу арқылы серіктестікке қатысуын тоқтатуға;
- ҚР-ның Заңдарында және серіктестіктің заңдарында көзделген олардың
құқықтарын бұзған серіктестік органдардың шешіміне сот тәртібімен дау айтуға құқылы.
- «Агросервис Шапагат» жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың ҚР Заңдарында және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін.
«Агросервис Шапагат» жауакершілігі шектеулі серіктестігіне қатысушылардың міндеттері:
-құрылтай құжаттарының талаптарын сақтау;
-құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп пен мөлшерде тәсілдер мен мерзімдерде серіктестіктің жарғылық капиталында салымдар еңгізуге;
-серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге;
-мәліметтердің өзгеруітуралы серіктестік мүшелерінің реестірін жүргізген жағдайда атқарушы органдарды және де тіркеушіні жазбаша хабарлау;
Серіктестік қатысушылары заңдарда көзделген басқа да құқықтарына ие болуы мүмкін.
«Агросервис Шапағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестік өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс табу болып табылады. Көзделген мақсатқа жету үшін серіктестік келесі көрсетілген қызмет түрлерін жүргізеді:
- Өртке қарсы автоматикалар және өртке қарсы дабыл құралдарына техникалық қызмет және жобалау, монтаждау, эксплуатациялық, сату және жөндеу қызметтерін көрсету;
- Күзет сигнализациялары мониторингшілік және ақпараттық мониторингшілік;
- Автоматикалар және күзет сигнализациялары құралдарына техникалық қызмет және жобалау, монтаждау, эксплуатациялық, сату және жөндеу қызметтерін көрсету;
- Электромеханикалық және радиотехникалық күзет жүйесін жөндеу, қалпына келтіру қызметі;
- Күзеттеуге арналған радиоэлектрондық байланыс құралдарын сату;
- ҚР заңдарының актілерімен тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері.
«Агросервис Шапағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса алады.
Серіктестіктің жарғылық капиталының толық қалыптасуы серіктестіктің қатысушыларының қосымша ақшалай және мүліктік салымдары арқылы құралады.
Серіктестіктің мүлкінің меншік иесі болады, қалыптастыру есебі:
-қатысушылардың жарғылық капиталдарға салымдары;
-алынған табыстар және де басқа мүлік, басқа негіздермен алынған, заңдамамен рұқсат етілген. Серіктестіктің мүлкі оның балансында есептеледі.
«Агросервис Шапағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қатысушыларының жалпы жиналысы серіктестіктің жоғарғы басқару органы болып табылады. Серіктестіктің қатысушыларының жалпы жиналысының ерекше құзіретіне мыналар жатады:
- серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін, орналасқан жері мен фирмалық атауын өзгертуді қоса алғанда оның жарғысын өзгерту немесе серіктестіктің жаңа редакцияға жарғысын бекіту;
- серіктестіктің жылдық қаржылық есебін бекіту және таза пайда мен шығынды бөлу;
- басқа серіктестіктің мүшелерінің құзіретіне жататын серіктестіктің жарғысымен бекітілген, құжаттардан басқа, ішкі ережелерді, олардық қабылдау рәсімін және серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттар бекіту;
- серіктестіктің өзге де басқа Серіктестіктерінде, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарда қатысуы туралы шешу;
- тарату комиссиясын тағайындау және тарату балансын бекіту;
- серіктестіктің барлық мүлкін кепілге беру туралы шешім шығару.
Серіктестіктің құрылтайшыларымен тағайындалатын атқарушы орган директор болып табылады, ол қатысушыларының жалпы жиналысында есеп береді және бұның шешімдерін орындалуын ұйымдастырады. Жалпы жиналыс директор тағайындаған кезде олардың еңбек қатынасы еңбек заңына сәйкес келісім шарт негізінде реттеледі.
«Агросервис Шапағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының құзреті:
- күнделікті және перспективалық жұмыс бағдарламаларын іске асырады;
- серіктестіктің еңбек ұжымымен міндетті түрде орындалатын бұйрықтар және нұсқаулар береді;
- серіктестіктің қызметкерлері жөнінде оларды қызметке тағайындау туралы оларды ауыстыру және жұмыстан шығару туралы бұйрықтар шығарады;
- қатысушыларының айрықша құзіретіне жатқызылмаған өзге де өкілеттітерді жүзеге асырады.
Серіктестіктің өз қызметінің нәтижелеріне бухгалтерлік есеп жүргізеді, Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген ережелерге сәйкес статистикалық және қаржылық есептілікті жүргіізеді. Серіктестік есеп берудің сенімділігі және жүргізу тәртібі сақталмағаны үшін заңдарға сәйкес жауап береді.
Серіктестіктің атқару органының қаржы шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыру үшін 5 жыл мерзіміне 3 адамнан тексеру комиссиясы құрылады. Серіктестіктің директоры тексеру комиссиясының мүшесі бола алмайды. Тексеру комиссиясы кез келген уақытта серіктестіктің атқарушы органының қаржы шаруашылық қызметіне тексеру жургізуге құқылы және осы мақсатта серіктестіктің барлық құжаттамасын ешқандай кедергісіз құру құқығына ие болады. Тексеру комиссиясының талап етуі бойынша атқарушы орган ауызша немесе жазбаша түрде қажетті түсіндірмелер беруге міндетті.
Серіктестіктің жыл бойы қызметінің нәтижесінде алынған таза табысы тиісті жылдағы серіктестік қызметінің нәтижесінде бекітуге арналған құрылтайшылардың шешімдеріне сәйкес бөлінеді. Серіктестік шығыны сақтық капиталының есебінен өтеледі, ал егер капиталдың қаражаты жетіспесе - серіктестіктің мүлкін сату есебі арқылы өтеледі. «Агросервис Шапағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзінің Қатысушыларының талап үлгі бойынша Серіктестіктің қызметі туралы, оның қатысушыларының жеті күн ішінде мүдделерін қозғайтын ақпарат беруге міндетті. Серіктестіктің Қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпарат деп:
- серіктестік Қатысушысы қабылданған, атқарушы органның (ревизорының) шешімдері және қабылданған шешімдердің орындалуы туралы ақпарат;
- Серіктестіктің өз капиталының мөлшерінен жиырма бес және одан да көп пайыздан құрылған мөлшерді серіктестік арызға алады;
- серіктестіктің мүлкінетыйым салу;
- нәтижесінде серіктестіктің баланстық құны қоғам активтері жалпы мөлшерінің он немесе оданда көп пайызын құрайтын мүлкін жойылған төтенше сипаттағы жағдайлардың басталуы;
- серіктестікті және (немесе) оның лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауакершілікке тарту;
- серіктестікті мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешім;
- аудиторлық есеп(ол бар болса)
-серіктестіктің жарғысына сәйкес серіктестік қатысушыларының мүдделерін қозғайтын өзге де аппарат танылады.
Серіктестікке қатысушының мүдделерін қозғайтын серіктестік қызметі туралы ақпарат беру қолданыстағы заңнамаға және серіктестік жарғысына сәйкес жүргізіледі. Үлестерді сатып алушыларға серіктестігінің қызметі туралы ақпаратты беру жеті күн ішінде жүзеге асырылады. «Агросервис Шапағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметіне қатысты құжаттарды серіктестік өз қызметінің бүкіл мерзімі ішінде серіктестіктің атқарушы органы орналасқан жер бойынша сақталуға тиіс.
Келесі құжаттар сақталуға тиіс:
- серіктестіктің Жарғысы, серіктестіктің Жарғысына енгізілген
- серіктестігінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;
- серіктестіктің статистикалық карточкасы;
- серіктестіктің белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуына және белгілі бір іс-әрекет жасауына арналған лицензиялар;
- атқарушы орган отырысының шешімдері;
Өзге құжаттар Қазақстан заңнамасына сәйкес белгіленген мерзім ішінде сақталады.
«Агросервис Шапағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметін тоқтату құрылтайшыларының немесе соттың шешімі бойынша қайта ұйымдастыру немесе соттың шешімі бойынша қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен жүзеге асырылады. Серіктестік өзінің қызметін мынадай негіздер бойынша тоқтатады:
- егер жарғылық капиталды азайтудың нәтижесінде оның заңмен белгіленген мөлшерітөменгі мөлшерден кем болса;
- егер қатысушы заңдарда белгіленген мерзімде серіктестіктің жарғылық капиталын құрмаса;
- банкрот болғанда;
- қызметті тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз), не заң актілерінде тыйым салынған қызметті, не заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған кезде;
- заң актілерінде көзделген өзге де негіздер болған кезде.
«Агросервис Шапағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) құрылтайшыларының жалпы жиналысының шешімімен заңдарда көзделген тәртіппен жүргізіледі. Серіктестікті таратуды құрылтайшыларының жалпы жиналысының шешімімен немесе сот тағайындайтын тарату комиссиясы жүргізеді. Тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап оған серіктестік ісін басқару жөніндегі өкілеттіктер көшеді. Тарату қолданып жүрген заңдарда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
- Кәсіпорынның есеп саясаты
Экономиканың дамып өркендеуі, экономикалық құрылымның қалыпты жұмыс атқаруы еліміздегі шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмысымен тікелей байланысты. Осы субъектілердің өз шаруашылықтарында бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуі ел экономикасына да әсерін тигізері сөзсіз. Бухгалтерлік есептің мақсаты бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылардың мүддесі мен ыңғайына байланысты басқарушылардың (әкімшіліктердің) ықпалы, акционерлердің (меншік иелерінің) мүдделеріне қайшы келетін салы мәлімдемесінен тұрады. Кейінгілердің мақсаты шынайы қаржылық есептілікті есептің жағдайы, жеке пайдаланушылардың айрықша қажеттілігін қанағаттандыру үшін емес, айтарлықтай көп санды пайдаланушылар мүддесіне жауап беретін, жалпы мақсаттағы ақпараттарды анықтау болып табылады:
Халықаралық стандартпен белгіленген мақсаттар мыналар:
- пайдаланушыларды кәсіпорынның қаржылық - шаруашылық қызметі туралы толық және жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз ету;
- кәсіпорын қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңдарының сақталуын бақылау үшін мемлекеттік органдарды қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.
Бухгалтерлік есеп мыналарды қамтамасызету қажет:
- меншікті және тартылған қаражаттардың пайдалануын, кәсіпорынның қаржылық құралдарының қалыптасуын және оларды басқаруды бақылау;
- алдын-ала бекітілген тиімділік және өтімділік деңгейі арқылы кәсіпорынның табыстылық деңгейін үздіксіз баұылау және талдау;
- қаржылық - шаруашылық операцияларды мерзімне сай өз уақытысында тіркеу;
«Агросервис Шапағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде есеп саясаты Қазақстан Республикасының «Есеп саясаты және оның ашылымдары» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жасалған.
Субъектінің есеп саясаты субъектілердің қаржы - шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебінің Бас шот жоспарының, ҚР Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп әдістемесі бойынша департаментінің нұсқауларының, Салық комитетінің және Үкіметтің басқа атқарушы органдарының директиваларының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған.
«Агросервис Шапағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі есеп саясаты салытық есеппен сәйкес келеді және Қазақстан Ресубликасы «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңның, бухгалтерлік есеп стандарттарының және оның әдістемелік ұсынымдарының және инструкцияларының қоятын талаптарына жауап береді.
Серіктестік қабылдаған есеп және салы саясатының ұзақ мерзімді сипаты бар және бухгалтерлік есепті жургізу және қаржылық есеп беруде алу бойынша есеп және салық саясатының төмендегідей талаптарын қамтамасыз етеді:
- бухгалтерлік есепте шаруашылық қызметтің барлық фактілерінің толық көрсетілуі;
- мүмкін болатын табыстар және активтерге қарағанда шығындар және пассивтер есебін жүргізу кезінде байқампаздық немесе консерватизм талаптарын сақтау;
- бухгалтерлік есепте шаруашылық қызмет фактілерін тек құқықтық нысанына қарай емес шаруашылық қызметтің экономикалы мазмұны және жағдайларына байланысты көрсету, мазмұнның нысаннан артық болу принципін сақтау;
- өндіріс және шаруашылық қызмет жағдайларына қарай бухгалтерлік есепті тиімді және үнемді, яғни, рационалдық талаптардың сақталуы;
Есеп және салық саясатының негізгі аспектілері серіктестіктің жылдық есеп беруінің түсіндірме жазбасында көрініс табады. Онда соңғы қаржылық нәтижелер, орындалған жұмыстар және қызметтер, өткізілген өнім көлемі, өткізілген өнімнің (жұмыстар, қызметтер) өзіндік құны ашылады, серіктестіктің дебиторлық және кредиторлық қарыздарды, күдікті қарыздар сомасы және өндірістің жоспарланған көлемнің орындалуына әсер еткен себептер ашылады.
« Агросервис Шапағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жылдық қаржылық есеп беруі түсіндірме жазбамен қатар бухгалтерлік баланстан, қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есептен (№ 2 нысаны), ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептен тұрады.
Серіктестіктің есеп саясатында бухгалтерлік есептің төмендегідей әдістер қарастырған:
- негізгі құрал-жабдытар және материалдық емес активтерге амортизация есептеуде түзу сызықты әдіс;
- тауарлы-материалдық қорларды бағалауда орташа салыстырмалы құн әдісі ;
-табыстар мен шығындарды тану кезінде есептеу әдісі.
Есептеу әдісі табыстар мен шығындарды есепке алу нақты ақша қаражаттарының келіп түсуі немесе жұмсалуы кезінде емес, ал нақты операция жүргізілген уақытқа негізделген.
Серіктестіктің есеп саясаты кәсіпорын директорымен мына жағдайларда өзгертіледі:
- кәсіпорын қызметінің тоқтатылуы;
- басқа кәсшорындармен6ipiгyi;
- Қазақстан Республикасының заңдылықтарының өзгеруі
- Бухгалтерлік және салықтық ecenтi реттейтін нормативтік құжаттардыңөзгеруі.
1. 3 Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Талдаудың нeгізгi мақсаты нарықтық экономика жағдайында «Агросервис Шапағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің экономикалық жағдайының бeлceндiлiгiн, аткарған қызметінің нәтижелерін, бәсекелес ортадағы іскерлігін, экономикалық процестер мен кұбылыстарда тұрақтылық жағдайын сипаттайтын техника-экономикалық Kөрсеткіштерін талдау болып табылады.
Мақсатты айқындай келе төменде «Агросервис Шапағат» жауапкершілігі шектеул і серіктестігінің 2010-2011-2012 жылдардағы техника-экономикалық Kөрсеткіштерін талдаймыз.
Кесте 1
«Агросервис Шапағат» жауапкершілігі шектеулі cepiKTecTiгі техника- экономикалық керсеткіштерін талдау
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz