Оқушыларға мәтіндер арқылы тәрбие тәрбие беру жағын сұрыптау



Мазмұны:

I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
2. ҚАЗАҚ ТІЛІ БОЙЫНША ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ ТҮРЛЕРІ
III. ҚОРЫТЫНДЫ
СІЛТЕМЕ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Сөйлеу тілі көңіл – күйге байланысты, экспрессивтік мәні бар. Сөйлеу тілінде дауыс ырғағы үлкен қызмае атқарады, оған тілдік құралдардан басқа ымдау, бет құбылысы сияқты әрекеттер де қатыса алады.
Жазбаша тілде мұндай мүмкіндіктер жоқ, бірақ жазбаша тілдің өзіндік басқа мүмкіндіктері, ерекшеліктері бар. Жазбаша тіл талай түзетулерден өтіп, оқырман көру арқылы қабылдап, ойлау арқылы түсінеді, қайталап оқып мәніне түсіну мүмкіндігі бар. Сондықтан жазбаша тілдегі күрделі құрылымдардың көбірек орын алуы ойды жеткізуге кедергі жасай алады.
Қазақша тіл дамыту кезінде оқушының оқушының сөйлеу тілі де, жазбаша тілі де дамытылады. Олардың негізгі жолдары бар болғанмен, әрқайсысының тіл дамыту әдіс – тәсілдерінде ерекшеліктері де бар.
Оқушының сөйлеу тілін дамытуда тыңдай білуге, естігенін түсінуге жаттықтыру қажет, өйткені жазғанды бірінші рет оқып түсінуге болса, сөйлеу тілінде ондай мүмкіндік жоқ. Сөйлеуші сөзін тыңдаушы бірден түсінуі керек. Сонымен бірге әр сөйлеушінің дауыс ерекшелігі, сөйлеу тездігі түрліше болады. Оның бәрі тыңдаушының түсінуіне әсер етеді. Сондықтан оқушыны түрлі адамдардың сөзі жазылған магнитофон таспасын т.б. техникалық құралдарды қолдану қажет. Сонымен бірге оқушыны сөйлеушінің сөзінің мағынасына назар аударуға дағдыландыру қажет. Сөйлеудегі әрі тілдік элементі жеке қабылдау, сол арқылы сөйлемдегі ойды анықтауға болады. Сөйлеуде кездесетін таныс емес сөздер, тұлғаларды сөйлемнің жалпы мағынасы арқылы түсінуге үйретудің де мәні зор.
Курстық жұмыстың мақсаты: оқушыларға мәтіндер арқылы тәрбие тәрбие беру жағын сұрыптау; осы мақсатты жазуда мынадай міндеттер қойылады:
- жазба жұмыстарын жазуға дағдыландыру;
- оқушыларға өз ой – пікірлерін үндестіру шеберлігін үйрету;
- балаларға жазба жұмысын жазуда психологиялық тұрғыдан машықтандру;
- алынған тақырыпты өзінше шешу тәсілін меңгерту;
Осы жазбаша жұмыстарды жіктеп, оқушыларға меңгертуде ұтымды да тиімді жолдарын үйрету курстық жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Арғынов Х. Қазақ тілі методикасы. Алматы, 1994
2. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Санат, 1995.-29б.
3. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы: 1965
4. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы. Алматы: Ана тілі, 1992.-448б.
5. Жолымбетов К. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1991
6. Жапбарова Гүлмира Амангелдіқызы Оқушылардың жазбаша тілін дамыту жолдары: теориялық және әдістемелік негіздері (5-9-сыныптар) автореферат ҚР-сы Алматы 2006
7. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. Алматы: Қазақ университеті,1993.-160б.
8. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Мұрагер,2005-176 б.
9. Қазыбаев С. Қазақ тілі методикасы. Алматы: Рауан, 1993
10. Құлмағамбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы.Алматы: Мектеп, 1988 – 239 б.
11. Маманов Ы. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту. Алматы, 1977
12. Мейірманқұлова Т. Дауысты дыбыстарды оқытуда жаңа технологияны енгізу. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2004. -1.
13. Мұхаметжанова А. Фонетикалық талдауда математика тәсілінің қолданылуы. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2004. -4.
14. Мұхамеджанова А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Оқу - әдістемелік нұсқау. Петропавл: М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2006.-109б.
15. Оразбаева Ф., Рахметова Р. Қазақ тілін. Оқыту құралы. Алматы: Print-S,2005.-170б.
16. Оралбаева Н., Жақсылықова Н. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Ана тілі,1996.-208б.
17. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1991

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Жазба жұмыстарына жалпы сипаттама
2. Қазақ тілі бойынша жазба жұмыстары түрлері
III. Қорытынды
Сілтеме әдебиеттер тізімі
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Сөйлеу тілі көңіл – күйге байланысты, экспрессивтік мәні бар. Сөйлеу
тілінде дауыс ырғағы үлкен қызмае атқарады, оған тілдік құралдардан басқа
ымдау, бет құбылысы сияқты әрекеттер де қатыса алады.
Жазбаша тілде мұндай мүмкіндіктер жоқ, бірақ жазбаша тілдің өзіндік
басқа мүмкіндіктері, ерекшеліктері бар. Жазбаша тіл талай түзетулерден
өтіп, оқырман көру арқылы қабылдап, ойлау арқылы түсінеді, қайталап оқып
мәніне түсіну мүмкіндігі бар. Сондықтан жазбаша тілдегі күрделі
құрылымдардың көбірек орын алуы ойды жеткізуге кедергі жасай алады.
Қазақша тіл дамыту кезінде оқушының оқушының сөйлеу тілі де, жазбаша
тілі де дамытылады. Олардың негізгі жолдары бар болғанмен, әрқайсысының тіл
дамыту әдіс – тәсілдерінде ерекшеліктері де бар.
Оқушының сөйлеу тілін дамытуда тыңдай білуге, естігенін түсінуге
жаттықтыру қажет, өйткені жазғанды бірінші рет оқып түсінуге болса, сөйлеу
тілінде ондай мүмкіндік жоқ. Сөйлеуші сөзін тыңдаушы бірден түсінуі керек.
Сонымен бірге әр сөйлеушінің дауыс ерекшелігі, сөйлеу тездігі түрліше
болады. Оның бәрі тыңдаушының түсінуіне әсер етеді. Сондықтан оқушыны
түрлі адамдардың сөзі жазылған магнитофон таспасын т.б. техникалық
құралдарды қолдану қажет. Сонымен бірге оқушыны сөйлеушінің сөзінің
мағынасына назар аударуға дағдыландыру қажет. Сөйлеудегі әрі тілдік
элементі жеке қабылдау, сол арқылы сөйлемдегі ойды анықтауға болады.
Сөйлеуде кездесетін таныс емес сөздер, тұлғаларды сөйлемнің жалпы мағынасы
арқылы түсінуге үйретудің де мәні зор.
Курстық жұмыстың мақсаты: оқушыларға мәтіндер арқылы тәрбие тәрбие
беру жағын сұрыптау; осы мақсатты жазуда мынадай міндеттер қойылады:
- жазба жұмыстарын жазуға дағдыландыру;
- оқушыларға өз ой – пікірлерін үндестіру шеберлігін үйрету;
- балаларға жазба жұмысын жазуда психологиялық тұрғыдан машықтандру;
- алынған тақырыпты өзінше шешу тәсілін меңгерту;
Осы жазбаша жұмыстарды жіктеп, оқушыларға меңгертуде ұтымды да тиімді
жолдарын үйрету курстық жұмыстың өзектілігі болып табылады.

1. Жазба жұмыстарына жалпы сипаттама.
Шығарма – оқушының өз ойын, түсінігін пікірін басқаға өзінше жеткізудің
бір түрі. Мазмұндамада оқушы шығарма, текст мазмұнына, ондағы тілдік
нұсқалардың қолданылуына сүйенсе, еліктесе, оларды қайталамағанымен де,
негізге алса, шығармада ондай тірек, нұсқаулар жоқ. Оқушы шығарманың
мазмұны қандай болса, да, оны өзіншеөзінің тілді білу дәрежесіне қарай
жазады. Сондықтан екінші тілде жазылған шығарма оқушының ол тілде сөйлей
білу дәрежесін көрсете алады. Өйткені шығарма – оқушының өзіндік жұмысы,
творчестволық жұмысы. Шығармада оқушы әр сөйлемді, шығарманың әр бөлігін
өзінше құрады. Тілдік материалды өзінше қолданады. Әрине, тілдік
материалды қолдануда ол тілді үйрену барысында қалыптасқан, жаттыққан
дағдысына сүйенеді. Сондықтан екінші тілде шығарма жазу үшін, оқушының
сөздік қоры және тілдік нұсқаларды сөйлеуде қолдана білу дағдысы болу
керек.
Шығарма жазуға қойылатын талаптар да оқушының класына, тілдік білім
дәрежесіне қарай белгіленеді. Сондықтан әр класта шығармаға әр түрлі талап
қойылады. Мысалы бастуыш класта шығарма қойылатын талаптар мен жоғары
кластағы талаптар бір емес. Соған орай бастауыш клас оқушысының
шығармасының арасында үлкен айырма бар. Ол оқушының білім дәрежесіне
байланысты. Бұл ана тілінен жазылатын шығармаға да қатысты.
Есте болатын жағдай, тілді үйрене бастағаннан-ақ, оқушының екінші
тілде үйренген материалының көлемінде шығарма жазғызуды бастаған дұрыс.
Алғаш өте қысқа үш-төрт сөйлемнен ғана құрылуы мүмкін, кейін ол оқушы
білімінің өсуіне қарай дами береді. Соған орай ойын, пікірін басқаға өзінше
жеткізу дағдысы бірте-бірте қалыптасады.
Бұл - сөйлеуге үйренудің негізгі жолдарының бірі. Мұғалім бастауыш
класта тілді үйрену жаңа басталады, шығарма жазуға әлі ерте деп қарамауы
керек. Шығарма жазу дағдысы бірден қалыптаса қалмайды. Оның бастысы ең
шағын шығармадан басталады, ал ол жоғары кластағы жазылатын күрделі шығарма
емес, ондай талап бастауыш кластағы шығармаға қойылмайды. Кейбір
әдістемелерде ең шағын үш-төрт сөйлемнен тұратын алғашқы шығармаларды
шығарма деп санамауы да кездеседі. Бірақ оқушы бірден күрделі шығарма жаза
алмайды. Оқушының күрделі шығарма жаза білу дағдысын бірте-бірте дамытып,
қалыптастыру осы жұмыстың түрін жүйелі түрде жүргізі арқылы ғана жүзеге
асады. Ол ең шағын шығармадан күрделі шығармаға дейінгі ұзақ жолда
қалыптасады. Күрделі шығармаға апаратын алғашқы бастама ана тілінде де,
екінші тілде де бастауыш кластың бір класынан басталады.
Шығарма жазуды бірінші кластан бастап, соңғы класға дейін жүйелі
түрде жүгізеді – сөйлеуге үйретудің ұтымды жолдарының бірі. Сондықтан да
шығарма сөйлеу жаттығуларына жатады. Бірақ мектепте ол жүйелі түрде
жүргізілмейтіні байқалып жүр. Келешек мұғалімдер ескергені дұрыс.
Екінші тілде шығарма жазу білуге үйретуде мұғалім мына мәселелерге
көңіл бөлгені дұрыс:
1) Оқушы сөздік қорын тілдік нұсқаларды дұрыс қолданылуын қадағалау;
2) Шығарманың мазмұны тақырыпқа сай болуын үйрету;
3) Оқушыны шығарма жазуға керекті ой – пікірлерін белгілі жүйеге
келтіріп, ойын жүйелі түрде жазуға дағдыландыру;
4) Жазған шығармасын жетілдіріп, түзете білуге үйрету.
Сөйлеу тілі мен жазбаша тіл өте тығыз байланысты. Сөйлеу тілінде жазбаша
тілде де қолданылатын тілдік тұлғалар бір. Тілдік тұлғалар сөйлеу тілі мен
жазбаша тілде бір мағынада қолданылады, олардың тілде атқаратын жалпы
қызметінде де өзгеріс болмайды. Сондықтан екінші тілді үйретуде тілдік
тұлғалармен жұмыс ауызша да, жазбаша да жүргізіледі.
Алайда сөйлеу тілі мен жазбаша тілде ешқандай айырма жоқ деуге
болмайды. Сөйлеу тілі мен жазбаша тілдің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері
бар. Ол – заңды құбылыс, сондықтан қазақ тілін оқытуда оны ескеріп отыру
керек.
Сөйлеу тілі адамның есту арқылы қабылдауына бағытталады. Сөйлеу тілі
екі адамның, көп адамның арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Ол
көбіне тікелей жүзбе-жүз қатыста қолданылады, радио, т.б. техникалық
құралдар арқылы да көп адамға бағытталады. Сөйлеу тілінің техникалық
құраладар арқылы көпшілікке бағытталуы тікелей қарым-қатынасқа жатпайды. Бұ
лтұрғыдан алғанда сөйлеу тілі мен жазбаша тілдің ұқсас жақтары бар.
Сөйлеу тілінің ең көп қолданылатын кезі сөйлеуші мен тыңдаушының
тікелей қарым-қатынасы. Мұндай жағдайда сөйлеуші тыңдаушының өз сөзін, ойын
қалай қабылдауын көріп отырады. Соған байланысты ойын түрлендіре алады.
Жазбаша тілде ондай мүмкіндік жоқ. Ол оқырманның тікелей қабылдау
әрекетінен тыс тұрады. [1,25]
Сөйлеуші ойын сөйлеу кезінде іштей ретке келтіріп, бірден білдіріп
отырады, ойды білдіру қате болса, ол сөйлеу үстінде түзетіледі. Жазбаша
тілде ойды білдірудың ең ұтымды жолын іздеуге, түзетуге мүмкіндік мол.
Сөйлеу тілі көңіл-күйге байланысты, экспрессивтік мәні бар. Сөйлеу
тілінде дауыс ырғағы үлкен қызмет атқарады,оған тілдік құралдардан басқа
ымдау, бет құбылысы сияқты әрекеттерде қатыса алады.
Жазбаша тілде мұндай мүмкіндіктер жоқ, бірақ жазбаша тілдің өзіндік
басқа мүмкіндіктері, ерекшеліктері бар. Жазбаша тіл талай түзетулерден
өтіп, орықманның қабылдауына дайын түрде жетеді. Жазбаша тілде күрделі
құрылымдар көбірек кездеседі, оны оқырман көру арқылы қабылдап, ойлау
арқылы түсінеді, қайталап оқып мәніне түсіну мүмкіндігі бар. Сондықтан
жазбаша тілдегі күрделі құрылымдардың көбірек орын алуы ойды жеткізуге
кедергі жасай алмайды.
Қазақша тілді дамыту кезінде оқушы сөйлеу тілі де, жазбаша тілі де
дамытылады. Олардың негізгі жолдары бар болғанмен, әрқайсысының тіл
дамытуәдіс-тәсілдерінде ерекшеліктер де бар.
Оқушының сөйлеу тілін дамытуда тыңдай білуге, естігенін түсінуге
жаттықтыру қажет, өйткені жазғанды бір неше рет оқып түсінуге болса, сөйлеу
тілінде ондай мүмкіндік жоқ. Сөйлеуші сөзін тыңдаушы бірден түсінуі керек.
Сонымен бірге әр сөйлеушінің дауыс ерекшелігі, сөйлеу тездігі түрліше
болады. Оның бәрі тыңдаушының түсінуіне әсер етеді. Сондықтан оқушыны
түрлі адамдардың сөзі жазылған магнитофон таспасын т.б. тезникалық
құралдарды қолдану қажет. Сонымен бірге оқушыны сөйлеушінің сөзінің
мағынасына назар аударуға дағдыландыру қажет, айтылған негізгі ойды аңғару
әдетін қалыптастыру өте қажет. Сөйлесудегі әр тілдік элементті жеке
қабылдау, сол арқылы сөйлемдегі ойды анықтауға болады. Сөйлеуде кездесетін
таныс емес сөзде, тұлғаларды сөйлемнің жалпы мағынасы арқылы түсінуге
үйретудің де мәні өте зор.
Оқушыны тыңдауға үйрету үші, мұғалім сөзі, басқа адамдар сөзін
магнитофон тасапына жазып, оны сабақта оқушыларға тыңдатып, одан
нетүсінгенін, қалай түсінгенін анықтау керек. Оны мұғалім түрлі жолмен
анықтауына болады: 1) тыңдаған текстің не туралы екенін сұрау; 2) текст
бойынша түрлі сұрақтар қою; 3) текске тақырып қойғызу; 4) текст бойынша
жоспар жасату; 5) текстің мазмұнын айтқызу т.б.
Тыңдауға үйрету мақсатында жасалатын бұл ұмыстың түрлері, сөйлеуге
үйретумен байланысты жүргізілетіні есте болуы керек.
Оқушының жазбаша тілін дамыту бастауыш кластан-ақ басталады. Тілдік
жаттығуларды жазбаша түрде орындау оқушының жазбаша тілін дамытудың алғашқы
басқыны деуге болады. Диктант түрлері жазбаша тілдің негізгі шартты
белгісінің бірі болып саналады.
Дегенмен оқушының тілін жазбаша түрде дамытуда мазмұндама мен
шығарманың орны ерекше.
Мазмұндама – тіл дамытудың өте маңызды әдісі. Әдетте мазмұндама
оқыған текстін мазмұнын ауызша әңгімелеуден басталады да, жазбаша
мазмұндамаға ауысады. Бұл оқушының сөйлеу тілі мен жазбаша тілін дамытады.
Тект бойынша мазмұндама жазу үшін, тексті оқығанда, ынтамен тыңдайды, есте
сақтауға, түсінуге тырысады. Оқушы өзінің іс-әрекетін тексті түсініп, есте
сақтауға бағыттайды. Бұл оқушының зейінін, ойын дамытады, оқушыны іс-
әрекетке ұйымдастырады.
Мазмұндама негізінен оқушының жазбаша тілін дамытуда, ойын текске
сүйеніп, өзінше жазбаша түрде білдіруге үйретеді. Бірақ мазмұндаманы
оқушының жазбаша тілді қаншалықты меңгергенін тексеру үшін де қолдануға
болады. Ол ғылымда оқыту мазмұндамасы деп аталады.
Ғылымда, тәжірибеде мазмұндама жазудың төмендегі жолы белгілі:
1. Мазмұндама жазу алдында мұғалім ол туралы әңгіме өткізеді. Мұғалім
оқушының ойын, назарын ұйымдастыру үшін текст туралы оларға қысқаша
түсінік береді, текстің мазмұнын түсінуге дайындайды. Бұл кірспе
әңгіменің мазмұндаманың сапасына әсері болады.
2. Мұғалім тексті асықпай, жағымды дауыспен, салмақпен оқиды.
Оқушыларға түсініксіз сөздерді сөздік дәптеріне жазғызады,
түсініксіз сөз тіркестерін түсіндіреді. Кейбір қиын жаңа сөздерді
тақтаға жазып қоюға да болады. Жалпы мазмұндама жазатын
текстетүсініксіз сөздердің болмағаны немесе бірлі-жарым ғана болғаны
дұрыс.
3. Мұғалім оқушылардың текстің мазмұнын түсінген-түсінбегенін анықтауы
қажет. Оқушылар текст мазмұнын түсінбесе, оны түсіндіру керек.
4. Оқушыларға мазмұндаманың жоспарын жасату керек. Бастауыш кластарда
кластарда жоспарды мұғалім өзі ұсынады, кейін мұғалім көмегімен
оқушы жоспарды жасап, одан соң оқушылардың өздеріне жасату дұрыс.
5. Мұғалім тексті екінші рет өзі оқиды, не өте жақсы оқитын оқушыға
оқытады. Бұдан осы жеңіл текст болса, бір оқушыға қиын тексті 2-3
оқушыға жоспар бойыншаәңгімелетеді. Оқушылар текстің мазмұнын айтуда
қате жіберсе, оны түзеткен соң, оқушылар мазмұндама жасауға
кіріседі. Мазмұндама жазуды оқушы ана тілінен үйренген, ол
тәжірибенің екінші тілде мазмұндама жазуда пайдасы бар.
Мазмұндаманың бірнеше түрі бар: текске жақын мазмұндама, қысқа
мазмұндама, текстің бір мәселесі бойынша мазмұндама, шығармаға жақын
мазмұндама.
Текске жақын мазмұндамада оқушы текстің мазмұнын текстегі ретімен
жүйелі түрде толық жазылады. Текстегі айтылған уақиғалар мазмұндамада түгел
қамтылады. Бұл мазмұндаманы жазуда оқушы текстің мазмұнын ауызша
әңгімелеуде алған тәжірибесіне сүйенеді.
Мазмұндаманың бұл түрі мазмұндама жазуға үйретудің алғашқы кезінде
қолданылады.
Қысқа мазмұндама кейінірек қолданылады. Қысқа мазмұндамада текстің
негізгі мазмұны ғана жазылады, мазмұнды толықтыратын, кейбір мәселелерін
түсіндіретін, анықтайтын бөліктері қысқа мазмұндамада жазылмайды. Қысқа
мазмұндама оқушының ой қорытындысы арқылы өз сөзімен жазылады. Қысқа
мазмұндама текске жақын мазмұндамаға қарағанда, ауырырақ болып саналады.
Қысқа мазмұндама жазу үшін, оқушының өз ойын қазақша білдіре алатын
тәжірибесі болу керек.
Текстің бір мәселесі бойынша мазмұндама жазғызуға мұғалім оқушының
назарын текстегі негізгі мәселеге аударуды көздейді. Мұнда текстегі негізгі
мәселені жақсы түсініп, ал ол туралы толық баяндау көзделеді. Мұғалім
текстегі бір мәселенің мазмұнын байланысты түрде жүйелі баяндау талап
етеді.
Шығармаға жақын мазмұндама оқушының шығармашылық ойын дамытуды, ойын
өз сөзімен білдіру дағдысын қалыптастырады. [2,63]
Шығармаға жақын мазмұндамада оқушы текстің мазмұнын өзінше
жалғастырып жазады, кейде текстің басына өзінше үзінді қосады, текстің
арасында текске байланысты уақиға туралы өзінше әңгіме қосады. Басқаша
айтқанда, тексті кеңітіп, текске өзгеріс жасайды. Бұл оқушының өзіндік
жұмысына жатады. Ол оқушы тілінің байлығын, тілдік тұлғаларды еркін
қолданатынтәжірибесін керек етеді.
Шығарма – жазба тілді дамытудағы ең негізгі жұмыс. Шығарма – оқушының
өздік шығармашылық жұмысы. Шығарма жазуға оқушыны үйрету ұзақ уқыттағы
жүйелі жұмысты керек етеді. Бастауыш класта ең шағын шығармадан қысқа
уақиғаны жазғызудан бастап, бірте - бірте шығарманы күрделендіру қажет.
Шығарма бір тақырыпқа жазылады, тақырыпты ашуға керек сөздерді оқушы
білуі керек. Мұғалім оқушының сөздік қорын жақсы біледі, сондықтан оқушының
сөздік қорында бар сөздерді қажет ететін тақырып таңдау пайдалы. Қажетіне
қарай сөздік қолдануға да болады. Жоғарғы кластарда оқушының сөздік қоры
молаяды, соған орай мұғалімнің тақырып таңдау, белгілеу мүмкіндігі де арта
түседі. Алайда оқушы естіп-білмеген, өмірде кездеспеген уақиға, мүлдем
таныс емес шығарма кейіпкері сияқты тақырыпты оқушыға ұсынбаған дұрыс.
Шығарма жазуға жаттықтыруда мұғалім оқушының ана тілінен алған
тәжірибесін ескеруі керек. Қай тілде де шығарма жазудың негізгі жолы бір.
Ол төмендегідей:
1. оқушы шығарма тақырыбымен, жұмысты мақсатымен таныстырылады.
2. шығарма тақырыбы туралы оқушыға түсініктеме беріледі.
3. жоспар жасалады.
4. 2-3 оқушы тақырып бойынша ауызша әңгімелейді.
5. кейбір қиын сөздер тақтаға жазылады.
6. оқушылар өзінше шығарма жазады.
Оқушыны шығарманың жоспарын жасауға үйретудің мәні өте зор. Ол тақырыпты
толық ашуға көмектеседі. Оқушы ойын жүйеге кеклтіреді, ойдың байланысты
жазыуына жол ашады.
Шығарманы жеке тақырыпқа, мазмұнды суретке, экскурсия бойынша,оқушы өміріне
байланысты уақиғаға, оқушы қалаған еркін тақырыпқа жазуға болады. Оқудың
қай кезеңіне қандай тақырып қолайлы екенін мұғалім шешеді.
Шығарма жазуды тілдік материалмен де байланыстыруға болады. Ол тірек
сөздерді қолдану, сөйлемнің сөз тіркесінің белгілі бір үлгілерін қолдану,
және т.б. осы сияқты тілдік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.
Жазылым термині жазу (жазудың түрлері, әріптің жеке өзі т.б.)
деген мағынаны емес жаза білу, ойыңды басқа біреуге түсінікті болу
үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу дегенді білдіреді.
Жазылым – тіл үйренуге қатысты қиын да күрделі жұмыс.
Жазылым – тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне
негізделген; лингвитикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік
ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей
қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдігі қарым – қатынасына мүмкіндік жасайтын
күрделі тарихи әрекет.
Жазылым біріншіден, әріптің, сөздің графикалық таңбасы арқылы іске
асады; екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық, мағаналық
қасиетке ие болады; үшіншіден, жазылым құбылысында сөйлесім әрекетінің
барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің
мазмұн – мағанасына ғана емес, формасына да көңіл аударуға мәжбүр болады,
бесіншіден , жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі
блуына тікелей байланысты жүзеге асады.
Жазылым графикалық таңбалардың мағыналық жүйесі мен тізбегі арқылы
адамдардың бір – бірімен қарым – қатынасын қамтамасыз етеді. Жазу арқылы
адам айтайын деген ойын қағазға түсіріп, екінші бір адамға, жалпы адамзатқа
жеткізуді мақсат тұтады, яғни адам ойын басқаға жеткізу үшін жазуды
үйренеді.
Әдіскерлердің қалыптасқан пікірі бойынша, жазылым үшін бөліктен
құрылуы тиіс. Олар: Себеп – салдарлық, аналитико – синтетикалық,
орындалымдық.
Яғни жазылым әрекеті, біріншіден, белгілі бір әсерді екінші адамға
жеткізудің нәтежесінде ойға келеді, алдымен оның себебі пайда болады.
Екінші, аналитико – синтетикалық кезеңде сөйлем құрлымы жасалады,
сөздер бір – бірімен тіркеске түседі, сөздің қызыметімен орны белгіленеді.
Үшіншіден, графикалық таңбалар арқылы жазбаша мәтін (текст) пайда
болып, жазу орындалады.
Біздің пікірімізше, тілдік қатысымға байланысты жазылым бірнеше
құрылымдық кеңезнен тұрады да, көп салалы болады:
1. Қажеттіліктен пайда болатын себеп.
2. Себептің ойда, санада бейнеленуі.
3. Ойдың сөз арқылы тізбектелуі.
4. Сөздің графикалық әріптермен таңбалануы.
5. Жазудың екінші адамға түсінікті болып, берілген хабарды білдіруі.
Себептік кезеңде адам жазумен шұғылдану үшін белгілі бір себеп салдар
пайда болып, соның әсерінен ойын қағазға түсіруді ойлап, оны іске асырғысы
келеді. Адам өмірінде кездесетін әр түрлі деректі, ақпаратты басқа біреуге
жеткізу қажеттілігінен жазғысы келеді; бірдеңені айтуды, жазуды қалайды,
сол арқылы адам арасындағы қарым-қатынастың алғы шарттары байқала бастайды.
Екінші кезеңде жаңағы өмірден туған қажеттілік, яғни белгілі бір хабар
миға ауысады, адамның санасында бейнеленеді, ой туғызады.
Үшінші адам санасында қалыптасқан ой сөзге, сөйлемге айналады. Сол
ойды дұрыс жеткізу үшін тіл үйрену тиімді сөздерді іздейді, айтқысы келген
хабардың ең басты мінін дәл, нақты жеткізуді қалап, сөздердің мағынасын
ойластырады.
Төртінші кезеңде ойда жинақталған сөздер графикалық таңбалар арқылы
тізбектеліп, белгілі бір ережелер заңдылығымен қағазға түсіп, жазуға
айналады. Ол жазудың үлгісімен ғана емес, білдіретін мазмұндық сипатымен де
ерекшеленеді.
Бесінші кезеңде қағазға түскен сөйлемдер тұтас жүйесімен, белгілі
бір хабардың толық мазмұны оқушыға жеткізіледі.
Жазуды оқыған екінші адам ондағы берілген деректі қабылдайды, соған
қарап жауап береді.
Жазылымның лингввистикалық ерекшелігі әріптік таңбадан бастап
алфавитке дейінгі жазуды, тілдің дыбыстық жүйесін, олардың жазылу ережесін,
жазбаша сөйлеу үлгілерін қамтиды.
Жазылымның лингвистикалық мазмұнын белгілейтін мәселелер мыналар:
1. Графика.
2. Орфография.
3. Жазып алу.
4. Жазбаша сөйлеу.
5. жазбаша сөйлеу.
Бұл салада үйретілетін ең басты мәселе – жазылымның графикасы.
Графика, яғни жазу таңбалары – жазу үшін қолданылатын барлық әріптердің
таңбалық жиынтылығы. Әріптік таңбалар екі түрде жазылады: баспа түрде және
қолжазба түрде жазылады. Әрбір әріп бас әріп және кіші әріп болып
таңбаланады. Барлық әріпттердің жүйелік жиынтығы тілдің алфавитін құрайды.
Қазақ тілі графикасының ерекшелігі - әріптері қалай жазылса, солай оқылады
және басқа тілден енген дифтон (қосарланған) дыбыстардан басқалары
құрамына қарай бір таңба бір әріпті білдіреді де, бір әріп бір дыбысты
көрсетеді.
Жазуды меңгеруде лингвистикалық жақтан үйретілетін мәселе –
орфография. Ол – белгілі бір сөзді әріптік таңбалар арқылы дұрыс жаза
білудің ережесі. Мұндай ережені оқытпай тұрып, жазуды да тілді де сауатты
меңгеру мүмкін емес.
Тілді үйретуде орфорграфияға қатысты кездесетін қиындықтарда
баршылық. Олар:
1. Фонетикалық, морфологиялық, тарих принциптердің өзгешеліктерімен
ерекшеліктерін жан-жақты ескеру.
2. Екпін түсіп айтылған буындардың дұрыс жазылуын қадағалау.
3. Қазақ тіліндегі еріндік, езулік дауыстылардың жазылуына ерекше
мән беру.
4. Жуан, жіңішке дыбыстардың фонемалық қасиетін есте сақтау.
5. Дауыссыз дыбыстардың айрықша белгілерін дұрыс меңгеру т.б.
Жалпы орфографиялық білім екі саланы қамтиды:
1. Жеке лексикалық единицияларды сөздерді дұрыс жаза білу ережесі.
2. Грамматикалық заңдылықтарды білу арқылы тіркесті, сөйлемдерді
байланыстырып, дұрыс жаза білу.
Жазбаша сөйлесім, лингвистикалық ерекшеліктерді толық меңгерудің
көрінісі және ең күрделі тілдік құбылыс. Жазбаша сөйлесу дегеніміз –
оқушының айтар ойын басынан аяғына дейін толық жаза білуі, Көз қарасын,
пікірін қағазға түсіріп, жеткізуі. Мәселен, тілді үйренуге қатысты
жазбалардың қатарына хат жазу, пікір жазу, түсініктеме қатынас қағаз,
реферат т.б. жазу жатады. Мұнда сөздер мен сөз тіркесі, сөйлемдер бір-
бірімен байланысты болады. Ойдың жүйесі үзілмей, келесі сөйлемдерде
жалғасып, толығып отырады, сол себепті жазба материалдар тұтас
бүтіндігімен көзге түсіп, басқа адамдарға түсінікті болады. [2,84]
Жазылымның психологиялық ерекшелігі – жазбаша тапсырмаларды дұрыс
пайымдап, логикалық жағынан меңгеру және графикалық, орфогграфияны, жазу
мен жазбаша сөйлемді жетік білудің, үйренудің амалдары мен жолдарын
іздестіре отырып жазғызу, оқыту. Жазылымның тез әрі сауатты үйренудің
ұтымды тәсілдерін пайдалану.
Жазылымның физиологиялық ерекшелігі – жазу кезінде дене мүшелерінің
қимыл-қозғалысын дұрыс игеруді үйрету. Қолдың, саусақтың іс-әрекеті, көз
бен бастың қозғалысы, отырыстың пішіні т.б. – барлық адамның физиологиялық
түр-тұрпатының жазылымында алатын орны мен маңызы, қызметі ескеріп отыруды
қажет етеді.
Жазуды үйренудің басты алғы шарттары:
1. Қазақ алфавитіндегі әріптердің таңбасын дұрыс жазуға үйрету,
яғни каллиграфияны жете меңгеру.
2. Әріптік таңба мен фонеманың қазақ тілі жазуында алатын орны.
3. жеке тілдік единициялардың дұрыс жазылу ережесін білу.
4. Қазақ тілі граматикасына сәйкес сөз тіркестері мен
сөйлемдердің байланысу заңдылықтары мен дұрыс жазылу
ережелерін игеру.
5. Ойды жазбаша жеткізудің ең қарапайым және қысқа түрін меңгеру.
6. Шағын мәтін мен сөйлемшелерді (фраза) құрастыра білу.
7. Хат жазу үлгісін меңгеру.
8. Іс-қағаздарды дұрыс толтыра білу.
Жазуды терең меңгеру оның басты ерекшеліктерін білумен, оған дағдылану
мен қатар, материалдық мазмұнын түсінумен, жазба жұмысқа автордың көз-
қарасын білумен байланысты.
Сонымен бірге оның (автордың) затты, істі, оқиғаны тану үстінде
қандай көңіл-күйде болғандығы, оған деген қызығушылығы, ынтасы ескеріледі.

2.Қазақ тілі бойынша жазба жұмыстары түрлері
Қазақ тілінен шығарма жаздыру әдісі. Қазақ тілі бойынша тілдік
тапсырмалары бар шығарма жаздыру әдісі – қазақ тілінен жүргізілетін
дағдылардың ішіндегі қиында күрделі түрлерінің бірі. Мұнда оқушылар өз
бетінше жұмыс істеп, қазақ тілінен алған теориялық ьілімін іс жүзінде сынап
көреді. Бұл жаттығу жоғарыда айтылған бес түрлі дағдылардан кейін
орындалады, ол жұмыс процесінің соңғы кезінде жүргізіледі. Шығармалар
бойынша жұмыс істеу екі түрлі жолмен жүзеге асырлады. Біріншісі-ұжымдық
шығарма жаздыру; екіншісі- жеке оқушыға шығарма жаздыру. Ұжымдық шығарма
жаздыру жұмысы мұғалімнің басшылығымен класта жүргізіледі. Мұғалім алдымен
қазақ тіліне байланысты қайсы тақырыпқа сай шығарма жазылатындығын, ол
шығарманың қандай мақсат көздейтіндігін, шығарманың шарыттарын түсіндіріп,
кластағы оқушылармен талдау жасайды. Оқушылар шығарма жұмыстарын қалай
жазудың техникасын әбден меңгеріп алған соң, жеке тақырыптарға шығарма
жазуды үй тапсырмасы ретінде тапсыруға болады. Жеке оқушылармен өз бетінше
шығарма жазу жұмыстары, көбнесе, үйде орындалады. Себебі үй жұмысы әрқашан
көп уақытты талап етеді.
Тілдік тапсырмалары бар шығарма жаздыру әдісі алдымен картиналар
бойынша жүргізіледі. Бұл тәсілді құрылдық элементтері: 1. Алдымен қай
тақырыпқа байланысты тілдік тапсырмалары бар шығарма жаздыру керек екендігі
анықталады. 2. Тілдік тапсырмалары бар шығарма сай картина іріктеледі. 3.
Тақырыпты кірістіре отырып, шығарма жаздырады. Мысалы, тәуелдік жалғауын
кірістіре отырып, шығарма жазу.
4. Шығарма жазып болған соң, ол дауыстап оқылады.
5. Шығармадағы сөздер ьойынша тәуелдік жалғауының ерешеліктері дәлелдейді.
Мәселен, мұғалім оқушыларға тәуелдік жалғауына байланысты
тілдік тапсырмалары бар шығарма жазуға лайықтап алау жанында деген
картинаны іріктеп, таңдап алады. Осы картинаға қараай отырып,тәуелдік
жалғауын қатыстырып шығарма жазуды оқушыларға жүктейді.
Тілдік тапсырмалары бар шығарма жаздыру жұмысы жеке
тақырыптарға байланысты да жүргізіледі. Шығарма жаздыру әдісінің құрлымдық
элеменіттері мыналар: 1. белгілі бір тақырыпқа байланысты шығарма жазу
керек екендігі ескертіледі. 2.Шығарманың жазудың шартты дауыстап оқытылады.
3. Клас тақтасына керекті сөздер жазылады. 4. Әрбір оқушының жұмысы аралап
көру арқылы бақылау жасалады. 5. Шығарма клас тақтасына жазылады.
Осы құрылымдық элементтердің іске асырылуына мысал келтірейік:
Мұғалім қатаң дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесине байланысты космонавты
ұшқыштар ұшқыштар деген тақырыпта шағын шығарма жаздырады. Шығарманың
тақырыбын тақтаға жазады да, оның мынандай мақсаттарды көздейтігін
түсіндіреді: 1) шығарма ұшқыш космонавтар Ю. Гагарин мен Т. Әубәкиров
жайында баяндалуы тиіс; 2) шығарма тілі жатық, айтылған ой айқын болуы
қажет; 3) айтылған ой нақты фактілермен дәлелденуі керек; 4) үндімен уяң
дыбыс әріптерінің емилесі ескерілгені жөн; 5) қатаң дауыссыздар туралы
теориялық мәлімет еске түсірілуі тиіс: 6) қатаң дауыссыз дыбыстар емилесіне
байланысты шығарманың жазылып отырғандығы ескерілуі қажет.
13. Орфографиялық талдау әдісі. Мұғалім орфографиялық талдау
жүргізгенде емлелік материалдарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сауат ашу балалардың жас ерекшелігіне қарай педагогикалық талаптар
Сын есімді оқытуда тіл дамыту жұмыстарының тиімділігі
Оқушылардың тілін дамыту үшін бір тақырыпқа бірнеше мәтін алған дұрыс
Әліппеден кейінгі кезең мен сауат ашу кезеңіндегі жасалатын жұмыстар, сабақ жүйесі
АУДИОЛИНГВАЛДЫ ӘДІСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Компьтерлік окыту технологиясы
Шығармашылық шеберлікті шыңдау
Мәтінге бейнелі сөздерді қолдану
Сын есімді оқытуда ата дәстүр мен әдептілікті дарыту жолдары
Сөйлем мүшелерін оқытудың әдістемелік негізі
Пәндер