Қазақ хандығы мен Ноғай Ордасы


Жоспар:
- Кіріспе бөлім.
- Негізгі бөлім.
а) Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары
ә) Хандықтың құрылуы және өрлеуі
б) ХІІІ - ХҮ ғасырлардағы Ноғай Ордасы
3) Қорытынды бөлім.
Халқымыздың оянған тарихи санасы енді бүгін өткен жолымызды шынайы көрсетуді талап етеді. Мен осы рефератты жаза отырып, осы талап-тілекке елгезектікпен үн қоса отырып, қазақ халқының өткен тарихын ғылыми тұрғыдан зерттеуге тырыстым.
Орта ғасырлардағы Қазақстан аймағында қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен дамуының қазақ халқының құралуы мен топтасуында, қазақ этносы дамуының ұзақ жолында аса зор маңызы болды.
Қазақ мемлекеті құрылуының объективті себептері мен шарттары осы жағдайлар болды. ірі этникалық-әлеуметтік қауымдастықтың өзінің біртұтас әлеуметтік-аумақтық мемлекеттік ұйымын құруға ұмтылуы соңғы уақытқа - ұлттардың құрылу кезіне тән.
Қазақ хандығының пайда болуы Жетісу мен Түркістанның, Шығыс Дешті Қыпшақтың кең аумағындағы әлеуметтік-экономикалық процестердің заңды қорытындысы болды. өз кезеңінде Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ақ Орда шеңберінде жергілікті этникалық негізде мемлекеттің даму тәжірибесі қалыптасып жатқан біртұтас халықтың саяси жағынан бірігу қажет екенін түсінуіне жәрдемдесті.
Қазақстан даласы көшпелі қоғамның дамуы да, көшпелілер мен жартылай көшпелілердің отырықшылануы сияқты нәтижелері осы бағытта болды. соғыстар мен талас-тартыстардың, жұттардың салдарынан қатардағы көшпелі малшылардың күйзеліске ұшырауы, әсіресе оларды Сырдария қалалары мен Жетісу ауданында, яғни ежелгі егіншілік мәдениеті ауданында отырықшы болуға амалсыздан әкеп соқтырды. Жерге отырықшыланған бұрынғы көшпелілер түркі тілді, араб тілді және басқа тілді өзге де этникалық қауымдастықтарға жататын жергілікті тұрғындармен шаруашылық, этникалық және мәдени байланыстар жасап, өз ерекшеліктері бар этникалық топтар құрады. Қазақ хандығының құрылу себептері әлеуметтік-экономикалық факторлардың тұтас кешенінде, қоғамдық қатынастардың одан әрі дамуында жатыр. Әбілқайыр хандығында, Ақ Орда мемлекетінде, Ноғай Ордасы мен Моғолстанда мемлекеттік даму, шаруашылық, мәдениет саласында моңғолдар жаулап алуының теріс зардаптарын біртіндеп жоюмен бірге ХІҮ - ХҮ ғасырларда қазақ халқының одан әрі бірігу, топтасу процесі жүріп жатты. Бұл мемлекеттердің бәрінің - Қазақ хандығы ізашарларының құрылуы прогресшіл болғаны күмәнсіз. Қазақ хандығы алғашқы уақыттарда Шу мен Талас алқаптарын, Батыс Жетісу жерін иеленді. Ол Орталық және Оңтүстік Қазақстаннан қоныс аударған қазақ рулары мен тайпалары сияқты жергілікті тұрғындарды да біріктірді.
Қазақ халқының түрлі бірлестіктерге бытырап, бөлшектенуін жоюда Жәнібек пен Керейдің алатын үлесі зор. Олардың Шыңғыс ұрпақтарымен тайталастығы әлеуметтік мүдделері топтасқан халықтың дербес мемлекет құруға ұмтылысын бейнелейді. әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның әлсіреуі мен ыдырауы жағдайында аймақтың рулары мен тайпаларының ең ықпалды көсемдері тәуелсіздікке ұмтылды. Олардың көбі алғашқы қазақ хандырының біртұтас мемлекет құру мен оны нығайтуға бағытталған әрекеттерін қолдады. Ортағасырларда Қазақстан аймағында қазақ мемлекетінің өмірге келіп, дамуы жолында аса зор ма, ызы болды.
ХҮІІ ғасырға дейін Қазақ хандығы бірде берік, бірде босаң тіршілік еткен. Ол өмірге келу, өркендеу, құлдырау кезеңдерін бастан кешірді, ал ХҮІІІ ғасырда жеке хандықтарға ыдырап кетті. ХҮ - ХҮІІ ғасырларда Қазақ хандығының жайлаған әр кезеңде қазақтардың этникалық аймағынан кем болды. хандықтың басқарушылары өз бетінше дербес сыртқы саясаттарын жүргізген, Орта Азия елдері, Ресей мемлекетімен бейбіт қарым-қатынастар, мәденри және шаруашылық байланыстар жасаған. ХҮ -ХҮІ ғасырлар басында Қазақ хандығы экономикалық жағынан нығайып, қазақтардың этникалық аймақтарының көп бөлігін өзіне қосып алды. әбілқайыр дүние салясымен қазақ хандары бірден даладағы билікті өз қолдарына алу үшін қырқысты. Олардың басты жаулары Әбілқайырдың мұрагерлері, яғни оның ұлы Шайх-Хайдар мен Мұхаммед Шайбани атта немересі болды.
Сырдария өңірі мен Қаратау - қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. жәнібек пен Керей хандар бірінші кезекте өздері үшін мұралыққа қалған осы жерлерге, соның ішінде Созақ, Сығанақ және басқа қалаларға деген құқықтарын бекітуге талпынды. Сырдария алқабындағы қалалар далалық аудандар халықтары үшін сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары болды; ол қалалар өз заманы үшін тамаша бекіністерімен ұзақ мерзімді қоршауға төтеп алар еді. Қалыптасқан дәстүр бойынша олар Қазақстан өлкесіндегі бұрынғы мемлекеттік құрылымардың әкімшілік-саяси орталықтары болатын. Сырдарияның төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін бағалы қысқы жайылымдар ретінде қажет-тұғын. Алайда бұл жайылымдарды тек осы аймақтың тұтқасы іспетті - бекініс -қалалар Қаратау мен Түркістанға қожалық ету арқылы ғана пайдалануға болатын.
Хандық құрылғаннан кейінгі алғашқы жылдардың өзінде-ақ қазақ хандарын Сырдария аумағындағы қалалар мен тұтас Түркістан үшін күрес жүргізуге итермелеген жоғарыдағы себептер олардың Шығыс Дешті Қыпшақта Шайбанилердің билігін қайта қалпына келтіруге әрекеттенген жауы Мұхаммед Шайбаниге де толығынан қатысты еді.
ХҮ ғасырдың аяқталар тұсындағы күрестің қорытындысы - Қазақ хандығы құрамына Созақ, Сығанақ, Сауран қалаларын қосып алу болды. Мұхаммед Шайбани өз қолында Отырарды, Асыны, Үзгенді ұстап қалды, соларға әрі өзін қолдаушы Дешті Қыпшақтың өзбек тайпаларына сүйеніп, ол Мауңараннахрдың Темір әулетін жеңе алды.
Қазақ хандығына Сырдария алқаптарының бір бөлігін қосып алу қазақ хандарының елді тұтас біріктіру жолында табысқа жетуінің кілтіне айналды. ХҮ ғасырың аяғында мемлекеттерінің бастапқы шекаралары кеңейе түсті. Оған Батыс Жетісумен, Оңтүстік Қазақстандағы жоғарыда көрсетілген қалалармен бірге далалық өңірлерімен Қаратау аумағы, Сырдария мен Солтүстік Арал алқаптары, Орталық Қазақстанның көп бөлігі енді. ХҮІ ғасырдың басында Қазақ хандығы іс жүзінде алдағы өткен Ақ Орданың жеріне және Моғолстанның бір бөлігіне ие болды.
Қазақ хандығы өзінің ең жоғарғы қуаттылығына ХҮІ ғасырдың бірінші ширегінде, әсіресе Қасым хан (1512-1521 ж. ж. ) тұсында жетті. Іс жүзінде ол елді Мұрындық кезінде-ақ басқара бастады. Оның басқаруынан бастап билік жүргізу Жәнібек ұрпақтарының қолына көшті. Ол қазақ жерінің кең байтақ далалық кеңістігінде өз үстемдігін орнатты. Қасым қайтыс болғаннан кейін, 20-жылдары Жошы әулеті сұлтандарының өзара талас-тартыстары Қазақ хандығын уақытша әлсіретіп тастады. өзара тартыста Қасымның мирасқоры Мамаш хан қазаға ұшырады. Хандық тыныс-тіршілігінің қолайсыз факторына өзбек және моғол әкімдерінің қазақтарға қарсы құрған одағын да жатқызуға болады.
Қазақ ханы Ақназардың әрекеттері табысты болды. Ақназар өзінің әкесі Қасымның тұсындағы Қазақ хандығының көлемді аумағын құраған жерлерге деген қазақтардың құқын қайта қалпына келтіруге тырысып бақты. Бірақ сыртқы саяси ахуалдың ауыр жағдайында бұл міндет тұтас алғанда орындалмайтын болып кетті. Оның тұсында қазақ даласы шекараларына Қазан, Астрахань және Сібір хандықтарын жаулап алғаннан кейін Орыс мемлекеті жақындай түсті. Ендігі жерде қазақтардың ханы Жәнібек ханның ұлы Шығай болды. өзінің ұлдарымен бірге ол да өзбек ханына қолдау көрсетті.
Қазақтың жаңа ханы, Шығай ханның ұлы Есімнің алатын орны зор. Есім билік еткен жылдары қазақ хандығының құрамына қалалармен бірге Түркістан аймағы, Ташкент және Ферғана кірді. Соғыс қимылдары, жауластардың тонаушылық шапқыншылықтары сауда жасауға кесірін тигізді және мал шаруашылығымен айналысатын далалық аудандардың экономикалық жағдайына кері әсер етті.
ХҮІІ ғасырда Қазақстандағы ішкі саяси өмір тұрақтылығымен ерекшелене қоймады. Қазақ хандығы барған сайын бөлшектене түсті, алауыздықтар күшейді. Көшпелі ақсүйектердің әр түрлі топтары өзара бақталастыққа берілді.
Тәуке хан (1680-1718 ж. ж. ) билік еткен кезеңде Қазақ хандығының нығайтылуы, қазақтардың қырғыздармен және қарақалпақтармен одақтасуы жоңғарлардың қазақ жерлеріне шабуылын уақытша бәсеңдетті.
Қазақстандағы экономикалық және саяси ауыр жағдайға тынымсыз созылған өзара талас-тартыстар, Орта Азия билеушілерімен қарым-қатынастың тұрақсыздығы себепші болды. Бытыраңқылық жағдай және Қазақ хандығының әлсірей бастауы тек мемлекеттік, хандарға бағынышты жерлердің тұтастығына ғана емес, сонымен бірге этникалық тұтастыққа да кері әсер етпей қалмады. Билік жүргізіп, иелік жасау үшін жайылымдық жерлер мен қалалар үшін бақталастыққа түскен хандардың, сұлтандардың, тайпалар ақсүйектері топтарының өзара ұрыс-таластары қоғамдық-мәдени дамудың қарқынын бәсеңдетті.
Қазақстан аймағында мемлекеттіліктің нығаюы үшін жағдай туғызуға, оны халықтың ата қонысы жерлерінің көмегімен тиімді қорғап қалуына кедергі келтірді. Тәуке ханға ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды аздап бірыңғайландыру сәті түсті. Хандық өкімет билігінің беделін көтеріп, ақсүйектердің бөлініп, оңашалануын тоқтату, халықты біріктіру үшін шараларды іске асырды, оның тұсында құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылымның негізгі принциптерін айқындайтын әдеттегі құқықтың «Жеті жарғы» деп аталатын нормалар жиынтығы жасалды. Ол көрші мемлекеттермен одақтасудың және бейбіт қарым-қатынас орнатудың жолдарын іздестірді. Заңдардың бұл жинағында әкімшілік, қылмыстық, азаматтық, құқық нормалары, салықтар, діни көзқарастар және т. б. туралы ережелер белгіленді. Онымен хандықты басқару тәртібі айқындалды, хан мен билердің пайдасына әртүрлі алымдар жинау заңдастырылды, жасаған қылмыстары үшін қолданылатын жаза түрлері белгіленді. Тұтас алғанда әдеттегі құқық нормалары жеке меншіктілікті қорғауға, қазақ ақсүйектерінің артықшылық парасаттарын жақтауға бейімдендірілді. Жеті жарғыны құрастыруға барлық қазақ жүздерінің өкілдері қатысты.
Ноғай Ордасы ХІҮ ғасырдың аяқ кезінде Алтын Орданың ыдырауы нәтижесінде пайда болған мемлекеттік бірлестік. Ноғай Ордасы ХІІІ ғасырдың екінші жартысында бөлектене бастады. Ноғай Ордасындағы үстем тайпа маңғыттар болды. «Ноғай», «ноғайлықтар», «Ноғай Ордасы» деген терминдер әдебиетте алғаш рет тек ХҮІ ғасырдың басында ғана пайда болды, ноғайлар өздерін маңғыт деп, ал өз ұлысын «Маңғыт жұрты» деп атаған. Оларды көрші халықтар осы атпен білді.
Ноғай Ордасының негізін Едіге қалаған болып табылады. Ноғай Ордасында бүкіл саяси билік пен экономикалық өмір шын мәнінде Едіге ұрпағы маңғыт әмірлерінің қолында болды және оны рудағы жасы үлкендігіне қарай мұраға қалдырып отырды. Алтын Ордадан бөлектенген бірқатар иеліктердің аумақтарында Шыңғыс ұрпақтарынан қайсыбір адамды хан көтеру Едіге ұрпақтарының келісімінсіз жарамсыз деп танылатын дәстүр болды.
Ноғай Ордасы ХІІІ ғасырдың ІІ жартысында Алтын Орданың әскери қолбасшысы ноғай әскерінің құрамына енген тайпалар мен маңғыт тайпаларынан құралған. Ноғай Ордасының құрамына маңғыттармен бірге қоңырат, найман, арғын, қаңлы, алшын, қыпшақ, кенгерес, қарлұқ, алаш, тама және басқа да рулар енді. Олардың басшылары арасында билік пен көшіп-қонатын жер үшін үнемі күрес жүріп жатты. Алтын Орданың қираған тамтығынан құрылған басқа бірлестіктер сияқты, Ноғай Ордасы да этникалық құрылым емес, көбіне саяси құрылым болды. ноғай Ордасын мекендеген тайпалар қазақ халқы қалыптасуының күрделі этникалық процесіне тікелей қатысты болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz