Жалпы білім беретін мектептегі бастауыш сынып оқушыларының ән-күй бағдарламаларында домбыра күйлерін пайдалану процесі әдістері



Жоспар
Кіріспе
І Бөлім:
Оқушылардың музыкалық тәрбиесінің педагогикалық ықпалы.
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының музыкалық психологиясының ерекшеліктері.
1.2 Қазақтың домбыра күйлерінің құрылымы
ІІ Бөлім:
Домбыра күйлерінің бастауыш сыныптардағымузыкалық тәрбие процесіндегі негіздерлуі және қолданылуы.
2.1 Оқу бағдарламасындағы домбыра күйлерінің тәрбиелік мәні.
2.2 Эксперимент.
Қорытынды.
Құлданлған әдебиеттер.
Кіріспе
Қазіргі музыка тәрбиесінің әдістері мынадай оқыту принциптеріне негізделеді, яғни тәрбиенің көркемдік жағына көп көңіл белу. Осы принципке жүгіне отырып, оқушыны алғашқы сабақтан бастап өнерге баулу, музыка тілін мұқият тыңдауға, терең ойына, құралына ұғындыру. Бұл істі шешуге әртүрлі шаралар қолдануда. Ең алдымен әңгімелесу, түсіндіру, көрсету.
Оқу есебімен қатар мысалы музыка сауатының негіздерімен танысу, бастапқы оқу барысында оқушылардың музыкалық дамуына ерекше көңіл белу керек /есту қабілетіне, ырғақтылығына, есте сақтауына/
Музыка тәрбиесінің қиындықтарын шешуде әртүрлі қосымша жұмыстар жүргізуге болады.
Актуалдылық - Біздің қоғамның оолған социалдық өзгерістердің күшімен Музыка бағдарламасын жаңа материалмен қамтамасыз
Ету қажет болды. Бастауыш сынып оқушыларының ән-күй сабағын өткізуге жаңа тәсілдерді іздеу мәселесі актуалды болып келеді. Осының бәрі дипломдық жұмыс тақырыбының мәні болып, ән-күй мұғалімдерінің тәжірибесінде домбыра күйлерінің материалдарын қолдануға бағытталады.
Зерттеу мақсаты-ән-күй сабағында керекті домбыра күйлерінің
Музыкалық материалдарын пайдалану үшін жинақтау және жұмыс әдістерін ұсыну.
Зерттеу міндеті – домбыра сүйемелдеуімен ән айтып, куй тартуды үйрету, жыраулық дәстур, айтыс өнерін меңгеріп, батыс Еуропа және шығыс музыка өнерінің дәстүрлерімен танысу. Қазақтың қолөнер түрлерін үйретіп, оқушылардың көркемдік ой жүйесін қалыптастыру,
Балалардың шығармашылық ынтасын, ой-ерісін, қиялын дамыту.
Дәстүрлі өнеріміз арқылы қайырымдылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеп, мәдениетті жан-жақты дамыған адам етіп шығару.
Зерттеу гипотезасы – Бастауыш сынып оқушылыарының ән-күй сабағында домбыра күйлерін қолдануы, музыкалық қабілеттік деңгейін көтеруге талаптандырады.
Зерттеудің пәні – сынып оқушыларының музыкалық істерінің ән-күй сабағындағы домбыра күйлерін қолдану процесі.
Зерттеу объектісі – жалпы білім беретін мектептегі бастауыш сынып оқушыларының ән-күй бағдарламаларында домбыра күйлерін пайдалану процесі әдістері.
Зерттеу әдістері – психолого-педагогикалық анализ, музыкалық әдебиеттер, тәжірибе алмасу, салыстыру.
Сыныптар арасындағы ойындар, көріністер, ашық сабақтар өткізу.
Зерттеу базасы – Тауағаш жоғары сатылы мектеп 2 сынып оқушылары.
Зерттеу жаңалығы – ұлттық музыкаға тартып халық өнеріне, құрметпен қарау, оны суйю.
Қолданылған әдебиеттер

1) 1-2 сынып оқыту әдістемесі Атамұра 1998ж.
Ш.Кульманова, М.Уразалиева, Б.Сулейменова.
2) 3-сынып оқыту әдістемесі. Атамұра 1999ж.
Ш.Кульманова, М.Уразалиева.
3) 5-сынып оқыту әдістемесі. Алматы: Атамұра, 2001 – 64бет. А.Жайымов, Б.Ысқақов, Ж.Еңсепов.
4) 6-сынып О.Ә. Атамұра. 2002ж.
А.Жайымов, Б.Ысқақов.
5) Бағдарламалар: 1-4 сынып. Музыка пәні. Атамұра 2003ж.
Құлманова Ш.
6) Музыка әлемінде. 2005 №2. 15 бет.
7) Музыка әлемінде. 2005 №6. 7 бет.
8) Музыка әлемінде. 2005 №6. 30 бет.
9) Музыка әлемінде. 2006 №2. 39-40 бет.
10) Музыка әлемінде. 2006 №6. 11 бет.
11) Музыка әлемінде. 2006 №3. 19-20-21 бет.
12) Музыка әлемінде. 2006 №3. 31 бет.
13) Музыка әлемінде. 2006 №2. 25 бет.
14) Музыка әлемінде. 2005 №5. 27 бет.
15) Қазақ күйлерінің тарихы. 58 бет.
16) Күй-тәңірдің күбірі. А., 1996ж. Есенұлы А.
17) Есенұлы А. Елеусізқызы Г. Күй-керуені. А., 1997ж.
18) Жайымов А., Бүркітов С., Ысқақов Б.
19) Домбыра үйрену мектебі. А. 1992.
20) Ардақ. ә-күйлер туралы көркем шығармалар жинағы. А. 1989.
21) Дүйсенов О., Бүркітов С. А. 1996. Қазақтың халық күйлері.
22) А.Жубанов. Ғасырлар пернесі. А.1975.
23) А.Жубанов. Қазақ халық музыкасының аспабы – дрмбыра.
24) Сейдімбек Ә. Қазақтың күй өнері. Астана, Күлтегін. 2002ж.
25) Ысқақов Б., Нажмеденов Ж. Домбыраны тез үйрену тәсілі. А., 1999.
26) Т.Жұмалиева, Д.Ахметбекова, Б.Ысқақов, Ә.Қарамендина, З.Қоспақов. Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы.
27) Бастауыш мектеп 2006 - №8, 9. 38 бет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
І Бөлім:
Оқушылардың музыкалық тәрбиесінің педагогикалық ықпалы.
1. Бастауыш сынып оқушыларының музыкалық психологиясының
ерекшеліктері.
2. Қазақтың домбыра күйлерінің құрылымы
ІІ Бөлім:
Домбыра күйлерінің бастауыш сыныптардағымузыкалық тәрбие процесіндегі
негіздерлуі және қолданылуы.
2.1 Оқу бағдарламасындағы домбыра күйлерінің тәрбиелік мәні.
2.2 Эксперимент.
Қорытынды.
Құлданлған әдебиеттер.
Кіріспе
Қазіргі музыка тәрбиесінің әдістері мынадай оқыту принциптеріне
негізделеді, яғни тәрбиенің көркемдік жағына көп көңіл белу. Осы принципке
жүгіне отырып, оқушыны алғашқы сабақтан бастап өнерге баулу, музыка тілін
мұқият тыңдауға, терең ойына, құралына ұғындыру. Бұл істі шешуге әртүрлі
шаралар қолдануда. Ең алдымен әңгімелесу, түсіндіру, көрсету.
Оқу есебімен қатар мысалы музыка сауатының негіздерімен танысу,
бастапқы оқу барысында оқушылардың музыкалық дамуына ерекше көңіл белу
керек есту қабілетіне, ырғақтылығына, есте сақтауына
Музыка тәрбиесінің қиындықтарын шешуде әртүрлі қосымша жұмыстар
жүргізуге болады.
Актуалдылық - Біздің қоғамның оолған социалдық өзгерістердің күшімен
Музыка бағдарламасын жаңа материалмен қамтамасыз
Ету қажет болды. Бастауыш сынып оқушыларының ән-күй сабағын өткізуге
жаңа тәсілдерді іздеу мәселесі актуалды болып келеді. Осының бәрі дипломдық
жұмыс тақырыбының мәні болып, ән-күй мұғалімдерінің тәжірибесінде домбыра
күйлерінің материалдарын қолдануға бағытталады.
Зерттеу мақсаты-ән-күй сабағында керекті домбыра күйлерінің
Музыкалық материалдарын пайдалану үшін жинақтау және жұмыс әдістерін
ұсыну.
Зерттеу міндеті – домбыра сүйемелдеуімен ән айтып, куй тартуды үйрету,
жыраулық дәстур, айтыс өнерін меңгеріп, батыс Еуропа және шығыс музыка
өнерінің дәстүрлерімен танысу. Қазақтың қолөнер түрлерін үйретіп,
оқушылардың көркемдік ой жүйесін қалыптастыру,
Балалардың шығармашылық ынтасын, ой-ерісін, қиялын дамыту.
Дәстүрлі өнеріміз арқылы қайырымдылыққа, адамгершілікке, ізгілікке
тәрбиелеп, мәдениетті жан-жақты дамыған адам етіп шығару.
Зерттеу гипотезасы – Бастауыш сынып оқушылыарының ән-күй сабағында
домбыра күйлерін қолдануы, музыкалық қабілеттік деңгейін көтеруге
талаптандырады.
Зерттеудің пәні – сынып оқушыларының музыкалық істерінің ән-күй
сабағындағы домбыра күйлерін қолдану процесі.
Зерттеу объектісі – жалпы білім беретін мектептегі бастауыш сынып
оқушыларының ән-күй бағдарламаларында домбыра күйлерін пайдалану процесі
әдістері.
Зерттеу әдістері – психолого-педагогикалық анализ, музыкалық
әдебиеттер, тәжірибе алмасу, салыстыру.
Сыныптар арасындағы ойындар, көріністер, ашық сабақтар өткізу.
Зерттеу базасы – Тауағаш жоғары сатылы мектеп 2 сынып оқушылары.
Зерттеу жаңалығы – ұлттық музыкаға тартып халық өнеріне, құрметпен
қарау, оны суйю.

1 бөлім ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Музыкалық танымды қалыптастыру оку сатыларының кезкелген сатысында
жүргізілуі тиіс. Орта мектеп оқушыларының музыкалық танымын қалыптастыру
мәселесіне келер болсақ, бұл міндеттің табысты шешілуіне жағдай тудыратын
біркатар педагогикалық нысандар мен әдіс-тәсілдерді ескеру қажет болады.
Музыкалық танымды қалыптастырудың түрлі жас мөлшеріндегі оқушылардан әр
түрлі жағдайда өтетіні белгілі. Осыған орай музыкалық танымды қалыптастыру
процесі мен оның нәтижесі негізінде жекеленген ерекшеліктердің тууы мүмкін.
Оның сырын мәдени құбылыстарды квалитативтік және квантитативтік негізде
қабылдау жүйесінен іздеген ләзім. Бұл түсініктер біртіндеп тұрақтанып,
адамның қоғамдық өмірді танып-білудегі табысының динамикалық есуін
қамтамасыз етеді. Мұндай езгешеліктерден өту — музыкалық танымның қалыптасу
жағдайына байланысты.
Егер музыкалық бағдары жағынан эстетикалық туынды жері, тұлға
табиғатының тұрақты қасиетіне жасының қалыптасу мөлшеріне қатысты болса,
онда тарихи-музыкалық таным процесі де ерте қалыптасады. Жас мөлшеріне сай
даму динамикасына келсек, оку-тәрбие мазмұны тыңдаушының тарихи-музыкалық
танымының белгілі бір сатысында игеретін психологиялық мүмкіндіктеріне
сәйкес келуі шарт.
Студенттердің жас ерекшеліктерінен туындайтын мүмкіндіктері мен
ерекшеліктеріне сүйеніп, олардың білімі мен қызметіне өзгертулер енгізетін
нақты талаптар кою қажет. Психология ғылымында оқушылардың жас мөлшеріне
сай ерекшеліктерді зерттелген Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Б.И.Теплов.,
П.И.Якобсон, Қ.Жарықбаев, А.Алдабергенов және басқалар жасөспірімдерге жан-
жақты мінездеме беріп, олардың жүйке дамуының басты тенденцияларын
анықтаған. Бірақ кәсіби музыкалық білім алудың алғашқы кезеңінде
оқушылардың қабылдау қабілетінің психологиялық проблемалары әлі де толық
шешімін таппай келеді.
Психология гылымының талаптары бойынша, 16 жасқа дейінгі оқушылар
жасөспірімдер болып саналады. Біздің міндет - олардың музыкалық танымына
әсер етуші факторларды халықтық музыка негізінде анықтау. Себебі музыкалық
танымды қалыптастыру -мектеп оқушынарымен жүргізілетін жұмыстың басты
ерекшелігі. Оның музыкалық сауатын ашу арқылы осы кезге дейін қалыптасқан
тарихи-музыкалық танымы өз ерекшеліктері және қажеттіліктерімен оның
қоғамдық өміріне енеді.
Музыкалық танымды дамытудың маңызды кезеңі - көркем сананың
қалыптасуы. Білім алудың алғашқы кезңінде барлық оқушылар бірдей ақыл
тоқтата коймағандықтан, олардың мінез-құлқынан ерекшеліктер байқалып
тұрады. Олардың музыка мәдениетінің қайнар көзіне деген құштарлығы бірте-
бірте пайда болады. Олар әсем де әуезді саздың қоғамдағы орнын, оның
қасиеттерін білумен бірге, қандай тарихи ақпарат беретінін де сөзінгісі
келеді.
Музыкалық танымға деген қызығушылық - қызық әрі маңызды педагогикалық
процесс. Себебі дәл осы танымдық процесс арқылы қажетті білім деңгейін
меңгеруге болады. Осы негізде тәрбие беру міндеттерінің ауқымы кеңіп,
көркемдік қызығушылық, тарихи көзқарасты қалыптастырудың да мүмкіндіктері
туады. Бұл процесс оқушылардың біліктілігін жан-жақты кеңейтіп, мол тәрбие
жұмыстарын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Бұл кезеңнің маңыздылығы
оқушылардың жадында музыкалық танымның қалыптасуымен дараланады. Педагогтік
ұжымның мұндай процестің қалыптасуын тарихи негіздегі жекеленген ой-
пікірлердің тууы негізінде байқағаны жөн.
Психология ғылымы әркімнің ез еркімен іс-әрекет жасауға қадам басу
кезеңі болады деп санайды. Бұл кезең оқушылардың ой-сезімінің сапалық
жағынан есуімен де ерекшеленеді. Мұның бәрі оларды өз бетінше және оқу
процесінде қабылдайтын тарихи ақпараттың қаншалықты күрделі әрі маңызды
екендігін сөзінуге итермелейді. Егер оқушылардың өз халқының музыкалық
өнеріне деген құштарлығы болса, онда өнер туындыларына деген тарихи танымды
қалыптастыру да жүйелі сипатқа ие болады. Оқушыны музыка өнеріне баулу
үстінде оның өзіне және жас мөлшеріне тән ерекшеліктерін ескерген жөн.
Оқыту ісіңдегі психологиялық үрдіс ұлттық танымды дамыту үстіне
педагогикалық бағдар берудін мазмұнын да айқындайды.
Музыкалық туынды тыңдаушыдан эмоциялық негіздегі қабылдаумен катар
саналы түрдегі талдауды да талап етеді. Мұның езі тыңдаушының музыканың
көркемдік құралдарын игеріп, мазмұн мен форманың бірлігін туындайтын көркем
кұбылыстардың маңызын түсінеді деген сез. Сондай-ак, тыңдаушы орындаушылық
шеберлік мәселелерін де сөзініп, оның кырсырына қаныға түседі.
Педагогтік тәжірибеде көркем шығарманы қабылдау кабілетінің дамымай,
керісінше, кұлдырайтын кездері де кездесіп отырады. Ол көбіне мұндай
кабілетті тәрбиелеудің максатты түрде жүргізілмегендігінен ту-ындайды.
Мұндай касиеттердің төтелей жас ерекшелігіне тәуелді болмайтынын тежірибе
көрсетіп отыр. Оқушылардың музыкалық танымның калыптасу процесі тұрғысынан
келгенде, бұл салага біз бағалау қызметін де жатқызамыз. Оның мазмұны
музыкалық шығарманы эмоциялық тұрғыдан қабылдау және қазақ халқының тарихы
мен мәдениеті тұрғысынан ойлы да саналы түрде бағалаумен өлшенеді.
Оқушылармен жұмыс үстінде көркемдік-эстетикалық танымның терендеуіне
орай музыкалық ақпарат көлемінде ұлғайтып отыруға болады. Көркем таным
окушының тұракты белсенділік деңгейін танытатын жеке тұлғаға тән касиет
болғандықтан, оның жас ерекшелігі жағынан қалыптасу процесі де ерекше назар
аударады. Себебі жеке тұлға, бір жағынан, өзінің есу-еркендеу жолында,
екіншіден, педагогтік тұрғыдан әсер етудің нетижесінде қалыптасады. Жеке
тұлғаға тән көркем таным адам дүниетанымын калыптастыратын қоғамдық
пәңдердің ықпалымен де жинақталады.
Педагогтік басқару міндеттері оқушылардың көркем танымының
қалыптасуына тигізетін кездей-соқ жерлерді жеңіп шығуға, сонымен бірге
тарихи-музыкалық даму негізінде құрылатын бағалау талап-тарының жиынтығын
қалыптастыруға бағыгталады.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы да белгілі дәрежеде көркем ойлаудың
жалпы заңдылықтарын анықтауға қызмет істейді. Мұның өзі даму, жетілудің
нетижесі ретінде байкалады. Соңдықтан музыкалық көркем шығармаларға қатысты
көзқарасты дамыту міндеті бірыңғай эстетикалық емес, сонымен бірге тарихи
таным шеңберінде шешілуі шарт. Эстетикалық әсерді музыкалық таным - тыңдай,
түсіне білу, түйсіну тәжірибесінен тыс қалыптастыруға болмайды. Осыған биік
саналы деңгейдегі тарихи және көркем ақпараттың қажетті мөлшерін де
қосамыз.
Жоғарыда айтылғаңдарды саралай келе айтарымыз, музыкалық танымның
қалыптасуы — оқушының есіп-жетілуінің нәтижесі ғана емес, ең алдымен,
мақсатты түрдегі педагогтік процестің қорытындысы. Оның жүзеге асуы
барысында оқушылардың мүддесіне қатысты басымдық танытатын сапа
ерекшеліктерін де ескеру қажет.
Бұл талап-тілектер халық музыкасының құрылымыңда байкалатын езге
тарихи-теориялық елшемдерге де қатысты. Көптеген халық әңдерінін көркемдік
жүйесін салыстыра келіп, оқушылар шығарманың мазмұны мен көңіл-күйіне жете
мән беріп, олардың әр түрлі музыкалық дыбыстардың өзара алмасып келуіне,
ырғактық ерекшеліктеріне байланысты екенін байқайды. Екпін мен ырғақты
тұтас көркемдік жүйенің белшегі ретінде қабылдау ісін өте қарапайым
ырғақтық жүйеден бастаған абзал. Ол музыкалық ырғақтың ұсақталуы немесе
жинакталуы болуы да мүмкін. Оқушылар бұл бағыттағы қызығушылығы мен ынта-
жігерін жоғалтып алмас үшін, оку процесінің бұл түріне де үлкен мән беру
керек.
Педагогтік тежірибе көзінде оқушыларға эпикалық дәстүр аясында туып
қалыптасқан туындыларды басымдау тыңдатудың маңызы зор. Себебі олардың
музыкалық құрылымы қарапайым. Жеңілден қиынға бастай отырып жүргізілген
жұмыс нәтижесінде оқушылардың білігін арттыра түсуге мүмкіңцік туды.
Балалардың көркем сезімін тәрбиелеу барысында біз дидактикалық
материалдар мен көрнекі құралдарды, түрлі жинақ карточкаларын, ойындарды,
сұрак-жауап жүйесіне негізделген речитативтік әндерді де кеңінен
пайдаландық. Сол сияқты ырғақтық жүйенің алма-кезек кайталануын да
жүргіздік: оқушылардың бір тобы музыкалық әуенмен сұрақ қойған болса,
келесі топ оған ырғақтық жүйеде жауап қатады.
Оқушылардың тарихи танымын тәрбиелеудің алғашқы кезеңінде олардың
назары шығарманың мазмұнын бағдарлаумен дараланбайды. Себебі алғашқы кезде
олар халық өндерінің нәзік пернелерін жете ұғына бермейді. Соңдықтан бұл
мәселені оқу процесінің алуан түрлеріне енгізіп отыру қажет. Сол арқылы
балалар халық музыкасы саласында ұғым-түсінік алын, білігін тереңдетіп,
оның көркемдік құраддары, жалпы эстетикалық деңгейі және тарихи мазмұнына
каныға түседі. Осы мақсатқа орай біз педагогтік тұрғыдан барынша үтымды
әдіс-тәсілдер қолданып, ал накты шығармашылық шешім шығаруды окушылардың
өздеріне қалдыруды ұсынамыз. Олардың өз күштерімен мәселенің байыбына
барып, түйшін шешуі сынып оқушылары арасында үлкен қуаныш туғызып,
шығармашылық әсерге беледі. Мұның өзі — оқушылардың музыкалық танымын
қалыптастырудың басты бір құралы.

8 стр.
Әдістемелік оқу құралы мұғалімге арналған Музыка пәні оқулығымен
бағдарламасының мазмұнын ашатын музыкалық-педагогикалық концепция жөнінде
ұғым береді. әдістемеде сол сияқты қазақ халқының, ұлттық педагогикасының
зор мүмкіндіктері пайдаланылады. әдістемелік нұсқауларды мұғалім өзгертуге
болмайтын дүние (догма) ретінде қабылдамау ???. өйткені, сабақ барысында
түрлі жағдайлар туындауы мұмкін. Бұл баланың психологиясына көңіл болуді
қажет етеді. Сол сияқты саюақ кестесіне музыка пәнінің орналасуы да көп
жағдайларға әсер етеді. Мұғалім сабақты қызықты, тартымды қылып өткізде де
бала міңезіне әсер етіп, өзгертуі тиіс.
Берілген оқулық авторлардың он жылғы ғылыми ізденісінде жасалды.
Мысалы: М. Оразалиева күйді тыңдатудың ең тиімді әдістерін ұсынады. Ол
балалардың жас ерекшілігіне лайықтығы мен сабақтың жүйелілігін тексерді.
Ал Б. Сұлейменова қазақ халқының эпосын зерттеді. Оның бастауы 2 сынып
– тағы аңыз-күйлерден басталады.
Балаларға ақу матералын сабақта меңгеруге ыңғайлы болуы үшін, әсіресе,
1 – сынып оқушысына түсінікті болатын шартты белгілер ойластыры музыка –
күй мен әннің кездесуі, яғни бір музыкалық бейненің, дауыспен (ән) және
аспаппен (күй) бейнеленуі өте қызықтырады. Мысалы: 4-тоқсан 1 сабақ.
Динаның Бұлбұл атты белгілі күйі мен Л. Хамидидің Бұлбұл атты белгілі
әніндегі бұлбұл бейнесі. 2-ші сыныпта музыкалық материалдар тақырыптық
жүйемен құрылған. І жж. тақырыбы Ән мен күй – халық үні. Мұндағы мақсат
– балаларды қазақ халық аспаптық музыкасымен тереңірек тыныстыру. Күйлерді
топтастыру, музыклық материалдар беру кезінде 2-ші сынып оқушыларының
ойлау қабилеті мен психолоиясы, жас ерекшелігі ескерілген.

(жалғасы) 1.1.
1-2 сыныптарда Қызықты жанрлармен танысса, басқа сыныптарда сабақ
күрделенді. 3-ші сыныпта халықтың ақындық шығармашылығымен (жыр, терме,
айтыс) танысады. Мұның да домбырада ойналатынын көреді. Тек қана күй немесе
ән емес, олармен бірге ақындық шығармашылықтың біріне бірі біртұтас нәрсе
екенін түсінеді. Сонымен бірге ұсынылған шығарманың танымдық жағына,
тәрбиелік мәніне де баса көңіл бөлінген. Балалардың музыкалық психологиясы
сыныптан сыныпқа шыңдала түсетіні белгілі. Жар, терме, өсиет, айтыс, күй
тартыс өнері тәрізді тәрбиелік мәні зор дүниелер бар. Бұл арқылы жақсы мен
жаманды түсініп мінез-құлық өзгеретіні сөзсіз. Бұлардың барлығы баланың
бойына адамгершіліктің ізгі қасиеттерін дарытын, рухани мәдениеттілігін
дамытады, оларды адамдар арасындағы түрлі қарым-қатынас, табиғат
сұлулықтарын көріп, сезіне білуге тәрбиелейді.
4-5 сыныптарда басқа халықтарда да осындай ән-күй бар екені, және осы
өтілген шығармашылықтың, күй-әндердің шығу тарихымен композитор деген жаңа
түсінікпен танысады. Ес?? Келе бала түйсігі де дами береді. Енді олар
әртүрлі жанрдағы музыканың қай түрін, қандай формасын ұнытатын, музыка
әуенін айыра алатының әр түрлі өнерге талпынысы, қызығушылығы бар екенін
көрсетеді.
Кіші сыныпта музыка туралы түсінікті білуге құмартса, үлкен сыныпта оны
таңдауы байқалады. Сөйтіп бастауыш сынып музыкалық ерекшеліктері осылай
дами береді. Жаңа оқулық бағдарламасы бойынша музыкаға тәрбиелеуде,
музыкалық шығармаларды тыңдату арқылы балалардың еркін қиялына қанат
бітіріп, қарапайым әуендік фразаларды импровизациялау мүмкіндігіне, өзіндік
шығармашылық әрекет жасауына ықпал етіп, оның қызығушылық ынта-жігерін
арттыруына жағдай тудырып, жетелеп отыру қажет.
Біз кәсіби музыкант тәрбиелеуді мақсат етпейміз, негізгі бағыт жас
ұрпақты жан-жақты рухани дүниесі бай еліміздің білікті азаматы етіп
даярлау.
1.2 Күй аңыздарының құрылымы

Күй аңыздарының құрылымына ден қою барысыңда екі мәселеге назар аудару
қажет. Алдымен, күй аңыздарын туындатушы субъектілер туралы және олар
туындатқан күй аңыздарының ерекшеліқтері жөнінде ой корытылуға тиіс.
Екінші, күй аңыздарын құрылымдық тақырыптық жүйе бойынша болжауға болады.
Күй аңыздарын туындатушы субъектілерді саралау үшін сол субъектілер
туындаткан күй аңыздарын үш салаға бөліп караған жөн.
Біріншісі – халық күйлерінің аңыздары. Екіншісі-халықсазгерлері
шығарған күйлердің аңыз-еңгімелері. Үшіншісі- бүгінгі күйші-сазгердер
шығарған күйлердің аңыз-еңгімелері. Халық күйлерінің аңызын шығарушысы
белгісіз, бірақ уакыттың жаңартып-жаңғыртуынан өткен, талай ұрпақтың талғам
сүзгісінен шыққан күй аңыздары жатады. Халық күйлерінің аңыз-әңгімесіне
көбінесе тарихи оқиғалар, қиял-ғажайып аңыздар, жан-жануарлардың бітім-
қасиеттері арқау болып отырады. Сондай-ақ, байырғы салт-дәстүр, наным-
сенімдер де халық күйлерінің аңыз әңгімесіне негіз болады. Мысалы:
"Саймактың Сары өзені", "Сырым сазы", "Қара жорға", "Кеңес" сияқты күйлер
ел басынан өткен тарихи окиғалармен сабақтасып жатса, "Тауқүдірет", "Аққу",
"Шыңырау" сияқты күйлердің аңыз-әңгімесі қиял-ғажайып окиғаларды тілге тиек
өтеді. Ал, "Шұбарат", "Бозінген", "Бозайғыр", "Тарғыл бұқа" күйлерінің
аңызы төрт түліктің, баска да жан-жануарлардың ерекше қасиеттеріне арналған
қазақ халқының байырғы әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, жен-жорасы іспеттес "Кара
атты мен торы атты", "Тансаңшы, ойбай, тансаңшы" сияқты күйлердің аңыз-
әңгімесінде қызыкты баяндалады.
Халық сазгерлері күйлерінің аңызына, аты айтып тұрғандай, шығарушысы
белгілі күйлердің аңыз-әңгімелері жатады. Мұндағы басты ерекшелік күйдің
езі де, аңызы да сол күйді шығарушының өмірімен тікелей байланыста дуниеге
келіп отырады. Куйші-сазгерлердің ел-халық өміріндегі жағдайға қарым-
катынасы, басынан өткен окиғалары, теңірегіндегі құбылыстарға қатысты сөзім
әсері әдемі аңыз-әңгіме түрінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Мысалы;
Құрманғазының басынан өткен киын күндердің айғагындай "Кісен ашқан",
"Түрмеден кашқан" күйлері, Теттімбеттің туған жерге деген аяулы сезімінің
куәсіндей "Саржайлау" күйі тікелей сол күйшілердің өмір тынысымен
сабақтасып жатыр. Сөз жоқ, мұндай аңыз-әңгімелер күйші-сазгерлердің сезім-
сарын, өмір-тіршілігін, тіптен, мінез-бітіміне дейін тереңірек тануға
себепші болып отырады. Қазіргі күйші-сазгерлер шығарған күйлердін аныз-
әңгімесі де көбінесе күйшінің өмірімен, әсер-сезімімен астасып жатады,
Қазіргі күйші-сазгерлер шығарған күйлердің аңыз-әңгімесін окшаулайтын
ерекшеліктер де бар. Ол-күйдің тақырыбы, аңыз-әңгімесі көбінесе бүгінгі
күннің елеулі оқиғаларына арналып отыратындығы. Мүны М.Өскембаевтың
"Жеңіс", М.Хамзиннің "Космонавт", Х.Тастановтың "Тыңға аттану",
С.Қүсайыновтың "Мереке" сияқты күйлерінің аңыз-әңгімесінен аңғаруға болады.
Күй аңыздарынын кешкін мотивтері (мигрирующие мотивы) кеп жағдайда
тосын кездесулер, белгілі бір түйінді мәселенің күймен шешілуі, жан-
жануарлардың ерекше касиеттері, табиғаттың күтпеген құбылыстары, адамдар
арасындағы кісілікті қарым-қатынастар, т.б. туралы болып келеді.
Күй аңыздарынын. музыкалық қырын басшылыққа ала отырып Т.Сарыбаев та
өзінше жіктеу жасаған. Ол күй мен күй аңыздарын эстетикалық-эмоциялық
кызметіне орай:
а. Акдарлық (информативная);
ә. Тербиелік; б. Күйшілік (гедоническая);
в. ықпалдық (внушения) деп беледі.
Қазақ арасындағы мындаған күй аңыздарының қомақты бір белігі тарихи
оқиғалар туралы болып келеді. Тарихи шындықты әрбір фольклорлық жанрдың
өзінше игеріп, өзінше бейнелейтіні сияқты күй аңыздары да тарихи
оқиғалардың ішінен өзіне керекті дерек пен ситуацияны сүзіп алып, өзінің
жанрлық табиғатына бейімдеп, окиға құрайды. Бұл ретте, күй аңыздары тарихи
оқиғаны немесе тарихи түлғалардың ғүмыр-тіршілігін кең аяда суреттеп
жатпайды. Көбінесе ел басынан өткен тарихтың бір ғана түйінді сәтін немесе
тарихи түлғалардың басынан кешкен бір ғана окиғаны аркау етіп отырады.
Мұндай окиғалардың қай-қайсысы да міңдетті түрде күйдің шығуына
себепші болып аякталады.
Мысал ретіңде "Қазақ пен калмақтың күйі" атты халық күйінің аңызында
тарихи оқиғаны өзінше қорытудың типті үлгісі байқалады. Алдымен, қазақ пен
қалмақ арасында ұзақ жылдарға сөзынған казақ-жоңғар соғысы сияқты тарихи
оқиғаның аясындағы типті мотивтер деп карастыруға да болады.
Олай болса, тарихи оқиғалардың типті мотивтерін аркау өте отырып,
өзінше сюжет құрастыратынын атап өткен жен. Тарихи окиғаларға арналған күй
аңызда-рына мейлінше байырғызаманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі оқиғалар
қамтыла береді. Күй аңыздары неғұрлым байырғы болған сайын солғұрлым оның
мифтік, епсаналық, аңыздық сипаты басым түсіп жатады.
Қазактың дәстүрлі күйшілік өнерінде себепсіз күй шықпаған. Күйдің
дүниеге келу себебі күй аңызына айналған, яғни, күйдің де, күй аңызының да
себепті (этиологиялық) сипаты басым.Осы тұста күйге де, күй аңызына да
катысы бірдей түлғаға назар аударады. Ол күйші- сазгер.
Сез жоқ, алдымен күйші-сазгерлерлі бурынгы заманда етіп көткен оқиға
толғантуы керек немесе көз көрген бір оқиғаға тебіренуі керек, не болмаса
өз басынан айрықша бір окиға етуі керек. Сонда ғана, үлкен тебіреніс
толғаныстан кейін дүниеге күй келеді. Ал, күйшіні тебірентіп толғанткан сол
оқиға ел ішіне күй аңыз болып тарайды. Демек, күй аңыздарының қомақты бір
белігі өзінен-өзі күйші-сазгерлер өміріне қатысты болып келеді.
Аты айтып тұрғандай, күйші-сазгерлердің өміріне арналан күй-аңыздары
күйшінің ез басынан өткен алуан түрлі оқиғаларды арқау етеді. Мысалы:
Қорқыттың елімінен қашып, мәңгілік өмірді іздеуі, немесе ажалға арашашы
болған қобызы (Башпай), Кетбұғаның Шыңғыс хан сияқты каһарынан кан тамған
ұлы әміршіге Жошыдай ардакты ұлының елімін күймен естіртуі (Ақсақ құлан),
т.б.
Күй аңыздарынын құрылымдық-тақырылтық ерекшелігіне айғақ болатын
келесі бір саласы -тұрмыс-салтка байланысты туған күй аңыздары. Күй өнері
кеп жағдайда ел өміріндегі айтулы окиғаларға байланысты дүниеге келетіні
белгілі. Мысалы; әйгілі күйші Есбай Балұстаұлы (1842-1910) тартқан "Үш
ананың айтысы" атты тармақты күйдің аңызын еске түсіруге болады.
Осынау күй аңызындағы Каналы теренің ас беруі де, ол аста күйшілер
сайысының ұйымдастырылуы да, күйшілер сайысында жолы жіңішке деп Науша
қызға бірінші кезектің берілуі де, Науша қыз езі тартатын күйінің аңызында
ақсүйек ойнап жүріп етігінің өкшесін тайдырып алғанын айтатыны да, ол
етікті сері жігіттің айлы түнде шимен шегелеп беретіні де, жалпы осы
окиғаның астарыңдағы ақсүйек ойнаған қыз бен жігіттің бір-біріне деген
сезімін біддіретін тұрмыс-салттың құрамдас белігі ретінде көрініс тапқан.
Күй аңыздарынын құрынымдық-тақырыптық сипатына айғақ болатын келесі
бір сала арнау күйлерінің аңыздары. Бұл саладағы аңыздардың ең басты
ерекшелігі күйші өзінің шығарар күйін кадірі арткан адамына арнайды. Ондай
адамнын қылық қасиеті куй аңызына аркау болады. Кадірі артқан адамына
күйшінің күй арнауы екі түрлі жағдайда жүзеге асады.
Бірінші, белгілі бір адам өзінің ұзақ мерзім аясындағы кісілікті
қалыбымен, достық қарым-қатынасымен, туыстықжакындығымен күйшіге үнайды.
Күйшіні тенті етеді. Ондай адамның бір ғана сәттік мінез-кылығы үшін емес,
ұзақ уақыт аясындағы қадір-касиеті үшін күй арнайды. Мысалы; Махамбет
Әтемісұлы өзінің Исатай бастаған үзеңгілес серіктеріне арнап "Тарлан",
"Жұмыр-қылыш" күйлерін шығарған. Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896) болса
өзінің қиын-қыстау өмірінде кддірлес сыйлас болған адамдары Иоф Фокеевич
Бородинге арнап "Лаушка", Төремұратқа арнап "Төремұрат" күйін шығарады.
Екінші, белгілі бір адамның басынан өткен тосын окиғаға, ол адамның
жағдаят үстіндегі тапқырлығына, ерлігіне, кісілігіне арнап күйші күй
шығарады. Мұңдай күйлердің аңызына жаңағы адамның тосын жағдайдағы қылық-
касиеті аркау болады. Мысалы; Қорқыттың "Башпай", Абылай ханның "Жетім
торы", Теттімбеттің "Бестөре", Ықыластың (Саржан төре), Қазанғаптың "Балжан
қыз" т.б. күйлері.
Күй аңыздың келесі бір саласы - табиғат туралы, яғни тау-тас, орман-
тоғай, өзен-көл туралы, жан-жануарлар жайында болып келеді. Көшпелілер
ездері ғұмыр кешкен ортаның жай-жапсарын жаксы білетін болғаңдықтан, әрбір
мекен-жайдың, өзен-көддің, тау-тастың, орман-тоғайдың табиғи касиеті күй
аңыздарында қайран қаларлық деддікпен суреттеліп отырады.
Қоршаған орта, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
«Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру»
Ықыластың әкесінен игерген алғашқы күйі Қорқыт күйі
Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру әдістемесін жасау
Музыка өнер сабағы
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ балалар фольклоры арқылы эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру моделін жасау
Қазақ композиторларының балаларға арналған шығармаларының педагогикалық маңызы мен тәрбиелік мәні
Балалардың дауыстарын қорғау
Балалардың музыкалық аспаптарына сипаттама
Музыка сабағы - өнер сабағы
Пәндер