Дүниетану сабақтарында танымдық қызығушылықты дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

«Дүниетану сабақтарында танымдық қызығушылықты дамыту»

тақырыбына жазған дипломдық жұмысы туралы

П І К І Р

Бұл дипломдық жұмыста дүниетану сабақтарында танымдық қызығушылықты дамыту жолдары, әдіс-тәсілдері, олардың маңызы мен тиімділігі баяндалады.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін тірек -сызбалар, ойындар арқылы дамыту әдістері және олардың оқу үрдісінде алатын орындары көрсетілген.

Жұмыста белгілі педагог ғалымдардың еңбектері пайдаланып, олардың пікірлері келтірілген. Сонымен қатар дипломдық жұмыста жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері сипатталған.

Димпломдық жұмыстың тақырыбы теориялық және тәжірибелік жағынан жақсы ашылған.

Егер осы дипломдық жұмыста көрсетілген әдіс-тәсілдерді дүниетану сабақтарында қолдансақ, онда біз егемен еліміздің білімді, танымдық қызығушылығы, дүниетанымы, ой-өрісі кеңінен дамыған ұрпағын тәрбиелейтінімізге кәміл сенемін.

Дипломдық жұмыстың жетекшісі: аға оқытушы

«» 20 ж.

(қолы)

Жоспар

КІРІСПЕ

1. Төменгі сынып оқушыларын тәрбиелеудің теориялық негіздері

1. 1. МАҚСАТ -ОҚЫТА ТӘРБИЕЛЕУ.

1. 2. ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ - ҰЛАҒАТТЫ ІС.

1. 3. ЕЛЖАНДЫЛЫҚ - ТӘРБИЕ ДІҢГЕГІ

2. Тәрбиенің әдістемелік негіздерін қалыптастыру түрлері.

2. 1. Төменгі сынып оқушыларын тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері.

2. 2 Сабақ үстінде тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру

2. 3. Төменгі сынып оқушыларын дәстүрлі емес сабақтарда тәрбиелеу.

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Жаңа білімнің тізгінін ұстайтын еркін елдің ертеңгі шығармашыл кемеңгерлерін тәрбиелеу бесіктен, баланың нәрестелік шағынан басталып, ұдайы үздіксіз даму барысында ғана қалыптасатыны белгілі. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әртүрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді.

,, Тәрбие“ - терминін әрдайым, , тар мағынада, мұғалім тәрбиелейді, кең мағынада өмір тәрбиелейді“ - деп қолданады.

ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ:

Білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде Елбасы Н. Назарбаев:, , Мұғалімдер қоғамдағы ең білімді, ең ойшыл, білгілеріңіз келсе, ең, , сынампаз” бөлігі болып табылады. Білім саласы қызметкерлерінің отаншылдығы халықтың басқа буындарымен салыстырғанда анағұрлым ауыр қиындықтарды бастан кеше отырып, жастарға өзінің бойындағы бар білімін беріп қана қоймай, оларды адамдық, адалдық, тазалық, гуманизм, Отан сүйе білу секілді асқақ сезімдерге тәрбиеленуінен де танылады” деген. /3/

М. Жұмабаев, , Тәрбиелеу - адам баласын кәмел жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азық беріп өсіру” /11/ десе, тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту, сезімді тәрбиелеу, яғни баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз” деп жазады Назарбаева Сара Алпысқызы өзінің, , Ұстаздан ұлағат” кітабында. /4, 15-б/

Қазақ ақыны, ағартушы философ Абайдың, , мен егер закон қуатын қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім” деуінде үлкен мән бар. /13/. Ендеше адамның интеллектуалдық және психикалық қабілет қасиеттерімен мүмкіндіктерін іске қосу - білім мен тәрбие беру жүйесінің алдында тұрған үлкен міндет.

Бала тәрбиесі - ана сүтінен бастап, біреудің-біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы мектеппен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады.

Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің пікірінше, , , Адамға ең бірінші білім емес тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі” деген. /16/. Бұл біздің қай-қайсымызды да ойлантуы тиіс деп санаймын. Қайырымды қала тұрғындары қатарына шәкірттерді жатқыза отырып, мінезі түзу шәкірттерге білім еш қиындықсыз қонады, оларды тәрбиелеуге ұстаздар жалықпауы тиіс деп ескертеді.

Қазақ топырағында ағартушылық идеяның туын алғаш көтерген Ш. Уалиханов озық пікірмен нәрленген мұғалімдер жас буындарды қоғамдағы зұлымдық атаулымен күресе алатын, адамгершілігі мол жеке мақсатын халық мүддесіне бағындыра білетін, озат прогрессивті көзқарасы бар адам етіп тәрбиелеуді талап етеді.

Қазақ халқының кемеңгер ағартушылары А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, М. Дулатов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов тәрбиеге үлкен мән берген. А. Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы киелі де құнарлы қазына тіршілік тұтқасы тәрбие мен білімдегі қабілеттілігінде деп жар салды. Данышпан бабамыздың тәрбие туралы ұлағатты өсиеттері қазіргі нарықтық қатынастарға көшу кезінде ұлтымыздың тәрбиеге жаңаша көзқарасына бағыт-бағдар берерлік тағылым деп білеміз.

Елбасымыз Н. Назарбаев:, , . . . жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік-адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады”, - деп атап көрсетті. -/1, 7-б/

Дүниенің терең де нәзік сырын сезіне алатын жас ұрпақты тәрбиелеу- әр адамның ғана емес бүкіл қоғамның қасиетті борышы. Ж. Баласағұнның балаға ұстаздық ету жөніндегі көзқарасы тәрбие мен білімнің сабақтастығы

жайлы салмақты ойға жетелейді. Бала жас кезінен білім мен өнерге, еңбекке араласуы тиіс. Тән мен жан тазалығы сабақтас. Тәрбие мен білім берудің бұл жүйесі парасатты ұрпақ өсірудің мәнін ашады.

ЗЕРТТЕУ БОЛЖАМЫ: егер дүниетану сабақтарында, сыныптан тыс жұмыстарда, дәстүрлі емес оқыту түрлерін жиірек, өз орнында қолданып отырса, оқушылардың білімге деген қызығушылығын оятуға, тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

ЗЕРТТЕУ МАҚСАТЫ:, , Дүниетану” пәнін оқыта отырып тәрбиелеудің басты мақсаты - оқушыларға адам, қоғам, табиғат және олардың байланысы туралы білім беру арқылы олардың дүниетанымын қалыптастыру.

ЗЕРТТЕУ МІНДЕТТЕРІ:

  • дүниетануда дәстүрлі емес сабақтарды оқыту барысында оқушыларды тәрбиелеудің ғылыми -педагогикалық негіздерін айқындау;
  • оқушыларды тәрбиелеуді дәстүрлі емес сабақтар арқылы қалыптастырып, олардың көрсеткіштерін, деңгейлерін анықтау;
  • дәстүрлі емес сабақтарда оқушыларды тәрбиелеудің мазмұнын жүйелеу;
  • оқушыларды тәрбиелеуде дәстүрлі емес сабақтарды өткізудің тиімділігін тәжірибелік-экспериментте тексеру және ұсыныс беру.

ЗЕРТТЕУ ПӘНІ: дәстүрлі емес сабақтарда тәрбиелеу.

ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ: төменгі сынып оқушыларын тәрбиелеу.

ЗЕРТТЕУДІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ:

  • дүниетану сабақтарында сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларды тәрбиелеуге байланысты ғылыми-әдістемелік ұсыныс жасалынды;

- зертеу нәтижелерін төменгі сынып оқушыларын тәрбиелеу процесінде . пайдалануға болады.

ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ: философиялық, психологиялық, педагогикалық, ғылыми әдістемелік әдебиеттердің негізгі қағидаларына талдау жасау; сауалнама, тест алу, есту арқылы есте сақтау әдістемесін жүргізу; зертеу жұмысында негізге алынған тәрбиеге қатысты оқулықтарға, бағдарламаларға сүйене отырып, дәстүрлі емес сабақтарда тәрбиелеуді негізге алу; эксперимент нәтижесіне баға беру, оларды математикалық тұрғыда өңдеу.

ЗЕРТТЕУ БАЗАСЫ: тәжірибелік эксперимент жұмысы М. Жұмабаев ауданы, Дүйсеке және Бинаш орталау мектебінде жүргізілді. Эксперимент жұмысына 18 оқушы қатысты.

ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ:Диплом жұмысы негізгі мақсат, міндеттеріне сай кіріспеден, екі бөлімнен, әр бөлім бойынша тұжырымнан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, ғылыми болжамы, объектісі, мақсат, міндеттері көрсетіліп, теориялық және практикалық мәнділігі, қорғауға ұсынатын негізгі қағидалар баяндалады.

,, Төменгі сынып оқушыларын тәрбиелеудің теориялық негіздері” атты бірінші бөлімде философия, психология, педагогика саласында зерттеу проблемасының теориялық мәнділігі, құрылымдық моделі, деңгейі қарастырылып, оқушыларды дәстүрлі емес сабақтар арқылы тәрбиелеудің мазмұны, педагогикалық шарттары мен мүмкіндіктері белгіленді.

,, Тәрбиенің әдістемелік негіздерін қалыптастыру түрлері” атты екінші бөлімде педагогикалық жұмысты ұйымдастыру жолдары, әдістемесі, дәлелденген тәжірибелік -эксперимент жұмыстарының ғылыми нәтижелері берілді.

Қорытындыда теориялық және тәжірибелік зерттеулердің нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар нақты түрде беріледі.

Қосымшада зерттеу кезеңдерінің материалдары сыныптан тыс жұмыс үлгілері берілді.

  1. Төменгі сынып оқушыларын тәрбиелеудің теориялық негіздері

1. 1 МАҚСАТ -ОҚЫТА ТӘРБИЕЛЕУ.

Бүгінгі таңда әрбір тәрбиеші ұстаздың алдына өмірдің және, , Білім туралы “ Заңның қойып отырған талабы - халқының үмітін ақтап, өз мүддесін өзі қорғай білетін салауатты да білімді жеке тұлғаны тәрбиелеу. /6/. Республикалық мұғалімдердің ІІ съезінде Елбасы Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, оқыту мен тәрбиелеудің бір-бірінен ажырап қалуы, тәрбиенің оқытуға қосымша шара деңгейіне дейін төмендеп кетуі де жастар арасындағы мұратсыздық пен кері кетушілікке себеп болды. /3/ Сондықтан да Үкімет білім беру жүйесін реформалау мақсатында ҚР Білім Заңын және соған сәйкес жасалған, , Білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың кешенді бағдарламасын “ жасап, енгізді. Тәрбие мәртебесін көтеруді көздейтін бағдарлама мектептің алдына жүктейтін міндеттері, мақсаты, ұстанымдары өзінің айқындылығымен, нақтылығымен тәрбие үрдісін жандандыра түседі.

Педагогтік шеберлік пен тәрбие беру өнерін меңгеруге үлкен мән берген, оқу-ағарту саласындағы аса ірі қайраткер, әлемдік педагогика тарихының төрінен орын алатын тамаша педагог А. С. Макаренко, , Менің тәжірибем туралы баяндамасында, , Тәрбиеші шеберлігі . . . дәрігерді өз шеберлігіне үйрету қандай керек болса, музыкантты үйрету қандай керек болса, сондай үйретілуге тиіс мамандық “ деді. Ол, , тәрбие бере білу - өнер “ деген құнды түйін жасады. , , Біздің тарихымызда, - деп жазды ол, - өзінің тікелей шаруашылық немесе әскери, саяси мәнінен басқа, жаңа этикаға үлес болмайтын және жаңа моральдық тәжірибенің өсе түсуін тудырмайтын, тәрбиелік мәні болмайтын бір-де-бір акт, бірде-бір сөз, бірде-бір факт жоқ “/21/.

Жас ұрпаққа тәрбие берудің әдіс-тәсілдері мен формалары өзінше бір үлкен маңызды да көп түрлі әлем. (Сыныптағы және сыныптан тыс жұмыстар, ата-ана, жұртшылық тәрбиесі т. б. )

Ал, біз сөз еткелі отырған мәселе - оқыту үрдісіндегі, яғни тікелей сабан үстінде берілетін тәрбие жайында болмақ. Бұл үрдіс, әрине, , тәрбие берудің кешенді бағдарламасы “ арқылы жүзеге асатынын республика, облыс, аудан көлеміндегі нәтижелерін көрсете бастаған мектептердің іс-тәжірибесі дәлелдеп отыр.

,, Білім беру мекемелерінде тәрбие үрдісін ұйымдастырудың кешенді бағдарламасында “ тәрбиенің төмендегідей 11 бағыты туындайды.

  1. Салауатты өмір.
  2. Оқушылардың өзін-өзі жетілдіруі.
  3. Саяси тәрбие салтына тәрбиелеу.
  4. Адамгершілік тәрбиесі
  5. Құқықтық тәрбие.
  6. Эстетикалық тәрбие.
  7. Еңбекке тәрбиелеу.
  8. Экологиялық тәрбие.
  9. Экономикалық тәрбие.
  10. Ақыл-ой тәрбиесі.
  11. Дене тәрбиесі.

Бастауыш сыныптардың жас ерекшеліктеріне байланысты 9 бағыты таңдап алынған.

1-4 сынып оқушыларын тәрбиелеудің негізгі ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, мектепке келу - баланың өміріндегі маңызды, оның өсіп жетілуі мен әрбиесіне терең із қалдыратын кезең. Баланың бұған дейінгі тәжірибиесіне енді негізгі іс-әрекеті болып оқу енеді. Баланың оқу іс-әрекетіне араласуы және өмірдің жаңа тәртібіне енуі (мектепке келетін балалардың жалпы же тілу дәрежесі жылдан-жылға жоғарылап келе жатқаны байқалғанымен) оңайға түспейді.

Осы арада оқу үрдісі мен тәрбиені өте шебер де дәл үйлестіре білу басталып кетеді. Ол, , Мектеп ережелері “, т. б. жаңа талаптарды сабақ үстінде баланың орындауын үйретеді. Дәл осы арада оқу еңбегін оқушылар жұмысының сан алуан түрлерімен алмастырып отыру (ойындар, арнаулы дене жаттығулары, т. б. ) мұғалімнің балалармен қарым-қатынасының сипатын, күллі жұмысының тәрбиелік тиімділігін айқындайды. Сабақ барысындағы тәрбие оқушының бәріне бірдей көңіл бөлуді талап етеді. Мысалы, мұғалімнің жеке басының этикасы, сынып тазалығына мән беруі, амандасуы сияқты 1-2 минут қана уақыт кететін сабақтың ұйымдастыру кезеңі арқылы ғана адамгершілік, эстетикалық тәрбие элементтері бала бойына сіңіріледі.

Мұны А. С. Макаренко, , Лекций о воспитаний детей “ еңбегінде, , Сіз баланы өміріңіздің әрбір сәтімен тәрбиелейсіз “ - дей келе, , , Балалардың бойында

жақсы әдеттердің мықтап қалыптасуына ұмтылу керек, ал бұл мақсат үшін ең бастысы - дұрыс әрекет жасауға ұдайы жаттықтыру болып табылады “ деп тәрбиешіге үлкен жауапкершілік жүктейді /21/.

Бұл жерде әдіскер немесе сынып жетекшісі тәрбиелеуші күштерді шоғырландыру тактикасын қолданады. Жеке пән мамандары өз салалары бойынша тәрбие жұмыстарын сабақ арқылы да, сабақтан тыс уақытта да жүргізеді.

Мұндай жүйенің тиімділігі, біріншіден оқыту мен тәрбиелеу үрдістерінің кіріктілуін жүзеге асырады, екіншіден мұғалімдердің барлығы да бір үлгіде, бірдей тәрбие ісіне тартылады (сынып жетекшісі болмаса да), үшіншіден тәрбиемен тікелей мамандар айналысқандықтан тәрбие салаларының тиімділігіартады. Пән мамандары арқылы берілетін тәрбиенің сапалылығын дәлелдейтін мысалдар: эстетикалық мәдениет қалыптастыру - эстетикалық білім, талғам, мүдделік пен қызығу қалыптастырудың, жоспарлы үрдісі тұлғаның эстетикалық дамуының негізі - өнер, табиғат және адамдар арасындағы қарым-қатынас түрлерін қамтиды. Осы қасиеттерді бала бойына дарытатын тікелей музыка, бейнелеу өнері, дүниетану пәндері және оның арнайы маман педагогтары болатыны заңды.

Адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың жолдарын алсақ: адамгершілік мәдениеті - адамгершілік сана-сезім, мінез-құлық, ізгі мұраттарды танып.

Білу бағытында өзін-өзі жетілдіруге дағдыландыруды көздейді. Бұл үлкен сала, негізінен, дүниетану, ана тілі пәндерін оқыту барысында оқу материалының мазмұнына қарай кіріктіріледі.

Басқа да пәндер мен тәрбие салалары арасындағы байланысты Венндиаграммасынан көрсетсек:

2 - сызба

Сонымен қатар кешенді бағдарлама “ Тұлға әрекет үстінде ғана қалыпта- сады” деген әдістемелік тұжырымды басшылыққа аламыз. Бұл жерде мұғалім- оқушы-ата-ана, яғни субъект-субъект-субъект қатынасындағы субъектінің оқушының мүдделігіне тоқталмай кетуге болмайды. Бұл интерактивті әдістер арқылы жүзеге асады. Олар: өзін-өзі бақылау, зерттеу, шығарма, интеллекту-

алдық жаттығуларды табуда болады. Ол үшін өзін-өзі жетілдіру мен дамытуға мүдделі болуға дейін жеткізу үшін бағыт-бағдар беріліп отырылуы қажет. Мысалы: дүниетану сабағында тәжірибе, практика жұмыстарында қызығушылықпен өзін-өзі дамытады, мұғалімнен өзімен жекелеме жұмыс жүргізуді қажет етеді.

Бұл әдістерді бастауыш сыныптарға жас ерекшеліктерін ескере отырып пайдаланатын болсақ, тиімді деп бақылау, зерттеу, шығарма, интеллектуалдық жаттығуларды табуға болады.

Тәрбие үрдісі кезінде келесі субъекті болып табылатын ата-ана - мектептегі сабақ үрдісін үйде жалғастыра отырып, тәрбиелеуші болып есептеледі. Ата-ананың ролінің маңыздылығын А. С. Макаренконың “Ерте бала кезінен бастап тәрбиелеу - қайта тәрбиелеуге қарағанда әлдеқайда жеңіл” деген пікірінен көреміз.

Сабақ үрдісінде тәрбиелеудің тиімділігін айқындайтын тағы бір кепілдік - сабақтың тәрбиелік мақсатының айқын анықталуы және қағаз жүзінде емес, сабақ барысында нақты көрініс тауып, сабақ соңында өз нәтижесін бергендігіне мұғалімнің көзі жетуі тиіс. Мысалы: “ Еңбекпен тапқан тиын” мәтінін оқытқанда (3 -сынып) еңбек тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, т. б. тәрбие түрлері мәтінді оқытудың білімділік және дамытушылық мақсаттарымен кіріктіріле, бір мезгілде жүзеге асады.

Баланың өзін-өзі тануының негізі арыдан басталады. Бұл психологиямен байланысты. Ерік, ырық, зейін сияқты адамның психикалық қасиеттерінің ішінде зейін өзін-өзі тануға негіз болады.

Бұл туралы көрнекті ағартушы М. Жұмабаев, , Абай (зейін, назар) - жан тұрмысының негізі. Бала абайлы болмаса, еш нәрсе ұқпайды, һәм еш нәрсе үйрене алмайды. Абай осындай қымбат болса, сөз жоқ, он тәрбие қылу керек “ дей келе абайдың: 1-еріксіз, 2-сыртқы, 3-табансыз болатындығын және әсер күшті болса, бала еріксіз абайлы болатындығын айтады /11., 28-б/.

Қорыта айтсақ, біздің мақсат - ғасырлар бойы жинақталған ғаламдық тәжірибені қазақ халқының бағалы педагогикалық ой-пікірлерімен үйлестіріп, оқу-тәрбие жүйесінің тірегіне айналдыру.

М. Жұмабаев А. С. Макаренко Жаңа жүйе

“Педагогика” “Тәрбие лекциялары” “Кешенді бағдарлама”

Мектептің дидактикалық және тәрбие жүйесі өз ара дербес саналып, бір-біріне ықпалы зор екенін айттық. Мектептің біртұтас жүйесі тұрғысынан алып қарағанда, сабақ ерекше рөл атқарады. Бұл жағдайда оқу үрдісі мектептің тәрбие жүйесінің бөлігі, бір саласы ретінде жалпы мақсаттардан бастау ала тұра, ортақ талаптарға бағынады. Сондықтан, сабақтың мақсаты- білім беру, дағды, икем қалыптастырумен қоса, таным әрекеті, әлеммен, ортамен, өзімен қатынасы барысында қалыптасатын дара тұлға - жеткіншекті тәрбиелеу.

1. 2. ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ - ҰЛАҒАТТЫ ІС.

,, Халық кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек“

деп ұлы ғалым Шоқан Уалиханов айтқандай, егеменді елдің ертеңгі ұрпағының

оқу-білім тереңділігі немен өлшенбек /12., 145-б/ Сондықтан ҚР-дағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер және жүріп жатқан күрделі жаңғыру үрдісі жағдайында бүгінгі таңдағы мәселе - адамды іс жүзінде қоғамдық дамудың басты тұлғасы ету заңды құбылыс. Адамды өмір сүруі мен еңбек етуіне лайықты жағдай туғызу әлеуметтік әділеттілікті, азаматтық бостандықты және жан-жақты дамуды, рухани және интеллектуалдық әлеуметінің жетілу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді, сонымен қатар адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін жетілдіру міндеттерін көздейді.

Білім беру жүйесіндегі ұлттық және адамзаттық қазыналар мыналар:

- жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен

имандылық өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту

үшін қажет жағдайлар жасау;

- қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке құқықтары мен міндеттерін тү-

сіндіруді, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және сая-

си өміріне қатысуы халқымыз күнделікті тұрмыс-тіршіліктің барысында жастар-

ды әдептіліккке, адамгершілікке, сыпайылыққа, мейірбандыққа және басқа да

жақсы қасиеттерге баулап отырған. Мысалы:, , Оттан аттама“, , , Нанды аяққа баспа“, , , Үлкенді сыйла, кішіге көмектес“ т. б. деген қысқа нұсқа сөздерінде

қандай өнегелі мән-мағына бар десеңізші !

Үлкендер тәрбиесінің жемісі - ақыл-кеңестері жастардың сана-сезімінің, ой-

өрісінің қалыптасуына зор ықпал етеді. Бұқар:, , Қариясы кімнің бар болса, жа-

зулы тұрған хат болар. . ”-деп ондай адамды, , Қартайсаң қарт бабаңды сыйлай

бер, күндердің күні болғанда, кімдер де кімнің белі дейсің бүгілмес“ дей келе

ұлттық нышанымыздың ең әдемі, ең қасиетті белгісі - үлкендерді сыйлау, қарт-

тықты құрметтеу адамгершіліктің бір бөлігі. /14, 51-б/

Қазақ халқының зиялы азаматының бірі - Мағжан Жұмабаев қазақтың мекте-

бінің моделін ұсынған. Онда, , Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұл-

ты үшін қызмет қылатын болғандықтан тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен

тәрбиелеуге міндетті“ десе /11/, Міржақып Дулатов мектептің мақсаты тура-

лы . . . , , Жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен жақсы тәрбие қоса беру“ . . .

деп тамаша айтқан.

Тәрбиенің негізгі мақсаты дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау

дәрежесі биік, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәр-

биелеу.

Әрбір тұлғаның тәрбиесі отбасынан басталады. Әрине, отбасы - белгілі бір ұлт өкілдерінің ошағы. Ондағы тәрбие сол ұлттық игі іс-әрекеттер арқылы әдет-

ғұрыпқа айналып, ол әдеп болып негізделеді: әдеп ұлттық қолданысқа айналса,

оны халық салт (заң) дейді де, салт ұлттық санаға сіңсе, оны салт-сана деп ұлт-

тық мәдениеттің сәулеті ретінде ұлттық болмыстың кредосы мәнінде өмір қол-

данысына айналдырады. Мысалы: қазақ халқының меймандостық салты ұлттық

санаға сіңіп, , , Меймандос халық“ болдық. Ол салт-сананың бастауы игі әдет

одан әдет-ғұрып, одан әдеп, әдептен дәстүр, дәстүрден салт-сана қалыптасады.

Ұлттық тәрбие ұлттық мәдениетті өркендетудің қайнар көзі болып табылады.

Ұлттық салт-сананың үрдістері рәсім, рәміз, кәде, жөн-жоралғы, ырым-тый-

ым т. б. өмір қолданыстары арқылы іске асырылады да, ұлттық болмыс пен ұлт-

тық мәдени рухани деңгейі өмірден көрініс табады. Ұлттық тәрбие осылай өз нәтижесін береді.

Егеменді ел болып, тілімізді, дінімізді, ділімізді иелендік. Атыңнан айналай-

ын тәуелсіздік тәрбие еркіндігін берді. , , Қазақтың өздік ұлттық қасиеттерінің

қайта қалыптасуына қамқорлық жасау - менің перзенттік те, президенттік те парызым“ деп Елбасымыз Н. Назарбаев ұлттық тәрбиеге ерекше мән берді/5, 8-б/ Білім Министрлігі басшыларының арнайы шешімімен бекітілген 1-4 сыныптар үшін, , Әдеп әліппесі“ (авторы профессор Ә. Табылдиев) шығарылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта дүниетану пәнін оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың мүмкіндіктері
Дүниетану сабағында АКТ қамтудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың басты ерекшелігі
Дүниетану сабақтарында оқытудың жаңа технологияларын пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мүмкіндіктері
Дүниетану пәнін оқытуда қазіргі кезде қойылатын талаптар
Өлкетану деректерін жинақтау
Дәстүрлі емес сабақтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz