Бизнес - жоспар құрылымы, қызметтері, бөлімдерінің мазмұны



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. БИЗНЕС . ЖОСПАР ҚҰРЫЛЫМЫ, ҚЫЗMETTEPI, БӨЛІМДЕРІНІҢ

1.1. Бизнес . жоспар мен, қызметтері және оны әзірлеудің мақсаты ... ... ... ..4
1.2. Бизнес.жоспарды құру тәртібі мен әзірлеудің ерекшеліктері ... ... ... ... ..5
1.3. Бизнес.жоспар құрылымы мен бөлімдерінің мазмұны ... ... ... ... ... ... ... .6

ІІ MS EXCEL . ЭЛЕКТРОНДЫ КЕСТЕДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН КЕЙБІР ФУНКЦИЯЛАР...14

2.1. Амортизация модели ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2. Қаржылық жағдайын талдау және баға беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.3. Залалыздық нүктесін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

ІІІ "ЖАЛЫН" КОМПЬЮТЕРЛІК КЛУБЫНЫҢ БИЗНЕС.ЖОСПАРЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
3.1. Ұйымдастырушылық жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
3.2. Қаржылық жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
3.3. Тәуекелдікті талдау ... ... ... ... ... ... ... : ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Kipicпe

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық дамудың экономикалық моделінің — экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын жене орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы бар болуында. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділік ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы тиіс. Өтпелі экономика кезінде экономикалық, дамудың кәсіпкерлік моделі жалпы экономиканы сауықтырудың манызды факторы және дағдарыстан шығу жолындағы алғашқы қадам болып табылады.
Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субьектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар жаңа мазмұнды сан алуан атаулар мен ұжымдар да дүниеге кeлдi. Ауылдық елді мекендерде кооперативтер, шаруашылық cepiктестері, шаруа қожалықтары құрылды. Экономиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басым бағыты - шағын, орта және ipi бизнест: дамыту қолға алынды. Бұл бағыт та өз кезінде оң нәтижесін беруде.
Еліміздің экономикасын қайта түлетіп, әлеуметтік - экономикалық әлеуетті еселей дамытуда кәсіпорындардың, мұндағы басты тұлға кәсіпкерлердің алатын орны ерекше. Отандық кәсіпкер қазірдің өзінде тұрғындардың сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, мемлекетіміздің ipгeciн нығайта беру барысында көптеген нақты қызметтер атқаруда.
Кәсіпкерліктің жұмысының жемісті болуы оның басшылырында, басқару стратегиясында және бизнес - жоспардың дұрыс құрылуында.
Бизнес - жоспар кәсіпкерлік саласындағы өте құнды құжат. Ол кәсіпорынның болашақтағы жемicтepi. Бизнес - жоспар бұл кәсіпкерлік қызметтің негізгі мәселелері қамтылған, яғни кәсіпкердің өзекті мәселелері таңданып, оны шешу жолдары қарастырылған маңызды құжат.
Әсіресе бүгінгі таңда жаңа ақпараттық технологиялардан пайдаланып бизнес-жоспар жасау өзекті мәселеге айналып отыр. Яғни, әрбір экономист мамандығын меңгерген маман MS Excel мүмкіндіктерін пайдалана білуі керек.
Қолданылған әдебиеттер

1. Ким И.Г., Тарапунова Г.С. Как разработать бизнес – план. – Алматы: “LEM” 1998.
2. Е.П. Голубков. Маркетинговые исследования: теория,
практика.-М.: "Финпресс", 1998.
3. Бизнес - план: Методические материалы/ Под рад, проф, Р.Г.Маниловского. – М.: Финансы и статистика, 1996.
Маниловского. - М.: Финансы и статистика, 1996.
4.Тулегенов Б.Т., Джолдасбаева Г.К. Разработка бизнес - плана на предприятии. – Алматы,1997.
5. Дюсембаев К.Ш.Анализ финансового положения предприятия Учебное пособие. – А.: «Экнономика», 1998.
6. Лабароторные работы на персональном компьютере /И.Ф. Цисарь.-М.:
7. Бизнес - план: полное руководство /Колин Барроу, Пол Барроу, Роберт Браун. -Пер. с анг. М. Веселковой. -М.: "Фаир-Пресс", 2003.
8. Разработка бизнес - приложений в экономике на базе МS Ехсеl: Под ред. к.т.н. А.И. Афоничкина. -М.: Диалог -Мифи,2003.
9. Воркуеев Б.Л. Модели экономического равновесия. М.:"Юнити", 1990.
10. Карлберг К.Н. Бизнес анализ с помощью Ехсеl: Киев: "Диалектика", 1997.
11. Абрамов Л.Е. Основы анализа финансовой, хозяйственной и инвестиционной деятельности предприятия: М.: Экономика и жизнь, 1994.
12. Алексеева М.М. Планирование деятельности фирмы: М.: "Наука". 1997

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I. БИЗНЕС - ЖОСПАР ҚҰРЫЛЫМЫ, ҚЫЗMETTEPI, БӨЛІМДЕРІНІҢ

1.1. Бизнес - жоспар мен, қызметтері және оны әзірлеудің
мақсаты ... ... ... ..4
1.2. Бизнес-жоспарды құру тәртібі мен әзірлеудің
ерекшеліктері ... ... ... ... ..5
1.3. Бизнес-жоспар құрылымы мен бөлімдерінің
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... .6

ІІ MS EXCEL - ЭЛЕКТРОНДЫ КЕСТЕДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ
ШЕШУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН КЕЙБІР ФУНКЦИЯЛАР...14

2.1. Амортизация
модели ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 20
2.2. Қаржылық жағдайын талдау және баға
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.3. Залалыздық нүктесін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..22

ІІІ "ЖАЛЫН" КОМПЬЮТЕРЛІК КЛУБЫНЫҢ БИЗНЕС-ЖОСПАРЫН
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .24
3.1. Ұйымдастырушылық
жоспар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...24
3.2. Қаржылық
жоспар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 24
3.3. Тәуекелдікті
талдау ... ... ... ... ... ... ... : ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..29

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...31
Kipicпe

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық дамудың экономикалық
моделінің — экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын жене орта
кәсіпорындардың үлкен потенциалы бар болуында. Осы теорияға сәйкес мемлекет
кәсіпкерлік белсенділік ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және
оңтайлы әдістерін табуы тиіс. Өтпелі экономика кезінде экономикалық,
дамудың кәсіпкерлік моделі жалпы экономиканы сауықтырудың манызды факторы
және дағдарыстан шығу жолындағы алғашқы қадам болып табылады.
Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар
мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген
шаруашылық субьектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған
көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік
қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар жаңа мазмұнды сан алуан
атаулар мен ұжымдар да дүниеге кeлдi. Ауылдық елді мекендерде
кооперативтер, шаруашылық cepiктестері, шаруа қожалықтары құрылды.
Экономиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басым бағыты -
шағын, орта және ipi бизнест: дамыту қолға алынды. Бұл бағыт та өз кезінде
оң нәтижесін беруде.
Еліміздің экономикасын қайта түлетіп, әлеуметтік - экономикалық
әлеуетті еселей дамытуда кәсіпорындардың, мұндағы басты тұлға
кәсіпкерлердің алатын орны ерекше. Отандық кәсіпкер қазірдің өзінде
тұрғындардың сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, мемлекетіміздің ipгeciн
нығайта беру барысында көптеген нақты қызметтер атқаруда.
Кәсіпкерліктің жұмысының жемісті болуы оның басшылырында, басқару
стратегиясында және бизнес - жоспардың дұрыс құрылуында.
Бизнес - жоспар кәсіпкерлік саласындағы өте құнды құжат. Ол
кәсіпорынның болашақтағы жемicтepi. Бизнес - жоспар бұл кәсіпкерлік
қызметтің негізгі мәселелері қамтылған, яғни кәсіпкердің өзекті мәселелері
таңданып, оны шешу жолдары қарастырылған маңызды құжат.
Әсіресе бүгінгі таңда жаңа ақпараттық технологиялардан
пайдаланып бизнес-жоспар жасау өзекті мәселеге айналып отыр. Яғни,
әрбір экономист мамандығын меңгерген маман MS Excel мүмкіндіктерін
пайдалана білуі керек.
I. БИЗНЕС-ЖОСПАР ҚҰРЫЛЫМЫ, ҚЫЗМЕТТЕРІ, БӨЛІМДЕРІНІҢ МАЗМҰНЫ

1.1. Бизнес - жоспар мен, қызметтері және оны әзірлеудің мақсаты

Нарықтың экономикада бизнес-жоспар кәсіпкерліктің барлық сферасында
қолданылатын негізгі жұмыс құралы болып табылады. Бизнес-жоспар фирманың
қызмет процесін сипаттайды, кәсіпкердің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді
мақсаттарын анықтап, оларға жетудің тактикасы мен стратегиясын көрсетеді.
Жақсы әзірленген бизнес-жоспар фирманың өсуіне, нарықта жаңа позицияларды
басуға, инвестициялық және несиелік ресурстарды алуға, өзіндік дамудың
перспективалы жоспарын құруға, жаңа тауарлар мен қызмет өндірісінің және
оларды тартудың рационалды әдicтepiн тандау концепцияларын құруға
көмектеседі.
Бизнес-жоспар фирмаішілік өзгерістерге немесе нарықтағы өзгерістерге
байланысты жаңаланып отырады, оған өзгерістер енгізілді. Бизнес-жоспарды
әpбіp фирма көлемінде байланыссыз құрады. Кіші фирмалар бизнес-жоспарды
әзірлеуге консалтинг ұйымдардың мамандарын шақыра алады.
Бизнес-жоспар төмендегілерге cүйенеді:
- белгілі бip тауар (қызмет) өндірісінің нақты жобасына-бұйымның
жаңа типінің құрылуы немесе жаңа қызметтердің көрсетілуі;
- өндірістік шаруашылық және коммерциялық қызметтердің жан -жақты
талдауына, оның мақсаты әлсіз және күшті жақтарын көрсету, басқа ұқсас
фирмалардан өзгешеліктері мен спецификаларын көрсету болып табылады;
- нақты қаржылық, техника-экономикалық және ұйымдастырушылық
механизмдердің зерттелуі, ол экономикада нақты мақсаттардың
жүзеге асырылуы үшін қолданылады.
Бизнес-жоспардың атқаратын қызметтері ішкі және сыртқы болып
бөлінеді:
Ішкі қызметтеріне келесілер жатады:
- фирманың даму стратегиясын құру:
- жаңа өнім немесе қызмет көрсету үшін жоба жасау және оны
жүзеге асыру;
- фирманың ғылыми - теникалық, өндірістік және коммерциялық
потенциалына баға беру және резервті анықтау;
- жаңа технологияларды ендіру және құралдарды сатып-алу шараларын
әзірлеу және орындау;
- жаңа жұмысшылар мен мамандарды таңждау және бұрынғы
жұмысшыларды қайта оқыту;
- фирма қызметінің қаржылық нәтижелерін бақылау;
- фирма қызметіндегі тәуекелділік деңгейін төмендету
шараларын жасау;
- фирма имиджінің жақсартылуы;
- фирманың дағдарыс жағдайларынан шығу жғне банкроттықтың
алдын-алу шараларының жоспарын жасау;

Сыртқы қызметтерне келесілер жатады:

- жобаны жүзеге асыру үшін қажетті инвестицияны тарту;
- банктік несие алу;
- фирма акцияларының қаржы нарығындағы өтімділігін қамтамасыз ету;
- шетел капиталын қолдана отырып, бірлескен кәсіпорындар құру үшін
ұйымдастыру - қаржылық негіздемесін жасау;

Бизнес- жоспарды әзірлеудің мақсаты келесілер:

1. кәсіпорынның өміршеңдік деңгейін және болашақтағы тұрақтылырын
анықтау, кәсіпкерлік қызмиетінің тәуекелділігін төмендету;
2. фирманың қаржылық қызметі бойынша нәтижесін есептеу (өнімді сату
көлемі, пайда мөлшері);
3. инвестиция тарту және инвесторлар жағынан қолдауды қамтамасыз ету;
4. жасалған жоспарды жүзеге асыруға қабілетті жұмысшылар
командасын іріктеп алу;

2. Бизнес - жоспарды құру тәртібі мен әзірлеудің ерекшеліктері

Бизнес - жоспар потенциалды инвесторлар оны тез тусіну үшін жақсы әзірленуі
қажет және нақты баяндалуы қажет. Ол түсінікті жазылған негізгі даулы
сурақтардың сипаттамасынан тұру керек. Жоспар бөлімінің көлемі мен
деңгейінің нақтылануы фирма ерекшеліктері мен қызмет ету сферасы
байланысты. Бизнес - жоспар көлемі 50 беттен аспауы жөн.

1.3.Бизнес-жоспар құрылымы мен бөлімдерінің мазмұны

Бизнес-жоспар құрылымы мен мазмұны қатал түрде рекламенттелмеген. Бизнес-
жоспар жасауда кеңінен қолданылатын әртүрлі бөлімдер сызбасын
келтірейік:
Резюме
1 бөлім. Жалпы деректер мен
талаптар
2 бөлім. Тауарлар мен қызметтер
сипаттамасы
3 бөлім. Нарықты талдау.
Маркетинг стратегиясы
4 бөлім. Өндірістік жоспар
5 бөлім. Ұймдастырушылық жоспар
6 бөлім. Қаржыны жоспар
7 бөлім. Тәуекелдікке баға беру
8 бөлім. Қорытынды
Қосымша миен құжаттамалар

Сызба 2. Бизнес-жоспар құрылымы

Резюме.
Резюме бизнес-жоспардың барлық бөлімдері құрылғаннан соң жазылады. Бұл
бөлім бизнес-жоспарда ұсынылып жатқан қысқа және нақты мәтіндердің жиынтық
баяндамасы. Ол бизнестің мақсаттары мен стратегиясын мазмұндайды, өнімнің
немесе қызмет түрінің бірегейлілігін көpceтеді және кредиторлар мен
инвесторларды ұсынылып отырған бизнес-жоспардағы барлық мәтіндерді оқып
шығуңа сендіреді.
Резюме бизнес-жоспардың шешуші позицияларын,
қаржылық қажеттіліктерін, нарық потенциалын және келтірілген барлық
жағдайлар негіздемесін қысыңқы және сенімді формада көpceтyi қажет.
1. Жалпы деректер мен талаптар.
Кәсіпорынның орналасқан жері, қызмет түpi жене сипаттамасы, сату
орындары көрсетеді. Сондай-ақ кәсіпорынның қашан құрылғаны немесе
кеңейтілген туралы мәліметтер беріледі. Ұйымдастыру - құқықтық формасының
қай түрi тән; фирма салымдарының құрылымы; негізгі шот ашылған банк
реквезиттері; фирма басшылығы туралы мәліметтер де қарастырылады.
2. Тауарлар мен қызметтер сипаттамасы.
Бұл бөлімде кәсіпкер жоспарлап отырған тауар немесе қызмет түрін толық
суреттеп бepyi қажет. Кәсіпкердің идеясы қаншалықты дұрыс екендігі осы
бөлімде анықталады. Тауардың жақсы қасиеттерін атап көрсетіп, оны
тасымалдау және өткізу ic-шараларына анықтама береді және тауардың авторлық
құқыққа ие екендігін дәлеледейді. Сонымен қатар бәсекелетік артықшылыққа ие
екендігін көрсетуі қажет.
3. Өткізу нарығын талдау. Маркетинг стратегиясы
Бұл бөлімның мақсаты - инвесторге жеткілікті фактілерді ұсыну.
Жоспардың бұл бөлімі қиын және маңыздысы болып табылады. Ceбeбi қалған
бизнес-жоспар бөлімдері нарық бағасына байланысты құрылады. Маркетингтік
зертеулер мен талдауларға негізделген жобаның нарықтық бағалануы өндіріс
көлемне, маркетингтік жоспарға тікелей әсер етеді және қажет инвестиция
мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.
Өткізу және нарық механизмі талдауының маңыздылығына байланысты бұл
бизнес-жоспардың бөлімін басқа бөлiмдepдeн алдын дайындалғаны жөн.
Мұнда өткізу көлемі және нарық курсының ecyi сияқты
жалпы көрсеткіштерді анықтайтын әртүрлі ақпарат көздерін анықтау қажет.
Маркетингтік зертеулерді әpбip фирма оның көлеміне байланыссыз
жүргізу керек. Kіші фирмалар әдетте мұндай талдауды жүргізуге шеттен
мамандарды шақырады. Осы нәтижелерге сүйене мұндай фирмалар өздері қажет
маркетинг позицияларын (стратегияны) таңдайды.
Нарықты талдау үшін немесе маркетингтік стратегия үшін
келесі түсініктер қажет:

Маркетинг:
- нарықты құру процесі, өзіндік өнімге (қызметке)
деген тұтынушыларды тарту мен ұстап тұру процесі;
- клиенттердің қажеттіліктерін анықтау мен өз қызметше
сәйкес пайданы қамтамасыз ету жағдайында оларды қанағаттандыру.
Нарықты талдау мен маркетингтік стратегия бөлімі келесі
негізгі бөлімдерге негізделеді:
1. Сатып-алушылар сипаттамасы;
2. Бесекелестер және өткізу көлемі;
3. Сату мен тарату сфералары;
4. Маркетинг стратегиясы.

Бәсекелестік. Бәсекелесетік тауар немесе қызметтің күшті және әлсіз
жақтарына реалды баға беріп, оларды шығаратын фирмаларды атап,
бәсекелесетің тауар немесе қызметтерді базистік бағасы бойынша,
мінездемелері, гарантиялық міндеттер және басқа көрсеткіштері бойынша
салыстыру қажет. Бұл ақпаратты кесте түрінде ұсыну қажет. Бәсекелесетің
әpбіp тауарлардың артықшылықтары мен кемшіліктерін қысқаша мазмұндап, олар
тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмау себептерін көрсету
қажет. Мүмкіндігінше фирмаға жаңа және жақсартылған тауарларды құруға
бәсекелестердің қызметтері туралы қандай ақпараттар есер ете алатынын
көрсету. Бәсеке талдауы келесі сұрақтарға жауап бере алады:
- ұқсас өнімдерді ұсынатын фирмалар саны көп пе, немесе бәсекелес
қатысушылар саны шектеулі ме (бұл бәсеке күресін жургізу формасын
анықтайды);
- нарықтың қай бөлігін жетекші бәсеке фирмалармен бақыланады;
- бәсеке фирмаға ұйымдастырушылық құрылымның қайсысы тән және олар
өз фирмаңыздың ұйымдастырушылық құрылымынан немен ерекшеленеді;
- фирманың қызмет ету ортасының ауысу жиілігі, бәсекелестердің
тұрақтылығы;
- бәсеке негізі не болып табылады.
Әрбір нарық үшін нысаналы түрде фирма мен бәсекелестердің көлік
шығындарын, өнім сапасы мен оралымын салыстырып, баганың төмендеу
мүмкіншілігін қарастырып, сондай-ақ жарнама компаниялары мен фирма имиджі
туралы түсінік болуы керек.

Сату мен тарату сфералары. Мұнда қысқаша қазіргі жағдайда және
келешекте бәсекелесе алатын өнім (қызмет) игіліктері баяндалады, негізгі
форма клиенттері анықталады. Өндірілетін өнім (қызмет) игіліктерінің
бағасын, тұрамыс көлемі мен динамикасын және олардың соңғы жылдағы нарық
тенденцияларын негізге ала отырып, фирманың өткізу сферасы және келесі үш
жылдағы сату көлемі (натуралды құны) анықталады. Өткізу есімі мен фирма
қызметінің бағалануы саладағы орнының өзгеруіне және бәсекенің күшеюіне
немесе әлсіреуіне негізделуі мүмкін.
Өткізу мен сату көлемін бағалаудағы болжамдар мұқият тексерілген болу
керек. Егер өнімді шығару үстінде болса, өнім көлемін, өткізу сферасын және
соңғы екі жылдағы сату көлемін көрсету қажет. Болжамды сату көлемін бағалау
кезінде негізінен олар қалай қамтамасыз етілетінін көрсетеді:
* жаңа өнімнің дәстүрлі сатып-алушыларға сатылуы;
* жаңа саналардың есебінен сұраныстың кенеюі күтілетін
жаңа
нарықтарға өнімнің, қызметтің таратылуы;
* өнімнің жаңа сапасына байланысты айқын
нарықтардан
бәсекелестерді ығыстыру.
Маркетинг стратегиясы. Оның мақсаты - болжамды бизнестің тауардың
өнімділігін қамтамасыз ету үшін нарыққа қалай ықпал ететінін түсіндіру.
Сәйкес таңдап алынған нарықтың мүмкіндіктерін анықтағаннан соң, қалай
қызмет ететініне тоқтау керек.
Маркетингтік стратегияны сипаттаудан алдын, кәсіпорынның қызмет етуінің
негізгі бағдарламасын (мақсатқа жету стратегиясы) анықтау қажет. Өнім мен
нарық - стратегияны анықтаудың маңызды факторлары. Кәсіпорынның мақсаты мен
қызметін сипаттайтын төрт түрлі стратегия болуы мүмкін.
1. Нарыққа ену (нарық өрлеуі). Бұл стратегияның негізгі принципі - ескі
нарық - ескірген тауар. Белгілі бір нарықта әрекет ететін кәсіпорын
өзінің нарықтық жағдайының активтелуіне ұмтылады. Белгілі нарықтағы
бар тауарларды маркетингтік шараларын ұлғайту мақсаты
- нарық үлесін көбейту немесе нарық көлемінің ұлғаюы. Жетістіктің
мүмкін жолдары: тұтынудың ұлғаюы (бағаның төмендетілуі және т.б.),
бәсекелесетін тауарларға тұтынушыларды тарту (жарнама, бағаның
төмендетілуі).
2. Нарықты ұлғайту. Нарықта бар өнім негізінде әрекет ететін кәсіпорын
жаңа клиенттерге, жаңа нарықтарға жақындау жолдарын табуға
тырысады, өнімді өткізудің жаңа каналдарын дамытады. Ескірген
тауарлармен жаңа нарықтарға шығу.
3. Өнімді жақсарту процесі (инновация). Кәсіпорын өзіндік өнімдерді
жақсартылуына негізделеді және ескі нарықтарда жаңа тауарларды
іздестіру.
4. Диверсификация. Кәсіпорын қызмет етуінің ескі сфераларынан
алшақтатылып, жаңа нарықтарға өтеді. Өндірістік
бағдарлама фирманың бұрынғы тауарларымен болсын үзіп тек жаңа
тауарларды қабылдайды.

4. Әндірістік жоспар.
Мұнда кәсіпкер белгіленген мерзімде қажетті сападағы тауарларды өндіруі
мүмкіншілігі бар екендігін көрсетуі қажетті. Бұл бөлімде келесі сұрақтарға
жауап береді:
* тауар өндірісін ұйымдастыру: жаңа өндірісте немесе қызмет етуші
өндірісте жұмыс жүргізу;
* қандай өндірістік ресурстарды тандау?
* өндірістік ғимараттардың жағдайы;
* қандай өндірістік құралдарды пайдалану?
* қажетті өндірістік ресурстарды кімнен және қандай жағдайда сатып алу?
* экологиялық және техникалық қауіпсіздік шараларын сақтау;
* өндірілетін өнім сапасын бақылау қалай жүргізіледі?
* өндірілетін өнім көлемі кандай?

Өндірістік жоспарда өнімнің немесе қызметтің сапалы және тиімді өндірісі
үшін қажет қызметкерлер саны көрсетіледі. Олардың қызметтеріне сипаттама
жасалады. Егерде квалификациясын жоғарылату қажет болса, онда персоналды
оқыту программалары мең оған жұмсалатын шығын сомасы көрсетіледі.
5. Ұйымдастырушылық жоспар.
Бұл бөлімде келесі жағдайлар қарастырылады: басқарушы мен қызметкерлер
сипаттамасы; ұйымдастыру құрылымы; кадр саясаты және стратегиясы.
Қызметкерлер тізімі қарастырылады және әрқайсысының біліктілігі,
тәжірибесі, міндеттері қарастырылады. Кәсіпорын құрылымы арқылы басқарушы
және қызметкерлер міндеттері бөлінеді. Және еңбекті ынталандыру, жалақы
көлемі, жеңілдіктер түрі және пайдаға қатысу туралы ақпараттар беріледі.
Бұл бөлімде ұйымдастыру - өндірістік құрылымға және өндірістік
технологиялық сызбасына негіздеме беріледі.
6. Қаржылық жоспар.
Қаржылық жоспардың мақсаты - компания қызметінен күтілетін қаржылық
нәтижелерді көрсететін сенімді жобалау жүйесін жасау және ұсыну. Қаржылық
жоспар ең негізгі сұрақтарға жауап береді: инвестор қандай пайда көретінін,
ал кредитор-потенциалды қарыз алушының қарыз қайтару мүмкіндігі туралы біле
алады.
Қаржылық жоспар бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
I. Базалық болжамдар.
1.1. Өндірістік бағдарлама
1.2. Тұрақты және өзгермелі шығындар
1.3. Өзіндік құн калькуляциясы
II. Классикалық қаржылық формалар
2.1. Пайда меп шығындар есебі
2.2. Болжамды баланс
2.3. Ақша қаражатының қозғалу ағымы
III. Жоба тиімділігінің көрсеткіштері
IV. Залалсыздықты және сезімталдылықты талдау.
І.Базалық болжамдар.
Базалық болжамда есеп өнім бірлігіне немесе берілгендерге байланысты
белгілі бір мерзімге жүргізіледі.
Базалық болжам негізіне қаржылық есептеулер мен талдауды жүргізу үшін
барлық бастапқы мәліметтер енгізу қажет:
1.1. Өндірістік бағдарлама
1.2. Тұрақты және өзгермелі шығындар
1.3. Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы
1.1. Өндірістік бағдарламада жоспарлы өнім келемі (жоба бойынша)
қарастырылады, сондай-ақ өндірістік бағдарлама құрылымында міндетті түрде
толық қуаттылықта өндірістің жоспарын көрсету қажет.
1.2. Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын есептеу
әдістерін қарастырар алдын тұрақты және өзгермелі шығындар анықтамасын
берген жөн:
Өзгермелі шығындарға көлемі өнім өндірісінің ұлғаюына немесе кемеюіне
байланысты өзгеретін шығындарды жатқызамыз. Оларға шикізат, материалдарға,
отын, энергияға, транспорттық қызметке кеткен шығындарды жатқызамыз.
Тұрақты шығындар өнім көлеміне байланысты өзгермейтін шығындар. Олар
пайда болу орнына байланысты еептелінеді. Шығындарды статья бойынша
келесідей топтап көрсетуге болады:
А) Материалдық шығындар - негізгі және көмекші материалдар шығындары,
сондай-ақ сатып алынған жартылай фабрикаттар мен қосалқы бұйымдар.
Б) Персонал шығындары негізгі, қосымша және басқалар болып ажыратылады.
В) Калькуляциялық шығындар келесілерден тұрады:
- амортизациялық аударымдар;
- калькуляциялық пайыздар;
- калькуляциялық тәуекелділік;
Амортизация бұл -өзінің құнын дайын өнім құнына бірте - бірте тозу
барысында қызмет ету мерзіміне пропорционалды түрде ауыстыратын негізгі
өндірістік қордың бір бөлігін айтады.
Амортизация нормасын есептеудің сызықтық әдісі кең қолданылады.
Оны төмендегі формуламен анықтаймыз:

Бастапқы құны-Қалдық кұны
Амортизация =
Қолдану мерзімі

Калькуляциялық пайыз - кәсіпорын пайданы есептеуде шығындар құрамында
қарыз бен несие пайыздарын төлеу шығындары есептеледі.
Калькуляциялық тәуекел - сақтандыру компанияларының шарттары бойынша
төлемдер.
1.4. Өзіндік құн калькуляциясы. Бұл есеп өнімнің немесе қызметтің
бірлігінің бағасын орнату үшін және өнім бірлігіне кететін өзгермелі
шығындарды анықтау үшін қолданылады. Сатылатын тауардың немесе қызметтін
өзіндік құны мен бағасын білу өте қажет. Өзіндік құнды есептеуде келесі 2
негізгі принцип қолданылады:
• шығындарды толық қарастыратын өзіндік құн калькуляциясы;
• өзгермелі шығындар бойынша калькуляциялау.
Өнімнің әр бірлігінің есебі өнім өндірісінде қолданылатын қосалқы
бөлшектердің көлемі мен материалдардың құнын табу арқылы жүргізіледі.
Өнімнің өзіндік құны = әр шикізатқа кеткен шығындар сомасына (шикізат
бірлігінің бағасы шығыстар нормасының көбейтіндісіне).
Шығындардың жалпы сомасын анықтағанда өнім өндірісінің көлеміне
байланысты және оған әсер ететін тағы да басқа шығындардың құнын есептеу
қажет. Оларға: электр энергиясы, кеден бажы, жөндеу шығындары, еңбек ақы,
әлеуметтік шығындар, су төлемдері, амортизациялық аударымдар, жылдық төлем,
салықтар, пайдаға салынатын салық, сақтандыру, жарнама, өзге де шығындар
жатады.
Калькуляциялық статьялар басқа кесте мәліметтері және
қосымша есептеулер негізінде толтырылады.

ІІ. Классикалық қаржылық формалар.
Қаржылық бөлімнің құрылымды бөлімі болып қаржалық есеп берудің 3
классикалық формасы табылады:
2.1. Пайда мен шығындар есебі;
1.2. Болжамды баланс;
1.3. Ақша каражаттарының ағымы.
2.1. Пайда мен шығындар есебінің формасын құрудың мақсаты
кәсіпорынның пайдалылығы мен шығындалу дәрежесін кәсіпорынның
операциялық және өндірістік қызметін жалпы формада көрсету.
Есеп беруді құру кезінде кредиторлар мен венчурлық капитал
ұстаушылардың қызығушылықтар спецификасын ескеру қажет. Формадағы
болжамдардың негізгісі өткізу көлемінің болжамы. Сонымен қатар өндіріс
шығындарын жабатын қаржылық бөлінулерді қарастыру қажет.
Материалдық, еңбектік, өндірістік қажеттіліктер анықталып, құндық
формаға айналдыру керек. Пайда мен шығындар есебінің формасында
қолданылатын ақпараттар шынайы болу керек. Пайда мен шығындар есебінің
формасында қолданылатын ақпаратттар шынайы болу керек.
2.2.Баланстық есеп беру фирманың белгілі бір уакытқа анықталған
қаржылық жағдайын және өзінің міндеттемелерін орындай
алу мүмкіндіктерін көрсетеді.
Баланс 2 бөлімнен актив пен пассивтен тұрады. Инвесторлар жоспарланған
бухгалтерлік баланстарды қарап шығып, фирманың қарыз көлемі, жұмыс
капиталы, ағымдық шығьшдары, тауар айналымы және т.б. қандай көлемде
екендігін анықтап, осының негізінде болашақ қаржылық жобалауды анықтайды.
Бухгалтерлік баланс жоба басында немесе жыл аяғында жасалуы мүмкін.
2.3. Ақша қаражаттарының қозғалу ағымы. Бұның мәні қолдағы бар ақша
ағымы туралы есеп беру. Бұл есеп беру айқындалған уақытта жүргізілетін
операциялар процессінде ақша қаражаттарының жетіспеуін немесе
артықшылықтарын көрсетеді.
Ақша ағымының болжамы өте қарапайым. Ол период бойынша қолдағы
қаражаттардың келіп түскені мен шығып жатқанын атап көрсетеді.
Ақша қаражаттарының қозғалысы кәсіпорынның үш негізгі қызметінің
байланысын көрсетеді:
* операциялық қызмет;
* инвестициялық қызмет;
* қаржылық қызмет;
Ақша қаражаттарының қозғалысы ағымын екі әдіспен есептеуге болады:
- тікелей
- жанама
Тікелей әдістің мәні - ақша ағымын сату көлемінен бастап тізбектеп
көрсетуде. Ал жанама әдістің мәні - айналым капиталының көлеміне сәйкес
алынатын пайданың корректировкасында.
Инвестор қанағат болуы үшін бизнес қажетті қаржылық төзімділік қоры
болуы қажет. Бұл өз уақытында қарызды өтеу мен міндеттемелерді жабуды
білдіреді.

ІІІ. Жоба тиімділігінің көрсеткіштері.
Есептеулер нәтижесінің негізінде негізгі интегралды көрсеткіштер болып
келесілер табылады:
3.1. Жобаның өтелу мерзімі (РВР)
2. Пайдалылық индексі (РІ)
3. Таза келтірінді табыс (NPV)
4. Ішкі рентабельділік нормасы (IRR)
3.1. Жобаның өтелу мерзімі РВР - бұл кәсіпорындардың өндірістік
қызметінен келетін түсімдердің инвестициялық шығындарды жабу уақыты.
Өтелу мерзімі РВР теңдіктің орындалуы кезінде ғана айлар бойынша
есептеледі:
Дисконтталған түсімдердің сомасы - Дисконтталған төлемдердің сомасы = 0

Түсімдер сомасына келесілер кіреді: Төлемдер сомасына кіреді:
-өнімді өткізуден болатын түсімдер; -тура өндірістік шығындар;
-өзге де қызметтерден -кесімді еңбек ақы төлемдері
түсетін бойынша
түсімдер; шығындар;
-активтерді таратудан -өзге де қызмет көрсетулер
түсетін үшін
түсімдер; төлемдер;
-банктік салымдардан -жалпы шығындар;
келетін
түсімдер; -салықтар;
-активтерді алуға кететін
шығындар;
-дайындық кезендерінің
шығындары;
-қарыздық пайыздар төлемі;
-банктік салымдар;

3.2. Пайдалылық индексі РІ тиімді жобалар үшін бірден төмен
болмау керек.
Түсімдердің дисконтталған сомасы
PI =
Төлемдердің дисконтталған сомасы
3.3.Таза келтірнді табыс NPV - алдағы пайда немесе ақша ағымының
келтірінді сомасы. Ол тең дисконтталған түсімдердің сомасы - дисконтталған
төлемдердің сомасына.
3.4. Ішкі рентабальділік нормасы (ішкі табыстылық нормасы, капиталдық
салымардың шекті тиімділігі, пайданып пайыздық нормасы сияқты) - дисконт
ормасы, бұл жобалық таза түсімдердің дисконтгалған пайдасы инвестициялық
дисконтталған құнына тең болады. Тартымды жобалардың ішкі рентабельділік
нормасы банктік несиелердің ставкісінен жоғары болу керек.
Ішкі рентабельділік нормасы көлемінің нақты есебін тек компьютер
арқылы немесе IRR есептік фуикциясы орнатылған калькулятор арқылы ғана
жүргізуге болады. Барлық компьютерлік бағдарларламалар Ехсеl, Lotus-1-2-3,
Project Expert IRR есебін нақты жүргізеді.

IV. Заласыздықты және сезімталдылықты талдау,
Заласыздықты талдау сату деңгейін көрсетеді, ол өндірістік шығындарды
жабу үшін қажет. Жоба спецификасына байланысты қаржылық талдау ай, квартал,
жылға дайындалады. Егер қарыз алынатындай жағдай болса, онда қаржылық есеп
компанияда ақша қаражаттарының ағымы өзіндік болғаннан кейін есептеледі.
Заласыздықты талдау сатудан түскен қаражаттары компанияның қаржылық
мідеттемелерін орындауға жететін нүктені анықтайды.
6. Теуекелдікке баға беру
Бизнес - жоспарды жүзеге асыру барысында материалдық (қосымша алдын
-ала қарастырылмаған шығындар), қаржылық (штрафтарды төлеу, қосымша
салықтар мен алымдарды төлеу, ақша қаражаттарының жоғалуы, бағаның
төмендеуіне байланысты түсімнің азаюы), уақыттық жоғалтулар, басқа да
жоғалтулар. Тәуекелдікке баға беру бөлімінде келесілер беріледі:
- мүмкін болатын тәуекелдіктердің жалпы бағамы;
- тәуекелділік түрлерінің талдауы, пайда болу көздері мен уақыты;
- зақымдауды минимизациялау шараларын жасау;
Бұдан басқа инвестициялық тәуекелділіктер қарастырылады.
ІІ MS Ехсеl - электронды кестеде экономикалық есептерді шешуде қолданылатын
кейбір функциялар.

Экономикалық өзгерістер процесі бүкіл басқару қызметін реформалаудан
басталады. Қоғамдық дамудың қазіргі кезеңінде бәсекелік басымдыққа қол
жеткізу үшін ақпараттық технологияларды, соның ішінде компьютерлік
ақпараттық методологиялар мен құралдарды қолдана отырып, ақпараттарды
ұйымдастыру және оларды тиімді басқару жөнінде негізгі түсініктерді
қарастыру міндетін атқаратын акпаратгық менеджментті айналып өтуге
болмайды.
Қазіргі жетекші ұйымның бөлімдерімен, ұйыммен және оның сыртқы ортасы
аралығындағы өзара байланысты үнемі талдай білуі тиіс. Ол өзі қабылдаған
кез-келген шешімнің қандай да бір себеппен ұйымның барлық аспектілеріне
әсер ететінін ұмытпауы тиіс. Сөйтіп фирманың алдына қойған мақсатына қол
жеткізуді қамтамасыз ету үшін өзара байланыстар мен өзара тәуекелдіктерді
ескере отырып бірегей жүйе ретінде айқындауы қажет.
Компьютерлік ақпараттың және коммуникациялық ақпараттық аспектінің
әрекет етуі ЭЕМ мен МS Office бағдарламаларынсыз жұмысын жасы атқара
алмауына алып келеді. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан кәсіпорын
деңгейіндегі есепті-статистикалық ақпаратқа қойылатын талаптар өсті.
Ақпарат уақтылы, нақты және заңды болуы тиіс. Мұндай талаптарды іске асыру
үшін жалпы фирмада жаңа ақпараттық технологиялардың пайдаланылуы мен
фирманың экономикалық және қаржылық әрекеттерімен айналысатын менеджер,
маркетолог және басқа да қызметкерлердің ЭЕМ-ді білуді қажет етеді.
Жалпы алғанда, технология деп материалды, игіліктерді өндіретін
өндіріс деп түсінеді. Ол келесі үш аспектіні қамтиды:
1. Ақпараттық - өндірістің принциптері мен әдістерінің
сипатын білдіреді;
2. Құралдың – еңбек құралдарын білдіреді;
3. Әлеуметтік - кадр мен оларды басқару сипатын білдіреді;
Ақпараттық технологияда өнім - ақпараттар, ал қаруы - есептеуші
техника мен коммуникация болып табылады.
Ақпараттық технология — жинақтау процесінің оперативтілігі мен
өнімділігін қамтамасыз ету мақсатымен біріктіріліп отырған өндірістік
процестер мен бағдарламалар ақпараттың әдістерінің жиынтығы.
Үлкен немесе орташа кәсіпорындар тапсырмаларды іске асыру үшін MS
Ехcel немесе Ассеs бағдарламаларын қолданады.
Экономикалық объектілердің қаржылық аспектілерін МS Ехсеl-дің
интегралдық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы шешу үшін Ехсеl жүйесінде
оларды шешудің арнайы қаржылық функциялары орналасқан.
Осы функцияларды қолдана отырып нақты және тиімді шешімдер мен оң
нәтижелерге жетуге болады. Қазірде қаржылық есептеулерді жүргізетін
көптеген программалар бар. МS Ехсеl-дің олардан ерекшелігі күрделі
есептерді шешу үшін онда орналасқан функциялардың экономист мамандар үшін
түсініктілігінде.
1.4.1. Ехсеl жүйесінде кәсіпорынның амортизациялық саясатының
стратегиясын бірнеше әдістер арқылы дәл қисынын келтіру мүмкіндігі бар.
Соның ішінде келесі әдістер:
* Актив құнын бірқалыпты төмендету әдісі ( сызықтық әдіс );
* Актив құнын оны бірінші жылдары қолдану кезінен жылдам
төмендету әдісі;
• Актив құнын қос баланстық төмендету әдісі.
Амортизацияны модельдеу функциялары
1.4.1. кестесінде келтірілген.

Кесте 1.4.1.
Амортизациялық аударымдарды есептеу функциялар тізімі
Есептеу әдісі Модель белгісіФункция түрлері
Сызықтық әдісі SLM АМР
Жылдамдатылған әдісі SYD АМГД
Екі еселік темендету әдісіDB ДОБ

Амортизацияның жылдық нормасын есептеудің кеңінен таралған әдісі
сызықтық әдісі болып табылады. Сызықтық әдіс моделіне кеңінен тоқталамыз.

Есептеудің бұл әдісі АМР функциясының көмегімен жүргізіледі. АМР
функциясы мүліктің амортизациялық нормасын бір периодқа анықтайды және
амортизациялық саясаттың сызықтық стратегиясын сипаттайды.

Функция синтаксисі:
АМР (құны; қалдығы; период),
Мұнда құны (сөзі) - активтің ( мүліктің ) бастапқы құны; қалдық
(saluage)-активтің соңғы қолдану мерзімінің сандық мәні (қалдық құны немесе
мүліктің ликвидтік құны); период (lifе)- сандық мән, активтің жылдық
қолдану уақыты, эксплуатация уақыты немесе амортизация мерзімі.
1.4.2. Шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау кестесі
келесідей:
Кесте 1.4.2.
Статьялар Қатар N А өнімі В өнімі С өнімі
1 2 3 4 5
Жалпы сату көлемі 1
Материалдық шығындар 2
Қағаз 3
Электр энергиясы 4
Өзгермелі шығындар 5=қатар 2+3+4
Еңбек ақы 6
Жарнама 7
Әлеуметтік 8
сақтандыру қорына
аударым
Жалгерлік төлем 9
Амортизациялық аударым10
Тұрақты шығындар 11=қатар
6+7+8+9+10
Жалпы шығындар 12=қатар 5+11
Жібірілетін баға 13
Жалпы түсім 14=қатар1*13
Таза пайда 15=қатар14-12

1.4.3. Пайда мен шығындар есебі.
Пайда мен шығындар есебінің формасын құрудың мақсаты кәсіпорынның
пайдалылығы мен шығындалу дәрежесін кәсіпорынның операциялық және
өндірістік қызметін жалпы формада көрсету.
Есеп беруді құру кезінде кредиторлар мен венчурлық капитал ұстаушылардың
қызығушылықтар спецификасын ескеру қажет.
Пайда мен шығындар есебінде берілгендер негізінде бірқатар салықтарды
еселтеуге болады.(Кесте1.4.3.)

Кесте 1.4.3.
Пайда мен шығындар есебі

N Көрсеткіштер Формула Түсініктеме
1. Жалпы сату көлемі Өткізу көлемі*өнімнің
бірлік бағасы
2. Жоғалтулар Жоғалтулар, өткізгенде белгіленеді
3. ҚҚС 15%
4. Таза сату көлемі Қатар1-2,3
5. Материалдар Өткізу көлемі * 1 өнімге
және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Самал сұлулық институты - Бизнес жоспар
Бизнес-жоспар, оның үлгісі: Алматы қаласында сұлулық институтын құру ЖШС «Самал»
Кәсіпорынның Бизнес жоспар үлгісі
Бизнес - жоспар мен, қызметтері және оны әзірлеу мақсаты
Ұйымдастырушылық жоспары
Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері
Демалыс және еңбекті ұйымдастыру
Қонақ үй шаруашылығындағы қызмет түсінігі
Танысу тәжірибиесі
Кәсіпкерліктің теорияларық негіздері
Пәндер