2- сыныпта математика сабақтарында халық педагогикасы элементтерін қолдану


2- СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ

Мазмұны

Кіріспе . . .

1. Халық педагогикасы жайлы жалпы ұғым және әр түрлі көзқарастар. .

1. 1. Халық педагогикасының қағидалары . . .

1. 2. Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі . . .

1. 3. Адамзат тәрбиесіндегі халық педагогикасының ролі . . .

2. Халық педагогикасының математикамен байланысы . . .

2. 1. Математика және қасиетті сандар . . .

2. 2. Математика және ұзындық өлшемдері . . .

2. 3. Математика және жұмбақтар . . .

2. 4. Математика және мақал-мәтелдер . . .

3. Ұлттық мұра сабақта . . .

3. 1. Халық педагогикасы элементтерінің оқулықтағы көрінісі . . .

3. 2. Эксперимент бөлімі . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі таңда қазақ мектебінің алдында тұрған міндеттері аз емес. Қазақстан республикасының этно - мәдени білім беру тұжырымдамасында «Бізге қажетті - жаны да қаны да қазақы, халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт - дәстүрін бойына сіңірген, туған жерін түлетуді, егеменді елімнің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу» - деп атап көрсетілгендей, егемен еліміздің елдігі мен бірлігін сақтайтын ұрпақ тәрбиелеу - қазіргі мемлекеттердің алдындағы негізгі міндеттің бірі. Өзгеріс болып жатқан бүгінгі таңда халқымыздың арғы - бергі тарихы мен дәстүрін, тарихи асыл мұраларымызды біліп, қастерлеп, бүгінімізбен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру - өмір қажеттігінен туындап отырған әрқайсымыздың перзенттік борышымыз. Сондықтан - да бүгінгі ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеу, халық педагогикасының нәрлі қайнарымен сусындату - оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі міндеттердің бірі. Бүгінгі мектеп табалдырығын аттаған әрбір бүлдіршін - ол ертеңгі қоғам иесі. Сондықтан да оқудың алғашқы сатысынан бастап оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, халық педагогикасының қайнарымен сусындату.

Сонымен бастауыш сынып білім мазмұнының теориялық деңгейін көтеру - оған ұлттық мағына бере келіп, нәтижесінде ақыл - ойы дамыған азаматтарды тәрбиелеп шығару - халықтық педагогика түрлерін тиңмді пайдаланумен байланысты.

Халықтық педагогика түрлерін сабақта лайықты, жүйелі түрде қолдансақ, олқушыларға білім беру, тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асырдық деп есептеуімізге болады. Сонымен, білім беру барысында халықтық тәлім - тәрбие түрлерін көбірек насихаттап, ұрпақ бойына ізгілік, адамгершілік жақсы қасиеттерді жүрегіне ұялатсақ, олардың өз тіліне, отанына, халқына деген сүйіспеншілігі артып өз елінің әдет - ғұрыптарын бойына сіңіруі сөзсіз. Бұл міндетті шешудің бір жолы - мұғалімдерді этнопедагогикалық даярлықтан өткізу және оған жағдай жасау. Бұл үшін ұрпақ тәрбиесімен айналысатын ұстаздар қауымы халық педагогикасының үлгі - өнегелерін оқу - тәрбие үрдісінде тиімді қолдануы тиіс.

Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердегі оқушыларға халық педагогикасының үлгі өнегелерін оқу - тәрбие үрдісінде тиімді қолдана білуі керек. Қазіргі таңда ғалымдар әр балаға жек бағытталған тәсіл керек, бала жеке тұлға, онымен әрқашан санасу керектігін айтады. Ал біздің ата - бабамыз ерте бастан - ақ балаға ерекше көңіл бөліп, өмірлік тәжірибеде ешбір тыиым салусыз-ақ өз қалауынан адамгершілік мақсат-мүддеге сәйкес әдептілікті, мысалдар арқылы дана түрде жеткізіп отырған. Оқушыларды өзінің Отанын, ұлтын, халқын қастерлеп, оған қалтықсыз қызымет етуге тәрбиелеу және адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу мақсатында күнделікті оқу - тәрбие жүйесіне халықтық педагогиканы енгізу кең өріс алып келеді. Бұл салада басқа пәндер сияқты, математика сабағының да мол мүмкіндіктері бар. Біз қай сабақ болмасын, оның үш бірдей дидактикалық мақсатқа сай жүргізілетінін білеміз. Соның ішінде оқушылардың тіл байлығын дамытатын және ойлау қабілетін қалыптастыратын даму аспектісіне баса назар назар аударуды жөн санайтын. Тақырыпты оқытуда алғашқы сабағынан бастап - ақ халықтың салт дәстүрімен байланыстыру мақсатын бірден алға қойған жөн. Халқымыздың даналығын математика сабақтарын да көрсетуге толықтай мүмкіндіктер бар. Осыны басшылыққа ала отырып мен жұмысыма келесі мақсат, міндеттер қойдым.

Зерттеудің өзектілігі: болашақ қоғам ұрпақтарын тәрбиелеу мен білім беруде баланың жас ерекшелігін ескере отырып халық педагогикасы элементтері арқылы оқушылар білімнің сапалық деңгейін арттыруға ықпалы зор болғандықтан ұлттық педагогика элементтерін математика сабақтарына енгізудің маңызы әр уақытта зор.

Болжам. Халықтық тәрбиенің, білімнің арқауы, ұлттық тәрбиенің негізі - ауыз әдебиеті мен халықтық салт-дәстүрлерге ерекше мән бере отырып оқытсақ, онда өзінің ісін, өмірін жалғастыратын, салауатты, саналы, жан-жақты қаблетті азамат тәрбиелеуге болады деп ойлаймын.

Мақсаты: Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекетіміздің білім саласындағы басты мақсаты - білімнің жаңа ұлттық үлгісін енгізу болғандықтан, осы білім саласындағы мақсатты негіздей отырып, математика мен халық педагогикасының байланысын анықтау.

Міндеті:

  • халық педагогикасының ауыз әдебиетімен байланысын ашу;
  • адамзат тәрбиесінің халық педагогикасының ролін анықтау;
  • халық күнтізбелігі арқылы математикалық жүйені көрсету;
  • қасиетті сандардың халық тәжірибесіндегі және матеамтиканы үйретудегі орны;
  • математика сабағының халық педагогикасымен байланысын көрсету.

Зерттеу тақырыбы: 2 сыныпта математика сабақтарында халық педагогикасы элементтерін қолдану.

Зерттеу нысаны: Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Баян орта мектебінің 2 сынып оқушылары.

Зерттеу мақсаты: математика сабақтарына халық педагогика элементтерін енгізе отырып, халықтық және ұлттық болмысты жалпы ата-бабаларымыздың мұраларымен үндестіру арқылы ұлттық сезімде тәрбиеленген тұлға қалыптастыру.

1. Халық педагогикасы жайлы жалпы ұғым және әр түрлі көзқарастар

«Жүрегіңмен сезбесең,

Әлемнің сырын ұқпайсың

Көзіммен көрем дегенмен

Барлығын байқап шықпайсын».

Рудаки

Қазақ халқының өте әрідегі ата - бабаларының өмір сүрген кезінен (VIғ, Түрік қағанаты) бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі - халықтық педагогика. «Халықтық педагогика» - делінген Қазақ кеңес энциклопедиясында, - тәрбие жөніндегі халықтың педагогикалық білім тәжірибесі. Халық педагогикасы - адамның жан - дүниесін тәрбиелейтін ілім. Сондықтан оны түсіну үшін жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуына кеткен уақыт пен оны тікелей адамның тегімен байланысып жатқаны жайында қысқаша шолу жасау ауадай қажет. «Халық педагогикасының негізгі түйіні еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды шеберліктерді ұрпақтан ұрпаққа қалдыру» [1. 591 бет]

Қоғамның барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайлы ұғымды анықтау, әр - түрлі ғылыми педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру проблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер айтты, өмірлік мұра қалдырды. Олар орыс педагогтары К. Д. Ушинский, Н. К. Водовозов, Г. С. Виноградов чуваш педагогы Г. Н. Волков, татар педагогы А. Ш. Гашимов, грузин педагогы А. Ф. Хинтибидзе, қырғыз ғалымы, академик А. Э. Измаилов, қазақтың жаңашыл педагогы Ы. Алтынсарин, қазақтың асқан ақыны, педагогы Мағжан Жұмабаев т. б.

Кейбір ғалым - педагогтардың зерттеу мәліметтеріне қарағанда халық педагогикасы жайлы әр түрлі ұғымдарды және көзқарастарды байқауға болады. К. Д. Ушинский әрбір елде халықтың мүддесіне, мұқтажына сәйкес өзіндік білім және тәрбие беру жүйесінің қажет екендігін айтты. Ол өзінің педагогикалық теориясында тәрбиенің ұлыстық принціпіне сүйеніп, тәрбиенің халықтық идеясын дәлелдейді. К. Д. Ушинский халық дәстүрін, әдет - ғұрыптарын, салт - дәстүрлерін, салт - санасын жақсы білген. «Дерексіздік идеяларға сүйеніп жазылған ең жақсы тәрбие жүйесін, халықтың мол тәрбиесіне негізделген тәрбиеге еш уақытта тең бола алмайды» - деп тұжырымдады ол.

XIX ғ. алғашқы жылдарынан бастап ғалымдар халық педагогикасының проблемаларына назарын аудара бастады. Белгілі этнограф және педагог Г. С. Виноградов өзінің еңбегінде халық педагогикасын жеке адамды қалыптастыру мақсатында қолданылатын дағдылар мен тәсілдердің, білім мен іскерліктің жиынтығы деп сипаттайды.

Г. С. Виноградовтың пікірі бойынша жасөспірімдерді оқыту және тәрбиелеу мақсатында халықтың көзқарасын қолданатын құралдарын халық педагогикасы деп атауға болады, өйткені халық педагогикасы халықтың өмірлік тәжірибесі.

Халық педагогикасы туралы ұғымның анықтамасы жайлы кейбір ғалымдардың, педагогтардың пікірлеріне де тоқталған жөн. А. Ш. Гашимов халық педагогикасына анықтама беру үшін тәрбие жөнінде халық идеяларына аса көңіл бөлудің қажет екенін айта келіп: «Халық педагогикасы - кең мағынада айтқанда тәрбие мәселелері бойынша халық дәстүрлерінің, әдет - ғұрыптарының, идеяларының жиынтығы», - деді. [350-351 беттер]

Е. Л. Халық педагогикасының теориялық негіздерін зерттеуші ғалым Е. Л. Христова халық педагогикасын - «халықтың таптық педагогикалық санасы» - деп, ал «дәстүрлі педагогиканы белгілі ұлттық педагогиканың санасы» ретінде қарастырады. [3. 14 бет]

Халық педагогикасымен ұзақ жылдар бойы айналысып, келелі үлес қосқан көрнекті ғалым Г. Н. Волков педагогикалық әдебиеттерге тұңғыш рет «этнопедагогика» деген ұғымды енгізген. «Этнопедагогика - халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі туралы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым. Этникалық педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ұлттық мінездегі ерекшеліктерді зерттейді. Халық педагогикасы - халықтың ауыз әдебиетінде, салт - дәстүрлерінде, ырымдарында, балалар ойындары мен ойыншықтарында мәңгі қалған педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы. Халық педагогикасы - халыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру үшін пайдаланылатын педагогикалық мақсаттың, міндеттердің әдіс құралдардың, тәсілдердің жиынтығы мен өзара байланысы» дей келе, «бұл білім мен мағлұматтар, әдетте ауызша таралады. Оның зерттеу тақырыбы - тәрбие, ал тәрбие обектісі - адам, тұлға», - дейді Г. Н. Волков.

[4. 16 бет]

Ал педагог және философ ғалым Г. Н. Филоловтың анақтамасы бойынша: «Халық педагогикасы - жергілікті халықтың қабылдаған тәрбиелеу әдіс - тәсілдері. Бұлар ұрпақтан - ұрпаққа өмір барысында білім мен дағдылар арқылы жалғасып отырады. Халық педагогикасы қоғамдық дәстүрлердің, белгілі идеологияның жалғасуын бағыттап отырады. Халық педагогикасы моральдық заңдар мен салттарда көрініс табады». [5. 16 бет]

Педагогикалық энциклопедиялық сөздікте: «Халық педагогикасы дегеніміз - ұлттар мен ұлыстардың әлдененеше ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық әдет - ғұрыптары мен дәстүрлерінің, мәдени ойлау процесінің эмпирииалық негіздегі озық үлгілерінің жиынтығы. Халық педагогикасының негізгі түйіні - еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды, шеберліктерді жас ұрпақтың бойына дарытып, адамгершілік, имандылық рухында тәрбие беру» деген анықтама берілген. [67 251 бет] . Осы анықтаманы ғылыми дұрыс анықтама деп санауға болады.

Ұшы - қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің сан ғасырлар бойғы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, ұлттың өзіндік салт - сана мен әдет - ғұрып, дәстүр рәсімдерін туғызды. Көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік - экономикалық жағдайына, мәдениетіне, тарихына орайлас жас буынға тәлім - тәрбие берудің айырықша талап -тілектерін дүниеге әкелді. Әр ұлттың өзіне тән тіршілік кәсібі, тарихы мен мәдениеті бар. Ол мәдениет сөйлеу тілінен, ойлау жүйесінен айқын көрініс табады. Сондай - ақ, ұлттық мәдени ерекшелік сол халықтың өмір сүру тәсілінен, діни наным - сенімінен, әдет - ғұрпынан салт санасы мен дәстүрінен өзекті орын алады.

Халық педагогикасының негізгі мақсаты өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбек сүйгіштікке, өнерге баулу, жанұя, ауыл - аймақ, Отанның ар - намысын қорғай білетін, жаны жайсан арлы азамат тәрбиелеу болды. Халық педагогикасы - бұл ұлттық қазына, кең өріс XIX ғасырдың екінші жартысында Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев т. б. педагогикалық ой пікірлерді дамытқан қазақ халқының ғұлама ғалымдары.

Бұл демократ - ағартушылардың еңбектеріндегі қазақ халқының әдет - ғұрыптары, салт - дәстүрлері, мақал - мәтелдері, фольклорлық жырлары мен көркем шығармалары, тілі мен мәдениеті ұлттық тәрбиенің құралына айналады.

Ы. Алтынсариннің ұлағатты сөздері, педагогикалық мұралары халық педагогикасында үлкен орын алады. Оларды қазіргі қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт - дәстүрлерінің қайта жаңарту кезінде кең мағынада насихаттау әрбір ғалымның, мұғалімнің, ата - ананың борышы болуы қажет.

Халық педагогикасын дамытуда қазақтың асқан ақыны, педагогы М. Жұмабаев үлкен үлес қосты. Ол бала тәрбиесі жөнінде көп өлеңдерінде өзінің терең педагогикалық ойларын ортаға салды. Балалық шақ әлемінде өмірді қызықты өткіз, білім алуға тырыс білімді адам ел басшысы және мейірімді, көреген азаматы бол деп тілегін білдіреді.

М. Жұмабаевтің «Педагогика» атты кітабын 1923 жылы Ташкент қаласы «Түркістан басмасөз масхамасы» шығарды. Бұл М. Жұмабаевтың ғылыми - педагогикалық зерттеу жұмысының алғашқы бастамасының бірі болды. Кітапта педагогика пәні беске бөлінеді:

  1. Жалпы педагогика. Адамның дене һәм жан күштерін тәрбиелеудің жолдарын көрсетеді.
  2. Дидактика. Оқытудың негізгі жолдарын көрсетеді.
  3. Методика. Оқытудың негізгі жолдарына мінездеп, белгілі бір пәнді қалай оқытудың жолын көрсетеді. Мысалы, мектепте қазақ тілін қандай жолмен оқыту керек екендігін үйрететін пән қазақ тілінің методикасы деп аталады.
  4. Мектепті басқару. Мектеп қалай салынуға, қалай басқарылуға тиісті, сыныптарға шәкірттерді бөлу, оқу уақытын белгілеу, осылар сияқты мектеп құрылысы жолдарын көрсетеді.
  5. Педагогика тарихы. Түрлі заманда түрлі тәрбиеге адамзат қалай қараған, қандай жолдармен жүрген, тәрбие дүниесінде қандай білімпаздар өткен, олар қандай жолдар тапқан - педагогика тарихы оларды баяндайды.

Педагогика пәнінің құрылымына қарағанда М. Жұмабаев тәрбие, дидактика және әдістемелік мәселелеріне ерекше мән берген. Әсіресе ұрпақ тәрбиесінің мақсатын айта келіп, былай деді: «Тәрбие мақсаты - адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару».

[7. 7 бет]

Жасөспірімдердің тәрбиесін халық өмірі және іс - әрекеттерімен үйлестіріп жүргізуі қажет деді. М. Жұмабаев педагогиканы ұрпақ тәрбиесінде пәрменді құрал деп атады. [8. 351-352 беттер]

1. 1. Халық педагогикасының қағидалары.

Тәрбиенің негізгі қағидаларының болуы заңды құбылыс. Халық педагогикасының негізгі қағидаларын арнайы сөз етсек олар мынадай:

  1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор арлы, өміршең азамат болуын тілеу.
  2. Баланы жастайынан еңбексүйгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу. Ол бесік жырлары мен тұсау кесер жырларынан, бата, тілек, терме өлеңдерден өзекті орын алған.
  3. Халық педагогикасында «бірінші байлық - денсаулық» деген ұғым өзекті орын алған. Рухани материалдық байлықтың негізін жеке бастың, яғни тәннің саулығына байланысты қарастырған.
  4. Халық педагогикасында адамгершілік қасиеттерді баланың бойына дарыту, ізгілікке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар - ожданды қастерлеу баксты қағида болып есептелген. «Жаным - арымның садағасы» деп арды адамгершілік қасиетінің үлгісі санаған.
  5. Гуманизм мен патриотизм - халықтық тәрбиенің басты қағидаларының бірі.
  6. Елді, жерді қорғайтын, еңбек ететін азамат болу үшін денені шынықтыру қажет. Халық педагогикасында «шынықсаң шымыр боласың» деп ой қорытқан ата - бабамыз дене тәрбиесіне баса көңіл бөлген.
  7. Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен ғылым деп түсінген халқымызға «Өнерлі өлмейді», «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» дегенді насихаттаған.
  8. Адам өмірі мәңгі табиғат құшағында өтетін болғандықтан, ата - бабамыз өз ұрпағын ағаш бесіктен жер бесікке жеткенше табиғи ортаны аялауға тәрбиелеп келген.

Ал бұл қағидалар, сайып келгенде «сегіз қырлы, бір сырлы», мінезі майда, ары таза, тәні сау, өнегелі - өнерлі, жан - жақты жетілген «толық адам» тәрбиелеуді көздеуден туған. Қазақ халқы үшін сегіз қырлы азамат дегендер: еңбек сүйгіш, бауырмал, батыр, өнерлі, өнегелі, шыншыл, әділ, адал болуды білдіреді.

Нағыз шынайы азамат тәрбиелеудегі бар халықтың талап, тілегінің ұштасып келуі ұрпақ тәрбиелеудегі мақсат бірлігінен туындап отыр.

Енді халықтық тәрбиенің осы басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысына тоқталар болсақ.

  • Халық педагогикасында тәрбие ісін баланың жас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді талап еткен. Мәселен, «Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала» деген мәтел баланы еркін тәрбиелеудің, көмекшім деген үмітпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттігін меңзейді.
  • Халық педагогикасында тәрбие ісін әр баланың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуді ескертеді.
  • Халық педагогикасы баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата - ананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған. Өскен ортаның тәрбиесіндегі жері жөнінде А. С. Макаренко, Н. К. Крупская, А. В. Лухоминский, А. Құнанбаев, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев сынды ұлағатты ұстаздардың ой - пікірлері де халық педагогикасының қағидаларымен үндесіп жатыр.
  • Халық педагогикасының тағы бір принцппі балаға үлкен талап қоя білуге, оның жеке басын қадірлеуге негізделген.
  • Шәкіртті тәрбиелеу, оқыту бырысында ақыл - ойын дамыту бүгінгі педагогиканың ең көкейтесті мәселелерінің бірі. Дамыта оқытып тәрбиелеу ісі асқақ арманмен байланысты.
  • Халық педагогикасының негізгі принциптерінің бірі - тәрбиенің біртұтастығы. Халқымыз жас ұрпақты өмірге дайындап, жан - жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу үшін бар мүмкіндікті сарқа пайдаланған.
  • Тәрбие ісінің туғаннан өмір бойы үздіксіз жүргізілуін халық педагогикасы да, ғылыми педагогика да құптайды.
  • Халық педагогикасы отбасы үлкендерінен бастап, ауыл ақсақалдары, өнер иелері түгел қатынасатын ұжымдық тәрбие ісіне негізделген.

Бір сөзбен айтар болсақ, халық педагогикасы ғылыми педагогиканың қалыптасуына бастау бұлақ болған.

Халық педагогикасы бүгінде ғылыми зертеулердің тек объектісі ғана емес, сонымен қатар ол педагогикалық теориялардың, әсіресе отбасындағы тәрбиенің дамуына үлакен әсер ететін ынтымақтастық педагогиканың іргетасы болып табылады. [10. 87 бет]

Соңғы жылдары Қазақстан ғалымдары Қ. Жарықбаев, профессор С. Қалиев тағы да көптеген педагогтар халық педагогикасы жайлы зерттеу жұмыстарына мән беріп, өздерінің үлестерін қосуда.

Қ. Жарықбаев пен С. Қалиевтің бірлесіп жазған «Национальные аспекты обучения и воспитания в Қазахстане» (Алматы, 1990ж. ) атты кітапшасында қазақтың ұлттық тәрбиесі жөнінде бірсыпыра мәселелер қарастырылған. Солардың ішінде қазақ даласында әлеумет тік және табиғи - климаттық жағдайларға байланысты әрбір жеке адамның бойында қандай қасиеттер болу керек, оған қандай талаптар қойылады. Міне, осындай мәселелердің, санымен бірге халық педагогикасында жұмбақ, мақал, мәтел, терме сияқты халық тағылымдарының тәрбиелік мәні жайлы құнды пікір айтылған.

1. 2. Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі.

Қазақ халқының тәлім тәрбиелік мәні зор ой - толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда шешендік сөздер мен айтыстар - термелерде, мақал - мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні - адамгершілік - имандылық, ақыл - ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі. С. Қалиев халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі жайлы өзінің көзқарасын баяндаған. Себебі ауыз әдебиеті халық педагогикасының кең өрісі, қайнар көзі, ғасырлар бойы ауызекі сақталып келе жатқан энциклопедиясы. Мақал - мәтелдердің, ертегілер мен жұмбақтардың, өлеңдер мен жырлардың, термелердің тәрбиелік мәні зор, олар халық тағылымы, ауыз әдебиетінің арқауы.

Халық педагогикасының тарихын зерттеу, оның мағлұматтарын бүгінгі және болашақ ұрпақтың игілігіне айналдыру, салт - санамызды, әдет - ғұрпымызды, ұлттық дәстүрлерімізді өскелең өмір талаптарына сай жүзеге асыру - аса басты міндеттердің бірі.

Халық педагогикасының мақсаты бірнеше ғасырларға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты еңбекке, өмірге ең жоғары адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу. Олай болса, өскелең ұрпақты терең педагогикалық, психологиялық ойлармен, теориямен халқымыздың бай тәжірибесімен таныстырудың ролі өте зор.

Халық педагогикасының негізіне халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халық ойындары, үйелмен тәжірибелері тағы басқалары жатады.

Демек халық педагогикасы - ғасырлар бойы өмір тәжірибесіне негізделген ұрпақ тәрбиесіндегі дәстүрлер мен әдет - ғұрыптың, мәдени ой - пікірлердің жиынтығы.

1. 3. Адамзат тәрбиесіндегі халық педагогикасының рөлі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтық педагогика ұғымы
3 сынып математика сабақтарындағы халық педагогикасының озық үлгілерін пайдалану
Математиканы оқытуда халық педагогикасының кейбір мәселелері
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақ халықтық педагогикасының мәні
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАИДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Математика сабағында ұлттық мазмұндағы есептерді шешу
Қазақ халқы математиканы бесіктен бастауы
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері
Қазақ халқының математикалық ертегілерін сабақта қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz