Қазіргі кездегі инновацияның қалыптасу ерекшеліктері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазіргі кездегі ннновацияның қалыптасу ерекшеліктері

Жалпы “Инновация” терминi XV ғ. 1-шi жартысында пайда бола бастады. Бұл ағылшын сөзi “innovation” яғни “жандану” немесе “заттар өндiрудегi жаңа технологиялар” деген мағынаны бiлдiредi.

Австрия ғалымы Й. Шумпетер XX ғ. 30-жылдары экономика ғылымына инновация ұғымын енгiздi. Оның түсiнiгiнше инновация тұтынушылар тауарларының жаңа түрлерiн қолдану, жаңа өнеркәсәптiк және рынок пен өнеркәсiптiң жаңа ұйымдарының пайда болуымен түсiндiредi. Шумпетер бойынша инновация - тек жаңашылдық емес, ол жаңа өндiрiстiк функция болып табылады.

Инновация категориясының экономикалық анализде басты төрт аспектiсiн көрсетуге болады:

  1. инновация - интелектуалды еңбек нәтижесi, яғни инновация арқылы бәсекелестiкке төтеп бередi;
  2. инновация - бәсекелестiк күш, яғни нарықтың тепе-теңдiгiн бұзады;
  3. жаңа өнiм және жаңа процесс қоғамға оң нәтижесiн тгiзедi;
  4. инновация - экономикалық өсу факторы ретiнде.

Осындағы төртiншi аспектi бiздiң елiмiз үшiн маңызды болып табылады.

XX ғ. 50 жылдары американ оқымыстысы Роберт Солоу экономикалық өсудiң басты факторы ҒТП екендiгiн айтқан. Мұны Саймон Кузнецта қолдады. Оның пiкiрiнше ұлттық өнiмнiң тұрақты өсуiн, қоғамның тұтынуын қамтамасыз етуде технологиялық прогрестiң маңызы ерекше екенiн айтты.

Экономикалық эволюцияда көптеген ғалымдар тұжырымы бойынша олар техника - экономикалық зерттеуiнде инновациялық процесс туралы келесi әдiстемелiк негiздерiн ұсынды:

  • экономикалық динамика мен экономикалық өсудi қозғаушы факторинновациялық негiздегi бәсекеболып табылады;
  • экономикалық дамудабiлiм мен интелектбасты рольде болуы керек;
  • интелектуалдық құрылымы мен негiзi болып табылады.

Қазiргi заманғы экономикалық теорияда экономикалық өсу факторларын негiзгi 4-ке бөледi :

  1. елде экономикалық ресурстардың өсуi;
  2. өндiрiстiң жаңа технологиялар арқылы қызмет iстеуi, ресурс шығындарын қысқартып және жылдық сол өнiмдi шығару;
  3. шектеулi ресурстарды тиiмдi бөлудiң әдiстерiн талдау;
  4. адамдардың денсаулығының, өмiр сүру деңгейiнiң өсуi.

Мұнда 1-шi әрекет экстенсивтi экономикалық өсуге жатса, ал 2 және 3 факторлар интенсивтi экономикалық өсуге, яғни инновациялық қызметке, 4-шi экономикалық емес фактор болып табылады.

Экономикалық өсу сандық және сапалық өсуiне байланысты интенсивтi және экстенсивтi түрлерi болады.

Экстенcивтi түрiне:

  • Технологияда инвестицияның артуы;
  • Бос уақыты жоқ қызметкерлер санының артуы;
  • Тұтынушы шикiзат көлемдерiнiң, материалдардың, сыртқы капиталдардың өсу қарқыны;

Интенcивтi факторларға:

  • Ғылыми-техникалық прогрестi дамыту, яғни инновациялық дамудың жүзеге асуы;
  • Қызметкерлердiң мамандық деңгейiнiң жоғарылауы, бiлiм берудi дамыту;
  • Негiзгi және сыртқы қорларды қолдануды жақсарту;
  • Қызметкерлердiң бос уақытының өсуi.

Көрiп отырғандай елiмiз дамыған елдер қатарына қосылуы үшiн экономикалық өсудiң интенcивтi бағытының басымдырақ болуын қамтамасыз етуi керек. Елде осы саясатты қолдау үшiн оған тиiмдi жағдайлар жасауды мемлекет өзiне басты қызмет етiп алғаны дұрыс.

Ол үшiн елде 1990 жылдан кейiн құлдырап кетен барлық өндiрiстердi инвестиция тарту арқылы iске қосу, кәсiпкерлiктi дамыту, әсiресе шағын бизнестi мемлекеттiк қолдау, ғылыми-техникалық еңбектерге және инновациялық қызметтерге мемлекеттiк салық және несие жеңiлдiктерi арқылы оларды ынталандыру, елдегi халықтың бiлiм деңгейiн реформалау және жоғары дәрежелi мамандар даярлап шығару, сондай-ақ халықаралық экономикалық қатынастарда тиiмдi саясат жүргiзу елiмiздiң басты мiндеттерi болып отыр.

Экономикалық iлiмдер тарихында жаңалық енгiзу түсiнiгiне түрлi көзқарастар бар. Көбiнесе инновация түсiнiгiн экономистер техникалық жаңалық енгiзумен байланыстырады. Инновацияны екi сыныпқа жiктейдi: инновациялық процесс және өнiм инновациясы. Бiрақ бұл екеуiн бөлiп қарау мүмкiн де емес. Шығындарды қысқартатын процестi енгiзу, шығарылатын өнiм құрылымына өзгерiстер енгiзу, ал жаңа өнiмдер өз кезегiнде жаңа жаңа құрылғыны жасап дайындауды қажет етедi.

Техникалық прогресс теориясының дамуынан инновацияға берiлген ақшалай ресурстар көлемiнде өнiм бiрлiгiнде кететiн орташа шығындарды азайтып, өндiрiстiң техникалық күшiнiң жетiлуi деген анықтама бередi.

Қазiргi заманғы көз қарастар бойынша инновация техникалық жаңалықпен қатар, экономикалық және әлеуметтiк құбылыс болып табылады. Сондықтан бұл түсiнiкке Сэйдiң кәсiпкерлiкке берген анықтамасы жақын. “Кәсiпкер экономикалық ресурстарын төмен өндiрiстi және төмен табысты саладан жоғары өндiрiстi және табысты салаға ауыстыруға ынталы болады. Кейiн бұл анықтаманы Шумпетер: “кәсiпкерлiк мiндет болып, сананы қирату болып табылады” деп атап көрсетедi. Яғни, инновация кәсiпкерлiктiң ерекше құралы.

XXI ғасырда әлемде мемлекеттiк экономика жүйесiнiң дамуының үш түрi айқын көрiндi. Оларға:

  • шикiзаттық бағыттағы экономика;
  • дамушы экономика;
  • индустриядан кейiнгi қоғам экономикасы.

Кесте-1 Экономикалық қоғамдардың негiзгi сипаттамасы

Қоғам түрi: Қоғам түрi
Индустрия ға дейiнгi: Индустрия ға дейiнгi
Индустриалды: Индустриалды
Индустриядан кейiнгi: Индустриядан кейiнгi
Қоғам түрi: Мақсаты
Индустрия ға дейiнгi: Өмiр сүру
Индустриалды: Экономикалық өсу
Индустриядан кейiнгi: Өмiр сүру сапасын арттыру
Қоғам түрi: Базалық ресурстары
Индустрия ға дейiнгi: Табиғат күшi, флора, фауна
Индустриалды: Пайдалы қазбалар
Индустриядан кейiнгi: Бiлiм
Қоғам түрi: Таным әдістемесі
Индустрия ға дейiнгi: Жекеден қоғамға
Индустриалды: Қоғамнан жекеге
Индустриядан кейiнгi: Жүйелiк анализ
Қоғам түрi: Жүйелiк сипаттамасы, бiлiм беруi
Индустрия ға дейiнгi: Бiлiм беру практикалық тәжiрибеде
Индустриалды: Мамандандырылған дайындақ, техника-инженерлiк
Индустриядан кейiнгi: Жеке салаға маманданған университеттiк бiлiм
Қоғам түрi: Энергияны қолдану
Индустрия ға дейiнгi: Бiрреттi
Индустриалды: Көпреттi
Индустриядан кейiнгi: Энергетикалық ресурстарды қолдануды оптималдау
Қоғам түрi: Өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру сипаттамасы
Индустрия ға дейiнгi:

Индивидуал

ные, коллективтi

Индустриалды: Конвейер
Индустриядан кейiнгi: Жүйе, CALS технология
Қоғам түрi: Экономика құрылымы
Индустрия ға дейiнгi: Алғашқы
Индустриалды: Екiншi Үшiншi
Индустриядан кейiнгi:

Төртiн- Бесiн-

шi шi

Қоғам түрi: Қызмет түрi
Индустрия ға дейiнгi: Өндiрушi
Индустриалды:

Өңдеу- Инфра-

шi құрыл-

дық

Индустриядан кейiнгi:

Сервис Ақпар-

тiк аттық

Қоғам түрi: Қызмет көрсетудiң негiзгi бағыты
Индустрия ға дейiнгi: Ауыл шаруашылығы, пайдала қазбалар өндiру
Индустриалды:

Өнеркә Сауда,

сiптiк қаржы,

өндiрiс көлiк,

байланыс

Индустриядан кейiнгi:

Денсау Жинау,

лық, сақтау

мәдени өңдеу,

ет, ком ақпар-

мунал ат беру

дық

қызмет

Мұнда шикiзаттық елдерге жер қойнауында қазба байлықтары көп елдер жатады және олардың экономикасы экономика дамуында тұрақсыз шикiзаттық бағытқа негiзделген. Дамушы экономика елдерге жаңа технологияларды қолданушы елдердi жатқызамыз және олардың дамуына тiкелей шетел инвестициялары әсер етедi. Ал экономика дамуында ең тиiмдi жол болып табылатын индустриядан кейiнгi қоғам экономикасы ғылыми-техникалық потенциялы жоғары дамыған елдерде орын алуда. Бұл экономиканы бiлiмге негiзделген экономика деп атауға да болады. Ендi осы экономикалық қоғамдарды толық түсiну үшiн келесi 1-шi кестеге көз жүгiртсек болады. Бұл кестеден көретiнiмiз бiздiң елiмiз әлi де болса индустрияға дейiнгi және индустриялы қоғамды бiрге басынан өткеруде.

Инновациялық процесс және инновациялық қызмет

Инновациялық процестiң негiзгi кезеңдерi

Алынған ойларды жүйелеу:

  • Рынок өзгерiсi туралы ақпарат жинау, жаңалықтар, ҒЗТКЖ ұйымдарынан алынған және маркетингтiк зерттеулер, фирма аппараттарының сауда делдалдарынан жинаған ақпараттары және т. б;
  • Фирманың жаңа өнiм өндiру мүмкiншiлiгiн және тәуекелдер деңгейiн анықтау;
  • Мақсаттық рынок және оның дамуы туралы ақпараттар жинау;
  1. Жекелеген ойларды талдау және жаңа өнiм идеясын зерттеу:
  • Мүмкiншiлiктердi және ойды практикалық iске асыруды анықтау;
  • Фирма дамуы стратегиясына жаңа өнiм өндiру жоспарының сәйкес келуi;
  • Болашақ өнiмнiң патенттiк айқындығын анықтау;
  1. Жаңа өнiмнiң экономикалық тиiмдiлiгiне анализ жасау және маркетингтiк бағдарлама құру:
  • Өнiм өндiру идеясының нақты жобаға айналу талдауын жасау;
  • Өнiмнiң техникалық-экономикалық сипатын анықтау, оның сапасына және тұтынушылық қасиетiне баға беру;
  • Потенциалды рынок сұранысына және сату көлемiне талдау жасау;
  • Жаңа өнiмдi өндiруге кететiн шығындарды анықтап, өнiмнiң өз құнын өтеу мерзiмiн белгiлеу;
  • Жаңа өнiм өндiруге қажеттi негiзгi ресурстардың көздерiн табу. Оларға: техникалық машиналар, құралдар, шикiзаттар, материалдар, кадрлық персоналдар және қаржылық ресурстар көздерi жатады;
  • Жаңа өнiмдi игеру және оның рынокқа шығу мерзiмi;
  • Өнiмнiң пайдалылығын талдап, оған маркетингтiк бағдарлама жасау;
  1. Жаңа өнiмдi дайындау:
  • Жаңа өнiм дамуының нақты бағдарламасын жасап дайындау;
  • Өнiмнiң техникалық жағдайын тексеру (экономикалық және әлеуметтiк қауiпсiздiгi, оны өндiрудiң қоршаған орта жағдайына әсерi) ;
  • Тауардың атын белгiлеп, оның тауарлық белгiсiн, оралуын, маркировкасын жасау;
  1. Рынокта жаңа өнiмдi тестiлеу:
  • Өнiмдi 3 айда шектелген рынокта тестiлеу жүргiзу;
  • Сатылудың оптималды шараларын талдау;
  • Жарнама әдiсi мен құралдарын талдау;
  • Техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
  1. Жаңа өнiмдi өндiрiске енгiзу туралы шешiм қабылдау:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа инновациялық ойларды енгізу жайлы ақпарат
Инновациялық қызметтің нарық экономикасындағы орны
Инновациялық қызметті реттеу
ҚР өнеркәсібінде инновациялық процестерді дамыту
Кәсіпкерлік қызметтің дамуындағы негізгі және айналым қорлары
Инновацияның өмірлік циклы және функциясы
Инновациялық жобаларды жасақтау
Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістер
Қазақстан кәсіпорындарындағы инновациялық даму стратегиясы және «Атырау - нан» ЖШС-нің инновациялық-инвестициялық жоба капитал салымдары мен экономикалық тиімділігін анықтау
Инновациялық қызмет әсерлерінің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz