Мектепте қазақ тілін бастауыш сыныптарда оқытудың өзіндік ерекшелігін қарастыру
ЖОСПАР
І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Қазіргі мектептегі шығармашылық сабақтар
2.2 Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын
инновациялық әдістер
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Тақырыптың өзектілігі. Интеллектуалдық мүмкіндікті қалыптастырудың міндеті қандай да бір елдің болашағын, оның ғылымын, мәдениетін, өнерін, технологиясын анықтайтын оның жалпы орта білім жүйесінде жатыр.Бұл орайда қазақстандық ғылымның, экономиканың және мәдениеттің нәтижесі жақын арада бәсекелестікке қабілетті ғылымды, экономиканы және рухани байлықтарды құрай алатын мамандардың жаңа ұрпағын дайындай алама, соған байланысты. Бүгінгі таңда ұлттық саясатқа сәйкес келетін жоғары білікті мамандарға қойылып отырған бұл талаптар сол талаптар, ғылыми-әдістемелік, орта мектептің технологиялық қамтамасыз ету проблемаларын маңызды етіп отыр, өз кезегінде, бұл жалпы білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандартын жетілдірумен және әзірлеумен тығыз байланысты.
Білім беру мазмұнының басты мақсаты- жан-жақты дамыған және бір тұтас тұлғаны тәрбиелеу құралы мен шарты болу, оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту және сол арқылы өмірдің әр саласында еркін және жауапты ойлау және әрекет ету, әр түрлі жағдайда әрекетшіл болу қабілетін сіңіру.
Проблеманың шешілуін, «оқушыға білім беру» сияқты кең тараған білім беру ұғымының өзгеруінен көреміз. Оқушы дәстүрлі оқытуда алғашқыда «білім алады», сонан соң оны қолданады, соның ішінде шығармашылықпен де. Жеке білімді, сондай-ақ жалпы адамзат білімін жетілдіру өзіңде бар білімдермен танысқаннан кейін ғана мүмкін деп саналады. Зерттеу нәтижелері оқушы ең алдымен өзінің жеке білімінің мүмкіндігіне және белгілі бір қызмет технологиясына сүйене отырып, өмірдің зерттеліп жатқан саласындағы білімді айқындауға қабілетті екенін көрсетті. Оқушының алған қызметінің (гипотеза, шығарма, ұқсастыру және т.б.) нәтижесі мәдени-тарихи ұқсастықпен салыстырылады, соның нәтижесінде аталған нәтиже қайта зерделенеді, жаңа қызметті қажет ете отырып, толықтыра немесе қайта жасайды. Оқушының жеке білімінің жетілуі (оның білімі, сезімі, қабілеттері, тәжірбиесі, материалдық өнімі) бұл жағдайда сөзсіз қажет. Кейде бұл жетілу жалпы мәдени жетілумен бірдей әрекет етеді, онда оқушы олардың толық құқықты қатысушысы ретінде мәдени-тарихи процеске енген болып шығады . Мұғалімнің міндеті – оқушыға адамзат баласының жалпы жұртшылық таныған жетістіктеріне қатысты және оның өсіп жетілуіне бағытталған өз білімінің жеке аясын құруға көмектесу. Бұл міндетті шешу білім беру қызметін ұйымдастырудың ерекше әдіснамасы болуын көздейді.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі.—Мектепте қазақ тілін бастауыш сыныптарда оқытудың өзіндік ерекшелігін қарастыру мәселесі жүйелі, күрделі зерттеу жұмыстарына нысана болмаса да ғылыми мақалаларда қарастырылып жүрген мәселе.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері
Мектепте жас ұрпақты өзінің ана тілімен сусындату бүгінгі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі.Сондықтан да қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын тиімді әдістерді қарастыру басты мақсатымыз болып отыр Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынадай нақты міндеттер қойдық:
• Қазіргі мектептердегі шығармашылық сабақтар туралы ой түю;
• Қазақ тілі сабақтарының өзіндік сипатын саралау;
• Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын инновациялық әдістерді көрсету;
Жұмыстың практикалық және теориялық мәні. Жұмыста жасалынған тұжырымдар мен нәтижелерді мектептерде қазақ тілін оқыту барысында пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады.Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

1.Абылқасымова А.Е Основные направления совершенствования системы среднего образования в Республике Казахстан //Проблемы обновления школьного образования: Материалы междунар. Научно-практич. Конференций. Бишкек, 2000. Ч.1.С.20-26
2.Оралбаева Н, Жақсылықова Қ Орыс мектептеріндегі қазақ тілін оқыту әдістемесі. А,-1996
3.Құрманғалиева С. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту. А,-1995
4.Шоразова Қ Текспен жұмыс //Қазақ тілі мен әдебиеті №8 2000
5.Адамбаева Ж. Мәтін бойынша тіл дамыту // Қазақ тілі мен әдебиеті №2 2002
6. Адамбаева Ж. Мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлері // Қазақ тілі мен әдебиеті №2 1994
7.Ермұханова З. Тіл дамытудағы мәтінмен жұмыс // Қазақ тілі мен әдебиеті №5 2001
8.Шарипова. Мәтінмен жұмыс //Бастауыш мектеп №11 2002
9.Табиева Ғ. Бастауыш сыныптарда мәтінмен жұмыс //Бастауыш мектеп №1 2001
10.Мақпыров. Мәтін арқылы оқушы тілін дамыту «Ізденіс» №6 1998

Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Қазіргі мектептегі шығармашылық сабақтар
2.2 Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын
инновациялық әдістер
ІІІ Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Интеллектуалдық мүмкіндікті қалыптастырудың
міндеті қандай да бір елдің болашағын, оның ғылымын, мәдениетін, өнерін,
технологиясын анықтайтын оның жалпы орта білім жүйесінде жатыр.Бұл орайда
қазақстандық ғылымның, экономиканың және мәдениеттің нәтижесі жақын арада
бәсекелестікке қабілетті ғылымды, экономиканы және рухани байлықтарды құрай
алатын мамандардың жаңа ұрпағын дайындай алама, соған байланысты. Бүгінгі
таңда ұлттық саясатқа сәйкес келетін жоғары білікті мамандарға қойылып
отырған бұл талаптар сол талаптар, ғылыми-әдістемелік, орта мектептің
технологиялық қамтамасыз ету проблемаларын маңызды етіп отыр, өз кезегінде,
бұл жалпы білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандартын
жетілдірумен және әзірлеумен тығыз байланысты.
Білім беру мазмұнының басты мақсаты- жан-жақты дамыған және бір тұтас
тұлғаны тәрбиелеу құралы мен шарты болу, оқушылардың шығармашылық ойлауын
дамыту және сол арқылы өмірдің әр саласында еркін және жауапты ойлау және
әрекет ету, әр түрлі жағдайда әрекетшіл болу қабілетін сіңіру.
Проблеманың шешілуін, оқушыға білім беру сияқты кең тараған білім
беру ұғымының өзгеруінен көреміз. Оқушы дәстүрлі оқытуда алғашқыда білім
алады, сонан соң оны қолданады, соның ішінде шығармашылықпен де. Жеке
білімді, сондай-ақ жалпы адамзат білімін жетілдіру өзіңде бар білімдермен
танысқаннан кейін ғана мүмкін деп саналады. Зерттеу нәтижелері оқушы ең
алдымен өзінің жеке білімінің мүмкіндігіне және белгілі бір қызмет
технологиясына сүйене отырып, өмірдің зерттеліп жатқан саласындағы білімді
айқындауға қабілетті екенін көрсетті. Оқушының алған қызметінің (гипотеза,
шығарма, ұқсастыру және т.б.) нәтижесі мәдени-тарихи ұқсастықпен
салыстырылады, соның нәтижесінде аталған нәтиже қайта зерделенеді, жаңа
қызметті қажет ете отырып, толықтыра немесе қайта жасайды. Оқушының жеке
білімінің жетілуі (оның білімі, сезімі, қабілеттері, тәжірбиесі,
материалдық өнімі) бұл жағдайда сөзсіз қажет. Кейде бұл жетілу жалпы мәдени
жетілумен бірдей әрекет етеді, онда оқушы олардың толық құқықты қатысушысы
ретінде мәдени-тарихи процеске енген болып шығады . Мұғалімнің міндеті –
оқушыға адамзат баласының жалпы жұртшылық таныған жетістіктеріне қатысты
және оның өсіп жетілуіне бағытталған өз білімінің жеке аясын құруға
көмектесу. Бұл міндетті шешу білім беру қызметін ұйымдастырудың ерекше
әдіснамасы болуын көздейді.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі.—Мектепте қазақ тілін бастауыш
сыныптарда оқытудың өзіндік ерекшелігін қарастыру мәселесі жүйелі, күрделі
зерттеу жұмыстарына нысана болмаса да ғылыми мақалаларда қарастырылып
жүрген мәселе.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері
Мектепте жас ұрпақты өзінің ана тілімен сусындату бүгінгі ұстаздар
қауымының алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі.Сондықтан да қазақ
тілін оқыту барысында қолданылатын тиімді әдістерді қарастыру басты
мақсатымыз болып отыр Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынадай нақты
міндеттер қойдық:
• Қазіргі мектептердегі шығармашылық сабақтар туралы ой түю;
• Қазақ тілі сабақтарының өзіндік сипатын саралау;
• Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын инновациялық әдістерді көрсету;
Жұмыстың практикалық және теориялық мәні. Жұмыста жасалынған тұжырымдар мен
нәтижелерді мектептерде қазақ тілін оқыту барысында пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады.Соңында
пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

Білім жүйесінде мектеп негізгі топ болып табылады, онда шығармашылық ой-
өрісі және жалпы адамгершілігі бар адамдар тәрбиеленуге тиісті.
ХІХ ғасырда француз психологы Рибо былай жазған: Егер де ойлау
шығармашылығына оқытуға болатын болса, онда етікшілерге қарағанда
өнертапқыштар көп болар еді. Мұндай көзқарасты жақтаушылар шығармашылық
қызметтің табиғи алгоритмделмегенін де жақтайды. Бұл ұстанымның
қарсыластары да бар. Олардың ойынша шығармашылыққа, оның ішінде
өнертапқыштыққа үйренуге болады.
Шығармашылық жөніндегі мәселені жандандырудағы белгілі жаңылыс мектепте
оның практикалық мүмкіндіктегі шешімі шығармашылықты әр түрлі белгілермен
араластырып, оның біркелкі негізін ұстамай жиі қарастыратындығынан шығады.
Не оның нәтижесі бойынша (жаңа сапалыны жасауға), не шығармашыл адамдардың
мінезіне қарай (жинақылық, қиындықты жеңе білу және т.б.), не оқытудың
тәсілдері бойынша, тәсілдердің әр түрі неге үйрететінін талдамай, не бұл
қызметтің эмоционалдық бояуы бойынша, не оның процестік сипаттамасы бойынша
көрсетеді.
Егер нәтиже бойынша шығармашылықтың кеңінен танымал анықтамасын алсақ ,
онда мектепке дейінгі балаларды айтпағанда, оқушылардағы шығармашылықтың
түп нұсқасының бір де бір актісін мойындауға болмайды. Тіпті жоғарғы оқу
орындарында да студенттерді негізгі шығармашылық қызметке те к кейінгі
жылдарда ғана, онда да олардың ең таңдаулысын ғана кірістіре бастады.
Мұндай әдісте бір-біріне байланыссыз, бір ғана нәтижеге келтіргендердің
шығармашылық табыстарын мойындауға болмайды.
Шығармашыл адамдардың мінез-құлықтарындағы белгілерді де есепке алу
нәтижесіз. Жинақылық, ұқыпсыздық , қажырлылық соларда ғана кездеспейді.
Мұның бәрі ескеруге жатады , бірақ нағыз шығармашылық процеске үйретпейді.
Адамды өнертапқыштыққа үйретудің бір ғана жолы бар – шығармашылық процеске,
яғни шығармашылық қызметтің мәнін құратын сол құрылымдарға оны үйрету,
Қалғандары көмекші қызметін орындайды.
Шығармашылық процедуралар:
1.Бұрын меңгерілген білімін және білігін жаңа жағдайда дербес көшіру.
2.Таныс жағдайдағы проблеманы көре білу.
3.Обьектінің жаңа қызметін көре білу.
4.Обьектінің құрылымын анықтау.
5.Шешімнің немесе оның әдістерінің баламасын көре білу.
6.Бұрын меңгерілген қызмет тәсілдерін пайда болған проблемаға үйлесімді
қолдану.
Мектептің және жоғары оқу орындарының шетелдік және отандық
педагогикасында шығармашылық қызметті енгізетін көп тәсілдер мен түрлер
жинақталған. Мектепте талқылаудың әр түрлі үлгісі қолданылады – топтық,
дөңгелек үстел, семинардағы пікір-сайысы. Шығармашылықтың осы түрлерімен
қатар, жоспар құруға ұсыныс және қызықты адамнан сұхбат алу болып табылады.
Шамаға шақ жоспарлауды кірістіру орынды (мысалы, көрмелер, коллекциялар,
газеттен өз бетінше іріктеп алынғанды талдау және т.б.)
Шығармашылықтың түрі болып, әсіресе, жоғары сыныптарда ойын болып
табылады. Бұл ойын әр түрлі бағыттағы саясаткерлердікі, ғылымның әр түрлі
ілімін жақтаушылардікі немесе қалалық проблемалар туралы әр түрлі пікірлер
жөнінде.
Қазіргі заманда шығармашылық тәрбиенің шешуші басты шарты интеллектінің
дамуы болып табылады.
Тұлғаның іскерлік сипаттамаларына интеллект саласында мазмұндай
білетін, ақпарат берсе, құбылыстың құндылығы мен қорытындыларды анықтау,
проблемаға бейімделе білу және ұмтылу, оның күйі, елеулі емес және орташаны
анықтау қабілеті, жинақтау, элементтен құрылым жасау, елеуліні іздеуге
бағдар жасау, айыра білу, талдау және басқалар жатады.
Шығармашылық қабілеттердің дамуы қаланатын, дамыған интеллект,
интеллектілік біліктілікті меңгеру негіз болып табылатынын ұғыну қажет.
Шығармашылқты тәрбиелеу тұлғаның интеллектуалдық аспектісін ғана емес,
оның психологиялық, мінез – құлық ерекшеліктерін де көздейді.
Оған жігерлілік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қажырлылық пен
табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі , ынтымақтастыққа, қажырлы
еңбекке қабілеті, бұлыңғыр, белгісіз жағдайдағы сенімділік, ақиқатты
іздеуге және қарым-қатынастағы адалдық жатады. Әр аудиторияда әр оқушыға
байланысты мұғалім өзінің мақсатқа жету жолдарын іздейді. Ол оның үстіне
басты шартты – аталға қасиеттерді көрсетуге тырысады.
Өз бетімен білім алу тұлғаның шығармашылық сапасын дамытудың негізі
болып табылады. Мектеп жылдарында оқушылардың көпшілігінде негізгі
біліктілікті тәрбиелеуге болады, шы,армашылық сапасын құратын, жоғарғы
мектепте – оны едәуір дамытып, бірақ шығармашылық тұлғаның нақты қалыптасуы
бүкіл өмір бойына өз бетімен білім алу процесінде өтеді.
Оқушыларды жоспарлы жұмыс істеуге және өз жұмысының нәтижесін өзі
тексеруге, оларды тапсырманы орындаудың тәртібі мен әдістерін анықтай
білуге, сабақта, бір күнгі, апта ішіндегі, ай ішіндегі өз жұмысын жоспарлай
білуге ұсынылған критерийлер негізінде өз жұмысының нәтижесін талдау мен
бағалауға, сондай-ақ мұндай критерийлерді өздері жасауға үйретуді көздейді.
Шығармашылық бастаманы дамыту аудиторияда белгілі бер адамгершілік
және эмоцм\ионалдық ахуалды қалыптастырмай мүмкін емес. Шешуші рөлді
мұғалімнің ұстанымы, оның шығармашылық ынтасы , мейірбандығы, еркін ойлау
мүмкіндігін жасауы және өзін-өзі көрсетуі ойнайды.
Бұл мақсатқа жетудің көп тәсілдері бар:
-Бастапқыда түсінуге оңай шығармашылық тапсырмалар беру керек;
-Жақсы белгілі нәрсені жаңаша жеткізуді сұрау;
-оқушылардың іс-әрекетіне қызығушылық таныту;
-көптеген жауаптардың нұсқасын мадақтау және көрсету;
-оқылғанның және жасалғанның тұлғалық мен ашу;
-алыдн ала таң қалу мен күлу сезімін мадақтау, сабақта күту сезімін
қолдау;
-білетінді білместей етіп білу (басқа біреудің көзқарасымен);
-шектеулі берілгенге болжау жасау;
-арақатысты еместі көрінуі бойынша арақатыстығы белгілеу;
-қателік жіберілгеннен кейін, кінәлау сезімін көрсетпеу керек;
-тіпті жиі қате боса да, жауаптың маңызын көтеру, оның тиімді бөлігін
табу және басқа.
Шығармашылық мүмкіндік ті қалыптастырудың маңызды міндеті дарынды
балалармен , оларды табумен және мадақтаумен, олардың өзін-өзі жоғары
дәрежеде дамытуға жағдай жасаумен байлансты болып отыр.
Дарынды балалар- бұл қандайда бір салада: математикаға , физикаға, ән-
күйге, гуманитарлық пәндерге т.б. жоғары қабілеттіліктерін көрсетеді.
Олардан айырылуға болмайды және оларда қиялды, елестетуді дамытуға жағымды
жағдайлар жасау керек, жалғыздыққа деген қажеттілікке қанағаттандыру үшін,
тапжылмай жұмыс істеу мүмкіндік терін, бір жақты ынтаны бір мезгілде
қанағаттандыру керек, салалардағы жұмысты жеңілдету керек, мұнда
жетістіктер көп емес, бірақ оларға қызығушылық жоқ, басқаға бейімділік ашық
көрсетілген.
Сонымен, шығармашылыққа мынларды да үйретуге болады:
1) Шығрмашылық қызметінің, оның ерекше мазмұны құратын ,
бағдарламаға және оқулыққа, біліммен және қызметінің жүргізу
жағын айыру қажет. Бұл жете түсіну- шығармашылық мүмкіндігі
мақсатты бағытталып дамыған басты алдыңғы себеп;
2) Одан басқа шығармашылық мүмкіндікті қалыптастыру тәсілдері,
оның шарты , тұлғаның ерекшелік белгісі және проблемалық
тапсырмалардағы шығармашылық қызметтің белгілеу түрлерін
айыру керек. Бұл категорияларды араластыруға болмайды,
өйткені бұл жұмысқа зиян келтіреді: проблемалық тапырмалардың
жүйесін және оның көрсеткіштерін ескермейді, процестің
стихиялығын қолдайды;
3) Адамгершілік-психологиялық ахуалға, оқыту тәсілдерінің әр
түрлілігіне, тапқырлық көрсету түрлеріне ерекше назар аудару
керек;
4) Дарындыларды табу және мадақтау – мектептің табанды міндеті;
5) Шығармашылыққа үйрету керек және біздің қоғамымыз үшін оны
бірінші кезекте міндеттердің бірі ретінде алдымызға қою
қажет.
Егер сабақта және тәрбиелік жұмыстарда шығармашылық тапсырмалар басым
болса, ондай жағдайда тұлғаның шығармашылық сапасын дамыту мүмкін.
Педагогтың шығармашылығына балалардың шығармашылық деңгейі де байланысты
болады.
Білім беру жемісін құруда, оқушыларды қисынды әрекетке бастайтын,
шығармашылық сабақтың жетістігі стартты тапсырмамен анықталады.
Оқушылардың өздері орындауының шығармашылық деңгейі, тек айтылған
тапсырманың мазмұнына тәуелді екенін тәжірибе көрсетеді. Егер тапсырма
нашар берілсе немесе оның өзінің тәжірибесінің немесе негізгі ғылымның
нақты проблематикасынан түсініксіз алыс болса , онда сапалы нәтижеге жетуге
мүмкіндік аз.
Әзірлеп жатқан тапсырмаларға қойылатын талаптар:
-тапсырмалар оқу бағдарламасында көрсетілгендей нақты базалық
сұрақтарға оқудың тақырыбына немесе обьектісіне қатысты болуға тиіс;
-тапсырмалардың алдымен белгілі шешімі болмауы керек;
-тапсырманың тұжырымдамасы оқушылар үшін де, мұғалім үшін де сондай
қызықты немесе тосын болуы керек.
Ашық тапсырмаларды әзірлеуде мұғалімге оқушылар алуға тиіс нәтиже
туралы өзінің түсінігінен алшақ болу қиын болады. Оқушылардың өзіндік
жауаптарын сезіну – ашық тапсырма сапасының маңызды субьективті белгісі.
Мысалы, Ғарыш дегеніміз не екенін қысқаша жаз тапсырмасын жеті жасар бала
қысқаша былай орындады: Ғарыш*-бұл шексіздік. Оны орындау кезінде баланың
ойланған шығармашылық деңгейі тәрізді тапсырманың қиындығы маңызды емес.
Шығармашылық сабақтың базалық негізін анықтауда әр жағдайда сабақтың
үйлесімді үлгісі таңдап алынды. Шығармашылық сабақтың мақсаты оқушылардың
өзіндік білімділік нәтижесін құру болып табылады.
Шығармашылық сабақтар, әсіресе, бастауыш және орта буын сыныптарында,
қағида ретінде аралас , яғни оқушылардың қызметінің 3-4 бір-бірін
ауыстыратын түрін қосады. Жоғары сыныптарда сабақтың әрекеттік доминантасы
оны жүзеге асырудың әр түрінде біреу ғана болуы мүмкін.
Төменде шығармашылық сабақ түрлері аттарының тізімі көрсетілген.
Олардың негізінде аралас сабақтар да құрылуы мүмкін. Бұдан басқа, айтылған
шығармашылық сабақтың әрқайсысы оны құрудың шексіз жиынтық нұсқаларын өзіне
қамтиды (А.В. Хуторской)
Когнитивті үлгідегі сабақтар:
-Тәжірибе сабақ;
-бақылау сабақ;
-обьектіні зерттеу сабағы;
- ізденіс сабағы;
-зертханалық-практикалық сабақ;
-роблема қою және оны шешу сабағы;
-үсініктерді қою сабағы (ережені, заңдылықтарды, гипотезаны);
-теорияны құрастыру сабағы;
-концерт сабақ, әлем суреттемесін немесе оның бөлігін жасау;
-интенгративті сабақ;
-метапәндік сабақ;
-пәнаралық сабақ;
-философиялық талдап қорыту сабағы;
Креативті үлгідегі сабақтар:
- міндеттерді құру және шешу сабағы;
- диалог сабақ ( талқылау, пікір-талас, эвристикалық әңгіме)
- қайшылықты сабақ;
- қиял сабақ;
- өнертапқыштық сабақ;
- техникалық (ғылыми, қолданбалы, көркем, әлеуметтік, мәдени,
педагогикалық) шығармашылық сабақ;
- модельдеу сабағы;
- рәмізді – шығармашылық сабақ;
- тарихты өзгерту сабағы (тарихи оқиғаларды өз бетінше шешу);
- эвристикалық жағдай сабағы;
- жаңалық ашу сабағы;
- шығармалар;
- іскерлік ойын;
- рөлдік ойын;
- саяхат сабақ (нақты, виртуальды);
- керісінше с абақ (оқушы мұғалім ретінде);
- болашақ мектептегі сабақ;
- болжамдық сабақ;
- шығармашылық жұмыстарды қорғау сабағы;
- олимпиада сабағы;
- шығармашылық талдап қорыту сабағы;
Ұйымдастыру қызметтік үлгідегі сабақтар:
- мақсатты есептеу сабағы;
- нормативті-шығармашылық сабақ;
- жеке білімдік бағдарламаны әзірлеу сабағы;
- жеке білімдік бағдарламаны қорғау сабағы;
- топтық жұмыс сабағы;
- кеңес сабақ (бір-біріне кеңес беру);
- жоба сабақ;
- өзіне-өзі баға беру сабағы (бір-біріне баға беру)
- рефлексия сабағы;
Коммуникативтік үлгідегі сабақтар:
- бинарлы сабақ (екі мұғалім өткізеді)
- рецензиялау сабағы;
-өзара бақылау сабағы;
-вернисаж сабақ;
-көрме сабақ;
-аукцион сабақ;
-конференция сабақ;
-жарыс сабақ;
-К ВН сабақ;
-құбылыспен сот жүргізу сабағы;
-спектакль сабақ;
- дөңгелек үстел сабағы;
- панорама сабақ;
- шығармашылық есеп.
Айтылған сабақтың үлгілері оқытудың тұтас технологиясын құратын
тапсырмалар жүйелерін жасауға мүмкіндік береді.
Бұл технологияның негізінде мұғалім нақтылы сабақт арды өткізеді және
әзірлейді.
Оқушының шығармашылық қызметіне бағытталған сабақтың құру
ерекшеліктерін және кезеңін қарастырамыз.
1.Шығармашылық сабақтың жоспары – бұл мұғалімнің өзінің білім
бағдарламасын жүзеге асыру құралы. Сондықтан сабақты жоспарлау бір
тақырыпта (тарауда) тапсырмалар серияларын бірнеше сабақтарды
ойластырады, оларды мақсаты, тақырыбы бойынша шамалап бөлінуін,
қызметтің басым болған түрлерін ойдағы нәтижелері бойынша жүзеге
асырады. Пән бойынша оқудың жалпы бағдарламасында көрсетілгендей
оқушылардың басты білімділік нәтижелері қалыптасады және оқылып жатқан
тарауда жетістікке жетуі үшін жүзеге асады.
Мұғалімнің санасындағы оқушылардың шығармашылық шамасын
өзектендіру. Сабақ өткізілетін сол сыныптың оқушыларының ерекшеліктері
ұмытылмайды. Өткен сабақтың едәуір сәтті элементтері еске түседі.
Оқушылардың жағдайына ене отырып, мұғалім сезіммен және оймен
тақырыпқа байланысты олардың іс-әрекеттерін сезеді және болатын сабақ
процесіне, қажет кезінде жоспарланған мазмұнның және оқытудың
құралдарын түзетеді.
3.Мұғалім тақырыптың проблематикасына өзіндік қарым-қатынас
қалыптастырады. Бұл мақсатына оқулықпен, әдістемелік құралмен ,
кітаппен және сабақтың тақырыбы бойынша басқа материалдармен танысу
өтеді. Мұғалімнің өзіне қызықты проблемалар іздестіріледі. Оқып
білетін проблемаларға мамандардың қарама-қарсы көзқарасын немесе алуан
түрлілігін белгілеу және табу қажет. Проблеманы әр түрлі түсіну туралы
мұғалімнің алдын-ала білімі , сабақта баланың пайымындағы олардың
авторларының жеке ықпалын көруге, оқушылар ойларының өзіндік
бағыттарын ескермей ктпеуге көмектеседі.
4. Сабақтың мәні анықтау, оқылатын курс бойынша басты мақсатты
осының мәнімен арақатыстығын белгілеу. Сабақтың мәні мен оқылып жатқан
тақырып, әр оқушының санасында әр түрлі болуы мүмкін екенін есепке алу
маңызды. Оқушылардың жеке білімділік ба ғдарламасының бағыттары, игеру
саласындағы олардың ынтасы жөнінде түсінік болу пайдалы.
5.Сабақтың идеясы әзірленеді, сабақтың таңдап алынған үлгілерімен,
сонымен бірге ұйғарылған шығармашылық нәтижесімен қамтамасыз етіледі.
Оны орындауының дәл нұсқасы нұсқауы болмайтын, бір немесе бірнеше ашық
тапсырмалар ұйымдастырылады және әр оқушыға өзінің даралығын жүзеге
асыруға мүмкіндік береді.
6. Өз білімінің мазмұны оқушының дүниеге келуін қамтамасыз ететін
материал мен құралдар, іс-әрекет әдісі мен түрлері та ңдап алынды.
Ортаның оқушыларға ұсынатын түрі болуы мүмкін, олар соған әрекет
етеді.
7. Оқушылардың мүмкін шығармашылық нәтижелерінің білім
стандарттарына сәйкес келуі. Оқушылардың жоспарлайтын шығармашылық
туындысына күні бұрын мәдени-тарихи ұқсастықтар таң дап алынды.
Мысалы, сабаққа оқушылардың сандарды қосудың өзіндік кестесін құруда
мұғалім бұрынғы және қазіргі ғалымдардың құрған ұқсас кестесін
дайындайды.
8. Оқытудың әр түрлі субьектісіне қатысты сабақтың әр түрлі
дәрежедегі мақсатын нақтыландыру және жазбаша қалыптастыру. Оқушыға
қатысты мақсаттың үш деңгейіне мысал келтірейік: өзіндік
математикалық заңдылық негізінде сандық қатар құру; Өзінің мақсатын,
жұмыс тәсілін , пайда болған қиындықты қалыптастыруға үйрену,
графикалық рефлексияның тәсілін меңгеру.
9. Сабақ құрылымының бір немесе бірнеше нұсқауларын әзірлеу.
Сабақтың талапт арының бірі –сабақтың тынысы, яғни білімдік
доминантты сақтау кезіндегі оқушылардың іс-әрекетінің қарама -қарсы
түрінің алмасуы. Бастауыш мектеп оқушыларының сабағында мұндай алмасу
10-15 минут сайын болады. Мысалы, сабақтың басында 10 минут проблеманы
қарастыру болады. ; одан тапсырма беріледі және 15 минут ішінде әр
оқушы аталған проблеманы шешеді ; әрі қарай оқушылар 10 минут ішінде
өздерінің нәтижелерін бір-бірінің алдында немесе топ алдында айтады;
аяқтаушы 5 минутта жазба рефлексия өтеді - әр оқушы дәптеріне жазады ,
ол не түсінді және нені үйренеді.
10 . Сабақтың конспектісін жазу. Оның үлгілі құрылымы:
-сабақтың тақырыбы, өткізу күні;
-сабақтың түрі;
-сабақтың мақсаты;
-сабаққа материал және жабдықтау;
-білімдік фундаментальдық обьекті, оның бағытына қарай оқушылардың
қызметі жоспарланады;
-сабақтың басты проблемасы;
-шамамен минут бойынша уақытқа бөлінген оқушылар қызметінің
кезеңдері мен түрлері;
-сабақтың әр кезеңінде оқушыларға тапсырмаларды
тұжырымдау.Шығармашылық сабақтарға оны орындауының әр түрлі нұсқалары
енген жағдайында тапсырмалар беріледі, мысалы: Өз әлемінің суретін
сал;
-оқушылардың тапсырмаларды орындауының берілген нәтижелері
(нәтиженің 2-3 мүмкін нәтижесін көрсетуіңіз керек)
-қаралатын мәселе бойынша мәдени-тарихи ұқсастықт ар;
-суреттер, тапсырмалар , кестелер , схемалар , мектеп тақтасының
түрі;
оқушылардың іс-әрекеттерінің рефлексиясы бойынша тапсырма;
-сабақ нәтижесінің бағасы және бақылау түрі;
-үйге тапсырма (таңдауы бойынша әр түрлі нұсқалар немесе жеке);
-оқушыларға ұсынылған материалдар (оқулық , оқу құралы, Интернет
жүйесіндегі мекен-жайлар, т.б.)
-мұғалімнің сабаққа дайындалуында қолданылған әдебиеттің және басқа
материалдардың тізімі;
-өткен сабақтың талдау түрі , оған қатысқан оқушылар және
әріптестермен оны қарастыру қорытындысы.
Сонымен шығармашылық сабақты жоспарлауға мыналар жатады:
1. Бір тақырыпты талдау жөніндегі тапсырмалардың үлгілерін
жоспарлау;
2. Мұғалімнің санасында оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін
өзектендіру;
3. Сабақтың проблематикасына мұғалімнің жеке қарым-қатынасын
тәрбиелеу;
4. Сабақтың мағынасын анықтау;
5. Сабақтың идеясын әзірлеу;
6. Оқушылардың өнімді іс-әрекетінің материалын, құралдарын,
әдістерін және түрлерін жинау;
7. Оқушылардың мүмкін нәтижелерінің білім беру стандарттарымен
сәйкестігі;
8. Сабақтың мақсатын белгілеу;
9. Сабақтың құрылымын әзірлеу;
10. Сабақтың конспектісін (жоспарын) жазу.

Дамыта оқыту технологиясы оқушы рөліне оқу әрекетіндегі субъект ретінде
қарайды. Бұл жағынан модулдап оқыту технологиясы принциптерімен ұқсас
жақтары бар. Сөйте отырып, басты назарда білім беру емес, оқушыны дамыту
болады. Жеке тұлғаның интеллектуалдық қабілеттерін дамыта отырып,
проблемаға деген өзіндік көзқарас, пікір қалыптастыру, пікірді дәлелдей
білу қабілеттерін дамытуды көздейді. Дамыта оқыту технологиясы
репродуктивті тапсырмалардан гөрі продуктивтік, шығармашыл тапсырмаларға
көп көңіл бөледі. Оқушының негізгіні таба білу, салыстыра білу, салыстыра
отырып, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды, ортақ белгілерді шығара білу,
классификациялау, қорытынды шығару, бағалау секілді күрделі ойлау
әрекеттеріне дағдыландырады. Дамыта оқыту принципі бүгінгі күні
қазақстандық білім беру жүйесінде қолданылып жүрген барлық жаңа
технологиялардың негізіне алынған.
Марал Мәденқызы Жанпейісованың қазақстандық білім жүйесіне икемдеп
енгізген модулдап оқыту технологиясының ұстанатын негізгі принциптері:
қайта айналып келу принципі, жеңілден ауырға қарай жүру принципі,
біртұтастық принципі (принцип целостности), және толық меңгерту принципі
(принцип полного усвоения). Осы принциптерді ұстана отырып, модулдап оқуты
технологиясын тәжірибеге енгізу қазақ тілін пән ретінде, ғылым ретінде
меңгертуде өте тиімді нәтижелер беруде. Біріншіден, тәжірибеде әлі күнге
қол жеткізе алмай келе жатқан нәтиже –сыныптағы оқушыларға 100 пайыз
стандарт деңгейін меңгертуге мүмкіндік туады. Бұл үшін Блум таксономиясы
бойынша деңгейлі тапсырмаларды пайдаланып, білімді меңгеру интерактивті
түрде ұйымдастырылады. Оқыту процесін бұлай ұйымдастырудың дамытушылық
жағы, әсіресе тіл дамытуға септігі көп болады. Дәстүрлі оқыту жүйесінде тіл
дамыту жұмысымен тіл пәндері ғана айналысатын болса, интерактивті жұмыс
барысында кез келген пәнді оқыту балалардың өзара сөйлесуін ұйымдастырады.
Әрине, сөйлеу заңдылықтарын үйретпесе де, әр оқушы әр сабақта кем дегенде 5-
10 минут сөйлеуге мүмкіндік алады. Мұның өзі сөйлеу аппараттарын
жаттықтырып, сөйлеуге икемділігін арттырады. Психолингвистика тұрғысынан
алғанда мұның маңызы өте зор. Біртұтас меңгерту принципі тілдің әр тарауын
(мәселен, лексикология, морфология, синтаксис, тіл мәдениеті) жеке-жеке
емес, тілді біртұтас жүйе түрінде танып, қабылдап, меңгеруге мүмкіндік
береді. Оның үстіне сөйлеу әрекетінің 3 жағы болатынын ескереміз:
фонетикалық, лексикалық және грамматикалық. Яғни сөйлеуде тіл дыбыстарының
белгілі бір тәртіппен орналасуы бір лексикалық мағына береді. Мысалы кесе
деген сөзде 3 дыбыстың мынадай тәртіппен орналасуы -бірінші к дыбысы,
екінші е дыбысы, үшінші с дыбысы, төртінші е дыбысының қайталанып келуі –
шай ішетін ыдыс деген мағынаны берсе, осы дыбыстардың басқаша тәртіппен
орналасуы – бірінші е дыбысы, екінші с дыбысы, үшінші е дыбысының
қайталанып келуі, төртінші к дыбысы – есек-үй жануары деген мағынаны береді
Сонымен бірге белгілі бір грамматикалық форма сөздің лексикалық
мағынасына қосымша грамматикалық мағына үстейді, сөйтіп сөздерді бір-
бірімен байланыстырып, ұғым (сөз тіркесі), одан кейін ой (сөйлем)
тудырады. Сөйлеу әрекетінің осы үш жағы бір-бірімен өте тығыз байланыста
қызмет етеді. Сондықтан да оқушыларға тілдік білім (теория) беріп қана
қоймай, сөйлеу тілін меңгерту мақсат етілгенде, сөйлеу әрекетінің осы 3
қыры да бір-бірімен ажыратылмай меңгертілуге тиісті.
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту үшін модульдап
оқыту технологиясын жүйелі түрде пайдалану оқу модульдарын жасаудан
басталады. Модуль дегеніміз тұтас бір жүйенің өзінше біршама дербес бір
бөлігі. Мысалы белгілі бір сыныптағы қазақ тілі бағдарламасындағы білім
мазмұнын тұтас бір үлкен жүйе деп алатын болсақ, оның ішіндегі фонетика,
лексика, морфология, синтаксис сияқты жеке тараулардан берілетін білім
мазмұнын жеке-жеке модуль ретінде алуға болады.
Оқу бағдарламасын модульдарға бөліп алғаннан кейін әр модуль бойынша
тірек сызба конспект жасалады. Оның үлгісі төмендегідей болады. Мысалы 4
сынып бағдарламасынан Зат есім модулын алайық.
Модулдап оқыту технологиясы бойынша оқыту 3 бөлімнен тұрады.
1. Кіріспе бөлімі
2. Сұхбат бөлімі
3. Қорытынды бөлім
Кіріспе бөлімде жоғарыдағыдай алдын ала жасалып алған модулдың сызба
конспектісі бойынша оқу модулының мазмұны түсіндіріледі. Бұл сабақта көбіне
мұғалім сөйлейді. Яғни кіріспе бөлімнің мақсаты – оқу материалының толық
мазмұнымен таныстыру. Мұнда білімді сыныптың толық меңгеруі, есте сақтауы,
біліктілік дағдыларының қалыптасуы мақсат етілмейді.
Сұхбат бөлімінде оқу модулындағы барлық тақырыптар жеңілден ауырға
принципі бойынша біртіндеп, бірақ біртұтастықта меңгертіледі. Сұхбат
бөлімінің басты ерекшелігі-онда сабақтар тек қана оқушылардың интерактивті
жұмысы түрінде ұйымдастырылады. Сонымен бірге баланың жеке тұлғалық
ерекшелігіне сай жан-жақты дамуын қамтамасыз ету үшін
үнемі деңгейлік тапсырмалар беріледі.
Қорытынды бөлімде нәтиженің сапасы тексеріледі.
Енді сұхбат бөлімінде өткізілетін сабақтарда қолданылатын оқушының
шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, тілді меңгертуге арналған бірнеше
тәсілдерді береміз.
1. Мәтін құрастыр ойыны. Бұл тәсіл мәтінмен жұмыс арқылы тіл дамытуға
арналған.
Тұтас мәтін бірнеше мағыналық бөліктерге бөлінеді де, араластырып
топтарға таратылып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz